Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 13 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 қаңтардағы
N 13 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2 . Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1398 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 51, 646-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде :

      21, 69, 75, 76, 77 және 78-тармақтар алынып тасталсын;

      74-тармақтағы "жүргізуге тиіс" деген сөздер "жүргізеді" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.08.2021 № 552 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. "Синтетикалық жуғыш құралдар және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы N 217 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 12-13, 119-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде :

      41-тармақтың 2) тармақшасындағы "(пиктограммамен сәйкестікке)" деген сөздер алынып тасталсын.

      7. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады