Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1992 жылғы 30 сәуірде Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы хаттаманың күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттың Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жою ниеті туралы Түрік Республикасының Үкіметін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі