Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеудің, тоқтата тұрудың немесе азайтудың ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 128 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.07 № 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеудің, тоқтата тұрудың немесе азайтудың ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2008 жылғы 11 ақпандағы  
N 128 қаулысымен      
бекітілген          

Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеудің,
тоқтата тұрудың немесе азайтудың ережесі

      1. Осы Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеудің, тоқтата тұрудың немесе азайтудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеудің, тоқтата тұрудың немесе азайтудың тәртібін анықтайды.

      2. Осы Ереже қызметі атмосфераға парниктік газдарды шығарумен байланысты және осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген қызмет түріне сәйкес келетін жеке, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға (бұдан әрі - табиғат пайдаланушылар) қолданылады.

      3. Стационарлық көздерден атмосфераға парниктік газдардың шығарындылары парниктік әсерді күшейтудегі оның салыстырмалы рөлін ескере отырып, парниктік газдардың әрбір көзі үшін жеке есептеледі.

      4. Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын табиғат пайдаланушыларға парниктік газдарды атмосфераға шығару көздерінің жекелеген түрлері үшін парниктік газдарды атмосфераға шығару көздерін мемлекеттік есепке алу нәтижелері бойынша анықталған базалық жылы* (шектеулер белгіленген жыл) парниктік газдарды атмосфераға шығару деңгейінен аспайтын парниктік газдарды атмосфераға шығарудың шекті жол берілетін лимиттерін (квотаны) (бұдан әрі - квота) анықтайды.

      5. Квотаны алу үшін табиғат пайдаланушылар жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді ұсынады.
      Квотаны алуға арналған өтінімге табиғат пайдаланушы ол жүзеге асыратын қызметтің түріне парниктік газдардың атмосфераға шекті жол берілетін шығарындыларының жобасын ұсынады.

      6. Квотаны алуға арналған өтінімді табиғат пайдаланушының беруі алдыңғы квотаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін не жаңа объектіні (жаңа қызметті) пайдалануға бергенге дейін екі айдан кешіктірмей жүзеге асырылады.

      7. Квотаны алуға арналған өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтінім тіркелген күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды. Бұл мерзім өткен соң қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғат пайдаланушыға квотаны береді не квотаны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мына жағдайларда квотаны беруден бас тартады:
      квотаны алу үшін ұсынылған материалдар толық емес және дұрыс емес болса;
      сұрау салынатын табиғат пайдалану шарттары Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.

      9. Квотаны алуға өтінім беру мерзімі экологиялық рұқсатқа өтінім беру мерзіміне сәйкес келген жағдайда квотаны беруді экологиялық рұқсатқа арналған өтінімді қарау мерзімінің ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      10. Квотаның қолданылуын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мына жағдайларда тоқтата тұрады:
      табиғат пайдаланушының квотада белгіленген табиғат пайдалану шарттарын және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларды бұзғанда;
       экологиялық заңнамаға сәйкес табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға едәуір зиян келтіргенде және халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қауіп төндіргенде.

      11. Квотаның қолданылуын тоқтата тұру осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған сәттен бастап бір ай мерзімде табиғат пайдаланушыға қабылданған шешімнің себептерін және анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама беру жолымен жүзеге асырылады.

      12. Табиғат пайдаланушы хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жойған жағдайларда квотаның қолданылуы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның жазбаша растамасы негізінде қайта жаңартылады.

      13. Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды азайтуды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган орман секторының және жер пайдалану секторының жұтуын ескермей, атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының жалпы санынан есептелетін Қазақстан Республикасы бойынша квотаны негізге ала отырып, табиғат пайдаланушыларға квотаны жыл сайын төмендету жолымен жүзеге асырады.

      Ескертпе:
      * Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулысы қолданысқа енгізілген жыл парниктік газдарды атмосфераға шығару бойынша табиғат пайдаланушыларға шектеулер белгілеу үшін базалық жыл болып есептеледі.

Ережеге   
1-қосымша  

Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеу,
тоқтата тұру немесе азайту тәртібі қолданылатын
қызметтің түрлері

      1. Энергетика
      Отынды жағу үшін қуаттылығы 20 МВт астам қондырғылар (тұрмыстық және қауіпті қалдықтарды жағуға арналған қондырғылардан басқа). Жылына 0,5 мың тонна шартты отын көлемінде отын жағу жолымен электр және жылу энергиясын өндіру (қатты тұрмыстық және қауіпті қалдықтарды жағуға байланысты қызметтің түрлерін қоспағанда).
      2. Қара және түрлі-түсті металдарды өндіру және өңдеу
      Қара және түрлі-түсті металдардың рудаларын балқыту.
      Кокс пештері.
      Шойын құю өндірісі.
      Болат балқыту өндірісі (бастапқы және қайталама балқыту), оның ішінде өндірісінің көлемі сағатына 2,5 тоннадан астам үзіліссіз құю.
      3. Тау-кен руда өнеркәсібі
      Көмір өндірген кездегі метанның шығарындылары.
      Мұнайды өндірген кездегі ілеспе газдарды жағу.
      4. Өнеркәсіптік өндіріс
      Қуаттылығы күніне 500 тоннадан астам ротациялық колонналарда цементтік клинкерді өндіру және/немесе күніне қуаттылығы 50 тоннадан астам ротациялық колонналарда әк шығару.
      Целлюлоза, сүректен алынатын басқа талшықтар, сондай-ақ күніне 20 тоннадан астам өндіріс көлемімен қағаз және картон өндіру.
      Қуаттылығы күніне 20 тоннадан астам шыны, оның ішінде шыны талшықтарын өндіру.
      Қуаттылығы күніне 75 тоннадан астам немесе килннің өнімділігі 4 текше метрден астам және тұну тығыздығы 300 кг/текше метрден астам керамика, күйдіруді, әсіресе черепицаны, кірпіштер және рефракторлық кірпіштер, плитка, фарфор, ыдыс шығару.
      Аммиак өндіру.
      5. Ауыл шаруашылығы
      Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы.
      Алқаптарда ауыл шаруашылық қалдықтарын жағу.
      Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану.

Ережеге   
2-қосымша  

Өтінімді тіркеу күні                  Қазақстан Республикасы
200_ "__" ____________        «       Қоршаған ортаны қорғау
                                      министрлігі

Өтінімді тіркеу нөмірі N______

        Атмосфераға парниктік газдарды шығаруға квота беруге
                              ӨТІНІМ
____________________________________________________________________
                  (табиғат пайдаланушының атауы)
____________________________________________________________________
              (табиғат пайдаланушының заңды мекен-жайы)

байланыс телефондары, факс__________________________________________

парниктік газдарды шығару ниеті туралы мәлімдейді.

1.__________________________________________________________________
             (парниктік газдардың атауы және саны)
____________________________________________________________________
    (парниктік газдардың тізбесі мен көлемдері көрсетілсін)

2. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Басшы
      (уәкілетті тұлға)______________     _______________________
                        (жеке қолы)        (қолдың толық жазылуы)
      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады