Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы N 178 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде берген тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2008 жылғы 21 ақпан 2008 жылғы 31 желтоқсан аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттердің жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы, жер қойнауын пайдалану туралы, ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді, сондай-ақ Астана қаласының және облыстық маңызы бар қалалардың маңынан берілген жер мәселелері бойынша тексерістерді қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатсын.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады