Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 205 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - ұйымдар) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) ұйымдардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді және олардың әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 28 ақпандағы
N 205 қаулысына   
1-қосымша   

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық ветеринариялық зертхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Фитосанитария" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық карантиндік зертхана" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық карантиндік зертхана" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық интродукциялық-карантиндік питомник" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық интродукциялық-карантиндік питомник" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомник" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомник" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің»Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы»28»ақпандағы
N 205 қаулысымен  
бекітілген  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 165, 205-1, 205-2, 205-6, 205-8, 205-9, 205-11-жолдар алынып тасталсын.

      3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілетін қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдардың және шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
      "Ақмола облысы" деген бөлімінде:
      реттік нөмірі 13-10-жол алынып тасталсын;
      "Астана қаласы" деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 20, 21-3 "ҚазАгроҚаржы" АҚ, 21-33, 21-44, 21-46, 21-84-жолдар алынып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 563 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.09 № 1177 Қаулысымен.

      6. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетілетін қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірлері 47, 48, 51-жолдар алынып тасталсын;
      "Акционерлік қоғамдар" деген 2-бөлімде:
      реттік нөмірлері 54, 55, 56, 57, 58, 60, 61-жолдар алынып тасталсын;
      "Мемлекеттік мекемелер" деген 3-бөлімде: 
      реттік нөмірлері 83, 84, 85, 86, 88-жолдар алынып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 7, 82-құжат):
      4-тармақ 2) тармақшадағы "тізбесі" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі";
      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 28 ақпандағы
N 205 қаулысына  
2-қосымша  

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы 2 наурыздағы
N 164 қаулысымен  
бекітілген  

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.11.2015 № 911 қаулысымен.

1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1.   Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2. Мемлекеттік мекемелер

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» мемлекеттік мекемесі.
      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.11.2015 № 911 қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі.
      7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.11.2015 № 911 қаулысымен.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы" мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады