Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 наурыздағы N 251 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 44-1 және 44-2-жолдармен толықтырылсын:
"44-1.        Жалпы көлемі 2500 см 3 -тен астам,    8702 10 119 0*-ден
              ұзындығы 11,5 м-ден астам дизель
              қозғалтқышы бар қалалық
              жолаушылар тасымалдары үшін
              жаңа автобустар
  44-2.       Ұзындығы 11,5 м-ден астам, дизель   8702 90 909 0*-ден
              электржетегі бар жаңа автобустар                    ".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады