Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 маусымдағы N 593 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы N 267 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 маусымдағы N 593  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 240-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында:

      бүкіл мәтін бойынша "Қазақстан халықтары Ассамблеясының", "Қазақстан халықтарының Ассамблеясы" деген сөздер "Қазақстан халқы Ассамблеясының", "Қазақстан халқы Ассамблеясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлімде:
      "Қаржыландыру көздері" деген жолда:
      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "республикалық бюджеттен - барлығы 969,6 млн. теңге, оның ішінде: 2006 жылы - 316 млн. теңге, 2007 жылы - 312,9 млн. теңге, 2008 жылы - 340,7 млн. теңге;
      жергілікті бюджеттен - барлығы 1354,8 млн. теңге, оның ішінде: 2006 жылы - 138 млн. теңге, 2007 жылы - 552,6 млн. теңге, 2008 жылы - 664,2 млн. теңге талап етеді;";

      "Күтілетін нәтиже" деген жолда:
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жастардың қатысуымен 9 халықаралық конференция, 30 республикалық және өңірлік конференция, 74 семинар, 46 конкурс, 93 дөңгелек үстел, 41 тренинг, 59 республикалық этнос күндері, Қазақстан халықтары достығының 3 фестивалі ұйымдастырылады және өткізіледі;";

      "3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау" деген бөлімде:
      жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2006 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының II Съезі болып өтті. Оның қорытындылары өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасындағы келісімді нығайтуға және олардың арасында сындарлы диалог орнатуға ықпал етті.";

      "6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері" деген бөлімде:
      бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "республикалық бюджеттен барлығы - 969,6 млн. теңге, оның ішінде: 2006 жылы - 316 млн. теңге, 2007 жылы - 312,9 млн. теңге, 2008 жылы - 340,7 млн. теңге;
      жергілікті бюджеттен барлығы - 1354,8 млн. теңге, оның ішінде: 2006 жылы - 138 млн. теңге, 2007 жылы - 552,6 млн. теңге, 2008 - 664,2 млн. теңге қаржыландыруды талап етеді.";

      "7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже" деген бөлімде:
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жастардың қатысуымен 9 халықаралық конференция, 30 республикалық және өңірлік конференция, 74 семинар, 46 конкурс, 93 дөңгелек үстел, 41 тренинг, 59 республикалық этнос күндері, Қазақстан халықтары достығының 3 фестивалі ұйымдастырылады және өткізіледі;";

      "8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

1

Қоғамдағы
этносаралық және
конфессияаралық
ахуалға
республикалық
мониторинг
жүргізуді,
сондай-ақ
Қазақстан халқы
Ассамблеясының
рөлін арттыру
мәселелері
жөнінде
әлеуметтанушылық
зерттеулер
жүргізуді
ұйымдастыру

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

МАМ

Жыл
сайын
20
қаң-
тар,
20
шілде

Барлы-
ғы:
12,0
оның
ішінде:
2006 ж.
- 2,5
2007 ж.
- 2,5
2008 ж.
- 7,0

Респуб-
ликалық
бюджет

                                                            ";

      реттік нөмірі 2-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Барлығы: 31,7 оның ішінде: 2006 ж. - 11,7; 2007 ж. - 10,0; 2008 ж. - 10,0";

      реттік нөмірі 5-жолда:
      3-бағандағы "Бұйрық" деген сөз "Министрдің бұйрығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Барлығы: 16,5 оның ішінде: 2006 ж. - 3,7; 2007 ж. - 3,7; 2008 ж. - 9,1; Барлығы: 115,1 оның ішінде: 2006 ж. - 10,5; 2007 ж. - 44,1; 2008 ж. - 60,5";
      реттік нөмірі 6-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Барлығы: 114,6 оның ішінде: 2006 ж. - 9,7; 2007 ж. - 49,2; 2008 ж. - 55,7 (оның ішінде 2008 жылы: облыстар бойынша - Ақмола - 0,6; Ақтөбе - 5,9; Алматы - 1,8; ШҚО - 2,8; Жамбыл - 0,6; Қарағанды - 0,7; Қостанай - 2,9; Қызылорда - 1,0; Маңғыстау - 0,9; Павлодар - 0,4; СҚО - 9,2; ОҚО - 3,0; БҚО - 20,0; Астана қаласы - 0,5; Алматы қаласы - 5,4)";

      реттік нөмірі 8-жолда:
      2-бағандағы "халықаралық конференциялар мен семинарлар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ руханилық пен мәдениет халықаралық форумын" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-бағанда:
      "15,0" деген сандар "26,2" деген сандармен ауыстырылсын;
      "2008 ж. - 5,0" деген сөздер "2008 ж. - 16,2" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 9-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Барлығы: 22,3 оның ішінде: 2006 ж. - 9,3; 2007 ж. - 9,0; 2008 ж. - 4,0; Барлығы: 138,4 оның ішінде: 2006 ж. - 26,9; 2007 ж. - 41,5; 2008 ж. - 70,0 (оның ішінде 2008 жылы: облыстар бойынша - Ақмола - 0,7; Ақтөбе - 12,0; Атырау - 2,0; Алматы - 5,0; ШҚО - 8,2; Жамбыл - 4,2; Қарағанды - 2,1; Қостанай - 7,6; Қызылорда - 1,5; Маңғыстау - 0,1; Павлодар - 15,0; СҚО - 3,0; ОҚО - 3,0; Алматы қаласы - 5,6)";

      реттік нөмірі 10-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Барлығы: 1,1 оның ішінде: 2006 ж. - 1,1; Барлығы: 33,8 оның ішінде: 2006 ж. - 10,3; 2007 ж. - 10,2; 2008 ж. - 13,3 (оның ішінде 2008 жылы: облыстар бойынша - Ақмола - 0,1; Ақтөбе - 0,9; Атырау - 0,6; Алматы - 5,8; ШҚО - 0,5; Жамбыл - 0,4; Қостанай - 0,5; Қызылорда - 0,1; Маңғыстау - 1,6; Павлодар - 0,4; ОҚО - 1,1; БҚО - 0,3; Астана қаласы - 0,3; Алматы қаласы -0,7)";

      реттік нөмірі 11-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Барлығы: 472,2 оның ішінде: 2006 ж. - 58,0; 2007 ж. - 195,7; 2008 ж. - 218,5 (оның ішінде 2008 жылы: Ақмола - 6,9; Ақтөбе - 2,9; Атырау - 1,8; Алматы - 8,5; ШҚО - 4,6; Жамбыл - 0,5; Қарағанды - 1,6; Қостанай - 9,4; Қызылорда - 0,5; Маңғыстау - 0,2; Павлодар - 6,0; СҚО - 173,1; ОҚО - 2,0; Астана қаласы - 0,5)";

      реттік нөмірі 12-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Барлығы: 480,7 оның ішінде: 2006 ж. - 22,6; 2007 ж. - 211,9; 2008 ж. - 246,2 (оның ішінде 2008 жылы: облыстар бойынша - Ақмола - 0,2; Ақтөбе - 40,0; Атырау - 1,8; Алматы - 8,5; ШҚО - 1,0; Жамбыл - 0,3; Қарағанды - 12,9; Қостанай - 1,1; Қызылорда - 0,6; Маңғыстау - 1,0; Павлодар - 1,0; СҚО - 173,1; ОҚО - 3,5; БҚО - 0,8; Астана қаласы - 0,4)";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 13 және 14-жолдармен толықтырылсын:

"

13.

Қазақстандағы
этносаралық және
конфессияаралық
келісімді
насихаттау
жөніндегі имидждік
материалдарды
шығаруды
қамтамасыз ету

Ми-
нистр-
дің
бұйры-
ғы

МАМ

2008
жылдың
ІІ
тоқ-
саны

Барлы-
ғы:
10,0
оның
ішінде:
2008 ж.
- 10,0

Респуб-
ликалық
бюджет

14.

"Шаңырақ"
республикалық
акциясын
(этножурналистика
саласындағы
семинар,
шығармашылық
конкурс) өткізуді
ұйымдастыру

Ми-
нистр-
дің
бұйры-
ғы

МАМ

2008
жылғы
шілде,
жел-
тоқсан

Барлы-
ғы:
1,7
оның
ішінде:
2008 ж.
- 1,7

Респуб-
ликалық
бюджет

                                                             ";
      "Жиыны"  деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

Жиыны



Барлығы: 969,6
оның ішінде:
2006 ж. - 316
2007 ж. - 312,9
2008 ж. - 340,7
Барлығы: 1354,8
оның ішінде:
2006 ж. - 138,0
2007 ж. - 552,6
2008 ж. - 664,2

Респуб-
ликалық
бюджет
 
 
    Жергі-
лікті
бюджет

                                                             "
      ескертпе мынадай мазмұндағы аббревиатуралармен толықтырылсын:
      ШҚО - Шығыс Қазақстан облысы;
      СҚО - Солтүстік Қазақстан облысы;
      ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы;
      БҚО - Батыс Қазақстан облысы.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады