"Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 3 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 26 Нормативтік қаулысы.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы заңынан 20-баптың алып тасталуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 3 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады