Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 20 наурыздағы
N 272 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі
1. Ауыл шаруашылық тауарлары:
1) бидай және меслин:
қатты бидай;
егіске арналған спельта;
басқа да спельталар, жұмсақ бидай және тұқымдық меслиндер;
2) қара бидай;
3) арпа;
4) шитті мақта;
5) таралмаған мақта талшығы;
6) мақта талшығы, таралған немесе тарақпен таралған;
7) мақта тұқымы;
8) рапс, рапс тұқымы.
2. Өнеркәсіп тауарлары:
1) тантал сынығы;
2) қара және түсті металдар мен олардың қорытпалары;
3) қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларынан
жасалған бұйымдар:
жазық (табақ, таспа, фольга), сұрыптық (шеңбер, шыбық, бұрыш,
төрт бұрыш, алты қырлы, швеллер, тавр, двутавр) илектер,
құбырлар, түтікшелер;
4) сүрек, ағаш материалдары;
5) мұнай;
6) этилбензол;
7) стирол;
8) пентан;
9) изо-пентан.