Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 274 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 683 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      51. "Қазагрэкс" акционерлік қоғамы 100%";

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2-жолдармен толықтырылсын:
      "20-1. "Тың машина сынау станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%;
      20-2. "Сынаушы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 51%".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады