"Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы N 288 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

жоба

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы"
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына
өзгерістер енгізу туралы

       1-бап . " Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы " 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 1, 72-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "нышандары", "нышандарының", "нышандарын", "нышандарына" деген сөздер тиісінше "рәміздері", "рәміздерінің", "рәміздерін", "рәміздеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.
       2-бап.  Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады