"Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін, оларды қызметке тағайындау, аттестаттаудан өткізу және қызметтен босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 329 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін, оларды қызметке тағайындау, аттестаттаудан өткізу және қызметтен босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ

  Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін, оларды қызметке тағайындау, аттестаттаудан өткізу және қызметтен босату ережесін бекіту туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі;
      2) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттаудан өткізу және қызметтен босату ережесі бекітілсін.
      2. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы  
Президентінің     
2008 жылғы 8 сәуірдегі  
N 329 Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН       

  Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі

      1. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      4. "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      5. "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      6. "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" мемлекеттік мекемесі.
      7. "Қазақ ұлттық музыка академиясы" мемлекеттік мекемесі.
      8. "Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" мемлекеттік мекемесі.
      9. "С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2008 жылғы 8 сәуірдегі  
N 329 Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН       

  Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттаудан өткізу және қызметтен босату ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттаудан өткізу және қызметтен босату ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  Заңына сәйкес әзірленді.
      Ереже Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттаудан өткізу және қызметтен босату тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттаудан өткізу және қызметтен босату Қазақстан Республикасының Президенті берген ерекше мәртебесі бар елдің жоғары оқу орындарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

  2. Қызметке тағайындау және босату тәртібі

      3. Қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын қызметке тағайындау туралы ұсынысты ұсынылып отырған тағайындаудың себептері мен дәлелдерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

      4. Мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының лауазымына ұсынылатын кандидатураны тағайындау туралы ұсынысқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойған мінездеме;
      2) кадрлар есебі бойынша жеке парақ;
      3) ғылыми еңбектер тізімі;
      4) білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек кітапшасының көшірмесі.
      Лауазымға тағайындау туралы ұсыныста мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидаттың қысқаша іскерлік және жеке қасиетінің мінездемесі беріледі.
      Қызметке тағайындау, қызметтен босату немесе ұсыныстан бас тарту туралы мәселені Қазақстан Республикасының Президенті шешеді.

      5. Мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын атқарып отырған лауазымынан қарамағына мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік орган бірінші басшысының ұсынысымен мынадай негіздер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті босатады:
      1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес;
      2) аттестацияның теріс нәтижелері бойынша.

  3. Аттестаттаудан өткізу тәртібі

      6. Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары үш жылда бір рет аттестациядан өтеді.
      Мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын аттестаттауды аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүргізеді, оның құрамын қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік орган бекітеді. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
      Қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның бірінші басшысы Комиссияның төрағасы болып табылады.

      7. Аттестаттаудан өткенге дейін бір ай бұрын бар мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары Комиссияның төрағасына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жоғары оқу орнының ғылыми кеңесі мақұлдаған негізгі жұмыс қорытындылары туралы есеп;
      2) жоғары оқу орнының перспективаға арналған даму қызметінің бағдарламасы;
      3) есепті кезеңдегі ғылыми еңбектердің тізімі.

      8. Комиссияның отырысында мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары туралы қысқаша есебі және жоғары оқу орнының перспективаға арналған қызмет бағдарламасы тыңдалады.

      9. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын тыңдау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді;
      2) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді;
      3) қайта аттестатталуға тиіс.

      10. Комиссияның атқарып отырған лауазымына сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдауы аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады және осы Ережеде белгіленген тәртіппен атқарып отырған лауазымынан босату үшін негіз болады.

      11. Қайта аттестаттау Ережеде айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттау өткізілген сәттен бастап алты айдан кейін өткізіледі. Комиссия қайта аттестаттауды жүргізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді;
      2) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді.

      12. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
      Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасы берген дауыс шешуші болып саналады.
      Шешім, егер Комиссия отырысына Комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.

      13. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді, оған Комиссия төрағасы қол қояды және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынылады.

      14. Комиссия шешімі аттестаттау парағына және мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысының қызметтік тізіміне енгізіледі.

      15. Мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының Комиссия шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына құқығы бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады