Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130 және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті "Темір орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің орман қорының жерінен алаңы 184,2 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Ақтөбе облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін көмір-сутекті шикізатын барлау және өндіру үшін "KKM Operating Company" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - акционерлік қоғам) беруді қамтамасыз етсін.
3. Акционерлік қоғам қолданыстағы заңнамаға сәйкес орманды жерлерді орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
N 330 қаулысына
қосымша
Орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес
жерлер санатына ауыстырылатын Ақтөбе облысы табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің»Темір
орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі жерінің экспликациясы
Жер |
Жалпы |
Оның ішінде: |
|||||
орман |
егістік |
жайылым |
шабын- |
құм |
өзге |
||
"Темір |
184,2 |
184,2 |
|||||
БАРЛЫҒЫ: |
184,2 |
184,2 |