Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 1111 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 357 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венгрия Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 1111  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғалым Ізбасарұлы Оразбаковқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады