Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 360 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы,
      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы  шартқа  (бұдан әрі - Шарт) адалдығын растай отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Шарттың  12-бабы  мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Шартта көзделген ережелерді кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында Уағдаласушы Тараптар әрбір үш жылдық кезеңге Ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдайды."

2-бап

      Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық интеграция жөніндегі іс-қимыл жоспарының күші жойылады.

3-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қабылданады және Шарттың  23-бабында  көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      2008 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында, екі түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

       Қазақстан Республикасы үшін        Қырғыз Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады