"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Көкшетау қаласының жылумен жабдықтау объектілерін 2008 - 2009 жылдарғы жылыту кезеңіне дайындауға Ақмола облысының әкіміне аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен дамуға арналған нысаналы трансферттер түрінде 554000000 (бес жүз елу төрт миллион) теңге бөлінсін.