Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі N 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республмкасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 385 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.»"Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі N 789  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбілезов                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қарыбай Тілеубергенұлы        және сауда вице-министрі

Пірматов                    - Қазақстан Республикасының Экономика
Ғалымжан Олжаұлы              және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Шыналиев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ғазиз Қоршабекұлы             Министрі Кеңсесінің Индустриялық-
                              инновациялық даму бөлімі
                              меңгерушісінің орынбасары

      "Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары";
      көрсетілген құрамнан Құсайынов Марат Әпсеметұлы, Ыбыраев Азамат Болатұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады