Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N 541 және 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 389 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің»Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N 541  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 23, 285-құжат):
      2-тармақтағы "студенттерге берілген кредиттер" деген сөздер "білім беру кредиттері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.21 № 248 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады