"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құрылымында штат саны 18 бірліктен тұратын Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым мәселелері жөніндегі департаментті құруға, Вена қаласындағы (Австрия Республикасы) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым жанынан штат саны 18 бірліктен тұратын Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігін ашуға, басқа елдердегі органдар аппаратының (елшіліктер, өкілдіктер, консулдықтар мен дипломатиялық миссиялар) штат санын 8 бірлікке көбейтуге, Астана қаласында "Халықаралық ұйымдар орталығы" ғимаратын салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 1137426200 (бір миллиард бір жүз отыз жеті миллион төрт жүз жиырма алты мың екі жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.18
N 859
, 2008.12.26
N 1283
Қаулыларымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов