Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 390 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 859 Қаулысы

       Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұрат Марданұлы Атановтың мәйітін жеткізу үшін Алматы - Ашғабад - Алматы бағыты бойынша чартерлік авиарейске ақы төлеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен 4704800 (төрт миллион жеті жүз төрт мың сегіз жүз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 390 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақта "1770567000 (бір миллиард жеті жүз жетпіс миллион бес жүз алпыс жеті мың)" деген сөздер "1765862200 (бір миллиард жеті жүз алпыс бес миллион сегіз жүз алпыс екі мың екі жүз)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады