"Қазақстан Республикасы астанасының 10 жылдығын атап өту құрметіне арналған "10 жыл Астана" мерекелік медалі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 408 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы астанасының 10 жылдығын атап өту құрметіне "10 жыл Астана" мерекелік медалі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы астанасының 10 жылдығын атап өту құрметіне арналған "10 жыл Астана" мерекелік медалі туралы

      Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Астана қаласы құрылуының 10 жылдығын атап ету құрметіне  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "10 жыл Астана" мерекелік медалі тағайындалсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) "10 жыл Астана" мерекелік медалі туралы ереже;
      2) "10 жыл Астана" мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2008 жылғы N Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН      

"10 жыл Астана" мерекелік медалі туралы ереже

      1. "10 жыл Астана" мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары наградталады.
      2. Мерекелік медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.
      3. Мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;
      2) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері;
      4) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері;
      5) өзге де лауазымды тұлғалар тапсыра алады.
      4. Мерекелік медальді тапсыру салтанатты жағдайда, жария түрде жүргізіледі және ол наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау туралы Жарлығы жария етіледі.
      5. Әрбір наградталған адамға мерекелік медаль тапсырумен бір мезгілде тиісті куәлік беріледі.
      6. Мерекелік медальдің тапсырылғаны туралы белгіленген нысандағы хаттама толтырылады. Ол медаль тапсырған адамның қолы және тапсыру жүргізген органның мөрі арқылы бекітіледі әрі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.
      7. "10 жыл Астана" мерекелік медалі сол жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады.
      8. Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2008 жылғы N Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН      

"10 жыл Астана" мерекелік медалінің сипаттамасы

      "10 жыл Астана" мерекелік медалі латуннен дайындалады, диаметрі 40 мм дұрыс көп қырлы нысанды.
      Медальдің бет жағының дұрыс сегіз қырлының бұрышында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан, сегіз қырлының бұрыштардың арасында күннің сәулесін бейнелейтін бес-бестен штрал сызықтары жасалған. Сегіз қырлының ортасында шеңбер бейнеленген, шеңбердің ортасында сол жақ жоғары бұрышында үш жолға жазылған "10 жыл АСТАНА" деген жазу бар, ортасында Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақорда" Резиденциясының бейнесі және "Астана - Бәйтерек" монументі бейнеленген. Медальдің бет жағы жылтыр.
      Медальдің сыртқы жағында шеңбер бейнеленген, шеңбердің ортаңғы бөлігінде үш жолдан тұратын "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2008" деген жазу жазылған. Жазудың астында ұлттық ою-өрнек элементі орналасқан. Медальдің сыртқы жағы жалтыратылған.
      "10 жыл Астана" мерекелік медалі құлақша мен шығыршық арқылы биіктігі 50 мм және ені 32 мм алтыбұрышты тағанмен жалғасады, тік жолақты: ені 7 мм қызыл түсті, ені 3 мм сары түсті, ені - 2 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған. Тағанның сыртқы жағында қапсырма құлыпты түйреуіш орналасқан, медаль соның көмегімен киімге бекітіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады