Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 204 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
2-тармақта:
бірінші абзацтағы "бройлерлік құс етін (бұдан әрі - тауық еті)" деген сөздерден кейін ", жұмыртқалағыш кростың құс жұмыртқасын (тағамдық жұмыртқа) (бұдан әрі - жұмыртқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта:
"құс етін" деген сөздерден кейін ", жұмыртқаны" деген сөзбен толықтырылсын;
"сойыс салмағында" деген сөздерден кейін ", жұмыртқаның" деген сөзбен толықтырылсын;
"мекемелерге" деген сөзден кейін ", қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарына және әскери бөлімдерге" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың алтыншы абзацы "құс етін" деген сөздерден кейін "және жұмыртқаны" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші абзацындағы "құс етін" деген сөздерден кейін ", жұмыртқаны" деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақтағы "1 (бір) килограмын өндіруге", "килограмына" деген сөздерден кейін тиісінше "(10 дана)", "(1 дана)" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақтың 1) тармақшасындағы бірінші абзац "мекемелерге" деген сөзден кейін ", қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарына және әскери бөлімдерге" деген сөздермен толықтырсын;
14-тармақтың 1) тармақшасының және 2) тармақшасының екінші абзацтарындағы "аудандық статистика бөлімі берген анықтаманы", "аудандық статистика бөлімінің берген анықтамасы" деген сөздер "аумақтық статистика органы берген ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтағы "мекемелерге" деген сөзден кейін ", қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарына және әскери бөлімдерге" деген сөздермен толықтырылсын;
Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 1-қосымшада:
1-бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Жұмыртқа 13,2";
2-бөлімде:
тақырыбындағы "килограмм" деген сөзден кейін "(10 дана)" деген сөздермен толықтырылсын;
"1 килограмм өнім өндіруге арналған құрама азық (құнарлы жемшөп) шығысының мөлшері" деген бағандағы "килограмм" деген сөзден кейін "(10 дана)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Жұмыртқа 2,0";
3-бөлімде:
тақырыбындағы "килограмм" деген сөзден кейін "(1 дана)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Жеке өндірістің сатқан өнімінің 1 килограмына арналған субсидиялардың нормативі, теңге" деген бағандағы "килограмына" деген сөзден кейін "(1 дана)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Жұмыртқа 2,6";
Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 2-қосымшада:
"құс еті" деген сөздерден кейін ", жұмыртқа" деген сөзбен толықтырылсын;
"Өнім сатудың жылдық квотасы, тонна" деген бағандағы "тонна" деген сөзден кейін ", мың дана" деген сөздермен толықтырылсын;
"Нақты сатылған өнім, тонна" деген бағандағы "тонна" деген сөзден кейін ", мың дана" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов