Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
"Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігін ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігін ашу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Вена қаласында (Австрия Республикасы) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев