Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 516 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің  51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - орман мекемесі) орман қоры жерінен алаңы 240 гектар жер учаскесі елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.

      2. Қызылорда облысының әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін және алынған сүректі орман мекемесінің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2008 жылғы»29 мамырдағы 
N 516 қаулысына   
қосымша    

Орман қоры жерінен елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі жерінің экспликациясы



    Жер пайдалану-
шының атауы
Жалпы
алаңы,
га
Оның ішінде:
орман-
ды 
алқап-
тар
орман
ағаш-
тары
алаң-
қай
жер-
лер
шабын-
дық
жол-
дар
өзге
жер-
лер

Қазалы орман және
жануарлар дүниесін
қорғау жөніндегі
мемлекеттік
мекемесі

240

103,2

18,5

92,1

17,1

0,1

9

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады