"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан "Инженер-техникалық орталығы" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
1) компьютерлік және перифериялық техникаға, теледидар жүйелеріне, байланыс жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) тиімділігі жоғары ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу;
3) баспа-полиграфиялық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 қаулысында :
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына акцияларының мемлекеттік пакеті иелену, пайдалану және басқару құқығына берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Инженер-техникалық орталығы" АҚ";
2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіндегі:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-102-жолмен толықтырылсын:
"21-102. "Инженер-техникалық орталығы" АҚ";
3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-11-жолмен толықтырылсын:
"238-11 "Инженер-техникалық орталығы" АҚ";
4) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов