Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті және қол жетімді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құру мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін.
6.
Осы
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 31 мамырдағы
N Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Астана, 2008 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін
талдау
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
5.1. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау
сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін техникалық
және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын реформалау
5.2. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігі мен
есеп беруін арттыру үшін техникалық және кәсіптік білім беруді
басқару мен қаржыландыру жүйелерін жетілдіру
5.3. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инфрақұрылымы
мен материалдық-техникалық базасын дамыту
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер мен оның
индикаторлары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында техникалық
атауы және кәсіптік білім беруді дамытудың
2008 - 2012 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің
негіздеме 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310
Жарлығымен
бекітілген Мемлекет
басшысының 2005 - 2007 жылдардағы
Қазақстан халқына жыл сайынғы
жолдауларын іске асыру жөніндегі
негізгі бағыттардың (іс-шаралардың)
жалпыұлттық жоспарының 106-тармағы;
Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 14 ақпандағы N 535
Жарлығымен
бекітілген Мемлекет
басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы
"Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру - мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты" атты Қазақстан халқына
Жолдауын іске асыру жөніндегі
іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының
61-тармағы; Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N
246
қаулысымен
бекітілген Мемлекет
басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы
"Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру - мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты" атты Қазақстан халқына
Жолдауын іске асыру жөніндегі
іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын
орындау жөніндегі іс-шаралар
жоспарының 61-тармағы; Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29
тамыздағы N 753
қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008
- 2010 жылдарға арналған орта
мерзімді жоспарының 2008 - 2010
жылдарға арналған қолданыстағы және
әзірленетін мемлекеттік және салалық
(секторалдық) бағдарламалар
тізбесінің 49-тармағы
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі
Бағдарламаның Бәсекеге қабілетті дағдылары бар және
мақсаты білім алуды жалғастыру үшін
жеткілікті әлеуеті бар экономика
салалары мен жұмыс берушілерді
техникалық және қызмет көрсету
еңбегінің білікті мамандарымен
қамтамасыз ету үшін техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесін қайта
құрылымдау және қайта ұйымдастыру
Бағдарламаның Техникалық және кәсіптік білім
міндеттері берудің құрылымы мен мазмұнын
реформалау жолымен техникалық және
қызмет көрсету еңбегінің кадрларын
даярлаудың сапасы мен бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету;
басқару мен қаржыландыру тетіктерін
жетілдіру арқылы техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесінің
тиімділігі мен есеп беруін арттыру;
техникалық және
кәсіптік білім беру
инфрақұрылымы мен
материалдық-техникалық базасын дамыту
жолымен білім беру бағдарламаларын
іске асыру жағдайларын жақсарту
Бағдарламаны Институционалды жаңғыртудың 1-кезеңі:
іске асыру мерзімі 2008 - 2010 жылдар; тұрақты дамудың
2-кезеңі: 2010 - 2012 жылдар
Қажетті ресурстар Республикалық және жергілікті
мен қаржыландыру бюджетте көзделген қаражат, әр түрлі
көздері мүдделі тараптардың үлестік қатысуы
бар тікелей инвестициялар, қорлар
мен халықаралық ұйымдардың қаражаты.
Бағдарламаны іске асыруға байланысты
қаржылық шығындар: 58178,9 млн.
теңгені, оның ішінде: 2008 жылы -
5707,8 млн. теңгені, 2009 жылы -
23486,7 млн. теңгені, 2010 жылы -
28984,4 млн. теңгені құрайды;
республикалық бюджет есебінен:
барлығы - 40749,8 млн. теңге, 2008
жылы - 3396,6 млн. теңге, 2009 жылы
- 16701,4 млн. теңге, 2010 жылы - 2
0651,8 млн. теңге;
жергілікті бюджеттер есебінен:
барлығы - 17429,1 млн. теңге, оның
ішінде: 2008 жылы - 2311,2 млн.
теңге, 2009 жылы - 6785,3 млн.
теңге, 2010 жылы - 8332,6 млн. теңге.
Республикалық бюджеттің қаражаты
есебінен қаржыландырылатын
іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі
жыл сайын тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджетті
бекіту кезінде нақтыланады
Күтілетін Бағдарламаны іске асыру мынадай
нәтижелер нәтижелерді қамтамасыз етеді:
техникалық және кәсіптік білім беру
сапасы артады;
білім алушылардың жалпы білім алу
даярлығы күшейтіледі,техникалық және
кәсіптік білім беретін оқу орындары
мен жалпы білім беретін мектептерде
бейінді оқытумен жалпы орта білім
берудің бірыңғай оқыту
бағдарламалары енгізілетін болады;
техникалық және кәсіптік
білім беру бағдарламалары еңбек
нарығының талаптарына сәйкес болады;
техникалық және кәсіптік білім
берудің беделі артады; білім беру
процесінде оқытудың белсенді
технологияларын қолдану кеңейеді;
оқытудың кредиттік технологиясы
енгізілетін болады, техникалық және
кәсіптік білім беру, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім берудің
білім бағдарламаларының үйлесімділігі
қамтамасыз етіледі;
біліктілік деңгейін арттыруға немесе
өндірістен қол үзбей және уақыт
шығындамай оқуды жалғастыруға
мүмкіндік беретін тиімді ұлттық
біліктілік жүйесі құрылатын болады;
техникалық және кәсіптік білім
беретін оқу орындары түлектерінің
дағдылары мен біліктілігін
сертификаттаудың, бағалаудың,
растаудың қазіргі заманғы жүйесі
енгізілетін болады;
техникалық және кәсіптік білім
берудің білім алушылары арасында жыл
сайынғы "Кәсіп үздігі", "Техникалық
және кәсіптік білім беретін үздік
оқу орны" конкурстары өткізілетін
болады;
білім алушылар жыл сайын кәсіби
шеберліктің халықаралық
конкурстарына қатысатын болады;
техникалық және қызмет көрсету
еңбегінің кадрларын даярлауға, қайта
даярлауға және біліктілігін
арттыруға жеке сектор
инвестицияларын тарту үшін қажетті
тетіктер құрылатын болады;
жүйенің барлық деңгейінде техникалық
және кәсіптік білім беру жүйесінің
икемділігі мен тиімділігін,
жауапкершілігін қамтамасыз ететін
басқарудың жаңа әдістерін енгізу
жолымен сапаны басқару тиімділігі
артады;
техникалық және кәсіптік білім
беруді дамыту мәселелері бойынша
шешімдер қабылдау процесінде, білім
беру бағдарламалары мен техникалық
және кәсіптік білім беретін оқу
орындарының түлектеріне қойылатын
біліктілік талаптарын әзірлеу
кезінде жұмыс берушілердің қатысуы
артады;
бір маманды оқытуға жұмсалатын
шығыстардың құнын анықтаумен
мемлекеттік білім беру тапсырысы
негізінде нәтижеге бағдарланған
қаржыландыру жүйесі енгізілетін
болады;
арнайы пәндер бойынша жаңа оқу
әдебиеттері мен оқу-әдістемелік
құралдар әзірлеу, әдістемелік
кабинеттердің жұмыс істеуі есебінен
білім беру бағдарламаларын
оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
сапасы жақсарады;
техникалық және кәсіптік білім
берудің тармақты инфрақұрылымы
құрылатын, жаңа оқу орындары мен
жатақханалар, өңіраралық кәсіптік
орталықтар салынатын болады;
жаңа білім беру бағдарламаларын
енгізетін оқу орындарының әлеуеті мен
ресурстары ғимараттарды күрделі
жөндеу, оқу-өндірістік шеберханалар
мен зертханаларды қазіргі заманғы
оқу-өндірістік және технологиялық
жабдықтармен жаңарту мен қайта
жарақтандыру есебінен артады;
жастар арасында жұмыспен қамтылу
нәтижелілігі артады;
техникалық және кәсіптік білім
беретін оқу орындарының түлектері
арасында жұмыссыздық деңгейі
төмендейді;
білім алуды жалғастыру үшін
түлектердің әлеуеті артады.
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
(бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың)
жалпыұлттық жоспарының
106-тармағына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N 535 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жалпыұлттық жоспарының
61-тармағына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 246 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі
іс-шаралар жоспарының
61-тармағына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының 2008 - 2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар
тізбесінің
49-тармағына сәйкес әзірленді.
Техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау ақпараттық технологиялардың барынша терең әсерімен әрі ішкі және сыртқы еңбек нарығында бәсекелестіктің артуымен қоса жаһандану мен білім экономикасына көшу жағдайында Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының міндеттері ауқымының өсуіне және күрделілігіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігінен туындады.
Бағдарлама адами ресурстарды дамыту, жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттің, бизнестің, қызмет көрсетулер саласының серпінді жобалары үшін кең құзыреті және берілетін іргелі білімдері бар бәсекеге қабілетті кадрлар корпусын қалыптастыру бойынша мемлекет жүргізетін жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту ұсыныспен емес, сұраныспен анықталатын болады.
3. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымы мен мөлшерінде едәуір өзгерістер, сондай-ақ білікті қызметкерлерге сұраныстың табиғи артуын туындатты. Мемлекет экономиканың базалық салаларын (тау-кен өндіру өнеркәсібі, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс), өңдеуші өнеркәсіпті (машина жасау, мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі), сондай-ақ сервистік секторда (туризм, әлеуметтік қамсыздандыру, қызмет көрсету) кадрлармен барабар қамтамасыз етуге өсіп отырған қажеттілікті бастан өткеруде.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөнінде қабылданатын шараларға қарамастан, білікті кадрларға жылдам өсіп отырған сұраныс толық көлемде қамтамасыз етілмеуде, ал түлектердің дағдыларының деңгейі жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес емес.
Дүниежүзілік Банк өткізген "Дағдыларға, жұмыс күшіне Қазақстандағы сұраныс" атты зерттеу бойынша 2008 жылы жұмыс берушілердің 63 %-і жұмысшы кадрлардың білімі мен дағдыларының жеткіліксіздігі бизнестің даму жолына кедергі болып отырғанын мәлімдеді. Ірі компаниялар білікті жұмыс күшін табуға байланысты неғұрлым қиындықтарды бастан өткеруде. Мамандардың дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптар әрдайым өсуде: қазақстандық компаниялардың 40 %-і тауарлар мен қызметтер сапасына нормалардың күшеюіне, технологиялардың күрделенуіне, бәсекенің өсуіне байланысты соңғы екі жылда қызметкерлердің дағдыларына қойылатын талаптардың қатайтылғаны туралы хабарлады. Компаниялар кадрларды іріктеу кезінде бәрінен бұрын мынадай базалық дағдыларды бағалайды: жеке жұмыс істей білуі, уақытты бөле білуі, жазбаша және ауызша қатынаса алу дағдылары, талдау дағдылары мен міндеттерді шеше білуі. Білікті жұмыс күшіне тапшылық экономиканың көптеген салаларының проблемасы деп танылды. Тұтастай алғанда республика бойынша сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігінен жыл сайын орта есеппен 21 мыңға дейінгі жұмыс орны бос қалады.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің неғұрлым жоғары көрсеткіштері Алматы қаласында - 26,0 % және Астана қаласында - 16,4 %, Маңғыстау облысында - 13,8 %, Қостанай облысында - 13,6 %, Жамбыл облысында - 12,7 % байқалды. Көрсетілген проблемалардың негізгі себептерінің бірі жастардың техникалық және кәсіптік білім берумен қамтылу төмендігі болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру проблемалары тұтынушылардың нашар хабардар болуымен, жеткілікті түрде айқын құрылымдалмаған еңбек нарығымен, халықтың жұмыспен қамтылуында да, кадрларды кәсіптік даярлауда да ақталмаған монополизммен асқына түседі.
Техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіру жөніндегі қосымша талаптар 11-12 сыныптарда кәсіптік оқытуды енгізумен 12-жылдық жалпы орта білім беруге жобаланып отырған көшуді қарастырады.
2007 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы білім алушылар контингенті 55700 адамды құрайды. Оның ішінде колледждерде - 450525 адам, кәсіптік мектептерде (кәсіптік лицейлерде) - 108175 адам оқиды. Кәсіптік мектептерде (кәсіптік лицейлерде) білім алушылардың 93 %-і және колледждерде білім алушылардың 16 %-і бюджеттік негізде оқиды. 257161 адам (білім алушылардың жалпы санының 46 %-і) мемлекеттік тілде оқиды.
Техникалық және кәсіптік білім берумен қамтылу республика бойынша орта есеппен кәсіптік мектептерде (кәсіптік лицейлерде) - 5,8 %-ті және колледждерде - 14,7 %-ті құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында негізгі орта білім беру базасында 325997 адам (білім алушылардың жалпы контингентінің 58 %-і) білім алады. Жалпы орта білімнің төмен сапасы, кәсіптік білім беретін білім бағдарламаларының айқын сабақтастығының және бірыңғай ұлттық біліктілік құрылымының болмауы жағдайында 18-19 жаста белгілі бір санаулы бағыттағы кәсіпті иемдену болашақта түлектің кәсіптік дағдыларының даму мүмкіндігінің шектеліп қалу қатерін туғызады.
Жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары кәсіптік білім алуда шешім қабылдаған кезде кәсіптік бейімділігі мен ынтасы емес, үлгерім деңгейі зор ықпал етеді. Осылайша, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының төмен мәртебесі алдын ала айқындалады. Білім беру жүйесінде білім берудің деңгейлері бойынша да (халықтың 10 мың адамына шаққанда білім алушылардың саны: кәсіптік лицейлерде - 66 адам, колледждерде -162 адам, жоғары оқу орындарында - 439), кәсіптер бойынша да (әрбір төртінші адам ғана техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша білім алады, бұл экономиканың ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз екендігі анық) кадрларды кәсіптік даярлауда тепе-теңсіздік орын алып отыр.
Білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің мазмұнын талдау базалық және кәсіптік құзіреттерді бағалауға талаптардың жоқтығын, теориялық даярлықтың және ескірген деректердің басым екендігін, икемділік пен сабақтастықтың жеткіліксіз деңгейін, фактілердің ахуалдық талдауға зиян келетіндей басым екенін көрсетеді. Білім беру бағдарламаларының мазмұны еңбек нарығындағы өзгерістерді көрсететін жұмыс берушілердің талаптарына да, білім мен машықтың кең базасымен нығайтылған, талап етілген дағдыларды алуға ынта білдіретін білім алушылардың талаптарына да жауап бермейді.
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын қатаң регламенттеу оқу орындары мен оқытушылардың еңбек нарығындағы өзгерістерге жедел ден қою мүмкіндіктерін шектейді.
Оқу бағдарламаларының теорияланған, дерексізденген мазмұны, ескірген оқыту технологиялары құзыретті дағдыларды, дербестікті, эвристикалық қасиеттерді дамытуды ынталандырмайтын механикалық есте сақтауға негізделген білімді меңгерудің тек қана ұдайы өндіру деңгейін қамтамасыз етеді.
Колледждер мен кәсіптік лицейлерде оқу процесінің сапасын арттыруға оқу-әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, қазіргі заманғы оқу әдебиетінің, әсіресе арнайы пәндер бойынша мемлекеттік тілдегі әдебиеттің тапшылығы едәуір кедергі болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік қамтамасыз етумен, білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды және оқыту технологияларын әзірлеуді ұйымдастырумен мақсатты бағытта айналысатын мекемелер жоқ.
Педагог кадрлардың құрылымы мен құрамы да оқытушылар мен біліктілігі жоғары өндірістік оқыту шеберлерінің тапшылығына алып келген елеулі өзгерістерге ұшырады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 41,0 мың педагог қызметкер, оның ішінде колледждерде - 29,2 мың адам, кәсіптік мектептерде (лицейлерде) - 11,8 мың адам жұмыс істейді.
Оқу орындарында кадр құрамы қартаюының тұрақты үрдісі, неғұрлым білікті және перспективалы оқытушылардың кәсіпорындарға кетуі сақталуда. Жалақының төмен деңгейі мен техникалық білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері үшін жеткіліксіз әлеуметтік пакеті салдарынан жас мамандардың келуі баяулады. Тәжірибе өткізетін нұсқаушыларды тарта отырып, өндірісте тағылымдамадан өткізу және Арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру жүйесі жоқ. Педагог қызметкерлер жұмысының оң тәжірибесін қорыту мен таратуға арналған жүйелі тәсіл жоқ.
Оқу орындарында білім беру қызметтерінің тапсырыс берушілері мен клиенттері арасында тұрақты байланыстар жетіспейді. Оқу орындары мен кәсіпорындардың өзін-өзі тұйық ұстау стилі, ынтымақтастықты дамытудың табысты стратегияларының, оқу орындарының консалтингтік қызметтер көрсету практикасының жеткіліксіздігі орын алуда. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі еңбек және жұмыс берушілер нарығының қажеттілігіне емес, оқытушылар мен оқу-материалдық базаның ағымдағы мүмкіндіктеріне бағдарланған. Нәтижесінде кадрлар даярлау өндірістің нақты сұрау салуларынан қол үзіп жүзеге асырылады. Әлеуметтік әріптестікті дамыту жолында ынтымақтастықты дамытуға тұрақты негізде ынталандыруға және жәрдемдесуге тиіс институционалдық, жергілікті деңгейлерде қосалқы құрылымдардың жоқтығы кедергі болып табылады. Жағдай әріптестікті моральдық және материалдық ынталандырудың нормативтік құқықтық негіздерінің жеткіліксіздігімен қиындайды.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын басқару құрылымы мен процестерін талдау олардың - негізгі параметрлерінің үйлестірілмеген және нәтижесіз екендігін анықтайды. Шешімдер қабылдауда, 11 ресурстарды тарту мен пайдалануда республикалық және жергілікті басқару деңгейлері арасындағы жауапкершілікті айқын бөлу жоқ. Басқарудың қазіргі тетігі тұтынушыларға бағдарланбаған. Республикалық, жергілікті деңгейлерде басқару құрылымдарының ведомстволар мен ірі компаниялардың тиісті бөлімшелерімен тиімді байланыстары жоқ. Қолданыстағы басқару практикасы кадрлар даярлауда сұраныс пен қажеттілікке нақты әрі дәл баға беруге мүмкіндік бермейді. Адами ресурстарды дамыту жөніндегі жеке бастамалар мен жобалар бар, бірақ оларды іске асыруда жүйелі үйлестіру жоқ. Жинақталған оң тәжірибе оқу орны немесе саласы деңгейінде шектеулі түрде пайдаланылады және ұлттық деңгейде қолданылмайды, өйткені салааралық институционалдық өзара қарым-қатынастар тетігі жоқ.
Қаржыландырудың төмен көлемі, жоспарлаудың техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының жетілдірілмеген тетігі, персоналды кәсіптік оқытудағы міндетті бизнес жөніндегі нормативтік құқықтық базаның жоқтығы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту проблемаларының басты себептерінің бірі болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру білім берудің басқа деңгейлеріне қарағанда едәуір нашар қаржыландырылуда. Техникалық және кәсіптік білім беруде бір білім алушыға жұмсалатын шығыстар (орта есеппен 20 %-тен аз) халықтың жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімнен (ЖІӨ) жоғары оқу орнындағы бір білім алушыға жұмсалатын шығыстармен (50 %-тен жоғары) салыстырғанда халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ-нен едәуір төмен.
Кәсіптік лицейлер жергілікті атқарушы органдардың қарамағында бола тұра, жалпы білім беретін мектептерге қарағанда едәуір нашар қаржыландырылады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын колледждерге бір білім алушыны ұстауға жылына (2007 жылы - орта есеппен 113 488 теңге) республикалық бюджеттегі колледждермен салыстырғанда (2007 жылы - орта есеппен 252,6 мың теңге) екі есе аз қаражат бөлінеді.
Техникалық және кәсіптік білім беруге бөлінетін қаражат табыс деңгейі орташа басқа елдерде бөлінетіннен едәуір төмен. Техникалық және кәсіптік білім беруді қаржыландыру деңгейі 2006 жылы ЖІӨ-нің 0,2 %-ін құрады. Чех Республикасымен салыстыру үшін 2003 - 2004 жылдардың өзінде техникалық және кәсіптік білім беруге ЖІӨ-нің 0,97 %-ін, Польшада - ЖІӨ-нің 0,56 %-ін, Словакияда - ЖІӨ-нің 0,58 %-ін жұмсады.
Бюджетті қалыптастыру процесі механикаланған және бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын, оқу орындарының қажеттіліктерін ескере отырып қаржыландыру орнына алдыңғы кезеңнің нақты шығыстарына негізделген, "бақылау" цифрларын белгілеу орын алған. Бюджет негізінен ағымдағы шығындарды жабады. Жүйені дамыту үшін, әсіресе адами ресурстарды дамыту, инфрақұрылымды дамыту үшін қаражат аз бөлінеді, педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға шығыстар көзделмейді.
Оқу орындарын дамытуға бағытталған орта мектептерді компьютерлендіру және интерактивті технологиялармен жарақтандыру бағдарламалары сияқты бюджеттік бағдарламалар кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерге қолданылмайды.
Қаржыландырудың қолданыстағы жүйесі кәсіптік мектептерге (лицейлерге) бастамашылықтар мен инновациялар үшін жағдайды қамтамасыз етпейді, өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатында қаржыны пайдалануда жеткілікті икемділік ұсынбайды. Ақылы қызметтер көрсетуден түсетін қаражат оқу орындарын дамыту үшін пайдаланыла алмайды.
Қолданыстағы нормативтік құқықтық талаптар оқу орындарына қаржылық, демеушілік көмек көрсетуге жеке меншік секторы үшін ынтаны шектеп отыр.
Тұтастай алғанда, қаржыландырудың қолданыстағы жүйесі нәтижеге бағдарланбаған және оны өңірлердің, жергілікті және орталық атқарушы органдардың қарсы тұруы, бір-бірінің арқасына ауыртпалықты итере салуға қарсы күрес ретінде бағалауға болады.
Бюджеттік қаржыландырудың барабар болмауы, білім берудің басқа деңгейлерімен салыстырғанда техникалық және кәсіптік білім беруді қаржыландыруда айқын тепе-теңсіздіктің болуы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары ұсынатын білім беру қызметтері сапасының жеткіліксіз деңгейін негіздейді.
Кәсіптік мектептерде білім алушыларды әлеуметтік қолдау төмен деңгейде (жергілікті бюджттердің есебінен кәсіптік мектептердің білім алушыларын тамақтандыруды ұйымдастыруға бөлінетін қаражат орта есеппен күнінен 101 теңгені немесе айына 3030 теңгені құрайды).
Материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базаның ауыр жай-күйі, педагог кадрлардың жеткіліксіз кәсіптік құзыреттілігі деңгейі қаржыландырудың жетіспеуі салдары болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымын талдау, ең алдымен, кәсіптік мектептер (лицейлер) желісін қысқарту жағына (бүгінгі таңда кәсіптік мектептер саны 1991 жылғы кәсіптік мектептер санынан 71 %-ін ғана құрайды) дағдарысты өзгерістерді анықтап отыр. Бұл ретте техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждер саны едәуір қысқарды (1991 - 2000 жылдары осындай оқу орындары санының азаюы, тиісінше, 59 % және 28 %-ті құрады).
Республикада 830 оқу орны, оның ішінде 320 кәсіптік мектеп (оның 289-ы - мемлекеттік және 31-1 - жеке меншік), 510 колледж (оның 201-і мемлекеттік, 309-ы жеке меншік) және шамамен 1,5 мың әр түрлі оқу курстары, орталықтар (600 мың адам оқитын оқыту мерзімі - 1-ден 6 айға дейін) жұмыс істейді. Осы оқу орталықтарды, курстар, өндірісішілік, фирмаішілік оқытудың әр түрлі нысандары негізінен ұйымдаспаған түрде әрекет етеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру желісі
Қағаз мәтінінен қараңыз!
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының
оқушылар контингенті
Қағаз мәтінінен қараңыз!
Соңғы жылдары жатақханалар едәуір қысқарды немесе толығымен жабылды, бұл ауыл жастарын қалада және аудан орталықтарында оқу мүмкіндігінен айырды.
90-жылдардың соңына қарай кәсіптік мектептерде оқитындар контингенті 2,5 есеге, колледждерде - 2 есеге азайды, ауылдық кәсіптік мектептерде оқитындар контингенті күрт азайды. Нәтижесінде республиканың бірқатар аудандарында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары жекешелендірілді немесе жабылып қалды.
Республика бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының аумақтық орналасуы едәуір өңірлік айырмашылыққа ие. Егер республика бойынша тиісті жастағы халықтың 10,0 мың адамына орта есеппен 1,6 кәсіптік мектептен келетін болса, онда бұл көрсеткіш өңірлер бойынша 0,9 дан 3,1-ге дейін түрленеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі сапалы өзгерістер үшін алуан түрлі оқу орындарын да (кәсіптік лицейлер, колледждер, жоғары техникалық мектептер), өңіраралық, салааралық орталықтарды, курстарды, өндірісішілік оқытуды да қамтитын тармақталған инфрақұрылым қажет.
Соңғы он жылдықта технологиялардың артта қалуын жөндеу негізгі факторлардың бірі болып табылатын техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық-техникалық базасында неғұрлым сындарлы өзгерістер болды.
Іс жүзінде барлық оқу орындары істен шыққан, моральдық және табиғи ескірген жабдықтарды пайдалана отырып жұмыс істейді. Бұл ретте ескірген, істен шыққан жабдықтармен қамтамасыз етілу орта есеппен 54 %-ті құрайды.
Қазіргі уақытта кәсіптік мектептердің 122 ғимараты (45 %), ағымдағы - 115 (42,1 %) ғимарат күрделі жөндеуге жатады, 153 кәсіптік цикл, 146 - жалпы білім беретін цикл кабинеттерін, 108 оқу зертханаларын, 78 оқу шеберханаларын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру қажет.
Ауылдық оқу орындарында жердің болмауынан өндірістік практика өткізу және дағдылар мен машықтарды үйрену үшін жағдай жоқ, бұл аграрлық сектор үшін жұмысшы кадрлары мен мамандарды даярлау сапасында көрініс табуда. Арнайы пәндер бойынша зертханалық сабақтар өткізу үшін жағдай жоқ, қажетті жабдықтар жоқ, соның салдарынан оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптары толық көлемде орындалмауда. Көрнекі құралдарды басып шығару тоқтап қалды, металл өңдейтін, ағаш өңдейтін станоктар, сызу құралдары және басқа материалдар сатып алынбайды.
Техникалық бейінді жеке меншік колледждерде техникалық мамандықтар бойынша мамандар даярлау үшін материалдық-техникалық база өте әлсіз немесе мүлдем жоқ.
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың әлемдік үрдістерін талдау Қазақстан Республикасының жағдайына бейімделуі мүмкін техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын даярлаудың мынадай оң тәжірибесін айта кетуге мүмкіндік береді:
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі ЮНЕСКО-ның назарында тұр, Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясымен онжылдықтың даму мақсаттарына жатқызылды және барлық дамыған елдерде басым секторлардың бірі болып табылады;
неғұрлым дамыған елдерді біліктілік талаптары бойынша айқын құрылымдалған еңбек нарығы, жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау жүйесін дамытуға тұрақты түрде қаражат салуға ынталандыру бөліп көрсетеді (Германия, Норвегия, Финляндия);
түлектер біліктілігінің еңбек нарығына сәйкестігіне білім беру бағдарламаларының икемділігі, модульділігі, бір уақытта бірнеше біліктілік беру (Британияның техникалық орта мектептерінде негізгі бағдарлама бойынша үш түрлі біліктілік бере отырып, әр түрлі үш емтихан кеңестерінен дипломдар алуға болады), олардың мазмұнының бәсекелі құзыретке бағдарлануы, бүкіл еңбек ету өмірі ішінде біліктілікті арттыру, практикалық дағдылары мен құзыретін қалыптастыратын белсенді және интерактивті оқыту технологияларын пайдалану есебінен қол жеткізіледі;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында түлектерінің көпшілігіне бітіргеннен кейін кәсіптік қызметті бастауға мүмкіндік беретін жалпы білім беретін, сонымен бірге кәсіптік даярлауды (практикалық сабақтардың басым болуымен) жүзеге асыру (Британияда - техникалық орта мектептер, АҚШ-та - жергілікті колледждер, Францияда - лицейлер, Финляндияда - кәсіптік мектептер және т.б.);
білім беру сатылары мен деңгейлерінің сабақтастығы (АҚШ-та, Ұлыбританияда колледждердің білім беру бағдарламалары университеттегі алғашқы екі жылда оқытумен теңеседі және диплом университеттің үшінші курсына оқуға түсуге мүмкіндік береді, Францияда кәсіптік лицейлер бағдарламалары университеттер бағдарламаларының сатысы болып табылады);
оқыту сапасы бағалау мен аккредиттеудің тәуелсіз институционалдық тетіктерін қалыптастыру (мысалы, Венгрияда Кәсіптік біліктіліктер ұлттық тіркелімі, Бағалау мен сертификаттау ұлттық орталығы, Словенияда - Кәсіптік білім беру жөніндегі ұлттық орталық, Эстонияда - Ересектерге кәсіптік білім беру жөніндегі ұлттық кеңес);
кәсіптік білім беру мен оқытудың тегін болуы (Германия, Франция, Финляндия), техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлауды басым қаржыландыру, өйткені техникалық және кәсіптік білім беруге жұмсалған шығындар басқа білім беру деңгейлерімен салыстырғанда едәуір зор әлеуметтік және экономикалық әсер береді (мысалы, Австрияда бір білім алушыға жұмсалатын шығыстар 9 584 АҚШ долларын, Израильде - 7 762 АҚШ долларын, Нидерландта - 7 622 АҚШ долларын құрайды);
инфрақұрылымның дамығандығы (Францияда шамамен 7 мың техникалық лицей, 2600 лицей), өндірісішілік, фирмаішілік оқытумен айналысатын орталықтардың көптігі (АҚШ пен Жапонияда жекелеген кәсіптік мектептер, колледждер кадрларды тек теориялық даярлауды жүзеге асырады, ал өндірістік оқыту мен біліктілігін арттыру кәсіпорындарда жүргізіледі);
техникалық және қызмет көрсету жұмысшы кадрларын, мамандарын даярлаудың жоғары білімді мамандарды даярлаудан басым болуы (АҚШ-тың, Жапонияның, Еуропалық Одақ елдерінің жұмыспен қамтылған халқының құрылымында лицейлер мен колледждерді бітірген мамандар 60 %-ке дейін құрайды);
кәсіптік білім туралы арнайы заңдар қабылдау (кәсіптік білім туралы заңдар Германия, Франция, Польша, Финляндия, Нидерланды, Венгрия, Словения, Украина, Белоруссия, Молдова сияқты елдерде қабылданған).
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін 16 жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта құрылымдау және қайта ұйымдастыру.
Бұл ретте техникалық және кәсіптік білім беруді жүйелі дамытудың негізгі басымдықтары мыналар болып табылады:
1. Елдің әлеуметтік-экономикалық серпініне қол жеткізуде негізгі стратегиялық міндеттердің бірі ретінде ұлттық кадрларды даярлау жүйесін дамытуды анықтау.
2. Адами ресурстарды дамытуға, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделін арттыруға бизнес-құрылымдардың, жұмыс берушілердің қабылдаушылығын жан-жақты ынталандыру.
3. Техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлаудың жоғары сапасын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау.
Қойылған мақсатты іске асырудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) техникалық және кәсіптік білім беру құрылымы мен мазмұнын реформалау жолымен техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларының сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
2) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауды басқару мен қаржыландыру жолымен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігі мен жауапкершілігін арттыру;
3) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын дамыту жолымен білім беру бағдарламаларын іске асыру шарттарын жақсарту.
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жетекші қағидаттары: білім беру бағдарламаларының икемділігі, модульділігі, білім беру сатыларының үздіксіздігі, сабақтастығы, оқыту технологияларының белсенділігі, басқарудың салааралық сипаты, нәтижеге бағдарланушылық.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
Өсіп отырған жаһандану жағдайында ел дағдылары мен құзыреттердің кең спектрі бар техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларының жаңа ұрпағына мұқтаж. Егер жұмыспен қамтылу бұрынғы экономикалық жүйе жағдайында көбінесе дағдылардың шектелген санын иемденуге немесе бір кәсіптік білімі туралы диплом алуға байланысты болса, кәсіптік жай-күйінің болуы қазіргі экономика жағдайында одан әрі оқыту мен құзыреттің кеңдігіне байланысты. Техникалық және кәсіптік білім берудің жетілдірілген жүйесі әлемдік үздік практиканы ескере отырып, жастарға мансаптық өсу мен білім алуды жалғастыруға мүмкіндік беруге тиіс. Осы міндетті орындау үшін техникалық және кәсіптік білім беру құрылымы мен мазмұнын реформалау, басқару және қаржыландыру жүйелерін жетілдіру қажет.
5.1. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау сапасы мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын реформалау
Техникалық және кәсіптік білім беру құрылымы мен мазмұны мынадай бағыттар бойынша жетілдірілетін болады.
1. Жалпы орта және техникалық және кәсіптік білім беретін білім беру бағдарламаларының мазмұнын мыналар:
бірыңғай білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі мамандардың біліктілігін арттыру;
жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен бейімдеу;
білім алушылардың бойында құзыретті, білімге өздігінен ізденуге қажеттілікті қалыптастыруға ықпал ететін оқытудың белсенді, интерактивті, кредиттік технологияларын енгізу;
жаңалықтар мен оң тәжірибені таратудың коммуникациялық стратегиясын әзірлеу арқылы интеграцияландыру.
2. Шағын мамандандырылған техникалық және кәсіптік білім беретін білім беру бағдарламаларының орнына:
техникалық және кәсіптік білім берудің қазіргі мамандықтары мен кәсіптерінің сапасы мен қажеттілігін талдау;
мамандықтар мен кәсіптерді ірі кластерлерге біріктіру;
жұмыс берушілер қауымдастықтарымен тығыз өзара іс-қимылда мамандықтар мен кәсіптер тізбесін; шетелдік сарапшыларды тарта отырып, техникалық және кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын; интеграцияланған (модульді), оның ішінде бакалавриат бағдарламаларына баламалы білім беру бағдарламаларын; үлгі оқу бағдарламаларын; оқу әдебиетін, оқу құралдарын және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу;
жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу үшін педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
шетелдік ағылшын тілі оқытушыларын шақыру, техникалық және кәсіптік білім беретін жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен оқытушыларды тарту мәселелерін пысықтау;
мемлекеттік тапсырыс есебінен жоғары оқу орындарында техникалық бағыттар бойынша мамандар даярлауды қамтамасыз ету;
техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жүйесінің әлеуетін арттыру жолымен кең бейінділерін әзірлеу және енгізу.
3. Білім беру бағдарламаларының интеграциялануын қамтамасыз ету үшін:
мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда ұлттық біліктілік жүйесін құруға жауапты ұйымды анықтау;
еңбек нарығы талаптарына сәйкес құзыретін бағдалау негізінде берілетін біліктіліктер жүйесін құру;
ұлттық біліктілік жүйесін кең жұртшылыққа таныстыру;
әр түрлі бейіндер мен мамандықтар үшін халықаралық стандарттар жөніндегі сертификаттау саласындағы сарапшыларды, әлемдік көшбасшыларды тарта отырып, түлектердің дағдылары мен біліктіліктерін сертификаттау, бағалау, растау жүйесін жаңғырту;
халықаралық практикаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жүйесін енгізу жолымен бірыңғай ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру.
4. Мыналар:
білім беру ұйымдарында кәсіптік мансаптық басшылық жасау жөніндегі құрылымдарды дамыту;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға мансаптық басшылық жасау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру үшін мамандарды даярлау арқылы білім алушыларға мансаптық басшылық жасау жүйесін енгізу.
5.2. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігі мен есеп беруін арттыру үшін техникалық және кәсіптік білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйелерін жетілдіру
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігі мен есептілігін арттыру үшін мынадай іс-шаралар өткізілетін болады:
1) мыналардың:
стратегиялық жоспарлауды, сапа менеджменті жүйесін енгізу;
оқу орындары түлектерінің біліктіліктеріне еңбек нарығы талаптары мониторингін және білім беру қызметтерінің сапасын бағалауды жүргізу;
педагог қызметкерлерге, өндірістік оқыту шеберлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру;
арнайы бағдарламаларды енгізу жолымен басқарушы кадрлардың біліктілігін арттыру;
оқу орындары жұмысының оң тәжірибесін тұрақты тарату жөніндегі жүйені енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде инновацияларды көтермелеу есебінен нәтижеге бағдарланған басқарудың жаңа тетіктерін енгізу;
2) мыналардың:
жұмыс берушілердің, оқу орындарының белсенді қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі ұлттық және салалық кеңестерді құру;
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде шешімдер қабылдауда бизнес-құрылымдардың қатысу тетіктерін жетілдіру;
ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеуде салалық кеңестердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету әрі техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары мен кәсіптерін кластерлендіру;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында педагогикалық қызметке кәсіпорындардың біліктілігі жоғары мамандарын тарту;
техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуды қолдау қорын құру туралы мәселені пысықтау жолымен техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлауда әлеуметтік әріптестікті дамыту;
3) экономикалық шарттарды ескере отырып, мыналар:
оқыту бағдарламаларына сұранысты ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары желісін бағалауды жүргізу;
жергілікті еңбек нарықтарының қажеттіліктеріне тиімділік пен қабылдаушылықты арттыру үшін оқу орындарын біріктіру арқылы жергілікті деңгейде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары желісін оңтайландыру;
4) мыналарды:
бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың құнын анықтай отырып, нәтижеге бағдарланған мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қаржыландыру жүйесін енгізу;
білім алушылар конитингентінің қозғалысы мониторингі және нәтижелерге қол жеткізу үшін ақпараттық жүйені әзірлеу мен енгізу;
техникалық және кәсіптік білім беруді қаржыландырудың жаңа жүйесін енгізу үшін персоналдың біліктілігін арттыру жолымен техникалық және кәсіптік білім беруді қаржыландыру;
5) кәсіптік лицейлердің білім алушыларын әлеуметтік қорғау жөнінде ұсыныстар енгізу.
5.3. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын дамыту
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасы мыналардың есебінен дамытылатын болады:
1) мынадай негізгі бағыттар бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын енгізетін оқу орындарын қолдаудың конкурстық тетігін құру (ақпараттың, ұсыныстарды жинау мен бағалаудың, ресурстарды бөлудің жариялылығын қамтамасыз ете отырып):
кейбір оқу орындарын жоғары сапалы бейінді оқыту мен кәсіптік оқыту мамандықтарының шектелген тізбесі бар "үлгілілер" етіп біртіндеп қайта құру;
мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті кеңейту арқылы қазіргі заманғы басқару әдістері, персоналды жалдаудың және жергілікті еңбек нарығының, жұмыс берушілердің және жекелеген азаматтардың қажеттіліктеріне жылдам ден қоюдың неғұрлым икемді мүмкіндіктері бар жаңа оқу орындарын дамыту;
оқытуға сұраныстың өзгеруіне жұмыс берушілердің де, жекелеген азаматтардың да жылдам ден қоюын қамтамасыз ететін кәсіптік білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеуді ынталандыру;
2) кәсіптік лицейлер мен колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларын қазіргі заманғы өндірістік және технологиялық жабдықтармен жаңарту және қайта жарақтандыру;
3) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын күрделі жөндеуді жүргізу;
4) Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өңіраралық кәсіптік орталықтар құру;
5) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында жатақханалар салу;
6) үздік оқу орындары базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары техникалық мектептер құру.
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Бюджет қаражаты, әр түрлі мүдделі тараптардың үлестік қатысуымен тікелей инвестициялар, қорлар мен халықаралық ұйымдардың қаражаты.
Республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат, әр түрлі мүдделі тараптардың үлестік қатысуы бар тікелей инвестициялар, қорлар мен халықаралық ұйымдардың қаражаты.
Бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар: 58178,9 млн. теңгені, оның ішінде: 2008 жылы - 5707,8 млн. теңгені, 2009 жылы - 23486,7 млн. теңгені, 2010 жылы - 28984,4 млн. теңгені құрайды;
республикалық бюджет есебінен: барлығы - 40749,8 млн. теңге, 2008 жылы - 3396,6 млн. теңге, 2009 жылы - 16701,4 млн. теңге, 2010 жылы - 20651,8 млн. теңге;
жергілікті бюджеттер есебінен: барлығы - 17429,1 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 2311,2 млн. теңге, 2009 жылы - 6785,3 млн. теңге, 2010 жылы - 8332,6 млн. теңге.
Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер мен оның индикаторлары
Бағдарламаны іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бірінші кезең (2008 - 2010 жылдар) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқыту бағдарламаларын жаңартуға және институционалды дамытуға бағытталады.
Екінші кезең (2011 - 2012 жылдар) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформалалары мен тұрақты жұмыс істеуін жетілдіру кезеңі болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру мынадай нәтижелерді қамтамасыз етеді:
техникалық және кәсіптік білім беру сапасы артады;
білім алушылардың жалпы білім алу даярлығы күшейтіледі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерде бейінді оқытумен жалпы орта білім берудің бірыңғай оқыту бағдарламалары енгізілетін болады;
техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары еңбек нарығының талаптарына сәйкес болады;
техникалық және кәсіптік білім берудің беделі артады;
білім беру процесінде оқытудың белсенді технологияларын қолдану кеңейеді;
оқытудың кредиттік технологиясы енгізілетін болады, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім бағдарламаларының үйлесімділігі қамтамасыз етіледі;
біліктілік деңгейін арттыруға немесе өндірістен қол үзбей және уақыт шығындамай оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін тиімді ұлттық біліктілік жүйесі құрылатын болады;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектерінің дағдылары мен біліктілігін сертификаттаудың, бағалаудың, растаудың қазіргі заманғы жүйесі енгізілетін болады;
техникалық және кәсіптік білім берудің білім алушылары арасында жыл сайынғы "Кәсіп үздігі", "Техникалық және кәсіптік білім беретін үздік оқу орны" конкурстары өткізілетін болады;
білім алушылар жыл сайын кәсіби шеберліктің халықаралық конкурстарына қатысатын болады;
техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жеке сектор инвестицияларын тарту үшін қажетті тетіктер құрылатын болады;
жүйенің барлық деңгейінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің икемділігі мен тиімділігін, жауапкершілігін қамтамасыз ететін басқарудың жаңа әдістерін енгізу жолымен сапаны басқару тиімділігі артады;
техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдау процесінде, білім беру бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу кезінде жұмыс берушілердің қатысуы артады;
бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың құнын анықтаумен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде нәтижеге бағдарланған қаржыландыру жүйесі енгізілетін болады;
арнайы пәндер бойынша жаңа оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік 22 құралдар әзірлеу, әдістемелік кабинеттердің жұмыс істеуі есебінен білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасы жақсарады;
техникалық және кәсіптік білім берудің тармақты инфрақұрылымы құрылатын, жаңа оқу орындары мен жатақханалар, өңіраралық кәсіптік орталықтар салынатын болады;
жаңа білім беру бағдарламаларын енгізетін оқу орындарының әлеуеті мен ресурстары ғимараттарды күрделі жөндеу, оқу-өндірістік шеберханалар мен зертханаларды қазіргі заманғы оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен жаңарту мен қайта жарақтандыру есебінен артады;
жастар арасында жұмыспен қамтылу нәтижелілігі артады;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері арасында жұмыссыздық деңгейі төмендейді;
білім алуды жалғастыру үшін түлектердің әлеуеті артады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігі мынадай индикаторлармен анықталатын болады:
230 мамандық пен кәсіп бойынша жаңа мемлекеттік жалпы білім беретін білім беру стандарттарын әзірлеу, оның ішінде: 2008 жылы - 72 бірлік, 2009 жылы - 71 бірлік, 2010 жылы - 87 бірлік;
224 жаңа интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оның ішінде: 2008 жылы - 94 бірлік, 2009 жылы - 65 бірлік, 2010 жылы - 65 бірлік;
жаңа білім беру бағдарламаларының арнайы пәндері бойынша 1430 үлгі оқу бағдарламаларын әзірлеу, оның ішінде: 2009 жылы - 720 бірлік, 2010 жылы - 710 бірлік;
жаңа білім беру бағдарламаларының арнайы пәндері бойынша 800 оқулық әзірлеу, оның ішінде: 2009 жылы - 400 оқулық, 2010 жылы - 400 оқулық;
жаңа білім беру бағдарламаларының арнайы пәндері бойынша 800 оқу-әдістемелік құрал әзірлеу, оның ішінде 2009 жылы - 400 оқу-әдістемелік құрал, 2010 жылы - 400 оқу-әдістемелік құрал;
барлық облыстық (қалалық) білім департаменттері жанында әдістемелік кабинеттердің жұмыс істеуі;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуын жалғастыратын мектеп түлектері үлесінің жыл сайын ұлғаюы;
жалпы білім беретін мектептерде және техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын білім алушылар үлгерімінің орташа балдары арасындағы айырмашылықтың жыл сайын азаюы;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жоғары деңгейлі біліктілік алған түлектері үлесінің жыл сайын өсуі: 2008 жылы - 15,0 %-ке дейін, 2009 жылы - 15,5 %-ке дейін, 2010 жылы - 16,5 %-ке дейін;
мансаптық басшылық бойынша мамандардың қызметтерін пайдаланатын білім алушылар санының жыл сайын өсуі;
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алушылардың жалпы санынан техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша білім алушылар үлесінің жыл сайын өсуі;
білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде уақыт шығындамай білім алуын жалғастыратын түлектер үлесінің жыл сайын өсуі;
бюджет қаражаты есебінен білім алушылар контингентінің жыл сайын өсуі: кәсіптік лицейлерде - 25 %-ке, колледждерде - 30 %-ке;
жұмыс берушілердің қаражатынан білім алушылар үлесінің жыл сайын өсуі;
жұмыс берушілердің қаражатынан стипендия алатын білім алушылар үлесінің жыл сайын өсуі;
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен техникалық мамандықтар бойынша жоғары білімді 1000 маманды жыл сайын даярлау;
жастар жұмыссыздығымен салыстырғанда техникалық және кәсіптік білім беру түлектері арасында жұмыссыздық деңгейінің жалпы төмендеуі;
өндірістен қол үзбей өз біліктілігін арттыруға мүмкіндігі бар техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жұмыспен қамтылған түлектері процентінің өсуі;
біліктілікті беру және растау жөніндегі емтихандарға қатысатын жұмыс берушілер санының жыл сайын өсуі;
сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001-2000 талаптарына сәйкес сертификатталған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары санының жыл сайын өсуі;
техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау сапасын басқаруды бақылау бойынша қайта даярлау және оқыту курстарынан өткен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің әкімшілік-басқарушы қызметкерлері процентінің жыл сайын өсуі;
экономиканың әрбір секторында салалық кеңестердің құрылуы;
943,04 млн. теңге сомасына оқу орындарын күрделі жөндеудің жүргізілуі, оның ішінде: 2008 жылы - 2 311,18 млн. теңге, 2009 жылы - 1 700,77 млн. теңге, 2010 жылы - 1 931,09 млн. теңге;
қазіргі заманғы оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған кәсіптік лицейлер мен колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханалары санының жыл сайын өсуі, оның ішінде: 2009 жылы - 94 бірлік; 2010 жылы - 95 бірлік;
өңірлер бойынша тиісті жастағы халық үлесіне келетін оқу орындарының қажетті санын қамтамасыз ету;
жаңа оқу бағдарламаларын енгізетін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары санының өсуі;
Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өңіраралық кәсіптік орталықтар құру;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жатақханалары санының өсуі.
Тұтастай алғанда, көрсетілген шаралар Қазақстанда жастардың еңбек ету қабілеттілігін арттыру мен адами ресурстарды дамыту үшін құзыреті кең және берілетін іргелі білімдері бар бәсекеге қабілетті кадрларды дайындайтын техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін құруға ықпал ететін болады.