Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.07 № 520 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 50, 610-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Кедендік тарифінде және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасында:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес уақытша негізде қолданылатын әкелінетін кедендік баждарының ставкаларында:
"Уақытша кеден бажының әрекет ету мерзімі" деген бағанда бүкіл мәтін бойынша "2008 жылғы 1 маусымға дейін қолданылады" деген сөздер "2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу женіндегі шаралар туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов