Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 549 Қаулысы

      Ескерту. 1-тармағын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 43, 540-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде "басқармасы" деген сөз "департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 9 маусымдағы 
N 549 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қайта аталған аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті болып.
      2. Көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті болып.
      3. Көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті болып.
      4. Көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті болып.
      5. Көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті болып.
      6. Көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті болып.
      7. Көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті болып.
      8. Көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті болып.
      9. Көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті болып.
      10. Көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті болып.
      11. Көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті болып.
      12. Көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті болып.
      13. Көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті болып.
      14. Көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті болып.
      15. Көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті болып.
      16. Көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті болып.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады