Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1311 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 552 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1796 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтізбелік жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қолданушылар назарына!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2) "Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 608-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген.
      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Қоршаған ортаны қорғау органдарының қорытындысы:
      1) тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану, газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану;
      2) минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін талап етіледі.
      Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қорытындысы:
      1) мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану;
      2) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см 2 жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 о С асатын қазандықтарды, 0,7 кг/см 2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды дайындау, монтаждау, жөндеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін талап етіледі.
      Өнеркәсіп қауіпсіздігі органдарының қорытындысы:
      1) тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану;
      2) минералдық шикізатты қайта өңдеу;
      3) үй ішіндегі газ желілеріне, газ аспаптары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету мен оларды күтіп ұстауды пайдалануды қоспағанда, тұрғын және коммуналдық-тұрмыстық объектілерге газ орнату жүйелерін пайдалану;
      4) химиялық бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см 2 жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 о С асатын қазандықтарды, 0,7 кг/см 2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды дайындау, монтаждау, жөндеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін талап етіледі.
      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының қорытындысы:
      1) электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен кіші станцияларды пайдалану;
      2) энергетикалық жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды жөндеу;
      3) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін талап етіледі";

      15-тармақтың екінші абзацындағы "осы Ережеге қосымшаға" деген сөздер "осы Ережеге 3-қосымшаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес осы Ережеге 1 және қосымшалармен толықтырылсын;

      Ережеге қосымшадағы оң жақ жоғары бұрыштағы "қосымша" деген сөздің алдынан "3-" деген санмен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарында:

      6-тармақта:
      "(дизель) отынын" деген сөздер өзгеріссіз қалдырылсын;
      1) тармақша алынып тасталсын;

      7-тармақтың 8) тармақшасындағы "экологиялық қауіпсіздік" деген сөздерден кейін ", халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) тиісті білім деңгейіне жауап беретін, мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту мен инструктаждан, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өткен техникалық басшылар мен мамандар біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте)";

      11.1-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) тиісті білім деңгейіне жауап беретін, мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар немесе техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білуі бойынша біліктілік тексеруден өткен техникалық басшылар мен мамандар біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте)";
      5) тармақшадағы "және экологиялық" деген сөздер алынып тасталсын;

      11.2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар немесе техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білуі бойынша біліктілік тексеруден өткен техникалық басшылар мен мамандар біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте)";

      өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына 2-қосымша алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 18 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының жиырма жетінші абзацын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 9 маусымдағы
N 552 қаулысына  
1-қосымша  

Өнеркәсіп саласындағы 
жекелеген қызмет түрлерін
лицензиялау ережесіне 
1-қосымша    

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Тау-кен, мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық):
      1) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіруді жобалау;
      2) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларын және технологиялық регламенттерін жасау;
      3) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;
      4) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру;
      5) ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу;
      6) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру;
      7) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу;
      8) кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстары;
      9) кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу;
      10) мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
      11) мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
      12) мұнай, газ ұңғымаларын, соның ішінде теңізде және ішкі су айдындарында бұрғылау;
      13) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішін орнату;
      14) ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау;
      15) ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
      16) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;
      17) құрлықта және теңізде мұнайдың төгілуін, ұңғымалардың өздігінен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар; ұңғымаларды консервациялау;
      18) мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану:
      органикалық және органикалық емес химия, каучук, шина, резеңке-техника өнеркәсібінің өнімдерін, техникалық көміртегін, химиялық талшықтарды, полимерлік материалдарды және пластмассаларды;
      құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу;
      басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химиялық, химиялық өндіріс саласындағы жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы;
      19) мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық):
      мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерін;
      октандық санды арттыру мақсатында компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және компоненттер енгізу бойынша;
      белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша;
      дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша;
      мұнай майларына телімдер енгізу бойынша.
      2. Минералдық шикізатты қайта өңдеу (кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда):
      1) пайдалы қазбаларды бөлудің физикалық тәсілі;
      2) пайдалы қазбаларды бөлудің физика-химиялық тәсілі;
      3) пайдалы қазбаларды бөлудің химиялық тәсілі;
      4) пайдалы қазбаларды бөлудің металлургиялық (пирометаллургия, күйдіру, гидрометаллургия, қыздыру) тәсілі;
      5) құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтарын өңдеу.
      3. Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см 2 және жылу жеткізу температурасы - 115 о С қазандықтарды, 0,7 кг/см 2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда):
      1) жобалау (жабдық әзірлеу үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу);
      2) жасау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтерді, түйіндерді, бөлшектерді, бөліктерді, блоктарды, қосалқы құрылғыларды);
      3) монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықтарды, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйіндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндірісті, объектіні пайдалану кезеңінде жинау, жөндеу және орнату);
      4) жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйінің диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, элементтерді ауыстыру, бұзылған жерлерді жөндеу, жою).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 9 маусымдағы
N 552 қаулысына 
2-қосымша 

Өнеркәсіп саласындағы 
жекелеген қызмет түрлерін
лицензиялау ережесіне 
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен кіші электр станцияларды пайдалану:
      1) электр энергиясын 35 кВ (киловольт) және одан жоғары кернеумен электр энергиясының көздерінен өндіру;
      2) электр энергиясын тұтынушыға беру және тарату;
      3) электр станцияларын, электр желілерін және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы энергиямен жабдықтау объектілері мен бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын электр жабдықтау объектілерін қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын кіші станциялардың барлық түрлерін (трансформаторлық кіші станцияларды, бөлу құрылғыларын, релелік қорғауды және автоматиканы) пайдалану;
      4) өз қажеттілігі үшін жылу энергиясын өндіруді қоспағанда, елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын өндіру;
      5) елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын беру және тарату жөнінде қызметтер көрсету.
      2. Мұнай-газ өңдейтін өндірістерді пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтайтын объектілерді, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдерінің құбырларын пайдалану:
      1) мұнай-газ өңдейтін өндірістерді пайдалану:
      мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерін;
      октан санын арттыру мақсатымен компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша;
      діттелген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша;
      дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша;
      мұнай майына телімдер енгізу бойынша;
      2) газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай-, газ сақтау, мұнай-, газ-, ағызу-құю эстакадаларын, мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын, газ толтыру станциялары мен пункттерін, автоцистерналарды, автогаз құю станцияларын, автогаз толтыру станцияларын, баллон жинау аралық пункттерін) пайдалану: тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сұйытылған және жанғыш газдарды (бірыңғай технологиялық процесті қамтамасыз ететін объектілерді қоспағанда) қабылдау, ағызу, құю, сақтау, босату;
      3) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану;
      4) магистральдық газ-мұнай өнімдері құбырларының жабдықтарын, сорғы-сығымдаушы станцияларының қондырғыларын, резервуарлық парктері мен желілік бөлігін, сондай-ақ жерасты газ сақтау технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану;
      5) магистральдық құбырларға, негізгі және қосалқы жабдыққа техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу (дәнекерленген жіктердің, қосылыстар мен бекітпелердің профилактикасы, оларды тексеру, техникалық жай-күйін бақылау, оның диагностикасы);
      6) магистралдық құбыр жолдарының сорғы-сығымдаушы станциялары жабдықтарының және желілік бөліктерінің, оның ішінде су асты өткелдерінің диагностикасы;
      7) электр химиялық қорғау құралдарына тоттануға техникалық қызмет көрсету.
      3. Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерін газдандыру жүйелерін пайдалану:
      1) сыртқы газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау (газ тарату пункттері, газ тарату қондырғылары, жоғары, орташа және төмен қысымды газ тарату желілері);
      2) үй ішіндегі газ желілерін, газ құралдары мен жабдығын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау.
      4. Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады