Шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенін салу үшін жер учаскесін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы N 560 Қаулысы

      2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Елді мекендердің жері санатынан жалпы алаңы 8,75 га жер учаскесі шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенін салу үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) берілсін.

      2. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін кәсіпорынға бөліп беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қаржы министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады