Жек дуадақ жұмыртқасын жинау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 571 Қаулысы

      Оңтүстік Қазақстан облысында жек дуадақтың өсімталдық қабілеті жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2008 жылғы 20 мамыр - 20 маусым кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы шаруашылық қызметтің реттелетін режиміндегі республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағында ғылыми мақсатта 100 дана мөлшерде жек дуадақ жұмыртқасын жинауға рұқсат етілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:

      1) белгіленген тәртіппен "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - "Охотзоопром" ӨБ") осы қаулының 1-тармағында көрсетілген аумақта 100 дана мөлшерде жек дуадақ жұмыртқасын жинауға рұқсат берсін;

      2) балапандарды Қазақстан Республикасынан алып кету кезінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция рәсімінің сақталуын қамтамасыз етсін;

      3) жек дуадақ жұмыртқасы жиналатын орындарда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. "Охотзоопром" ӨБ Біріккен Араб Әмірліктері Экология жөніндегі агенттігінің қаржы қаражатына 100 дана мөлшерде жек дуадақ жұмыртқасын жинауды және шығарылған балапандарды кейіннен белгіленген тәртіппен араб тарапына бере отырып, оларды инкубациялауды жүзеге асырсын.

      4. Жек дуадақ жұмыртқасын табиғи ортадан алу кезінде "Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 қаулысының 13-тармағында көрсетілген мөлшерде жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы белгіленсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады