Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 33-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Тау-кен өндірістері мен жұмыстарын мемлекеттік бақылау"; "Металлургиялық коксты химиялық өндірістерді мемлекеттік бақылау"; "Көтергіш тетіктерді қазандықты қадағалау саласындағы мемлекеттік бақылау"; "Өнеркәсіптік жарылғыш заттарды әзірлеуді, дайындауды, сынауды, сақтауды, пайдалануды мемлекеттік бақылау"; "Мұнай өндіретін өнеркәсіптегі, геологиялық барлаудағы және құбыр өткізгіш көліктегі мемлекеттік бақылау"; "Тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін геологиялық-маркшейдерлік қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау"; "Нормативтік-құқықтық актілердің мәтіндерін жазу"; "Іс жүргізуді мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу"; "Ақпараттық технологиялар - мемлекеттік басқару тиімділігінің өсу негіздері"; "Мемлекеттік органдардағы бухгалтерлік есепке алу және бақылау"; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және бақылау"; "Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы"; "Қызметтік құжаттаманы электрондық өңдеуді енгізу тетігі туралы"; "Қазіргі заманғы жағдайларда заң қызметінің жұмыс ерекшеліктері"; "Мемлекеттік қызметшінің этикеті және психологиясы"; "Мемлекеттік қызметтердің сапасын басқару"; "Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту саласындағы ұйымдастыру шараларын жетілдіру жолдары"; "Іс жүргізу және электронды құжат айналымы"; "Мемлекеттік тілді оқыту" тақырыптары бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу";
реттік нөмірі 5-жолда:
"бокстары гараж-қоймаларын, аумақтарының қоршауларын, ЕШ қоймаларын жөндеу" деген сөздер алып тасталсын;
"Маңғыстау облысы ТЖД жылу жүйесін ауыстыруға ЖСҚ әзірлеу" деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Маңғыстау облысы ТЖД жылыту жүйесін ауыстыруға ЖСҚ әзірлеу, ТЖД аумағының қоршауын, ұзақ сақтау қоймасы аумағының қоршауын, 4 гараждық боксты және ТЖД ғимаратының жертөле үй-жайын күрделі жөндеуді жүргізуге ЖСҚ әзірлеу.";
7-тармақта:
"Тікелей нәтиженің "б) тармақшасындағы мәтін бойынша "257" деген сандар "676" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қаржылық-экономикалық нәтижеде":
3) тармақшадағы "27,9" деген сандар "14,9" деген сандармен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "18,1" деген сандар "15,8" деген сандармен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 34-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолда:
"шатыр 15-жергілікті - 2 бірлік" деген сөздер алып тасталсын;
"жинағы модуль, 15*30м автокөліктер мен қоймалар үшін - 1 бірлік;" деген сөздер алып тасталсын;
", созылмалы құтқару матасы, авариялық құтқару аспабының жинағы, сүңгуір жейде, неопренді гидрокостюм, тау шаңғысы жинағы, газ қазандығы, үйлестіру-диспетчерлік қызмет және басқа жабдық үшін қатты дауыс байланыс жүйесі, оның ішінде желдеткіштер, тоңазытқыштар, ламинатор+брошуратор." деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда:
"коммуналдық-тұрмыстық жабдық" деген сөздерден кейін ", оның ішінде: жылыту қазандығы - 6 бірлік." деген сөздермен толықтырылсын;
"разграждения машина" деген сөздер "бульдозер" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4-жолда:
"БРОКК 90 авариялық құтқару роботы - 1 бірлік" деген сөздер алып тасталсын;
"қарда жүретін машина - 2 бірлік, Камаз автомобилі - 1 бірлік, УАЗ автомобилі - 1 бірлік, авариялық құтқару аспаптары мен жабдықтары - 4 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 9-жолда "Диспетчер" АРМ жабдығын" деген сөздерден кейін ", байланыс құралдары, телекоммуникациялық жабдық, жедел жеңіл автомобиль - 1 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың "Тікелей нәтижесінде":
"шатыр 15-жергілікті - 2 бірлік" деген сөздер алып тасталсын;
"жинақы модуль, 15*30м автокөліктер мен қоймалар үшін - 1 бірлік;" деген сөздер алып тасталсын;
"ұялы байланыс кешені УКВ-10-бірлік" деген сөздерден кейін ", созылмалы құтқару матасы, авариялық құтқару аспабының жинағы, сүңгуір жейдесі, неопренді гидрокостюм, тау шаңғысы жинағы, газ қазандығы, үйлестіру-диспетчерлік қызмет және басқа жабдық үшін қатты дауыс байланыс жүйесі, оның ішінде желдеткіштер - 2 бірлік, тоңазытқыштар, ламинатор+брошуратор." деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта:
"коммуналдық-тұрмыстық жабдық" деген сөздерден кейін ", оның ішінде: жылыту қазандығы - 6 бірлік." деген сөздермен толықтырылсын;
"іске асыруға машина" деген сөздер "іске асыруға бульдозер" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацта:
"УАЗ базасында АСА - 3 бірлік," деген сөздерден кейін "қарда жүретін машина - 2 бірлік, Камаз автомобилі - 1 бірлік, УАЗ автомобилі - 1 бірлік, авариялық құтқару аспаптары мен жабдығы - 4 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын;
"БРОКК 90 авариялық құтқару роботы - бірлік" деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы абзацта "Диспетчер" АРМ жабдығын" деген сөздерден кейін ", байланыс құралдары, телекоммуникациялық жабдық, жедел жеңіл автомобиль - 1 бірлік" деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулыға 37-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жолдың "Ғимараттың беткі жағын күрделі жөндеу, "Асхана шатыры", "Спорт залының шатыры" жұмыс жобасын қалпына келтіру" деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғимараттың беткі жағын, асхананың шатырын, спорт залының шатырын күрделі жөндеуден өткізу.";
7-тармақтың "Тікелей нәтижесінде":
бірінші абзацтағы "Ғимараттың беткі жағын күрделі жөндеу, "Асхана шатыры", "Спорт залының шатыры" жұмыс жобасын қалпына келтіру" деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғимараттың беткі жағы, асхананың шатыры, спорт залының шатыры күрделі жөндеуден өткізілді.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов