"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы арасындағы шартқа толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 585 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы арасындағы шартқа толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

жоба  

  Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен SOS балалар
ауылдарын құру жөніндегі "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL"
халықаралық қоғамы арасындағы шартқа толықтыру енгізу
туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      2008 жылғы 30 сәуірде Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы арасындағы шартқа толықтыру енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен SOS балалар
ауылдарын құру жөніндегі "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL"
халықаралық қоғамы арасындағы шартқа толықтыру енгізу
туралы хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" халықаралық қоғамы арасындағы шартқа (бұдан әрі - Шарт) мынадай толықтыру енгізуге келісті:

  1-бап

      Шарттың 2-бабы мынадай редакциядағы 2.10-тармақпен толықтырылсын:
      "2.10. Егер ол қажет болса, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға арналған жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен SOS балалар ауылдарының шығындарын ішінара немесе толық өтеуді қамтамасыз ету".

  2-бап

      Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады, ратификациялануға жатады және Шарттың 5.2-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2008 жылғы 15 мамырда Астана қаласында, екі түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың мәтінін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

       Қазақстан Республикасының     SOS балалар ауылдарын құру
            Үкіметі үшін                    жөніндегі
                                    "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL"
                                        халықаралық қоғамы үшін
      _________________________        _______________ Зденко Седлар
      2008 жылғы 15 мамыр               SOS KDI Аймақтық директор
                                        2008 жылғы 15 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады