"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 605 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

жоба  

  Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері
бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 17-18, 76-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; 2007 ж., N 2, 14,18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 8-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "көрсетуге" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) өтініш білдірген жағдайда жұмыспен қамтылғандар мен табысы аз адамдар қатарындағы, жеті жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын адамдарды еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге";
      2) 14-бапта:
      2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау;
      3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;";
      3) 16-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жұмыссызды есептен шығару үшін негіздеме үш жұмыс күні ішінде қоғамдық жұмыстарға қатысуға жазбаша келісім берген табысы аз адамдар қатарындағы жұмыссыздарға қолданылмайды.";
      4) 18-бапта:
      1-тармақтағы "(ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды қоспағанда)," деген сөздерден кейін "жұмыс уақытының икемді және толық емес режиміне (табысы аз адамдар қатарындағы, жеті жасқа дейінгі балалардың күтімімен айналысатын адамдар үшін)," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар үшін орташа айлық жалақысы олардың соңғы жұмыс орнындағыдан жоғары, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларға сәйкес келетін жұмыс лайықты деп есептеледі.";
      5) 19-бапта:
      атауындағы "Жұмыссыздарды" деген сөздің алдынан "Жұмыспен қамтылғандарды және табысы аз адамдар қатарындағы, жеті жасқа дейінгі балалардың күтімімен айналысатын адамдарды, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Жұмыссыздарды" деген сөздің алдынан "жұмыспен қамтылғандарды және табысы аз адамдар қатарындағы, жеті жасқа дейінгі балалардың күтімімен айналысатын адамдарды, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Оқуды өз бетінше дәлелсіз себептермен тоқтатқан жұмыссыздар, сондай-ақ, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балалардың күтімімен айналысатын адамдар уәкілетті органда қайтадан тіркелген (өтініш білдірген) күннен бастап бір жыл өткен соң ғана оқуға қайтадан жіберілуі мүмкін.".
      2. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 247-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 2-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "тұруға ыхтиярхаты бар және" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ұсынылған қоғамдық жұмыстан немесе әлеуметтік жұмыс орнынан немесе жұмысқа орналасудан немесе кәсіптік даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан дәлелсіз себептермен бас тартқан не осындай жұмыстар мен оқуға қатысуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айрылады.
      Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы жұмыссыздың халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес уәкілетті орган ұсынатын, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қызметтерді алған күнінен бастап қалпына келтіріледі.";
      2) 3-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлігі "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін ", ал ауылдық жерлерде - кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "өтініш берушінің отбасы мүшелерінің" деген сөздер "адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.";
      3) 4-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі:
      1) өтініш берушілерден құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қорытынды жасау үшін учаскелік комиссияға жібереді;
      2) өтініш берушілерден құжаттарды алған күнінен бастап жиырма күннен кешіктірмейтін мерзімде учаскелік комиссияның қорытындыларын қоса бере отырып, оларды уәкілетті органға береді.";
      3. Уәкілетті орган:
      1) өтініш берушілерден және кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдерінен өтініштерді қоса берілген құжаттарымен қабылдайды және оларды тіркейді;
      2) өтініш берушілерден құжаттарды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды қорытынды жасау үшін учаскелік комиссияға жібереді;
      3) қабылданған құжаттар мен учаскелік комиссия қорытындыларының негізінде өтініш берушілерден құжаттарды алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.";
      4-тармақ алынып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті деректерді тиісті органдардан сұратуға құқылы.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Өтініш беруші мен алушы кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімінің іс-әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.";
      8-тармақта:
      "Уәкілетті орган" деген сөздер "Уәкілетті органның лауазымды адамдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 5-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаждығы туралы не мұқтаж еместігі туралы қорытындылар әзірлейді.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені орталық атқарушы орган бекітеді.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Учаскелік комиссиялар ұсынылған құжаттардың және/немесе өтініш берушілердің материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде құжаттар алынған күннен бастап бес күн мерзімде қорытынды дайындайды.";
      5) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Отбасының құрамы мен табысы өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайта есептеледі.
      Алушы атаулы әлеуметтік көмектің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етпеген кезде көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалу сәтінен асырмай қайта есептеледі, ал өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмек төлеу оның тағайындалу кезеңіне тоқтатылады.
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс";
      6) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
      "8-1-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алушы адамдарды әлеуметтік
                қолдау жөніндегі қосымша шаралар
      Атаулы әлеуметтік көмек алушы адамдар халықты жұмыспен қамту туралы заңнамада көзделген қызметтерді пайдаланады.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады