Жатақхана ғимаратының аяқталмаған құрылыс объектісін республикалық меншіктен Қостанай облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 маусымдағы N 606 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгеріміндегі Қостанай қаласы, 1 Мамыр көшесі, 86 "а" орам мекен-жайында орналасқан алаңы 5,2 мың шаршы метр 9 қабатты жатақхана ғимаратының аяқталмаған құрылыс объектісін республикалық меншіктен Қостанай облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жатақхананы қабылдау-беру жөнінде қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады