Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 және 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 618 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
      "2008 - 2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
      "Дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2008 - 2010 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген кестеде:
      "Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмір 597-жолда:
      7-бағанда "4025418" деген сандар "1847110" деген сандармен ауыстырылсын;
      8-бағанда "3982850" деген сандар "6161158" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмір 598-жолда:
      7-бағанда "1000000" деген сандар "3178308" деген сандармен ауыстырылсын;
      10-бағанда "36238640" деген сандар "34060332" деген сандармен ауыстырылсын;
       Ескерту. 1-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарында "565" және "566" деген сандар тиісінше "597" және "598" деген сандармен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.07.31.  N 727  Қаулысымен.

      2) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      09 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:
      231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" әкімшісі бойынша:
      024 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасында:
      оның ішінде инвестициялық жобаларға:
      Астана қаласының ЖЭО-2, жылу желілері мен энергожелі объектілерін кеңейту және қайта жаңарту "4025418" деген сандар "1847110" деген сандармен ауыстырылсын;
      Астана қаласының N N 7, 8 ст. қазандыагрегаттарын, N N 5, 6 турбоагрегаттарын құруымен ЖЭС-2 және су жылыту қазандығын кеңейту және қайта жаңарту "1000000" деген сандар "3178308" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады