Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 249 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 623 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 249  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы "64168600000 (алпыс төрт миллиард бір жүз алпыс сегіз миллион алты жүз мың)" деген сөздер "32691500000 (отыз екі миллиард алты жүз тоқсан бір миллион бес жүз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы "5941000000 (бес миллиард тоғыз жүз қырық бір миллион)" деген сөздер "320000000 (үш жүз жиырма миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "1102000000 (бір миллиард бір жүз екі миллион)" деген сөздер "102000000 (бір жүз екі миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) осы қаулыға қосымшаға сәйкес "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруына жарғылық капиталын ұлғайту жолымен 16043900000 (он алты миллиард қырық үш миллион тоғыз жүз мың) теңге бөлінсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2008 жылғы 26 маусымдағы
                                                N 623 қаулысына
                                                   қосымша

        Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін
 дамытудың басым бағыттары бойынша іс-шараларды қаржыландыру

                                                         мың теңге

Іс-шаралардың атауы

Жиыны

Кейіннен еншілес акционерлік
қоғамдарының жарғылық капиталын
ұлғайта отырып, "ҚазАгро" ұлттық
холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын
ұлғайту, оның ішінде:

16 043 900

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы"
ұлттық компаниясы» АҚ

4 813 900

Тамшымен суаруды қолдану арқылы
жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін дамыту

720 000

Ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме сауда
базарын салу

110 000

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерді қаржыландыру (о.і. кредит
беру арқылы көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстарын және дәнді дақылдардың
шығымдылығын арттыру жөніндегі
іс-шараларды жүргізу үшін)

3 983 900

"ҚазАгроҚаржы" АҚ

7 230 000

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды
қаржыландыру (о.і. кейіннен лизингке беру
үшін)

4 700 000

Технологиялық жабдықтар мен арнаулы
техниканы сатып алуды қаржыландыру (о.і.
кейіннен лизингке беру үшін)

1 550 000

Ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін
қайта өңдеу бойынша жабдықтарды, сондай-ақ
құс өсіру фермаларын құру үшін негізгі
құралдарды сатып алуды қаржыландыру
(о.і. кейіннен лизингке беру үшін)

980 000

"Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ

3 500 000

Ауылдық кредит серіктестіктері жүйесі
арқылы ауыл шаруашылығы өндірісі мен ауыл
шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін
өнеркәсіпке кредит беру

3 200 000

Ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығына
жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне
кредит беру

300 000

"Мал өнімдері корпорациясы" АҚ

500 000

Мал шаруашылығы өнімін сатып алу, қайта
өңдеу, тасымалдау және сақтау

500 000

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады