Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің
мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар
мен өзгеріс енгізу туралы
1-бап
. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2003 ж., N 15, 135-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) 10-бап мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымына келісім-шарт бойынша әскери қызметке алғаш түскен азаматтарға жасалатын келісім-шарт мерзіміне байланысты мынадай мөлшерде біржолғы ақшалай сыйақы төленеді:
3 жылға - 1 лауазымдық жалақы мөлшерінде;
5 жылға- 10 лауазымдық жалақы мөлшерінде;
10 жылға - 20 лауазымдық жалақы мөлшерінде.
Көрсетілген ақшалай сыйақыларды төлеу келісім-шарт жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірмей жүргізіледі.
Алынған біржолғы ақшалай сыйақы:
1) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 1-тармағының 4), 5), 7) тармақшаларында және 2-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда келісім-шарт мерзімі аяқталғанға дейін әскери қызметтен босатылған кезде;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұдан әрі әскери қызметті өткере алмайтын жаралану, контузия, жарақат, мертігу әскери қызметтен жалтару мақсатында құқыққа қарсы немесе алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық мас болу себебі бойынша немесе өзіне қандай да бір дене зақымдарын (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру жасаған кезде болғандығы дәлелденсе қайтаруға жатады.
Төленген біржолғы ақшалай сыйақыны қайтару әскери қызметші әскери қызмет өткерген мемлекеттік органға әскери қызметтен босатылған күнінен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі.
Әскери қызметші әскери қызметті өткеру кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған), одан әрі әскери қызметті өткере алмайтын жаралану, контузия, жарақат, мертігу алған жағдайда біржолғы ақшалай сыйақыны қайтару жүргізілмейді.";
2) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Білім алуға құқық
Әскери қызметшілердің әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға құқығы бар.
Әскери (арнаулы) оқу орындарын бітірген әскери қызметшілер қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқи алады.
Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздері құрылымында әскери қызметтен ететін Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар басшыларының келісімімен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сессияларды және қорытынды емтихандарды тапсыру үшін демалыс беріліп, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында оқудың кешкі немесе сырттай түрінде оқуға рұқсат етіледі.
Оқу кезеңінде әскери қызметке шақырылған адамдардың әскери қызметтен босағаннан кейін өздері шақырылғанға дейін оқыған оқу орнындағы оқуын жалғастыруға құқығы бар.
Сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша күнтізбелік есептеуде кемінде 8 жыл әскери қызмет өткерген әскери қызметшілердің ақылы негізде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқыған шығындарын республикалық бюджет қаражатынан оқу құнының 50 % мөлшерінде өндіріп алуға құқығы бар.
Бұл жеңілдік бір рет қолданылады.
Әскери қызметшіге көрсетілген шығындарды өтеуді әскери қызметші әскери қызметті өткеретін мемлекеттік орган жүргізеді.
Шығындарды өтеуге құқығы бар әскери қызметші тіркелген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымы көрсетілген мемлекеттік органдарға қаржыландыруды ашу үшін әскери қызметшіні білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
Әскери қызметшіге басқа білім беру ұйымына ауыстырған кезде оның Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнында оқу шығынының өтеу мөлшері түзетуге жатады.
Әскери қызметшіге академиялық демалыс берілген кезде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға шығындарды өтеуге құқығы сақталады және оны оқытуды қаржыландыру академиялық демалыс берілген кезеңінде тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға шығынды өтеуге құқығы бар әскери қызметшіге ол оқыған (оқып жатқан) білім беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған, лицензиясы кері қайтарылып алынған немесе тоқтатылған жағдайларда басқа білім беру ұйымдарында қаржыландырудың жалғасуына кепілдік беріледі.".
2-бап
. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті