Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1369 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 645 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 451 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.31. N 451 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1369 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 630-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақта "2008 жылғы 1 шілдеден бастап" деген сөздер "2009 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарында:
      "Тарифтің шекті деңгейі (теңге, ҚҚС-сыз)" бағанында "2007" және "2008" деген сандар тиісінше "2008" және "2009" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Өзгеруі" бағанында "2008/2007" деген сандар "2009/2008" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады