Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 692 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамында:

"Ахметов                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы             коммуникация министрі"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Арыстанов                - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
Аркен Кеңесбекұлы           өңірлік қаржы орталығының қызметін
                            реттеу агенттігінің төрағасы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады