Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 698 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық ауыл шаруашылығы ғылыми кітапханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимаратын республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 78 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 3, 36-құжат):
      1-тармақта "жалдау ақысы алынбай, орналасқан үй-жайларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық ғылыми ауыл шаруашылығы кітапханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қалдыру шартымен" деген сөздер алынып тасталсын.

      3) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады