Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасында қаржылық ынтымақтастық туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 703 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасында қаржылық ынтымақтастық туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасында қаржылық ынтымақтастық туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қойсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне өзінің құрмет сезімін білдіреді және 2007 жылғы 18 желтоқсандағы мына мазмұндағы нотаны қабыл алу мәртебесіне ие болғанын растайды:
      "Министр мырза,
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 06/-1-2/618-Д-12 хатына, сондай-ақ біздің Үкіметтеріміздің арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы 1995 жылғы 22 мамырдағы келісімге ("Құрылыс материалдарын өндіру" және "Темір жол бойынша секторлық бағдарлама" жобалары), біздің Үкіметтеріміздің арасындағы (1998-1999 жылдарға арналған) қаржылық ынтымақтастық туралы 2001 жылғы 2 қазандағы келісімге және біздің Үкіметтеріміздің арасындағы экономикалық даму мақсатындағы ынтымақтастық туралы 2002 жылғы 8 қазандағы үкіметаралық келіссөздер Хаттамасына сүйеніп, Сізге мына уағдаластықты ұсынуды өзіме мәртебе санаймын:

      1. 1995 жылғы 22 мамырдағы Келісімнің 1-бабының 1-тармағында, 2001 жылғы 2 қазандағы Келісімнің 1-бабының 1-тармағындағы 1-абзацтың "с" тармақшасында және 2002 жылғы 8 қазандағы Үкіметаралық консультациялар Хаттамасының 4.2.4.-тармақшасында "Құрылыс материалдарын өндіру", "Оңтүстік Қазақстан облысындағы

      ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК
      РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН
      РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ

қайта жаңғыртылған көздерді тиімді пайдалану" және "Қаржылық секторға қолдау жасау бағдарламасы" жобаларын жүзеге асыруға арналған жалпы мөлшері 17.669.378,22 евро (жазбаша: он жеті миллион алты жүз алпыс тоғыз мың үш жүз жетпіс сегіз евро және жиырма екі цент) несиелер "Шардара су электр станциясын жаңғырту" жобасын жүзеге асыруға пайдаланылады.

      2. Бұдан басқа, Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі несие алушы "Шардара су электр станциясы" акционерлік қоғамына және кепілдік беруші "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингіне KfW-ның несие капиталдары рыногынан үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық шеңберінде 1-тармақта аталған несиемен байланыстырылып берілетін 25.330.622,00 евроға (жазбаша: жиырма бес миллион үш жүз отыз мың алты жүз жиырма екі евроға) дейінгі мөлшерде несие алуына мүмкіндік жасайды. KfW-ның несие капиталдары рыногынан алынатын несие траншы Германия Федеративтік Республикасының несие кепілдігінсіз берілетін болады.

      3. Басқа жағдайда жоғарыда аталған 1995 жылғы 22 мамырдағы және 2001 жылғы 2 қазандағы Келісімдердің ережелері осы келісімге қатысты күшін сақтайды.

      4. Осы келісім неміс және орыс тілдерінде жасалады, екі мәтіннің де күші бірдей.
      Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі 1-4-тармақтарда көрсетілген ұсыныстармен келісетін болса, осы нота мен Сіздің Үкіметтің келісімін білдіретін Сіздің, мәртебелі, жауап нотаңыз біздің Үкіметтеріміздің келісімін құрайтын болады, ол Сіздің жауап нотаңыздың берілген мерзімінен бастап күшіне енеді.
      Министр мырза, менің Сізге деген аса жоғары құрмет сезімімді қабыл алыңыз".
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Елшілік Нотасының 1-4-тармақтарында көрсетілген ұсыныстармен және Елшіліктің 2007 жылғы 18 желтоқсандағы нотасы мен осы жауап нотаны Елшілік алған күннен бастап күшіне енетін осы нота Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметтері арасындағы Келісімді құрайтынына келісетінін мәлімдеу мәртебесіне ие болғанын білдіреді.
      Қазақстан тарабы Германияның KfW даму банкі мен "Шардара су электр станциясы" акционерлік қоғамының арасында 2007 жылғы 14 желтоқсанда қол қойылған несие беру келісімі осы ноталарды алмасудан кейін заңды күшіне енетінін растайды. Бұл несие беру келісімі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметі арасындағы 1998-1999 жылдарға арналған қаржылық ынтымақтастық туралы 2001 жылғы 2 қазандағы Келісімнің 2-бабының 1-тармағына сәйкес Сіздің Нотаңыздың 1 және 2-тармақтарында мөлшері көрсетілген несиелерді беру, сондай-ақ, оларды пайдалану мен қайтарудың шарттарын реттейді.
      Германияның KfW даму банкі мен "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының арасында 2007 жылғы 14 желтоқсанда қол қойылған кепілдік беру келісіміне сәйкес несие алушының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуге "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы корпоративтік кепіл болады.
      Сыртқы істер министрлігі жоғарыда баяндалған хабарламаға қосымша мыналарды нақтылауды қажет санайды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметі арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы 1995 жылғы 22 мамырдағы Келісімнің 2-бабы 2-тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметі арасындағы 1998-1999 жылдарға арналған қаржылық ынтымақтастық туралы 2001 жылғы 2 қазандағы Келісімнің 2-бабы 2-тармағының "Шардара су электр станциясын жаңғырту" жобасына қолданылмайды.
      Нотаның кіріспесінде "біздің Үкіметтеріміздің арасындағы 1995 жылғы 22 мамырдағы қаржылық ынтымақтастық туралы Келісім" деп Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметі арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы келісім (Алматы қаласы, 1995 жылғы 22 мамыр) түсіндіріледі. "Біздің Үкіметтеріміздің арасындағы 2001 жылғы 2 қазандағы (1998-1999 жылдарға арналған) қаржылық ынтымақтастық туралы келісім" деп Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметі арасындағы 1998-1999 жылдарға арналған қаржылық ынтымақтастық туралы Келісім (Берлин, 2001 жылғы 2 қазан) түсіндіріледі. "Біздің Үкіметтеріміздің арасындағы 2002 жылғы 8 қазандағы экономикалық даму мақсатындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келіссөздер Хаттамасы" деп Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 2002/2003 жылдарға арналған даму мақсатындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келіссөздердің 2002 жылғы 8 қазандағы Қорытынды хаттамасы түсіндіріледі. Нотаның 1-тармағында "2002 жылғы 8 қазандағы үкіметаралық консультациялар Хаттамасының 4.2.4.-тармақшасында "Қаржылық секторға қолдау жасау бағдарламасы" деп Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 2002/2003 жылдарға арналған даму мақсатындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келіссөздердің 2002 жылғы 8 қазандағы Қорытынды хаттамасының "4.2.4. Қаржылық сектордың дайындалу сатысындағы жобалары" тармағы түсіндіріледі.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы жағдайды пайдаланып, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне деген өзінің жоғары құрмет сезіміне сендіреді.

                        Астана, 2008 жылғы "_____"__________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады