Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
пункттері туралы келісімге
Хаттаманы ратификациялау туралы
Астанада 2006 жылғы 4 қыркүйекте қол қойылған 2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
пункттері туралы келісімге
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін халықаралық, екі жақты өткізу пункттері мен олардың жұмыс режимін келісу мақсатында,
2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 1-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын адамдардың және көлік құралдарының кесіп өтуі, жүктерді, тауарларды және жануарларды тасымалдау үшін Тараптар халықаралық және екі жақты өткізу пункттерінің тізбесін (қоса беріліп отыр) келісті.
Өткізу пункттерінің көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдерде жұмыс істеу уақыты Тараптардың шекаралық өкілдері желісі бойынша анықталатын болады.
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолданылуы аяқталғанға дейін қолданылады.
2006 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі және
Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы
2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан-өзбек
мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері
туралы келісімге хаттамаға қосымша
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы
өткізу пункттерінің
ТІЗБЕСІ
Р/с
|
Қазақстан
|
Өзбекстан
|
Өткізу
|
Жұмыс
|
||
Атауы |
Орналас-
|
Атауы |
Орналас-
|
|||
Темір жол өткізу пункттері |
||||||
1. |
Бейнеу |
Маңғыстау
|
Қарақал-
|
Қарақал-
|
Халық-
|
Тәулік
|
2. |
Сарыағаш |
Оңтүстік
|
Келес |
Ташкент
|
Халық-
|
Тәулік
|
Автомобильдік өткізу пункттері |
||||||
3. |
Тәжен |
Маңғыстау
|
Қарақал-
|
Қарақал-
|
Халық-
|
Тәулік
|
4. |
Жібек Жолы |
Оңтүстік
|
Гишт-Көп-
|
Ташкент
|
Халық-
|
Тәулік
|
5. |
Б. Қонысба-
|
Оңтүстік
|
Яллама |
Ташкент облысы |
Халық-
|
Тәулік
|
6. |
Қапланбек |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Келес
|
Ташкент облысы |
Екі жақты |
Тәулік-
|
7. |
Қазығұрт |
Онтүстік
|
Майский
|
Ташкент облысы |
Екі жақты |
Тәулік-
|
8. |
Төле би |
Оңтүстік
|
Көшкенді (Минсу) |
Ташкент облысы |
Екі жақты |
Тәулік-
|
9. |
Атамекен |
Оңтүстік
|
Сырдария |
Сырдария облысы |
Екі жақты |
Тәулік-
|
10. |
Бірлік |
Оңтүстік
|
Гагарин |
Жызақ облысы |
Екі жақты |
Тәулік-
|
11. |
Сырдария |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Малек |
Сырдария облысы |
Халық-
|
Тәулік
|
12. |
Целинный |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Ақ алтын |
Сырдария облысы |
Халық-
|
Тәулік
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Өзбекстан
мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында,
Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді, тауарларды және жануарларды өткізудің тәртібін жетілдірудің қажеттігін басшылыққа ала отырып,
заңсыз көші-қонды, қарудың, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың контрабандасын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ жұқпалы аурулар мен індеттің алдын алу жөнінде бірлескен әрі уақытылы шаралар қабылдау қажеттігін тани отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасынан адамдардың және көлік құралдарының өтуі, сондай-ақ жүктердің, тауарлардың және жануарлардың тасымалдануы үшін Тараптар мемлекеттік шекара арқылы екі жақты өткізу пункттерін (бұдан әрі - өткізу пункттері деп аталатын) орнатады.
Өткізу пункттерінің тізбелерін Тараптар дипломатиялық арналар бойынша келіседі және хаттамалармен ресімдейді, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын болады.
Тараптар мемлекеттерінің шекаралық және кедендік ведомстволарының келісімі бойынша және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің азаматтарын жеңілдетілген сипатта өткізетін пункттер орнатылуы мүмкін.
2-бап
Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының автомобильдік өткізу пункттерінен адамдардың өтуі көлік құралдарын пайдалану арқылы немесе жаяу жүзеге асырылады.
3-бап
Өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, тауарларды және жануарларды шекаралық, кедендік және қажет болған жағдайда бақылаудың басқа да түрлері (бұдан әрі - бақылау) Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және олар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап
Өткізу пункттерінің ашылуы оларды абаттандыру және әрбір Тарап мемлекетінің бақылаушы органдарының қызметі үшін қажетті инфрақұрылымды құру аяқталған соң жүзеге асырылады.
Тараптар орнатылған өткізу пункттерінің ашылғаны немесе жабылғаны туралы бір-біріне дипломатиялық арналар бойынша хабарлайды.
Тараптардың осы Келісімнің орындалуына жауапты құзыретті органдары мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті;
Өзбекстан Республикасынан - Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі комитеті және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті.
5-бап
Егер Тараптардың құзыретті органдарының келісімі бойынша өзгеше тәртіп белгіленбесе, өткізу пункттерінің жұмысы тәулік бойы жүзеге асырылады.
Осы Келісім Тараптардың басқа мемлекеттерге қатысты бұрын қабылданған міндеттемелеріне ықпал етпейді және үшінші елдерге, сондай-ақ олардың мүдделеріне қарсы бағытталмаған.
6-бап
Өткізу пункттері арқылы қозғалысты шектеу немесе тоқтату Тараптар мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігі мүддесімен, санитариялық-карантиндік себептермен, табиғи апаттар салдарымен, жұқпалы аурулар, індет кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Осындай шектеулерді енгізетін Тарап шектеулердің себептерін және қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, оларды енгізу жоспарланған уақытқа дейін кем дегенде 24 сағат бұрын дипломатиялық арналар бойынша екінші Тарапқа хабарлайды.
Тараптар өткізу пукттері объектілерінің немесе коммуникациялық ғимараттардың жоспарлы түрде жөнделуіне байланысты Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы бір-біріне осындай жұмыстар басталғанға дейін олардың аяқталу мерзімі туралы мәлімдей отырып, кем дегенде үш ай бұрын хабарлайды.
7-бап
Ерекше жағдайларда (табиғи апаттар, өрт, су тасқыны, жұқпалы ауру, індет, техногендік сипаттағы авариялар, шұғыл медициналық жәрдем көрсету және т.б.) Тараптар мемлекеттерінің шекаралық ведомстволары өзара уағдаластық бойынша азаматтарын, көлік құралдарын және құрал-жабдықтарын мемлекеттік шекара арқылы өткізуді бақылаудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерінен тысқары жерде жүзеге асыра алады.
8-бап
Өткізу пункттерінің тиісті қызметін қамтамасыз ету үшін Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің аумағында қажетті инфрақұрылымды жасайды.
Автомобильдік және теміржол өткізу пункттері объектілерін жобалауда, сондай-ақ құрылысын салу барысында Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында бірлескен бақылауды жүргізу үшін жағдай туғызу мүмкіндігі көзделеді.
Бірлескен бақылау жасаудың тәртібі және оны ұйымдастыру Тараптардың тиісті ведомстволары арасындағы жекелеген уағдаластықтармен реттелетін болады.
9-бап
Қажет болған жағдайда осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар оны орындау мәселелері бойынша екі жақты консультациялар өткізетін болады.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мен қолдануға қатысты даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілетін болады.
10-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді.
11-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың бірде-бірі кезекті бесжылдық кезең аяқталардан кем дегенде алты ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа жазбаша хабарламаса, келесі бесжылдық кезеңдерге ұзартылатын болады.
Астана қаласында 2001 жылғы 16 қарашада әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін