"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Арқалық қаласы үшін 2008-2009 жылдардағы жылыту кезеңіне отын мазутын сатып алуға Қостанай облысының әкімдігіне аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен ағымдағы мақсатты трансферттер түрінде 958 443 000 (тоғыз жүз елу сегіз миллион төрт жүз қырық үш мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.