"Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қоры" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 тамыздағы N 755 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қоры" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

  "Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнерді қолдау
мемлекеттік қоры" мемлекеттік мекемесін қайта
ұйымдастыру туралы

      Қазақстан халқының мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін сақтау және дамыту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қоры" мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
      1) Қазақстан халқының мәдени құндылықтары мен дәстүрлерінің дамуына тұрақты мониторинг жүргізу және оны қолдау;
      2) қазақстандық мәдениеттің әлемдік мәдени кеңістікке кірігуін дамыту және тереңдету жөніндегі серпінді жобаларды іске асыру;
      3) Қазақстан Республикасын әлемдік мәдени кеңістікте сәйкестендіру жөніндегі зерттеу мен негіздеме;
      4) мәдениет пен өнер саласындағы жобаларды талдау және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
      5) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін рухани байытуға және олардың халықаралық мәдени алмасуға қатысуына жәрдемдесу;
      6) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жыл сайынғы байқау-конкурстар, фестивальдар, семинарлар, мұражай және кітап көрмелерін ұйымдастыруға және өткізуге ықпал ету болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) 2008 жылға арналған республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 58400000 (елу сегіз миллион төрт жүз мың) теңге мөлшерінде заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады