Украинаға және Молдова Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 тамыздағы N 756 Қаулысы

      Украина мен Молдова Республикасындағы ауқымды су тасқынының салдарынан туындаған қиын экономикалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Украина мен Молдова Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес материалдық құндылықтар мемлекеттік материалдық резервтен броньнан шығарылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі:
      Украинаға: "Киев - Товарный" станциясына дейін;
      Молдова Республикасына: "Кишинэу" станциясына дейін ізгілік көмекті тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен:

      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне осы қаулының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтардың құнын өтеуге 29727900 (жиырма тоғыз миллион жеті жүз жиырма жеті мың тоғыз жүз) теңге сомасында қаражат;

      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Украинаға және Молдова Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 500000 (бес жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
      Осы қаражат мынадай:
      Украинадағы ауқымды су тасқынының салдарын жоюға - 250000 (екі жүз елу мың) АҚШ долларына;
      Молдова Республикасындағы ауқымды су тасқынының салдарын жоюға - 250000 (екі жүз елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада бөлінеді деп белгіленсін;

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне ізгілік жүкті темір жол көлігімен жеткізуге байланысты шығыстардың құнын өтеу үшін 227282 (екі жүз жиырма жеті мың екі жүз сексен екі) теңге мөлшерінде қаражат бөлсін.

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қаражатты мынадай арнайы банк шотына аударуды қамтамасыз етсін:
      "Ministry of Labour and Social Policy of Ukraine, Kyiv (Украинаның Еңбек және әлеуметтік саясат министрлігі)", "Joint-Stock company State Export Import Bank of Ukraine, 127 Gorkogo Str., Kyiv, Ukraine", "2600 7010 041123", "SWIFT: EXBSUAUX";
      "Қаржы министрлігі - Орталық қазынашылық", "Алушының шоты: 3261584015", "Алушының фискальды коды: 1006601000037", "Алушының банкі: Молдованың Ұлттық банкі", "Банктың коды: NBVDVD2X", "Корреспонденттік шот НБМ: Federal Rezerve Bank, NY, SWIFT: FRNY US 33, account no. 021087125", "Төлемнің мақсаты: Су тасқынының салдарын жою 2008 46010000000002 (қазынашылық шот)".

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 19 тамыздағы
N 756 қаулысына    
1-қосымша      

Мемлекеттік материалдық резервтен Украинаға ресми
ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын материалдық
құндылықтардың тізбесі

Р/с
N

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем
бірлігі

Шығарылатын материалдық құндылықтардың саны

1 өлшем бірліктің бағасы
(теңге)

Сомасы, теңге

1

Залалсыздандыратын сұйықтық
Дезэфект (5 л)

кг

2550

4776

12178800

2

Залалсыздандыратын құрал
Деохлор, таблеткасы N 300

кг

459

5850

2685150

Жиыны:

14863950

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 19 тамыздағы
N 756 қаулысына    
2-қосымша      

Мемлекеттік материалдық резервтен Молдова
Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін
шығарылатын материалдық құндылықтардың тізбесі

Р/с
N

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Шығарылатын материалдық құндылықтардың саны

1 өлшем бірліктің бағасы
(теңге)

Сомасы, теңге

1

Залалсыздандыратын сұйықтық
Дезэфакт

кг

2550

4776

12178800

2

Залалсыздандыратын құрал
Деохлор таблеткасы N 300

кг

459

5850

2685150

Жиыны:

14863950

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады