Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжинге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 тамыздағы
N 765 қаулысымен
мақұлданған
жоба
2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара іс-қимыл және
сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы
келісімге толықтыру енгізу туралы хаттама
Тараптар болып табылатын, 2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қол қойған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер (бұдан әрі - мүше мемлекеттер);
Хатшылықтың қабылдаушы тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілуі нәтижесінде көптеген дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың және форумдардың кеңселері Алматы қаласынан Астана қаласына көшкенін немесе көшу үстінде екенін назарға ала отырып,
материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері белгілі бір кезеңде Хатшылықты Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру қажеттігін тудыруы мүмкін фактісін ескере отырып,
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер Хатшылығы үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында,
Келісімнің 6-бабы 5-тармағын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1. Келісімнің 1-бабы 2-тармақшасы "Алматы" деген сөзден кейін "немесе Астана қаласында" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Хаттама осы Келісімнің 6-бабының 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.
3. Осы Хаттаманың депозитарийі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылады.
4. Депозитарий осы Хаттаманың күшіне енген күні туралы мүше мемлекеттерге хабарлайды.
2008 жылғы 25 тамызда Алматы қаласында ағылшын тілінде бір данада жасалды.
Депозитарий осы Келісімнің куәландырылған көшірмесін әрбір мүше мемлекетке жібереді.