Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 мамырдағы N 471 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 800 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бензин және дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 мамырдағы N 471 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 27, 253-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      "2008 жылғы 1 қыркүйекке" деген сөздер "2009 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тұрмыстық пеш отынынан басқа," деген сөздер алынып тасталсын;

      "(СЭҚ ТН 2710 19 310 0 - 2710 19 490 0)" деген сөздер "(СЭҚ ТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді және дизель отынын әкетуге тыйым салу мерзімінің ұзартылғаны туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады