"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 тамыздағы N 812 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы кодексі
(Салық кодексі)

      Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, есептеу және төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемесін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
      2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
      3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
      4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады.
      5. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады.

      2-бап. Салық заңнамасының қолданылуы

      1. Салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
      2. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігінің ерекшеліктерін белгілеу, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заң актілері егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.

      3-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
      2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

      4-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі

      Салық төлеуші салық міндеттілігін, салық агенті - салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

      5-бап. Салық салудың айқындылығы принципі

      Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

      6-бап. Салық салудың әділдігі принципі

      1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
      2. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

      7-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі

      Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты біртұтас болып табылады.

      8-бап. Салық заңнамасының жариялылығы принципі

      Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

      9-бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар

      1. Салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету - ақпараттық массивтерді жинау мен қорытуды, жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иеленуіне беру жөніндегі қызметтер;
      2) арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі;
      3) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары;
      4) бересі - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілгендерді қоспағанда, шағым жасалатын бөлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасау кезеңінде мерзімінде есептелген, аударылған және төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы;
      5) борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа да бағалы қағаздар;
      6) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе оларды сатып алу (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
      7) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - эмитент шығару шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың атаулы құнынан тыс төлейтін (төлеуге жататын) сома;
      8) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алу (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;
      9) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы:
      Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен анықталған теңгенің шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы;
      теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледі;
      10) грант - белгі бір мақсаттарға (міндеттерді) қол жеткізу үшін өтеусіз негізде:
      мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
      қызметі қайырымдылық және халықаралық сипаттағы және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
      шетелдік және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін мүлік;
      11) демеушілік көмек - осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде:
      жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшін және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерін дамыту, білім және спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде;
      коммерциялық емес ұйымдарға өздерінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін берілетін мүлік;
      12) дивидендтер:
      акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын табыс;
      қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиісті табыс;
      заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі;
      заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар;
      акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:
      тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді тәуелсіз тарапқа сату құны мен оларды акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына сату құны арасындағы оң айырма;
      тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тәуелсіз тараптан сатып алу құны мен оларды акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алу құны арасындағы теріс айырма;
      үшінші тұлға алдында акционерде, қатысушыда, құрылтайшыда немесе олардың өзара байланысты тарапында туындайтын, оны акционердің, құрылтайшының, қатысушының немесе олардың өзара байланысты тарапының өтеуінсіз жабатын заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес шығыстардың немесе міндеттемелердің құны;
      осы Кодекстің 163-165-баптарында көрсетілген табыстарды және өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс.
      Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырмалар салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте, объектілерді түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі;
      13) дизайнерлік қызметтер - көркемөнер нысандарын, бұйымдардың, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлар интерьерін жобалау жөніндегі қызметтер; көркем конструкциялау;
      14) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      15) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі - филиал, өкілдік;
      16) инжинирингтік қызметтер - инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін даярлау, өндірісті ұйымдастыру және басқару, өнімдерді сату саласындағы ұсынымдарды әзірлеу;
      17) келісім-шарттық қызмет - жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарттың ережелерінде тікелей көзделмеген кез келген өзге қызметі;
      18) келісім-шарттан тыс қызмет - жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарттың ережелерінде тікелей көзделмеген кез келген өзге қызметі;
      19) консультациялық қызметтер - стратегиялық жоспарлау, жалпы жұмыс істеуді оңтайландыру, бизнес жүргізу, персоналды басқару, ақпараттық технологияны ұйымдастыру мәселелерін қоса алғанда, басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық, заңдық қызмет мәселелерін шешуде көрсетілетін қызметтер;
      20) қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық ұйымдарға олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатында өтеусіз негізде берілетін мүлік;
      21) қатысу үлесі - бірлесіп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды және инвестициялық пай қорларын қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың мүлкімен қатысу үлесі;
      22) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған және еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша тікелей жұмысты орындайтын жеке тұлға; мемлекеттік қызметшілер; мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, акционерлік қоғам директорлар кеңесінің мүшесі; осы Кодекстің 191-бабы 10-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің резидентке немесе Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын өзге резидент емеске персоналды беруіне арналған келісім-шарт бойынша жұмыс істеу үшін ұсынылған шетелдік адам немесе азаматтығы жоқ тұлға;
      23) маркетингтік қызметтер - тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын әзірлеуді қоса алғанда, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі мен айналысының үздік экономикалық шарттарын құру жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты қызметтер;
      24) өткізу - сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды тиеп жіберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепілге берілген тауарларды кепіл ұстаушыға беру;
      25) роялти - мыналар үшін:
      пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, патенттерді, сызбаларды немесе модельдерді, тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз және әуе кемелерін, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем;
      26) салық агенті - осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттеме жүктелетін адам;
      27) салық берешегі - кемалым сомасы, сондай-ақ өсіпақылар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы;
      28) электрондық салық төлеуші (салық агенті) - осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық құжаттармен алмасу кезінде салық қызметі органдарымен жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім негізінде электрондық тәсілмен салық қызметі органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші (салық агенті);
      29) салық режимі - осы Кодексте белгіленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндеті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы;
      30) салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын адам;
      31) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, аударылған (азайтылған) және төленген (есепке алынғандарды және қайтарылғандарды ескере отырып) сомасын, сондай-ақ өсіпақылар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішіндегі электрондық нысандағы құжат;
      32) өзара байланысты тарап - өзара байланыстылығы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын жеке немесе заңды тұлға;
      33) салық төлеушінің электрондық құжаты - белгіленген электрондық форматта берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
      34) салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі;
      35) салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;
      36) сыйақы - мыналарға:
      кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, лизинг беруші, борыштық бағалы қағаздарды және вексельдерді ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын қаржы делдалының өзге де комиссияларын қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;
      Қазақстан Республикасының қаржы лизингінің мәселелерін реттейтін заңнамалық актісіне сәйкес қаржы лизингі бойынша берілген (алынған) мүлік үшін сыйақы түрінде;
      салымдар (депозиттер) бойынша;
      жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша;
      дисконт не купон және борыштық бағалы қағаздар мен вексельдердің ұстаушысы төлейтін адам үшін қарыз беруші, лизингі беруші, өзара байланысты тарап болып табылатын қаржы делдалының сыйақылары түріндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша (дисконтты не бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан алынған сыйлықақыны ескере отырып);
      вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін өзінің вексельдерін, борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, лизингі беруші, өзара байланысты тарап болып табылатын қаржы делдалының сыйақыларын қоспағанда, вексель бойынша барлық төлемдер;
      37) туынды қаржы құралдары - құны болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды көздейтін шарттың базалық активінің шамасына байланысты (шаманың ауытқуын қоса алғанда) шарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және басқа да туынды қаржы құралдары, оның ішінде жоғарыда келтірілген туынды қаржы құралдарын комбинациясын білдіретіндер жатады.
      Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстер, проценттік ставкалар және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе жағдай, туынды қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкін;
      38) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (шетелдік заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым осы Кодекстің мақсаттары үшін олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қарастырылады;
      39) уәкілетті мемлекеттік органдар - салық органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген олардың құзыреті шегінде салық қызметі органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
      40) уәкілетті орган - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      41) ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушілер алатын заттай және ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынатын мүліктік пайда түріндегі табыстар;
      42) ізгілік көмек - халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектер, өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік;
      43) жеке тұлғаның жеке мүлкі - жеке тұлғаның меншік құқығындағы және кәсіпкерлік мақсатқа арналмаған мүлкі.
      2. Салық заңнамасының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.
      3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңнаманың сол салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.

2-тарау. Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары
мен міндеттері. Салық қатынастарындағы өкілдік

      10-бап. Салық төлеушінің құқықтары

      1. Салық төлеуші:
      1) қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат, салық нысандарын толтыру тәртібі бойынша түсіндірулер алуға;
      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;
      3) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық бақылауы нәтижелерін алуға;
      4) салық органында уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштерінің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді алуға;
      5) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің телнұсқасын алуға;
      6) салық қызметі органдарына салық бақылауы нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірулерді беруге;
      7) салық органы өтініш алған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді алуға;
      8) салық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде берешектің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (болуы), Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент емес алған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама алуға;
      9) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына бұл ақпарат үшін өтініш жасаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде алуға;
      10) осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
      11) салық құпиясының сақталуын талап етуге;
      12) осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдары көрсететін өзге де мемлекеттік қызметтерді тегін алуға;
      13) салықтық тексеру жүргізу барысында салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларында туындайтын мәселелерді жазбаша тіркеуге және осы мәселелерді көрсететін құжатты онымен келісуге;
      14) берілуі салық заңнамасында, трансферттік баға белгілеу туралы заңнамада, сондай-ақ акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамада тікелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салуға жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге құқылы.
      2. Салық салушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.
      3. Салық салушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

      11-бап. Салық төлеушінің міндеттері

      1. Салық төлеуші:
      1) осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындауға;
      2) салық қызметі органдарының анықталған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;
      3) нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беруге;
      4) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;
      5) осы Кодекске сәйкес бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолдану тәртібін сақтауға;
      6) жеке кәсіпкердің (осы Кодекстің 43-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда), резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің кәсіпкерлік қызметті тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
      2. Салық төлеуші осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

      12-бап. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері

      1. Салық агентінің, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші сияқты құқықтары бар және сондай міндеттері болады.
      2. Салық агенті сондай-ақ:
      1) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты дұрыс және дер кезінде есептеуге;
      2) салық төлеушіден тиісті салықты ұстап қалуға және осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімде оларды бюджетке аударуға;
      3) салық төлеушілерге төленген табыстардың, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салық сомасының есебін, соның ішінде әрбір салық төлеуші бойынша жеке-жеке жүргізуге;
      4) тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органына осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуге міндетті.
      3. Салық агенті осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
      4. Салық агенті осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.

      13-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын
              қамтамасыз ету және қорғау

      1. Салық төлеушіге (салық агентіне) оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға кепілдік беріледі.
      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      14-бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарға
              өкілдік ету

      1. Салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы қатысуға құқылы.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісі негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) атынан уәкілетті болатын тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) заңды өкілі болып танылады.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға өзге де қатысушылармен қатынастарда оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі болып танылады.
      Уәкілетті өкіл салық төлеушінің (салық агентінің) құрылтай құжаттары және (немесе) нотариалды куәландырылған сенімхат немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) берген нотариалды куәландырылғанға теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда уәкілетті өкіл өкілеттіктерінің нақты тізбесі көрсетіледі.
      4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің қатысуы оны өкіл алу құқығынан айырмайды, сол сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні (салық агентін) аталған қатынастарға өзінің қатысу құқығынан айырмайды.
      5. Салық төлеуші өкілінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға сол салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуына байланысты жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде ол көрсетілген өкілге берген өкілеттіктер шеңберінде салық төлеушінің (салық агентінің) әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады.

3-тарау. Салық қызметі органдары. Кеден органдары. Салық қызметі органдарының басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы

      15-бап. Салық қызметі органдарының міндеттері мен
              құрылымы

      1. Салық қызметі органдарының міндеттері:
      1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) аударудың толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
      3) салық төлеушінің салық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті осы Кодексте белгіленген тәртіппен орындауына салық бақылауын жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;
      5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Салық қызметі органдары уәкілетті орган мен салық органдарынан тұрады.
      3. Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық салық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.
      4. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
      5. Уәкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.

      16-бап. Салық қызметі органдарының құқықтары

      1. Салық қызметі органдары:
      1) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеуге және бекітуге;
      2) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық төлеушінің салық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті орындауына салық бақылауын, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың толық есептелуі мен уақтылы төленуін, міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталуы мен аударылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      3) салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
      4) салық төлеуші (салық агенті) осындай бағдарламалық қамтамасыз етуді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда салық төлеушіден (салық агентінен) бағдарламалық қамтамасыз етудің және (немесе) бастапқы есеп құжаттарының деректері қамтылған ақпараттық жүйенің деректерін, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты өзге ақпаратты көруге рұқсат ету құқығын беруді талап етуге;
      5) салық төлеушіден (салық агентінен) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есептеу дұрыстығын және төлеу (ұстау және аудару) уақтылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті) жасаған салық нысандары бойынша жазбаша түсіндірулерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан оның еншілес компанияларының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, резидент салық төлеушінің (салық агентінің) шоғырландырылған қаржылық есептілікті беруін талап етуге;
      6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салықтық тексеруді жүзеге асыру барысында салық төлеушіден (салық агентінен) салықтық құқық бұзушылықтар жасағаны туралы куәландыратын құжаттарды алуды жүргізуге;
      7) нұсқама негізінде оның болған орнына қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруге, салық салушының (салық агентінің) мүлкіне, оның ішінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен арнайы құралдарды (фото-, аудио-, бейнеаппаратураны) қолдана отырып, түгендеу жүргізуге (тұрғын үй-жайлардан басқа);
      8) мыналарға:
      салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне);
      осы Кодекстің 43-бабына сәйкес қызметті тоқтатқан кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі қолданылатын дара кәсіпкерге;
      мекен-жайы (тұрғылықты орны) бойынша жоқтығы туралы салықтық зерттеу актісінің негізінде оны беру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнен кейін үш ай ішінде салық есептілігін бермеген салық төлеушіге (салық агентіне);
      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен әрекетсіз заңды тұлғаға, жеке кәсіпкерге;
      заңды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген тұлғаға және оның зайыбына (жұбайына);
      мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамға және оның еріне (зайыбына);
      жазаны өтеуден шартты-мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер алуға;
      9) жанама әдіспен салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен айқындауға;
      10) салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талаптар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талаптарды ұсынуға құқылы.
      2. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жүктелген міндеттерді іске асыруды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
      3. Салық қызметі органдарының осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтары бар.

      17-бап. Салық қызметі органдарының міндеттері

      1. Салық қызметі органдары:
      1) салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтауға;
      2) мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
      3) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық төлеушінің салық міндеттемесін, салық агентінің - салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті орындауына салық бақылауын, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың толық есептелуі мен уақтылы төленуін, міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталуы мен аударылуын бақылауды жүзеге асыруға;
      4) салық төлеушілердің, салық салу объектілерінің және салық салуға байланысты объектілердің есебін, есептелген, аударылған және төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есебін жүргізуге;
      5) өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге;
      6) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, салық нысандарын толтыру тәртібін түсіндіруге;
      7) салық төлеушіге (салық агентіне) мемлекеттік қызметтер көрсетудің уәкілетті орган бекіткен стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктер мен өтініштерді беруге қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді беруге;
      8) нұсқама бойынша қатаң түрде салықтық тексеруді жүргізуге;
      9) артық төленген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдарды, есепке жатқызылған қосылған құнға салықтың есептелген салықтың сомасынан асып түсуін есепке алуды және (немесе) қайтаруды, осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде айыппұлды қайтаруды жүргізуге;
      10) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салықтық құпияны сақтауға;
      11) осы Кодексте көзделген мерзімде және жағдайларда салық міндеттемесінің орындалуы жөнінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама беруге;
      12) салық төлеушінің (салық агентінің) салық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (болуы) туралы, резидент емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беруге;
      13) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық есептілігін және салықтық өтінішті қабылдауға;
      14) салық төлеушіден (салық агентінен) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды талап етуге және өз құзыреті шегінде осы талаптардың орындалуын бақылауға;
      15) салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішін алған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке шотынан салық міндеттемесінің орындалуы жөнінде бюджетпен есеп айырысу жай-күйі туралы үзінді көшірмені беруге;
      16) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында салық төлеушіге (салық агентіне) төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпарат салық органына көрсетілген ақпарат үшін өтініш жасаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынуға;
      17) салық төлеушіге салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу фактісін растайтын құжаттардың немесе құжаттар көшірмелерінің бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
      18) салық төлеушіге (салық агентіне) өзінің жеке шотын көру үшін рұқсат беруге;
      19) салық төлеушінің талап етуі бойынша салық міндеттемесінің орындалуы жөніндегі есептемелерді салыстыруды жүргізуге, осы Кодексте көзделген тәртіппен жеке шотқа түзетулер енгізуге;
      20) уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
      21) бұқаралық ақпарат құралдарында осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің), сондай-ақ әрекетсіз заңды тұлғалардың және заңды күшіне енген үкімнің не күші жойылмаған сот қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған салық төлеушілердің тізімдерін жариялауға;
      22) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату тәртібінің сақталуын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның тиісті мемлекеттік органға берілу толықтығы мен уақтылығын, сондай-ақ ол сатылған жағдайда бюджетке ақшаның түсу толықтығы мен уақтылығын бақылауды жүзеге асыруға;
      23) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
      24) салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және осы Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін өндіріп алуға;
      25) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға арналған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешімін, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекеттерін (әрекетсіздігін) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде қарауға;
      26) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес салық төлеушіге (салық агентіне) әкімшілік айыппұлдар салуға міндетті.
      2. Салықтық тексеру барысында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару фактілері, сондай-ақ қылмыс белгілерін көрсететін әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарының тергеуіне жататын материалдарды жібереді.
      3. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

      18-бап. Мүдделер қақтығысы

      Салық қызметі органдары лауазымды адамының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-қарындастары, балалары) немесе жекжаты (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апа-қарындастары, ата-анасы мен балалары) болып табылатын салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты, сондай-ақ қаржылық жағынан тікелей немесе жанама мүдделілігі бар болса, қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.

      19-бап. Кеден органдарының салықтар алу жөніндегі
              өкілеттігі

      Кеден органдары осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар өткізуге байланысты төленуі тиіс салықтарды алуды жүзеге асырады.

      20-бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері

      1. Кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері (бұдан әрі - әкімдер) салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлікке, көлік құралдарына салынатын салықты, жер салығын жинауды ұйымдастырады.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған салықты жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған салықты жинауды ұйымдастыру кезінде әкімдер:
      1) есептелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей салық органы есептеген салықтың сомасы туралы хабарламаны салық төлеушіге тапсыруды;
      2) салық төлеушіге - жеке тұлғаға салық сомасын төлеу фактісін растайтын түбіртек беруді;
      3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, салық сомасын кейіннен бюджет есебіне жатқызу үшін күн сайын өткізуді қамтамасыз етеді. Егер күн сайынғы ақша түсімі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болса, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде елді мекенде ақша өткізу үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;
      4) түбіртектердің дұрыс толтырылуын және сақталуын;
      5) салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өткізу туралы есептерді беруді қамтамасыз етеді.

      21-бап. Салық қызметі органдарының уәкілетті мемлекеттік
               органдармен өзара іс-қимылы

      1. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасайды, бірлескен бақылау шараларын қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
      2. Уәкілетті мемлекеттік органдар салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық қызметі органдарына жәрдемдесуге міндетті.
      3. Салық қызметі органдары мен кеден органдары өздеріне жүктелген салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді өзара іс-әрекет жасау арқылы орындайды.
      4. Салық қызметі органдары мен жергілікті атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша бір-бірімен өзара іс-әрекет жасайды.
      5. Уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алу жөніндегі өкілеттіктері осы Кодекстің ерекше бөлімінде айқындалады.
      6. Салық қызметі органдары осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы.

      22-бап. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдарын
              материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және
              әлеуметтік қорғау

      1. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңмен қорғалады.
      2. Салық қызметі органдары лауазымды адамының заңды талаптарын орындамау, оның қызметтік жұмысына байланысты тіл тигізу, қорқыту, зорлық көрсету немесе салық қызметі органдары лауазымды адамының немесе оның отбасы мүшелерінің өміріне, денсаулығына, мүлкіне қол сұғушылық, салық қызметі органдары лауазымды адамының қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін басқа да іс-қимылдар заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
      3. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметі органдарының лауазымды адамының денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді, кейін бұл сома Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кінәлі адамдардан өндіріп алынады.
      4. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының денсаулығына кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтін ауыр зиян келген жағдайда, оларға республикалық бюджет қаражатынан, кінәлі адамдардан кейін сомасы өндіріп алынатын, бес жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшері арасындағы айырма (өмір бойы) төленеді.
      5. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне):
      1) қаза тапқан адамның соңғы лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;
      2) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуына байланысты және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
      6. Қызметтік міндеттерін орындауына байланысты салық қызметі органдары лауазымды адамдарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды адамдарының отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян, осы сома кейін кінәлі адамдардан өндіріп алына отырып, республикалық бюджет қаражатынан толық көлемінде өтеледі.

4-тарау. Салық салу мәселелері жөніндегі
      консультациялық кеңес

      23-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес (бұдан әрі - Консультациялық кеңес) консультативтік-кеңесші орган болып табылады және салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлелсіздіктерді және қайшылықтарды жою, сондай-ақ салықты және бюджет төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылады.
      2. Консультациялық кеңестің шешімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындауды тапсыруға құқылы.

      24-бап. Консультациялық кеңестің құрамы

      1. Консультациялық кеңестің құрамына жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Мемлекеттік органнан Консультациялық кеңестің мүшесі бірінші басшыдан немесе оның орынбасарынан төмен болмауы тиіс. Консультациялық кеңестің құрамына салық саясаты, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдар, әділет, прокуратура, қаржы полициясы органдары, Жоғарғы Сот өкілдерінің енгізілуі міндетті.
      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінен Консультациялық кеңес мүшелерінің саны Консультациялық кеңестің төрағасын санамағанда, мемлекеттік органдардан Консультациялық кеңес мүшелерінің санына тең.

      25-бап. Шешім қабылдау рәсімі

      1. Консультациялық кеңесті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады.
      2. Консультациялық кеңес туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2-бөлім. Салық міндеттемесі 5-тарау. Жалпы ережелер

      26-бап. Салық міндеттемесі

      1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық тіркелімдерін қоспағанда, салық нысандарын жасауға, салық органына белгіленген мерзімде салық нысандарын тапсыруға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
      2. Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден - оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және осы Кодексте көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.

      27-бап. Салық салу объектісі және (немесе) салық салуға
              байланысты объект

      Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.

      28-бап. Салық базасы

      Салық базасы дегеніміз салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы айқындалады.

      29-бап. Салық ставкасы

      1. Салық ставкасы салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық есептеулерінің шамасын білдіреді.
      2. Салық ставкасы салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.

      30-бап. Салық кезеңі

      Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол біткен соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге тиіс басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.

6-тарау. Салық міндеттемесін орындау

      31-бап. Салық міндеттемесін орындау

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады.
      2. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:
      1) салық органына тіркеу есебінде тұрады;
      2) салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізеді;
      3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базалары мен салық ставкаларын негізге ала отырып, салық және бюджетке төленуге тиіс басқа да міндетті төлемдер сомасын есептейді;
      4) салық нысандарын (салық тіркелімдерін қоспағанда) жасайды және осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына ұсынады;
      5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және аударылған сомасын, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.
      3. Салық міндеттемесін салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде орындауы тиіс.
      Салық міндеттемесін орындамаған жағдайда салық төлеуші өсімпұлдар мен айыппұлдар төлейді.
      4. Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
      5. Салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда орындалатын өсіпақылар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеме банктен немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда - салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген сәттен бастап орындалған болып саналады.
      6. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.
      7. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып саналады.
      8. Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсіпақылар мен айыппұлдар төлеу жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 600-бабында белгіленген тәртіппен есептер жүргізу жолымен орындалуы мүмкін.
      9. Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу жөніндегі міндеттеме Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың ережелерінде төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, теңгемен орындалады.

      32-бап. Салық міндеттемесін орындау кезінде салықты
              және бюджетке төленетін басқа да міндетті
              төлемдерді есептеудің ерекшеліктері

      1. Төлем көзінен ұсталатын салықтың сомасын есептеуді салық агенті жүзеге асырады.
      2. Осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу жөніндегі міндет салық органына және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктелуі мүмкін.

      33-бап. Салық міндеттемесін орындау мерзімі

      Салық міндеттемесін орындау мерзімдері осы Кодекспен белгіленеді. Бұл ретте, осы Кодексте белгіленген мерзімнің өтуі оның басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңды іс-әрекеттен кейін келесі күні басталады. Мерзім осы Кодексте белгіленген кезең аяқталған күнінің соңында бітеді. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

      34-бап. Салық берешегін өтеу тәртібі

      Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) есептеп қосылған өсімпұлдар;
      2) бересі сомасы;
      3) айыппұлдар сомасы.

      35-бап. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде
              салық берешегінің орындалуы

      1. Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру процесінде алынуға тиіс (алынған) кірістер, төленуге тиіс (жүргізілген) шығыстар және сенімгерлік басқарушы сатып алған және (немесе) алған мүлік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының не сенімгерлік басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының кірістері, шығыстары және мүлкі болып табылады.
      Сенімгерлік басқарушының сыйақы түріндегі кірісі мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының не сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда пайда алушының шығыстары болып табылады.
      Осы тармақта көзделген шығыстарды шегергендегі сенімгерлік басқарушының орындауына жататын салық міндеттемесінің сомасына азайтылған табыстар мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының не сенімгерлік басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлік басқарудан алынған таза табысы болып табылады.
      2. Сенімгерлік басқарудың туындауына негіздеме болып табылатын құжатта көзделген сыйақы сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарудан алынған табысы болып табылады. Сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға байланысты шығыстар, егер көрсетілген құжатта пайда алушының есебінен сенімгерлік басқарушының шығыстарын өтеу көзделмеген болса, сенімгерлік басқарушының шығыстары болып танылады.
      3. Сенімгерлік басқарушының салық міндеттемесін орындауы, егер сенімгерлік басқарудың туындауына негіздеме болып табылатын құжатта өзгеше көзделмесе, мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының не сенімгерлік басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда аушының салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
      Егер салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есептеу, төлеу немесе ұстау жөніндегі міндеттемені орындау сенімгерлік басқарушыға жүктелген болса, онда мұндай сенімгерлік басқарушы осы Кодекстің 578-бабында белгіленген тәртіппен тіркеу есебіне тұруға тиіс.
      4. Егер бұл сенімгерлік басқарудың туындауына негіздеме болып табылатын құжатта көзделген болса, пайда алушы өзінде туындайтын салық міндеттемесін осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес орындайды.
      5. Сенімгерлік басқарушы мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде салықтық міндеттемелерді орындау мақсатында осы Кодекстің 58-бабына сәйкес бөлек есеп жүргізуге міндетті.
      6. Сенімгерлік басқарушыға сенімгерлік басқарушы құрылтайшысының не сенімгерлік басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті беруі осындай мүлікті сатуы болып табылмайды және сенімгерлік басқарушының табысы болып танылмайды.
      7. Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқарудың туындауына негіздеме болатын құжаттың қолданылуы тоқтаған кезде сенімгерлік басқаруға алған мүлікті қайтару осындай мүлікті сатуы болып табылмайды және сенімгерлік басқарушы құрылтайшысының не сенімгерлік басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда аушының табысы (шығыны) болып танылмайды.
      8. Салық сомасын есептеуді және төлеуді немесе ұстауды сенімгерлік басқарушы осы Кодекстің ерекше бөлігінде сенімгерлік басқарушы болып табылатын адам үшін белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен жүргізеді.

      36-бап. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде
              салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

      1. Осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында көзделген декларацияны беру жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаның мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде осындай декларацияны жасау және тапсыру жөніндегі салық міндеттемесін осы жеке тұлға орындайды.
      2. Заңды тұлға, жеке кәсіпкер сенімгерлік операциялар бойынша банктен алған табыс бойынша салық міндеттемесін дербес орындайды.
      3. Жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның сенімгерлік операциялар бойынша банктен алған табыс бойынша салық міндеттемесін банк салық агентінің міндеттерін орындау түрінде орындайды.

      37-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін,
              сондай-ақ резидент емес заңды тұлға Қазақстан
              Республикасында қызметін тоқтатқан кезде орындау

      1. Резидент заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бұл туралы жазбаша хабарлайды.
      2. Аралық тарату теңгерімі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде таратылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір уақытта:
      1) құжаттық тексеру жүргізу туралы өтініш;
      2) таратудың салық есептілігін;
      3) қосылған күн салығын төлеуші ретінде тіркелуі туралы куәлік немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіште түсініктеме (қосылған құнға салық төлеуші болып табылған жағдайда) береді.
      3. Таратудың салық есептілігі салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасалады, олар бойынша таратылатын заңды тұлға осындай өтінішті ұсынған күнге дейін құжаттық тексеру жүргізу туралы өтініш ұсынылған салық кезеңінің басынан бергі кезеңде төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылады.
      4. Таратылатын заңды тұлға таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуді салық органына таратудың салық есептілігін ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде жүргізеді.
      Таратудың салық есептілігінің алдында ұсынылған салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      5. Құжаттық тексеруді салық органдары таратылатын заңды тұлғаның өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауы тиіс.
      6. Таратылатын заңды тұлғаның, оның ішінде осы баптың 4 және 11-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салық берешегі оның ақшасы, оның ішінде оның мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің де салық берешегі, осындай резидент емес заңды тұлға таратылатын тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы тұрақты мекемелердің, филиалдардың, өкілдіктердің тобы бойынша жиынтық түрде салық міндеттемелерін орындаған жағдайда резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің, филиалдарының, өкілдіктерінің салық берешегі өтеледі.
      7. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық берешегін толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.
      8. Егер таратылатын заңды тұлғада салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 600-бабында белгіленген тәртіппен таратылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебіне есептеуге жатқызылады.
      9. Егер таратылатын заңды тұлғада есепке жатқызылған қосылған құн салығынан есептелген салық сомасынан асып түсетін сомасы бар болса, онда көрсетілген асып түсу осы Кодекстің 273-бабында белгіленген тәртіппен таратылатын заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс.
      10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомалары осы Кодекстің 603-607-баптарында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс.
      11. Таратудың салық есептілігін берген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесі туындаған жағдайда таратылатын заңды тұлға осындай салық міндеттемесін осы Кодекстің 608-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында белгіленген салық органының хабарламасы негізінде орындауға міндетті.
      12. Құжаттық тексеру аяқталғаннан және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жөніндегі берешек толық көлемде өтелгеннен кейін таратылатын заңды тұлға әділет органына ұсыну үшін өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) тарату теңгерімін;
      2) банктің және (немесе) жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымның бар банктік шоттарды жабу туралы анықтамасын ұсынады.
      Налоговый орган обязан выдать справку налогоплателыцику об отсутствии налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам и социальным отчислениям в порядке и сроки, которые установлены настоящим Кодексом.
      13. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тоқтататын құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салық міндеттемесін орындау осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      38-бап. Резидент заңды тұлғаның қызметін тоқтататын
              құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін
              орындау

      1. Резидент заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесін тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына бір уақытта:
      1) қызметті тоқтату туралы салық өтінішін;
      2) құрылымдық бөлімшені тарату туралы шешімнің көшірмесін;
      3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, құрылымдық бөлімшенің таратудың салық есептілігін береді.
      2. Егер заңды тұлғаның таратылатын құрылым бөлімшесі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды дербес төлеуші болып танылса, онда заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тарату туралы шешім ұсынылған салық кезеңінің басынан бергі кезеңге заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тарату туралы өтініш берілген күнге дейін тиісті таратудың салық есептілігі жасалады.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, міндетті зейнетақы төлемдерін және әлеуметтік аударымдарды төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі ұсынылған күннен бастап он жұмыс күніне кешіктірмей заңды тұлғаның таратылатын құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.
      Таратудың салық есептілігінің алдында ұсынылған салық есептілігінде көрсетілген салықты, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу таратудың салық есептілігі ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      4. Егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі салықты, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды дербес төлеуші болып танылмаса, онда таратудың салық есептілігі ұсынылмайды.
      5. Таратылатын құрылымдық бөлімшенің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.
      6. Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек толық көлемде өтелгеннен кейін таратылатын құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлға осы құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына банктің және (немесе) банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметін тоқтататын құрылымдық бөлімшенің бар банктік шоттарын жабу туралы анықтамасын ұсынады.
      Салық органы салық төлеушіге осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама беруге тиіс.

      39-бап. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық
              міндеттемесін орындау

      1. Заңды тұлға қайта құруды қоспағанда, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өзінің орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлайды.
      2. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі оның салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгертуге негіз болып табылмайды.
      3. Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 600-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебінен есепке алынуға тиіс.
      4. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған кезде артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүлікке үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуы тиіс.
      5. Бөлу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылатын тұлғаны қоспағанда, қайта ұйымдастырылатын тұлға уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілген тұлғаны Қазақстан Республикасы Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тастаған күннен бастап өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір уақытта:
      1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы уәкілетті мемлекеттік орган бұйрығының көшірмесін;
      2) қосылған құнға салық төлеуші ретінде тіркелуі туралы куәлік немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіште түсініктеме (қосылған құнға салық төлеуші болып табылған жағдайда) береді.
      6. Салық органы осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заңды тұлға мынадай жолмен қайта ұйымдастырылған жағдайда:
      біріктіру - жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны беру актісі негізінде жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына береді;
      қосу - қосылған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны беру актісі негізінде заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына береді;
      бөлу - бөлінген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны бөлу теңгерімі негізінде жаңадан құрылған заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша салық органына береді;
      бөліп шығару - бөліп шығарылған заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны бөлу теңгерімі негізінде жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына береді.
      Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның сальдосын беру тәртібі осы Кодекстің 596-бабында белгіленеді.

      40-бап. Бөлу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде заңды
              тұлғаның салық міндеттемесін орындау
              ерекшеліктер

      1. Заңды тұлға бөлу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде бөлу теңгерімі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір уақытта:
      1) құжаттық тексеру жүргізу туралы өтініш;
      2) таратудың салық есептілігін ұсынады.
      2. Таратудың салық есептілігі салықтың түрлері, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасалады, олар бойынша қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға құжаттық тексеру жүргізу туралы өтінішті ұсынған күнге дейін құжаттық тексеру жүргізу туралы өтініш ұсынылған салық кезеңінің басынан бергі кезеңде төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылады.
      3. Таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуді қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігін ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      Таратудың салық есептілігінің алдында ұсынылған салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      4. Құжаттық тексеруді салық органдары қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауы тиіс.
      5. Бөлу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) қосылған құнға салық төлеуші ретінде тіркелуі туралы куәлік немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіште түсініктеме (қосылған құнға салық төлеуші болып табылған жағдайда);
      2) банктің және (немесе) жекелеген банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бар банктік шоттарды жабу туралы анықтамасын тапсырады.
      Салық органы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаға осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы анықтама беруге тиіс.

      41-бап. Қызметін тоқтататын жеке кәсіпкердің салық
              міндеттемесін орындау

      1. Жеке кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір уақытта:
      1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салық өтінішін;
      2) таратудың салық есептілігін;
      3) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлік немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіште түсініктеме;
      4) қосылған құнға салық төлеуші ретінде тіркелуі туралы куәлік немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіште түсініктеме (қосылған құнға салық төлеуші болып табылған жағдайда);
      5) жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты береді.
      2. Таратудың салық есептілігі салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасалады, олар бойынша қызметін тоқтататын жеке кәсіпкер осындай өтінішті ұсынған күнге дейін құжаттық тексеру жүргізу туралы өтініш ұсынылған салық кезеңінің басынан бергі кезеңде төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылады.
      3. Таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді қызметін тоқтататын жеке кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігін ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      Таратудың салық есептілігінің алдында ұсынылған салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      4. Құжаттық тексеруді салық органдары қызметін тоқтататын жеке кәсіпкердің өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауы тиіс.
      5. Қызметін тоқтататын жеке кәсіпкердің салық берешегі оның ақшасы, оның ішінде оның мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің де салық берешегі өтеледі.
      6. Егер қызметін тоқтататын жеке кәсіпкерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 600-бабында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтататын жеке кәсіпкердің салық берешегін өтеу есебіне есептеуге жатқызылады.
      7. Қызметін тоқтататын жеке кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомалары осы Кодекстің 603-607-баптарында белгіленген тәртіппен осы жеке кәсіпкерге қайтарылуға тиіс.
      8. Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі толық көлемде өтелген жағдайда қызметін тоқтататын жеке кәсіпкердің салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін орындалды деп саналады.
      9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесінің орындалған күні салық органындағы тіркеу есебінен жеке кәсіпкерді шығару күні болып табылады.
      10. Қызметін тоқтатқан жеке кәсіпкер салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегін толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) банктің және (немесе) жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымның бар банктік шоттарды жабу туралы анықтамасын;
      2) жеке кәсіпкердің мөрін жою туралы құжатты (ол болған кезде) тапсыруға міндетті.
      11. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 43-бабына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде оларға қатысты салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі белгіленген жеке кәсіпкерлерге қолданылмайды.

      42-бап. Қызметін тоқтататын жеке нотариустың,
              адвокаттың салық міндеттемесін орындау

      Нотариалдық, адвокаттық қызметі тоқтатылған кезде жеке нотариустың, адвокаттың салық міндеттемесін орындау көрсетілген баптың 5-тармағын қоспағанда, осы Кодекстің 41-бабының 1-4, 6-10-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде салық төлеушілердің
              жекелеген санаттарының салық міндеттемесін
              орындаудың ерекшеліктері

      1. Бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда тіркеу есебінде тұрған жері немесе орналасқан жері бойынша салық органына бір уақытта:
      1) қызметін тоқтату туралы салық өтінішін;
      2) таратудың салық есептілігін;
      3) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлік немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіште түсініктеме береді.
      2. Таратудың салық есептілігі салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасалады, олар бойынша жеке кәсіпкер осындай өтінішті ұсынған күнге дейін қызметін тоқтату туралы өтініш ұсынылған салық кезеңінің басынан бергі кезеңде төлеуші (салық агенті) болып табылады.
      3. Таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеуді салық төлеуші салық органына таратудың салық есептілігін ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      Таратудың салық есептілігінің алдында ұсынылған салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      4. Егер салық төлеушіде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 603 және 607-баптарында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуы тиіс.
      5. Салық органы салық төлеушінің қызметін тоқтату туралы өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
      1) уәкілетті мемлекеттік органдарға - қызметін тоқтататын жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен жасалған мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді ұсыну туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы;
      2) кеден органдарына - қызметін тоқтататын жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен жасалған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ салық және кеден төлемдері бойынша салық органының талаптарын алатын күннен бұрын емес күнге берешегінің жоқтығы туралы анықтаманы ұсыну туралы;
      3) банктерге және (немесе) банктік операциялардың жекелеген турлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметін тоқтату туралы өтініш алынған күнге қызметін тоқтататын жеке кәсіпкердің банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер ұсыну туралы талап жіберуге міндетті.
      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ ағымдағы шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық төлеушіні салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін салық органының қызметті тоқтату туралы өтінішті алған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде ұсынылады.
      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген салық органының талаптары оны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей орындалуы тиіс.
      7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей камералық бақылауды жүзеге асыруға міндетті, оның нәтижелері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасалады.
      8. Қызметін тоқтататын жеке кәсіпкердің салық берешегі көрсетілген жеке кәсіпкердің ақшасы, оның ішінде оның мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
      9. Егер қызметін тоқтататын жеке кәсіпкерде артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 600-бабында белгіленген тәртіппен осы жеке кәсіпкердің салық берешегін өтеу есебінен есепке алынуға тиіс.
      10. Қызметін тоқтататын жеке кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомалары осы Кодекстің 603 және 607-баптарында белгіленген тәртіппен осы жеке кәсіпкерге қайтарылуға тиіс.
      11. Мынадай шарттар орындалған кезде жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған болып саналады:
      1) камералық бақылаудың аяқталуы, оның күні осы Кодекстің 588-бабына сәйкес айқындалады;
      2) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті толық көлемде өтеу.
      12. Осы баптың 11-тармағында көзделген шарттар орындалған кезде соңында басталатын күндердің бірі жеке кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.
      13. Қызметі тоқтатылған болып саналатын жеке кәсіпкер салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) банктің және (немесе) жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымның бар банктік шоттарды жабу туралы анықтамасын;
      2) жеке кәсіпкердің мөрін жою туралы ішкі істер органдарының құжатын (ол болған кезде) тапсыруға міндетті.

      44-бап. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған жеке тұлғаның
              салық міндеттемесін орындауы

      1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі соттың күшіне енген шешімі негізінде хабар-ошарсыз кетті деп таныған сәттен бастап тоқтатыла тұрады.
      2. Сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған жеке тұлғаның салық берешегін хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлғаның мүлкіне қорғаншылық жасау жөніндегі міндет жүктелген адам өтейді.
      3. Егер хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда оның салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.
      4. Сот адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы шешімнің күшін жойған кезде Осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші сот тәртібімен қайта басталады.

      45-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу

      1. Қайтыс болған жеке тұлғаның ол қайтыс болған күнгі, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялау сәтіндегі жиналып қалған салық берешегін оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүлік құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар өтейді.
      Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған жеке адамның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.
      2. Мұрагері (мұрагерлері) жоқ болған жағдайда жеке тұлғаның ол қайтыс болған күнгі немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялау сәтіндегі жиналып қалған салық берешегі өтелмеген болып саналады.
      Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімнің күшін жойған кезде Осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші сот тәртібімен қайта басталады.
      3. Осы баптың ережелері қайтыс болған немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болған деп жарияланған дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокаттарға қолданылады.

      46-бап. Салық міндеттемесі және талап ету бойынша талап
              қою мерзімі

      1. Салық міндеттемесі және талап ету бойынша талап қою мерзімі:
      1) салық органы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын аударуға немесе есептелген, аударылған сомасын қайта қарауға құқылы;
      2) салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс етуге, салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салық есептілігін кері қайтарып алуға құқылы уақыт кезеңі;
      3) салық төлеуші (салық агенті) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке алуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;
      4) салық қызметінің органы салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке алуды және қайтаруды жүргізуге міндетті.
      2. Салық міндеттемесі және талап ету бойынша талап қою мерзімі бес жылды құрайды. Салық міндеттемесі бойынша талап қою мерзімінің өтуі осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.
      3. Соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе күші жойылмаған қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есептеуді немесе есептелген сомасын қайта қарауды салық қызметі органы соттың өкімі не күші жойылмаған қаулы заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде жүргізеді.
      4. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі күнтізбелік бір жылдан аз уақытта бітетін кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің осындай қосымша салық есептілігін беру жолымен өзгертілген сомасын есептеу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде көрсетілген талап қою мерзімі бір күнтізбелік жылға ұзартылады.
      5. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық органдарының есепке алуына және (немесе) қайтаруына жататын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар бойынша есепке алуды және (немесе) қайтаруды жүргізу үшін талап қою мерзімі осы Кодекстің 549-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жылды құрайды.
      6. Осы бапта белгіленген салық міндеттемесі және талап ету бойынша талап қою мерзімі біткен жағдайда салық төлеуші (салық агенті) заңнамада белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға арналған шағымын қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасайтын кезеңде талап қою мерзімі арызды, талап қоюды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағым жасалатын бөлігінде ұзартылады.

7-тарау. Салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін
орындау мерзімінің өзгертілуі

      47-бап. Жалпы ережелер

      1. Салықты (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан) төлеудің осы Кодекспен белгіленген мерзімін салық төлеушінің негізделген өтініші негізінде, неғұрлым кеш мерзімге, бірақ он екі күнтізбелік айдан асырмай ауыстыру салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады.
      Салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы өтініш салықты төлеу мерзімін ауыстыру себебін қамтуы тиіс.
      2. Өзгертілген мерзім бойынша салық міндеттемесін орындау құқығы басқаға берілуге тиіс емес.
      3. Салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту, осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушіні осы Кодекстің 610-бабына сәйкес салық сомасын уақтылы төлемегені үшін өсімпұл төлеуден босатпайды.
      4. Салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту осы тарауда белгіленген тәртіппен салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.

      48-бап. Салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін
              орындау мерзімін өзгерту туралы шешім
              қабылдауға уәкілетті орган

      1. Республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
      2. Жергілікті бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органы қабылдайды.

      49-бап. Банк кепілдігі арқылы салықты төлеу жөніндегі
              салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту
              тәртібі

      1. Банк кепілдігі арқылы салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық қызметі органына банк кепілдігі шартын жасасқан күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді. Өтінішке кепілгер банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі.
      2. Банк кепілдігі кері қайтарып алынбайтын болуы тиіс. Банк кепілдігі шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында банк кепілдігі шартын тіркеу көзделген болса, салық төлеуші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде тіркегеннен кейін оны салық қызметі органына ұсынады.
      3. Салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей салық қызметі органы қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай:
      1) салық төлеушімен келісілген салықты төлеу мерзімін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау кестесін қоса бере отырып, салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы;
      2) салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
      4. Салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешім ол бойынша өзгертілген төлеу мерзімі, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі мен шешімнің қолданылу мерзімі салықтың түрі мен сомасына нұсқауды қамтуы тиіс.
      5. Салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуден бас тарту туралы шешім салық төлеуші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда қабылданады.

      50-бап. Мүлікті кепілге алу арқылы салықты төлеу
              жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін
              өзгерту тәртібі

      1. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу арқылы салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық қызметі органына кепілдік шартын жасасқан күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді. Өтінішке кепілдік шарты мен кепілдік мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі қоса беріледі.
      2. Салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей салық қызметі органы қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай:
      1) салық төлеушімен келісілген салықты төлеу мерзімін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау кестесін қоса бере отырып, салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы;
      2) салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
      3. Салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешім ол бойынша өзгертілген төлеу мерзімі, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі мен шешімнің қолданылу мерзімі салықтың түрі мен сомасына нұсқауды қамтуы тиіс.
      4. Салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуден бас тарту туралы шешім салық төлеуші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда қабылданады.

      51-бап. Мүлік кепілдігі шартын жасасу тәртібі

      1. Мүлік кепілдігі шарты салық төлеушінің кепілдік шартын жасасу туралы жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға және салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органы арасында жасалады.
      Бағалаушының кепілге қойылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеуші кепілдік шартын жасасу туралы жазбаша өтініш берген күнге дейін он бес күнтізбелік күннен бұрын емес жасалуы тиіс.
      2. Мүліктің кепілдік шарты мынадай шарттар сақталған кезде жасалады:
      1) кепілдік шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келсе;
      2) кепілге қойылатын мүлік өтімді, жойылудан немесе зақымданудан сақтандырылған және оның нарықтық құны оны өндіріп алу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, бюджетке төленуге тиіс салықтың сомасынан кем болмауға тиіс болуы тиіс. Мыналар кепілдік заттары бола алмайды:
      тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
      энергияның электр, жылу және өзге де түрлері;
      тыйым салынған мүлік;
      мемлекеттік органдар қойған шектеулері бар мүлік;
      үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
      жылдам бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері;
      мүліктік құқықтар;
      3) кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мүлік кепілдігі шартын міндетті мемлекеттік тіркеу көзделген жағдайда салық төлеуші кепілдік шартын жасасқаннан кейін тиісті тіркеу органында оның тіркелуін қамтамасыз етеді және салықты төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдайтын салық қызметі органына кепілдік шартының тіркелгенін растайтын құжатты дереу ұсынады.

      52-бап. Салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін
              орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдердің
              қолданылуын тоқтату

      1. Салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы онда белгіленген қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылады.
      2. Салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық төлеуші салықтың бүкіл сомасын шешімде белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлеген жағдайда немесе салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау шарттарын бұзған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      53-бап. Салық төлеушінің кепілге салынған мүлкінен
              өндіріп алу және оны өткізу, банк кепілдігінің
              орындалуын талап ету тәртібі

      1. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлік кепілдігімен және (немесе) банк кепілдігімен қамтамасыз етілген салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертудің шарттары бұзылған жағдайда салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкін өндіріп алуға не банк кепілдігінің орындалуын талап етуге құқылы.
      2. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін өткізу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мәжбүрлі сотсыз тәртіппен жүргізіледі.

8-тарау. Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері

      54-бап. Салық міндеттемесін тоқтату

      1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі:
      1) қайтыс болғанда;
      2) күшіне енген сот шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады.
      2. Жеке кәсіпкердің салық міндеттемесі жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.
      3. Заңды тұлғаның салық міндеттемесі:
      1) таратылғаннан кейін;
      2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.

2. ЕРЕКШЕ БӨЛІМ 3-бөлім. Негізгі ережелер

      55-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
              төлемдердің түрлері

      Салық және басқа да міндетті төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.

9-тарау. Салық есебі

      56-бап. Салық есебі және есеп құжаттамасы

      1. Салық есебі - салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелендіру, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және салық есептілігін жасау мақсатында салық төлеушінің осы Кодекстің талаптарына сәйкес есеп құжаттамасын жүргізу процесі.
      2. Салық есебі бухгалтерлік есеп деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.
      3. Салық төлеуші салық есебін дербес ұйымдастырады және салық мақсатында салық тіркелімдері түрінде мыналарды:
      1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсаттары үшін есепке алу тәртібі туралы толық және дұрыс ақпаратты қалыптастыруды;;
      2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының толық жазылуын;
      3) салық есептілігінің дұрыс жасалуын;
      4) салық бақылауы үшін салық қызметі органдарына ақпарат беруді қамтамасыз ететіндей түрде ақпаратты қорыту мен жүйелендіру нысандарын айқындайды.
      4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есеп саясатын дербес әзірлейді және бекітеді.
      5. Салықтық есеп саясаты - салық төлеуші (салық агенті) қабылдаған, осы Кодекстің талаптарын сақтай отырып, салық есебін жүргізу тәртібін белгілейтін құжат.
      Салықтық есеп саясаты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес әзірленген есеп саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.
      6. Есеп құжаттамасы өзіне:
      1) бухгалтерлік құжаттаманы;
      2) салық нысандарын;
      3) салықтық есеп саясатын;
      4) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттар.

      57-бап. Салық есебінің ережесі

      1. Салық төлеуші осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда есептеу әдісі бойынша салықтық есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.
      2. Есептеу әдісі - есепке алу әдісі, оған сәйкес төленген уақытына қарамай табыстар мен шығыстар оларды сату және мүлікті кіріске алу мақсатында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды тиеу сәтінен бастап ескеріледі.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінің қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негізінде салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді анықтайды және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді.
      4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық салу мақсатында шетел валютасында операцияларды есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Шетел валютасындағы операция салық салу мақсатында операцияны жасау күніне валюта айырбасының нарықтық бағамын қолдана отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгеге қайта есептеледі.
      5. Салық салу мақсатында тауар-материалдық қорларды есепке алу егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      6. Айырбас шарты бойынша операция, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді анықтау мақсатында кепілге алынған тауарларды, салық міндеттемелерін кепіл ұстаушыға беру тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату ретінде қаралады.

      58-бап. Жеке салықтық есепке алуды жүргізу ережесі

      1. Осы Кодексте салық салудың түрлі шарттары көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші осындай қызмет түрлері бойынша жеке салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек есебін жүргізуге міндетті.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 310-бабында көзделген тәртіппен келісім-шарттан тыс қызметтен бөлек келісім-шарт қызметі бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жеке салықтық есебін жүргізуге міндетті.
      3. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға (келісім-шарт қызметі) жатпайды.
      4. Осы Кодекстің 80-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда бірлескен қызмет туралы шарт қатысушыларының өкілі бірлескен қызметі және өзге қызмет бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жеке салықтық есебін жүргізуге міндетті.
      5. Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқарудың туындауының өзге жағдайларында және өзге қызметте сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының мүддесінде жүзеге асырылатын сенімгерлік басқару қызметі бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жеке салықтық есебін жүргізуге міндетті.
      6. Жеке салықтық есепке алуды салық төлеуші осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтай отырып есепке алу құжаттамасының негізінде жүргізеді.
      7. Салық төлеуші салықтық есепке алу саясатында жекелеген салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін, оның ішінде жалпы кірістер мен шығыстардың түрлерінің тізбесін, осы Кодексте салық салудың түрлі шарттары белгіленген қызмет түрлері арасында осындай кірістер мен шығыстарды бөлу әдістерін дербес белгілейді.
      Бұл ретте салық төлеушінің жалпы кірістері мен шығыстары деп жекелеген қызмет түрін жүзеге асыруға байланысты емес салықтық кезеңнің кірістері мен шығыстары түсіндіріледі, олар толық көлемде осы Кодексте салық салудың түрлі шарттары белгіленген жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің біреуіне де жатқызылмайды.
      8. Салықтық есепке алу саясатында жалпы кірістер мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбеген жағдайда салық органдары салықтық тексерулер жүргізу барысында осы Кодекстің 310-бабының 9-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен мұндай кірістер мен шығыстарды бөлуді жүзеге асырады.

      59-бап. Есепке алу құжатын жасауға және сақтауға
              қойылатын талаптар

      1. Есепке алу құжаттамасы қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда жасалады және салықтық тексеру жүргізу кезінде салық қызметі органдарына ұсынылады.
      2. Есепке алу құжаттамасын салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жасайды.
      Шетел тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы олардың мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын талап етуге құқылы.
      3. Электрондық түрде есепке алу құжаттамасын жүргізген кезде салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру барысында салық органдарының талап етуі бойынша осындай құжаттаманың қағаз тасығыштардағы көшірмелерін беруге міндетті.
      4. Есепке алу құжаттамасы осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу құжаттамасы жасалған кезеңнен кейінгі салық кезеңінен бастап осындай құжаттама жатқызылған әрбір салық түрі немесе басқа міндетті төлем үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген қуыну мерзімі өткенге дейін сақталады.
      5. Тіркелген, оның ішінде қаржы лизингі бойынша берілген (алынған) активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелетін соңғы салық кезеңі аяқталысымен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген қуыну мерзімі өткенге дейін сақталады.
      6. Салық салу мақсатында амортизацияға жатпайтын активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтердің шығып қалуы немесе толық пайдалану болған салық кезеңі аяқталысымен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
      7. Салық төлеушіні (салық агенті) - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.

      60-бап. Салықтық есеп саясатына қойылатын талаптар

      1. Салықтық есеп саясатында мынадай ережелер белгіленуі тиіс:
      1) салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлеген салықтық тіркелімдердің нысандары мен оларды толтыру тәртібі;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі;
      3) салықтық есеп саясатының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың атауы;
      4) осы Кодекстің 58-бабында белгіленген ережелерді сақтай отырып, осы Кодексте салық салудың әр түрлі шарттары көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда бөлек салық есебін жүргізу тәртібі;
      5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған жағдайда бөлек салық есебін жүргізу тәртібі;
      6) осы Кодексте көзделген корпорациялық табыс салығын есептеу мақсатында шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдап алған әдістері;
      7) хеджирленетін тәуекелдерді, хеджирленетін баптарды және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдарын, хеджирлеу тиімділігі дәрежесін бағалау әдістемесін айқындау саясаты.
      2. Бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есеп саясатын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар әзірлейді және бекітеді.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1), 4)-6) тармақшаларында көзделген салықтық есеп саясатында белгіленген ережелердің қолданылуы күнтізбелік жылға қолданылады.
      4. Салықтық есеп саясатында бұрын көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде салық төлеуші (салық агенті) салықтық есеп саясатына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі тиіс.
      5. Салықтық есеп саясатына енгізілетін өзгерісті және (немесе) толықтыруды салық төлеуші (салық агенті) мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есеп саясатын немесе есеп саясатының жаңа бөлімін бекіту;
      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес әзірленген қолданыстағы салықтық есеп саясатына немесе қолданыстағы есеп саясатының бөліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.
      6. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:
      1) тексерілетін салық кезеңінің салықтық есеп саясатына кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде;
      2) арыздар берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға арналған шағымдарды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және қарау мерзімі кезеңінде салықтық есеп саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

10-тарау. Салық нысандары

      61-бап. Салық нысандары және оларды жасау тәртібі

      1. Салық нысандары салық есептілігін, салық өтінішін және салық тіркелімдерін қамтиды.
      2. Салық нысандарын салық төлеуші, салық агенті не олардың уәкілетті өкілі қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жасайды.
      3. Қағаз жеткізгіште жасалған салық нысандарына салық төлеуші (салық агенті) не олардың өкілі қол қоюға, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің), не заңнамада белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар олардың өкілінің мөрімен куәландырылуы тиіс.
      Салық тіркелімдерін қоспағанда, электронды жеткізгіште жасалған салық нысандары салық төлеушінің (салық агентінің) не олардың өкілінің цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуы тиіс.

      62-бап. Салық нысандарын сақтау мерзімі

      1. Салық нысандары салық төлеушіде, салық агентінде осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде сақталады.
      2. Салық төлеуші, заңды тұлға-салық агенті қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін салық нысандарын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.

$ 1. Салық есептілігі

      63-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық есептілігі - салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына ұсынылатын, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
      2. Салық есептілігі өзіне салық төлеуші (салық агенті) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және ұсынуға тиіс салық декларацияларын, есептемелерді, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер ұсынатын мониторинг жөніндегі есептілікті қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау ережелерін осы Кодекстің 65-67-бабының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.
      3. Салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) бастапқы - жеке тұлға салық төлеушіні (салық агенті) мемлекеттік тіркеу жүргізілген немесе олар бойынша осы адам төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық міндеттемесі туындаған салық кезеңі үшін ұсынатын салық есептілігі;
      2) кезекті - салық төлеушіні (салық агенті) мемлекеттік тіркеу жүргізілген немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша, сондай-ақ осы тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша салық міндеттемелері туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін тұлға тапсыратын салық есептілігі;
      3) қосымша - салық кезеңі үшін бұрын берілген салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде тұлға беретін салық есептілігі, оған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ осы тұлға төлеуші (салық агенті) болып табылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша осы өзгерістер мен толықтырулар жатқызылады;
      4) хабарлама бойынша қосымша - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша жолсыздықтар анықтаған салық кезеңі үшін бұрын берілген салық есептілігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға ұсынатын салық есептілігі;
      5) тарату - тұлға қызметін тоқтатқан немесе салық төлеушіні салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша бөлу, қосылған құн салығы бойынша, сондай-ақ осы тұлға төлеуші (салық агенті) болып табылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша тіркелу есебінен алу жолымен қайта ұйымдастырған кезде ұсынатын салық есептілігі.

      64-бап. Салық есептілігін жасау ерекшеліктері

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың түрлі шарттары белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер әрбір қызмет түрі үшін жеке салық есептілігін жасайды.
      2. Осы Кодексте жеке салық есебін жүргізу қажеттілігі көзделген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте көзделген тәртіппен салық есептілігін жасайды.
      3. Егер салық төлеуші уәкілетті орган түрлі салық нысандарын белгілеген салық төлеушілердің санаттарына жатқызылса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салық нысандарын жасауға міндетті.

      65-бап. Корпорациялық табыс салығы бойынша салық
               есептілігін белгілеу ерекшеліктері

      1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мынадай әрбір санаттары үшін жеке осы декларацияға қосымшалармен корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын бекітеді:
      1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары;
      2) коммерциялық емес ұйымдар;
      3) әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
      4) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша немесе өнімді бөлу туралы келісім-шарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
      5) декларацияны жасау және ұсыну бойынша міндет белгіленген осы тармақта көрсетілмеген корпорациялық табыс салығын өзге төлеушілер.
      2. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация салық төлеушілердің жиынтық жылдық кіріске енгізілген табыстардың, шегеруге жатқызылған шығыстардың, салық салынатын кірістің (шығынның), салық салынатын кірісті азайтатын кірістер мен шығыстардың, тартатын шығындардың, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасының және салық кезеңінде есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасының корпорациялық табыс салығын декларациялауға арналған.
      Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай ақпаратты қамти алады:
      1) құнның өсуінен түсетін табыстар (шығындар) жөнінде;
      2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша кірістер мен шығыстар, міндеттемелер және талаптар, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлардың бөлінісінде есептен шығару жөнінде;
      3) сыйақылар бойынша кірістер мен шығыстар жөнінде. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі қосымша сыйақы алушылар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;
      4) сатылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстар жөнінде. Осы қосымша қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бөлінісінде белгіленуі мүмкін;
      5) өнімді қаржы құралдары бар табыстар (шығындар) жөнінде;
      6) резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөнінде;
      7) инвестициялық салық артықшылықтары жөнінде;
      8) салық салынатын кірісті азайтатын кірістер мен шығыстар жөніндегі. Осы қосымша қайтарусыз берілген мүлікті, қайырымдылық көмекті алушылар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;
      9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалатын шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөнінде;
      10) шетелдік көздерден алынатын табыстар жөнінде, оның ішінде жеңілдікті салық салуы бар елдерде алынған табыстар жөнінде, сондай-ақ шетелдік салықты есептеу сомасы жөнінде. Осы қосымша осындай табыстар алынған тұлғалар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;
      11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемесін есептеу жөнінде;
      12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатуға жататын табыстар жөнінде;
      13) корпорациялық табыс салығы бойынша декларациясы бар табыстар мен шығыстар туралы есепті салыстыру.
      3. Салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай ақпаратты қамти алады:
      1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшін құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан алынатын кірістер және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөнінде;
      2) коммерциялық емес ұйымдар үшін:
      қайтарусыз алынған (берілген) мүлік бойынша кірістер мен шығыстар жөнінде, кіру жарналары жөнінде, мүшелік жарналар жөнінде. Осы қосымша қайтарусыз мүлікті берген және алған тұлғалардың бөлінісінде, кіру жарналарын, мүшелік жарналарды салған және алған тұлғалардың бөлінісінде белгіленуі мүмкін;
      коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалатын шығыстар жөнінде;
      іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жұмсалатын шығыстар жөнінде;
      3) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар немесе өнімді бөлу туралы келісім-шарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін:
      Кен орындарын өңдеу салдарын жою қорына аударымдар жөнінде;
      таза кірісті бөлу және әрбір құрылтайшының, қатысушының үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын арттыруға бағытталған таза кіріс жөнінде;
      салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер жөнінде, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісім-шарт бойынша жеке корпорациялық табыс салығын есептеу жөнінде;
      салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді, осы Кодекстің 308-бабында көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша салық сомасын есептеу ерекшеліктері жөнінде;
      4) банктер және лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде мұндай операцияларды лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:
      тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері бөлінісінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін табыстар жөнінде;
      құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөнінде (осы Кодекстің 106-бабына сәйкес шегеруге құқығы бар тұлғалар үшін);
      жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру (сақтандыру) бойынша жарналар жөнінде.
      4. Уәкілетті орган корпорациялық табыс салығының сомасын есептеудің мынадай нысандарын бекітеді:
      1) декларация тапсырғанға дейінгі кезеңде төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есептемесін;
      2) декларация тапсырғаннан кейінгі кезеңде төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есептемесін;
      3) резиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есептемені;
      4) резидент еместің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есептемені.
      5. Осы баптың 4-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген есептемелер ағымдағы салық кезеңінде корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеуге арналған және осы Кодексте корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеу және төлеу жөніндегі міндеттеме белгіленген салық төлеушілер табыс етеді.
      6. Осы баптың 4-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген есептемелерді салық агенттері салық бақылау мақсаттары үшін пайдаланылатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты көрсету үшін ұсынады.
      Резиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есептемеге қосымша кіріс алушылар бөлінісінде мынадай:
      1) төленетін кіріс сомасы туралы;
      2) төленген кіріс сомасы туралы;
      3) корпорациялық табыс салығының ставкасы туралы;
      4) төлем көзінен ұсталатын салық сомасы туралы;
      5) нақты төленген салық сомасы туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      Резидент еместің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есептемеге қосымша кіріс алушылар бөлінісінде мынадай:
      1) салық салу объектілері туралы;
      2) салық ставкасы туралы;
      3) халықаралық шарттарды қолдану туралы;
      4) Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңі туралы; есептелген салық сомасы туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

      66-бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін
              белгілеу ерекшеліктері

      1. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және мынадай:
      1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;
      2) салық салынатын импорт сомасы;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету сомасы;
      4) есепке алуға жататын салық сомасы;
      5) салық сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;
      6) есепке алуға жатқызылған салық сомасының есептелген салық сомасынан, оның ішінде салық кезеңінің аяғында асып түсуі;
      7) салық сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуіне арналған.
      Қосылған құн салығы жөніндегі декларация есепке алуға жатқызылған салық сомасының есептелген салық сомасынан асып түсуін қайтару жөніндегі талаптар туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      2. Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымша салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты онда егжей-тегжейлі қамтуына арналған.
      Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
      1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын сату жөнінде айналымдар жөніндегі;
      2) қосылған құн салығынан босатылатын сату жөнінде айналымдар жөніндегі;
      3) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және осындай резидент емес үшін төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы жөніндегі;
      4) салық салынатын айналымды және есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.

      67-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша
              салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

      1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын бекітеді:
      1) салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай санаттары үшін осы декларацияға қосымшалармен бірге жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация:
      оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместер;
      оңайлатылған декларация негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер;
      жеке нотариустар;
      адвокаттар;
      2) салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай санаттары үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша осы декларацияға қосымшалармен бірге салық төлеушілердің әрбір санаты үшін жеке осы декларацияға қосымшалармен бірге жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация:
      оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
      оңайлатылған декларация негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер;
      3) салық төлеушілердің әрбір санаты үшін жеке осы декларацияға қосымшалармен бірге жеке табыс салығы бойынша декларация:
      патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары;
      осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар;
      төлем көзінен салық салынбайтын кірістер алатын жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлерді қоспағанда), Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде кірістер алған салық төлеушілер, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар, сондай-ақ осы Кодекстің 156-бабының 14), 15) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалар;
      4) салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай санаттары үшін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына есептелген және төленген, төлем көзінен салық салынатын дивидендтерді, сыйақыларды, ұтыстарды көрсету үшін жеке табыс салығы бойынша декларация:
      оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
      оңайлатылған декларация негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер.
      2. Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына қатысты салық агенттері болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация мынадай:
      1) жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін жеке тұлғалардың табыстары туралы;
      2) есептелген әлеуметтік жәрдемақылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар сомасынан асып түсу сомасы туралы;
      3) уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақылардың сомасы туралы (мемлекеттік мекемелер үшін);
      4) есептелген салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымша салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымша нысаны қызметкерлердің әлеуметтік салық салынатын және салынбайтын табыстарының тізбесі жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
      3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация мынадай:
      1) жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістері туралы;
      2) жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін резидент еместердің есептелген және төлеуге жататын кірістерінің сомасы туралы;
      3) жеке табыс салығы есептелетін, салық агенті шегерімге жатқызған, резидент еместердің есептелген, бірақ төленбеген кірістерінің сомасы туралы;
      4) есептелген салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы;
      5) есептелген және бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасы туралы;
      6) артық төленген жеке табыс салығының сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар кіріс алушылар бөлінісінде мынадай:
      7) Салық салу объектілері туралы;
      8) Салық ставкасы туралы;
      9) Халықаралық шарттарды қолдану туралы;
      10) Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңі туралы;
      11) Есептелген жеке табыс салығының және әлеуметтік салықтың сомасы туралы;
      12) Салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      4. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, резидент еместерді қоса алғанда, жеке кәсіпкерлердің жеке табыс салығы жөніндегі декларация жылдық жиынтық табысқа енгізілген кірістерді, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетулерін, салық салынатын кірісті (шығынды), салық салынатын кірісті азайтатын табыстар мен шығыстарды, көшірілетін шығындарды, есептелген салық сомасын декларациялауға арналған.
      Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
      1) осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағының 1)-10), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген;
      2) осы Кодекстің 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
      5. Төлем көзінен ұсталынбайтын табыстар алған жеке тұлғалардың жеке табыс салығы жөніндегі декларация төлем көзінен ұсталынбайтын жеке тұлғалардың табыстарын, салықтық шегерімдерді декларациялауға, жеке табыс салығының сомасын есептеуге арналған.
      Декларацияға қосымшалар табыстардың түрлері мен сомасы туралы, салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
      Декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
      1) мүліктік және өзге табыстар жөніндегі;
      2) адвокаттың, жеке нотариустың кірісі жөнінде;
      3) шет мемлекеттердегі көздерден алынған кірістер, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын елде алынған кірістер жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік агенттің сомасы және шетелдік салықты есепке алу жөніндегі. Осы қосымша осындай кірістер алынған адамдар бойынша белгіленуі мүмкін;
      4) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатуға жататын табыстар жөніндегі;
      5) Қазақстан Республикасынан тыс жердегі шетелдік банктерде шоттардағы ақша туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

      68-бап. Салық есептілігін ұсыну тәртібі

      1. Салық есептілігін салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына ұсынады.
      2. Егер салық төлеуші уәкілетті орган түрлі салық нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жатқызылса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салық нысандарын беруі тиіс.
      3. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
      1) өзі келу тәртібімен:
      салық есептілігі үшін - қағаз тасығышта;
      мониторинг бойынша есептілік үшін - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде;
      2) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен - қағаз тасығышта;
      3) салық есептілігін қабылдау жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде беруге құқылы.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері мониторингке жататын ірі салық төлеушілер ұсынатын мониторинг бойынша есептілікке қолданылмайды.
      4. Өзі келу тәртібімен қағаз тасығышта берген жағдайда салық есептілігі екі данада беріледі. Салық есептілігінің бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
      5. Салық есептілігінің электрондық форматының құрылымы, салық есептілігін электрондық түрде жасау және ұсынуға арналған бағдарламалық қамтым және осы бағдарламалық қамтымды жаңарту салық есептілігін беру мерзімі басталғанға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей тұрақты негізде уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
      6. Таратудың салық есептілігін ұсынғаннан кейін салық төлеушінің (салық агентінің) қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымшаны қоспағанда, келесі салық есептілігін осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық органына ұсынуға құқығы жоқ.
      Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату туралы шешімді өзгерткен жағдайда, аяқталған салық кезеңі үшін ұсынылған тарату салық есептілігі салық кезеңіндегі кезекті салық есептілігіне теңестіріледі. Тарату салық есептілігін ұсыну сәтінен бастап кейінгі салық кезеңдері үшін салық төлеуші салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде тиісті салық органдарына ұсынуға міндетті.
      7. Салық салу объектілері болмаған кезде салық есептілігі осы Кодекстің 149, 162, 185, 196, 205, 270, 364-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, берілмейді.
      Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін беру жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға қолданылады.
      8. Декларацияларға, есептеулерге қосымшалар оларда көрсетуге тиісті деректер жоқ болған кезде берілмейді.

      69-бап. Салық есептілігін кері қайтарып алу тәртібі

      1. Салық есептілігі салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу үшін есепке алу орны бойынша салық органына ұсынылған салық есептілігін қайтарып алу туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші негізінде салық органынан қайтарып алуға жатады.
      Салық есептілігін кері қайтарып алу көрсетілген салық кезеңінде берілген салық есептілігінің барлық қосымша нысандарын ескере отырып жүргізіледі. Салық есептілігін кері қайтарып алумен бір уақытта салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында тіркелген есепке алу орны (орналасқан жері) бойынша салық органы салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген (азайтылған) сомасын түзетпе жасауды жүзеге асырады.
      2. Салық төлеуші (салық агенті) мынадай:
      1) қате берілген салық есептілігін кері қайтарып алған;
      2) осы Кодекстің 38-бабына сәйкес салықтық тексеруді аяқтау басталғанға дейін қызметін жаңартқан кезде тарату салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайларда осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішті беруге құқықты.
      Осы баптың мақсаттары үшін салық есептілігінің қате берілген нысандары деп мыналар:
      валюта коды;
      салық кезеңі;
      жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың нөмірі және күні;
      резиденттік мәртебесі танылады.
      3. Салық төлеушінің мынадай:
      1) тексерілетін салық кезеңі - тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде;
      2) шағым жасалатын салық кезеңі - шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға арналған шағымда қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағымды қарау кезеңінде қате берілген салық есептілігін кері қайтарып алуына жол берілмейді.
      4. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішті берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық есептілігін кері қайтарып алуды жүргізуге және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама  жіберуге міндетті.
      5. Осы баптың ережелері мониторингке жататын ірі салық төлеушілер ұсынатын мониторинг бойынша есептілікке қолданылмайды.

      70-бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар
              енгізу

      1. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші (салық агенті) осы өзгерістер мен толықтырулар жатқызылған салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен жүргізеді.
      2. Қосымша салық есептілігінде тиісті жолдар бойынша мыналар көрсетіледі:
      1) бұрын берілген салық есептілігінің сомасы өзгерген кезде бұрын берілген және қосымша салық есептілігінде көрсетілген сома арасындағы айырма;
      2) бұрын берілген салық есептілігіндегі қалған деректерді өзгерткен кезде жаңа мән.
      3. Қосымша салық есептілігін берген кезде салық төлеуші (салық агенті) анықтаған салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы айыппұлды есептеусіз бюджетке енгізуге жатады.
      4. Салық төлеуші (салық агенті) салық органы салық төлеушінің оны тарату, қайта ұйымдастыру немесе қызметін тоқтату туралы салық өтініші бойынша жүргізетін салықтық тексеру басталғанға дейін қосымша тарату салық есептілігін беруге құқықты.
      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің шағымдалатын түрлері бойынша:
      1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша тексерілетін салық кезеңі - кешенді және тақырыптық тексерулерді жүзеге асыру кезеңінде;
      2) шағым жасалатын салық кезеңі - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға арналған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағымды қарау кезеңінде;
      3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап ету бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

      71-бап. Уәкілетті органның салық есептілігін беру
              мерзімін ұзартуы

      1. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші осы Кодекстің 624-бабында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті беру мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осындай есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту туралы салық өтінішін беруге құқылы.
      2. Уәкілетті орган салық төлеушіден осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық өтінішін қарау нәтижелері бойынша оны алғаннан кейін бес жұмыс күнінің кешіктірмей мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзартудан бас тарту туралы немесе мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешім шығаруға міндетті.
      3. Мониторинг бойынша есептілік беру мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім мониторингке жататын ірі салық төлеушіде ол осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық өтінішін берген күні салық берешегі немесе осындай есептілікті беру бойынша бұзушылық фактісі болған жағдайда қабылданады.
      4. Уәкілетті орган мониторинг бойынша есептілік беру мерзімін осындай есептілік беру үшін белгіленген мерзімнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартуға құқылы.
      5. Уәкілетті орган мониторинг бойынша есептілік беру мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда мониторингке жататын ірі салық төлеуші осындай есептілікті осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұсынады.
      6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушіде мониторинг бойынша есептілік беруге әсер ететін бағдарламалық қамтамасыз етудегі техникалық қателер болған жағдайда уәкілетті орган осындай салық төлеушіге есептілікті беру мерзімін осындай есептілікті беру үшін белгіленген мерзімнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартады.

      72-бап. Салық органының салық есептілігін беру мерзімін
              ұзартуы

      1. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық өтініші бойынша салық есептілігін электрондық түрде берген кезде оны беру мерзімін ұзартады.
      Салық есептілігін беру мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін беру мерзімін ұзартуға өтініш берілген күнтізбелік жылдың ішінде салық төлеуші (салық агенті) ұсынатын салық есептілігіне қолданылады.
      2. Салық есептілігін беру мерзімін ұзартуға салық өтінішін жаңа құрылғанын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген мерзімге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей екі данада тіркеу үшін есепке алу орны бойынша салық органына береді. Салық өтінішінің бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
      Салық есептілігін беру мерзімін ұзарту туралы салық өтінішін жаңа құрылған салық төлеуші әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап бір айдың ішінде береді.
      3. Салық есептілігін беру мерзімі мынадай:
      1) корпорациялық табыс салығы немесе төлем көзінен ұсталмайтын табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша - декларацияны беру үшін белгіленген мерзімнен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын;
      2) салықтардың өзге түрлері бойынша - декларацияны және (немесе) есептеуді беру үшін белгіленген мерзімнен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.
      Салық есептілігін беру мерзімін ұзарту осы Кодекстің 146-бабында көзделген аванстық төлемдер сомасының есебін беру мерзіміне қолданылмайды.
      4. Осы баптық 1-тармағында көрсетілген кезең ішінде салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін қағаз тасығышта осы Кодекстің ерекше бөлігінде белгіленген мерзімнен кеш берген жағдайда, көрсетілген салық есептілігіне беру мерзімін ұзарту қолданылмайды.
      5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші ұсынатын мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық есептілігін беру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.

      73-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық
              есептілігін беруін тоқтата тұру (жаңарту)
              тәртібі

      1. Салық төлеуші (салық агенті) қызметін тоқтатып қою туралы шешім қабылдаған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына алдағы кезеңге арналған салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы өтініш береді. Салық есептілігін беруді тоқтатып қою мерзімі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.
      Салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы өтінішпен қатар салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінің басынан осындай өтініште көрсетілген қызметті тоқтатып қою күніне дейін салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігін ұсынады.
      2. Салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы өтініш алған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде салық органы салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы немесе салық есептілігін беруді тоқтатып қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      3. Салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы немесе салық есептілігін беруді тоқтатып қоюдан бас тарту туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) қолын қойдыра отырып жеке немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен беріледі.
      4. Салық есептілігін беруді тоқтатып қоюдан бас тарту туралы шешім өтінішті беру күніне салық төлеушіде (салық агентінде) салық берешегі болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін бермеген жағдайда қабылданады.
      5. Салық органы салық есептілігін беруді тоқтатып қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін береді.
      6. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) алған салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы шешім салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы салық өтінішінде көрсетілген салық есептілігін беруді тоқтатып қою кезеңіне салық есептілігін бермеуге негіз болып табылады. Осы тармақта көрсетілген салық есептілігін бермеу нөлдік көрсеткіштері бар салық есептілігін беруге теңестіріледі.
      7. Салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтатып қою мерзімі аяқталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілген салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтатып қою мерзімі аяқталғанға дейін өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодексте белгіленген тәртіппен қызметті қайта бастау туралы салық өтінішін және салық есептілігін береді.
      8. Салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы шешімде көрсетілген қызметті тоқтатып қою мерзімі өткеннен кейін салық төлеуші (салық агенті) салық органына мынадай құжаттардың біреуін беруге міндетті:
      1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігі;
      2) салық есептілігін беруді тоқтатып қою мерзімін ұзарту туралы салық өтініші.
      9. Салық есептілігін беруді тоқтатып қою мерзімін ұзарту туралы өтініш берген кезде осы мерзім осындай өтініште көрсетілген кезеңге ұзартылады. Салық өтініші салық органының осындай өтінішті қабылдағандығы туралы белгісі болған кезде қызметті қайта бастау күніне дейін алдағы салық кезеңдері үшін салық есептілігін беру үшін негіз болып табылады.
      10. Қызметін тоқтатып қою мерзімін ұзарту туралы өтініш бермеген кезде салық төлеуші (салық агенті) қызметін тоқтатып қою мерзімі аяқталған күннен бастап осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін береді.
      11. Салық органы салық төлеуші (салық агенті) өзінің қызметін тоқтатып қою мерзімі ішінде қызметін жүзеге асыру фактілерін анықтаған жағдайда салық органдары көрсетілген тұлғаларды хабардар етпей-ақ салық есептілігін беруді тоқтатып қою мерзімі тоқтатылды деп таниды.
      12. Осы баптың ережелері мына салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды:
      1) шаруа және фермер шаруашылықтары үшін, патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерге;
      2) ойын бизнесі және (немесе) тіркелген салық төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға;
      3) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға.
      13. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығы бойынша салықтық есептілік беру тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.

      74-бап. Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін
              арнаулы салық режимін қолданатын жеке
              кәсіпкердің салық есептілігін беруін тоқтата
              тұру (жаңарту) тәртібі

      1. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер қызметін тоқтатып қойған (бұдан әрі - қызметін тоқтатып қою) жағдайда тіркелу есебі орны бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алдағы кезеңге салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы салық өтініші беріледі.
      2. Салық органының салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы шешімі өтінішті берген күні уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша шығарылады.
      3. Салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы шешім салық төлеушіге немесе оның өкіліне қол қойдыра отырып жеке немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.
      4. Салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы шешім қызметін тоқтатып қою туралы өтініште көрсетілген күннен бастап қызметін қалпына келтіру күніне дейінгі кезеңде патент алу үшін есепті бермеу үшін негіз болып табылады.
      5. Салық төлеуші осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметін тоқтатып қою мерзімі аяқталғаннан кейін қызметін жаңартқан болып табылады.
      6. Салық төлеуші салық есептілігін беруді тоқтатып қоюдың ағымдағы кезеңі аяқталған күннен кешіктірмей салық органына салық қызметін беруді тоқтатып қою мерзімін ұзарту туралы салық өтінішін беруге құқылы. Осындай өтініш өтініште көрсетілген қызметті қайта бастаған күнге дейін патентті алу үшін есепті бермеу үшін негіз болып табылады.
      7. Салық төлеуші салық органдарына қызметін жаңартқан күннен бастап алдағы кезеңге патент алу үшін есеп беру жолымен қызметін тоқтатып қою мерзімі аяқталғанға дейін қызметін жаңартуға құқығы бар.
      8. Салық есептілігін беруді тоқтатып қою кезеңінде патент алу үшін есептеуді беру кезінде салық төлеушінің осы есептеуде көрсетілген қызметтің басталған күнінен бастап қызмет қалпына келтірілген болып танылады.
      9. Салық төлеуші осы баптың 6, 7-тармақтарында көрсетілген патентті алу үшін өтініштерді немесе есептеуді бермеген кезде салық төлеушінің қызметі салық есептілігін беруді тоқтатып қою туралы салық өтінішінде көрсетілген қызметін тоқтатып қою мерзімінің аяқталған күнінен бастап жаңартылған болып танылады.
      10. Осы баптың ережелері мүлікке, көлік құралдарына салынатын салықтар және жер салығы бойынша салық есептілігін беру күні мен мерзіміне қолданылмайды.

$ 2. Салық өтініші

      75-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық өтініші - осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында салық қызметі органдарына ұсынылатын оның құжаты.
      2. Салық өтініштерінің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.

      76-бап. Салық өтінішін беру тәртібі

      1. Салық төлеуші (салық агенті) салық өтінішін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде тиісті салық қызметі органдарына ұсынады.
      2. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық өтінішін тиісті салық қызметі органдарына таңдауы бойынша:
      1) өзі келу тәртібімен - қағаз тасығышта;
      2) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен - қағаз тасығышта;
      3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде - салық есептілігін қабылдау жүйесі арқылы беруге құқылы.
      3. Өзі келу тәртібімен қағаз тасығышта салық өтінішін беру кезінде көрсетілген нысан екі данада жасалады, бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) салық органының белгісімен қайтарылады.
      4. Салық өтінішінің электрондық форматының құрылымы, салық өтінішін жасау және электрондық түрде беруге арналған бағдарламалық қамтым және осы бағдарламалық қамтымды жаңарту ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
      5. Салық өтінішіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Кодексте белгіленген жағдайда және тәртіппен жүзеге асырылады.

$ 3. Салықтық тіркелімдер

      77-бап. Салықтық тіркелімдер

      1. Салықтық тіркелім - салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді қамтитын салық төлеушінің (салық агентінің) құжаты.
      Салықтық тіркелімдер осы Кодекстің 56-бабының 3-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшін ақпаратты қорыту және жүйелендіруге арналған.
      Салықтық есепке алу деректерін қалыптастыру хронологиялық тәртіппен салық салу мақсаттары үшін пайдаланылатын ақпаратты көрсету жолымен және салық кезеңдері арасында салықтық есепке алу деректерінің мирасқорлығын қамтамасыз ете отырып (оның ішінде нәтижелері бірнеше салық кезеңдері ішінде ескерілетін, кейінгі салық кезеңдерінде салық салу объектісінің мөлшеріне әсер ететін немесе бірқатар жылдарға ауысатын операциялар бойынша).
      Салық тіркелімдері арнайы нысандар түрінде жүргізіледі. Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларда салықтық есеп алу деректерін көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдерін қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітіледі.
      Салық тіркелімдерінде шаруашылық операцияларын көрсету дұрыстығын оған қол қойған тұлғалар қамтамасыз етеді.
      2. Салық тіркеулері мыналарды қамтиды:
      1) осы Кодекстің 56-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында салық төлеуші белгілеген нысандар бойынша салық төлеуші (салық агенті) дербес жасайтын салықтық тіркеулер;
      2) салық төлеуші жасайтын салық тіркеулері, оларды жасау нысандары мен ережесін уәкілетті орган белгілейді.
      3. Салықтық тіркеулер мынадай міндетті деректемелерді қамтуы тиіс:
      1) тіркелімнің атауы;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
      3) тіркелім жасалған кезең;
      4) тіркеуді жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (ол болған кезде).
      4. Уәкілетті орган:
      1) корпорациялық табыс салығы, инвестициялық салық ерекшеліктері бойынша салық салынатын кірісті салық салудан, азайтудан босатуды қолдану жөніндегі;
      2) тіркелген активтердің баланстық топтарының (кіші топтарының) баланстық құндарын анықтау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар жөніндегі;
      3) өнімді қаржы құралдары жөніндегі;
      4) шығарылған және төлеуші алған қосылған құн салығының шот-фактуралары жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салықтық тіркеулердің нысандарын белгілеуге құқықты.
      5. Қағаз тасығыштарда салықтық тіркеулерді жүргізген жағдайда мұндай салықтық тіркелімдерде қателерді түзету негізді және күні мен енгізілген түзетулердің негіздемесін көрсете отырып, түзету енгізген жауапты тұлғаның қолымен расталуы тиіс.
      6. Салықтық тіркелімдер салық қызметі органдарының қызметкерлеріне құжаттамалық салықтық тексерулер жүргізу кезінде қағаз тасығыштарда және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша электрондық тасығыштарда ұсынылады.

11-тарау. Салықтық есепке алу ерекшеліктері

      78-бап. Қаржы лизингі

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай шарттардың біреуіне жауап берсе, қаржы лизингі болып табылады:
      1) мүлікті жеке меншікке лизинг алушыға беру және (немесе) лизинг алушыға тіркелген баға бойынша мүлікті сатып алуға құқық беру лизинг шартымен анықталса;
      2) қаржы лизингінің мерзімі қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызмет мерзімінің жетпіс бес пайызынан асса;
      3) қаржы лизингінің бүкіл мерзімінде лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының тоқсан процентінен асса.
      Салықтық есепке алу мақсатында мұндай бері лизинг алушының мүлікті сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл ретте лизинг алушы лизинг затының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер - лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлемдер ретінде қарастырылады.
      2. Егер шарт пен лизинг алушының қаржы лизингінің мерзімін ұзартуға құқығы анықталса, онда қаржы лизингінің мерзімі іс жүзінде ұзарту жүзеге асырылған мерзімді ескере отырып анықталады.
      3. Қаржы лизингіне (лизинг) бойынша берілген (алынған) мүліктің құны лизинг шартын жасасу күніне анықталады.
      Лизинг алушы негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуға жататын лизинг заттары қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік болып табылады.
      4. Салық салу мақсатында мыналар қаржы лизингі деп танылмайды:
      1) осындай шарттар жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг шарттарын бұзған жағдайда лизингтік мәмілелер;
      2) лизинг шартының әрекет етуінің бірінші жылында олар бойынша лизингтік төлемдер сомасы (шарт бойынша және (немесе) іс жүзіндегі) лизинг заты құнының 50 процентінен астамын құрайтын лизингтік мәмілелер;
      3) лизинг шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг алушыны ауыстыру болған лизингтік мәмілелер;
      4) мүлікті қосалқы лизингке беру жөніндегі мәмілелер.

      79-бап. Ұзақ мерзімді келісім-шарттар

      1. Келісім-шарт бойынша көзделген өндіру, қондыру, салу басталған салық кезеңінің шегінде корпорациялық табыс салығы бойынша аяқталмаған өндіруге, қондыруға, салуға арналған келісім-шарт (шарт) ұзақ мерзімді келісім-шарт болып табылады.
      2. Ұзақ мерзімді келісім-шарт бойынша салық кезеңінде іс жүзінде келтірілген шығыстардың сомасы осы Кодекстің 100-114, 116-122-баптарына сәйкес шегеруге жатқызуға жатады.
      3. Ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша табыстар іс жүзіндегі әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша салық төлеушінің таңдауы бойынша анықталады және салықтық есепке алу саясатында көрсетіледі.
      Бұл ретте табыстарды анықтаудың таңдап алынған әдісі келісім-шарттың қолданылуында өзгертілмейді.
      4. Іс жүзіндегі әдіс бойынша табыстар деп салық кезеңінде алуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісім-шарт бойынша осындай кезеңде келтірілген шығыстар сомасынан кем емес барлық табыстар танылады.
      5. Аяқталу әдісі бойынша есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісім-шарт бойынша кіріс ұзақ мерзімді келісім-шарт бойынша кірістің және есепті салық кезеңіндегі келісім-шарттың орындалу үлесінің жалпы сомасын жүргізу ретінде анықталады.
      Бұл ретте ұзақ мерзімді келісім-шарттың атқарылу үлесі есепті салық кезеңінде жүргізілген және осы Кодекске сәйкес келісім-шарттың бүкіл әрекет ету кезеңінде шегерімге жатқызылған осы Кодекске сәйкес ұзақ мерзімді келісім-шарт бойынша шығыстардың жалпы сомасына жатқызылған есепті салық кезеңінде жүргізілген шығыстар сомасының ара қатынасы ретінде анықталады.

      80-бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру

      1. Бірлескен қызметті жүргізу туралы уағдаластық немесе заңды тұлғаны құрмай бірлескен қызмет туралы шарттың екі және одан да көп қатысушыларын көздейтін уағдаластық болған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодексте белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет туралы шарттың (бұдан әрі - бірлескен қызмет туралы шарт) әрбір қатысушысында тиісінше ескеріледі және салықтар салынады.
      2. Бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысы өзінің қатысу үлесіне қатысты салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді анықтау үшін бірлескен қызмет бойынша бақыланатын активтердің, міндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың дербес есебін жүргізеді.
      3. Бірлескен қызмет туралы шартта салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді анықтау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу тәртібі болмаған жағдайда бірлескен қызмет туралы шарт қатысушылары салық есептілігін бергенге дейін бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатын әзірлеуге және бекітуге міндетті, ол бірлескен қызмет нәтижесінде туындайтын салық міндеттемесін көрсетеді.
      4. Бірлескен қызмет туралы шартпен бірлескен қызмет туралы шарт қатысушыларының осындай қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі анықталуы мүмкін.
      5. Салық мақсатында бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі осы уәкілетті өкілдің өзге қызметі бойынша активтерден, міндеттемелерден, кірістер мен шығыстардан бөлек ескереді.
      6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді анықтау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлуді бірлескен қызмет туралы шартта көзделген тәртіппен әрбір салық кезеңінің қорытындылары бойынша бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілі жүзеге асырады.
      Егер бірлескен қызмет туралы шарт талаптарында және (немесе) бірлескен қызмет бойынша салықтық есеп саясатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді анықтау үшін активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбесе, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) мұндай қатысушылардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес көрсетілген бөлуді қатысу үлестеріне тепе-тең жүзеге асырады.
      Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді анықтау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлу нәтижелері жазбаша түрде ресімделуі, бірлескен қызмет туралы шартқа барлық қатысушылар және (немесе) болған кезде олардың уәкілетті өкілі қол қоюы, сондай-ақ мөрлермен бекітілуі (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда олар болған кезде) тиіс. Активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу нәтижелері туралы құжатты бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысы құжаттамалық салықтық тексеру жүргізу кезінде салық қызметі органдарына беріледі.
      Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілінде олардың негізінде активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу жүзеге асырылған барлық құжаттардың көшірмелері болуы тиіс.

4-бөлім. Корпорациялық табыс салығы 12-тарау. Жалпы ережелер

      81-бап. төлеушілер

      1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеушілер болып табылады.
      2. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 66-тарауына сәйкес көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпорациялық табыс салығын есептейді және төлейді.
      3. Ойын бизнесіне салынатын салықты, тіркелген жиынтық салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынатын кірістер бойынша корпорациялық табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

      82-бап. Салық салу объектілері

      Корпорациялық табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:
      1) салық салынатын табыс;
      2) төлем көзінен салық салынатын табыс;
      3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

13-тарау. Салық салынатын табыс

      83-бап. Салық салынатын табыс

      Салық салынатын табыс осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып жиынтық жылдық табыс пен осы Кодекстің 100-114, 116-125-баптарында көзделген шегерулер арасындағы айырма ретінде анықталады.

$ 1. Жиынтық жылдық табыс

      84-бап. Жиынтық жылдық табыс

      1. Резидент заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңінің ішінде алуға жататын (алған) табыстарынан тұрады.
      Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жиынтық жылдық кірісі осы Кодекстің 198-бабына сәйкес анықталады.
      Резидент заңды тұлға алатын Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алынатын табыстар осы бөлімде және осы Кодекстің 33-тарауында белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
      2. Салық мақсаттары үшін табыс ретінде мыналар қарастырылмайды:
      1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;
      2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;
      3) қайтарусыз берілген мүліктің құны;
      4) осы кодексте көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің мөлшерін азайту;
      5) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, алуға (төлеуге) жататыннан басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте кіріс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын кіріс;
      6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген табысты арттыру.

      85-бап. Жиынтық жылдық кіріске енгізілетін табыстар

      1. Жиынтық жылдық кіріске салық төлеуші табыстарының барлық түрлері енгізіледі:
      1) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан алынатын табыс;
      2) өсім құннан түсетін табыс;
      3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;
      4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
      5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;
      6) банктердің және лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының мөлшерін азайтудан түсетін табыс;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдар құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;
      8) талап ету құқығын беруден түсетін табыс;
      9) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;
      10) есептен шығарылған тіркелген активтер құнының кіші топтың (топтың) баланстық құнынан асып түсуінен алынатын табыс;
      11) геологиялық зерттеуге және табиғи ресурстарды өңдеуге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден алынатын табыс;
      12) кен орындарын өңдеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын өңдеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып түсуінен түсетін табыс;
      13) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
      14) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, бюджеттен қайтарылған негізсіз ұсталған айыппұлдардан басқа борышкерге берілген немесе ол таныған айыппұлдар, өсімақылар мен санкциялардың басқа түрлері;
      15) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
      16) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;
      17) дивидендтер;
      18) сыйақылар;
      19) оң бағамдық айырма сомасының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған теріс бағамдық айырма сомасынан асып түсуі;
      20) ұтыстар;
      21) роялти;
      22) әлеуметтік салық объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;
      23) мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатудан түсетін табыс;
      24) сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза табыс;
      25) осы тармақтың 1)-24) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да табыстар.
      2. Бірдей табыстар табыстардың бірнеше баптарында көрсетілуі мүмкін жағдайда көрсетілген табыстар бір рет жиынтық жылдық кіріске енгізіледі.

      86-бап. Сатудан алынатын табыс

      Егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу мәселелерін реттейтін заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 87-98-баптарына сәйкес жиынтық жылдық табысқа енгізілетін табыстардан басқа, сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны сатудан түсетін табыс болып табылады. Сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына қосылған құн салығының және акциздің сомасы енгізілмейді.

      87-бап. Құнның өсуінен түсетін табыс

      1. Құнның өсуінен түсетін кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттің мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді сату кезінде пайда болады.
      Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге мыналар жатады:
      1) жер учаскелері;
      2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
      3) орнатылмаған жабдық;
      4) кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын бір жылдан астам қызмет мерзімі бар активтер;
      5) бағалы қағаздар;
      6) қатысу үлестері;
      7) құны 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;
      8) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісім-шарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;
      9) осы Кодекстің 123, 124-баптарына сәйкес құны шегерімге жатқызылған активтер;
      10) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағына сәйкес құны әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүлік.
      2. Өсім осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді іске асыру құны мен олардың бастапқы құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
      3. Осы баптың мақсатында салық төлеушінің осы Кодекстің 100-114-баптарына сәйкес шегеруге құқығы бар шығындардан басқа, активтерді сатып алу, өндіру, салу, монтаждау жөніндегі шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның ішінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оларды сатып алғаннан кейін құнын арттыратын басқа да шығындардың жиынтығы бағалы қағаздар мен қатысу үлестерін қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құны болып табылады.
      4. Бағалы қағаздарды және қатысу үлесін іске асыру кезінде мыналар құнның өсуі болып табылады:
      1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар және қатысу үлесі бойынша - іске асыру құны мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;
      2) борыштық бағалы қағаздар бойынша - дисконттың амортизациясын және (немесе) іске асыру күніне сыйлықақыны ескере отырып іске асыру құны мен бастапқы құн арасындағы купонды ескермей оң айырма.
      5. Осы баптың мақсатында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес көзделген жағдайларда бағалы қағаздар мен қатысу үлестерінің құнын арттыратын сатып алуға байланысты жарғылық капиталға салымның, шығындардың құнын қоса алғанда оларды сатып алуға жұмсалатын іс жүзіндегі шығындардың жиынтығы бағалы қағаздар мен қатысу үлестерінің бастапқы құны болып табылады.
      6. Осы баптың 1-тармағының 7)-9) тармақшаларында көрсетілген активтерді іске асырған кезде құн өсімі іске асыру құны мөлшерінде анықталады.
      7. Егер амортизацияға жатпайтын активтер қайтарусыз алынса, осы баптың мақсатында осы Кодекске сәйкес қайтарусыз алынған мүліктің құны түрінде жиынтық жылдық табысқа енгізілген осы активтердің құны бастапқы құн болып табылады.

      88-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс

      1. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:
      1) салық төлеушінің міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы;
      2) салық төлеуші таратылған кезде тарату балансы бекітілген сәтте кредитор талап етпеген міндеттемелер;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;
      4) сот шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.
      2. Міндеттемелерді есептен шығарудан алынған табыс сомасы салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес есептен шығару сәтіне төлеуге жататын міндеттемелердің сомасына тең болады.
      3. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша оларды беруге байланысты міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.

      89-бап. Күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар

      Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, қызметкерлерге есептелген табыстар мен осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған кезінен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп танылады.
      Көрсетілген міндеттемелер осы міндеттемелердің құнын бұрын шегеруге жатқызылған осы міндеттемелердің сомасы шегінде бұрын шегеруге жатқызылған осы міндеттемелердің сомасына тепе-тең түрде міндеттемелердің туындауы күніне қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда қалпына келтірілуге тиіс қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылуға жатады.

      90-бап. Құрылған провизиялардың, резервтердің мөлшерін
              азайтудан түсетін табыс

      1. Банк немесе егер осы бапта өзгеше көзделмесе, лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым құрған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп:
      1) борышкер орындау сомасына барабар мөлшерде талаптар орындаған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар сомасы;
      2) осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, цессия шартын жасасу жолымен қайта табыстау туралы шартың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негізінде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздерде борышкердің талаптарын мөлшерін азайтқан кезде бұрын шегерімге жатқызылған сома;
      3) талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды азайту сомасы танылады.
      2. Мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес қарыз алушыны банкрот деп тануға байланысты Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тастаған;
      2) күшіне енген сот шешімінің негізінде қарыз алушы жеке тұлғаны із-түссіз жоғалған немесе қайтыс болған, іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке шектелген қабілетті деп таныған, оған I, II топтағы мүгедектік белгілеген, сондай-ақ қаза болған;
      3) қарыз алушының өндіріп алуды айналдыруға болатын мүліктің, оның ішінде ақшаның, бағалы қағаздардың немесе табыстардың болмауына байланысты банкке немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға орындау құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және егер сот орындаушысы қабылдаған Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген оның мүлкін немесе табыстарын анықтау жөніндегі шаралар нәтижесіз болған;
      4) банктің немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушының мүлкіне өндіріп алуды айналдырудан бас тарту туралы сот шешімі заң күшіне енген жағдайларда бұрын шегерімге жатқызылған және қарыз алушыдан есептен шығарылған үмітсіз кредиттер бойынша шығындарды жабуға бағытталған провизиялар сомасы банк немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар құрған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп саналмайды.
      3. Осы Кодексте анықталған мөлшерде және тәртіппен бұрын шегерімге жатқызылған құрылған сақтандыру резервтерінің мөлшерін азайту сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы құрған сақтандыру резервтерінің мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.

      91-бап. Талап ету құқықтарын басқа біреуге беруден
              түсетін табыс

      Мыналар:
      1) талап ету құқығы алған салық төлеуші үшін - талап ету құқығын басқа біреуге беру күніне негізгі борыштан тыс соманы қоса алғанда негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқықтарын алу құны арасындағы оң айырма;
      2) талап ету құқығын басқа біреуге берген салық төлеуші үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқа біреуге беру жүргізілген талап ету құқығы мен талап ету құқықтарын басқа біреуге беру күнінен борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқықтарын басқа біреуге беруден түсетін табыс болып табылады.

      92-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін
              табыс

      Егер осы Кодекстің 119-бабына сәйкес анықталған кіші топтың (I топ бойынша) немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінде түскен тіркелген активтер құнын ескере отырып, салық кезеңінің басындағы кіші топтың (I топ бойынша) немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) құндық балансынан асып түссе, асып түсу шамасы жиынтық жылдық табысқа енгізуге жатады. Салық кезеңінің аяғына осы кіші топтың (I топ бойынша) немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) құн балансы нөлге тең болады.

      93-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және
              оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына жұмсалған
              шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын
              пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден
              түсетін табыс

      Егер осы Кодекстің 111-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететін табыстардың мөлшері салық кезеңінде жұмсалған шығыстар ескеріле отырып, салық кезеңінің басында соңғысының мөлшерінен асып түссе, артық мөлшері жылдық жиынтық табысқа жатқызылуға тиіс. Бұл топтың мөлшері салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.

      94-бап. Кен орындарын игеру салдарын жою жөніндегі іс
              жүзіндегі шығыстар сомасынан кен орындарын
              игеру салдарын жою қорына аударымдар сомасының
              асып түсуінен алынатын табыс

      1. Егер кен орындарын игеру салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар көрсетілген қорға төменде жүргізілген аударымдардан төмен болған жағдайда айырма жер қойнауын пайдаланушының жиынтық жылдық есебіне енгізуге жатады.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы кен орындарын игеру салдарын жою жөніндегі жұмыстарды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен кен орындарын игеру салдарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде жүргізілмеген жағдайда, шегеруге жатқызылған кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдар сомасы жүргізілуі тиіс салық кезеңінің жиынтық жылдық табысына енгізуге жатады.

      95-бап. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған
              өтемдер

      1. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтем түрінде алынған кірістерге:
      1) бұрын шегерімдерге жатқызылған және кейінгі салық кезеңдерінде өтелген күмәнді деп танылған талаптардың сомасы;
      2) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сома;
      3) осы Кодекстің 119-бабында көрсетілген сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру ұйымы немесе зиян келтірген тұлға төлеген залалды өтеу сомасы;
      4) бұрын шегерімдерге жатқызылған шығындарды өтеу бойынша алынған басқа да өтемдер жатады.
      Алынған өтем ол алынған салық кезеңінің табысы болып табылады.
      2. Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының әрекеті аяқталғаннан кейін немесе оны мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруға тиіс немесе қайтарылатын және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға тиіс болған немесе қайтарылған есепті салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады.

      96-бап. Өтеусіз алынған мүлік

      Кез келген мүліктің, оның ішінде салық төлеуші өтеусіз алған жұмыстар мен қызметтер көрсетудің құны оның табысы болып табылады.
      Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен қызметтер көрсетудің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
      Мүліктің, оның ішінде осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған жұмыстардың, қызметтер көрсетудің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды.

      97-бап. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде
              алынған табыс

      1. Әлеуметтік сала объектілеріне осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын меншік құқығында салық төлеушіге тиесілі мүлік жатқызылады.
      2. Салық төлеушінің жиынтық жылдық табысына мынадай қызмет түрлерін:
      1) медициналық қызметті;
      2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру саласындағы қызметті;
      3) білім, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер көрсету саласындағы қызметті;
      4) қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тұлғалар қызметкерлерінің және отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын үй қорының объектілерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде келтірілген шығыстардан алуға жататын (алған) табыстардың артуы енгізіледі.
      3. Қызметкерлердің қоғамдық тамақтануын, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстар жиынтық жылдық табысқа енгізуге жатады.

      98-бап. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатудан
              түсетін табыс

      Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатудан түсетін табыс мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша іске асыру құны мен іске асыру күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнынан азайтылған берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.

      99-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету

      1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:
      1) тәуекел инвестициялардың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекел инвестициялардың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтінді қоспағандағы дивидендтер;
      2) жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті ұжымдық кепілдендіруді жүзеге асыратын ұйым алатын банктердің міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
      3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарының сомасы;
      4) жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті ұжымдық кепілдендіруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым және өтелген депозиттер және төленген кепілдікті және өтемақы төлемдері бойынша олардың талаптарын қанағаттандыру тәртібімен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған ақша сомасы;
      5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар;
      6) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін арттыруға бағытталған инвестициялық табыстар;
      7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
      8) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған борышты талап етуді беруден алынған табыс;
      9) сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлік басқару туындауының өзге жағдайларында пайда алушының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза табыс алып тастауға жатады.
      2. Тауар-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеуші осының алдындағы салық кезеңінде қолданған әдісінен өзге әдіске ауысқан кезде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдісін қолдану нәтижесінде алынған оң айырма сомасына ұлғайтылуға және теріс айырма сомасына азайтылуға жатады.
      Тауар-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдісіне ауысуды салық төлеуші салық кезеңінің басынан бастап жүргізеді.

$ 2. Шегерімдер

      100-бап. Шегерімдер

      1. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуге тиіс.
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауы тиіс.
      3. Шегерімдерді жиынтық табысты алуға бағытталған оның қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.
      Болашақтағы кезеңдердің шығыстары қай салық кезеңіне қатысты болса, сол кезеңде шегерілуге жатады.
      4. Табиғи монополистер шеккен залалдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген нормалар шегінде шегерілуге жатады.
      5. Егер шығыстардың бірнеше баптарында белгілі бір шығындар көзделсе, салық салынатын кірісті есептеу кезінде көрсетілген шығындар тек бір рет шегеріледі.
      6. Осы Кодекстің 103, 115-баптарында өзгеше белгіленбесе, салынған немесе танылған айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыптары шегеруге жатады.
      7. Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есептелген кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар құрылыс объектісінің құнына енгізіледі.
      8. Бірлескен қызмет туралы шарт қатысушыларының уәкілетті өкілі салықтық есепке алуды жүргізген жағдайда бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша шығыстарды шегеруге жатқызу осындай өкіл ұсынған мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады.
      9. Салық төлеушінің құрылысқа, тіркелген активтерді сатып алуға жұмсалатын шығындары осы кодекстің 116-125-баптарына сәйкес шегеруге жатқызылады.
      10. Осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде тартылған шығыстар шегеруге жатқызылуы тиіс.
      11. Егер мәміленің шарттарында салық төлеушінің өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сапасына кепілдік беру көзделсе, онда салық төлеушінің өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жою жөніндегі мәміледе белгіленген кепілдік беру мерзімі ішінде жүргізілген іс жүзіндегі шығыстарының сомасы осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс.
      12. Осы Кодекстің 260-бабына сәйкес қосылған құн салығы жөніндегі декларацияның деректері бойынша есепке жатқызылмауы тиіс қосылған құн салығы шегеруге жатқызылуы тиіс.
      Шегерім қосылған құн салығы жөніндегі декларация берілген қосылған құн салығы бойынша салық кезеңін қамтитын салық кезеңінде жүргізіледі.
      13. Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебінен алу кезінде есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 230-бабының 3) тармақшасында көрсетілген талаптарды орындағаннан кейін 2009 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан есептелген қосылған құн салығынан асып түсуі шегеруге жатқызылуы тиіс.
      14. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңына сәйкес салық төлеуші жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне жылына орташа есеппен қызметкерлердің тізімдік санына сүйене отырып, бір қызметкерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш шегінде төлеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүшелерінің жарналары шегеруге жатады.
      15. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған тауарлық-материалдық құндылықтарды қоспағанда, активтердің, міндеттемелердің құнын азайту сомасы шығыс болып табылмайды.
      16. Туынды қаржы құралдары жөніндегі шығыстар осы Кодекстің ережелеріне сәйкес ескеріледі.

      101-бап. Қызметтік іссапарлар кезінде өтемдер сомасын
               шегеру

      Қызметтік іссапарлар кезінде шегерімге жататын өтемдерге:
      1) жол жүру мен броньға (оның ішінде оның құнын төлегенін растайтын құжат болған кезде электрондық билетке) жұмсалған шығыстарын растайтын құжаттар негізінде бронь үшін шығыстар ақысын қоса алғанда, іссапарға баратын жерге жетуге және қайтуға нақты шыққан шығыстар;
      2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарын растайтын құжаттардың негізінде бронь үшін шығыстар ақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты шыққан шығыстар;
      3) қызметкерге іссапарда болған уақытта салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін тәулікақы;
      4) салық төлеуші жол жүру визасын (визаның, консулдық қызметтердің құны, міндетті медициналық сақтандыру) ресімдеу кезде жұмсаған шығыстар жатады.

      102-бап. Өкілдік шығыстардың сомасын шегеру

      1. Өкілдік шығыстарға мынадай:
      1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында;
      2) көрсетілген іс-шараларды өткізу орнына қарамай атқарушы органдардан басқа, директорлар кеңесінің, салық төлеушінің өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу мақсатында жүргізілетін тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатқызылады.
      Өкілдік шығыстарға оның ішінде көрсетілген тұлғаларды көліктік қамтамасыз ету, келіссөздер уақытында тамаққа, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар жатқызылады.
      Бос уақытты, ойын-сауық немесе демалыстар ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар өкілдік шығыстарға жатпайды және шегерілмейді.
      2. Өкілдік шығыстар осы Кодекстің 163-бабына сәйкес айқындалатын еңбекақы төлеу түріндегі шығыстар сомасының 1 процентінен аспайтын мөлшерде өкілдік шығыстардың сомасын есептеусіз шегерімге жатқызылады.

      103-бап. Сыйақы бойынша шегерімдер

      1. Сыйақы шегерімі осы баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      Осы баптың мақсатында мыналар сыйақылар болып танылады:
      1) осы Кодекстің 9-бабында анықталған сыйақылар;
      2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы);
      3) өзара байланысты тарапқа кепілдік үшін төлем.
      2. Сыйақыны шегеру мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:
      (А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),
      мұнда:
      А - Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген соманы қоспағанда осы кодекстің 9-бабында анықталған сыйақы сомасы;
      Б - Д көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, өзара байланысты тарапқа төленетін сыйақы сомасы;
      В - Б көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес анықталатын жеңілдікті салық салуы бар мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетін сыйақы сомасы;
      Г - В көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, кепілдіктерді, кепілдемелерді немесе қамтамасыз етудің өзге нысанын орындаған жағдайда депозитке немесе қамтамасыз етілген кепілдікке, кепілдемеге немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етудің өзге нысанына берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақының сомасы;
      Д - Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;
      ШК - шекті коэффициент;
      ЖК - жеке капиталдың орташа жылдық сомасы;
      МС - міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.
      А, Б, В, Г, Д сомасын есептеу кезінде құрылыстың кезеңі аяқталғанға дейін құрылысқа немесе өзге мақсаттарға алынған және құрылысқа пайдаланылатын кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар алынып тасталады.
      Осы баптың мақсаттары үшін өзара байланысты болып табылмайтын тарап тәуелсіз тарап деп танылады.
      3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшін:
      1) жеке капиталдың орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айының аяғына жеке капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең;
      2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айындағы міндеттемелердің орташа арифметикалық барынша көп сомасына тең міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:
      салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша;
      еңбекақы және қызметкерлердің өзге табыстары бойынша;
      өзара байланысты тараптан алынатын табыстарды қоспағанда, болашақ кезеңдердің табыстары;
      сыйақылар мен комиссиялар бойынша есептелген міндеттемелер есепке алынбайды;
      3) қаржы ұйымдары үшін шекті коэффициент 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін - 4-ке тең.
      4. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшін резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке тұлға болғандай және оның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғадан тәуелсіз әрекет ететіндей қарастырылады.
      Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырмаға тең.

      104-бап. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім

      Егер салық төлеуші бұрын табыс деп танылған күмәнді міндеттемелерді кредит берушіге төлеген жағдайда, жүргізілген төлемнің шамасында шегерім жасауға жол беріледі. Мұндай шегерім төлем жасалған салық кезеңінде табыстарға жатқызылған шама шегінде жүргізіледі.
      Осы бапта көзделген шегерімдерге жатқызу тәртібі осы кодекстің 88-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған міндеттемелерді төлеген жағдайда да қолданылады.

      105-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім

      1. Күмәнді талаптар деп заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар танылады. Сондай-ақ өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады.
      2. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады.
      Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы талаптың пайда болуын растайтын құжаттар болған кезде, сондай-ақ шегерімге жатқызған кезде олар бухгалтерлік есепте көрсетілген не алдыңғы кезеңдерде бухгалтерлік есептерде шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызылған кезде жүргізіледі.
      3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, қосымша конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшірмесінің болуы қажет. Салық төлеуші жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде, салық төлеуші-дебитор банкрот деп танылған салық кезеңінің қорытындылары бойынша күмәнді талаптың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.
      4. Күмәнді талаптар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін бұрын танылған кірістің мөлшерін шегінде шегерімге жатқызылады.

      106-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша
               шегерімдер

      1. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензияның негізінде өзара байланысты тұлғалардың пайдасына немесе өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді қоспағанда (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шарттық міндеттемелерінен басқа), мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:
      1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда депозиттерге;
      2) басқа банктер мен клиенттерге берген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);
      3) құжаттамалық есептер мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешек;
      4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) жасау жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
      Активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу тәртібін уәкілетті органмен келісе отырып қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган анықтайды.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Сақтандыру резервтерін құру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган анықтайды.
      3. Микрокредиттік ұйымдардың салық кезеңінің ішінде берілген микрокредиттер сомасының 15 %-інен аспайтын мөлшерде өзара байланысты тараптардың пайдасына немесе өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға ұсынылған микрокредиттер мен микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді қоспағанда, күмәнді және үмітсіз микрокредиттерге, берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.
      Микрокредиттерді және берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіздер санатына жатқызу тәртібі, сондай-ақ резервтерді құру тәртібі микрокредиттік ұйымның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есеп саясатымен анықталады.

      107-бап. Кен орындарын игеру салдарын жоюға жұмсалған
               шығыстар бойынша және тарату қорларына
               аударымдар сомасының шегерімдері

      1. Қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық сомадан тарату қорына аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар. Көрсетілген шегерімге шартты депозиттік арнайы шотқа жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жүргізген аударымдардың іс жүзіндегі мөлшерінде жол беріледі.
      Тарату қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартпен белгіленеді.
      Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушы тарату қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы жол берілген салық кезеңіндегі салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісіне енгізуге жатады.
      2. Салық кезеңінің ішінде кен орындарын өңдеу салдарын жоюға салық төлеуші нақты тартқан шығыстар шартты түрде депозитке салудың арнайы шотына орналастырылған тарату қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, олар тартылған салық кезеңінде шегерімдерге жатады.
      3. Салық төлеуші жылдық жиынтық табыстан Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнайы депозиттік шотқа аударылған қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар.
      Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдар мөлшері мен тәртібі, сондай-ақ қор қаражатын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      Осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдалану қаражатының сомасы жол берілген салық кезеңінде салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісіне енгізуге жатады.

      108-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық
               жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерім

      Тіркелген активтерді сатып алуға, оларды орналастыруға жұмсалатын шығыстардан және күрделі сипаттағы шығыстардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар шегерімдерге жатады. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмысқа арналған техникалық тапсырма және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдап алу актілері осындай шығыстарды шегерімге жатқызуға негіз болып табылады.

      109-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстарды
               шегеру

      1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандырушының сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиісті (төленген) сақтандыру сыйлықақылары шегерілуге тиіс.
      2. Жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомаларын шегерімге жатқызуға құқылы.
      3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті, төтенше және қосымша жарналардың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

      110-бап. Қызметкерлердің есептелген табыстары және жеке
               тұлғалардың өзге төлемдері бойынша шығыстарды
               шегеру

      1. Қызметкердің есептелген табыстары бойынша жұмыс берушінің шығыстары шегеруге жатады.
      2. Осы Кодекстің 55-бабы 3-тармағының 2), 3), 7), 9)-12), 14), 17) тармақшаларында анықталған жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі салық төлеушінің шығыстары шегеруге жатады.
      3. Салық төлеуші ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген шекте шегеруге жатады.

      111-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және
               оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына жұмсалған
               шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын
               пайдаланушының басқа да шегерімдері

      1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін бағалау, абаттандыру жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндіруге әзірлік жұмыстарын жүргізуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар, жалпы әкімшілік шығыстар, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомалары, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу жөніндегі шығыстар және осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылатын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жеке тобын құрайды. Көрсетілген шығыстар жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бірақ 25 процент мөлшеріндегі амортизацияның шекті нормасынан аспайтын нормалар бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру басталған сәттен бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегеріледі.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған жекелеген келісім-шарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті аяқтаған жағдайда амортизацияланатын активтер тобының құндық теңгерімі соңғы салық кезеңінің аяғында қалыптасқан шегерімге жатады.
      Осы баптың мақсаттары үшін коммерциялық табудан кейінгі өндіру:
      1) барлауға, сондай-ақ бекітілмеген пайдалы қазбалар қорларымен бірлескен барлауға - Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкілетті органы қорларды бекіткеннен кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталуын;
      2) қосымша геологиялық зерделеу мен геология-экономикалық қайта бағалауды талап ететін қорларды қоса алғанда пайдалы қазбаларының қорлары мемлекеттік баланста есепте тұратын және осы мақсатқа уәкілетті мемлекеттік органның сараптау қорытындысымен расталған бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттар бойынша - егер мұндай жұмыстар келісім-шарттың жұмыс бағдарламасымен көзделсе және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілсе осы келісім-шарттарды жасасу күнінен бастап пайдалы қазбаларды өндірудің басталуын білдіреді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар жер қойнауын пайдалануға арнап жасалған келісім-шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушының мынадай:
      1) осы Кодекстің 99-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тастауға жататын табыстарды қоспағанда, геологиялық зерттеу мен дайындық жұмыстарын жүргізу кезеңінде алынған;
      2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған сәтке дейін өндірілген пайдалы қазбаларды іске асырудан алған;
      3) жер қойнауын пайдалану құқығының бір бөлігін іске асырудан алынған табыстарының сомасына азайтылады.
      3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіп жер қойнауын пайдалану құқығын алуға байланысты салық төлеуші тартқан материалдық емес активтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстарға да қолданылады.

      112-бап. Қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің
               әлеуметтік саласын дамытуға жұмсалатын
               шығыстар бойынша жер қойнауын пайдаланушының
               шегерімдері

      1. Жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға нақты тартқан шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта белгіленген сома шегінде шегерімдерге жатқызылады.
      2. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушы нақты тартқан осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта белгіленген сома шегінде осы кодекстің 111-бабында белгіленген тәртіппен шегерімдерге жатқызылады.
      3. Осы баптың мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушы нақты тартқан шығыстар деп:
      1) қазақстандық кадрларды оқытуға - Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған сомасы, сондай-ақ осы мақсаттарға мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат танылады;
      2) өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға - өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға және қолдауға жұмсалған шығыстары, сондай-ақ осы мақсаттарға мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат танылады.

      113-бап. Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық
               айырма сомасынан асып түсуін шегеру

      Теріс бағамдық айырма сомасы оң бағамдық айырма сомасынан асып түскен жағдайда асып түсу шамасы шегеруге жатады.
      Бағамдық айырма сомасы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталады.

      114-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да
               міндетті төлемдерді шегеру

      1. Мыналардан:
      1) жылдық жиынтық табысты анықтағанға дейін алынып тасталатын салықтарды;
      2) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағында төленген корпоративтік табыс салығынан және заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтардан;
      3) жеңілдікті салық салуы бар елдерде төленген салықтарды;
      4) үстеме пайдаға салынатын салықтан басқа есептелген шекте салық төлеушінің салық салу объектілері бойынша Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар шегеруге жатады.
      2. Алдыңғы салық кезеңдері үшін ағымдағы салық кезеңінде төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ағымдағы салық кезеңінде шегеруге жатады.

      115-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар

      Мыналар:
      1) табысты алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;
      2) жалған кәсіпорынның заңды күшіне енген үкімінің негізінде немесе соттың айыптау болып белгіленген қылмыстық қызметтің басталу кезінен бастап жасалған салық төлеушімен операциялар бойынша шығыстар;
      3) уәкілетті органның ресми сайтында деректер жарияланған сәттен бастап осы Кодекстің 580-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша шығыстар;
      4) соттың заң күшіне енген өкімімен немесе соттың оңалмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы сот қаулысымен заңсыздығы анықталған жалған шот-фактураның үзіндісімен ресімделген операциялар бойынша шығыстар;
      5) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бюджетке енгізуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімақыларды) қоспағанда, бюджетке енгізуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімақылар);
      6) табыс алуға бағытталған қызметке байланысты шығыстардың осы Кодексте белгіленген оларды шегерімге жатқызу нормаларынан асып түсу сомасы;
      7) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мөлшерден тыс есептелген және төленген бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы;
      8) сатып алу, өндіру, салу, монтаждау, орнату жөніндегі шығындар және осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерінің құнына енгізілетін басқа шығындар, сондай-ақ оларды пайдалану жөніндегі шығыстар;
      9) қайтарусыз негізде салық төлеуші берген мүліктің, орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің құны;
      10) есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 267-бабын қолданатын салық төлеушіде туындайтын салық кезеңі үшін қосылған құн салығына есептелген салық сомасынан асып түсуі;
      11) осы Кодекстің 106, 107-баптарында көзделген шегерімдерді қоспағанда резервтік қорларға аударымдар;
      12) мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша берілетін тауар-материалдық қорлардың құны;
      13) өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының төленген қосымша төлемінің сомасы шегерімге жатпайды.

$ 3. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер

      116-бап. Тіркелген активтер

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тіркелген активтерге:
      1) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына салық сәйкес төлеушінің бухгалтерлік есебінде түскен кезде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;
      2) концессия шартының шеңберінде концессионер (концессия шартын іске асыру үшін концессионер ғана арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды) жүргізген және (немесе) алған қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
      3) осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
      4) сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару шарты бойынша немесе сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге құжат бойынша сенімгерлік басқаруға қызмет мерзімі алған бір жылдан асатын активтер жатқызылады.
      2. Мыналар тіркелген активтерге жатпайды:
      1) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған сәтке дейін жер қойнауын пайдаланушы пайдалануға берген және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес салық салу мақсатында ескерілетін негізгі құралдар және материалдық емес активтер;
      2) жер;
      3) мұражай құндылықтары;
      4) сәулет және өнер ескерткіштері;
      5) жалпы қолданыстағы құрылыстар: автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;
      6) аяқталмаған күрделі құрылыс;
      7) фильм қорына жатқызылған объектілер;
      8) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
      9) бұрын құны толығымен 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;
      10) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына салық сәйкес осылай танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтер;
      11) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісім-шарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;
      12) құны осы кодекстің 123, 124-баптарына сәйкес шегерімдерге жатқызылған активтер;
      13) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

      117-бап. Құн балансын айқындау

      1. Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

Р/с
N

Топтың
N

Тіркелген активтердің атауы

1

2

3

1

I

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

2

II

Мұнайгаз өңдеу машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық

3

III

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтар

4

IV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнайгаз өндіру машиналары мен жабдықтары

      I топтың әрбір объектісі кіші топқа теңестіріледі.
      2. Әрбір кіші топ (I топтың), топ бойынша салық кезеңінің басына және аяғына кіші топтың (I топтың), топтың құн балансы болып аталатын қорытынды сома анықталады.
      I топтың құндық балансы негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша кіші топтардың құндық баланстарынан және осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құрылған кіші топтың құндық балансынан тұрады.
      3. Алдыңғы салық кезеңінде есептелген, сондай-ақ осы Кодекстің 121 және 122-баптарына сәйкес жүргізілген түзетулерді ескере отырып, амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған салық кезеңінің аяғындағы кіші топтардың құндық балансы I топтағы тіркелген активтердің қалдық құны болып табылады.
      4. Тіркелген активтер:
      1) I топ бойынша - әрқайсысы топтың құн балансының жеке кіші тобын құратын тіркелген активтер объектілерінің бөлінісінде;
      2) II, III және IV топтар бойынша - топтардың құн баланстарының бөлінісінде ескеріледі.
      5. Түскен тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен осы Кодекстің 118-бабына сәйкес анықталатын құнға кіші топтардың (I топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын арттырады.
      6. Шығып қалған тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен осы Кодекстің 119-бабына сәйкес анықталатын құнға кіші топтардың (I топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын азайтады.
      7. Салық кезеңінің басына кіші топтың (I топтың), топтың құн балансы:
      алдыңғы салық кезеңінің аяғына кіші топтың (I топтың), топтың құн балансы
      алу
      алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдарлық сомасы,
      қосу немесе алу
      осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады.
      Салық кезеңінің басына кіші топтың (I топтың), топтың құн балансының мәні теріс болуы тиіс.
      8. Салық кезеңінің аяғына кіші топтың (I топтың), топтың құн балансы:
      салық кезеңінің басына кіші топтың (I топтың), топтың құн балансы
      қосу
      салық кезеңінде түскен тіркелген активтер
      алу
      салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер,
      қосу немесе алу
      осы Кодекстің 122-бабына сәйкес жүргізілген түзетулер ретінде айқындалады.
      9. Сенімгер басқарушы осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) жекелеген құн баланстарын хабарлауға және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 58-бабының 5-тармағының негізінде бөлек салық есебін енгізуге міндетті.

      118-бап. Тіркелген активтердің түсімі

      1. Тіркелген активтер түскен кезде, оның ішінде қаржы лизингі бойынша және тауар-материалдық құндылықтар құрамынан беру жолымен, аталған активтердің бастапқы құнына топтардың (кіші топтардың) құн балансын арттырады.
      2. Осы бапта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында пайдалануға рұқсат етілген бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес айқындалатын, оларды сатып алу, өндіру, салу, монтаждау және қондыру жөніндегі шығындардың жиынтығын, салық төлеуші осы Кодекстің 100-114-баптарына сәйкес шегерімдерге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа шығындарды қамтитын осы активтердің құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      3. Тауар-материалдық қорлардың құрамынан аудару жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны бухгалтерлік есепке сәйкес осындай түсу күніне анықталған оның баланстық құны болып табылды.
      4. Тіркелген активтерді өтеусіз алған кезде тіркелген активтердің бастапқы құны аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша анықталатын құн болып табылады.
      5. Жарғылық капиталға салым ретінде алу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес анықталатын құн тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      6. Салық төлеушіні қосу, біріктіру, бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты тіркелген активтерді алу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес анықталатын құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      7. Сенімгерлік басқарушы тіркелген активтерді сенімгерлік басқаруға алу кезінде мыналар:
      1) беретін тұлғаның осы активтері тіркелген болып табылған жағдайда - осы Кодекстің 119-бабының 9-тармағына сәйкес анықталған құн;
      2) өзге жағдайларда - аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша анықталатын құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      8. Сенімгерлік басқару бойынша міндеттемелерді тоқтатуға байланысты сенімгерлік басқарушыдан тіркелген активтерді алған кезде мыналар:
      1) сенімгерлік басқарушының осы активтері тіркелген болып табылған жағдайда - осы Кодекстің 119-бабының 10-тармағына сәйкес анықталған құн;
      2) өзге жағдайларда - тіркелген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген шекті ставкаға және ағымдағы салық кезеңінің алдындағы сенімгерлік басқару салық кезеңдерінің санына сүйене отырып есептелген амортизациялық аударымдардың сомасына азайтылған осы Кодекстің 121-бабының 9-тармағына сәйкес анықталған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      9. Концессия шарты бойынша концессионер (құқық мирасқор) тіркелген активтерді алған кезде осы кодекстің 119-бабының 11-тармағына сәйкес анықталатын құн осындай активтердің бастапқы құны болып табылады.
      10. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендент тіркелген активтерді алғанда осы Кодекстің 121-бабының 12-тармағына анықталатын құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      11. Жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы Кодекстің 81-149-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен кезде салықтарды есептеудің жалпыға белгіленген тәртібіне көшу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған арнаулы салық режимінде пайдаланылған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес және биологиялық активтердің баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
      12. Салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылуы уақытша тоқтатылуына байланысты бұрын шығып қалған I топтың тіркелген активтері мұндай тіркелген активтердің табыс алуға бағытталған қызметтерге қатысуын қайта бастаған осы Кодекстің 122-бабына сәйкес мұндай активтердің құны ұлғайтуға жатқызылатын шығыстарды ескере отырып шығып қалу құны бойынша салық кезеңінде тіркелген активтердің I тобының құндық балансына енгізілуге жатады.

      119-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тіркелген активтердің шығып қалуы, толық амортизация және (немесе) құнсыздануды, сондай-ақ сатуға арналған активтер құнына ауыстыруды қоспағанда, бұл активтерді бухгалтерлік есепте негізгі қаражат, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтату болып табылады.
      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіші топтың (топтың) құн балансы шығып қалу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған шығып қалған тіркелген активтердің шығып қалған баланстық құнына азайтылады.
      3. Тіркелген активтерді, оның ішінде қаржы лизингі шарты бойынша оларды тауар-материалдық қорлардың құрамына ауыстырусыз іске асырған кезде кіші топтың (топтың) құн балансы іске асырудың құнына азайтылады.
      Егер мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатып алу-сату шартын қоса алғанда сатып алу-сату шартымен іске асыру құны тіркелген активтер объектілерінің бөлінісінде анықталмаса, кіші топтың (топтың) құн балансы іске асыру күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған шығып қалған тіркелген активтердің баланстық құнына азайтылады.
      4. Тіркелген активтерді қайтарусыз беру, жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде кіші топтың (топтың) құн балансы аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша анықталатын құнға азайтылады.
      5. Қосу, біріктіру, бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде тіркелген активтердің шығып қалуы кезінде кіші топтың (топтың) құн балансы беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құнға азайтылады.
      6. Құрылтайшы, қатысушы мүлікті алған кезде кіші топтың (топтың) құн балансы құрылтайшылардың, қатысушылардың келісімі бойынша анықталатын құнға азайтылады.
      7. Есептен шығару, жоғалтқан, жойған, бүлінген, айырылған кезде:
      1) тіркелген активтерді сақтандыру жағдайларында - кіші топтың (топтың) құн балансы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымының сақтандырушысына сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құнға азайтылады;
      2) I топтың тіркелген активтерін сақтандыру болмаған кезде - тиісті кіші топтардың құн балансы тіркелген активтердің қалдық құнына азайтылады;
      3) I топтың тіркелген активтерінен басқа сақтандырушы тіркелген болмаған кезде - шығып қалу көрсетілмейді.
      8. Лизинг алушы қаржы лизингінің затын лизинг алушыға қайтарған кезде кіші топтың (топтың) құн балансы қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасына азайтылған лизинг затын қайтару күніне дейін алған күннен бастап кезеңдегі қаржы лизингінің затын сатып алу құны мен лизингтік төлемдер сомасы арасындағы оң айырмаға азайтылады.
      9. Тіркелген активтерді сенімгерлік басқаруға беру кезінде топтың (кіші топтың) құн балансы:
      1) I топ бойынша - тіркелген активтердің қалдық құнына;
      2) II, III және IV топтар бойынша - беру күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған баланстық құнға;
      10. Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару жөніндегі міндеттемелерді тоқтатқан кезде топтың (кіші топтың) баланстық құнын:
      I топ бойынша - осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
      ІІ, III және IV топтар бойынша:
      топтың барлық активтерін беру кезінде - осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құн балансының шамасына;
      қалған жағдайларда - осы Кодексте тіркелген активтердің тиісті тобы үшін көзделген шекті ставкаға және ағымдағы салық кезеңінің алдындағы сенімгерлік басқарудың салық кезеңдерінің санына сүйене отырып есептелген амортизациялық аударымдардың сомасына азайтылған осы Кодекстің 118-бабына сәйкес анықталған берілетін активтердің бастапқы құнына азайтады.
      11. Концессия шарты бойынша концессионерге тіркелген активтерді беру кезінде конценденттің тобының (кіші тобының) құн балансы:
      1) 1-топ бойынша - осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
      2) II, III және IV топтар бойынша - уәкілетті орган анықтаған құнға азайтылады.
      12. Концендентке тіркелген активтерді беру кезінде конценденттің тобының (кіші тобының) құн балансы:
      1) 1-топ бойынша - осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;
      2) II, III және IV топтар бойынша - уәкілетті орган анықтаған құнға азайтылады.

      120-бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу

      1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады.
      2. Әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормаларын қолдану жолымен, бірақ салық кезеңінің аяғына кіші топтың, топтың құн балансына шектіден жоғары емес анықталады:

Р/с
N

Топтың
N

Тіркелген активтердің атауы

Амортизацияның
шекті нормасы
(%)

1

2

3

4

1

I

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда ғимараттар, құрылыстар

10

2

II

Мұнайгаз өңдеу машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда машиналар мен жабдық

25

3

III

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтар

40

4

IV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнайгаз өндіру машиналары мен жабдықтары

15

      3. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объекті бойынша жеке анықталады.
      4. Салық төлеушіні таратқан немесе қайта ұйымдастырған, жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 81-149-баптарына сәйкес корпорациялық табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.
      5. Салық төлеуші осы Кодекстің 123-125-баптарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеуге құқылы.

      121-бап. Тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер

      1. Сатуды қоспағанда, ішкі топтың (I топ бойынша) барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін тиісті ішкі топтың немесе топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шегерімге жатқызылады.
      2. Ішкі топтың (I топ бойынша) немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) барлық тіркелген активтерін өтеусіз берген кезде тиісті ішкі топтың немесе топтың құн балансы салық кезеңінің соңында нөлге теңеледі және шегерілмеуге тиіс.
      3. Салық төлеуші ішкі топтың (топтың) салық кезеңінің соңындағы құн балансының көлемін республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген 300 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.

      122-бап. Кейінгі шығыстарды шегеру

      1. Кейінгі шығыстар деп осы баптың 2-тармағында көрсетілген активтерді пайдалану, жөндеу, ұстау және тарату кезінде шеккен, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары осы Кодекстің 107-бабына сәйкес шегерімдерге жататын тарату қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын қоспағанда, салық төлеушінің резервтік қорлары есебінен өндірілетін тіркелген активтер бойынша іс жүзіндегі шығыстар түсіндіріледі.
      2. Шегерім салық төлеуші мына төмендегі активтерге:
      1) тіркелген активтерге және (немесе);
      2) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін және осы Кодекстің 116-бабының 2-тармағының 1), 6), 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда кіріс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негізгі қаражатқа, жылжымайтын мүлікке инвестицияларға, материалдық емес және биологиялық активтерге қатысты жұмсаған кейінгі шығыстар бойынша рұқсат етіледі.
      3. Бухгалтерлік есепте осы баптың 2-тармағында көрсетілген активтердің баланстық құнын арттыруға жатқызылған тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстардың сомасы:
      1) топтың (ішкі топтың) тиісті құн балансын ұлғайтады;
      2) топтың (ішкі топтың) құн балансы болмаған кезде топтың (ішкі топтың) ағымдағы салық кезеңіне арналған құн балансын қалыптастырады.
      Тіркелген активтер бойынша басқа да кейінгі шығыстарды шегерімдерге жатқызу осы Кодекстің 100-114-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Жалға беруші жалға берілетін негізгі құралдарға қатысты жұмсаған жөндеуге жұмсалған кейінгі шығыстардың сомасы шегеруге жатады.

$ 4. Инвестициялық салық преференциялары

      123-бап. Инвестициялық салық преференциялары

      Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі - преференциялар) - Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың, осы Кодекстің 124-бабында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде пайдалануға арналған машиналар мен жабдықтардың құнын шегерімдерге жатқызу жөніндегі құқығы.

      124-бап. Инвестициялық салық преференцияларын беру

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, преференциялар стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің D секциясында көзделген қызмет түрлері бойынша беріледі.
      2. Преференциялар осы Кодекстің 5-бөлімінің ережелерін қолданатын салық төлеушілерге берілмейді.

      125-бап. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану

      1. Корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде құрылысын салу кезеңіндегі, машиналар мен жабдықтардың бастапқы құнын үш жыл ішінде тең үлестермен не құрылыс немесе сатып алу жөніндегі шығыстарды жүзеге асырған кезде бір жолғы тең үлестермен шегерімдерге жатқызу құқығын береді.
      2. Преференцияларды қолдану үшін салық төлеуші пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың, машиналар мен жабдықтардың құнын тіркелген активтер тобының (кіші тобының) құн балансына енгізбейді және олардың есебін қалған тіркелген активтерден бөлек жүзеге асырады.

$ 5. Туынды қаржы құралдары

      126-бап. Жалпы ережелер

      1. Хеджирлеу мақсатында немесе базистік активті жеткізу жолымен орындаған кезде туынды қаржы құралдарын қолданған жағдайда туынды қаржы құралының салық есебі осы Кодекстің 132, 133-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Туынды қаржы құралдары бойынша залал осы Кодекстің 137-бабына сәйкес айқындалады және осы Кодекстің 129, 130-бабын ескере отырып, осы Кодекстің 138-бабына сәйкес ауыстырылады.

      127-бап. Свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары
               бойынша табыс

      1. Своптарды қоспағанда, осы бапқа сәйкес айқындалатын түсімдердің төлемдерден асып түсуі туынды қаржы құралдары бойынша кіріс болып табылады. Салық есебінің мақсатында кіріс туынды қаржы құралы орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған сәтте айқындалады.
      2. Туынды қаржы құралы бойынша түсімдер - мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі аралық есеп айырысулар кезінде осы туынды қаржы құралы бойынша алуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.
      3. Туынды қаржы құралы бойынша төлемдер - мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі аралық есеп айырысулар кезінде жүргізілген төлемдер болып табылады.

      128-бап. Своп бойынша кіріс

      1. Своп бойынша кіріс түсімдердің осы бапқа сәйкес айқындалған төлемдерден асып түсуі болып табылады. Салық есебі мақсатында своп бойынша кіріс есепті салық кезеңінің соңында айқындалады.
      2. Своп бойынша түсімдер - есепті салық кезеңі ішінде осы своп бойынша алуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.
      3. Своп бойынша төлемдер - есепті салық кезеңі ішінде төленген осы своп бойынша төлемдер болып табылады.

      129-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салық есебінің
               ерекшеліктері

      1. Хеджирлеу - бағаның қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге де көрсеткіші салдарынан болатын ықтимал залалды болдырмау мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтіліп отырған мәмілелерге байланысты ақша қаражатының ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.
      2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші салық декларациясын ұсынған кезде осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың мөлшерін азайтуға әкелетінін (әкелуі мүмкін екенін) растайтын (пайда алмау) есептеме ұсынады.
      3. Хеджирлеу операциялары бойынша кіріс немесе залал хеджирлеу объектісі үшін айқындалған осы Кодекстің нормаларына сәйкес салық есебі мақсатында ескеріледі.
      4. Хеджирлеу операциялары бойынша кіріс немесе залал салық есебі үшін олар айқындалған салық кезеңінде танылады.

      130-бап. Салық есебінің базалық активті жеткізу жолымен
               орындаған кездегі ерекшелігі

      1. Егер туынды қаржы құралын орындау базалық активті сатып алу немесе сату жолымен жүрсе, онда төлеуге жататын (төленген) шығыстар мен көрсетілген базалық активтерді сатып алу немесе сату нәтижесінде алуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатпайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар бойынша түсімдер мен шығыстар осы Кодекстің базалық актив бойынша түсімдер мен шығыстарға қолданылатын нормаларына сәйкес салық есебі мақсатында ескеріледі.

$ 6. Табыстар мен шегерімдерді түзету

      131-бап. Жалпы ережелер

      Түзету - Осы кодекстің 132-бабында белгіленген жағдайларда табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасына көбейту немесе азайту.

      132-бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету

      1. Кірістер мен шығыстар мынадай жағдайларда түзетуге жатады:
      1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;
      2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;
      3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін өтемақының бағасын өзгерткенде;
      4) бағадан жеңілдіктерде, сатудан жеңілдіктерде;
      5) сатылған немесе сатып алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құнына оларды теңгемен төлеген кезде айырма алғанда.
      2. Кірісті түзетуді салық төлеуші - кредит беруші заңды тұлғадан немесе дара кәсіпкерден, сондай-ақ заңды тұлғадан - Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместен осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талаптарды есептен шығарған кезде жүргізіледі. Түзету талаптардың туындауын растайтын құжаттар болған кезде, сондай-ақ ол түзету сәтінде бухгалтерлік есепте көрсетілген не бухгалтерлік есепте өткен кезеңдердегі шығыстарға жатқызылған кезде жүргізіледі. Түзету сомасы бұрын танылған кіріс мөлшеріндегі есептен шығарылған талаптың сомасына тең.
      Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
      3. Кірісті түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік кешен ретінде беруге байланысты азайтқан кезде жүргізілмейді.

14-тарау. Салық салынатын табысты азайту
және салық төлеушілердің кейбір санаттарын салық
салудан босату

      133-бап. Салық салынатын табысты азайту

      1. Салық төлеушінің мынадай шығыс түрлеріне салық салынатын кірісті азайтуға құқығы бар:
      1) салық салынатын кірістің 3 процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:
      іс жүзінде шеккен шығыстардың осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) кірістерден асып түскен сомасы;
      коммерциялық емес ұйымдарға және әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз берілген мүліктің құны;
      салық төлеушінің көмекті алатын адамның тарапынан өтінімі негізінде шешімі болған кездегі демеушілік және қайырымдылық көмек;
      2) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге және мүгедектердің жалақысынан және басқа да төлемдерден есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 процентіне жұмсалатын шығыстардың 2 еселенген мөлшері;
      3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шарты жасасқан жағдайда салық төлеушімен еңбек қатынастарында болмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстар.
      Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар:
      1) оқуға ақы төлеуге іс жүзінде жүргізілген шығыстарды;
      2) салық төлеуші айқындаған мөлшерде оқитын тұлғаға стипендия төлеуге арналған шығыстарды, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормадан аспайды;
      3) оқуға түскен кезде оқу орнына және ол аяқталғаннан кейін кері жол жүруге арналған іс жүзінде жүргізілген шығыстарды қамтиды.
      2. Салық төлеушінің мынадай кіріс түрлеріне салық салынатын кірісті азайтуға құқығы бар:
      1) негізгі құралдардың қаржы лизингі бойынша алуға жататын (алынған) сыйақы;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ресми тізімде осындай сыйақыларды есептеу күні қор биржасында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
      3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды сату кезінде құн өсімінен алынатын кірістер;
      4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ізгілік көмек түрінде алынған және мақсаты бойынша пайдаланылған мүліктің құны;
      5) республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құны;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардың немесе консорцумның акцияларын және қатысу үлестерін сату кезінде құн өсімінен алынатын кірістер;
      Осы тармақшаны қолдану мақсатында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік»есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған жарғылық (акционерлік) капитал құнының немесе көрсетілген заңды тұлға не концорсум акцияларының 50 проценттен астамы осындай сату кезінде жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкін құрайды;
      7) сату күні осы қор биржасының ресми тізімдерінде орналасқан бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен сату кезінде құн өсімінен алынатын кірістер.

      134-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

      1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және пәтер (үй-жайлар) иелері кооперативтерінен басқа тұтыну кооперативтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйым мәртебесі бар, өз қызметін қоғамдық мүддені көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетін:
      1) осындай қызметіне орай табыс алу мақсаты жоқ;
      2) алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
      2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кіру және мүшелік жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушілік көмек, өтеусіз алынған мүлік, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайырмалдық түрінде алған табысы, осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстарына жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.
      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстарға жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.
      Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргізуге міндетті.
      5. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімдерге жатқызылуға тиіс сомасы салық төлеушінің қалауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдісі бойынша айқындалады.
      6. Барабарлық әдіс бойынша шығыстардың жалпы сомасындағы шегерімге жатқызылуға тиісті шығыстар сомасы коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасындағы осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстардың үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады.
      7. Бөлек есептеу әдісі бойынша салық төлеуші осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарға жататын шығыстар және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарға қатысты шығыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргізеді.

      135-бап. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын
               ұйымдарға салық салу

      1. Осы бапта көзделген ұйымдардың кірістеріне осы бапта белгіленген шарттар сақталған кезде салық салынуға тиіс.
      2. Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардан алынатын кірістер өтеусіз алынған мүлік түріндегі кірістерді ескере отырып, мұндай ұйымдардың жиынтық жылдық кірісінің кемінде тоқсан процентін құрайтын, осы бапта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жатады.
      Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері жатады:
      1) косметологиялық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
      2) қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру жөніндегі қызмет көрсету;
      3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа) саласында қызмет, ақпаратты тарату мен насихаттауды қоспағанда, тарихи-мәдени мұраны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген мәдени құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді қорғау және оларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет;
      4) кітапхана қызметі.
      Осы тармақта көзделген ұйымдардың кірістері көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға жұмсалған кезде олар салық салуға жатпайды.
      3. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға, мынадай шарттарға сай келетін:
      1) салық кезеңінде мүгедектердің саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 проценті болатын;
      2) салық кезеңінде мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 процент) құрайтын ұйымдар да жатады.
      4. Осы баптың ережелері акцизделетін тауарлар өндіру мен өткізу жөніндегі қызметтен және акцизделетін қызмет түрлерінен табыстар алатын ұйымдарға қатысты қолданылмайды.
      5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстарға осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.

15-тарау. Залалдар

      136-бап. Залал ұғымы

      1. Осы Кодекстің 199-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, жиынтық жылдық табыстан шегерімдердің асып түсуі кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал деп танылады.
      2. Бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал мыналар:
      1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша - өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы теріс айырма;
      2) борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізген күнгі дисконт амортизациясы мен (немесе) сыйлықақы есептегендегі өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы теріс айырма.
      3. Осы Кодекстің 127, 128-баптарына сәйкес айқындалатын төлемдердің түсімдерден асып түсуі хеджирлеу операцияларының ерекшеліктерін ескере отырып, туынды қаржы құралдары бойынша залал болып табылады.

      137-бап. Залалдарды ауыстыру

      1. Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ I топтың тіркелген активтерін өткізуден шеккен залалдар осы салық кезеңдерінің салық салынатын кірістерінің есебіне өтеу үшін кейінгі он жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады.
      2. Бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құнның өсімінен алынатын кірістің есебінен өтеледі.
      Егер осы залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмайтын болса, онда олар алдағы уақытқа он жылға дейінгі мерзімге ауыстырылуы және, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыс есебінен өтелуі мүмкін.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардың акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде туындайтын залалдар, егер қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған жарғылық (акционерлік) капитал құнының немесе көрсетілген заңды тұлға не концорсум акцияларының 50 проценттен астамы осындай сату кезінде жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкін құраса, осы Кодекстің 133-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген заңды тұлға немесе концорсум акциялары мен қатысу үлестерін сатқан кездегі құн есімі кірістерінің есебінен өтеледі.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен осы қор биржасының ресми тізімдеріндегі өткізу күнінде тұрған бағалы қағаздарды өткізуден туындайтын залалдар Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен осы қор биржасының ресми тізімдеріндегі еткізу күнінде тұрған бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінің кірісі есебінен өтеледі.
      5. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген залалдар олар орын алған кезеңде өтеле алмаса, онда олар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.
      6. Арнайы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналым мерзімі ішінде ауыстырылуы мүмкін.
      7. Заңды тұлғалар - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші шеккен залалдар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.
      8. Туынды қаржы құралдары бойынша залалдар хеджирлеу операцияларының ерекшеліктерін ескере отырып, туынды қаржы құралдары бойынша кіріс есебінен өтеледі. Егер осы залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмайтын болса, онда олар алдағы уақытқа он жылға дейінгі мерзімге ауыстырылуға және туынды қаржы құралдары бойынша кірістер есебінен өтелуі мүмкін.

      138-бап. Қайта ұйымдастыру кезінде залалдарды ауыстыру

      Бөліну немесе бөлу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар қайта ұйымдастырылатын салық төлеушіде құқық мирасқорларының қатысу үлесі бойынша бөлінеді және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіпте ауыстырылады.

16-тарау. Корпорациялық табыс салығын есептеп шығару
    тәртібі мен оны төлеу мерзімдері

      139-бап. Корпорациялық табыс салығы сомасын есептеп
               шығару

      1. Корпорациялық табыс салығы салық кезеңі үшін осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгіленген ставканы осы Кодекстің 133-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылатын сомаға азайтылған салық салынатын табысқа қолдану жолымен есептеп шығарылады.
      2. Бюджетке төленуге тиіс корпорациялық табы салығының сомасы төлем көзі осы салықты ұстап қалғандығын растайтын құжаттар болған кезде төлем көзінен ұтыс, сыйақы түріндегі кірістен ұсталынған корпорациялық табыс салығының сомасына азайтылады.
      Осы тармақтың ережелері әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға, коммерциялық емес ұйымдарға төлем көзінен депозиттер бойынша сыйақы түріндегі табысынан ұсталынған корпорациялық табыс салығы бойынша қолданылмайды.
      3. Егер төлем көзінен сыйақы түріндегі табысынан ұсталынған корпорациялық табыс салығының сомасы бюджетке төленуге тиіс корпорациялық табыс салығының сомасынан асып түссе, табыс көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығының сомасы мен бюджетке төленуге тиіс корпорациялық табыс салығының сомасы арасындағы айырма қоса алғанда кейінгі он салық кезеңіне ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетіне төленуге тиіс корпорациялық табыс салығының сомасына дәйекті түрде азайтылады.

      140-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының
               корпорациялық табыс салығын есептеуінің және
               төлеуінің ерекшеліктері

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғаларға және ауылдық тұтынушылар кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші корпорациялық табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшелікті ескере отырып жүргізеді.

      141-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеп шығару

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушілер осы Кодексте белгіленген тәртіппен ағымдағы салық кезеңі ішінде корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептейді және төлейді.
      2. Мыналар:
      1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңінің алдындағы салық кезеңіндегі түзетулерді ескере отырып, жиынтық жылдық табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 325000 еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;
      2) әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде жаңадан құрылған салық төлеушілер;
      3) салық органдарында тіркелуі жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде салық органдарында салық төлеуші ретінде жаңадан тіркелген Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеуге және төлемеуге құқылы.
      3. Аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңі ішінде тең үлестермен төленеді.
      4. Өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі есепті салық кезеңінің 20 қаңтарынан кешіктірмей салық төлеушінің тіркелген орны бойынша салық органына табыс етіледі.
      Өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебіндегі аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларын ескере отырып есептеп шығарады.
      5. Салық төлеуші өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебін оны тапсырған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде табыс етеді.
      6. Өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуге тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомалары ағымдағы салық кезеңінің корпорациялық табыс салығының болжамды сомасы ескеріле отырып, бірақ мына сомалардан кем емес есептеледі:
      мыналарға
      өткен салық кезеңіндегі айлардың толық санына бөлінген,
      мыналарға
      корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі берілетін ағымдағы салық кезеңіндегі айлар санына көбейтілген өткен салық кезеңінің нақты корпорациялық табыс салығының сомасы.
      7. Өткен салық кезеңінің қорытындылары бойынша залал шеккен немесе салық салынатын кірісі жоқ салық төлеушілер өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде салық органына ағымдағы салық кезеңіндегі корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын ескере келе аванстық төлемдер сомасының есебін тапсыруы тиіс.
      8. Салық төлеушілер егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбеген болса өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең үшін төленуге тиіс аванстық төлемдер сомасын қоспағанда есепті салық кезеңі ішінде салық кезеңі үшін болжамды кіріс сомасын ескере келе есепті салық кезеңінің алдағы айлары үшін аванстық төлемдер сомасының қосымша есебін беруге құқылы.
      Корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есептерінде көрсетілген түзетулерді ескере келе, өткен салық кезеңіндегі корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының теріс маңызы болмайды.
      Аванстық төлемдер сомасының қосымша есебі салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірмей табыс етілуі мүмкін.
      9. Өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсыру мерзімін ұзартқан кезде салық төлеуші көрсетілген декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылып отырған кезең үшін ағымдағы салық кезеңінің 20 сәуіріне дейін өткен салық кезеңі үшін табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейінгі кезең үшін төленуге тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есептерін тапсыруға міндетті.

      142-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзімдері
               мен тәртібі

      1. Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің тіркелген жері бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеуді тұрақты мекеме тіркелген жер бойынша жүзеге асырады.
      2. Мониторингке жататын салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңінің бірінші жұмыс күні немесе жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатындар корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңі ішінде, осы Кодекстің 141-бабына сәйкес анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірмей ай сайын төлеп тұруға міндетті.
      3. Есепті салық кезеңі ішінде енгізілген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептеп шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебіне жатқызылады.
      Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша төлемді декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

17-тарау. Төлем көзінен ұсталатын корпорациялық
табыс салығы

      143-бап. Төлем көзінен ұсталатын кірістер

      1. Төлем көзінен ұсталатын кірістерге, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар жатады:
      1) депозиттер бойынша сыйақы;
      2) ұтыстар;
      3) резидент еместердің осы Кодекстің 191-бабына сәйкес айқындалатын, мұндай резиденттердің тұрақты мекемесіне байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістері;
      4) заңды тұлғаларға төленетін сыйақы;
      5) эмитент шығару шарттарына сәйкес төлейтін купон түріндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы.
      2. Мыналар төлем көзінен салық салынуға жатпайды:
      1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақылар;
      2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, үлестік және акционерлік инвестициялық қорларға және орналастырылған активте бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін инвестициялық кірістер;
      3) осындай сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ресми тізімде тұрған сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
      4) эмитент шығару шарттарына сәйкес резидент банктерге төлейтін купон түріндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
      5) қажы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
      6) кредиттік серіктестіктерге кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
      7) Қазақстан Республикасының секьюритизациялау туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары төлейтін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
      8) резидент банктерге және резидент лизинг берушілерге төлейтін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
      9) шағын кредит ұйымдарына төленетін шағын кредиттер бойынша сыйақы.

      144-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс
               салығын аудару тәртібі

      1. Төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығының сомасын салық агенті төлем көзінен салық салынатын, төленіп отырған табыс сомасына осы Кодекстің 147-бабының 3 немесе 4-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен айқындайды.
      2. Салық агенті осы Кодекстің 143-бабында көрсетілген табыстарды төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын салықты табыс төлеу нысаны мен орнына қарамастан ұстап қалуға міндетті.

      145-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс
               салығын аудару тәртібі

      1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттері төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін жиырма бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығының сомаларын аударуға міндетті.
      2. Төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығының сомаларын аудару салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргізеді.

      146-бап. Төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс
               салығы жөніндегі есеп-қисап

      Салық агенттері төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығының сомалары бойынша есеп-қисапты төлем жүргізілген тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

18-тарау. Салық ставкалары

      147-бап. Салық ставкалары

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің осы Кодекстің 133-бабына сәйкес жүргізілген түзетулер ескерілген, осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
      2. Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушінің осы Кодекстің 133-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 10 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
      3. Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 10 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
      4. Резидент еместердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердің тұрақты мекемесімен байланысы жоқ табыстарына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.
      5. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстіне осы Кодекстің 200-бабында белгіленген тәртіппен 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.

19-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы

      148-бап. Салық кезеңі

      1. Күнтізбелік жыл корпорациялық табыс салығы үшін салық кезеңі болып табылады.
      2. Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылу күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.
      Бұл ретте ұйымның оның уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуге алынған күні оның құрылған күні болып саналады.
      3. Егер ұйым күнтізбелік жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.
      4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзінің құрылған күнінен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салық кезеңі болып табылады.

      149-бап. Салық декларациясы

      1. Жекелеген қызмет түрлері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасындағы төлем көздерінен тек қана төлем көздерінде салық салынуға тиіс табыс алатын және қызметін Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместерді қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушілер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны, егер осы бапта өзгеше белгіленбеген болса салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
      2. Корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларация декларациядан және салық салу объектілері мен (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпараттарды ашу жөніндегі қосымшалардан тұрады.
      3. Шағын бизнес субъектісі үшін жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салынатын кірістерге корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырмайды.

5-бөлім. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында
қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу 20-тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында
қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

      150-бап. Жалпы ережелер

      1. Бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
      1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органдарында тіркеу есебінде тұратын;
      2) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тыс жерлерде құрылымдық бөлімшелері жоқ;
      3) арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің мынадай түрлері:
      бағдарламалық қамтамасыз етуді, деректер базасын және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және олардың тәжірибелік өндірісі мен өндірісі;
      жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
      ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
      мәтіндерді өңдеуге арналған машиналар, көшіру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторлар, кассалық аппараттар, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналар өндіру, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электронды есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтар өндіру;
      электр- және радиоэлементтер, таратушы аппаратура, дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратура өндіру;
      тұрмыстық электр аспаптарын өндіру;
      киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;
      трикотаж бұйымдарын өндіру;
      тоқыма материалдарынан киім өндіру;
      химия өнеркәсібі;
      резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;
      өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру;
      металлургия өнеркәсібі;
      дайын металл бұйымдарын өндіру;
      машиналар мен жабдықтар жасау бойынша өз өндірісі тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізуден алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін құрайтын заңды тұлғалар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар деп танылады.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      2. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға:
      1) жер қойнауын пайдаланушылар;
      2) акцизделетін тауарлар өндіретін ұйымдар;
      3) арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар;
      4) преференцияларды қолданған ұйымдар жатпайды.
      3. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында құрылған атқарушы органның немесе арнаулы экономикалық аймақтар әкімшілігінің тиісті өнеркәсіп саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысанда уәкілетті органмен келісе отырып берген растауы негізінде жүзеге асырылады
      4. Осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылған арнайы экономикалық аумақтарға қатысты қолданылады.

      151-бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртібі мен
               мерзімдері

      1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуі осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      2. Бюджетке төленуі тиіс корпорациялық табыс салығының сомасын айқындаған кезде осы кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы 100 пайызға азаяды.
      Осы тармақта көзделген салық сомасын азайту сондай-ақ осы кодекстің 141-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеген кезде қолданылады
      3. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында орналасқан және осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша:
      1) жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициенті;
      2) мүлік салығын есептеу кезінде салық салу объектілерінің жылдық орташа құнына 0 проценттік ставка қолданылады.

      152-бап. Салық кезеңі және салық есептілігі

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық кезеңі, салық есептілігін беру тәртібі мен мерзімдері осы Кодекске сәйкес айқындалады.

6-бөлім. Жеке табыс салығы 21-тарау. Жалпы ережелер

      153-бап. Төлеушілер

      1. Осы Кодекстің 155-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер (бөлім бойынша бұдан әрі - салық төлеушілер) болып табылады.
      2. Ойын бизнесіне салық, тіркелген жиынтық салық төлеушілер ойын бизнесі саласында осы Кодекстің 411, 420-баптарына көрсетілген қызметін жүзеге асырудан алынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
      3. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан алынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

      154-бап. Қазақстан Республикасының резиденттері болып
               табылатын шетелдік азаматтар мен азаматтығы
               жоқ адамдардың табыстарына салық салу
               ерекшеліктері

      1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдік азамат пен азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі - резидент шетелдік адам) табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аударуды салық агенті осы бөлімнің 166 және  158-баптарында көзделген салықтық шегерімдер мен ставкаларды ескере отырып, осы Кодекстің 31-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
      2. Резидент шетелдік адам Қазақстан Республикасынан тысқары көздерден алынған табыстарға осы Кодекстің 178-бабында және 30-тарауында белгіленген салық салынуға тиіс.

      155-бап. Салық салу объектілері

      1. Жеке табыс салығы салынатын объектілер мыналар болып табылады:
      1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;
      2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.
      2. Салық салу объектісі болып табылатын табыстардың сомасы осы Кодекстің 156-бабына сәйкес салық салынуға жатпайтын табыстар сомасына азайтылады.
      3. Мыналар жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайды:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;
      2) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
      3) қызметкердің жұмысы жолда болатын немесе жолға шығу сипатында болатын не қызмет көрсетілетін учаскелер шегінде қызметтік сапарларға байланысты жағдайларда оларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшердегі өтемақы төлемдері;
      4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтік іссапарлар кезінде еленетін өтемдер:
      осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;
      Қазақстан Республикасы шегінде іссапарда жүрген кезде қырық тәулік шегіндегі іссапар мерзімі үшін тәулігіне алты айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде төленетін тәуліктік;
      Қазақстан Республикасынан тысқары іссапарда жүрген кезде қырық тәулік шегіндегі іссапар мерзімі үшін тәулігіне сегіз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде төленетін тәуліктік;
      5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сметасының есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде жүргізетін қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемдер;
      6) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сметасының есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көздеген тәртіппен белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемдер;
      7) қызметкер жұмыс берушісімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысқан (не көшкен) кездегі жол жүруі, мүлкін көшіруі, отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдері;
      8) жұмыс берушінің жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес және шегерімдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасы;
      10) жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдарға өндіріс объектісінде болу кезеңінде жұмыстарды орындауы мен маусымаралық демалысы үшін жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй жалдауына және осы баптың 4) тармақшасында белгіленген тәулікақы шегінде тамақтануға арналған шығыстары;
      11) қызметкерлерді Қазақстан Республикасында тұратын (келген) жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқкиімнің, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлік өнімдерінің құны;
      13) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
      14) материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешімі бойынша тағайындалған сомалары;
      15) төлем көзінен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзінен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;
      16) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшін өмірді сақтандыру жөнінде сақтандыру ұйымдарына жіберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;
      17) міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде уақтылы ұстамағаны (есептемегені) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына аудармағаны үшін есептелген өсімпұл сомалары;
      18) ізгілік көмек түрінде алынған мүліктің құны;
      19) мемлекеттік тіркелуге тиіс және бір және одан астам жыл меншік құқығында тұрған немесе механикалық көлік құралын сату кезіндегі құнның өсімі;
      20) меншік құқығын тіркеу сәтінен бастап бір және одан астам жыл меншік құқығында тұрған тұрғын жайларды, саяжай құрылыстары, гараждарды сату кезіндегі құнның өсімі;
      21) осы Кодекстің 180-бабының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, саяжай және гараж құрылысы үшін берілген, бір жыл және одан көп иелену құқығында тұрған жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сату кезіндегі құнның өсімі;
      22) Осы Кодекстің 180-бабының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген нысандар орналаспаған жеке тұрғын үй құрылысы үшін, жекеменшік қосалқы шаруашылық жүргізу, бау-бақша шаруашылығы, саяжай құрылысы, гаражға арналып берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін сату кезінде құнының өсуі, егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алу және (немесе) алып қоюға арналған құқық белгілейтін құжаттарды құру күндері арасындағы кезең бір жыл немесе одан да көп болған жағдайды;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін сатып алынған мүлік құнының өсімі;
      24) жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын немесе жалға алушының жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу.

      156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар

      1. Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлеріне салық салынуға тиіс емес:
      1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
      2) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар;
      3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
      4) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен құнның өсімінен алынатын сыйақы, табыстар;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
      6) пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегі осы қордың пайлары бойынша табыстар;
      7) мынадай талаптарды бір мезгілде орындаған кезде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтер:
      акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иелену;
      қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған жарғылық (акционерлік) капитал құнының 50 проценттен астамы және дивидендтер төлейтін кезде жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтындар (табылмайтын) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрайтын заңды тұлғаның немесе консорцумның акциялары (қатысу үлестері);
      8) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;
      9) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;
      10) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіби оқуларға байланысты төлемдер;
      11) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);
      12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетін төлемдер;
      13) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілетін адамдардың, I және II топтағы мүгедектердің, сондай-ақ бала кезінен мүгедек адамның ата-аналарының біреуінің табыстары;
      14) III топтағы мүгедектердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 27 еселенген шегіндегі табысы;
      15) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдардың, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр кезеңінде кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір жылдағы жалақысының 27 еселенген ең төменгі мөлшері шегіндегі табыстары;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардағы акцияларды және қатысу үлестерін сату кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар.
      Осы тармақшаны қолдану мақсатында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған жарғылық (акционерлік) капитал құнының 50 проценттен астамы және дивидендтер төлейтін кезде жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтындар (табылмайтын) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрайтын заңды тұлғаның немесе консорцумның акциялары (қатысу үлестері);
      17) өткізілетін күні осы қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен алынатын табысы;
      18) бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);
      19) салық жылы ішінде медициналық қызмет көрсетулердің (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшін, бала туған кезде, жерлеу үшін берілетін, құжатпен расталған, төлемдердің әрбір түрі бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 8 еселенген шегіндегі төлемдер.
      Көрсетілген кірістер медициналық қызметтер (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) және оларды төлеуге арналған нақты шығыстарды растайтын, баланың туы туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлігі болған жағдайда салық салудан босатылады;
      20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;
      21) шет мемлекеттің мемлекеттік қызметінде жүрген шетелдік жеке тұлғалардың сол елде салық салынуға тиіс ресми табыстары;
      22) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінде қызметте жүрген жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;
      23) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан берілетін зейнетақы төлемдері;
      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттің сыйлықақылары);
      25) осы Кодекстің 155-бабының 2-тармағының 4-6) тармақшаларында көзделген қызметтік іссапар шығыстары кезіндегі өтемақыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қызметкерлерді өздерінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға және біліктілігін арттыруға бағытталған шығыстары;
      26) оқытуға бағытталған осы Кодекстің 110-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізілген шығыстар;
      27) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
      28) білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік стипендияларға арналған мөлшерде төленетін стипендиялар;
      29) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережесі өздерінің қызметін жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;
      30) қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны;
      31) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагеріне жолдамалардың құны;
      32) осы Кодекстің 175-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, сақтандырудың кез келген түрі кезінде төленетін, шарттың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдері;
      33) өз қызметкерлерін міндетті және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс беруші төлейтін сақтандыру сыйлықақылары;
      34) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;
      35) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіби зейнетақы жарналары;
      36) қызметкер өзінің жұмыс берушісінен алған қарыз (кредиттік) қаражатты пайдаланғаны үшін проценттерді үнемдеуден алынған материалдық пайда;
      37) сенімді басқару құрылтайшысының не сенімді басқару туындаған өзге жағдайларда табыс алушының сенімді басқару жөніндегі шарт бойынша сенімді басқарудан алған таза табысы;
      38) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген процентсіз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған сыйақыға арналған үнемнен алынған материалдық пайда;
      39) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, ол қолма қол ақшасын төлемдерді жүзеге асырылған кезде төлем карточкасын ұстаушының есебінен эмитент банктің қаражаты есебінен аударатын сома.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген I, II және III топтағы мүгедектерді салық салудан босату мүгедектік белгіленген айдан бастап кезең үшін алынған табыстар бойынша беріледі.

      157-бап. Жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын
               мөлшері

      Жеке тұлғаның жиынтық жылдық табысының жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 12 еселенген ең төменгі жалақы мөлшері құрайды.

      158-бап. Салық ставкалары

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.
      2. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.

      159-бап. Салық кезеңі

      1. Күнтізбелік ай салық агентінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
      2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығын есептеуге арналған салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

22-тарау. Төлем көзінен салық салынатын табыстар

      160-бап. Төлем көзінен салық салынатын табыстар

      Төлем көзінен салық салынатын табыстарға:
      1) қызметкердің табысы;
      2) жеке тұлғалардың салық агенттерінен алатын басқа да табыстары;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
      4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
      5) стипендиялар;
      6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

      161-бап. Салықты есептеу, ұстап қалу және төлеу

      1. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді төлем көзінен салық салынатын табысты есептеу сәтінде жүргізеді.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенті жеке табыс салығын ұстап қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін күннен кешіктірмей жүргізеді.
      3. Салық агенті төленген кірістер бойынша жеке табыс салығын аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
      Салық агентінің құрылымдық бөлімшелері бойынша тиісті бюджеттерге салық төлеу құрылымдық бөлімшелер орналасқан жер бойынша жүргізіледі.
      4. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан алынатын салықты есептеуді және ұстап қалуды мұндай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.
      5. Оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзімдері осы Кодекстің 438 және 446-баптарында белгіленген.

      162-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық
               бойынша декларация

      1. Қазақстан Республикасының жеке тұлғалар-резиденттерінен жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардан жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей салық төлейтін жер бойынша салық органдарына тапсырады.
      2. Шаруа немесе фермер қожалықтары және жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері осы режим қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация тапсырмайды.

$ 1. Қызметкердің табысы

      163-бап. Қызметкердің табысы

      1. Қызметкердің табысы жұмыс беруші есептеген, осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдері сомасына азайтылған табыстары болып табылады.
      2. Жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар қызметкердің табысына жатады.
      3. Жеке тұлғаның осы Кодекстің 160-бабының 2)-6) тармақшаларында көзделген өзге де табыстары қызметкердің табысына жатпайды.

      164-бап. Қызметкердің заттай нысандағы табысы

      1. Қызметкердің заттай нысанда алған табысына:
      1) заттай нысандағы еңбекақы;
      2) қызметкер алған тауарлар, қызметкердің мүддесін көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусіз негізде көрсетілген қызметтер;
      3) қызметкердің үшінші тұлғалардан алған тауарлар құнын, атқарған жұмыстарын, көрсеткен қызметтер құнын жұмыс берушінің төлеуі кіреді.
      2. Қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасын қоса алғанда, заттай нысандағы осындай тауарлардың, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қызметкердің осындай нысандағы табысы болып табылады.

      165-бап. Қызметкердің материалдық пайда түріндегі табысы

      Қызметкердің материалдық пайда түрінде алған табысы мыналарды да қамтиды:
      1) қызметкерге сатылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
      2) жұмыс берушінің шешімі бойынша қызметкердің оның алдындағы қарызының немесе міндеттемесінің сомасын есептен шығару;
      3) жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;
      4) жұмыс берушінің қызметіне байланысты емес қызметкердің шығындарының орнын толтыруға қызметкердің жұмсаған шығыстары;
      5) опцион орындалған сәтте опционның базалық активінің нарықтық құнының опционның орындалу құнынан (оның негізінде опцион қызметкерге берілген тиісті құжаттағы опционның базалық активі тіркелген құнынан) асып түсуі.

      166-бап. Салық шегерімдері

      1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде күнтізбелік жыл ішіндегі әрбір ай үшін төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, шегерімге мыналар жатқызылады:
      1) Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, табыс есептелетін тиісті айына арналған ең төменгі жалақы мөлшеріндегі сома. Бір жылдағы шегерімінің жалпы сомасы осы Кодекстің 157-бабында белгіленген жиынтық жылдық кірістің салық салынатын мөлшерінің сомасынан аспауы тиіс;
      2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
      3) өз пайдасына енгізген ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;
      4) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақыларының сомасы;
      5) жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған заемдары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған сомалар;
      6) осы баптың 6-тармағында белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар.
      2. Егер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген салықтық шегеріс сомасы қызметкердің міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған бір айдағы табысының сомасынан асып кетсе, онда асып кеткен сома қызметкердің келесі айлардағы табысынан шегеруге жатады.
      3. Бір айдың ішінде кемінде он бес күн жұмыс істеген қызметкердің табысын айқындау кезінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шегерім жүргізілмейді.
      4. Салық төлеушіге осы баптың 1-тармағының 1), 3)-6) тармақшаларына сәйкес шегерім жасау құқығы өзі берген өтініштің және растаушы құжаттардың негізінде жұмыс берушілердің бірінен алатын табыстары бойынша беріледі.
      5. Осы баптың 1-тармағының 3)-5) тармақшаларында белгіленген шегерімдерге құқық тиісті мынадай құжаттар болған кезде беріледі:
      1) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт және ерікті зейнетақы жарналарын төлегенін растайтын құжат;
      2) Сақтандыру шарты және сақтандыру сыйлықақыларын төлегенін растайтын құжат;
      3) Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізуге арналған банктік қарыз шарты және аталған қарыз бойынша сыйақылардың өтелгенін растайтын құжат.
      6. Егер:
      1) бір жылдағы шегерімнің жалпы сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының 8 еселенген ең аз мөлшерінен аспаса;
      2) қызметкер медициналық қызметтер (комсетологиялықтан басқа) мен оларды төлеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжаттарды тапсырса;
      3) осы шығыстар бойынша осы Кодекстің 156-бабының 19) тармақшасының ережелері қолданылмаса салық төлеушіге осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген шегерім жасау құқығы беріледі.

      167-бап. Салықты есептеу және ұстап қалу

      Қызметкердің табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердің осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағымен айқындалған сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

$ 2. Жеке тұлғалардың салық агенттерінен алатын табыстары

      168-бап. Жеке тұлғалардың салық агенттерінен алатын
               табыстары

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе:
      1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша салық агентімен жасасқан табыстары;
      2) жеке тұлғаларға төлемдер;
      3) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерден алынған қарыз (кредиттік) қаражатты пайдаланғаны үшін проценттерден түскен үнемнен келген материалдық пайда жеке тұлғаның салық агентінен алған табысы болып табылады.
      Көрсетілген табыс шарт талаптарын ескере келе есептелген проценттер сомасының үстінен қарыз (кредиттік) қаражатты пайдаланғаны үшін проценттердің шартты сомасынан асып түсу ретінде айқындалады. Қарыз (кредиттік) қаражатты пайдаланғаны үшін проценттердің шартты сомасы қарыз бойынша өтелмеген берешек сомасына қолданылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әр айдың 1 күніне белгілеген қайта қаржыландырудың 3/4 ресми ставкасын ескере отырып есептеледі:
      қарыз (кредиттік) қаражатты пайдаланғаны үшін сыйақы сомасын айқындаудың ұқсас тәртібімен айқындалатын - егер қарыз шартында сыйақы төлеу көзделген болса;
      қалған жағдайларда - әр айдың 1 күнгі жай-күйі бойынша.
      2. Мыналар:
      1) осы Кодекстің 177-бабымен айқындалған төлеу көзіне салық салынбайтын табыстар;
      2) жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер салық агентінен жеке тұлғаға түсетін табыс болып есептелмейді.

      169-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы 158-баптың 1-тармағында белгіленген ставканы салық агенттерінен жеке тұлғалардың салық агенттерінен алатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі.

$ 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін
зейнетақы төлемдері

      170-бап. Зейнетақы төлемдері

      1. Зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын төлемдер жатады:
      1) салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті кәсіптік жарналар, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есептеудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының мөлшеріне азайтылған қалыптасқан зейнетақы жарналарынан;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасына жеткен және тұрақты тұрғылықты жерге Қазақстан Республикасынан тысқары шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына осы тұлғалардың өтініші бойынша, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 12 еселенген ең төменгі жалақының мөлшеріне азайтылған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасына жетпеген және тұрақты тұрғылықты жерге Қазақстан Республикасынан тысқары шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұрагерлікке қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға.
      2. Салымшы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін бір айдың ішінде бір мезгілде алған жағдайда зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы салық төлеушінің жинақтаушы зейнетақы қорларының біріне ұсынылған өтініші бойынша төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есептеудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі бір жалақы мөлшеріне азайтылады.

      171-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы зейнетақы төлемінің сомасына 158-баптың 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

$ 4. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс

      172-бап. Салық сомасын есептеу

      1. Жеке табыс салығының сомасы дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түрінде төленетін табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.
      2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы төлем көзінен осы салықты ұстап қалуын растайтын құжаттар болғанда салықтарды есептеу шығару мен төлеуді осы Кодекстің 178-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.

$ 5. Стипендиялар

      173-бап. Стипендиялар

      Осы Кодекстің 156-бабының 28) тармақшасында көзделген сомаларды қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы стипендия болып табылады.

      174-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы төленетін стипендия сомасына қолдану жолымен есептеледі.

$ 6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс

      175-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс

      Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жеке тұлғаның табысы мыналар болып табылады:
      1) сақтандыру сыйлықақылары мыналардың есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері:
      жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен;
      жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен;
      жұмыс берушінің жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықтары есебінен;
      2) осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетін сатып алу сомалары;
      3) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген қаражаттың есебінен төленген сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кетуі.

      176-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетін табыс сомасына қолдану жолымен есептеледі.
      Жеке табыс салығының сомасы сақтандыру сыйақылары зейнетақы жинақтары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларына төленген, төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан табысты есептеудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі бір жалақы мөлшеріне азайтылған осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

23-тарау. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар

      177-бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар

      Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлері:
      1) мүліктік табыс;
      2) жеке кәсіпкердің табысы;
      3) адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы;
      4) өзге де табыстар жатады.

      178-бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
               бойынша жеке табыс салығын есептеу

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салықтық шегерімдер сомасына азайтылған, төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына 158-баптың 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргізеді.
      2. Салық төлеушіде төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың бірнеше түрі болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, салық төлеуші жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы төлем көзінен салық салынбайтын барлық табыс түрлерінің сомасына қолдану жолымен дербес жүргізеді.
      3. Осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салықтық шегерімдер төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеген кезде, егер көрсетілген шегерімдер қызметкердің табысын есептеген кезде жүргізілмеген болса қолданылады.
      4. Патент немесе жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 66-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберлерде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.

      179-бап. Салық төлеу мерзімдері

      1. Салық төлеуші салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей дербес жүзеге асырады.
      2. Патент немесе жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 66-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберлерде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.

$ 1. Мүліктік табыс

      180-бап. Мүліктік табыс

      1. Салық төлеушінің мүліктік табысына:
      1) мүлікті сатқан кездегі құнының өсімінен түскен табыс;
      2) салық агенттері болып табылмайтын адамдарға мүлікті жалға беруден алынған табыс жатады.
      2. Мына мүліктерді сатқан кездегі құн өсімі мүлікті сатқан кездегі құнының өсімінен түскен табыс деп есептеледі:
      1) бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау арасындағы кезең бір жылдан аз уақытты құраған жағдайда, жеке тұрғын үй құрылысына, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбаншылық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және шығаруға арналған құқық белгілеушілік құжаттарды жасасқан күндердің арасы бір жылдан кем болған жағдайда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жеке тұрғын үй, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, бау-бақша, саяжай салу, гараж үшін берілген жер учаскелері және (немесе) жер үлестерін;
      4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген мақсаттар үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
      5) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлестерін;
      6) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілгенді қоспағанда жылжымайтын мүліктің;
      7) кем дегенде бір жыл меншік құқығында болған мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді.
      Сенім білдірілген адам механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені басқаруға алып қою құқығымен сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені сату жағдайында мүліктік табысты айқындау үшін көлік құралының иесіне осы көлік құралының сатылуы жөнінде хабарлайды немесе көлік құралы иесінің атынан жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді, ол көлік құралы иесінің салықтық міндеттемені орындауы болып табылады.
      Механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені басқаруға алып қою құқығымен сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені сату кезінде құнның өсуі иесі атынан сенім білдірілген адам осы көлік құралын сату құнының және егер осы бапта өзге белгіленбесе оны сатып алу құны арасындағы оң айырмашылығы ретінде айқындалады.
      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма бағалы қағаздар мен қатысу үлестерін қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құнның өсімінен алынатын табыс болып табылады.
      Сатып алу құны болмаған кезде мүлікті өткізу құны мен өткізілетін мүлікке меншік құқығының туындау сәтіндегі нарықтық құн арасындағы айырма оң айырма болып табылады.
      4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен өткізілген мүлікке меншік құқығының туындау сәтіндегі нарықтық құн арасындағы, бірақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шартында көрсетілген сомадан төмен болмайтын айырма оң айырма болып табылады.
      5. Меншік құқығының туындау сәтіндегі бағалы қағаздарды және қатысу үлестерін қоспағанда, осы баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшасында көрсетілген өткізілген мүліктің нарықтық құнын бағалауды салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей жүргізуге тиіс.
      6. Меншік құқығының туындау сәтінде осы баптың 12-тармағының 1)-6) тармақшаларында көрсетілген өткізілген мүліктің нарықтық құны болмаған жағдайда мүлікті өткізу құны мен мүліктің бағалау құны арасындағы оң айырма құнның өсімі болып табылады. Бағалау құнын жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган мүлікке салынатын салықты есептеу үшін осы Кодекске сәйкес айқындайды.
      7. Бағалы қағаздарды және қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құнның өсімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 87-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
      8. Опцион бойынша қызметкер сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құнның өсімі өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады. Опцион орындалған сәтте опционның базалық активінің нарықтық құны сатып алу құны болып табылады.

$ 2. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы

      181-бап. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы

      Заң көмегін көрсеткені, нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметті жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлері, сондай-ақ шегерімдердің сомасына азайтылған қорғау мен өкілдікке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы болып табылады.

      182-бап. Салықты есептеу және төлеу

      1. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы алынған табыстың сомасына қолдану жолымен ай сайын есептеледі.
      2. Есепті айдағы жеке табыс салығының сомасы есепті айдан кейінгі айдың 5 күннен кешіктірмей төленуі тиіс.

$ 3. Дара кәсіпкердің табысы

      183-бап. Дара кәсіпкердің табысы

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 85-137, 221-баптарына сәйкес есептеледі.
      2. Патент немесе жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 66-тарауына сәйкес айқындалады.

$ 4. Басқа табыстар

      184-бап. Басқа табыстар

      Салық төлеушінің басқа табыстарына мыналар жатады:
      1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар;
      2) Қазақстан Республикасы аккредиттелген, салық агенттері болып табылмайтын дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерге Қазақстан Республикасында қызметтерді көрсетуден, жұмыстарды орындаудан түсетін табыстар;
      3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған үй қызметкерлерінің табыстары.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген табыстарға салық салу осы Кодекстің 33-тарауында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.

24-тарау. Жеке табыс салығы бойынша декларация

      185-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация

      1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер:
      1) дара кәсіпкерлер;
      2) адвокаттар, жеке нотариустар;
      3) мүліктік табыс алған жеке тұлғалар;
      4) басқа табыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алған жеке тұлғалар;
      5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
      6) табыстары олар үшін белгіленген салық салынбайтын шектен асып түскен осы Кодекстің 156-бабының 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалар.
      2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация беру жөніндегі міндеттеме жүктелген жеке тұлғалар табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында, сол сияқты одан тысқары жерде орналасқан салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.
      3. Патент немесе жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырмайды.

      186-бап. Декларация табыс ету мерзімдері

      1. Қазақстан Республикасының сайлау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация тұрғылықты жері бойынша салық органына есепті салық жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

      187-бап. Салық төлемінің расталмауы

      185-баптың 1-тармағының 4), 6) тармақшаларына және 2-тармағына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырушы салық төлеушілер жеке табыс салығын төлегенін растамаған жағдайларда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы төленгені расталмаған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

7-бөлім. Халықаралық салық салудың ерекшеліктері 25-тарау. Жалпы ережелер

      188-бап. Халықаралық салық салудың негізгі принциптері

      1. Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан салықтар төлейді.
      2. Қазақстан Республикасындағы резидент еместер осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан салықтар төлейді.
      Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын резидент еместер Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары көздерден алынған табыстардан да салықтар төлейді.
      3. Резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасында сол сияқты мұндай жағдайлар туындаған кезде осы Кодексте белгіленген өзге де салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.

      189-бап. Резиденттер

      1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) өздерінің тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге заңды тұлғалар да осы Кодекстің мақсатында резиденттер деп танылады.
      Негізгі басқару және (немесе) бақылау жүзеге асырылатын, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажет стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылданатын нақты басқару органның (директорлар кеңесі немесе соған ұқсас орган) жиналыс өткізетін орны тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп танылады.
      2. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орныққан жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.
      3. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үздіксіз он екі айлық кезеңде кемінде бір жүз сексен үш күнтізбелік күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
      Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасына келетін күнінің бір бөлігі бір толық күн ретінде есептеледі.
      Егер ағымдағы салық кезеңінде және өткен екі салық кезеңінде Қазақстан Республикасында болған күндердің саны кемінде бір жүз сексен үш күнтізбелік күнді құраса, жеке тұлға да ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады. Бұл ретте тұрақты болу әрбір салық кезеңіне мынадай формула бойынша төменде көрсетілген коэффициенттерді қолданып айқындалады:
      1 х ағымдағы салық кезеңінде болған күндердің санына + 1/3 х өткен бірінші салық кезеңінде болған күндердің санына + 1/6 х өткен екінші салық кезеңінде болған күндердің санына, мұнда:
      1 - ағымдағы салық кезеңіне арналған коэффициент;
      1/3 - өткен бірінші салық кезеңіне арналған коэффициент;
      1/6 - өткен екінші салық кезеңіне арналған коэффициент.
      Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде Қазақстан Республикасында отыз күнтізбелік күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты болатын адам деп танылмайды.
      Егер мұндай тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылда резидент болмаса, ол тұлға Қазақстан Республикасында болатын соңғы күнінен кейінгі кезең үшін осы тармақтың мақсатында жеке тұлға резидент емес ретінде қаралады.
      4. Мынадай шарттар бір мезгілде орындалған жағдайда:
      1) жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болса немесе оның Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;
      2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;
      3) кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін оған және (немесе) оның отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығындағы немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі Қазақстан Республикасында бар болса, жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орныққан деп қарастырылады.
      5. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген мынадай жеке тұлғалар:
      1) мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жібергендер, оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелері;
      2) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралдарының экипаж мүшелері;
      3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлімдердің, топтардың, контингенттердің немесе құрамалардың әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері;
      4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының меншігі немесе Қазақстан Республикасының субъектілері болып табылатын объектілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтіндер;
      5) оқу немесе практикадан өту мақсатымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүрген студенттер, стажерлар мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудің бүкіл кезеңінде;
      6) сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңінде;
      7) емделу немесе сауықтырудан өту, алдын алу рәсімдері мақсатында Қазақстан Республикасы шегінен тысқары жүрген Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да өлшемдерге қарамастан резидент жеке тұлғалар деп танылады.

      190-бап. Резидент еместер

      Осы Кодекстің 189-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар осы Кодекстің мақсатында резидент еместер деп танылады.

      191-бап. Резидент еместің тұрақты мекемесі

      1. Кәсіпкерлік қызметті, оның ішінде уәкілетті тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы тұрақты және (немесе) ұдайы қызмет орны, атап айтқанда:
      1) тауарларды өндіруге, ұқсатуға, жинақтауға, орап-бууға, беруге байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;
      2) кез келген басқару орны;
      3) кез келген көмірсутектерін өндіру орындарын қоса алғанда, табиғи ресурстарды өндіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын;
      4) құбыржолына, газ құбырына, табиғи ресурстарды барлауға байланысты қызметті (оның ішінде бақылау және байқау қызметін) жүзеге асыратын кез келген орын;
      5) энергетикалық және технологиялық жабдықты монтаждауды қоспағанда, жабдықты орнатуға, монтаждауға, құрастыруға жөнге келтіруге, іске қосуға және (немесе) оған қызмет көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын;
      6) ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлік желілер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, жөнге келтіруге және пайдалануға байланысты, көлік немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп танылады.
      Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде резидент еместің тұрақты мекемесі неғұрлым екі күннің бірінен ерте құрылған болып саналады: осы резидент еместің тиісті қызметті жүзеге асыруға құқығын куәландыратын құжаттың (келісім-шарттың, шарттың) күшіне енген күні немесе осындай қызметтің нақты басталған күні.
      Қызмет орны ұдайы болып танылады және, егер мұндай қызмет Қазақстан Республикасында бес жылдың ішінде отыз күнтізбелік күннен астам жүзеге асырылатын және жыл сайынғы сипатта болса тұрақты мекеме құруға әкеледі. Бұл ретте мұндай қызметтің үзіліспен немесе үзіліссіз болуына мән берілмейді.
      2. Қазақстан Республикасында қызмет көрсету кезінде резидент емес осындай мақсат үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал арқылы қызмет көрсететін орын, егер осындай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасында бір немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген кейінгі он екі айлық кезең шегінде алты айдан астам уақыт жалғасатын болса, тұрақты қызмет орны болып танылады.
      Өзара байланысты немесе өзара тәуелді болып табылатын жобалар, келісім-шарттар байланысты жобалар болып танылады. Резидент немесе резидент еместің немесе оның құрылтайшысының (акционерінің, қатысушысының) еншілес компаниялары сол бір салық агентіне немесе оның өзара байланысты тарапына ұқсас немесе біртектес қызметтер көрсететін (жұмыстар орындайтын) келісім-шарттар өзара байланысты келісім-шарттар болып танылады. Олардың бірі бойынша міндеттемелердің орындалмауы жеке немесе заңды тұлға басқа келісім-шарт бойынша міндеттемелерді жүзеге асыруға ықпал ететін келісім-шарттар өзара тәуелді болып саналады.
      Осы тармаққа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкелген бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жағдайда тұрақты мекеме жобаға қатысушы әрбір резидент емес үшін құрылған болып танылады. Жобаға қатысушы резидент еместерге салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда тұрақты мекеме мұндай жобаны аяқтайтын резидент емеске қатысты бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап ретроспективті құрылған болып қаралады.
      Егер жобаның (келісім-шарттың) орындауына жауапты болатын бас мердігер қосалқы мердігерге басқа заңды тұлғаны жалдаса, онда қосалқы мердігер жобаны (келісім-шартты) орындауға жұмсаған уақыт кезеңі бас мердігер жобаны (келісім-шартты) орындауға жұмсаған уақыт болып саналады.
      3. Резидент емес, сондай-ақ:
      1) уәкілетті тұлға арқылы Қазақстан Республикасында тәуекелді сақтандырушы немесе қайта сақтандыруды жүргізсе;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір орыннан тауарлар сатса. Бұл ретте тұрақты мекеме осы тармақтың 3) тармақшасын қоспағанда, мұндай қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап құрылады;
      3) егер мұндай қызмет он күннен астам уақытқа созылса, Қазақстан Республикасында тауарлар сатылатын көрмелер өткізсе;
      4) осы баптың 6-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын өкілдікті қоспағанда, филиал немесе өкілдік ашса Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.
      4. Құрылыс алаңы, оның ішінде монтаждау немесе құрастыру объектісі, жобалау жұмыстарын жүргізу, жұмысты жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, тұрақты мекеме құрады.
      Бұл ретте, атап айтқанда, жылжымайтын мүлік объектілерін тұрғызу және (немесе) қайта жаңарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру, оның ішінде үйлер, ғимараттар салу және (немесе) монтаждау жұмыстарын жүргізу, көпірлер, жолдар, каналдар салу және (немесе) қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық жабдықтарды жүзеге асыру орны құрылыс алаңы (объектісі) деп түсініледі.
      Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берілген объектіні (орындалған жұмыстың көлемін) қабылдау туралы актіге қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейінгі күннен бастап өзінің іс-әрекетін тоқтатады.
      5. Осы бапта көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезіндегі он екі ай кезең шегіндегі уақытша үзілістер және маусымдық үзілістер тұрақты мекемені таратуға әкеп соқпайды.
      6. Резидент еместің Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместің негізгі (әдеттегі) қызметінен ерекшеленетін дайындық және көмекші сипаттағы қызметті жүзеге асыруы, егер мұндай қызмет үш жылдан аспайтын болса, тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайды. Бұл ретте дайындық және көмекші сипаттағы қызмет басқа (үшінші) тұлғалар үшін емес, резиденттің өзі үшін жүзеге асырылуы тиіс. Дайындық және көмекші сипаттағы қызметке мыналар жатады:
      1) кез келген орынды оларды сатуды бастағанға дейін резидент емеске тиесілі тауарларды сақтау, көрсету және (немесе) беру мақсатында ғана пайдалану;
      2) тұрақты қызмет орнын тауарларды сатпай оларды сатып алу мақсаты үшін ғана ұстау;
      3) тұрақты қызмет орнын, егер мұндай қызмет осы резидент еместің негізгі (әдеттегі) қызметі болып табылмаса, ақпарат жинау, өңдеу және (немесе) тарату, резидент емес сататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жарнамасы немесе нарығы үшін ғана ұстау.
      7. Тәуелсіз делдал (тапсырма, комиссия, консигнация шарты немесе басқа да осыған ұқсас шарт негізінде жұмыс істейтін брокер және (немесе) өзге де тәуелсіз агент) арқылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент емес тұрақты мекеме құрушы ретінде қарастырылмайды.
      Бір мезгілде мынадай талаптарға жауап беретін:
      1) резидент емес атынан келісім-шарттар жасауға уәкілеті емес;
      2) өзінің негізгі (әдеттегі) қызметі шеңберінде әрекет ететін және резидент еместен заң жағынан да, экономикалық жағынан да тәуелсіз болып табылатын;
      3) ол қызметін дербес жүзеге асыратындығына орай кәсіпкерлік тәуекел жүктейтін тұлға тәуелсіз делдал деп түсініледі.
      8. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, егер резидент емес Қазақстан Республикасында тәуелді агент (жеке немесе заңды тұлға) арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, онда мұндай резидент емес тәуелді агент осы резидент емес үшін жүзеге асыратын кез келген қызметке байланысты тұрақты мекемесі бар ретінде қаралатын болады. Бұл ретте тәуелді агент бір мезгілде мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:
      1) осы баптың 7-тармағына сәйкес тәуелсіз агент болып табылмауы;
      2) шарттық қатынастар негізінде Қазақстан Республикасында оның мүдделерін білдіруге құқығының болуы, оның атынан әрекет етуі және келісім-шарттар (шарттар, келісімдер) жасауы;
      3) оның қызметі осы баптың 6-тармағында санамаланған қызмет түрлерімен шектелмеуге тиіс.
      9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның еншілес ұйымы, егер еншілес ұйым мен резидент емес заңды тұлға арасында осы баптың 8-тармағының ережелеріне жауап беретін қатынастар туындаса, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі ретінде қарастырылады. Өзге жағдайларда резидент емес заңды тұлғаның еншілес ұйымы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі ретінде қарастырылмайды.
      10. Өзге де заңды тұлғаға, оның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емеске Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеу үшін шетелдік персоналды ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін резидент емес мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:
      1) егер мұндай персонал тек өзін ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерін көздеп әрекет етсе;
      2) шетелдік персоналды ұсыну жөнінде қызмет көрсететін резидент емес осындай персоналдың Қазақстан Республикасында орындайтын жұмыс нәтижелеріне жауапты болмаса;
      3) шетелдік персоналды ұсыну жөнінде қызмет көрсетуден алынатын резидент еместің табысы осындай персоналдың өзін ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерін көздеп өз міндеттерін орындаған уақытын ескере отырып анықталса және резидент емес тұлғаның осындай персоналды ұсыну шығындары жалпы сомасының он процентінен аспауға тиіс болса, Қазақстан Республикасындағы осындай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.
      Шетелдік персоналдың табыстарын қоса алғанда, қызмет көрсетуге арналған шығындардың жалпы сомасын растау үшін резидент емес қызмет көрсетуді алушыға есеп құжаттамасының көшірмелерін табыс етуі міндетті.
      Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамаған кезде резидент еместің мұндай қызметтері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеледі.
      11. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын резидент емес осы Кодекстің 565, 568-баптарында белгіленген тәртіпте салық органдарына салық төлеуші ретінде тіркелуі тиіс.
      Егер резидент емес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкелетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының әділет органдарында есептік тіркеуден өтуге міндетті.
      12. Резидент еместің қызметін резидент еместің салық органдарында салық төлеуші ретінде немесе әділет органдарында есептік тіркелмегеніне қарамастан осы баптың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құрады.
      13. Резидент еместің Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруды бастаған күні осы Кодексті қолдану мақсатында:
      1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, немесе
      оның атынан Қазақстан Республикасында әрекет етуге өкілеттіктер беруге, немесе
      Қазақстан Республикасында өткізу мақсатында тауарлар сатып алуға, немесе
      Қазақстан Республикасында бірлескен қызметті жүзеге асыруға (қарапайым серіктестікке қатысуға), немесе
      Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру мақсатында жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға келісім-шарт (шарт, келісім) жасасу;
      2) Қазақстан Республикасында жеке тұлғамен алғашқы еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шарт жасасу күні не осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген келісім-шарттың талаптарын орындау үшін қызметкердің Қазақстан Республикасына келген күні танылады. Бұл ретте резидент еместің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған күні осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген күндердің біріне қарағанда неғұрлым ерте бола алмайды.
      Осы тармақтың бірнеше талаптары болған жағдайда Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру күні көрсетілген келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің) біріншісін жасасу күні болып танылады.

      192-бап. Резидент еместің Қазақстан Республикасындағы
               көздерден алатын табыстары

      Табыстардың мынадай түрлері:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;
      2) Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
      3) нақты қызмет көрсетілген жеріне қарамастан:
      резидентке;
      егер көрсетілетін қызметтер осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент емеске;
      4) осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар елде тіркелген адамның олардың нақты орындалған (көрсетілген, өткізілген) жеріне қарамастан тауарлардың өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстары, сондай-ақ көрсетілген адам:
      резиденттен;
      егер көрсетілетін жұмыстар, тауарлар, қызметтер осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент емеске;
      5) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті:
      резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент-заңды тұлғаға қатысу үлестерін;
      егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен астамын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаға қатысу үлестерін өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстар;
      6) талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын резиденттің немесе резидент еместің борышты талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыстар;
      7) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резиденттің немесе резидент еместің борышты талап ету құқығын алудан түскен табыстар;
      8) мұндай резидент еместің Қазақстан Республикасындағы қызметі барысында туындаған міндеттемелерін, оның ішінде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келісім-шарттар (шарттар, келісімдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткізуге сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша міндеттемелерін резиденттер мен резидент еместердің орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар);
      9) резидент заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан үлестік немесе акционерлік инвестициялық қорлардан дивидендтер түрінде түсетін табыстар;
      10) мыналардан:
      резиденттен;
      егер осы резидент еместің берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесі немесе мүлкі бар осы резидент еместен алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      11) мыналардан:
      резидент эмитенттен;
      егер осы резидент еместің берешегі оның тұрақты мекемесіне, немесе мүлкіне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесі немесе мүлкі бар резидент емес эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар;
      12) егер роялти төлеу жөніндегі шығыстар осындай тұрақты мекеменің, филиалының, өкілдігінің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резиденттен немесе резидент еместен алынатын роялти түріндегі табыстар;
      13) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті жалға беруден түскен табыстар;
      14) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;
      15) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары нысанындағы табыстар;
      16) тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішіндегі тасымалдарда көлік қызметін көрсетуден түскен табыстар.
      Осы бөлімнің мақсатында бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын түрлі мемлекеттердегі пункттер арасында жүзеге асырылатын теңіз, өзен немесе әуе кемесімен, автокөлік құралымен немесе темір жол көлігімен кез келген тасымалдар халықаралық тасымалдар болып танылады.
      Осы бөлімнің мақсатында мыналар халықаралық тасымалдар болып танылмайды:
      Қазақстан Республикасынан тысқары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішіндегі пункттер арасында ғана орналасқан пункттер арасында ғана жүзеге асырылатын тасымал;
      өнімді құбыржолдармен өткізу;
      17) Қазақстан Республикасының аумағындағы құбыржолдарды, электр беру желілерін (ЭБЖ), оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан алынатын табыстар;
      18) Қазақстан Республикасында еңбек шарты (келісім-шарты) бойынша қызметтен түскен табыстар;
      19) осындай тұлғаларға резидентке қатысты жүктелген басқару міндеттерін орындауға байланысты басшының қаламақылары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің, басқарманың немесе өзге де органның) мүшелері алатын өзге де төлемдер. Бұл ретте осындай тұлғалардың басқару міндеттемелерін іс жүзінде орындаған жер маңызды емес;
      20) Қазақстан Республикасында тұруға байланысты төленетін үстемеақылар;
      21) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін жеке тұлғаның материалдық, әлеуметтік игіліктерді қамтамасыз етуге жұмыс беруші немесе жалдаушы шеккен шығыстардың өтемін қоса алғанда жеке тұлғаның материалдық пайда түріндегі табыстары (тамақтандыруға, тұруға, оқу орындарында балаларды оқытуға жұмсалған шығыстар, отбасы мүшелерінің демалысқа барып-келу шығыстарын қоса алғанда, демалысқа байланысты шығыстар);
      22) резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
      23) қалай және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкерлеріне: театр, кино, радио, теледидар артистеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;
      24) егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болатын Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент немесе резидент емес төлейтін ұтыстар;
      25) Қазақстан Республикасында жеке (кәсіби) тәуелсіз қызмет көрсетуден алынған табыстар;
      26) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті тегін алу нысанындағы табыстар, оның ішінде осындай мүліктен түсетін табыстар;
      27) туынды қаржы құралдары бойынша табыстар;
      28) Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындайтын басқа да табыстар резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары деп танылады.

26-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме
құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды
тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі

      193-бап. Төлем көзінен табыс салығын есептеу мен
               ұстаудың тәртібі

      1. Тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 192-бабында белгіленген табыстарына осы Кодекстің 194-бабында көрсетілген ставкалар бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай төлем көзінен табыс салығы салынады.
      2. Төлем көзінен ұсталатын табыс салығын салық агенті табысты төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан резидент емес заңды тұлғаға табыс немесе алдын ала төлеу сәтінде ұстап қалады.
      3. Мемлекеттік бюджетке төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару резидент емеске табыстарды төлейтін және салық агенттері болып табылатын мынадай адамдарға:
      1) дара кәсіпкерге;
      2) егер филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға егер филиал, өкілдік халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 6-тармағына сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы тұрақты мекеме құрмаған жағдайда филиал, өкілдік;
      3) заңды тұлғаға, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емеске;
      Бұл ретте резидент емес заңды тұлға кейіннен тұрақты мекеме құруға әкелген Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап салық агенті болып танылады;
      4) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент эмитентіне жүктеледі.
      4. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандарда ақша, бағалы қағаздар, қатысу үлесін, тауарлар, мүлік беру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, борышты талап етуін Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент емес заңды тұлғаның алдындағы табыстарды төлеу жөніндегі берешекті өтеу есебіне жүргізілетін есептен шығару немесе есепке алу табысты төлеу деп түсініледі.
      5. Мыналар салық салуға жатпайды:
      1) сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды жеткізуге байланысты төлемдер;
      2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу әрі олар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысулар жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
      3) мынадай жағдайларды бір мезгілде орындаған кезде дивидендтер:
      акцияларға немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік ету;
      дивидендтер төлейтін заңды тұлғалардың (тұлғаның) мұндай акцияларының (қатысу үлестерінің), қатысу үлестерінің немесе активтерінің құнының 50 проценттен астамы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылардың (пайдаланушының) мүлкі болып табылмайтын мүлікті құрайды;
      4) ашық инвестициялық қорлардың үлестері бойынша оларды осы қордың басқарушы компаниясы сатып алған кездегі табыстар;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақы;
      6) мемлекеттік бағалы қағаздармен, агенттік облигацияларымен жасалатын операциялардың құнының өсімінен түскен сыйақылар мен табыстар;
      7) осы Кодекстің 197-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, осы  Кодекстің 192-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу сату кезінде құн өсімінен түскен табыстар;
      8) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе өткізу күні осы қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған бағалы қағаздардың шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстар;
      9) осы Кодекстің 216-бабында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның шартты банк салымдары бойынша сыйақылары;
      10) біртұтас құбыр жүйесі бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалданатын шикі мұнай сату құнының сапасы бойынша түзетуге байланысты төлемдер;
      11) сатып алушы-резиденттер борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасы;
      12) халықаралық қаржы лизинг шарттары бойынша қаржы лизингіне негізгі қаражатты беруден түскен табыстар;
      13) осы Кодекстің 192-бабының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыстар жатпайды.
      6. Резидент емес заңды тұлғаның өз табыстарын үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан, резидент еместің табыстарына төлем көзінен салық салынады.

      194-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыс салығының
               ставкалары

      Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзіне мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
      1) осы Кодекстің 192-бабының 2)-6) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 191-бабында белгіленген табыстар - 15 процент;
      2) осы Кодекстің 192-бабының 4) тармақшасында көрсетілген табыстар - 20 процент;
      3) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары - 15 процент;
      4) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары - 5 процент;
      5) халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түскен табыстар - 5 процент;
      6) құнның өсімінен табыстар, дивиденттер, сыйақылар, роялти - 15 процент.

      195-бап. Төлем көзінен табыс салығын аудару тәртібі мен
               мерзімдері

      1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын, төлем көзінен табыс салығын салық агенті мемлекеттік бюджетке:
      1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа табыстың есептелген және төленген сомасы бойынша - оны төлеу күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша табыстарды төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейінгі жиырма бес күнтізбелік күн ішінде;
      2) есептелген, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - резидент еместің шегерімдерге жатқызылған табыстары есепті салық кезеңінің отыз бірінші желтоқсанындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі он күнтізбелік күні ішінде аударуға тиіс.
      Өтеу мерзімдері корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі он күнтізбелік күн аяқталған соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға осы тармақшаның ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының ережелері қолданылады;
      3) төленген алдын ала төлем бойынша - оны есептеу күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша резидент еместің табысы есептелген ай аяқталғаннан кейінгі жиырма бес күнтізбелік күн ішінде аударуға тиіс.
      2. Егер резидент еместің табысының есептелген сомасы ағымдағы салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте резидентке мұндай табыс төлеу келесі салық кезеңдерінде жүргізілсе, онда төлем көзінен ұсталатын табыс салығын салық агенті осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде мемлекеттік бюджетке аударуға тиіс.
      3. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды салық агенті орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өзінің табыстарынан ұсталатын, резидент еместің табыстарының төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.

      196-бап. Салық есептілігін табыс ету

      Салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына төлем көзінен алынған табыс салығы жөніндегі есеп-қисапты мынадай мерзімдерде табыс етуге міндетті:
      1) төлем көзінен табыс салығын ұстап қалу жөнінде міндеттеме туындаған есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей;
      2) резидент еместің табысы шегерімдерге жатқызылған есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей.

      197-бап. Қазақстан Республикасында орналасқан
               жылжымайтын мүлікті және Қазақстан
               Республикасында жер қойнауын пайдалануға
               байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін
               өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарға
               салынатын салықты есептеу, ұстап қалу және
               аудару

      1. Осы бап:
      1) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлікті;
      2) резидент шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие консорциумдағы қатысу үлестерін;
      3) егер көрсетілген заңды тұлға-резиденттің немесе консорцумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерінің) құнының 50 проценттен астамы осындай сату кезінде жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын (табылған) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құратын кездегі резидент шығарған акциялар мен заңды тұлға-резидент немесе консорцумдағы қатысу үлестері;
      4) егер көрсетілген заңды тұлға-резиденттің немесе консорцумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерінің) құнының 50 проценттен астамы осындай сату кезінде жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын (табылған) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құратын кездегі резидент шығарған акциялар мен заңды тұлға-резидент немесе консорцумдағы қатысу үлестері;
      Бұл ретте құнның өсімі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес айқындалады.
      2. Осы Кодекстің 193-бабының 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент еместің табыстарына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставка бойынша төлем көзіне салынатын табыс салығы салынуға тиіс.
      3. Энергетика және минералды ресурстарды реттеу және қадағалау жөніндегі салық органы уәкілетті мемлекеттік органнан Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін заңды резидент тұлғаның мүлкіне байланысты бағалы қағаздар, қатысу үлестері, сатып алу-сату туралы мәлімет алған кезде осындай резидентті бағалы қағаздар, қатысу үлестерін, сондай-ақ осындай бағалы қағаздар, қатысу үлестерін сатып алу бағасы туралы мәліметтерді көрсете отырып хабардар етуге міндетті.
      4. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізетін адам саты алушыға - салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
      Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынбаған жағдайда өткізу құнына төлем көзіне салынатын табыс салығы салынуға тиіс.
      5. Төлем көзіне салынатын табыс салығын мемлекеттік бюджетке есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттеме мен жауапкершілік табыс төлейтін адамға, оның ішінде резидент еместе Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі болуына немесе болмауына қарамастан, резидент емеске жүктеледі. Мұндай адам салық агенті болып танылады.
      6. Салық агенті болып табылатын резидент емес осы Кодекстің 565-бабында белгілеген тәртіппен салық органына салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.
      7. Төлем көзіне салынатын табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асыру нысанына және орнына қарамастан, резидентке табысты немесе алдын ала төлемді төлеу сәтінде алынуға тиіс.
      8. Корпоративтік табыс салығының сомасын аударуды салық агенті осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімде, осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының салық агенті есебінің тіркелген жері бойынша салық органына резидент емес төлем көздерінен ұсталынатын корпоративтік табыс салығы жөнінде есеп-қисапты ұсына отырып жүргізеді.
      9. Салықты сондай-ақ осы баптың 2)-4) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін салық агентінің заңды резидент тұлғасының қаражаты есебінен төлеуге болады. Бұл ретте салық осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының салық агенті есебінің тіркелген жері бойынша салық органына резидент емес төлем көздерінен ұсталынатын корпоративтік табыс салығы жөнінде есеп-қисапты ұсына отырып осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімде осындай заңды резидент тұлғаларға аударуға жатады.
      Осы баптың 2)-4) тармақшаларында көрсетілген заңды резидент тұлғаға Қазақстан Республикасында жер қойнауын құқығын иеленетін салық агенті аударған салық сомасы осындай заңды резидент тұлғаның табысы болып танылмайды.
      10. Қазақстан Республикасында жер қойнауын құқығын иеленетін заңды резидент тұлғаның осы баптың 7 және 9-баптарын қолданбаған жағдайда өзінің қаражаты есебінен осы баптың 9-тармағында көрсетілген тәртіпте және мерзімде резидент еместігі үшін құнның өсуінен түскен табыстан табыс салығының төлемдерін жүргізуге дербес құқылы.
      11. Салық агентінің, осы баптың 2)-4) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасында жер қойнауы құқығын иеленетін заңды резидент тұлғаның осы баптың 7-10-баптарындағы ережелерді қолданбаған жағдайда салық берешегінің сомасы Қазақстан Республикасында жер қойнауын құқығын иеленетін заңды резидент тұлғадан өндіріп алуға жатады.
      12. Салық агенті Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлікті өткізу кезіндегі құнның өсімінен резидент еместің табысына салынатын табыс салығы аударылмаған немесе толық аударылмаған жағдайда салық берешегі осы Кодексте белгіленген тәртіппен жылжымайтын мүлікті өткізу есебінен өтелуге тиіс.

27-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы
қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың
табыстарына салық салу тәртібі

      198-бап. Салық салынатын табысты анықтау

      1. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі осы баптың және осы Кодекстің 85-147-баптарының ережелеріне сәйкес белгіленеді.
      2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алынатын жиынтық жылдық табысын Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға тиіс) тұрақты мекеме қызметіне байланысты табыстардың мынадай түрлері құрайды:
      1) осы Кодекстің 192-бабында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстар;
      2) осы Кодекстің 85-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген табыстар;
      3) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасынан тысқары көздерден, соның ішінде қызметшілер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алған табыстар;
      4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алатын басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің табыстарын қоса алғанда, осы резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртұтас табыстары.
      3. Егер резидент емес кәсіпкерлік қызметті Қазақстан Республикасында да, әрі одан тысқары жерлерде де өзінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесімен бірлесіп орындайтын бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде жүзеге асырған жағдайда мұндай тұрақты мекеменің табыстары, егер ол осындай немесе ұқсас қызметпен осындай немесе ұқсас жағдайда жұмыс істейтін және резидент емес заңды тұлғаға қарамастан, өзі болып табылатын тұрақты мекемемен әрекет ететін оқшауланған және жеке заңды тұлға болса ол ала алатын табыс саналады.»Байланысты жобалар»ұғымы осы Кодекстің 191-бабының 2-тармағында белгіленген.
      Тұрақты мекемесінің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
      4. Егер Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі шығарған тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан резидент емес заңды тұлғаның басқа құрылымдық бөлімшесі өткізсе мұндай тұрақты мекеменің табыстары, егер ол осындай немесе ұқсас қызметпен осындай немесе ұқсас жағдайда жұмыс істейтін және резидент емес заңды тұлғаға қарамастан, өзі болып табылатын тұрақты мекемемен әрекет ететін оқшауланған және жеке заңды тұлға болса ол ала алатын табыс саналады.
      Тұрақты мекемесінің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
      5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен табыстар алуға тікелей байланысты шығыстар Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде жасалғанына қарамастан шегерімге жатады.
      6. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:
      1) осы резидент емес заңды тұлғаның меншігін немесе санаткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, қаламақылар, алымдар және басқа да төлемдер;
      2) резидент емес заңды тұлға өзінің тұрақты мекемесіне көрсеткен қызметтері үшін табыстар;
      3) осы резидент емес заңды тұлға өзінің тұрақты мекемесіне берген қарыздар бойынша сыйақылар;
      4) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы резидент емес заңды тұлғаның қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;
      5) құжатпен расталмаған шығыстар;
      6) осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында белгіленген резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары ретінде ұсынылған соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.

      199-бап. Таза табысқа салық салу тәртібі

      1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметінен алынған таза табысына 15 проценттік ставка бойынша салық салынады.
      Осы Кодекстің 133-бабында көзделген таблицада шығыстар сомасына азайтылған есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы алып тасталған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады.
      2. Таза табысқа есептелген салық сомасы корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияда көрсетіледі.
      3. Резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметінен түскен таза табысына корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі он күнтізбелік күн ішінде салық төлеуге міндетті.

      200-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі

      1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында бірден артық тұрақты мекемесі болған жағдайда резидент емес корпорациялық табыс салығын осы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы оның тұрақты мекемелерінің тобы бойынша жиынтықты төлеуге құқылы.
      Бұл ретте резидент емес заңды тұлға есепті салық кезеңінің алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей мыналарды жазбаша түрде хабардар етуге тиіс:
      1) тұрақты мекемелердің қайсысы корпорациялық табыс салығын есептеуді және төлеуді жүргізетіндігі туралы уәкілетті органды;
      2) ол өзінің барлық тұрақты мекемелері бойынша мемлекеттік бюджетке салық төлеуді жүргізетіндігі туралы таңдап алынған тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органын.
      Мемлекеттік бюджетке төленуге тиіс табыс салығының сомасы мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің салық салынатын табыстарының жиынтығынан есептеледі.
      Бұл ретте таңдап алынған тұрақты мекеме өзінің орналасқан жері бойынша резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемелерінің бүкіл тобы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша жалпы декларацияны табыс етуге тиіс.
      2. Осы Кодекстің 198-бабының ережелеріне қарамастан, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген табыстарды төлеуді жүргізетін салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша 15 процент ставка бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай көрсетілген табыстардан табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды жүргізуге міндетті. Осы тармақтың ережелері осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінің ережелерін сақтаған кезде қолданылмайды.
      Бұл ретте салық агенті ұстаған төлем көзінен салынатын табыс салығы осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен осы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салық міндеттемелерін өтеу есебіне есепке алынуға тиіс.
      3. Қазақстан Республикасында орналасқан резидент емес заңды тұлғаның филиалында, өкілдігінде келісім-шарт және (немесе) шот-фактура болмаған жағдайда мұндай резидент емес заңды тұлғаның табыстарына осы Кодекстің 198-бабының ережелеріне қарамастан, шегерімдерді жүзеге асырмай 15 процент ставка бойынша төлем көзінен табыс салығы салынады. Салық агенті ұстап қалған төлем көзіне салынатын табыс салығы мұндай жағдайда осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен осы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің, филиалының, өкілдігінің салық міндеттемелерін өтеу есебіне есепке алынуға тиіс.
      Қазақстан Республикасында орналасқан резидент емес заңды тұлғаның филиалында, өкілдігінде келісім-шарт және (немесе) шот-фактура болған жағдайда осы тармақтың ережелері қолданылмайды және мұндай резидент емес заңды тұлғаның табыстарына осы Кодекстің 195-бабының ережелеріне сәйкес табыс салығы салынады. Бұл ретте резидент емес заңды тұлға салық агентіне филиал, өкілдіктің сәйкестендіру нөмірімен құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті.
      4. Салық агенті осы баптың ережелеріне сәйкес ұстап қалған корпорациялық табыс салығын ретроспективті тәртіппен тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға қайта есептеуге тиіс.
      Қайта есептеу осы Кодекстің 198, 199-баптарына сәйкес корпорациялық табыс салығын есептеумен және осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген табыстарды көрсете отырып, тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша салық органына корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны табыс етумен түсіндіріледі.
      Ұсталынған табыс салығы мен қайта есептелген табыс салығы арасындағы айырма ретінде есептелген корпорациялық табыс салығы осы Кодексте белгіленген тәртіппен резидент емес заңды тұлға тұрақты мекемесінің салық міндеттемелерін өтеу есебіне есепке алынуға тиіс.

28-тарау. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына
салық салу тәртібі

      201-бап. Төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау
               және аудару тәртібі

      1. Осы Кодекстің 192-бабында белгіленген резидент емес заңды тұлғаның табыстарына шегерімдерді жүзеге асырмай, осы Кодекстің 194-бабында көрсетілген ставкалар бойынша төлем көзінен салық салынуға тиіс.
      Бұл ретте резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды салық агенті осы бапта және осы Кодекстің 195-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізеді.
      2. Осы баптың ережелеріне қарамастан, осы баптың 8-тармағының 9), 10) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 197-бабының 1-тармағында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке есептеу, ұстап қалу және аудару осы Кодекстің 197-бабына сәйкес жүргізіледі.
      3. Осы Кодекстің 163-165-баптарында айқындалған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабының 18)-22) тармақшаларында айқындалған төлем көзінен резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды салық агенті осы Кодекстің 161, 167-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімде шегерімдерді жүзеге асырмай жүргізеді.
      4. Төлем көзінен салынатын табыс салығын салық агенті табысты төлеу нысаны және жүзеге асыру орнына қарамастан, осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, резидент емес заңды тұлғаға табыс немесе алдын ала төлем төлеу сәтінде ұстап қалады.
      5. Осы Кодекстің 191-бабының 10-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің жұмысы үшін берілген шетел персоналының табысынан төлем көзінен салынатын жеке табыс салығын ұстап қалуды салық агенті персоналға берілген резидент емес заңды тұлғаның табыстарын немесе алдын ала төлемді төлеу сәтінде жүргізеді. Бұл ретте мұндай шетелдік персоналдың табысынан төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу және аударуды салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде ай сайын жүргізеді.
      6. Төлем көзінен салынатын мемлекеттік бюджетке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттеме мен жауапкершілік резидент емеске табыс төлейтін және салық агенті таныған мынадай адамдарға жүктеледі:
      1) жеке кәсіпкерге;
      2) егер филиал, өкілдік халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 6-тармағына сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы тұрақты мекеме құрмаған жағдайда филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;
      3) заңды тұлғаға, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледі.
      Бұл ретте резидент емес заңды тұлға кейіннен тұрақты мекеме құруға әкелген Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап салық агенті болып танылады;
      4) Осы Кодекстің 191-бабының 10-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент емес шетелдік персонал берген тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емеске;
      5) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент эмитентіне жүктеледі.
      7. Резидент емес жеке тұлғаның төлем көзінен салынатын табыстарынан табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
      Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен салынатын резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргізеді.
      8. Салық салуға мыналар:
      1) банктік депозиттер бойынша сыйақылар;
      2) сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды жеткізуге байланысты төлемдер;
      3) сатып алушы-резиденттер борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасы;
      4) мынадай жағдайларды бір мезгілде орындаған кезде дивидендтер:
      акцияларға немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік ету; дивиденд төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталының құнының 50 процентінен астамы немесе акцияларының (қатысу үлестері) дивиденд төлеу сәтінде Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын (болып табылмайтын) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрайды;
      5) ашық инвестициялық қорлардың үлестері бойынша оларды осы қордың басқарушы компаниясы сатып алған кездегі табыстар;
      6) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақы;
      7) мемлекеттік бағалы қағаздармен, агенттік облигацияларымен жасалатын операциялардың құнының өсімінен түскен сыйақылар мен табыстар;
      8) осы Кодекстің 197-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу сату кезінде құн өсімінен түскен табыстар;
      9) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе өткізу күні осы қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған бағалы қағаздардың шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстар;
      10) меншік құқығын тіркеген сәттен бастап бір жылдан астам уақыт меншік құқығында болған тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстар;
      11) осы Кодекстің 192-бабының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыстар жатпайды.
      9. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салынатын жеке табыс салығының есеп-қисабын салық агенті осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.

      202-бап. Қазақстан Республикасында филиалы, өкілдігі
               жоқ резидент емес заңды тұлғаның шетелдік
               қызметкерлерінің табыстарына салық салу тәртібі

      1. Осы баптың ережелері мынадай талаптарды бір мезгілде орындаған кезде осы Кодекстің 163-165-баптарында айқындалған табыстарды қоса алғанда, осы Кодекстің 192-бабының 18)-21) тармақшаларында айқындалған резидент емес жеке тұлғаның табыстарына салық салуға қолданылады:
      1) резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасында филиалы, өкілдігі жоқ резидент емес заңды тұлғаның қызметкері болып табылады;
      2) резидент емес заңды тұлға салық агентімен жасалған Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісім-шарт) бойынша табыстарды алады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзіне салынатын жеке табыс салығын мемлекеттік бюджетке есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттеме мен жауапкершілік пайдасына резидент емес заңды тұлға жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін заңды тұлғаға (оның ішінде тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емеске) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті болып танылады.
      3. Жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабында белгіленген ставка бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай, резидент емес жеке тұлға мен резидент емес заңды тұлға арасында жасалған еңбек шартында (келісім-шартта) көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның табысынан жүргізіледі. Бұл ретте резидент емес заңды тұлға салық агентіне Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген резидент емес жеке тұлғалармен жасалған жеке еңбек шарттарының (келісім-шарттардың) нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
      4. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын мемлекеттік бюджетке есептеуді және аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша ай сайын 25 күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      5. Төлем көзіне салынатын жеке табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асыру нысанына және орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табысты немесе алдын ала төлемді төлеу сәтінде ұстап қалады.

      203-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың
               жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша
               декларация тапсыруы

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардан жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация алуды салық агенті салық органына осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімде өзінің тұрғын жері бойынша тапсырады.

      204-бап. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына
               жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі

      1. Осы баптың ережелері резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына қолданылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның табыстарын салынатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставканы шегерімдерді жүзеге асырмай табыстың есептелген сомасына қолдану жолымен жүргізіледі.
      3. Жеке табыс салығын төлеуді резидент емес жеке тұлға салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей дербес жүргізеді.
      4. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны резидент емес жеке тұлға осы Кодекстің 205-бабында белгіленген мерзімнен кешіктірмей өзінің тіркелген орны бойынша салық органына дербес ұсынады.

      205-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс
               ету

      Жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасындағы көздерден осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы салынбайтын табыстар алатын резидент емес жеке тұлға есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органына ұсынады.

29-тарау. Халықаралық шарттар бойынша арнаулы ережелер

      206-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы

      1. Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын, қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі осы тараудың және осы Кодекстің 30-тарауының мақсатында - халықаралық шарт) ережелері осындай шарт жасасқан мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
      2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті осы халықаралық шарттың ережелерін халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесінде пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережесі қолданылмайды.

      207-бап. Халықаралық шарттарды қолдану тәртібі

      Халықаралық шарттардың ережелерін қолдану осы Кодексте және тиісті белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      208-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа
               салық салу мақсатында резидент емес заңды
               тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік
               шығыстарын шегерімге жатқызу әдістері

      1. Егер Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау кезінде оның Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ одан тыс жерлердегі осындай салық салынатын табысты алу мақсатында шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегеріп тастауға халықаралық шарттың ережелерімен жол берілген жағдайда, онда мұндай шығыстардың сомасы, мынадай әдістердің бірімен:
      1) шығыстарды барабар бөлу әдісі;
      2) шығыстарды шегерімге тура (тікелей) жатқызу әдісі бойынша анықталады.
      Бұл ретте резидент заңды тұлғада осы Кодекстің 219-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес резиденттігін растайтын құжаты болған кезде көрсетілген шығыстарды шегерімге жатқызуға рұқсат етіледі.
      2. Басқару және жалпы әкімшілік шығыстар - бұл өндірістік процеске байланысты емес ұйымды басқаруға, басқарушы персоналға еңбекақы төлеуге байланысты шығыстар.
      3. Резидент емес заңды тұлға өзінің таңдауы бойынша басқарушылық және әкімшілік шығыстарды шегерімдерге жатқызудың көрсетілген әдістерінің бірін қолданады.
      4. Басқару және жалпы әкімшілік шығыстар шегерімін тұрақты мекемеге жатқызу әдісі (шығыстарды барабар бөлудің әдісі кезінде пайдаланылатын есептік көрсеткішті есептеп шығару тәртібін қоса) есепті салық кезеңі басталғанға дейін жыл сайын қолданылады және тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органымен келісе отырып қана өзгертілуі мүмкін.
      5. Резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды есепті салық кезеңі ішінде шегерімдерге жатқызудың екі әдісін бір мезгілде қолдануына құқығы жоқ.
      6. Шегерімдерге жатқызылған көрсетілген шығыстар сомасын есептеу мақсатында резидент емес тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша салық органына табыс ететін корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға тиісті қосымшаны толтырады.
      7. Басқару және жалпыәкімшілік шығыстар Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде мынадай растаушы құжаттар және оларды мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы болған кезде ғана оған шегерімдерге жатқызылады:
      1) осы Кодекстің 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттілікті растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) Қазақстан Республикасында салық төлеуші тұрақты мекеменің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
      3) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі;
      4) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (мұндай тұлға қаржылық есептілік аудитін жүзеге асырған кезде).
      Бұл ретте осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қаржылық есептіліктерде есептік көрсеткішті анықтаудың таңдап алынған тәсіліне байланысты мынадай деректе ашылуға тиіс:
      1) тұтас алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;
      2) тұтас алғанда қызметкерлердің еңбекақы бойынша шығыстарының жалпы сомасы;
      3) тұтас алғанда негізгі қаражаттың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны;
      4) әрбір бап бойынша шығыстардың ажыратылған жазбасы, оның ішінде басқару және жалпыәкімшілік шығыстарының жалпы сомасының ажыратылған жазбасы көрсетіледі;
      8. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге шегерімдерге жатқызылған басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының тізбесі, сондай-ақ оларды резидент емес заңды тұлға мен оның тұрақты мекемесі (-лері) арасында бөлу әдісі резидент емес заңды тұлғаның салықтық есеп саясатында бекітіледі.
      9. Резидент емес заңды тұлға корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімде тиісті салық органына резиденттілікті растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті. Барабар бөлу әдісін қолданған кезде Қазақстан Республикасында тұрақты мекемеге шегерімдерге жатқызылатын шығыстар сомасының еркін нысанда жасалған есеп-қисабы ұсынылады.
      Осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, осы баптың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды резидент емес салық органына оның талап ету бойынша ұсынады.
      10. Егер қаржылық есептілік шет тілінде жасалған жағдайда салық төлеуші оған оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын қоса беруге міндетті.
      11. Барабар бөлуге жататын басқару және жалпыәкімшілік шығыстар сомасы салық есептілігінде көрініс таппаған, сондай-ақ осы бапта белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда мұндай шығыстар тұрақты мекеменің шегеріміне қабылданбайды.

      209-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдісі

      1. Барабар бөлу әдісін пайдалану кезінде осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында аталған, тұрақты мекеменің шегеріміне жатқызылған басқару және жалпыәкімшілік шығыстар сомасы осындай шығыстар мен есептік көрсеткіш сомаларының туындысы ретінде анықталады.
      2. Есептік көрсеткіш резидент емес заңды тұлғаның таңдауы бойынша мына тәсілдердің бірі:
      1) резидент емес заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсірген жылдық жиынтық табысы сомасының, резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
      2) орташа мөлшерін (ОМ) үш көрсеткіш бойынша анықтау:
      резидент емес заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырудан түсірген жылдық жиынтық табысы сомасының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы (Т);
      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есебінде ескерілген негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңіндегі негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы (НҚ);
      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша шығыстар сомасының резидент емес заңды тұлға қызметкерлердің тұтас алғанда осындай салық кезеңінде еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады (ЕТ).
      Орташа шама мынадай формула бойынша айқындалады:

      ОШ = (Т + НҚ + ЕТ)
              3

      210-бап. Жекелеген жағдайларда шығыстарды барабар бөлу
               әдісін қолданған кезде есептік көрсеткішті
               есептеудің ерекшеліктері

      1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік елдегі салық кезеңдері сәйкес келмеген не көрсетілген салық кезеңдерінің тең ұзақтығы кезінде салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік елдегі салық кезеңдерінің басталу және аяқталу күндері сәйкес келмеген жағдайда салық төлеуші тұрақты мекемеге шегерімдерге жатқызылуға тиіс басқару және жалпыәкімшілік шығыстар сомасын есептеген кезде пайдаланылатын резиденттік елдегі резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің деректерін түзеуге міндетті.
      Салық төлеушінің резиденттік елдегі қаржылық есептілігінің деректерін түзету үшін түзету коэффициенті (К) қолданылады, ол салық төлеушінің резиденттік елдегі салық кезеңін Қазақстан Республикасындағы салық кезеңімен сәйкес келтіреді.
      2. Коэффициент (К) салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін резиденттік елдегі салық кезеңінің айлары санының салық төлеушінің резиденттік елдегі салық кезеңі айларының санына арақатынасы ретінде айқындалады.
      Қазақстан Республикасындағы есепті салық кезеңінің шеңберіне салық төлеушінің резиденттік елдегі екі салық кезеңі толық немесе ішінара кірген жағдайда екі коэффициент (К1, К2) қолданылады.
      3. Салық төлеушінің резиденттік елдегі қаржылық есептілігінің деректері мынадай түрде түзетіледі:
      К1хҚЕ (РЕ)1 + К2хҚЕ(РЕ)2,
      мұнда К1 = СК (РЕ)1/СК (РЕ)3; К2 = СК (РЕ)2/СК (РЕ)3,
      Бұл ретте:
      СК (РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін резиденттік елдегі бір салық кезеңі айларының саны;
      СК (РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін резиденттік елдегі басқа салық кезеңі айларының саны;
      СК (РЕ)3 - салық төлеушінің резиденттік елдегі салық кезеңі айларының жалпы саны;
      ҚЕ (РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін резиденттік елдегі бір салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік елдегі қаржылық есептілігі;
      ҚЕ (РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін резиденттік елдегі басқа салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік елдегі қаржылық есептілігі.

      211-бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу
               әдісі

      1. Резидент еместің басқару немесе жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерде орналасқан басты офистің және оның тұрақты мекемелерінің табыстары мен шығындарын (басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есептеуді жүргізген жағдайда пайдаланылады.
      2. Басқару және жалпыәкімшілік шығыстар Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде, егер олар айқындалатын және Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметінен табыстар алу мақсаты үшін тікелей шеккенде шегерімге жатқызылады.
      3. Аталған шығыстар растайтын құжаттар және олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы болған кезде ғана тұрақты мекеменің шегеріміне жатады.
      4. Растайтын құжаттар мыналар:
      1) тұрақты мекеме арқылы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;
      2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері;
      3) осы Кодекстің 208-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері;
      4) осы шығыстарды растайтын бастапқы есептік құжаттардың негізінде жасалған Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстардың есебі бойынша салық тіркелімдері.
      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстардың есебі бойынша тіркелімнің нысаны, оны толтыру тәртібі резидент емес заңды тұлғаның салықтық есеп саясатында бекітіледі.

      212-бап. Халықаралық шартты резидент еместің Қазақстан
               Республикасындағы көздерден алған табыстарына
               салық салудан толық немесе ішінара босатуға
               қатысты қолдану тәртібі

      1. Салық агентінің, егер мұндай резидент емес табыстарды түпкілікті алушы болып табылса және халықаралық шарт жасалған елдің резиденті болып табылса, резидентке табыс төлеу сәтінде немесе резиденттің табысын шегерімдерге жатқызу кезінде тиісті халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетілген салық ставкасын өздігінен қолдануға құқығы бар.
      Халықаралық шартты салық салудан босату немесе төмендетілген салық ставкасын пайдалану бөлігінде қолдануға резидент еместің салық агентіне осы Кодекстің 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжатты табысты төлеу күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана рұқсат етіледі.
      2. Табыстарды пайдалану және оларға билік ету тәсілдерін дербес анықтауға құқығы бар адамды халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес табыс салығының ставкасын төмендетуді резидент емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтерге, сыйақыларға және роялтилерге қолдану мақсатында табыстарды түпкілікті (іс жүзінде) алушы (иеленуші) деп түсінген жөн.
      Бұл ретте агент болып табылатын заңды немесе жеке тұлға, номиналды ұстаушы немесе мұндай табысқа қатысты тек делдал болып табылатын, табыстарды иелену құқықтары жоқ адам табысты түпкілікті (іс жүзінде) алушы (иеленуші) бола алмайды.
      3. Осы бапта белгіленген халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының мынадай түрлеріне:
      1) дивидендтерге, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынатын;
      2) мынадай талаптарды бір мезгілде орындаған кезде осы Кодекстің 202-бабында көрсетілген резидент емес жеке тұлғадан алынған табыстарға:
      резидент емес жеке тұлға есепті салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген кезекті он екі айлық кезеңде жалпы саны бір жүз сексен үш күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер ішінде Қазақстан Республикасында болады;
      табыстарды Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жұмыс беруші немесе оның атынан төлейді;
      резидент емес жеке тұлғаның табыстарын төлеу жөніндегі шығыстарды жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесі төлемейді;
      3) егер қызметтерді (жұмыстарды) Қазақстан Республикасының аумағындағы резидент емес халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкелмейтін мерзім шегінде көрсетсе (орындаса) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) алынатын табыстарға.
      Осы тармақшаны қолдану мақсатында резидент емес салық агентіне құрылтай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін не құрылтайшыларды (қатысушыларды) және резидент емес заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен үзінді көшірмелерді ұсынады;
      4) резидент емес болып табылатын заңды немесе жеке тұлға осы Кодекстің 197-бабында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыруға байланысты емес осы Кодекстің 192-бабында белгіленген Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.
      4. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынатын дивидендтерге тиісті халықаралық шартта көзделген төмендетілген салық ставкасын қолдану мақсатында салық агентінде табысты төлеу сәтінде депозитарлық қолхаттар шығарған депозитарийден алынған және мыналарды қамтитын:
      1) "Бағалы қағаздар депозитарийлер орталығы" АҚ-тан алынған депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімі:
      Қазақстан Республикасы тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) немесе депозитарлық қолхаттардың иеленушілері болып табылатын заңды тұлғалардың атаулары;
      депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпарат;
      заңды тұлғаларды растайтын аталымдар мен құжаттар деректемелері немесе заң егер көрсетілген талапта басқа күн көрсетілмесе "Бағалы қағаздар депозитарийлер орталығы" АҚ тіркеушінің талап қойған күнінен бастап тізім жасайды;
      2) резидент еместің резидентін растайтын құжат - осы Кодекстің 219-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес резидент еместен алынған депозитарлық қолхаттар бойынша түпкілікті (нақты) табыстарды алушылар (иеленушілер).
      5. Салық агенті салық органына ұсынылатын төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша есеп-қисапта (бұдан әрі - есеп-қисап) есептелген (төленген) табыстардың және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұсталған, ұстап қалудан босатылған салықтардың сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге міндетті.
      Бұл ретте салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына оның талап етуі бойынша осы Кодекстің 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін резидент емес салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті.
      6. Халықаралық шарттың мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан ережелері заңсыз қолданылған кезде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      213-бап. Халықаралық шартты халықаралық тасымалдарда
               тұрақты мекеме арқылы резидент еместің көлік
               қызметін көрсетуден түскен табыстарына салық
               салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі

      1. Резидент емес, егер ол табысты түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, халықаралық шарттың ережелерін тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалда көлік қызметін көрсетуден түскен табыстарына салық салудан босату бөлігінде қолдануға құқылы.
      Резидент еместе корпорациялық табыс салығы бойынша декларация ұсыну күнге осы Кодекстің 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттілігі расталатын құжат болған кезде ғана халықаралық шартты салық салудан босату бөлігінде қолдануға рұқсат етіледі.
      Резиденттілікті растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін салық төлеуші корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен кезде тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.
      2. Резидент емес корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда салық сомасын, ставканы және оның негізінде мұндай ставка қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге міндетті.
      3. Бұл ретте резидент емес заңды тұлға халықаралық тасымалда көлік қызметін көрсетуден (халықаралық шартқа сәйкес салық салынуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағында көлік қызметін көрсетуден (салық салынуға жатады) түскен табыстардың сомасын бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.
      4. Халықаралық тасымалда көлік қызметін көрсетуден табыс алу үшін шеккен шығыстардың сомасы тікелей немесе жанама әдіспен айқындалады.
      Бұл ретте салық төлеуші өзінің таңдауы бойынша көрсетілген шығыстарды есептеу әдістерінің бірін қолдануға құқылы. Таңдап алынған әдіс жыл сайын пайдаланылады және есепті салық кезеңі басталғанға дейін салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органымен (уәкілетті органды қоспағанда) келісім бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.
      5. Тікелей әдіс тұлға халықаралық тасымалда көлік қызметін көрсетуден және Қазақстан Республикасының аумағында көлік қызметін көрсетуден шеккен шығыстардың бөлек есебін жүргізу негізінде тиісті шығыстарды айқындауды көздейді.
      6. Жанама әдіс көрсетілген шығыстарды резидент емес есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алу үшін шеккен шығыстардың үлесі және жалпы сомасының туындысы ретінде айқындауды көздейді. Үлес тұлға халықаралық тасымалда көлік қызметін көрсетуден түскен табыстар сомасының Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың жалпы сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.
      7. Халықаралық шарттың мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан ережелері заңсыз қолданылған кезде салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      214-бап. Халықаралық шартты резидент еместің тұрақты
               мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы
               қызметінен түскен таза табысқа салық салудан
               ішінара босатуға қатысты қолдану тәртібі

      1. Егер ол халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болса және осындай халықаралық шартта резидент еместің таза табысына салық салудың осы Кодекстің 199-бабында белгіленген тәртіптен өзгеше тәртібі көзделген болса, мұндай резидент еместің тиісті халықаралық шартта көзделген тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы таза табысына төмендетілген салық ставкасын қолдануға құқығы бар.
      Төмендетілген салық ставкасын қолдануға резидент еместе корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну күніне осы Кодекстің 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттілікті растайтын құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі.
      Резиденттілікті растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін резидент емес корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен кезде тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.
      2. Резидент емес корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда таза табысқа салық сомасын, ставканы және оның негізінде мұндай ставка қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге міндетті.
      3. Халықаралық шарттың мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан ережелері заңсыз қолданылған кезде резидент емес салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      215-бап. Халықаралық шартты резидент емес жеке тұлғаның
               тұрақты мекеме құрмай Қазақстан
               Республикасындағы қызметінен түскен табыстарына
               салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі

      1. Егер табысты түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, резидент емес жеке тұлғаның тұрақты мекеме құрмай Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметінен түскен табыстарына салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.
      Халықаралық шартты салық салудан босату бөлігінде қолдануға резидент еместе корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну күніне осы Кодекстің 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттілікті растайтын құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі.
      Резиденттілікті растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін резидент емес салық төлеуші корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен кезде өзінің тіркелген жері бойынша салық органына ұсынады.
      2. Халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес есептелген (алынған) табыстардың және төленген (төлеуден босатылған) салықтардың сомасын және халықаралық шарттың атауын резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетеді.
      3. Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету сәтінде резиденттілікті растайтын құжат болмаған кезде осы Кодекстің 203-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік бюджетке табыс салығын төлеуді жүргізуге міндетті.
      Бұл ретте тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан түскен табыс салығын мемлекеттік бюджетке төлеген жағдайда мұндай резиденттің осы Кодекстің 217-бабында белгіленген тәртіппен төленген табыс салығын мемлекеттік бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.

      216-бап. Резидент еместің табыстарынан табыс салығын
               мемлекеттік бюджетке немесе шартты банк
               салымына аудару тәртібі

      1. Салық агенті осы Кодекстің 212-бабында белгіленген тәртіпті қолданған жағдайда салық агенті резидент емеске табыс төлеген сәтте осы Кодекстің 194-бабында айқындалған ставка бойынша төлем көзінен ұсталатын табыс салығын ұстап қалуға және ұсталынған табыс салығының сомасын осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімде мемлекеттік бюджетке немесе резидент емеске ашылған шартты банк салымына аударуға міндетті.
      Табыс салығын шартты банк салымына аудару тәртібі тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден резидент еместің табысынан ұсталынған табыс салығына ғана қолданылады.
      2. Табыс алатын резидент емес, салық агенті және салық агенті айқындаған резидент банк салық агентінің резидент еместің табысынан табыс салығын аударудың белгіленген мерзіміне дейін шартқа қатысушылармен келісілген нысан бойынша резидент еместің шартты банк салымын ашу туралы шарт жасайды.
      3. Шартты банк салымы ұлттық немесе шетел валютасында ашылады. Шартты банк салымы шетел валютасында ашылған жағдайда бюджетке табыс салығының және банктік сыйақылардың салық мемлекеттік бюджетке аударылған күнгі валюта айырбастаудың нарықтың бағамы бойынша есептелген ұлттық валютадағы сомалары аударылады.
      4. Шотында шартты банк салымы орналастырылған банк есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей салық агенті орналасқан жер бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есепті тоқсан ішіндегі ақша қозғалысы туралы есепті (осындай ақша қозғалысы болған кезде) ұсынуға міндетті.
      5. Салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) оған қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде шартты банк салымы туралы шартты (мұндай шарттың көшірмесі көрсетілген салық органында сақталады);
      2) шартты банк салымына аударылған табыс салығының сомалары көрсетілетін осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімде резидент еместің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша есеп-қисапты ұсынуға міндетті.
      6. Салық агенті орналасқан жер бойынша салық органы салық агенті осындай шартты берген сәттен бастап екі күнтізбелік күн ішінде шартты банк салымы туралы шартты тіркеуге міндетті. Бұл ретте талаптары осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін шартты банк салымы туралы шарт қана тіркелуге тиіс.
      7. Резидент еместің және салық агентінің салық органы резиденттің пайдасына шешім қабылдағанға дейін шартты банк салымына орналасқан табыс салығының сомасына иелік етуге құқығы жоқ.
      8. Осы баптың ережелері салық органында тіркелген шартты банк салымы туралы шартқа ғана қолданылады.
      9. Шартты банк салымы туралы шарт салық органында осы Кодекстің 195-бабына сәйкес айқындалған төлем көзінен ұсталатын табыс салығын аудару күні тіркелмеген жағдайда мемлекеттік бюджетке табыс салығын төлеу белгіленген мерзімде жүргізіледі.
      10. Салық агенті салық органына ұсынылатын есеп-қисапта есептелген (төленген) табыстардың сомасын және халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес ұсталған, ұстап қалудан босатылған салықтардың сомаларын, сондай-ақ табыс салығының ставкаларын және халықаралық шарттың атауын көрсетуге міндетті.
      Бұл ретте салық агенті орналасқан жері бойынша салық органына ұсынылатын есеп-қисапқа осы Кодекстің 218-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес келетін резидент емес салық төлеушінің резиденттілігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса беруге міндетті.
      11. Салық органы:
      1) шартты банк салымдарына орналастырылған;
      2) халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емеске төленген;
      3) мемлекеттік бюджетке аударылған табыс салығы сомасының есебін жүргізуге міндетті.

      217-бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс
               салығын қайтару тәртібі

      1. Резидент еместің мынадай:
      1) салық агенті Қазақстан Республикасының көздерінен алынған резидент еместің кірістерінен табыс салығын шартты банк салымына немесе мемлекеттік бюджетке аударған;
      2) резидент емес филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқтырмайтын қызметті жүзеге асырған жағдайларда осы бапта белгіленген тәртіппен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес табыс салығын қайтарып алуға құқығы бар.
      Бұл ретте резидент емес осы Кодекстің 219-бабында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша төленген табыс салығын қайтарып алуға арналған өтінішті (бұдан әрі осы Кодекстің осы бабының және 218-бабының мақсатында) салық органына ұсынуға міндетті.
      2. Өтінішті резидент емес салық органының орналасқан жері бойынша салық органына (уәкілетті органды қоспағанда) қатысы жөнінде жоғары тұрған болып табылатын салық органына ұсынады.
      Егер салық органы уәкілетті органға қатысы бойынша төмен тұрған болып табылатын салық органында тіркелген жағдайда өтінішті резидент емес көрсетілген салық органына ұсынады.
      3. Халықаралық шарттың талаптарын орындаған және ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде резидент емес өтінішті Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету аяқталғаннан кейін ұсынады.
      4. Салық төлеуші өтінішті салық органына, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, табыс салығы сомасын шартты банк салымына орналастырған күннен бастап немесе табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударған күннен бастап талап қою мерзімі өткеннен кешіктірмей ұсынады.
      Резидент емес ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша өтінішті салық органына, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, талап қою мерзімі өткеннен кешіктірмей келісім-шарттың іс жүзінде орындалуына қарай ұсынады.
      5. Салық органы өтінішті резидент оны берген күннен бастап қырық бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.
      6. Өтінішті қарау кезінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша қателер анықталған жағдайда салық органы осы Кодекстің 610-бабына сәйкес резидент емеске жіберілген қателерді өз бетімен жою үшін хабарлама жібереді.
      Бұл ретте резидент еместің өтінішін қарау мерзімі анықталған қателерді жойғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      7. Резидент еместің өтінішін қарау кезінде салық органы салық агентін оның талап қою мерзімі кезеңі ішінде өтінішті берген резидент еместің кірісінен төлем көзіндегі табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі салық міндеттемелерін орындауы мәніне қарсы тексеруді жүргізеді.
      Көрсетілген тексеруді жүргізу барысында салық органы құжаттарды:
      1) резидент еместің кірістерінен төлем көзіндегі табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі салық міндеттемелерін салық агентінің толық орындауы;
      2) ұсынылған келісім-шарттардың бір жобамен байланыстылығы, ұсынылған келісім-шарттардың басқа келісім-шартпен (келісім-шарттармен) бір жоба немесе байланысқан жобалар шеңберінде байланыстылығы;
      3) резидент еместің бұрын резиденттерге қызметтер көрсетуі, резидент еместің Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметінің жүйелілігі;
      4) резидент еместе Қазақстан Республикасында тұрақты мекеменің болуы (болмауы);
      5) жұмыстарды, қызметтерді орындаудың іс жүзіндегі мерзімінің жұмыстарды, қызметтерді орындауға арналған келісім-шарттық (келісім-шарттарда) көзделген мерзімге сәйкестігі (бұл мәселе резидент емес-өтініш беруші жұмыстарды, қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында орындаған кезде қаралады);
      6) резидент емес-өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес әділет органдарында есептік тіркеуден өтуі;
      7) ұсынылған өтініштердің дұрыс толтырылуы;
      8) өтініштерде немесе резиденттікті растаушы құжаттарда шетелдік тұлғаның және шетелдік тұлғаның резиденттігін куәландыратын шет мемлекет құзыретті органының қолы және мөрінің болуы;
      9) салық агентінің орналасқан жері бойынша салық органдарында шартты банк салымы туралы шарттардың тіркелуінің болуы (бұл мәселе резидент еместер осындай шарттарды жасасқан кезде қаралады);
      10) оған қатысушылардың шартты банк салымы туралы шарттың талаптарын сақтауы (бұл мәселе резидент еместер осындай шартты жасасқан кезде қаралады) мәніне тексереді.
      8. Егер резидент еместің Қазақстан Республикасында өкілдігі немесе филиалы болған жағдайда, өтінішті қарайтын салық органы резидент еместі талап қою мерзімі кезеңінің ішінде оның салық міндеттемелерін орындауы не Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің болуы не болмауы мәніне кешенді салықтық тексеру жүргізуге арналған сұрау салуды өкілдіктің немесе филиалдың орналасқан жері бойынша жіберуге міндетті.
      9. Салық агенті таратылған жағдайда салық органы резидент еместің резиденттік елінің құзыретті органына салық агенті мен резидент еместің өзара қарым-қатынастары туралы ақпарат беру туралы сұрау салу жіберуге міндетті.
      10. Осы Кодекстің 219-бабында белгіленген құжаттарды резидент емес ұсынбаған, не салық органы шет мемлекеттік құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпарат беру туралы сұрау салу жібермеген жағдайларда резидент еместің өтінішін қарау мерзімі көрсетілген құжаттарды, сұратылатын ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      11. Салық органы төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған кезде ұсынылған өтініште халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтарылуға жататын табыс салығының сомасы қойылады және өтініштің өзІ басшының қолымен және салық органының мөрімен куәландырылады.
      12. Табыс салығы мемлекеттік бюджетке төленген және салық органы резидент еместің пайдасына шешім қабылдаған жағдайда салық органы осы Кодекстің 605-бабында көзделген тәртіппен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резидент еместің салық органы куәландырған өтінішінің негізінде резидент емеске табыс салығын мемлекеттік бюджеттен қайтаруды жүргізеді.
      13. Табыс салығы шартты банк салымына аударылған және салық органы резидент еместің пайдасына шешім қабылдаған жағдайда банк резидент емеске шартты банк салымынан табыс салығының өтініште көрсетілген сомасын және есептелген банк сыйақылары сомасын қайтаруды жүргізеді. Бұл ретте салық органы куәландырған өтінішті резидент емес банкке өздігінен ұсынады.
      14. Салық органы халықаралық шарт ережелерінің заңсыз қолданылғанын анықтаған кезде резидент емеске төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы негізді шешім жіберіледі, ол басшының қолы қойылған салық органы хатының бланкісінде ресімделеді.
      15. Салық органының шешімі резидент емеске алғаны туралы хабарламасымен арнайы почтамен жіберіледі.
      16. Салық органының теріс шешіміне келіспеген жағдайда резидент еместің халықаралық шарт ережелерінің қолданылуының заңдылығы мәселесін қайтадан қарау туралы сұрау салумен уәкілетті органға мынадай мерзімде жүгінуге (қажет болған кезде резиденттік елінің құзыретті органын тарта отырып) құқығы бар:
      1) теріс шешім алынған күннен бастап тоқсан күнтізбелік күннің ішінде немесе
      2) шешім болмаған жағдайда өтініш берілген күннен бастап қырық бес күнтізбелік күн өткеннен кейін.
      Бұл ретте мұндай сұрау салудың көшірмесі теріс шешім қабылдаған салық органына ұсынылады. Сұрау салу осы Кодекстің 219-бабында белгіленген құжаттар қоса беріле отырып, еркін нысанда ресімделеді.
      17. Уәкілетті орган сұрау салу бойынша уәжді шешімді резидент емес сұрау салуды ұсынған күннен бастап қырық бес күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде шығаруға міндетті.
      Уәкілетті орган төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған кезде ұсынылған өтінішке халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтарылуға жататын табыс салығының сомасы қойылады, және өтініштің өзі басшының қолымен және уәкілетті органның мөрімен куәландырылады.
      18. Егер резидент емес Қазақстан Республикасында кірістерге салық салу тиісті халықаралық шарттың ережелеріне қайшы келеді деп санаса, ол шет мемлекеттің құзыретті органына халықаралық шарттың өз кірістеріне салық салуға қатысты ережелерінің қолданылуының заңдылығы туралы мәселені қарау туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
      Бұл ретте резидент емес шет мемлекеттің құзыретті органына талап қою мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының сотына жүгінгенге дейін Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы сұрау салумен жүгінуге тиіс.
      19. Уәкілетті органның халықаралық шарттың ережелерін Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын резидент еместің кірісіне қолдану мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы сотының шешімі болған кезде шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуге құқығы жоқ.

      218-бап. Табыс салығын шартты банк салымынан бюджетке
               аудару тәртібі

      1. Салық органы резидент емес өтініш бойынша теріс шешім алған күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн өткеннен кейін және осы Кодекстің 217-бабының 16-тармағында көрсетілген резидент еместің уәкілетті органға сұрау салуының көшірмесін алмаған жағдайда банкке өтініште көрсетілген және шартты банк салымында орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкім жіберуге міндетті.
      2. Резидент емес талап қою мерзімі ішінде салық органына өтініш ұсынбаған жағдайда салық органы жоғарыда көрсетілген мерзім өткеннен кейін он бес күнтізбелік күннің ішінде банкке шартты банк салымына орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкім жіберуге міндетті.
      3. Салық органы инкассалық өкіммен бір мезгілде банкке резидент еместің табыс салығы шартты банк салымына орналастырылған сәттен бастап есептелген банк сыйақыларының сомасы туралы сұрау салуды ол бюджетке аударылғанға дейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша жібереді.
      4. Банк сұрау салу алынған күннен бастап екі күнтізбелік күннің ішінде салық органына банк сыйақыларының есептелген сомасы туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.
      5. Салық органы банк сыйақыларының есептелген сомасы туралы мәліметтерді алғаннан кейін екі күнтізбелік күннің ішінде банкке банк сыйақылары сомасын бюджетке өндіріп алуға арналған инкассалық өкімді жіберуге міндетті.
      6. Банк инкассалық өкім алынған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасын және есептелген банк сыйақыларын бюджетке аударуға міндетті.
      7. Банктің кінәсінен болған шартты банк салымы туралы шарттың талаптары бұзылған және табыс салығының ұсталған сомасы бюджетке уақтылы аударылмаған кезде банк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      8. Шартты банк салымына орналастырылған табыс салығын бюджетке аудару жөніндегі міндеттемелерді банктің орындауы мүмкін болмаған жағдайда төлем көзіндегі табыс салығын, банк сыйақыларын және мемлекеттік бюджетке салықты уақтылы аудармағаны үшін айыппұл санкцияларын аудару жөніндегі міндеттеме салық агентіне жүктеледі.

      219-бап. Резиденттікті растайтын құжатқа және төленген
               табыс салығын халықаралық шарт негізінде
               бюджеттен немесе шартты банк салымынан
               қайтаруға арналған салық өтінішіне қойылатын
               талаптар

      1. Осы Кодекстің 218-бабы қолданылған жағдайда уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төленген табыс салығын халықаралық шарт негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға арналған салық өтінішін тиісті салық органы мыналар болған кезде қабылдайды:
      1) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған немесе өзге де мақсаттарға арналған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      2) құрылтайшыларды (қатысушыларды) және заңды тұлға-резидент еместің мажоритарлық акционерлерін көрсетумен құжаттардың (құрылтайшылық құжаттардың не сауда тізілімі үзіндісінің) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      3) алынған кірістер мен ұстап қалынған (төленген) салықтар сомасын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелері;
      4) резиденттік мемлекетінің құзыретті немесе уәкілетті органы берген резиденттікті растайтын құжат немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі. Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін резидент емес өзінің резиденттік еліндегі тіркеу деректері өзгерген жағдайда осы тарауда белгіленген тәртіппен өзгертілген деректерді ескере отырып, резиденттікті растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін қайталап ұсынуға міндетті.
      2. Егер резидент емес депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған кірістерден халықаралық шарт негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан төленген табыс салығын қайтаруға арналған салық өтінішін берген жағдайда, өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) мыналарды:
      резидент еместің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);
      депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;
      резидент еместің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), резидент еместің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тан алынған шот үзіндісі;
      2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитенті акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінен дивидендтің мөлшерін және дивидендтер алу құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күнді көрсете отырып белгілі бір кезең ішінде дивидендтер төлеу туралы шешімі;
      3) келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюта шотынан үзінділер;
      4) осы баптың 4-тармағы талаптарына сәйкес келетін осындай резидент еместің резиденттігін растайтын құжат.
      3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда, резидент емес олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беруге міндетті.
      4. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсатында шетелдік тұлғаның резиденттігін растайтын құжат шетелдік тұлға-кіріс аушының Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатындығын растайтын ресми құжат болып табылады. Мұндай құжатты резиденті шетелдік тұлға-кіріс алушы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырады.
      Бұл ретте резидент еместің резиденттігін куәландырған органның қолтаңбасы мен мөрі (резиденттікті растайтын құжат), сондай-ақ резиденттікті растайтын құжаттың нотариаландырылған көшірмесі ұсынылған жағдайда шетелдік нотариустың қолы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартта белгіленген тәртіппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.

      220-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған
               кірістердің және ұстап қалынған (төленген)
               салықтардың сомасы туралы анықтама

      1. Резидент еместің резиденттік елінде Қазақстан Республикасында төленген салықтарды есепке алу немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерді есептен шығару мақсатында Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалынған (төленген) салықтардың сомасы туралы салық органынан анықтама алуға құқығы бар.
      2. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы алу үшін резидент емес салық өтінішін төменде көрсетілген салық органына ұсынуға міндетті:
      1) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме құрмастан жүзеге асыратын заңды тұлға-резидент емес - салық агенті орналасқан жер бойынша;
      2) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға-резидент емес - тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша;
      3) шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ тұлға - салық агенті орналасқан жер бойынша;
      4) Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерден салықтарды өз бетімен төлейтін шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ тұлға - Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша.
      3. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы салық органы мынадай:
      салық өтініші берілген және
      резидент емес және/немесе салық агенті резидент еместің есептелген кірістерінің және төлеуге жататын салықтардың сомасы көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысаны ұсынылған күндердің ең кейінгі күнінен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей береді.
      4. Салық төлеуші өтінішінің деректері салық төлеушінің және/немесе салық агентінің салық есептілігі нысандарында көрсетілген деректерге сәйкессіздігі анықталған кезде, сондай-ақ салық төлеу болмаған немесе осы Кодексте белгіленген өтініш беруші-резидент еместің кірісінен салық аударылған күні резидент еместің кірісінен салық төлеу бойынша салық агентінде салық берешегі болған жағдайда салық органы резидент емеске анықтама беруден жазбаша бас тартуды жібереді.
      5. Резидент емес салық өтінішін бермеген жағдайда Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы салық органы бермейді.
      6. Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша анықтамаларды тіркеу журналын жүргізуге міндетті.

30-тарау. Резиденттердің сыртқы экономикалық қызметтен
түсетін кірістеріне салық салудың ерекшеліктері

      221-бап. Резиденттердің Қазақстан Республикасының
               шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған
               кірістері

      1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін резиденттердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістері деп төленген жеріне қарамастан Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық түрлері танылады.
      2. Салық төлеуші-резидент Қазақстан Республикасында салық декларациясында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерді көрсетуге міндетті.

      222-бап. Заңды тұлға резиденттің Қазақстан
               Республикасының шегінен тыс жерлерде кірістер
               алуымен байланысты шығыстарын шегеруге жатқызу
               тәртібі

      1. Салық төлеуші-резидент кіріс, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден кіріс алумен байланысты шығыстарды осы Кодекстің 4 және 6-бөлімдерінде белгіленген тәртіппен шегеруге жатқызады.
      2. Салық төлеуші-резидент Қазақстан Республикасында да, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден кіріс алумен байланысты осындай шет мемлекеттің салық заңнамасының ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме арқылы көтерген шығыстарын өзінің шет мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесіне шегеруге жатқызады.
      3. Заңды тұлға-резиденттің шет мемлекеттегі тұрақты мекемесінің салық салынатын кірісін айқындау кезінде осындай шет мемлекеттің салық заңнамасының немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес осындай салық салынатын кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасында да, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де көтерген басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарды шегеруге жол беріледі.
      4. Басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстардың сомасы осындай шет мемлекеттің салық заңнамасында көзделген тәртіппен көздерінен заңды тұлға-резидент кіріс алған шет мемлекетте шегеруге жатады.
      Егер заңды тұлға-резидент көздерінен кіріс алған шет мемлекеттің салық заңнамасымен немесе халықаралық шартпен басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарды шегеруге жол берілетін, алайда бұл ретте шет мемлекеттің салық заңнамасымен мұндай шығыстарды шегеруге жатқызу тәртібі көзделмейтін жағдайда салық төлеуші-резидент осы Кодекстің 208-211 баптарында көзделген тәртіппен басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарды көрсетілген шет мемлекетте шегеруге жатқызады.

      223-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу

      1. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде төленген кірістерге салынатын салықтардың немесе салық төлеуші-резиденттің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алған кірістерінен алынатын табыс салығының бірдей түрінің сомасы салықтың төленгенін растайтын құжат болған кезде Қазақстан Республикасында корпорациялық немесе жеке табыс салығын төлеу кезінде есепке жатқызылады.
      Шет мемлекеттің салық органы куәландырған шет мемлекеттегі көздерден алынған кірістердің сомасы және төленген салықтар туралы анықтама осындай құжат болып табылады.
      2. Шетелдік салықты есепке жатқызу Қазақстан Республикасында салық төлеуші-резиденттің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған:
      1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған;
      2) осы Кодекстің 99-бабына сәйкес түзетуге жататын;
      3) шет мемлекетте артық төленген салық сомасы шегінде төлеу және/немесе шет мемлекеттегі осындай кірістерден ұстап қалу фактісіне қарамастан халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жатқызылатын кірістерінен берілмейді. Бұл ретте салықтың артық төленген сомасы салықтың іс жүзінде төленген сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төлеуге жататын салық сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      3. Осы бапта көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшері салық төлеуші-резиденттің әр шетелдік мемлекеттегі көздерден алған кірістерінен іс жүзінде төлеген салық сомасы негізге алына отырып, әр шетелдік мемлекет бойынша жеке-жеке анықталады. Есепке жатқызылатын шетелдік табыс салығы сомасының мөлшері осы кірістерден Қазақстан Республикасында осы Кодекстің 222-бабына сәйкес, сондай-ақ 4, 6-бөлімдерінің ережелеріне және халықаралық шартқа сәйкес есептелетіндей сомадан аспауға тиіс.
      4. Шет мемлекеттегі көздерден алынған кірістерден осы мемлекетте төленген табыс салығын есепке жатқызудың жалпы сомасын айқындау үшін резидент корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияға тиісті қосымшаны толтырады.

      224-бап. Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттерде
               алынған кіріс

      1. Егер резидентке резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 және одан астам проценті тікелей немесе жанама тиесілі болса немесе ол салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және/немесе тіркелген осы резидент емес заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының 10 және одан астам процентіне ие болса, онда резидент емес заңды тұлға пайдасының резиденттің мұндай резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесіне негізделе отырып айқындалатын резидент емес тұлғаның резидентке қатысты бөлігі Қазақстан Республикасындағы резиденттің салық салынатын кірісіне енгізіледі. Осы тармақтың ережесі қатысу үлесі 10 және одан да көп проценті құрайтын заңды тұлға құрмайтын кәсіпкерлік қызмет ұйымдастырудың басқа нысандарына қатысуына да қолданылады.
      2. Салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген резидент емес заңды тұлға пайдасының бір бөлігі Қазақстан Республикасы резидентінің салық салынатын табысына қосылатын осы пайданың жалпы сомасы резидент еместің қаржылық есептілігімен расталуға тиіс.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті:
      1) резиденттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі;
      2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігі;
      3) салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттерде орналасқан еншілес кәсіпорындар бойынша ақпараттардың мәнін аша отырып, резидент емес жеке тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігі.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе уақтылы ұсынылмаған жағдайда резидент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      4. Егер шет мемлекет мынадай шарттардың біріне жауап берген жағдайда ол салық салуда жеңілдігі бар мемлекет деп танылады:
      1) мұндай мемлекетте салық ставкасы осы Кодексте белгіленген салық ставкасының 75-тен аспайтын процентті құрайды;
      2) мұндай мемлекетте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүліктің, кірістің іс жүзіндегі иесі немесе іс жүзіндегі иеленушілер, құрылтайшылар, компаниялардың акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдар болады.
      Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      5. Осы баптың мақсатында шет мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірлігі де, егер ол мынадай шарттардың біріне жауап берсе, салық салуда жеңілдігі бар мемлекет деп танылады:
      1) мұндай әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекет резидент емес заңды тұлғаға іс жүзінде қолданатын салық ставкасы осы Кодексте белгіленген салық ставкасының 75-тен аспайтын процентін құрайды;
      2) мұндай әкімшілік-аумақтық бірлікте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүліктің, кірістің іс жүзіндегі иесі немесе іс жүзіндегі иеленушілер, құрылтайшылар, компаниялардың акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдар болады.
      6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы резидентке берген және (немесе) резидент үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктерге, инвестициялық салық преференцияларына, барынша қолайлылық режиміне, сондай-ақ осы Кодексте көзделгендерден неғұрлым қолайлырақ өзге де салық салу шарттарына қарамастан қолданылады.

      225-бап. Резиденттердің халықаралық шартты шет
               мемлекетте қолдану тәртібі

      1. Резидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт (келісім) жасасқан шет мемлекеттегі көзден кіріс алған жағдайда, тиісті халықаралық шарт (келісім) талаптарын орындаған кезде резидент шет мемлекетте мұндай кірістерге салық салудан босатуға немесе салық салу ставкасын төмендетуге мүмкіндік алу мақсатында көрсетілген мемлекетте халықаралық шарт (келісім) ережелерін қолдануға құқылы.
      2. Халықаралық шарттың ережелері резиденттерге осы Кодекстің 206-бабында белгіленген шарттар орындалған кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден резидент алатын кірістерге қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасының резиденттігін растау қажет болған жағдайда, резидент орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына қатынасы жөнінде жоғары тұратын болып табылатын салық органына (уәкілетті органды қоспағанда) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, салық резиденттігін растау құжатын алуға салық өтінішін береді.
      Бұл ретте төменде көрсетілген салық төлеушілер салық резиденттігін растау құжатын алуға арналған өтінішпен бірге салық органына мыналардың:
      1) өзінің тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқандығы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға, - заңды тұлғаны тиімді басқару орны (іс жүзіндегі басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (оның өткізілген орнын көрсете отырып, директорлар кеңесінің, басқарманың немесе осыған ұқсас органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқарудың және (немесе) бақылаудың, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдаудың негізгі орнын растайтын өзге де құжаттардың);
      2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы, - жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының;
      3) резидент болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға:
      жеке куәлігінің немесе паспортының;
      Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (виза мерзімі мен өзге де құжаттардың) нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
      4. Резиденттікті растайтын құжатты резидент емес өтініш берген күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына қатынасы жөнінде жоғары тұратын болып табылатын салық органы (уәкілетті органды қоспағанда) береді.
      5. Егер резидент шет мемлекеттегі кірістерге салық салу тиісті халықаралық шарттың ережелеріне қайшы келеді деп санаса, ол шет мемлекеттің ішкі заңнамасында көзделген қорғау құралына қарамастан шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті органына халықаралық шарттың өз кірісіне салық салуға қатысты ережелерін қолданудың заңдылығы туралы мәселені қарау туралы өтінішпен жүгіне алады.

      226-бап. Өзара келісу рәсімі

      1. Егер резидент Қазақстан Республикасының уәкілетті органына халықаралық шарттың өз кірісіне салық салуға қатысты ережелерін қолдану туралы мәселені қарау туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, ол:
      1) жұмыстарды (қызметтер көрсетуді) орындауға арналған немесе өзге де мақсаттарға арналған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің);
      2) құрылтайшыларды (қатысушыларды) және резидент емес заңды тұлғалардың мажоритарлық акционерлерін көрсетумен құжаттардың (құрылтайшылық құжаттардың не сауда тізілімі үзіндісінің);
      3) алынған кірістер мен ұстап қалынған (төленген) салықтар сомасын растайтын бухгалтерлік құжаттардың;
      4) осы Кодекстің 225-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беруге міндетті.
      2. Резидент өтінішті, егер халықаралық шартта өзге мерзім белгіленбесе, шет мемлекетте халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес келмейтін салық салу туындаған сәттен бастап талап қою мерзімі ішінде ұсынуға тиіс.
      3. Уәкілетті орган резиденттен өтініш алынған сәттен бастап қырық бес күнтізбелік күннің ішінде оның өтінішін қарауға және шет мемлекеттің құзыретті органына өзара келісу рәсімін жүргізу туралы сұрау салумен жүгінуге міндетті.

      227-бап. Салықтар жинауға көмек

      1. Қазақстан Республикасы уәкілетті органының халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес орындалмаған салық міндеттемесін орындау мақсатында резидент емес салық міндеттемесін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерден, сондай-ақ резидент еместің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі тұрақты мекемесінің кірістерінен тек осы Кодексте белгіленген мәжбүрлеп алудың барлық мүмкін болатын шаралары қолданылғаннан кейін шет мемлекет құзыретті органының жәрдемін сұратуға құқығы бар.
      2. Шет мемлекеттің құзыретті органына жәрдем көрсетуге сұрау салу келіп түскен кезде уәкілетті органның шет мемлекетте туындаған резиденттің салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ретте уәкілетті орган халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекеттегі көздерден резидент кірістерінен салық төлеудің заңдылығын қарайды және қорытынды шығарады.
      3. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда уәкілетті орган халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес осы Кодексте белгіленген тәртіппен резиденттің салық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді. Салықтың сомасын салық төлеуші резидент уәкілетті органның талабы бойынша халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес жіберілген салықтар жинауға жәрдем туралы сұрау салуда көрсетілген шет мемлекеттің құзыретті органының шотына аударады.
      4. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуын өзара түсіністік принциптерінде қарайды.
      5. Осы баптың ережелері талап қою мерзімі өткенге дейін қолданылады.

8-бөлім. Қосылған құн салығы 31-тарау. Жалпы ережелер

      228-бап. Төлеушілер

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:
      жеке кәсіпкерлер;
      мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, заңды тұлғалар;
      қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
      сенімгерлік басқару туындауының өзге де жағдайларында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын сенімгер басқару құрылтайшыларымен не пайда алушылармен сенімгер басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату жөніндегі айналымды жүзеге асыратын сенімгер басқарушылар;
      2) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.
      2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 569-570-баптарына сәйкес жүргізіледі.

      229-бап. Салық салу объектілері

      Мыналар:
      1) салық салынатын айналым;
      2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.

32-тарау. Салық салынатын айналым

      230-бап. Салық салынатын айналымды айқындау

      1. Мыналар:
      1) осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату бойынша;
      2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады.
      2. Тұлғаның қосылған құн салығы осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған (оның ішінде негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша) тауарларының қалдықтары тұлғаны қосымша құн салығы бойынша тіркеуден алған кезде Қазақстан Республикасында тауарларды сату жөніндегі айналым ретінде қарастырылады.
      Осы тармақтың ережесі қосылудың нәтижесінде жаңадан құрылған заңды тұлғалар немесе заңды тұлғаға қосылған басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қайта құрылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылған жағдайда заңды тұлғаның оның қайта құрылуымен байланысты қосылған құн салығына салық бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде қолданылмайды.

      231-бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату
               жөніндегі айналым

      1. Тауарларды сату жөніндегі айналым:
      1) тауарға арналған меншік құқығын беруді, оның ішінде:
      тауарды сатуды;
      кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен ретінде сатуды;
      тауарды түсіруді, оның ішінде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге ауыстыруды;
      тауардың экспортын;
      тауарды өтеусіз беруді;
      жұмыс берушінің тауарды жалдамалы қызметкерге жалақы есебіне беруін;
      2) тауарды бөліп-бөліп төлеу шартымен жөнелтуді;
      3) мүлікті қаржы лизингіне беруді;
      4) тауарды комиссия шарты бойынша жөнелтуді;
      5) кепілге берілген мүлікті (тауарды) кепіл берушінің борыштың төленбеуі жағдайында беруін;
      6) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.
      2. Жұмыстарды, қызметтерді сату жөніндегі айналым жұмыстарды кез келген орындауды немесе қызметтерді, оның ішінде өтеусіз көрсетуді, сондай-ақ тауарды сатудан ерекше сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:
      1) мүлікті мүліктік жал шарттары бойынша уақытша иелікке және пайдалануға беруді;
      2) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беруді;
      3) жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебіне жұмыстарды орындауын, қызметтер көрсетуін;
      4) аванстар мен айыппұлдық санкцияларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатумен байланысты талап ету құқықтарын беруді;
      5) сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруді білдіреді.
      3. Мыналар сату жөніндегі айналым болып табылмайды:
      1) жарғылық капиталға жарна;
      2) жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қайтару;
      3) бірлігінің құны Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 еселік мөлшерінен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта өтеусіз беру не сыйлау;
      4) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимімен жүзеге асырылса, көрсетілген тауарлардың тиеп-жөнелтілуі сату бойынша айналым болып табылмайды;
      5) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны онымен жіберілетін өнімді өткізу құнына кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта (келісім-шартта) белгіленген талаптармен және мерзімде, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім берушіге қайтарылуға тиіс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгіленген мерзімде қайтарылмаса, мұндай ыдыстың құны өткізу бойынша айналымға енгізіледі;
      6) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
      7) шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимімен ресімделсе;
      8) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берілуі тиіс мүлікті жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының меншігіне беруі;
      9) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
      10) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және өзге де мүлкін оның құқық қабылдаушысына (құқық қабылдаушыларына) беруі;
      11) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концессия объектісін концессия шарты шеңберінде пайдалану үшін кейіннен концессионерге (құқық қабылдаушысына немесе концессионердің тек қана концессия шартын іске асыру үшін арнайы құрған заңды тұлғаға) беруі;
      12) егер осындай мүлікті осы тұлға кәсіпкерлік мақсатты пайдаланбайтын болса, жеке тұлғаның жеке мүлкін сату бойынша айналымы;
      13) сенімгер басқару құрылтайшыларының сенімгер басқару шарттары бойынша мүлікті сенімгер басқарушыға немесе сенімгерлік басқару туындауының өзге де жағдайларында пайда алушыға беруі;
      14) сенімгерлік басқару туындауының негізі болып табылатын құжаттың қолданылуы тоқтатылған кезде мүлікті сенімгер басқарушыға қайтару;
      15) сенімгер басқарушының сенімгерлік басқарудан таза табысын сенімгер басқару шарттары бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысына немесе сенімгерлік басқару туындауының өзге де жағдайларында пайда алушыға беруі.

      232-бап. Салық салынбайтын айналым

      Мыналар:
      1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;
      2) сату орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату жөніндегі айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.
      Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату орны осы Кодекстің 236-бабына сәйкес айқындалады.

      233-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын
               өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар

      1. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарды тиеп жөнелтуі, жұмыстарды, қызметтерді орындауы, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алуы сенім білдірілген адамның өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері:
      1) сенім білдірілген адамның сенім білдірушіге тауарлар тиеп жөнелтуі, жұмыстарды, қызметті орындауы;
      2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиалдар және өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент емес сенім білдірушіден алынған тауарға қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп жөнелту сенім білдірілген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылады.

      234-бап. Сенімді басқару шарттары бойынша жүзеге
               асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар

      Сенімді басқарушы сенімгерлік басқару шартына немесе сенімгерлік басқару туындаған негіз болып табылатын өзге де құжатқа сәйкес жүзеге асыратын тауарды тиеп жөнелту, жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуді, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алуы сенімгер басқарушының сату (сатып алу) жөніндегі айналымы болып табылады.

      235-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде
               жүзеге асырылатын сату (сатып алу) жөніндегі
               айналымдар

      1. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді (оның ішінде өндірілген пайдалы қазбаларды) сатуды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенім білдірілген адам жүзеге асыратын жағдайларда:
      1) шот-фактура бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірінің атынан немесе беруші (сатушы) үшін бөлінген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелері көрсетіле отырып, сенім білдірілген адамның атынан жазылады;
      2) шот-фактураларды ресімдеген кезде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушының (қатысушылардың) әрқайсысының тиісті үлесіне келетін айналым сомасы көрсетіледі.
      2. Шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген және сатылатын пайдалы қазбаларды) сатып алушыға да, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісім-шарттың (келісімнің) шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін жүзеге асыратын қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазылады.
      3. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенім білдірілген адам осындай қызмет жөніндегі тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алған жағдайларда, онда берушіден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда мыналар бөлініп көрсетілуге тиіс:
      1) бірлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың), не сенім білдірілген адамның деректемелері;
      2) бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысының қатысу үлесіне келетін сатып алу сомалары, оның ішінде қосылған құн салығы сомалары.
      4. Жазылып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда қызметі үшін тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер сатып алынатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.

      236-бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетуді өткізу орны

      1. Тауарды өткізу орны болып:
      1) егер тауарды беруші, алушы немесе үшінші тұлға тасымалдайтын (жіберетін) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
      2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны танылады.
      2. Жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып:
      1) егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктің орналасқан жері.
      Жылжымайтын мүліктің мемлекеттік тіркеу орны жылжымайтын мүлік орналасқан орын болып танылады.
      Осы баптың мақсаты үшін ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер жылжымайтын мүлік болып танылады;
      2) егер олар жылжымайтын мүлікпен байланысты болса жұмыстар мен қызмет көрсетулердің нақты жүзеге асырылуы.
      Мұндай жұмыстарға, қызметтерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;
      3) егер қызметтер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене тәрбиесі немесе спорт саласындағы қызметтерге қатысты болса, нақты көрсетілген қызмет;
      Осы тармақшаның мақсаттары үшін ойын-сауық саласындағы қызметтерге ойын-сауық орындарында (ойын орындары, түнгі клубтар, кафе-барлар, компьютер, бильярд, боулинг-клубтар және кинотеатрлар, және өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар) көрсетілетін ойын-сауық-демалу мақсатындағы қызметтер жатады;
      4) жұмыстарды, қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметі жүзеге асыруы.
      Жұмыстарды, қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыру жұмыстарды, қызметтерді сатып алушы Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде және жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркелу есебіне тұруының негізінде Қазақстан Республикасының аумағы саналады.
      Мұндай жұмыстарға, қызметтерге:
      санаткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқық беру;
      консультациялық, аудиторлық, инжинирингтік, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық қызметтер, сондай-ақ баспа басылымдарының ақпарат беруін қоспағанда, ақпаратты беру және (немесе) өңдеу жөніндегі қызметтер;
      қызметкерлерді беру жөніндегі;
      жылжымалы мүлікті (көлік құралдарынан басқа) жалға беру жөніндегі қызмет;
      тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алу жөніндегі, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызметтерді жүзеге асыру үшін шартқа (келісім-шартқа) негізгі қатысушының атынан тұлға тартатын агенттің қызметтері;
      байланыс қызметі;
      сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруге;
      радио қызметтері және телевизиялық қызметтер;
      туризмді ұйымдастыру бойынша қызмет жатады;
      5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстар, қызметтер болған жағдайда жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететін) тұлғаның кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыруы танылады.
      Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделген жұмыстарды, қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыру жұмыстарды, қызметтерді сатып алушы Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде және жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркелу есебіне тұруының негізінде Қазақстан республикасының аумағы саналады.
      3. Егер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу басқа негізгі тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуге қатысты көмекші сипатта болса, негізгі тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізілген жер осындай көмекші өткізу орны болып танылады.
      4. Осы баптың 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаты үшін, егер жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызмет орны біреуден артық болса, осындай жұмыстар, қызметтер пайдаланылатын орын олар өткізілген орын болып есептеледі.
      5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезінде бірнеше тармақшада көрсетілген жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жер осы тармақшалардың реті бойынша бірінші болып белгіленеді.

      237-бап. Өткізу бойынша айналым жасау күні

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тауарды тиеп жөнелту, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
      Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің күні танылады.
      2. Егер тауарды тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, онда алушыға тауар меншігінің құқығы берілген күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
      3. Тауарларды экспорт режимінде шығарған жағдайда:
      1) кеден заңына сәйкес айқындалатын өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының шекарасын іс жүзінде кесіп өткен күн;
      2) мынадай жағдайларда:
      мерзімді декларациялау режимі қолданыла отырып, тауарларды экспорт режимінде шығарған жағдайда;
      уақытша декларациялау режимі қолданыла отырып, тауарларды экспорт режимінде шығарған жағдайда кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілерімен толық жүк кедендік декларация ресімделген күн тауарды сату жөніндегі айналым жасау күні болып табылады.
      4. Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл ұстаушы үшін мына күндердің бірі:
      1) кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепілге салынған мүлікті өндіріп алу процесінде жүргізілген сауда-саттықтың жеңімпазына ауысқан күн;
      2) егер сауда-саттық өтпеді деп жарияланса, кепіл затына меншік құқығы кепіл игерушіден кепіл ұстаушыға ауысқан күн сату бойынша айналым жасау күні болып табылады.
      5. Осы Кодекстің 230-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда тауар пайдалану кезінде тауарды осындай пайдалануға берген күн:
      1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тастау туралы салық өтінішін немесе осы Кодекстің 37-43-баптарында көрсетілген салық өтінішін;
      2) салық органының шешімі бойынша осы Кодекстің 574-бабы 6-тармағында көрсетілген қосымша құн салығына салық бойынша тіркеу есебінен шығарған кездегі күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
      6. Лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде мыналар сату бойынша айналым жасалған күн болып табылады:
      1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингінің шартында белгіленген мерзімдік лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні;
      2) егер қаржы лизингінің шарты бойынша лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, онда мүлікті қаржы лизингіне берген күн айналымды жасау күні болып табылады;
      3) қаржы лизингінің шартында көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, түбегейлі есеп айырысқан күн қаржы лизингінің осы шарты бойынша айналымды жасаған соңғы күн болып табылады.
      7. Лизинг алушы (сатушы) негізгі құрал ретінде алуға тиісті мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезінде мүлікті қаржы лизингіне берген күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
      8. Егер жұмыстар, қызметтер тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізілетін болса, онда:
      1) қосылған құн салығы көрсетіліп, шот-фактура жазылған күннің;
      2) әрбір төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнінің қайсысы бірінші болса, сол күн өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күні болып табылады.
      Жұмысты (көрсетілетін қызметті) алушы олардың нәтижелерін өзінің өндірістік қызметіне жұмыс орындалған, қызмет көрсетілген күні пайдалана алатын жағдайда ұзақ мерзімді шарт негізінде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету оларды тұрақты (үздіксіз) негізде іске асыруды білдіретін болады.
      9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиалдар және өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместен жұмыстарды, қызметтерді сатып алған жағдайда, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған күн айналым жасау күні болып танылады.

33-тарау. Салық салынатын айналымның мөлшерін анықтау

      238-бап. Салық салынатын айналым мөлшері

      1. Егер осы бапта және трансферттік баға түзу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құны негізінде анықталады.
      2. Тауарлар тегін берілген кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 230-бабының 2) тармағында көзделген жағдайларда, айналым мөлшері, қосылған құн салығын енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізге алына отырып анықталады, бірақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмауы керек.
      Көрсетілген тауарларды өткізу күніне бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны осы тармақтың мақсаттары үшін баланстық құн болып табылады.
      3. Аванстар мен айыппұлдық санкциялардан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша талап ету құқығын беру кезінде салық салынатын айналымның мөлшері талап ету құқықтарын беру кезінде алынған сома мен талап ету құқығын іске асыру күнінде талап ету құқығын беретін тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетілген талап ету сомасы арасындағы оң айырма ретінде анықталады.
      4. Кепіл беруші кепілдік мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері, сатылатын кепілдіктегі мүлік (тауар) құны негізге алынып, бірақ қосылған құн салығы енгізілмей, осы мүлікті (тауарды) кепілге салудан алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде айқындалады.
      5. Тауарды бөліп-бөліп төлеу шарттарымен өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері шарт талаптарымен көзделген барлық тиесілі төлемдер ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес анықталады.
      6. Үшінші тұлға үшін төлеуге байланысты қызметтер көрсетілген кезде салық салынатын айналымның мөлшеріне комиссиялық сыйақы қосылады.
      7. Салық салынатын айналым мөлшеріне акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлері бойынша акциз сомалары енгізіледі.
      8. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарлар сатып алынған күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес оларды қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауардың өткізілу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.
      9. Қосымша құн салығын салудан босатылған осы Кодекс бойынша айналымға жатқызылмаған жер учаскелерін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету құқығын берген кезде іске асыру бойынша айналым осы Кодекстің 87-бабында көзделген тәртіппен жер учаскелерін сату кезіндегі алынған құнның өсімі ретінде анықталады.
      10. Лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
      1) қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлем мөлшері негізінде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы Кодекстің 237-бабы 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне;
      2) барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасының негізінде, оларға алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы Кодекстің 237-бабы 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне;
      3) қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және оларға сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы шарт бойынша сату жөніндегі айналым жасаудың алдындағы күніне келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде белгіленетін салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде, осы Кодекстің 237-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне белгіленеді.
      11. Лизинг алушы (сатушы) негізгі құрал ретінде алуға тиісті мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
      12. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның сыйақысы негізінде айқындалады.
      13. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сату кезінде салық салынатын айналымның мөлшері ол бойынша қосымша құн салығы бұған дейін есепке алуға жатқызылған кәсіпорынды мүлікті кешен ретінде сатып алу кезінде берілген мүліктің баланстық құнының негізінде анықталады:
      1) кәсіпорынды сату-сатып алу шарты бойынша сату құны мен берілген активтердің баланстық құны арасындағы оң айырмашылыққа көбейтілген, бухгалтерлік есеп деректері бойынша сату күніне берілген міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған; немесе
      2) кәсіпорынды сату-сатып алу шарты бойынша сату құны мен берілген активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырмашылыққа азайтылған, бухгалтерлік есеп деректері бойынша сату күніне берілген міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған.
      14. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе осы тараудың салық салынатын айналымның (оның ішінде оны түзетудің) мөлшерін анықтау бойынша ережелер салық салынбайтын айналымның мөлшерін анықтау кезінде де қолданылады.

      239-бап. Салық салынатын айналым мөлшерін түзету

      1. Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
      2. Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:
      1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
      2) мәміленің шарттары өзгерген;
      3) өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін баға, өтем өзгерген;
      4) бағадан төмендету, сатудан бағаның төмендеуі;
      5) өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған;
      6) осы Кодекстің 231-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес сату жөніндегі айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.
      3. Осы бапқа сәйкес салық салу айналымының мөлшерін түзету қосымша шот-фактураның немесе осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлардың болуын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.

      240-бап. Күмәнді талаптар бойынша және шығысқа
               шығарылған талаптар бойынша салық салынатын
               айналым мөлшерін түзету

      1. Егер өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін төленетін ақының бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушінің мынадай жағдайларда:
      1) күмәнді талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін үш жыл өткен соң;
      2) банкрот деп танылған дебиторды заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен шығару туралы әділет органдарының шешімі шығарылған салық кезеңінде бюджетке жарна ретінде енгізілуге тиіс қосылған құн салығының сомасын осындай талаптар бойынша азайтуға құқығы бар.
      Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерін түзету осы Кодекстің 105-бабында көрсетілген жағдайлар сақталған кезде жүргізіледі.
      2. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналымнан мөлшердің азайтылуы тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету бойынша бұған дейін көрсетілген мөлшер шегінде жүргізіледі.
      3. Өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін ақыны қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 1-тармағында өзіне берілген құқығын пайдаланғаннан кейін алған жағдайда салық салынатын айналым мөлшері ақы алынған сол салық кезеңінде көрсетілген ақының құнына арттырылуға тиіс.

      241-бап. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын
               төлеуші болып табылмайтын және қызметін
               филиалдар және өкілдіктер арқылы жүзеге
               асыратын резидент еместен жұмыстарды,
               қызметтерді сатып алу кезінде салық салынатын
               айналым

      1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиалдар және өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиіс.
      2. Осы баптың мақсаттары үшін жұмыстарды, қызметтерді алушының салық салынатын айналымының мөлшері, қосылған құн салығынан басқа салықтарды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алынған жұмыстардың, қызметтердің құны негізге алына отырып айқындалады.
      3. Осы бапқа сәйкес төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 267-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшеріне қолдану арқылы анықталады. Алынған жұмыстар, қызметтер үшін төленетін төлем шетел валютасымен жүргізілген жағдайда салық салынатын айналым жасау күні валюта алмастырудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледі.
      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 269-бабында белгіленген қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етілетін мерзімнен кешіктірілмей төленеді.
      5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын төлем құжаты немесе уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстің 256-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық береді.
      6. Мынадай жағдайларда осы баптың ережелері:
      1) егер берілген жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 248-бабында көрсетілген жұмыстар, көрсетілген қызметтер болып табылса;
      2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстарға, қызметтерге қатысты сыртқы сауда мәмілелері бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың импорты ретінде кедендік ресімдеу рәсімінен өткен жағдайда осы баптың ережелері қолданылмайды.

34-тарау. Нөлдік ставка бойынша салық
салынатын айналымдар

      242-бап. Тауарлар экспорты

      1. Экспортқа тауарлар өткізу жөніндегі айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады.
      2. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

      243-бап. Тауарлар экспортын растау

      1. Мыналар:
      1) экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт (келісім-шарт);
      2) осы баптың 2-1) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт режимінде жүзеге асыратын кеден органының белгісі соғылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органының белгісі соғылған кедендік жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
      3) мынадай жағдайларда:
      магистралды құбыржолдары жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорт режимінде әкету;
      мерзімді декларациялау рәсімін қолдана отырып тауарларды экспорт режимінде әкету кезінде;
      уақытша декларациялау рәсімін қолдана отырып тауарларды экспорт режимінде әкету кезінде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар толық кедендік жүк декларациясы экспортты растау қызметін атқарады;
      4) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
      Магистралды құбыржолдары жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорт режимінде әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
      5) зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда оның құнының растамасы.
      2. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимінде әкетілген тауарларды немесе оларды ұқсату өнімдерін одан әрі экспорттау жүзеге асырылған жағдайда экспортты растау осы баптың 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттардың негізінде жүргізіледі:
      1) ұқсату режимі экспорт режиміне өзгертілетін кедендік жүк декларациясы;
      2) тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату режиммен ресімделген кедендік жүк декларациясы;
      3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезінде оларды кеден аумағында ұқсату (тауарларды кеден бақылауымен ұқсату) режимінен ресімделген, осындай ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендік жүк декларациясының көшірмесі;
      4) кедендік жүк декларациясының көшірмесі, оған сәйкес шет мемлекеттің аумағында тауарларды кедендік бақылаумен ұқсату режимін шет мемлекеттің аумағында тауарларды еркін айналым үшін шығару режиміне немесе экспорт режиміне өзгерту жүргізіледі.

      244-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу

      1. Халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетуді іске асыру жөніндегі айналымға:
      1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның ішінде поштаны тасымалдауға;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;
      3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жолжүктерін тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады.
      2. Егер тасымалдауды ресімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр желісінің жүйесі бойынша аралас құбыр желісі темір жол қатынасында тасымалдау-экспортталатын тауарларды сатып алушыға не көрсетілген тауарларды экспорттың кедендік режимінде ресімделген кедендік жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
      Егер осы тармақпен басқаша көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүкті) тасымалдауы басталатын жер танылады.
      Егер осы тармақпен басқаша көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасының аумағына, импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүкті) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүкті) көлік ұйымының көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалға жатады.
      3. Осы баптың мақсаттары үшін бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттары мыналар болып табылады:
      жүктерді:
      1) халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде - тауар-көлік жүк құжаты;
      халықаралық және мемлекетаралық қатынасындағы теміржол көлігімен тасымалдау кезінде - бірыңғай үлгідегі жүк құжаты;
      мұнай мен газды аралас құбыр желісі-теміржол қатынасында тасымалдау кезінде - бірыңғай үлгідегі жүк құжаты;
      әуе көлігімен тасымалдау кезінде - жүк құжаты;
      жүктерді магистралдық құбыр желісі жүйесі бойынша тасымалдау кезінде:
      есепті кезең ішінде әрбір магистралдық құбыр желісі бойынша транзиттік көлемге арналған кедендік жүк декларациясы;
      орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері;
      шот-фактуралар;
      жолаушылар мен жолжүкті:
      2) автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде:
      тұрақты тасымалдар кезінде - Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есептік ведомостер;
      тұрақты емес тасымалдар кезінде - жолаушылардың тізімі;
      теміржол көлігімен тасымалдау кезінде:
      Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және пошта құжаттарын сату туралы есеп;
      Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста сатылған жолаушылар билеттері туралы есептік ведомость;
      теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдары үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость және жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;
      әуе көлігімен:
      бас декларация;
      жолаушылар манифесті;
      карго манифест;
      лоджит (орталық-тиеу кестесі);
      жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті мен жолжүк түбіртегі).

      245-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу

      1. Нөлдік ставка бойынша қосылған күн салығы Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өткізілетін, нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын өзі өндірген тауарларды сату жөніндегі айналымдарға салынады.
      Егер, жер қойнауын пайдалану келісім-шартында қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, онда осы тізбеде көрсетілген тауарларды сату жөніндегі айналымдарға нөлдік ставка бойынша салық салынады.
      Осы баптың мақсатына орай, қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген, өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.
      Осы бапта көрсетілген салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      2. Тауарлардың осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге өткізілгенін растайтын құжаттар:
      1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісім-шартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарт талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, салық төлеушілерге тауарлар беру шарты;
      2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
      3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.

35-тарау. Салық салынатын айналым

      246-бап. Салық салынатын айналымның айқындамасы

      Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар (осы Кодекстің 254-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.

      247-бап. Салық салынатын импорт мөлшері

      Салық салынатын импорт мөлшеріне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгіленетін импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары енгізіледі.

36-тарау. Қосылған құн салығынан босатылған
айналымдар және импорт

      248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар

      Мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді:
      1) пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;
      2) акциздік маркаларын (осы Кодекстің 646-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есеп-бақылау маркалары);
      3) уәкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтерді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынған мүлікті;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың пайдасына өтеусіз негізде берілетін негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді;
      6) жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерін, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін;
      7) оларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді өткізу бойынша айналымды;
      8) банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрсетулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар;
      9) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату" кеден режимінде әкелінген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;
      10) осы Кодекстің 244-бабына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызметтер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметін көрсету; халықаралық рейстерге көрсетілетін қызметтер бойынша теңіз айлақтарында қызмет көрсету;
      11) тұрғын-үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнінде қызмет көрсету;
      12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталары;
      13) егер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ өндірістік ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе:
      осындай өндірістік ұйымдар қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 проценті мүгедектер болса;
      мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 проценті (есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 проценті) болса;
      14) тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес жалға берілетін үйдің үй-жайларын жалға беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
      15) тауарларды пайдаланудың кепілді мерзімі кезеңінде, олардың қосалқы бөлшектері мен детальдарын қоса алғанда, егер мәмілелер шарттары бойынша оларды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды, қызметтерді өтеусіз көрсету көзделген болса;
      16) тазартылған қымбат бағалы металдар - өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтын, платина;
      17) осы Кодекстің 411 және 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлері бойынша қызметтер;
      18) осы Кодекстің 249-254-баптарында көрсетілген сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады;
      19) ауылшаруашылық техникалары.

      249-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты
               айналымдар

      1. Тұрғын үй ғимаратын (ғимараттың бір бөлігін) сату және (немесе) осындай ғимаратты жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру мыналарды:
      1) қонақүй қызметін көрсету мақсатында пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (ғимараттың бір бөлігін) өткізуді және (немесе) жалға беруді;
      2) қонақүйде тұру бойынша қызмет көрсетуді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
      Мыналар қосылған құн салығынан босатылмайды:
      1) жер учаскесін автомобильдерді, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын қою немесе сақтау үшін төлем;
      2) тұрғын үй ғимараты алып жатқан, қонақ үй қызметін көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ тұрғын үй емес ғимараттың (тұрғын үй емес ғимараттың бір бөлігін) ұсынатын жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тармақпен қосылған құн салығын салудан босатылған сату бойынша айналымның мөлшері осы Кодекстің 87-бабында көрсетілген тәртіппен жер учаскелерін сатқан кездегі құнының өсімі ретінде айқындалады.

      250-бап. Қаржылық қызметтер

      1. Егер қаржылық қызметтер бойынша айналымдар осы баптың 2-тармағында көзделсе, ол қызмет көрсетулер қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызметтерге мыналар жатады:
      1) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде лицензиясыз өзге заңды тұлғалар жүргізетін операциялар:
      депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
      депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
      банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
      жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі;
      аударым операциялары;
      банктік заем операциялары;
      кассалық операциялар;
      шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
      төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
      аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
      сенімгерлік операциялары: сенімгердің мүддесі үшін және тапсырмасы бойынша банктер жүзеге асыратын ақшаны, тазартылған бағалы металдарды басқару;
      банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
      банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі;
      банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;
      2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;
      3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың лицензиясыз қызмет көрсетуі;
      4) туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетуі;
      6) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсету;
      7) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;
      8) зейнетақы активтерін, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсету;
      9) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын басқару жөнінде қызмет көрсету;
      10) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу жөнінде көрсететін қызметтері;
      11) кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесін сату;
      12) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;
      13) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі;
      14) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:
      аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;
      қарыз беру операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
      кассалық операциялар;
      кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
      кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілдемелер және өзге міндеттемелер беру;
      15) тазартылған қымбат бағалы металдардың орнын ауыстырмай, солармен жасалатын операциялар;
      16) қарыз бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру.
      3. Бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырған кезде кез келген ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғаның қатысу үлестері, консорциумдардағы, кез келген ұйымдық-құқықтық нысанның, консорциумның бағалы қағаздарын, қатысу үлестерін сату бойынша айналым кездегі құнының өсімі ретінде айқындалады. Құнның өсімі осы Кодекстің 87-бабында көзделген тәртіппен айқындалады.

      251-бап. Мүлікті қаржы лизингіне беру

      Мынадай талаптар сақталған жағдайда:
      1) мұндай беру осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптарға сай келсе;
      2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал ретінде алса, мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг беруші алуға тиіс сыйақы сомасы бөлігінде қосылған құн салығынан босатылады.

      252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер

      Осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызметтерді көрсету бойынша айналымдар, егер олар:
      1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде қызмет көрсетумен;
      2) діни ұйымдардың әдет-ғұрыптар мен рәсімдерді жүзеге асыруына және діни қажеттілік заттарын сатуына байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.

      253-бап. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы
               қызмет көрсетулер, жұмыстар

      Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:
      1) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, көрсетімдік мәдени-көпшілік іс-шараларды;
      2) мәдени ұйымдар - театрлар, филармониялар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалу ұйымдары жүзеге асыратын (кәсіпкерлік қызметтен басқа);
      3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім беру; қайта даярлау және біліктілігін арттыру салаларында қызметтің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын білім беру;
      4) мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына;
      5) кітапхана қызметін көрсету жөніндегі;
      6) ақпарат тарату мен насихаттауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұраны және мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі қызметтерге, жұмыстарға жататын болса, қосылған құн салығынан босатылады.

      254-бап. Медициналық және мал дәрігерлік қызмет
               саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер

      1. Медициналық және мал дәрігерлік қызмет көрсетумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша айналымдар:
      1) кез келген дәрілік заттарды, сондай-ақ оларды өндіру үшін сатуға шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды;
      2) протездік-ортопедиялық бұйымдарды; сурдотифлотехниканы және медициналық (мал дәрігерлік) техниканы; қандай нысандағы болмасын дәрілік құралдарды өндіру материалдары мен құрамдауыштарын, соның ішінде протездік-ортопедиялық бұйымдарды; және медициналық (мал дәрігерлік) техниканы қоса алғанда дәрілік субстанциялар, медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдарды қоса алғанда медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдарды өткізген;
      3) косметологиялық қызметті қоспағанда, медициналық (мал дәрігерлік) қызмет көрсетілген жағдайларда қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

      1. Қосылған құн салығынан мынадай тауарлардың импорты босатылады:
      1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;
      2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты;
      3) акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ізгілік көмек ретінде әкелінген тауарлар импорты;
      4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша қайырымдылық көмек мақсатында әкелген тауарлар импорты, оның ішінде техникалық жәрдем көрсету;
      5) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ солармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылған тауарлар импорты;
      6) салық төлеуден босатуды белгілейтін кеден режимдерінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті тауарлар импорты;
      7) дәрі-дәрмектік заттардың, оның ішінде субстанция-дәрілер; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (мал дәрігерлік) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрігерлік) техниканы қоса алғанда, дәрі-дәрмек заттарын өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар, осы тармақшада көрсетілген тауарларды шығаруға арналған жабдықтар импорты.
      Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
      8) пошта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа) импорты;
      9) ақша белгілері өндірісі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикізат импорты;
      10) мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

37-тарау. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу

      256-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

      1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) алушының бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:
      1) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) алушы осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
      2) шот-фактура жазылған күнге қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тауар беруші Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес берілетін басқа да құжат табыс еткен болса;
      3) тауарлар импорты жағдайында - қосылған құн салығы бюджетке төленген және кеден режимінің шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;
      4) осы Кодекстің 241-бабында көзделген жағдайларда - қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалса, олар үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар;
      5) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша есепке қою кезінде бұл тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қою күнінде тауарлар қалдықтары (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қоса алғанда) бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке жатқызуға құқығы бар.
      2. Мыналар:
      1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөліп көрсетілген шот-фактуралар бойынша өнім беруші төлеуге тиіс;
      2) осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес қаржы лизингі шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ осы Кодекстің 237-бабының 10-тармағына сәйкес лизинг берушінің айналым жасау күніне айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспауға тиіс;
      3) қайтарымды лизинг шарттары бойынша осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге тиіс;
      4) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес ресімделіп, кедендік жүк декларациясында көрсетілген және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және кеден режимінің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;
      5) осы Кодекстің 241-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын төлем құжатында немесе салық органы берген құжатта көрсетілген салық сомасы;
      6) темір жол немесе әуе көлігінде тасымалдаушының - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып берілетін жол жүру билетінде жеке жолмен бөлінген;
      7) мынадай:
      - отырғызу талонының болуы;
      - салық сомасы бөліп көрсетілген салықтың төленуі фактісін растайтын құжаттың болуы жағдайларын бір мезгілде орындау шартымен авиация көлігінде берілетін электронды билетте жеке жолмен бөлінген салық сомасы;
      8) есеп айырысулары банктер арқылы жүргізілетін, коммуналдық қызметтер көрсетуші қолданатын құжаттарда көрсетілген;
      9) осы баптың 1-тармағының 5-тармақшасында көзделген жағдайларда, осы баптың тиісті тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күнге жасалған тауарлардың қалдықтарын түгендеу тізімдемеде көрсетілген салық сомасы.
      3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынған салық кезеңінде есепке жатқызылады.
      Осы Кодекстің 241-бабына сәйкес қосылған құн салығы төленген жағдайда төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
      Салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған, бұрын босатылған айналым мақсатында сатып алынған тауарлар бойынша ҚҚС сомасы олар салық салынатын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
      4. Егер шот-фактураның жазбасы осы Кодекстің 263-бабының 7-тармағында көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша айналым жасау күнінен кейін жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактура жазу күнінің сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
      5. Қосылған құн салығын төлеушіде салық салынатын және салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстің 260-бабында көзделген тәртіппен есепке жатқызылады.

      257-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы

      1. Қосылған құн салығы, егер:
      1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді;
      2) қонақүй ретінде пайдаланылатындарды қоспағанда, тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй-жайды;
      3) негізгі құралдар ретінде сатып алынатын жеңіл автомобильдерді;
      4) тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй-жайды жөндеуге пайдаланылған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алумен байланысты төленуге тиіс болса, есепке жатқызылмайды.
      2. Мүлікті (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өтеусіз негізде алғанда, осындай мүлік алған тұлға осындай мүлікті оның өтеусіз беруіне байланысты төлеуге жатқызылатын тұлға қосылған құн салығының есебіне алуға жатқызу құқығы жоқ.

      258-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының
               сомасын түзету

      1. Бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
      1) осы Кодекстің 261-бабына сәйкес есепке жатқызылатын жағдайларды қоспағанда, салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмаған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша;
      2) олар бүлінген, жоғалған жағдайдағы тауарлар бойынша (төтенше жағдайлардың нәтижесінде туындаған жағдайларды қоспағанда);
      3) табиғи монополиялар субъектісі нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
      4) осы Кодекстің 263-бабында белгіленген ережелер сақталмаған жағдайда;
      5) үкімнің заңды күшіне енуі немесе соттың күші жойылмаған қаулысы негізінде жалған кәсіпорын болып танылған салық төлеушілермен операциялар бойынша;
      6) оған басшылық жасау кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жүзеге асырылған және құқыққа қарсы мақсаттарға бағытталған (оның ішінде кредиттерді заңсыз алу, салықтардан босату, өзге де мүліктік пайда алу мен тыйым салынған қызметпен тасалану) деп танылған - осындай басшылық кезеңінде кәсіпкерлік субъектісімен жасалған мәмілелер бойынша;
      7) жарғылық капиталға жарна ретінде берілген мүлік бойынша;
      8) осы Кодекстің 239-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда есептен шығарылуға жатады.
      2. Осы баптың мақсаттары үшін тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (өзіндік қасиеттерінің) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың бүлінуін білдіреді.
      Салдары тауардың жойылуына және (немесе) ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп ұғынылады. Салық төлеуші табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар шегінде шеккен тауар ысырабы жоғалту болып табылмайды.
      3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған нақ сол салық кезеңінде жүргізіледі.
      4. Осы тармақта белгіленген жағдайларда қосылған құн салығының сомасын түзету мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) тауар-материалдық қорлар бойынша түзету сомасы тауар-материалдық қорлардың баланстық құнын осы күнге түзетуді жүзеге асыру күнінде қолданылатын қосылған құн салығының ставкасын қолдану жолымен айқындалады;
      2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша қосылған құн салығы қайта бағалау мен құнсыздануды ескерусіз олардың баланстық құнына келетін сомаға теңбе-тең активтерді сатып алу күнінде қолданыста болатын ставка бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасының бөлігінде есепке жатқызудан шығарылады.
      5. Осы Кодекстің 231-бабының 1-тармақшасында көрсетілгенді қоспағанда, осы Кодекстің 231-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда осы бапта көзделген түзету жүргізілмейді.

      259-бап. Міндеттемелерді шығысқа шығару кезінде күмәнді
               міндеттемелер бойынша есепке жатқызылған
               қосылған құн салығының сомасын түзету

      1. Осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларының негізінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасынан басқа, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша міндеттемелер күмәнді болып танылады және осындай тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы міндеттемелер туындаған күннен бастап үш жыл өткен соң есептен шығарып тасталуға тиіс.
      2. Егер қосылған құн салығы шығарып тасталғаннан кейін қосылған құн салығын төлеуші тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін ақы төлеген жағдайда, осы көрсетілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша салық сомасы сол ақы төленген салық кезеңіндегі есепте қалпына келтірілуге тиіс.
      3. Міндеттемелерді шығысқа шығару кезінде, осы баптың 1-тармағына сәйкес олар бойынша түзетулер жүргізілген бұрын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке қабылданған қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде есептен шығаруға жатады.
      4. Қосылған құн салығының өнім беруші-төлеушісі банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес олар бойынша түзетулер жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен шығарып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығының өнім беруші-төлеушісін заңды тұлғалардың Мемлекеттік тізілімінен алып тастау туралы әділет органдарының шешімі шығарылған салық кезеңінде жүргізіледі.

      260-бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткізу бойынша
               айналымдар болған кезде қосылған құн салығын
               есепке жатқызу тәртібі

      1. Салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша өнім берушіге төленуге тиіс және импорт бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.
      2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушінің таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдісімен есепке жатқызылады.
      Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдісі күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмеуге тиіс.
      3. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық салынатын табысты анықтау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.

      261-бап. Барабарлық әдісі

      1. Есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы барабарлық әдіс бойынша салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай анықталады.

      262-бап. Бөлек есептеу әдісі

      1. Бөлек есептеу әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтау кезінде, қосылған құн салығын төлеуші алған, салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомалары бойынша бөлек есеп жүргізеді.
      2. Есепке жатқызудың барабарлық әдісін пайдаланатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микрокредиттік ұйымдардың кепілдегі мүлікті (тауарларды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.
      3. Қаржы лизингіне мүлікті берген кезде есепке жатқызудың барабарлық әдісін пайдаланатын лизинг берушінің қаржы лизингіне мүлікті беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.
      4. Лизинг берушінің қаржы лизингіне беруге жататын мүлік сатып алуға байланысты шығыстары салық салынатын айналым мақсаттары үшін жұмсалған шығыстар ретінде қаралады.

38-тарау. Шот-фактура

      263-бап. Шот-фактура

      1. Шот-фактура осы баптың 14-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қосылған құн салығын төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылады.
      2. Қосылған құн салығын төлеуші тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі айналымдарды жүзеге асыру кезінде осы баптың 14-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушыға шот-фактура ресімдеуге міндетті.
      3. Қосылған құн салығын төлеуші шот-фактурада:
      1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша - қосылған құн салығының сомасын көрсетеді;
      2) қосылған құн салығынан босатылатын айналымдар бойынша "ҚҚС-сыз" белгісі көрсетіледі.
      4. Егер осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылатын шот-фактура немесе басқа да құжат "ҚҚС-сыз" белгісімен жазылып беріледі.
      5. Осы Кодекстің 256-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада:
      1) шот-фактураның цифрлық мәні бар реттік нөмірі;
      2) шот-фактураның толтырылған күні;
      3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не толық атауы, мекен-жайы;
      4) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының сәйкестендіру нөмірі;
      5) қосылған құн салығы бойынша берушінің есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;
      6) өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы;
      7) салық салынатын айналымның мөлшері;
      8) қосылған құн салығының ставкасы;
      9) қосылған құн салығының сомасы;
      10) қосылған құн салығы ескерілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер құны көрсетілуге тиіс.
      6. Акцизделетін тауарларды сатқан жағдайда шот-фактурада акциз сомасы қосымша көрсетіледі.
      7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын емес және өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі бес күннен кешіктірілмей жазылады.
      Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ сатуды, байланыс қызметтерін, коммуналдық қызметтерді, темір жол тасымалдарын, сондай-ақ көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуді, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушілер қорытындысы бойынша шот-фактура жазылатын айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей күнтізбелік айдың қорытындылары бойынша шот-фактураның осындай өткізілуі бойынша жазып беруге құқылы.
      8. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда шот-фактура беруші басшысының және бас бухгалтерінің не оған уәкілетті қызметкердің қолдарымен куәландырылады.
      9. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шот-фактурада салық салынатын айналымның мөлшері тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір атауы бойынша жеке көрсетіледі.
      Егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 6)-10) тармақшаларында көрсетілген деректер қамтылған құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күніне, сондай-ақ оның атауына сілтеме болуға тиіс.
      10. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері оған сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгізілместен қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы негізге алына отырып көрсетіледі.
      11. Сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, қызметтер құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.
      12. Шот-фактура екі данада жазылып беріледі, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушыға беріледі.
      13. Бұрын берілген шот-фактурада тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушіні және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқтырмайтын мәтіндік және (немесе) сома сипатындағы қателер анықталған жағдайда қателерді түзету мақсатында бұрын берілген шот-фактураның күші жойылады және түзетілген шот-фактура беріледі. Қажет болған кезде қате шот-фактура берілген салық кезеңі үшін қосымша декларация беріледі. Осы Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайлардан басқа, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
      14. Шот-фактураны ресімдеу мынадай жағдайларда:
      1) бухгалтерлік есеп жүргізуде негіздеме болатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетілген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысуды жүзеге асырғанда;
      2) жолаушыларды тасымалдау жол билеттерімен, оның ішінде әуе көлігінде берілетін электрондық билеттермен ресімдегенде;
      3) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді халыққа қолма-қол есеп айырысумен өткізген жағдайда сатып алушыға бақылау-касса машиналарының чегін берген кезде;
      4) осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызметтерді көрсету кезінде талап етілмейді.
      15. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мүмкін болмаған кезде қосылған құн салығын төлеуші берушіге шот-фактураны ресімдеу талабымен жүгінуге құқылы, ал беруші осы баптың ережелерін ескере отырып, мұндай талапты орындауға міндетті.
      16. Бірлескен қызмет туралы шарттардың негізінде сатқанда (сатып алғанда) шот-фактуралардың үзінді көшірмелерін берудің ерекшеліктері осы Кодекстің 235-бабында белгіленген.

      264-бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазуының
               ерекшеліктері

      1. Жүктерді жөнелтушілер немесе алушылар үшін жүктерді тасымалдауға арналған шот-фактуралар жазып беруді, егер көрсетілген тасымал көлік экспедициясы шартына сәйкес жүргізілсе, экспедитор жүзеге асырады.
      Экспедитор шот-фактураны экспедитор мен жүк жөнелтушінің немесе алушының арасында жасалған көлік экспедициясы шартының шеңберінде қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тасымалдаушылар мен басқа да жұмыстар, қызметтер берушілер берген шот-фактуралардың негізінде жазып береді.
      Егер тасымалдаушы (беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын жағдайда, шот-фактураны экспедитор жұмыстардың, қызметтердің құнын растайтын құжаттың да негізінде жазып береді.
      2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналымның мөлшері көлік экспедициясы шартының шеңберінде тасымалдаушылар және (немесе) басқа да берушілер орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
      Шот-фактурада қосылған құн салығын төлеуші тасымалдаушылар және (немесе) берушілер жүзеге асыратын жұмыстардың, қызметтердің құнын қамтитын салық салынатын айналым да, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) берушілер жүзеге асыратын жұмыстардың, қызметтердің құнын қамтитын салық салынбайтын айналым да көрсетіледі.
      Экспедитордың салық салынатын айналымы мөлшеріне енгізілетін сыйақы сомасы шот-фактурада жеке жолмен бөлек көрсетілуге тиіс.
      3. Шот-фактураны экспедитор екі данада жасайды.
      Шот-фактураның данасына тасымалдаушылар және (немесе) көлік экспедициясы шартының шеңберінде жұмыстарды, қызметтерді берушілер, сондай-ақ олардың құны мен қосылған құн салығының сомасы туралы ақпаратты ашатын құжат қоса беріледі.
      Шот-фактураның бірінші данасы жүк жөнелтушіге немесе оны алушыға беріледі.
      Шот-фактураның екінші данасы экспедиторда қалады.
      Шот-фактураға қоса берілген құжатта мынадай ақпараттық деректер көрсетілуге тиіс:
      1) шот-фактураның реттік нөміріне және жасалған күніне сілтеме;
      2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      3) тасымалдаушы мен берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы;
      4) егер тасымалдаушылар және (немесе) берушілер қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жағдайда - қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;
      5) тасымалдаушылар және (немесе) берушілер жүзеге асыратын шот-фактурада көрсетілген салық салынатын айналым мөлшері енгізілетін жұмыстардың, қызметтердің құны. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) берушілер жүзеге асыратын жұмыстардың, қызметтердің құны бөлек көрсетіледі.
      4. Көрсетілген талаптарға сәйкес жазылып берілген шот-фактура жүк жөнелтушілердің немесе оны алушылардың қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуы үшін негіздеме болып табылады.

      265-бап. Салық салынатын айналым түзетілген кезде
               шот-фактуралар жасау

      1. Салық салынатын айналым мөлшерін түзету кезінде осы Кодекстің 239-бабына сәйкес қосымша шот-фактура жасалады, онда:
      1) цифрлық мәні мен оны құру күні бар қосымша шот-фактураның реттік нөмірі;
      2) қосымша шот-фактурасы жасалатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жасалған күні;
      3) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) беруші мен алушының атауы, мекен-жайы және тіркеу нөмірі;
      4) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшері;
      5) қосылған құн салығының түзетілген сомасы көрсетіледі.
      2. Қосымша шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді беруші жасайды және көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы растайды.

39-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі

      266-бап. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке жарна
               ретінде қосылған құн салығы

      Салық салынатын айналым бойынша бюджетке жарна ретінде қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

      267-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын
               төлеудің тәртібі

      1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар қосылған құн салығын төлеуді осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
      2. Осы баптың мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
      1) қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін мына қызмет түрлерін:
      ет және ет өнімдерін өндіруді;
      жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;
      өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;
      сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;
      ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;
      жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;
      нан өндіруді;
      балалар тағамын және диеталық тағам өнімдерін өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға тиіс (алынған) табыстар құрайтын;
      крахмал-сірне өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
      2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;
      3) акцизделетін өнімді өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.
      3. Осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.
      4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын қосымша құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.

      268-бап. Қосылған күн салығының ставкалары

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының ставкасы 12 процентті құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.
      2. Осы Кодекстің 242-245-баптарында көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша айналымға қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.
      Осы Кодекстің 243-245-баптарына сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар мен қызметтерді сату жөніндегі айналымдар расталмаған жағдайда көрсетілген тауарлар мен қызметтерді сату жөніндегі айналым осы баптың 1-тармағында көрсетілген ставка бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
      3. Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен өткізетін тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын осы Кодекстің 557-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады, оның мөлшері Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.

      269-бап. Салық кезеңі

      Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

      270-бап. Салық декларациясы

      Қосылған құн салығын төлеуші тұратын жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-ші күнінен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынуға міндетті.

      271-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі

      1. Қосылған құн салығын төлеуші бюджетке жарнаға жататын салықты есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-ші күнінен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін тұрғылықты жері бойынша төлеуге міндетті.
      2. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерді төлеу үшін белгіленетін күні төленеді.

40-тарау. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен
өзара іс-қимыл жасау

      272-бап. Қосылған құн салығын қайтару

      1. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мыналар салық төлеушіге бюджеттен қайтарылуға жатады:
      1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 273-274-баптарында белгіленген тәртіппен есепті салық кезеңінің аяғында декларация бойынша өспелі қорытындымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асуы (бұдан әрі - қосылған құн салығы бойынша асып кету);
      Айналым мақсатында пайдаланылмайтын, нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алумен байланысты пайда болған осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының артығын қайтару есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы шегінде жүргізіледі:
      тауарлар импорты кезінде төленген;
      қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және өзінің қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде төленген;
      сатып алынған негізгі құралдар, биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша, салықтық кезеңнің соңындағы бар олар үшін қосылған құн салығының артығын қайтару туралы талапты көрсете отырып қосылған құн салығы бойынша декларация.
      Осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының артығын қайтарудың жеңілдетілген тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге осы тармақшаның екінші бөлігінің ережесі қолданылмайды;
      2) осы Кодекстің 275-бабында белгіленген тәртіппен грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді беруші төлеген қосылған құн салығы;
      3) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер, олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналға жататын тұлғалар, осы Кодекстің 276-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуші төлеген қосылған құн салығы;
      4) осы Кодекстің 600 және 603-баптарында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығының бюджетке артық төленген сомасы.
      2. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылып отырған немесе пайдаланылатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге байланысты асып кетуді қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген асып кету бюджеттен қайтарылмауға тиіс.
      Бюджеттен қайтаруға жатпайтын қосылған құн салығы бойынша асып кету осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығы бойынша алда төленетін шотқа есептеледі. Импорт кезінде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстің 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотына есептеу жүргізілмейді.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай артық сомаларға қосылған құн салығына артық сомаларды бөлу тәртібін белгілейді:
      1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымға байланысты;
      2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген;
      3) бюджеттен қайтарылуға жатпайтын.

      273-бап. Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару

      1. Қосылған құн салығынан асып кетуді салық төлеушіге қайтару:
      1) осы бапта және осы Кодекстің 274-бабында белгіленген тәртіппен;
      2) салық кезеңі ішіндегі қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қайтару туралы оның талабының негізінде жүзеге асырылады.
      2. Егер қосылған құн салығын төлеуші салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы бойынша декларацияда қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару туралы талапты көрсетпесе, онда бұл асып кету қосылған құн салығы бойынша алда тұрған төлемдер есебіне есептеледі немесе осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде қайтаруға ұсынылуы мүмкін.
      3. Егер осы баптың 4-тармағында және осы Кодекстің 274-бабында өзгеше белгіленбесе, салықтық тексеру нәтижелерімен расталған асып кетуді қайтару салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы бойынша қайтару туралы талап көрсетілген декларация ұсынылған күннен бастап жүз сексен күнтізбелік күннің ішінде жүргізіледі.
      Осы тармақ мақсатында:
      1) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растайтын салықтық тексеру актісі;
      2) осы Кодекстің 635-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда ресімделген салықтық тексеру актісі жөніндегі қорытынды қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару үшін негіздеме болып табылады.
      4. Осы Кодекстің 12-бабының 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық кезеңі ішінде сату жөніндегі жалпы салық салынатын айналымда кемінде 50 процентті құрайтын нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге қайтару салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы бойынша қайтару туралы талап көрсетілген декларация ұсынылған кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      Осы тармақ мақсатында:
      1) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растайтын салықтық тексеру актісі;
      2) осы Кодекстің 243-245-баптарына сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар;
      3) осы Кодекстің 635-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда ресімделген салықтық тексеру актісі жөніндегі қорытынды қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару үшін негіздеме болып табылады
      5. Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару мыналар бойынша жүргізілмейді:
      1) төмендегілер үшін арнайы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге;
      шағын бизнес субъектілері;
      шаруа немесе фермерлік қожалықтар;
      ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері;
      2) осы Кодекстің 267-бабын қолданатын салық төлеушіге;
      3) мөлшері тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен аспайтындарға жүргізілмейді.
      6. Бюджеттен қайтарылуы тиіс қосылған құн салығының асып кетуі осы Кодекстің 604-бабында белгіленген тәртіпте салық төлеушіге қайтарылады.
      Бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып кетуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің шотына есептеледі. Импорт кезінде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстің 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотына жүргізілмейді.
      7. Қосылған құн салығын қайтару талабы көрсетілген, бюджеттен қайтарылған және құжаттық салықтық тексеру жүргізулердің барысында расталмаған ол бойынша салық төлеуші декларацияда көрсеткен қосылған құн салығының артық сомасын салықтық тексерулердің нәтижесіндегі хабарлама негізінде салық төлеуші бюджетке төлеуі тиіс.
      Бұл ретте қосылған құн салығының артығын қайтаруды салық төлеуші осы кодекстің 604-бабының 5-тармағына сәйкес есептеулермен және өсімпұлмен осы салық төлеушінің пайдасына бұған дейін жүргізген болса, онда қосылған құн салығына артық сомаға келетін салықтық тексерулер кезінде расталмаған және салық төлеушіге бұған дейін аударылған өсімпұл салықтық тексерулердің нәтижесіндегі хабарлама негізінде салық төлеуші бюджетке төлеуі тиіс.
      8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген сомалар осы Кодекстің 606-бабының 5-тармағында көрсетілген мөлшерде салық төлеушінің осы сомаларды аударған күнінен бастап әр күн үшін өсімпұлды қоса есептей отырып бюджетке төленуі тиіс.

      274-бап. Қосылған құн салығынан асып кетуді қайтарудың
               оңайлатылған тәртібі

      1. Қосылған құн салығынан асып кетуді қайтарудың оңайлатылған тәртібі салық тексерісін алдын-ала жүргізбестен қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыру болып табылады.
      2. Мынадай қосылған құн салығын төлеушілер:
      1) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер және қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынатын күні салық есептілігін беру бойынша орындалмаған салықтық міндеттемелері жоқ, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізу күнінен бастап кемінде он екі ай өткен;
      2) қосылған құн салығы бойынша салық төлеушінің және оның тікелей жеткізушілері мен сатып алушылары камералдық бақылау нәтижесінде салықтық есептілігінде көрсетілген ақпараттар арасында айырмашылықтар анықталмаған осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, тұлғалар; қосылған құн салығынан асып кетуді қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқылы.
      Осы тармақшаның ережесі егер салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынатын күні салық есептілігін беру бойынша орындалмаған салықтық міндеттемелері жоқ болған жағдайда қолданылады;
      3) осы бапта көзделген оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы жоқ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде тәуекелдер санатына жатқызылмаған тұлғалар қосылған құн салығынан асып кетуді қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқылы.
      3. Оңайлатылған тәртіпте қосылған құн салығынан асып кетуді қайтару мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушіге қосылған құн салығының сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы бойынша декларация салық органына ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
      2) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қосымша құн салығын төлеушіге қосылған құн салығының сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну үшін белгіленген соңғы күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей.
      Егер қосылған құн салығы бойынша декларация уақтылы ұсынылмаған жағдайда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушіге қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығының сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күнін кешіктірмей жүргізіледі;
      3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушіге қосылған құн салығының сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде.

      275-бап. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар
               (жұмыстар, қызметтер) бойынша төленген
               қосылған құн салығын қайтару

      1. Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша:
      1) егер Қазақстан Республикасына грант беру туралы халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының көрсетілген халықаралық шартына сәйкес бенефициар болып табылатын грант алушы мемлекеттік органға және орындаушыны тағайындаушыға;
      2) грант алушы оны іске асыру үшін тағайындаған орындаушы тұлғаға (бұдан әрі - орындаушы) төленген қосылған құн салығын қайтару жүргізіледі.
      2. Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушілерге төленген осы баптың 1-тармағында көзделген қосылған құн салығын қайтаруды, егер бір мезгілде төменде көрсетілген шарттар сақталса салық органдары уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салық өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізеді:
      1) қаражаты есебінен тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алынған грант мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша беріледі;
      2) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тек грант мақсаттарын іске асыру үшін ғана сатып алынады;
      3) тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісім-шартқа) сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтаруды грант алушы осы Кодекстің 600, 605-баптарында көзделген тәртіппен, қосылған құн салығының грант қаражаты есебінен төленгенін растайтын құжаттардың негізінде жүргізіледі.
      4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару үшін грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша төленген уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қосылған құн салығын қайтару туралы салық өтінішіне қоса грант алушы немесе орындаушы өзінің тіркелген жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттің, шет мемлекет үкіметінің не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйымның арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесі;
      2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді берушімен жасасқан шарттың (келісім-шарттың) көшірмесі;
      3) орындаушы қосылған құн салығын қайтаруға арналған өтінішпен жүгінуі кезінде оның осы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жөнелтілгенін және алынғанын растайтын құжаттар;
      5) қосылған құн салығының сомасын жеке жолмен бөліп көрсете отырып, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын беруші қойған шот-фактура;
      6) жүк құжаты, тауар-көлік жүк құжаты;
      7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжат;
      8) белгіленген тәртіппен ресімделген грант алушы немесе орындаушы орындаған және қабылдаған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің актілері;
      9) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алғаны үшін ақы, оның ішінде, қосылған құн салығын төлегенін растайтын құжаттар.
      Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтаруды қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын грант алушы да жүргізеді.

      276-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген
               дипломатиялық және оларға теңестірілген
               өкілдіктерге және олардың қызметкерлеріне
               қосылған құн салығын қайтару

      1. Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге (бұдан әрі - өкілдіктер) және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, дипломатиялық, әкімшілік-техникалық қызметкерлерге жататын тұлғаларға (бұдан әрі - қызметкерлер) Қазақстан Республикасында сатып алған тауарлары, орындалған жұмыстары мен көрсетілген қызметтерге қосылған құн салығын қайтару егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер көрсету кезінде өзара түсіністік қағидатын растайтын құжаттарда көзделген жағдайда қайтарылады.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайтын тізбеге енгізілген өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды тұрғылықты орны бойынша салық органы жүзеге асырады.
      2. Өзара түсіністік қағидатын негізге ала отырып, бірқатар өкілдіктерге қатысты қосылған құн салығын қайтарудың мөлшері мен шарттары бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін.
      Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер қойылатын өкілдіктердің тізбесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі уәкілетті мемлекеттік органның келісім бойынша бекітеді.
      3. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару егер қосылған құн салығын қоса алғанда, сатып алынған тауардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің сомасы осы Кодексте белгіленген тәртіпте жазылған әрбір жеке шот-фактурада жазылған жағдайда және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең аз есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен асатын болса жүргізіледі.
      Осы тармақта белгіленген шектеулер байланыс, электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық қызметтерді төлеуге қолданылмайды.
      4. Салық органдары өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостердің (тізілімдердің) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерінің негізінде қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асырады.
      Өкілдіктер қызметкерлерінің мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі берген аккредитациялау құжаттарының көшірмелері қосымша беріледі.
      Сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша есепті тоқсан үшін жиынтық ведомостьтерді (тізілімдерді) тоқсан сайын өкілдіктер қағаз тасығышта уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасайды және мөрмен куәландырылады және оған басшы не соған Үкімет уәкілеттік берген лауазымды тұлға қол қояды.
      Өкілдіктер жасаған ведомостер (тізілімдер) қосылған құн салығына арналған салықтың төленгендігін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын өкілдік қызметкері мүшесінің (мүшелерінің) жағдайларын есепке алмағанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне беріледі.
      5. Өзара түсіністік принципі расталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында тіркелген өкілдіктің тіркелген жері бойынша салық органына қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып, ілеспе құжаттармен бірге жиынтық ведомостерді (тізілімдерді) береді.
      6. Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Сыртқы істер министрлігінен жиынтық ведомостерді (тізілімдерді) және құжаттарды қосылған құн салығына төлемді жазбаша түрде растай отырып, отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Салық органдары қосымша құн салығын қайтару сомасына ұсынылған негіздерді тексергеннен кейін қосымша құн салығын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігін хабардар етеді.
      Қосылған құн салығын қайтарудан бас тартқан жағдайда салық органдары қандай қателіктер барын және олар қандай құжаттар бойынша жіберілгенін хабардар етеді.
      7. Өкілдіктер ұсынған құжаттарда кемшіліктер, оның ішінде, қосылған құн салығы сомаларын жеке жолмен бөлмеу анықталған жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушіге қарсы тексеру жүргізіледі.
      Егер қарсы тексеру жүргізу мерзімі ішінде анықталған кемшіліктер жойылмаса, қосылған құн салығын қайтару олар бойынша кемшілік анықталмаған, не олар жойылған сомалардың шегінде жүргізіледі.
      Егер кемшіліктер қарсы тексеру аяқталғаннан кейін жойылса қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып, ұсынылған қосымша жиынтық ведомостердің (тізілімдердің) негізінде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алынған салық кезеңінен кейін он екі айдың ішінде жүргізіледі.
      Тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынған тоқсанның ішінде ұсынылмаған қосылған құн салығының сомасы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылып берілген, қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып, ұсынылған қосымша жиынтық ведомостердің (тізілімдердің) негізінде тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынған салық кезеңінен кейін он екі айдың ішінде өкілдіктер қайтаруға ұсынуы мүмкін.
      8. Өкілдіктер салық органына құжаттарды мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде ұсынады.
      Шет тілдерінде толтырылған жекелеген құжаттар болған кезде өкілдіктің мөрі басылған мемлекеттік және (немесе) орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.
      9. Қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары өкілдіктердің және (немесе) өкілдік қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының банктерінде ашылған тиісті шоттарына жүргізеді.

9-бөлім. Акциздер 41-тарау. Жалпы ережелер

      277-бап. Акциздерді қолдану

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциз салынады.

      278-бап. Төлеушілер

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;
      2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;
      4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері ескеріле отырып, резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілер болып табылады.
      3. Тәркіленген, иесіз акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды сатуды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.

      279-бап. Акцизделетін тауарлардың тізбесі

      Мыналар:
      1. спирттің барлық түрлері;
      2. алкоголь өнімі;
      3. алкогольсіз сыра
      4. темекі бұйымдары;
      5. бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;
      6. жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
      7. шикі мұнай, газ конденсаты акцизделетін тауарлар болып табылады.

      280-бап. Акциз ставкалары

      1. Акциз ставкалары тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.
      2. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі.
      3. Спирттің және шарап материалының барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
      Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке және шарап материалына белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.
      4. Акциз сомасын есептеу былайша жүргізіледі:
      1) осы Кодекстің 279-бабының 1-4, 6, 7-тармақтарында көрсетілген акцизделетін тауарларға:

р/с

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН
коды

Акцизделетін тауарлардың
түрлері

Акциздер
ставкалары
(өлшем бірлігі
үшін теңгемен)


2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдік проценті немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған
этил спирті; этилспирті және кез келген концен-
трациядағы денатуратт-
алған өзге де спирт түрлері (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-
ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін спирттен басқа)

570 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этилспирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

01 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік проценттен төмен спирт концентра-
циясы бар денатурат-
талмаған этил спирті; спирт тұнбалары және өзгеде спиртті ішімдік-
тер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевти-
калық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген
квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін спирттен басқа)

100 % спирттің
710 теңге/литр

4.

2207-ден

80 көлемдік процент немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де
спирт түрлері

57 теңге/литр

5.

2208-ден

80 көлемдік проценттен төмен спирт концентра-
циясы бар денатураттал-
маған этил спирті; спирт тұнбалары және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын өзге де спиртті ішімдіктер

100 % спирттің
75 теңге/литр

6.

2208

Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

100 % спирттің
800 теңге/литр

7.

2208

Коньяк, бренди

100 % спирттің
325 теңге/литр

8.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шараптар

75 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан басқа)

170 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

75 теңге/литр

1.

2203 00

Сыра

40 теңге/литр

2.

2203 00-ден

Алкогольсіз сыра

40 теңге/литр

3.

2402-ден

Сүзгілі сигареттер

1000 теңге/1000
дана

4.

2402-ден

Сүзгісіз сигареттер, папиростар

600 теңге/1000
дана

5.

2402-ден

Сигариллдер

1200 теңге/1000
дана

6.

2402-ден

Сигарлар

95 теңге/дана

7.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және
соңғы тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі

1220 теңге/килограмм

8.

2709 00-ден

Шикі мұнай, табиғи газ конденсаты

0 теңге/тонна

9.

8702, 8703, 8704-тен

Қозғалтқышының көлемі
3000 текше см-ден астам жеңіл автомобильдер

100 теңге/текше
см

      2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға:


1 тоннаға арналған акциздер ставкалары (теңгемен)


Бензин (авиациялықты
қоспағанда)
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0 - 2710 11590 0)

Дизель отыны
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН
коды 2710 19 3100
- 2710 19 490 0)

Өндірушілердің өз өндірісіндегі бензинді
(авиациялықты қоспаған-
да) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

4500

540

Жеке және заңды тұлға-
лардың бензинді
(авиациялықты қоспа-
ғанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

0

0

Өндірушілердің бензин-
ді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілі-
гіне пайдалануы

5000

600

Жеке және заңды
тұлғалардың бензинді
(авиациялықты қоспаған-
да) және дизель отынын
бөлшек саудада сатуы,
өзінің өндірістік
қажеттілігіне пайдала-
нуы

500

60

Импорт

4500

540

      Ескертпе: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.

42-тарау. Қазақстан Республикасында өндірілетін, сатылатын
акцизделетін тауарларға салық салу

      281-бап. Салық салу объектісі

      1. Мыналар:
      1) Акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) құйған тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялар:
      акцизделетін тауарларды сатуы;
      акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беруі;
      алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;
      жарғылық капиталға жарнасы;
      заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;
      тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;
      тауар өндірушілердің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
      өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекен-жайынан ауыстыруы;
      2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;
      3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;
      4) конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;
      5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;
      2. Акциздік авркілердің, есеп-бақылау маркелерінің бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды сатқан ретінде қаралады.
      3. Мыналарға:
      1) егер осы Кодекстің 288-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына;
      2) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі:
      тауар өндірушіде көрсетілген өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек әзірлеу үшін;
      мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылатын этил спиртіне;
      3) жаңа үлгідегі есептеу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 649-бабының 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларға, егер көрсетілген тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе, акциз салынбайды.

      282-бап. Операция жасалған күн

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күні операция жасалған күн болып табылады.
      2. Өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
      3. Акцизделетін алыс-беріс тауарларын беру кезінде көрсетілген тауарларды мердігерге (ұқсатушыға) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
      Алыс-беріс тауарларынан акцизделетін тауарлар әзірленген кезде әзірленген акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
      4. Акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде көрсетілген тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
      5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекен-жайынан ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекен-жайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.
      6. Акцизделетін өнім, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда бүлінген акцизделетін өнімді (акциз маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
      Акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.

      283-бап. Салық базасы

      1. Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді.
      2. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді. Көрсетілген құн осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей өндіруші беретін бағалар бойынша анықталады.

      284-бап. Түрлі ставкалар белгіленген жағдайда спирттің
               және шарап материалының барлық түріне салық
               салу ерекшеліктері

      1. Осы Кодекстің 279-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің және шарап материалының барлық түріне әртүрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.
      2. Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттің және шарап материалының барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс. Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті және шарап материалын алушы жүргізеді.
      3. Осы баптың 2-тармағының ережелері емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медициналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Осы спирт бойынша емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндірушілер мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады.

      285-бап. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы

      1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді.
      Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
      2. Осы баптың мақсаты үшін:
      1) акцизделетін өнімнің бүлінуі болып тауардың барлық немесе жекелеген қасиеттерінің, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында нашарлауы түсініледі;
      2) акцизделетін өнімнің жоғалуы болып нәтижесінде тауардың, оның ішінде оны ендірудің барлық технологиялық сатыларында жойылуы және (немесе) жоғалуы болған оқиға түсініледі.
      Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде көтерген шығын, сондай-ақ нормативтік және техникалық құжаттамамен өндіруші регламенттейтін нормалар шегіндегі шығындар жоғалу болып табылмайды.

      286-бап. Акциз маркаларының, есепке алу-бақылау
               маркаларының бүлінуі, жоғалуы

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
      Осы Кодекстің 624-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставкалар негізге алынып жүргізіледі.
      2. Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде мынадай:
      1) акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар нәтижесінде бүлінген, жоғалған;
      2) бүлінген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаған жағдайларда акциз төленбейді.

      287-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге
               асырылатын бензин (авиациялық бензинді
               қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және
               бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемдері

      1. Егер:
      1) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өндіруші;
      2) осы Кодекстің 559-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеуші осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша өнім берушілер болып табылуы шартымен сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы көрсетілген акцизделетін тауарларды қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенсе, бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.
      Көтерме саудада сату саласына одан әрі сату үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.
      2. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына осы баптың 1-тармағында көрсетілген берушілер жүзеге асыратын мынадай:
      1) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларға) және жеке кәсіпкерлерге олардың өндірістік қажеттері үшін өткізу;
      2) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;
      3) ендірілген немесе одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өзінің өндірістік қажеттеріне пайдалану операциялары жатады.

      288-бап. Акцизделетін тауарлар экспортын растау

      1. Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде осы Кодекстің 280-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші тіркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күнінің ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:
      1) экспортталатын акцизделетін тауарларды беруге шартты (келісім-шартты);
      2) акцизделетін тауарларды экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін табыс етеді.
      Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр желісімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда кеден ресімдеуін жүргізген кеден органының белгілері соғылған толық кедендік жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады;
      3) Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.
      Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр желісімен әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;
      4) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған шоттарына акцизделетін тауарлар сатудан түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.
      2. Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетін тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде ресімделген кедендік жүк декларациясының көшірмесі қосымша табыс етіледі.
      3. Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткізуге Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу үшін осы тарауда белгіленген тәртіппен акциз салынуға тиіс.

      289-бап. Акциз сомасын есептеу

      1. Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

      290-бап. Акциздің есептелген сомасын түзету

      Салық базасы акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салық кезеңінде түзетіледі.
      Осы бапқа сәйкес салық базасының мөлшерін түзету акциздің түзетілуге тиіс сомасы жеке жолмен бөлінген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтаруға арналған негіздемені растайтын екі жақты актілердің және шартта (келісім-шартта) көрсетілген қайтару жағдайларын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.

      291-бап. Салықтан шегеру

      1. Салық төлеушінің осы Кодекстің 289-бабына сәйкес белгіленген акциз сомасын осы бапта белгіленген шегерімдерге кемітуге құқығы бар.
      2. Осы бапқа сәйкес акцизделетін басқа тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы шегеруге жатады.
      3. Мынадай:
      1) акцизделетін тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;
      2) өзі өндірген акцизделетін тауарлар үшін;
      3) алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегерілуге тиіс.
      Спирттің барлық түрлеріне, шикі мұнайға, газ конденсатына арналған акциз сомалары шегерілмейді.
      4. Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.
      5. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу кезінде төленген акциз сомаларын шегеру мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
      1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
      2) акцизделетін шикізатқа ақы төленгенін растайтын банктің төлем құжаттары немесе бақылау-кассалық машинаның чектері;
      3) акцизделетін шикізат берудің тауар-көлік жүкқұжаты;
      4) акциздің сомасы жеке жолмен бөлінген шот-фактура;
      5) купаж актілері (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
      6) өндірісте акцизделетін шикізатты шығысқа шығару актісі.
      6. Өз өндірісіндегі акцизделетін шикізат үшін төленген сомасын шегеру мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
      1) банктің төлем құжаттары немесе акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;
      2) купаж актілері (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
      3) өндірісте акцизделетін шикізатты шығысқа шығару актісі.
      7. Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін шикізаттың импорты кезінде төленген акциз сомасын шегеру мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
      1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;
      2) банктің төлем құжаттары немесе кедендік ресімдеу кезінде акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;
      3) импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған кедендік жүк декларациясы;
      4) купаж актілері (алкоголь өнімін өндіру кезінде);
      5) өндірісте акцизделетін шикізатты шығысқа шығару актісі.
      8. Алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомасы да мынадай құжаттар болған кезде шегеруге жатады:
      1) алыс-берістік акцизделетін шикізаттың меншік иесі мен қайта өңдеушінің арасындағы шарт;
      2) банктің төлем құжаттары немесе алыс-берістік акцизделетін шикізат меншік иесінің акцизді бюджетке төлегенін растайтын өзге де құжаттар;
      3) акцизделетін шикізатты босатуға арналған жүк құжаты немесе қабылдап алу-беру актісі.
      9. Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу немесе оның импорты кезінде төлеген акциздің сомасы осы шикізаттан акцизделетін тауарларды дайындау үшін есептелген акциз сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету сомасы шегерілмеуге тиіс.

      292-бап. Акциз төлеу мерзімдері

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуға тиіс.
      2. Алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан ендірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні төленеді.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын, өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз олар берілген күні төленеді.
      4. Шарап материалын және сыраны қоспағанда, осы Кодекстің 279-бабының 2) тармақшасында белгіленген акцизделетін тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді.

      293-бап. Акциз төленетін жер

      1. Акциз төлеу осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
      2. Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілер салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша акциз төлейді.

      294-бап. Салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелер,
               салық салуға байланысты объектілер үшін акциз
               есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер салық кезеңі ішінде жүргізген акциз алынатын операциялар, бойынша акциздің есебі (бұдан әрі бөлім бойынша - акциз бойынша есеп) жеке жасалады.
      Акциз бойынша есеп негізінде құрылымдық бөлімше, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер үшін төленуі тиіс акциздің сомасы анықталады.
      2. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшенің, салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына акциз бойынша есепті осы Кодекстің 296-бабында белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
      Бір салық органында тіркелген салуға байланысты бірнеше объектілері бар акциз төлеушілер барлық объектілері үшін бір акциз бойынша есепті табыс етеді.
      3. Ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ салуға байланысты объектілер үшін акциз төлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің банктік есеп шотынан төлейді немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.
      4. Жеке кәсіпкерлер салық салуға байланысты объектілер үшін төленуі тиіс акциз бойынша есепті салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша табыс етеді.

      295-бап. Салық кезеңі

      Акцизге қатысты күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

      296-бап. Салық декларациясы

      1. Әрбір салық кезеңі аяқталған соң, есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төлеушілер өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына акциз жөнінде декларация табыс етуге міндетті.
      2. Акциз төлеушілер декларациямен бір мезгілде акциз бойынша есепті табыс етеді.

43-тарау. Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу

      297-бап. Импортталатын акцизделетін тауарлардың
               салық базасы

      1. Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі ретінде белгіленеді.
      2. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын кедендік құны ретінде анықталады.

      298-бап. Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз
               төлеу мерзімдері

      1. Импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді.
      2. Осы Кодекстің 644-бабына сәйкес таңбалануға тиісті импортталатын акцизделетін тауарларға акциздік маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алған дейін уәкілетті органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен акциз төленеді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған акцизделетін тауарларды іс жүзінде импорттауды жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға тиіс.

      299-бап. Акцизден босатылған акцизделетін тауарлардың
               импорты

      1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларына акциз төленбейді.
      2. Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады:
      1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерінде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшін қажетті акцизделетін тауарлар;
      2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйым және материал ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;
      3) шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінген акцизделетін тауарлар. Көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акцизден босатылады;
      4) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін, "Еркін айналыс үшін тауарлар шығару" режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген кеден режимі шеңберінде акцизден босатылатын акцизделетін тауарлар;
      5) сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа).

10-бөлім. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығы 44-тарау. Экспорттық шикі мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығы

      300-бап. Төлеушілер

      Осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикі мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалар экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушілер болып табылады.

      301-бап. Салық салу объектісі

      Экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектісі болып табылады.

      302-бап. Есептеу тәртібі

      1. Экспортқа нақты өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі және осы Кодекстің 334-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізге алына отырып есептелген экспортталатын шикі мұнайдың, газ конденсатының құны экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
      2. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісіммен белгіленген тәртіппен заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкін.
      Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеу тәртібі осы Кодекстің 335-бабымен белгіленген.

      303-бап. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына
               рента салығының ставкалары

      Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығының ставкалары мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

Р/с
N

Әлемдік бағасы

Ставкалар,
%-бен

1

2

3

1

бір баррель үшін 20 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

0

2

бір баррель үшін 30 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

0

3

бір баррель үшін 40 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

0

4

бір баррель үшін 50 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

7

5

бір баррель үшін 60 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

11

6

бір баррель үшін 70 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

14

7

бір баррель үшін 80 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

16

8

бір баррель үшін 90 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

17

9

бір баррель үшін 100 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

19

10

бір баррель үшін 110 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

21

11

бір баррель үшін 120 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

22

12

бір баррель үшін 130 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

23

13

бір баррель үшін 140 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

25

14

бір баррель үшін 150 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

26

15

бір баррель үшін 160 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

27

16

бір баррель үшін 170 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

29

17

бір баррель үшін 180 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

30

18

бір баррель үшін 190 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

32

19

бір баррель үшін 200 АҚШ долларына дейін және одан жоғары

32

      304-бап. Салық кезеңі

      Күнтізбелік тоқсан экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығын төлеу жөніндегі салық кезеңі болып табылады.

      305-бап. Төлеу мерзімдері

      Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-сінен кешіктірмей төлеуге міндетті.

      306-бап. Салық декларациясы

      Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы бойынша декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-сінен кешіктірілмей табыс етіледі.

11-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 45-тарау. Жалпы ережелер

      307-бап. Осы бөлімде реттелетін қатынастар

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін барлық міндетті төлемдерді төлейді.
      2. Осы бөлім жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтарын есептеу және төлеу тәртібін белгілейді.
      3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары:
      1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерінен;
      а) қол қойылатын бонустан;
      б) коммерциялық табу бонусынан;
      в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерден;
      2) пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтан;
      3) үстеме пайда салығынан тұрады.
      Осы бөлімде арнайы ұғымдар мен терминдердің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған маңызы бар.
      4. Кен орындарын (кен орындар тобы, кен орындарының бір бөлігі) рентабельдігі төмен, ұтқырлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      308-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды
               жүргізу жөніндегі қызметке салық салу

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін есептеу осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған өнімді бөлу туралы келісімде (келісім-шартта) айқындалған және міндетті салық сараптамасынан өткен салық режимі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен бекітілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта салық режимі мұндай келісімнің (келісім-шарттың) ережелеріне сәйкес салық режимінің тұрақтылығы тікелей көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін сақталады, мұндай келісімнің (келісім-шарттың) тараптарына ғана қатысты оның қолданылуының белгіленген бүкіл мерзімі ішінде қолданылады, мұндай келісімнің (келісім-шарттың) тараптары болып табылмайтын адамдарға қолданылмайды және тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
      Жер қойнауын пайдаланушы оларға қатысты салық агенті ретінде болатын төлем көзінен ұсталуы тиіс салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық міндеттемелерін орындау оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Бұл міндеттемені орындауды Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісім-шартта) және Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен бекітілген төлем көзінен ұсталатын салық салу тәртібін реттейтін ережелердің жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартында болуына қарамастан жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімнің (келісім-шарттың) салық режимінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен бекітілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың салық режимінде көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерінің күші жойылған жағдайда оларды жер қойнауын пайдаланушы өнімді бөлу туралы келісімде (келісім-шартта) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізгенге дейін бюджетке төлеуді жалғастырады.
      3. Егер жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісім-шарт бойынша пайдалануға арналған осы келісім-шарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серіктестік (консорциум) құрамында бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесілі болса, жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылар шоғырландырылған салық есебін жүргізу үшін сенім білдірген адамды (операторды) айқындауға міндетті.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт бойынша салық міндеттемелерін орындауды осы Кодекстің 3 және 4-баптарында белгіленген тәртіппен жай серіктестікке (консорциумға) қатысушы (лар) және (немесе) сенім білдірген адам жүргізеді.
      4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент емес жер қойнауын пайдаланушыға осы Кодекстің 198-200-баптарына сәйкес қосымша салық салынуға тиіс.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келісім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша, сондай-ақ рентабельдігі төмен, ұтқырлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген кен орындарын (кен орындары тобы, осындай кен орындары тобы бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда кен орындарының бір бөлігі, бір келісім-шарт шеңберінде кен орындар тобы) дайындау кезінде осындай кен орындары (кен орындары тобы, бір келісім-шарт шеңберінде осындай кен орындары тобы бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда кен орындарының бір бөлігі) бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді осы кодексте белгіленгеннен өзгеше тәртіппен және ставкалар бойынша есептеген жағдайда, салық міндеттемелерін есептеу үшін осы Кодекстің 310-бабына сәйкес бөлек салық есебін жүргізуге міндетті.
      Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын, шипалы балшықты өндіру жөніндегі келісім-шарттарға, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.
      6. Өндірілуі жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың талаптарында көзделмеген және қорларын осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы бекіткен мұнайды, минералдық шикізатты, жер асты суларын, сондай-ақ шипалы балшықты коммерциялық өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы олар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен төлеуге міндетті.

      309-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға
               жатпайтын қызметке салық салу

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау жер қойнауын пайдаланушыны салық міндеттемелері пайда болған күні қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттан тыс қызметті жүзеге асырғаны үшін салық міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

      310-бап. Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары
               бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің
               негізгі принциптері

      1. Жер қойнауын пайдаланушы салық салынатын объектілер мен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісім-шарт бөлінісінде келісім-шарттық қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 307-бабының 4-тармағында айқындалған өнімділігі төмен, өте қою, сулы, аз дебетті және істен шыққан кен орындарын әзірлеген кезде салық салынатын объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізуі тиіс.
      2. Осы баптың мақсаттары үшін төмендегі терминдер мыналарды білдіреді:
      1) тікелей табыстар мен шығыстар - жер қойнауын пайдалануға нақты келісім-шартымен немесе келісім-шарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер бойынша табыстар мен шығыстарды қоса алғанда жер қойнауын пайдаланушының есепті салықтық кезеңдегі табыстары мен шығыстары;
      2) жанама табыстар мен шығыстар - жер қойнауын пайдалануға нақты келісім-шарттарымен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар және жер қойнауын пайдалануда тек осындай келісім-шарттар арасында ғана бөлінуге жататын тіркелген активтер бойынша табыстар мен шығыстарды қоса алғанда жер қойнауын пайдаланушының есепті салықтық кезеңдегі табыстары мен шығыстары;
      3) жалпы табыстар мен шығыстар - жер қойнауын пайдалануға нақты келісім-шартымен және (немесе) келісім-шарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы жоқ және олардың арасында бөлуді талап ететін тіркелген активтер бойынша табыстар мен шығыстарды қоса алғанда жер қойнауын пайдаланушының есепті салықтық кезеңдегі табыстары мен шығыстары;
      4) жалпы тіркелген активтер - оларды пайдалану ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға нақты келісім-шартпен және (немесе) келісім-шарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы жоқ тіркелген активтер;
      5) жанама тіркелген активтер - оларды пайдалану ерекшелігіне қарай тек жер қойнауын пайдалануға нақты келісім-шартпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер;
      6) өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байыту) өндірістік өзіндік құны - пайдалы қазбаларды сақтау, тасымалдау және өткізу шығыстарын, жалпы әкімшілік шығыстар мен пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен тікелей байланысы жоқ шығындарды қоспағанда пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен тікелей байланысы бар, қаржы есептілігін халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өндіріс шығындары.
      3. Салық салынатын объектілер мен салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды есеп құжаттамасы деректерінің негізінде, бекітілген салықтық есепке алу саясатына сәйкес және осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жер қойнауын пайдаланушы жүргізеді.
      Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін жер қойнауын пайдаланушы дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында (есеп саясаты бөлігінде) бекітеді.
      Бірінші рет бекітілген салықтық есеп саясатының көшірмесін (есеп саясаты бөлігінің) салық төлеуші корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодексте белгіленген мерзімде тапсырады.
      Салықтық есеп саясатына (есеп саясаты бөлігі) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар немесе салықтық есеп саясатының (есеп саясаты бөлігі) жаңа нұсқасы бекітілгеннен кейін өзінің орналасқан жері бойынша жер қойнауын пайдаланушы салық органына он жұмыс күні ішінде тапсырылады.
      4. Келісім-шарт қызметі бойынша бөлек салықтық есепке алу мынадай салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жүргізіледі:
      корпоративтік табыс салығы;
      қол қойылатын бонус;
      коммерциялық табу бонусы;
      пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
      үстеме пайда салығы
      осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың салық режимдерінің негізінде осы Кодексте белгіленген тәртіптен өзгеше есептелетін өзге де салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
      5. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде салық міндеттемелерін есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы:
      1) салықтық есепке алуда келісім-шарттан тыс қызметтен бөлек жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісім-шарт бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін салық салынатын объектілер мен (немесе) салық салуға байланысты объектілерді көрсетуді;
      2) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай барлық қызметі бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есептеуді;
      3) корпоративтік табыс салығы бойынша, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісім-шарт бойынша салықтық есептілікті қоспағанда осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық есептілікті тапсыруды;
      4) тұтастай жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша бірыңғай декларация мен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісім-шарт бойынша оған тиісті қосымшаларды тапсыруды қамтамасыз етуге міндетті.
      6. Тұтастай жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісім-шарт бойынша қызметтен, осы Кодекстің 137-бабының ережелерін ескере отырып одан кейінгі салықтық кезеңдерде алған табыстарының есебінен өтеуге құқығы бар жер қойнауын пайдалануда қандай да бір нақты келісім-шарт бойынша шеккен зияндары есептелмейді.
      7. Салық салынатын объектілер мен (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алуын жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының барлық табыстары мен шығыстары тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді.
      Табыстар мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігін ескере отырып жер қойнауын пайдалануды өзі жүзеге асырады.
      Тікелей табыстар мен шығыстар толық көлемінде онымен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар келісім-шарттық қызметке ғана жатқызылуы тиіс.
      Жалпы және жанама табыстар мен шығыстар келісім-шарттық және келісім-шарттан тыс қызметтер арасында немесе жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары арасында бөлінеді және тиісті үлесінде олардың тікелей себеп-салдарлық байланысы бар келісім-шарттың табыстары мен шығыстарына жатады.
      Жанама табыстар мен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар арасында ғана бөлуге тиіс және тиісті үлесінде себеп-салдарлық байланысы бар келісім-шарттың табыстары мен шығыстарына жатады.
      Жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлу осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес және 8-тармақ ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      8. Жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген активтер деректері бойынша шеккен шығыстары, соның ішінде амортизация, ұстау, жөндеу және басқалар бойынша шығыстар жер қойнауын пайдалану келісім-шарты (келісім-шарттар) мен келісім-шарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатады.
      Сыйақылар жөніндегі жалпы және жанама шығыстар осы кодекстің 103-бабына сәйкес айқындалған сыйақылар жөніндегі жалпы шегерім сомасы бөлінуге жатады.
      Бағамдық айырмашылық бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже: табыс немесе залал бөлінуге жатады.
      Жалпы және жанама салық салынатын объектілер және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша шегерімге жатқызылуы тиіс салықтар тиісінше сол салық салынатын объектілер мен салық салуға байланысты объектілерге бөлінбей-ақ осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес бөлінеді.
      9. Жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды әрбір келісім-шарттық қызметке бөлуді қызмет ерекшелігін ескере отырып немесе келісім-шарттық қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдістерінің негізінде жер қойнауын пайдаланушы дербес жүргізеді, соның ішінде, бірақ шектеусіз:
      1) жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде алған табыстардың жалпы сомасында жер қойнауын пайдаланудың әрбір нақты келісім-шарты мен келісім-шарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;
      2) салық төлеушінің барлық жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлемінде жер қойнауын пайдаланудың әрбір нақты келісім-шарты бойынша пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша;
      3) жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде шығарған шығыстарының жалпы сомасында жер қойнауын пайдаланудың әрбір нақты келісім-шарты мен келісім-шарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;
      4) мына баптардың бірі бойынша шеккен шығыстарының үлес салмағы бойынша - жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде осы бап бойынша шығарған шығыстарының жалпы сомасында жер қойнауын пайдаланудың әрбір нақты келісім-шартына келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекақы төлеу қоры немесе тіркелген активтер құны;
      5) жер қойнауын пайдаланушыда тіркелген жұмыскерлердің орташа тізімдік санына келісім-шарттық қызметке қатысатын жұмыскерлердің орташа тізімдік санының үлес салмағы бойынша;
      6) өзге де әдістер.
      Жалпы және жанама табыстар мен шығыстардың әрбір түріне қатысты оларды бөлудің осы тармақта белгіленген әр түрлі әдістері қолданылуы мүмкін.
      Жалпы және (немесе) жанама табыстар мен шығыстарды, жоғарыда көрсетілген әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмағының маңызын барынша дәл бөлу үшін жер қойнауын пайдалануды жүзден біріне (0,01%) дейінгі процентпен анықтайды.
      10. Келісім-шарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын міндеттемелерді есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы өндірілген мұнай мен (немесе) бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты одан әрі басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берген жағдайда, өндірудің нақты өндірістік өзіндік құны мен бастапқы қайта өңдеу (байыту) жөніндегі осындай операциялар бойынша қажеттілік қаржы есептілігін халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын 20%-ға ұлғайтылған табыс белгілейді.
      Минералды шикізатты оны бастапқы қайта өңдегеннен (байытқаннан) кейін жиынтық жылдық табысқа жіберген жағдайда мұндай операциялар бойынша бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауарлы өнімді өткізу құнының негізінде айқындалған табыс қосылады.
      11. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық міндеттемелерді қоспағанда салықтық міндеттемелерді есептеу үшін салықтық есепке алуды жүргізу туралы осы баптың ережелері мына төмендегі жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарының түрлері бойынша туындаған салықтық міндеттемелерге қолданылмайды:
      1) кең тараған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге;
      2) жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге;
      3) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;
      4) барлауға және (немесе) өндіруге байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға беруге.
      12. Осы баптың 11-тармағында көрсетілген, мұнай немесе тау-кен операцияларын жүргізуге арналған келісім-шарттар бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша операциялар және (немесе) қызметтің нәтижелері жер қойнауын пайдаланудың бөлек салықтық есепке алуын жүргізу тәртібінің ерекшеліктері ескеріле отырып тиісті мұнай немесе тау-кен келісім-шарттары бойынша салықтық есепте көрсетілуі тиіс.

46-тарау. Бонустар

      311-бап. Бонустар туралы жалпы ережелер

      1. Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке жағдайларын негізге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерін:
      1) қол қойылатын;
      2) коммерциялық табу бонусын төлейді.

$ 1. Қол қойылатын бонус

      312-бап. Жалпы ереже

      Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану құқығы үшін біржолғы тіркелген төлемі болып табылады.

      313-бап. Төлеушілер

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жер қойнауын пайдалану келісім шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалар қол қойылатын бонус төлеушілері болып табылады.

      314-бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу
               тәртібі

      Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісім-шарт үшін мына төмендегідей мөлшерде жеке белгіленеді:
      1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргізуге арналған келісім-шарттар үшін:
      мұнай, мұнайгаз және газ келісім-шарттары үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген 2800 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері;
      техногендік минералды құралымдар әзірлеу келісім-шарттарын қоспағанда минералды шикізат өндіру келісім-шарттары үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген 2800 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері;
      кең тараған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар бойынша келісім-шарттар үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген 40 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.
      2) өндіру келісім-шарттары үшін:
      Мұнай келісім-шарттары үшін:
      егер қоры бекітілмесе - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген 3000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.
      егер қорлары формула бойынша (С х 0,04%) + (С п х 0,01%) бекітілсе, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген 3000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем емес.
      С - А, В, С 1 өнеркәсіптік санаттар бойынша Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен шикі мұнайдың, газ конденсаты немесе табиғи газдың жиынтық қорының құны;
      С п - әлеуетті коммерциялық объекті мен С 3 болжамдық ресурстарының қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен және (немесе) назарға алған С 2 санатының алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
      техногендік минералды құралымдарды әзірлеу келісім-шарттарын қоспағанда минералды шикізат өндіру келісім-шарттары үшін:
      егер қоры бекітілмесе - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген 500 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.
      егер қорлары формула бойынша (С х 0,01%) + (С п х 0,005%) бекітілсе, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген 500 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем емес, мұндағы:
      С - А, В, С 1 өнеркәсіптік санаттар бойынша Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен минералды шикізаттың жиынтық қорының құны;
      С п - әлеуетті коммерциялық объекті мен болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен және (немесе) назарға алған С 2 санатындағы минералды шикізаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
      кең тараған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар бойынша келісім-шарттар үшін - формула (С 1 х 0,01% ) бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген 120 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем емес;
      3) техногендік минералды құралымдарды қайта өңдеу келісім-шарттары үшін - С 1 х 0,01% формуласы бойынша, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген 300 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем емес.
      4) ағынды суларды ағызып жіберу үшін жер қойнауын барлау, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланыссыз жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру келісім-шарттары үшін - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.
      2. Пайдалы қазбалар қорларының құны Халықаралық (Лондон) биржада осы пайдалы қазбалар үшін белгіленген және жер қойнауын пайдалау құқығын алуға конкурс жарияланған кезде "The McGraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platt's Crude Oil Marketwire" анықтамалығында, "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының "Metal Bulletin" журналында, "Metal-pages" издательства "Metal-pages Limited" журналында жарияланған биржалық баға бойынша айқындалады.
      Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда алынатын және болжанатын қорлар құны барлық кезеңдегі белгіленген тәртіпте бекітілген және 1,2 коэффициентке ұлғайту жолымен түзетілген жалпы өндіру шығындарының жұмысшы бағдарламасында көрсетілген сомадан айқындалады.
      3. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері егер конкурсқа қойылатын кен орнының материалдық-техникалық базасы дайын болса жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсы өткізілгенге дейін құзыретті
органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.
      4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалануға құқық алуға өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімімен белгіленеді немесе жер қойнауын пайдаланушымен тікелей келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган белгілейді және ол жер қойнауын пайдалану келісім-шартына енгізіледі.

      315-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзімі

      Қол қойылатын бонус бюджетке мынадай тәртіпте төленеді:
      1) белгіленген соманың елу проценті - салық төлеуші жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланғаннан күннен отыз күнтізбелік күн ішінде;
      2) белгіленген соманың елу проценті - жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт күшіне енген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей.

      316-бап. Салық декларациясы

      Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны тіркелген жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі айдың 20-на дейін табыс етеді.

$ 2. Коммерциялық табу бонусы

      317-бап. Жалпы ереже

      1. Коммерциялық табу бонусын жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың келісім-шарттық аумағындағы әрбір коммерциялық табу үшін, соның ішінде осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда бастапқыда белгіленген алынатын қорлардың ұлғаюына алып келетін кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысындағы табулар үшін төлейді.
      2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге жасалған келісім-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейді.

      318-бап. Төлеушілер

      Жер қойнауын пайдалану үшін бекітілген келісім-шарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу кезінде келісім-шарт аумағында пайдалы қазбалардың коммерциялық табулары туралы жария етілген жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табулар бонусын төлеушілер болып табылады.

      319-бап. Салық салу объектісі

      Коммерциялық табу бонустарынан осы нақты аумаққа арналған осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен алынатын пайдалы қазбалар қорының нақты көлемі алынатын объект болып табылады.

      320-бап. Салық базасы

      Коммерциялық табулар бонусын есептеуге арналған осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен алынатын пайдалы қазбалар қорының нақты көлемі салық базасы болып табылады.
      Коммерциялық табулар бонусын есептеу мақсатында алынатын пайдалы қазбалар қоры құнының көлемі Халықаралық (Лондон) биржада пайдалы қазбалар деректеріне белгіленген биржалық және "The McGraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platt's Crude Oil Marketwire" анықтамалығында, "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының "Metal Bulletin" журналында, "Metal-pages Limited" баспасының "Metal-pages" журналында жарияланатын баға бойынша айқындалады.
      Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда алынатын қордың құны осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен келісім-шарттың қаржылық-экономикалық моделінде көрсетілген өндіруге арналған жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельділік мөлшеріне ұлғайтылған сомасын негізге ала отырып айқындалады.

      321-бап. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібі

      Коммерциялық табу бонусының сомасы алу объектілерін, салық базасы мен ставкаларын негізге ала отырып айқындалады.

      322-бап. Коммерциялық табу бонусының ставкасы

      Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 проценті ставкасы бойынша бөлінеді.

      323-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзімі

      Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын келемін бекіткен күннен бастап 90 күннен кешіктірілмей төленеді.

      324-бап. Салық декларациясы

      Коммерциялық табу бонусы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі айдың 15-іне дейін табыс етеді.

47-тарау. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер

      325-бап. Жалпы ережелер

      Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасағанға дейін келісім-шарт аумағына сәйкес келетін геологиялық зерттеуге және абаттандыруға мемлекет шығарған жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады.

      326-бап. Төлеушілер

      Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді төлеушілер жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасағанға дейін келісім-шарт аумағына сәйкес келетін геологиялық зерттеуге және абаттандыруға мемлекет шығындар шығарған пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.

      327-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді
               белгілеу тәртібі

      1. Келісім-шарт аумағына сәйкес келетін геологиялық зерттеуге және абаттандыруға мемлекет шығарған тарихи шығындар сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган есептейді және осы баптың ережелеріне сәйкес бюджетке төленеді.
      Тарихи шығындар сомасының бір бөлігі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің меншігіндегі геологиялық ақпараттарды алуға төлемдер түрінде бюджетке төлеуге жатады.
      Тарихи шығындар сомасының қалған бөлігі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер түрінде бюджетке төлеуге жатады.
      2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді бюджетке төлеу бойынша міндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган арасындағы құпиялық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін бекітілген өнімдер бөлігі туралы келісімді қоса алғанда жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт бойынша тарихи шығындар көлемін айқындайтын уәкілетті мемлекеттік органмен қосымша келісім жасалған күннен бастап туындайды.

      328-бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері

      1. Келісім-шарт аумағына сәйкес келетін геологиялық зерттеуге және абаттандыруға мемлекет шығарған тарихи шығындар сомасын өтеу бойынша төлемді коммерциялық табудан кейінгі кезеңнің басынан жер қойнауын пайдаланушылар мынадай тәртіпте төлейді:
      1) егер келісім-шарт аумағына сәйкес келетін геологиялық зерттеуге және абаттандыруға мемлекет шығарған тарихи шығындарды өтеу бойынша жалпы төлемдер мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіштен 10000 еселік мөлшерден төмен соманы құраса, онда тарихи шығындар сомасын өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлейді;
      2) егер келісім-шарт аумағына сәйкес келетін геологиялық зерттеуге және абаттандыруға мемлекет шығарған тарихи шығындарды өтеу бойынша жалпы төлемдер мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіштен 10000 еселік мөлшерден асып кетсе, онда тарихи шығындар сомасын өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы экономикалық сараптама жүргізу бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген кесте бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіштен 2 500 еселік мөлшерге барабар сомада теңдей үлеспен тоқсан сайын 10 жылдан астам емес уақытта төленеді.
      2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге жасалған келісім-шарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейді.

      329-бап. Салық декларациясы

      1. Егер келісім-шарт аумағына сәйкес келетін геологиялық зерттеуге және абаттандыруға мемлекет шығарған тарихи шығындарды өтеу бойынша жалпы төлемдер мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіштен 10000 еселік мөлшерден төмен соманы құраса, жер қойнауын пайдаланушы тіркелген жері бойынша салық органына пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей декларация тапсырады.
      2. Егер келісім-шарт аумағына сәйкес келетін геологиялық зерттеуге және абаттандыруға мемлекет шығарған тарихи шығындарды өтеу бойынша жалпы төлемдер мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіштен 10000 еселік мөлшерден асып кетсе жер қойнауын пайдаланушы тіркелген жері бойынша салық органына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей тапсырады.

48-тарау. Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық

      330-бап. Жалпы ережелер

      1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықты Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін минералды шикі зат, мұнай, жерасты сулары мен шипалы балшықтардың әр түрі бойынша төлейді.
      2. Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық осы баптың 3-тармағындағы көзделген жағдайды қоспағанда ақша түрінде төленеді.
      3. Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт бойынша қызметті жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіруге салықты ақшалай төлеу нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкін.
      Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлігі жөніндегі роялти мен үлесті заттай төлеу тәртібі осы Кодекстің 346-бабында белгіленген.
      4. Өндірілетін минералды шикі зат, мұнай, жер асты сулары мен шипалы балшықтардың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық өндіру жүргізілетін түріне байланысты емес ставка бойынша және осы тарауда белгіленген тәртіпте төленеді.
      5. Салық кезеңінде өндірілген мұнай, жерасты сулары, шипалы балшықтар мен пайдалы қазбалардың төленген қорларының жалпы көлемінен пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықты есептеу мақсатында кен орындары бойынша есептен шығарылған (шығынды қайтару) қорлар құрамынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемі, сондай-ақ технологиялық сынамалау және зерттеулер жүргізу үшін берілген мұнай, минералды шикі зат, жерасты сулары мен шипалы балшықтардың көлемін алып тастау жатады. Технологиялық сынамалау және зерттеулер жүргізу үшін берілген мұнай, минералды шикі зат, жерасты сулары мен шипалы балшықтар көлемі мұнай, минералды шикі зат, жерасты сулары мен шипалы балшықтардың тиісті түрлері (сорттары) үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартында көрсетілген технологиялық сынаманың ең төменгі массасымен шектеледі және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың жұмыс бағдарламасында көзделген болуы тиіс.

      331-бап Төлеушілер

      Техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда мұнай, минералды шикі зат, жерасты сулары мен шипалы балшықтарды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісім-шарт шеңберінде пайдалы қазбаларды өндіруге салық төлеушілер болып табылады.

$ 1. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды
өндіруге салынатын салық

      332-бап. Салық салу объектісі

      1. Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық салу объектісі салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың нақты көлемі болып табылады.
      2. Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықты есептеу мақсатында салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың жалпы көлемі мыналарға бөлінеді:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өндіру зауытына пысықтау үшін іске асырылған шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ - салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісім-шарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өндіру зауытына пысықтау үшін, соның ішінде үшінші тұлға арқылы іске асырылған шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың жалпы көлемі;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өндіру зауытына алыс-беріс шикізат ретінде пысықтауға берілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газды - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өндіру зауытына пысықтау үшін алыс-беріс шикізаты ретінде соның ішінде, үшінші тұлға арқылы берілген және жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісім-шарт шеңберінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың көлемі;
      3) жер қойнауын пайдаланушы жекеменшік өндірістік қажеттілікке пайдаланылған шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газды - салық кезеңінің ішінде жекеменшік өндірістік қажеттілікке пайдаланылған, жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісім-шарт шеңберінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың көлемі;
      4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында іске асырылған және (немесе) жекеменшік өндірістік қажеттілікке пайдаланылған табиғи газ;
      5) тауарлы шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газды - осы баптың 2-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемдерін шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісім-шарт шеңберінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың көлемі;
      3. Шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өндіру зауытына жеткізгендігін оның ішінде үшінші тұлға арқылы растау үшін жер қойнауын пайдаланушы мұнай өндіру зауыты сатып алған шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың көлемі мен құнын, сондай-ақ олардың жанама салықтардың есебінсіз құнын растайтын құжаттары болуға тиіс.
      4. Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық жер қойнауына кері айдалатын табиғи газ бойынша төленбейді.
      5. Осы баптың табиғи газды алауларда жағу мақсатында жекеменшік өндірістік қажеттілікке пайдалану ретінде қаралады.

      333-бап. Салық базасы

      Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықты есептеуге арналған салық базасы салық кезеңінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің құны болып табылады.

      334-бап. Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ
               құнын айқындау тәртібі

      1. Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықты есептеу мақсатында салық кезеңінде өндірілген шикі мұнай және газ конденсаты көлемінің құны мынадай тәртіппен:
      1) мұнай өңдеу зауытына, соның ішінде үшінші тұлға арқылы іске асыру кезінде - өткізілген шикі мұнай мен газ конденсаты нақты көлемінің көбейтіндісі және мұнай өңдеу зауытының өнімнің бірлігі үшін нақты сатып алу бағасы ретінде;
      2) алыс-беріс шикізаты ретінде ұқсату үшін беру және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы кезінде - мұнай өңдеу зауытына, соның ішінде үшінші тұлға арқылы жеткізілген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдаланған шикі мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемінің көбейтіндісі және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 процентке ұлғайған Қазақстан Республикасының заңнамасында пайдалануға рұқсат етілген өнім бірлігін өндірудің өзіндік құны ретінде айқындалады.
      2. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу мақсатында өндірілген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың құнын салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісім-шарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің көбейтіндісі ретінде мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың өндірілген көлемі мен осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіпте салық кезеңі үшін есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік баға ретінде айқындайды.
      3. Шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасы "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts Crude Oil Marketwire" көздерінде жарияланған ақпараттар негізінде салық кезеңінде "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) маркаларының әрбірін жеке алғанда күн сайынғы бағамдаудың орта арифметикалық мәні ретінде айқындалады, ал осы көздерде көрсетілген маркаларға бағалар туралы ақпараттар болмаған жағдайда "Petroleum Argus" көздері мынадай формула бойынша пайдаланылады,
      S = (Р1+Р2+...+Рn)/n, мұндағы:
      S - салық кезеңі үшін шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасы,
      Рn - салық кезеңі ішінде бағамдауды жариялау күндерінде шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орта арифметикалық әлемдік бағасы,
      n - салық кезеңі ішінде бағамдауды жариялау күндерінің саны.
      Шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орта арифметикалық әлемдік бағасы мынадай формулалар бойынша айқындалады:
      Р = (С1+С2)/2 мұндағы:
      Р - "Юралс Средиземноморье" немесе "Датированный Брент" маркаларының биржаның ашылуы кезіндегі шикі мұнайдың күн сайынғы орта арифметикалық әлемдік бағасы,
      С1 - "Юралс Средиземноморье" немесе "Датированный Брент" маркаларының биржаның ашылуы кезіндегі шикі мұнайдың күн сайынғы орта арифметикалық әлемдік бағасы,
      С2 - "Юралс Средиземноморье" немесе "Датированный Брент" маркаларының биржаның жабылуы кезіндегі шикі мұнайдың күн сайынғы орта арифметикалық әлемдік бағасы.
      Шикі мұнай мен газ конденсатының осы айқындалған "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) маркаларының стандарттық сортына қатысын шикі мұнайды іске асыруға арналған шарттар негізінде жер қойнауын пайдаланушылар жүргізеді. Іске асыруға арналған шартта шикі мұнайдың стандарттық сорты көрсетілмеген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша қойылған шикі мұнай көлемін салық кезеңі бойынша ең жоғары болып табылатын орташа әлемдік баға сортына жатқызуға міндетті.
      4. табиғи газдың әлемдік бағасы "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts Crude Oil Marketwire" көздерінде жарияланған ақпараттар негізінде салық кезеңінде бағамдаудың орта арифметикалық мәні ретінде айқындалады. Бұл көздерде табиғи газға бағалар туралы ақпараттар болмаған жағдайда "Petroleum Argus" көздері пайдаланылады.
      5. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген және (немесе) жекеменшік өндірістік қажеттілікке пайдаланылған табиғи газдың құны мынадай тәртіпте айқындалады:
      1) жер қойнауын пайдаланушы өндірген табиғи газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу кезінде - осы Кодекстің 341-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіпте айқындалатын салық кезеңінде қалыптасқан өткізудің орташа өлшемді бағасын негізге ала отырған;
      2) өндірген табиғи газды жекеменшік өндірістік қажеттілікке пайдалану кезінде - жер қойнауын пайдаланушы жекеменшік өндірістік қажеттілікке пайдаланған табиғи газдың нақты көлемі және 20 процентке ұлғайтылған, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес айқындалатын өнімнің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны ретінде. Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілесіп өндірілсе табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны шикі мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде табиғи газдың 1 мың куб метрі 0,857 тонна шикі мұнайға сәйкес келетін қатынасында айқындалады.
      6. Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газдың стандартты сұрыптарының әлемдік құнын осы Кодекспен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган әрбір салық кезеңі бойынша айқындайды және есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірілмей ресми жариялануға тиіс.

      335-бап. Салықты есептеу тәртібі

      1. Бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың сомасы салық салу объектілерін, салық базасы мен ставкаларын негізге ала отырып айқындалады.
      2. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік жыл ішінде осы Кодекстің 336-бабында келтірілген шәкілге сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісім-шарт бойынша тиісті жылға арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес ставканы қолданады.
      Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты бюджетке төлеудің толықтығы мен есептеудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 қаңтарына дейін тіркелген орны бойынша салық органына жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісім-шарт бойынша алдағы жылға арналған шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің жоспарланған көлемдері туралы анықтама ұсынуға міндетті.
      Бұл ретте, ағымдағы жылға арналған шикі мұнайды, газ конденсатын және табиғи газды өндірудің жоспарланған көлемі құзыретті органдармен келісуі тиіс.
      3. Егер есепті күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газдың нақты көлемі жоспарланған көлемге сәйкес келмеген және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларының өзгеруіне әкеліп соғатын жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы есепті жылға есептелген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың сомасына түзету жүргізуге міндетті.
      Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың сомасына түзету есепті салық жылының 1-3 тоқсанының ішінде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша декларацияда есептелген салық базасына, осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған, өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газдың нақты көлеміне сәйкес келетін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың ставкаларын қолдану жолымен есепті жылдың соңғы салық кезеңінің декларациясында жүргізіледі.
      Жүргізілген түзетулерді ескере отырып пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың сомасы есепті жылдың соңғы салық кезеңіне пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық міндеттемелері болып табылады.

      336-бап. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық
               ставкалары

      газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкалары тіркелген түрде мынадай шәкіл бойынша белгіленеді:

Р/с

Өндірудің жылдық көлемі

Ставкалар, %-бен

1

2

3

1.

250 000 тоннаға дейін қоса алғанда

7

2.

500 000 тоннаға дейін қоса алғанда

9

3.

1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

10

4.

2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

11

5.

3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

12

6.

4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

13

7.

5 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

14

8.

70 000 00 тоннаға дейін қоса алғанда

15

9.

10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

17

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

20

      Осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген тәртіпте Қазақстан Республикасының ішкі нарығында шикі мұнай мен газ конденсатын өткізу жағдайларында белгіленген ставкаларға 0,5 төмендетілген коэффициент қолданылады.
      Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкалары 10  процентті құрайды.
      Ішкі нарықта табиғи газды сату кезінде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық жылдық өңдеу көлеміне байланысты мынадай ставкалар бойынша төленеді:

р/н
N

Жылдық өндеу көлемі

Ставка, %-бен

1

2

3

1

1,0 млрд. текше. м. дейін қоса алғанда

0,5

1.

2,0 млрд. текше. м. дейін қоса алғанда

1,0

2.

2,0 млрд. текшеден м. жоғары

1,5

$ 2. Кең таралған пайдалы қазбаларды коспағанда, минералдық шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

      337-бап. Салық салу объектісі

      Салық кезеңінде нормаланған шығындарын қоса алғанда, минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорының нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

      338-бап. Салық базасы

      1. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу үшін салық базасы салық кезеңінде нормаланған шығындарын қоса алғанда, минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қоры көлемінің құны болып табылады.
      2. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу мақсатында салық кезеңінде өндірілген минералды шикізат:
      1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикізат;
      2) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалармен бірге алынуы, пайдалануы (өткізілуі) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарын талаптарында көзделген пайдалы қазбалардың өзге де түрлері бар минералды шикізат;
      3) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбалар бар минералды шикізат;
      4) кен орындарында есептен шығарылған қорлар (шығындарды қайтару) құрамынан ендірілген минералды шикізат болып бөлінеді.
      3. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу мақсатында салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорының құны:
      1) салық кезеңі ішінде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржа бағасын негізге ала отырып, осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорының құрамындағы пайдалы қазбалар айқындалады.
      Орташа биржа бағасы салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген пайдалы қазбалардың күнделікті түзетулерінің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады.
      Орташа биржа бағасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорының құрамындағы пайдалы қазбалар түрлерінің барлық көлеміне, оның ішінде, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) меншікті қажеттіліктеріне пайдалану үшін бір заңды тұлға шеңберінде басқа заңды тұлғаларға және (немесе) құрылымдық бөлімшелерге берілген көлемге қолданылады.
      Салық жылының ішінде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты төлеу мақсатында әрбір пайдалы қазба түрлерінің нақты көлемін осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары белгілеген тәртіпте бекітілген кен орындарын әзірлеудің техникалық жобасындағы ендірудің күнтізбелік кестесінде көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорының пайдалы қазбаларының құрамы бойынша жер қойнауын пайдаланушы айқындайды.
      Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар қорының жылдық есептік баланстарының деректері бойынша пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорының нақты көлемін нақтылауды ескере отырып, пайдалы қазбалардың нақты көлемін түзетуге және өзінің тұрғылықты орны бойынша салық органына пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша қосымша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынуға міндетті.
      Жүргізілген түзетулерді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық сомасы ағымдағы салық кезеңінің осы салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады.
      Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша түпкілікті есеп есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін жүргізілуі тиіс;
      2) осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбалар:
      осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорының құрамындағы пайдалы қазбалар - осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында белгіленген тәртіпте;
      минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорының құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлері - оларды сатудың орташа өлшемді бағасын негізге ала отырып, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) меншікті қажеттіліктеріне пайдалану үшін бір заңды тұлға шеңберінде басқа заңды тұлғаларға және (немесе) құрылымдық бөлімшелерге берілген жағдайда - 20 процентке ұлғайтылған, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың түріне жатқызылатын өндірудің және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құнын негізге ала отырып;
      3) осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізат - бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізат сатудың орташа өлшемді бағасын негізге ала отырып айқындалады;
      4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережесі есепті салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген бағаларға ресми түзетулер болған пайдалы қазбалардың түріне қолданылады.
      5. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізатты қоспағанда, бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және осы баптың 4-тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, осы баптың 2) тармақшасында көзделген пайдалы қазбаларды сату болмаған жағдайда олардың бағасы осындай сату орын алған соңғы салық кезеңінде сатудың орташа бағасын негізге ала отырып айқындалады.
      6. Келісім-шарт басталғаннан бастап бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және (немесе) қазбаларды сату толық болмаған жағдайда:
      1) осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында белгіленген тәртіпте - осы баптың 4-тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорының құрамындағы пайдалы қазбалардың құны;
      2) осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорының құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерінің құны - 20 процентке ұлғайтылған, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын өндірудің және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құнын негізге ала отырып;
      3) осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны - 20 процентке ұлғайтылған, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын өндірудің және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құнын негізге ала отырып, айқындалады.
      Өндіруден және бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, осы баптың 2-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорының құрамындағы пайдалы қазбаларды кейіннен өткізген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді нақты бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндіруге есептелген салықтың сомасына түзету енгізу қажет.

      339-бап. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық
               ставкалары

      Бастапқы қайта өңдеуден (байыту) өткен, тас көмірді қоспағанда, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с
N


Пайдалы қазбалардың атауы

Ставкалар,
%-бен

1

2

3

4

1.

Қара, түсті
және радиоак-
тивті метал-
дар кені

Хромдық кендер

17,0

темір, темір-марганецтік кендер

3,0

темір-кен концентраты (окатыштар)

3,5

уран (шала тотық-тотық)

15,0

2.

Металдар

мыс

8,0

мырыш

9,0

қорғасын

8,50

алтын, күміс, платина, палладий

5,0

алюминий

0,3

Қалайы, никель

6,0

3.

Құрамында металдар бар минералды шикізат

Ванадий

4,0

титан, магний, қалайы, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, тотияйыннан
тұратын кендер

6,0

4.

Құрамында
сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат

Литий, бериллий, ниобия, тантал, цирконий, иттрий, стронций, галий және т.б.

7,7

5.

Құрамында
шашыраңқы
металдар бар
минералды
шикізат

Селен, телур, молибден

7,0

Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, селен, теллур, гафний, рений, осмий және т.б.

6,0

6.

Құрамында
радиоактивті
металдар бар минералды
шикізат

Радий, торий және т.б.

5,0

7.

Құрамында
металл еместер бар минералды
шикізат

Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақта тастар

0

экспортқа арналған тас көмір

2,51

фосфориттер

4,0

бор ангидриті

3,5

барит

4,5

тальк

2,0

флюориттер

3,0

воластонит

3,5

шунгит

2,0

графит және т.б.

3,5


Жарқырауық тас шикізаты:

8.

Құрамында
қымбат бағалы
тастар бар
минералды
шикізат

Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және т.б.

12,0

9.

Құрамында
жасанды тастар бар минералды
шикізат

Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, розовый кварц, диоптаз, халцедон және т.б.

3,5

10.

Құрамында
техникалық
тастар бар
минералды
шикізат

Алмаз, корунд, агат, яшма, серпентинит, цирконий, асбест, слюда және т.б.

2,0

$ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға және жер асты
суларына және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды
өңдеуге салынатын салық

      340-бап. Салық салу объектісі

      Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өңдеген кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
      Пайдалы қазбаларды өңдеуге салынатын салық мынадай жағдайларда төленбейді:
      1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендік суларды соруы үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдағанда;
      2) меншік құқығындағы, жер пайдалану құқығында және өзге де жерлерге құқықтары бойынша өзіне тиесілі жер учаскесінде жер асты суларын өңдеуді жүзеге асыратын жеке тұлғамен, өндірілген жерасты сулары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы кезінде пайдаланылмаған жағдайда;
      3) өзінің шаруашылық қажеттіліктері үшін мемлекеттік мекемелер өндіретін жерасты сулары бойынша.

      341-бап. Салық базасы

      1. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу үшін салық базасы жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық көлемінің құны болып табылады.
      2. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшықтың құны салық кезеңіне есептелген сатудың орташа өлшемді бағасын негізге ала отырып, айқындалады.
      Сатудың орташа өлшемді бағасы мынадай анықтама бойынша айқындалады:
      Б ор. = (V1 е.к. х Б1 С. + V2 е.к. х Б2 с.... + Vn п.с. х Цn с.)/V жалпы сатудың, былайша:
      V1 р.п., V2 р.п.,.... Vn р.п. - салық кезеңінде сатылған кең таралған пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшықтың әрбір партиясының көлемі,
      Б1 р., Б2 р.... + Бn с. - салық кезеңінде әрбір партия бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты сулары мен емдік балшықты сатудың нақты бағасы,
      n - салық кезеңінде сатылған кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен емдік балшықтың саны,
      V жалпы сату - салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты сулары мен емдік балшықты сатудың жалпы көлемі.
      Сатудың орташа өлшемді бағасын жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен емдік балшықтың барлық көлеміне, оның ішінде, кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өз бағасына берілген және (немесе) тауар өнімін өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың жеке өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланылған көлемге қолданылады.
      3. Есепті салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшықты сату болмаған жағдайда, олардың құны сату орын алған соңғы салық кезеңіндегі сатудың орташа өлшемді бағасын негізге ала отырып, айқындалады.
      4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт іс-әрекетінің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты сулары мен емдік балшықты сату толықтай болмаған жағдайда, олардың құны 20 процентке ұлғайтылған, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес айқындалатын өндірудің және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құнын негізге ала отырып, айқындалады.
      Кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты сулары мен емдік балшықты кейіннен сатқан жағдайда жер қойнауын пайдаланушы бірінші сату орын алған салық кезеңіндегі нақты орташа өлшемнің бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндіруге есептелген салықтың сомасына түзету жүргізуге міндетті.
      Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептелген сомасын түзету бірінші сату болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңге жер қойнауын пайдаланушы жүргізеді. Бұл, ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемелері болып табылады.

      342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық
               ставкалары

      Кең таралған пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшықты өндіруге салынатын салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/н
N

Пайдалы қазбалардың атауы

Ставка,%-бен

1

2

3

1.

Металлургияға арналған руда емес шикізат, қалыпқа салынатын құм, глиноземді жыныс (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, тамақ өнеркәсібіне арналған әктас-доломит жыныстар

2,5

2.

Басқа руда емес шикізат, отқа берік саз балшық, каолин, вермикулит, ас тұзы

4,7

3.

Жергілікті құрылыс материалдары, жанартаулық кеуек жыныстар, құрамында суы бар жанартаулық шыны мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипстасы, ангидрит, гажа, сазбалшық және сазбалшықты жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын сазбалшық, құмды сазбалшық, аргиллит, алевролит балшықты тақта тастар), бор, мергель (құмды әк), мергельді-бор жыныстар, кремний жыныстар (трепел, опока, диатомит), кварцті-дала шпаты жыныстары, шойтас, шөгінді, атқылаудан кейінгі және метаморфозалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыпқа түскеннен басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас

5,6

4.

Жер асты сулары

10,6

$ 4. Салық кезеңі, салық декларациясы мен
төлеу мерзімі

      343-бап. Салық кезеңі

      Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

      344-бап. Төлеу мерзімі.

      Салық төлеуші есептелген соманы бюджетке салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төлеуге міндетті.

      345-бап. Салық декларациясы

      Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша декларацияны салық төлеуші тіркеу орны бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей береді.

      346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты,
               экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына
               салынатын рента салығын, өнімдерді заттай
               нысанда бөлу бойынша Қазақстан Республикасының
               үлесін және роялтиді төлеу тәртібі

      1. Осы Кодекстің 302-бабы 2-тармағы мен 330-бабы 3-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабы 2-тармағында көрсетілген келісім-шарттардың салық режимінің ережелерінде белгіленген жағдайларда салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты, экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығын, өнімдерді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін және роялтиді төлеу есебіне заттай нысандағы пайдалы қазбаларды Қазақстан Республикасына беруді жүргізуге міндетті.
      2. Осы Кодекспен белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты және экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабы 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда белгіленген өнімдерді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін және роялтиді төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық және ішінара жүргізілуі мүмкін.
      3. Осы Кодекспен белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың және экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабы 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда белгіленген өнімдерді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі мен роялтидің ақшалай нысанда төленетін мөлшері осы Кодекспен, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабы 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда белгіленген тәртіпте және мөлшерде ақшалай түрде есептелген осы салықтар мен төлемдерге барабар болуы тиіс.
      4. Салық төлеушінің осы Кодекспен белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты және экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабы 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда белгіленген өнімдерді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі мен роялтиді заттай нысанда төлеуін көздейтін қосымша келісімді жасау кезінде міндетті түрде:
      1) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық және экспортталатын шикі мұнай,  газ конденсатына салынатын рента салығы, өнімдерді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі мен роялти түрінде заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемін мемлекет атынан алушы;
      2) пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, және экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығы, өнімдерді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі мен роялти түрінде заттай нысанда Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушы беретін пайдалы қазбалар көлемін жеткізу пункті мен шарттары көрсетіледі.
      5. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекспен белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты және экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығын сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабы 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда белгіленген өнімдерді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі мен роялтиді төлеу есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды беру мерзімі ақшалай нысанда төлеу үшін осы Кодекспен, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабы 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда белгіленген осы салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімімен сәйкес келуі тиіс.
      Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттің атынан алушыға пайдалы қазбаларды егер мемлекеттің атынан алушы осындай берудің анағұрлым кеш мерзімін белгілеген жағдайларды қоспағанда, осы салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімінен кешіктірмей береді.
      6. Мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың және экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығының, роялти мен Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесінің тиесілі сомасын осы Кодекспен және осы Кодекстің 308-бабы 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімінде ақшалай түрде мемлекеттік бюджетке аударады.
      7. Мемлекеттің атынан алушы жер қойнауын пайдаланушының тиісті пайдалы қазбалар келемін уақтылы және толық беруіне өз бетімен бақылау жасайды.
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушысы заттай нысанда беретін осы Кодекспен белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты және экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 300-бабы 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда белгіленген өнімдерді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі мен роялтиді бюджетке аударудың толықтығы мен уақтылығына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың тиісті көлемін нақты жөнелткен күнінен бастап мемлекет атынан алушы жауап береді.
      8. Жер қойнауын пайдаланушы мен мемлекет атынан алушы осы Кодекспен белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың және экспортталатын шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығының сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалану келісім-шартында белгіленген өнімдерді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін және заттай нысандағы мөлшері мен төлеу (беру) мерзімі туралы есепті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде және нысанда тапсырады.

49-тарау. Үстеме пайда салығы

      347-бап. Төлеушілер

      Өнімді бөлу туралы келісім-шарттар (келісім-шарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және шипалы балшық ендіруге жасалған келісім-шарттар, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар осы келісім-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушілер болып табылады.

      348-бап. Салық салу объектісі

      1. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, жиынтық жылдық табысының шегерімге қатынасы 1,25-ден жоғары болған салық кезеңіндегі жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір жекелеген келісім-шарт бойынша таза табысының бір бөлігі үстеме табысқа салық салу объектісі болып табылады.
      2. Жиынтық жылдық табысты жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір жекелеген келісім-шарт бойынша келісім-шарттық қызмет бойынша айқындайды.
      3. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісім-шарт бойынша шегерімдер:
      1) есепті салық кезеңінде осы Кодекстің 100-114, 116-122-баптарына сәйкес келісім-шарттық қызмет бойынша корпорациялық табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған шығыстардың;
      2) мынадай шығыстар мен шығындардың:
      салық кезеңі ішінде қолданыстағы тіркелген активтер бойынша қалған амортизацияның сомалары және бухгалтерлік есепте тіркелген активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тіркелген активтерге арналған кейінгі шығыстардың сомалары шеңберіндегі шығыстарды қоса алғанда, тіркелген активтерді сатып алуға және құруға арналған нақты жұмсалған шығыстардың;
      жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстің 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен одан әрі шегерімге жатқызылатын шығыстарының;
      3) осы Кодекстің 136-137-баптарына сәйкес алдыңғы салық кезеңдерінде жұмсалған шығындардың сомалары ретінде айқындалады.
      4. Осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген шығыстар мен шығындарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімге жатқызу жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша кез келген салық кезеңінде жүзеге асырылады.
      5. Осы баптың 4-тармағында белгіленген құқықты қолдану кезінде, тиісті салық кезеңінде үстеме пайдаға салығын есептеу кезінде жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерімдер сомасынан осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін бұдан бұрын шегерімге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңінің корпорациялық табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға міндетті.

      349-бап. Салық базасы

      1. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісім-шарт бойынша таза табысының осы Кодекстің 348-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерімдер сомасының 25 процентінен асатын бөлігі салық базасы болып табылады.
      2. Осы бөлімнің мақсаты үшін таза табыс салық салынатын табыс және корпорациялық табыс салығы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      3. Осы бөлімнің мақсаты үшін салық салынатын табыс жиынтық жылдық табыс пен осы Кодекстің 133-бабына сәйкес жүзеге асырылатын азайтуды ескере отырып, осы Кодекстің 348-бабының 3-тармағында көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      4. Тұрақты мекеме арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын резидент еместер үшін таза табыс осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа байланысты тұрақты мекеменің таза табысына есептелген салықтың сомасына азаяды.

      350-бап. Есептеу тәртібі

      1. Салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу жиынтық жылдық табыстың шегерімдерге қатынасының тиісті мәніне жер қойнауын пайдаланушының таза табысының әрбір бөлігіне осы Кодекстің 349-бабына сәйкес айқындалатын салық базасына осы Кодекстің 351-бабында белгіленген әрбір тиісті ставканы қолдану арқылы жүргізіледі.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін және жиынтық жылдық табыстың шегерімдерге қатынасының іс жүзінде алынған мәні негізінде жер қойнауын пайдаланушы:
      1) осы Кодекстің 348-бабына сәйкес салық кезеңінде есептелген шегерімдердің жалпы сомаларының туындысы және жиынтық жылдық табыстың шегерімдерге қатынасының тиісті мәні ретінде жиынтық жылдық табыстың осы Кодекстің 351-бабында көзделген шегерімдерге қатынасының әрбір тиісті мәніне жиынтық жылдық табыстың есептік сомасын айқындайды;
      2) жиынтық жылдық табыстың алынған есептік мәнінің негізінде жиынтық жылдық табыстың осы Кодекстің 351-бабында көзделген шегерімдерге қатынасының әрбір мәніне сәйкес келетін таза табыстың тиісті есептік сомасын айқындайды;
      3) жиынтық жылдық табыстың осы Кодекстің 351-бабында көзделген шегерімдерге қатынасының тиісті мәніне сәйкес деңгейлер бойынша салық кезеңінде іс жүзінде алынған таза табысты бөледі;
      4) жиынтық жылдық табыстың осы Кодекстің 351-бабында көзделген шегерімдерге қатынасының әрбір мәніне жататын таза табыстың әрбір бөлігіне үстеме пайда салығының тиісті ставкасын қолданады.

      351-бап. Үстеме пайда салығының ставкалары

      Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушылар жылжымалы шәкіл бойынша мынадай мөлшерде төлейді:

Р/с
N

Жиынтық
жылдық
табыстың
шегерімдерге
қатынасының
мәні

Салық базасы

Ставка,
%-бен

Бюджетке төленуге
жататын салық сомасы

1

2

3

4

5

1.

1,25-тен кемнемесе соғантең

салынбайды

0


2.

1,25-тен
1,3-ке дейін
қоса алғанда

1,25-тен
1,35-ке дейінгі мәнге сәйкес
келетін таза
табыс бөлігі

10

10% ставка бойынша есептелген салық сомасы

3.

1,3-тен
1,4-ке дейін
қоса алғанда

1,3-тен 1,4-ке дейінгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі

20

10% және 20% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

4.

1,4-тен
1,5-ке дейін
қоса алғанда

1,4-тен
1,5-ке дейінгі
мәнге сәйкес
келетін таза
табыс бөлігі

30

10%, 20% және 30% ставкалар бойынша
есептелген салық
сомасы

5.

1,5-тен
1,6-ға дейін
қоса алғанда

1,5-тен
1,6-ға дейінгі
мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі

40

10%, 20%, 30% және 40% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

6.

1,6-дан
1,7-ге дейін
қоса алғанда

1,6-дан
1,7-ге дейінгі
мәнге сәйкес
келетін таза табыс бөлігі

50

10%, 20%, 30%, 40% және 50% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

7.

1,7-ден
жоғары

1,7-ден мәні-
нен асатын
таза табыс
бөлігі

60

10%, 20%, 30%, 40%, 50% және 60% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы

      352-бап. Салық кезеңі

      Үстеме пайда салығы үшін осы Кодекстің 148-бабында айқындалған салық кезеңі қолданылады.

      353-бап. Салықты төлеу мерзімі

      Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15-ші сәуірінен кешіктірілмей төленеді.

      354-бап. Салық декларациясы

      Үстеме пайда салығы бойынша декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі жылдың 10-шы сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.

12-бөлім. Әлеуметтік салық 50-тарау. Жалпы ережелер

      355-бап. Төлеушілер

      1. Мыналар:
      1) жеке кәсіпкерлер;
      2) жеке нотариустар, адвокаттар;
      3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғалар;
      4) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.
      2. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік салық төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.

      356-бап. Арнаулы салық режимін қолданатын
               төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық
               есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету
               ерекшеліктері

      Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді:
      1) осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтері үшін;
      2) осы Кодекстің 433-438-баптарына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін;
      3) осы Кодекстің 429-432 баптарына сәйкес патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін;
      4) осы Кодекстің 445-447-баптарына сәйкес шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер жүргізеді.

      357-бап. Салық салу объектісі

      1. Салық салу объектісі жұмыс берушінің осы Кодекстің 165-бабының 2-тармағында анықталған табыстар түрінде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстің 192-бабының 18)-21) тармақшаларында анықталған табыстар түрінде резидент емес қызметкерлерге төленетін шығыстары, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 191-бабының 10-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың табыстары болып табылады.
      2. Салық агенті қызметкердің толық жұмыс күні үшін табысын Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен мөлшерде есептеген жағдайда әлеуметтік салық салу объектісін жалақының көрсетілген ең төменгі мөлшерін негізге ала отырып белгілейді.
      3. Осы Кодекстің 156-бабының 8), 10), 12), 18), 19), 25)-27), 29), 30) - 32), 34) тармақшаларында белгіленген табыстар, сондай-ақ:
      1) мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері және халықаралық ұйымдар желілері арқылы берілетін гранттар қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;
      2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік сыйлықақылар, стипендиялар;
      3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін белгіленетін ақшалай наградалар;
      4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, қызметкерлердің штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мөлшерлерде төленетін өтемдер;
      5) пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін өтемдері;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.
      4. Осы Кодекстің 365-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушілер үшін төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.
      5. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (міндеттерін) жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісім-шартқа) сәйкес жүргізілсе, осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасының ережелері қолданылады.

      358-бап. Салық ставкалары

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.
      2. Арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өзі үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.
      Осы заңның ережесі салық төлеуші салық төлеуді уақытқа тоқтатқан кезде осы Кодекстің 73-бабына сәйкес оларға қолданылмайды
      3. Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстің 136-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді.
      4. Шаруа және фермерлік қожалықтарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық ставкасы осы Кодекстің 445-бабында белгіленген.
      5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық ставкасы осы Кодекстің 66-тарауында белгіленген.

51-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі

      359-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі

      1. Осы Кодекстің 355-бабының 1-тармағының 3, 4) тармақшаларында көрсетілген төлеушілер салық кезеңі үшін әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
      2. Арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 2-тармағында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 357-бабының 4-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
      3. Әлеуметтік салықтың сомасы міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

      360-бап. Әлеуметтік салықты төлеу

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
      2. Құрылымдық бөлімшелері бар әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеуді осы Кодекстің 362-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      361-бап. Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты
               есептеу ерекшеліктері

      1. Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына кемітіледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуметтік жәрдемақының төленген сомасы есепті айда есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесі айға ауыстырылады.

      362-бап. Құрылымдық бөлімшелер бойынша салықты есептеу
               және төлеу тәртібі

      1. Құрылымдық бөлімшелер бойынша төленуге тиіс әлеуметтік салықтың сомасы осы құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің табыстары бойынша есептелген әлеуметтік салық негізге алына отырып есептеледі.
      2. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді жүзеге асырады.

52-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы

      363-бап. Салық кезеңі

      Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

      364-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық
               жөніндегі декларация

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушілер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны салық органдарына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей орналасқан жері бойынша тапсырады.
      Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге тапсырылады.
      2. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны салық органына құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері бойынша тапсырады.

13-бөлім. Көлік құралдары салығы 53-тарау. Жалпы ережелер

      365-бап. Салық төлеушілер

      1. Егер осы бапта өзгеше көрсетілмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - заңды тұлғалар) көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
      2. Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын төлеуші болып табылады.
      3. Мыналар:
      1) жалпы меншік құқығында, меншік құқығында өзінің мүшелеріне тиесілі және меншікті ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын мынадай көлік құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер:
      қозғалтқышының көлемі 2500 текше см. дейінгіні қоса алғанда, бір жеңіл автомобиль;
      қозғалтқышының жиынтық қуаты 1000 га егістікке 1000 кВт мөлшерінде жүк автомобильдері;
      2) меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер:
      сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;
      ветеринарлық қызмет автомобильдері,
      автозообиологиялық зертханалар,
      автожемтасығыштар;
      автотиеуіштер,
      дән сепкіштерге автоқұйғыштар;
      тыңайтқыш енгізуге арналған автомашиналар;
      ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуіштер;
      тең штабельдерін автотасымалдауыштар;
      автоулыжемшашқыш;
      пәлекжинағыш машиналар;
      а/ш АН-2 әуе кемесі;
      өздігінен жүретін дестелегіштер;
      астық жинайтын комбайндар;
      доңғалақты тракторлар, өзі жүретін шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;
      мал азығын жинағыш комбайндар;
      ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі автомобиль-шеберханалар;
      өздігінен жүретін шөп шапқыштар;
      маялағыштар;
      жинағыш комбайндар (тамыржемістілерді, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және т.б. жинауға арналған);
      3) мемлекеттік мекемелер;
      4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерлік еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерлік еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
      5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
      6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, "Халық қаһарманы" атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және "Отан" орденімен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
      7) ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.

      366-бап. Салық салу объектілері

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын  және(немесе) есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
      2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды.

54-тарау. Салық ставкалары

      367-бап. Салық ставкалары

      1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:

Салық салу объектісі

Салық ставкасы
(айлық есептік
көрсеткіш)

Двигателінің көлемі мынадай жеңіл
автомобильдер (текше см.):
1100-ге дейін қоса алғанда
1100-ден жоғары 1500-ді қоса
1500-ден жоғары 2000-ды қоса
2000-нан жоғары 2500-ді қоса
2500-ден жоғары 3000-ды қоса
3000-нан жоғары 4000-ды қоса
4000-нан жоғары


  2
3
4
6
9
15
117

Жүк көтергіштігі мынадай жүк таситын
арнаулы автомобильдер (тіркемелерді
есептемегенде):
1 тоннаға дейін қоса алғанда
1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса
1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса
5 тоннадан жоғары


 
 
 

   3
5
7
9

Шынжыр табанды машиналар мен
механизмдерді қоспағанда, өздігінен жүретін машиналар мен пневматикалық жүрістегі механизмдер


 
 
 

   3

Автобустар:
12 отыратын орынға дейін қоса алғанда
12-ден жоғары - 25 отыратын орынды қоса
25 отыратын орыннан жоғары


9
14
20

Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, двигателінің қуаты 55 кВт-тан артық емес көлемі шағын кемелер
Двигателінің қуаты 55 кВт-тан жоғары мотоциклдер


  1
 
1

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар,
яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшіне тең):
160-қа дейін қоса алғанда
160-тан жоғары 500-ді қоса
500-ден жоғары 1000-ды қоса
1000-нан жоғары


 
 
 

   6
18
32
55

Ұшу аппараттары

әрбір киловатт
қуаттан айлық
есептік көрсеткіштің 4,0 проценті

      2. Жеңіл автомобильдердің төрт айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрді қоса, алты айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді, тоғыз айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса және он бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрді қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.
      3. Пайдаланылу мерзіміне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
      1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
      пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 2,0;
      пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 3,0;
      1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуірден кейін алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 сәуірге дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
      пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 0,5;
      пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары - 0,3.
      4. Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралдарының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетілген көлік құралы шығарылған жыл негізге алына отырып есептеледі.

55-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері

      368-бап. Салықты есептеу тәртібі

      1. Салық төлеушілер салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.
      Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғаларға және ауылдық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
      Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.
      2. Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:
      1) беретін тарап үшін:
      салық кезеңінің басында қолда бар көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
      салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;
      2) алушы тарап үшін - салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі.
      3. Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:
      1) көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде салықтың жылдық сомасын тараптардың біреуі (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгізеді;
      2) көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиісті салық сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      4. Алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлік құралын сатып алған кезде салық сомасы көлік құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептеледі.

      369-бап. Салық төлеу мерзімдері

      1. Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар бюджетке салық төлеуді салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.
      2. Алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі он күнтізбелік күнінен кешіктірмей көрсетілген көлік құралы бойынша салық төлеуді жүргізеді.
      3. Меншік құқығында 1 қазанға дейін болған көлік құралдары бойынша жеке тұлғалар бюджетке салық төлеуді салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірмей төлеуді жүргізеді.
      4. Осы Кодекстің 368-бабының 4-тармағында көрсетілген көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 қазанынан кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.
      5. Көлік құралының меншік иесі атынан меншікті сенімгерлік басқару құқығымен көлік құралын иеленуші тұлғаның көлік құралдарына салық төлеуі көлік құралы меншік иесінің осы салық кезеңі үшін салық міндеттемесін орындауы болып табылады.

56-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы

      370-бап. Салық кезеңі

      Көлік құралдары салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес белгіленеді.

      371-бап. Салық есептілігі

      Төлеушілер - заңды тұлғалар көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей, сондай-ақ декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.

14-бөлім. Жер салығы 57-тарау. Жалпы ережелер

      372-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысаналы мақсаты мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға:
      1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;
      2) елді мекендер жерлеріне;
      3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - өнеркәсіп жерлері);
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері);
      5) орман қорының жерлеріне;
      6) су қорының жерлеріне;
      7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.
      2. Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:
      1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекендер жерлері;
      2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
      3. Жердің мынадай санаттары:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
      2) орман қорының жерлері;
      3) су қорының жерлері;
      4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
      Аталған жерлер (запастағы жерлерді қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, оларға осы Кодекстің 385-бабында белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.
      4. Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.
      5. Жер салығы:
      1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
      2) жер қатынастары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.

      373-бап. Төлеушілер

      1. Мынадай:
      1) жеке меншік құқығындағы;
      2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
      3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
      2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушілер ретінде қарастырылады.
      3. Мыналар:
      1) шаруа немесе фермерлік қожалықтарға арналған арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;
      2) мемлекеттік мекемелер;
      3) уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерлік еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерлік еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының біреуі:
      тұрғын-үй қоры, оның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері;
      үй маңындағы жер учаскелері;
      жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;
      гаражға арналған жер учаскелері бойынша;
      5) тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша - "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар;
      6) тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері бойынша жеке тұратын зейнеткерлер;
      7) діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.
      4. Осы баптың 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды.

      374-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушіні анықтау

      1. Егер жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ меншігіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеуші болып табылады.
      Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесі бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеуші болып табылады.
      2. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде таңу үшін осындай учаскені оның нақты иеленуі және пайдалануы негіз болып табылады.
      3. Лизинг алушы қаржы лизингі шартына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісімен бірге қаржы лизингіне берілген (алынған) жер учаскесі бойынша жер салығын төлеуші болып табылады.

      375-бап. Салық салу объектісі

      1. Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.
      2. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:
      1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері. Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланылатын инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады.
      2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері.
      Ортақ пайдаланудағы кесіп берілген белдеудегі мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлік жүріп өтетін тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылыстар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелері мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері;
      4) жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.

      376-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін
               анықтау

      1. Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір жол көлігі ұйымдары үшін салық салу объектісі болып табылады.
      2. Электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика және электрлендіру жүйесі ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
      3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
      4. Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар байланыс ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.

      377-бап. Салық базасы

      Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.

58-тарау. Салық ставкалары

      378-бап. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге
               салынатын базалық салық ставкалары

      1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
      2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:

р/с
N

Бонитет
балы

Базалық
салық
ставкасы
(теңге)

р/с N

Бонитет
балы

Базалық салық
ставкасы
(теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

1

0,48

51.

51

43,42

2.

2

0,67

52.

52

44,49

3.

3

0,87

53.

53

45,55

4.

4

1,06

54.

54

46,65

5.

5

1,25

55.

55

47,71

6.

6

1,45

56.

56

48,77

7.

7

1,68

57.

57

49,83

8.

8

1,93

58.

58

50,95

9.

9

2,16

59.

59

52,01

10.

10

2,41

60.

60

53,07

11.

11

2,89

61.

61

57,90

12.

12

3,09

62.

62

60,63

13.

13

3,28

63.

63

63,26

14.

14

3,47

64.

64

65,95

15.

15

3,67

65.

65

68,61

16.

16

3,86

66.

66

71,31

17.

17

4,09

67.

67

73,96

18.

18

4,34

68.

68

76,66

19.

19

4,57

69.

69

79,32

20.

20

4,82

70.

70

82,02

21.

21

5,31

71.

71

86,85

22.

22

5,79

72.

72

89,55

23.

23

6,27

73.

73

92,12

24.

24

6,75

74.

74

94,89

25.

25

7,24

75.

75

97,56

26.

26

7,72

76.

76

100,26

27.

27

8,20

77.

77

102,91

28.

28

8,68

78.

78

105,61

29.

29

9,17

79.

79

108,27

30.

30

9,65

80.

80

110,97

31.

31

14,47

81.

81

115,80

32.

32

15,54

82.

82

119,02

33.

33

16,59

83.

83

122,21

34.

34

18,08

84.

84

125,45

35.

35

18,76

85.

85

128,67

36.

36

19,82

86.

86

131,86

37.

37

20,88

87.

87

135,10

38.

38

22,00

88.

88

138,32

39.

39

23,06

89.

89

141,51

40.

40

24,12

90.

90

144,75

41.

41

28,95

91.

91

149,57

42.

42

30,01

92.

92

154,40

43.

43

31,07

93.

93

159,22

44.

44

32,17

94.

94

164,05

45.

45

33,23

95.

95

168,87

46.

46

34,29

96.

96

173,70

47.

47

35,36

97.

97

178,52

48.

48

36,48

98.

98

183,35

49.

49

37,54

99.

99

188,17

50

50

38,60

100.

100

193,00




101.

100-ден
жоғары

202,65

      3. Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:

Р/с
N

Бонитет
балы

Базалық
салық
ставкасы
(теңге)

Р/с N

Бонитет
балы

Базалық салық
ставкасы
(теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

1

0,48

51.

51

19,78

2.

2

0,54

52.

52

20,26

3.

3

0,58

53.

53

20,75

4.

4

0,62

54.

54

21,23

5.

5

0,67

55.

55

21,71

6.

6

0,73

56.

56

22,19

7.

7

0,77

57.

57

22,68

8.

8

0,81

58.

58

23,16

9.

9

0,87

59.

59

23,64

10.

10

0,96

60.

60

24,12

11.

11

1,45

61.

61

24,61

12.

12

1,83

62.

62

25,28

13.

13

2,22

63.

63

25,82

14.

14

2,55

64.

64

26,44

15.

15

2,93

65.

65

27,02

16.

16

3,32

66.

66

27,64

17.

17

3,71

67.

67

28,22

18.

18

4,05

68.

68

28,85

19.

19

4,44

69.

69

29,49

20.

20

4,82

70.

70

30,07

21.

21

5,31

71.

71

30,69

22.

22

5,79

72.

72

31,27

23.

23

6,27

73.

73

31,88

24.

24

6,75

74.

74

32,46

25.

25

7,24

75.

75

33,09

26.

26

7,72

76.

76

33,68

27.

27

8,20

77.

77

34,31

28.

28

8,68

78.

78

34,93

29.

29

9,17

79.

79

35,51

30.

30

9,65

80.

80

36,15

31.

31

10,13

81.

81

36,71

32.

32

10,61

82.

82

37,34

33.

33

11,09

83.

83

37,92

34.

34

11,58

84.

84

38,56

35.

35

12,06

85.

85

39,18

36.

36

12,54

86.

86

39,76

37.

37

13,03

87.

87

40,38

38.

38

13,51

88.

88

40,95

39.

39

13,99

89.

89

41,59

40.

40

14,47

90.

90

42,17

41.

41

14,96

91.

91

42,18

42.

42

15,44

92.

92

43,39

43.

43

15,92

93.

93

44,00

44.

44

16,40

94.

94

44,62

45.

45

16,89

95.

95

45,20

46.

46

17,37

96.

96

45,84

47.

47

17,85

97.

97

46,38

48.

48

18,33

98.

98

47,03

49.

49

18,82

99.

99

47,61

50.

50

19,30

100.

100

48,25




101.

100-ден
жоғары

50,18

      379-бап. Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық
               мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық
               ставкалары

      Жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
      1) көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
      2) көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге.

      380-бап. Ауыл шаруашылық мақсаттары үшін пайдаланылатын
               ауыл шаруашылық мақсаттарына арналмаған
               жерлерге салынатын салық ставкалары

      Елді мекендердің, өнеркәсіптің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман және су қорларының құрамына кіретін, ауыл шаруашылық мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелеріне осы кодекстің 387-бабының 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

      381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер
               учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық
               салық ставкалары

      Елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

Р/с
N

Елді мекеннің
түрі

Тұрғын үй қоры,
соның ішінде оның
іргесіндегі
құрылыстар мен
ғимараттар алып
жатқан жерді
қоспағанда, елді
мекендердің жерлеріне салына-
тын салықтың
базалық ставкалары
(теңге)

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі
құрылыстар мен ғимараттар алып
жатқан жерлерге
салынатын салықтың
базалық ставкалары
(теңге)

1

2

3

4

1.

Қалалар:



2.

Алматы

28,95

0,96

3.

Астана

19,30

0,96

4.

Ақтау

9,65

0,58

5.

Ақтөбе

6,75

0,58

6.

Атырау

8,20

0,58

7.

Қарағанды

9,65

0,58

8.

Қызылорда

8,68

0,58

9.

Көкшетау

5,79

0,58

10.

Қостанай

6,27

0,58

11.

Павлодар

9,65

0,58

12.

Петропавл

5,79

0,58

13.

Тараз

9,17

0,58

14.

Орал

5,79

0,58

15.

Өскемен

9,65

0,58

16.

Шымкент

9,17

0,58

17.

Алматы облысы:



18.

Облыстық маңызы
бар қалалар

6,75

0,39

19.

Аудандық маңызы
бар қалалар

5,79

0,39

20.

Ақмола облысы:



21.

Облыстық маңызы
бар қалалар

5,79

0,39

22.

Аудандық маңызы
бар қалалар

5,02

0,39

23.

Облыстық маңызы бар басқа қалалар

Облыс орталығы үшін белгіленген
ставканың
85 проценті

0,39

24.

Аудандық маңызы
бар басқа қалалар

Облыс орталығы үшін белгіленген
ставканың
75 проценті

0,19

25.

Кенттер






0,13

26.

Селолар
(ауылдар)

0,96

0,19

      382-бап. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын
               базалық салық ставкалары

      Елді мекендердің тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесі деп есептеледі.
      Үй іргесіндегі жер учаскелеріне мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға тиіс:
      1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
      көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;
      көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.
      Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
      2) басқа елді мекендер үшін:
      көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;
      көлемі 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.
      Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

      383-бап. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп
               жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары

      1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

р/с
N

Бонитет
балы

Базалық
салық
ставкасы
(теңге)

р/с
N

Бонитет
балы

Базалық салық
ставкасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

0

48,25

52.

51

2634,45

2.

1

91,67

53.

52

2690,23

3.

2

135,10

54.

53

2745,95

4.

3

178,52

55.

54

2801,72

5.

4

221,95

56.

55

2857,46

6.

5

265,37

57.

56

2913,24

7.

6

308,80

58.

57

2968,96

8.

7

352,22

59.

58

3024,73

9.

8

395,65

60.

59

3080,47

10.

9

439,07

61.

60

3136,25

11.

10

482,50

62.

61

3188,36

12.

11

530,75

63.

62

3247,75

13.

12

592,41

64.

63

3325,49

14.

13

654,08

65.

64

3364,61

15.

14

715,68

66.

65

3423,05

16.

15

777,35

67.

66

3489,25

17.

16

839,01

68.

67

3539,95

18.

17

900,67

69.

68

3598,39

19.

18

962,29

70.

69

3656,81

20.

19

1023,96

71.

70

3715,25

21.

20

1084,66

72.

71

3769,29

22.

21

1138,70

73.

72

3829,64

23.

22

1189,07

74.

73

3890,53

24.

23

1239,35

75.

74

3951,67

25.

24

1287,73

76.

75

4012,79

26.

25

1340,29

77.

76

4073,88

27.

26

1390,66

78.

77

4135,02

28.

27

1441,07

79.

78

4196,15

29.

28

1491,45

80.

79

4257,23

30.

29

1541,88

81.

80

4319,34

31.

30

1592,25

82.

81

4371,45

32.

31

1646,29

83.

82

4432,57

33.

32

1693,03

84.

83

4493,66

34.

33

1740,76

85.

84

4554,80

35.

34

1788,47

86.

85

4615,92

36.

35

1836,20

87.

86

4677,01

37.

36

1883,87

88.

87

4738,15

38.

37

1931,58

89.

88

4799,27

39.

38

1979,31

90.

89

4860,36

40.

39

2027,02

91.

90

4921,50

41.

40

2074,75

92.

91

4975,54

42.

41

2126,86

93.

92

5054,48

43.

42

2178,19

94.

93

5134,32

44.

43

2228,61

95.

94

5214,22

45.

44

2278,98

96.

95

5294,09

46.

45

2329,41

97.

96

5373,99

47.

46

2379,79

98.

97

5453,83

48.

47

2340,22

99.

98

5533,73

49.

48

2480,57

100.

99

5613,59

50.

49

2531,00

101.

100

5693,50

51.

50

2582,34

102.

100-ден
жоғары

5790,00

      2. Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерді қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшін берілген жерлерге осы баптың 1-тармағында белгіленген ставкалар бойынша салық салынуға тиіс.
      3. Қорғаныс мұқтажы үшін берілген, қорғаныс мұқтажы үшін уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін басқа жер пайдаланушыларға берілген жерлерге осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бапта белгіленген ставкалар бойынша салық салынуға тиіс.
      4. Магистральды темір жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар орналасқан темір жол көлігі кәсіпорындарының жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бапта белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.

      384-бап. Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп
               жерлеріне салынатын салық ставкалары

      1. Елді мекендер шегінде (осы баптың 3-тармағында аталған жерлерді қоспағанда) орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңірлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 381-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
      2. Елді мекендер шегінде, бірақ селитебті аумақтан тыс (осы баптың 3-тармағында аталған жерлерді қоспағанда) орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңірлеріне базалық ставкалар жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендетуді ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 процентінен аспауы тиіс.
      3. Елді мекендер шегінде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсіп жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 383-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
      Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, аэродромдар алып жатқан жерді қоспағанда, әуежайлар алып жатқан жерлерге осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 381-бапта белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
      Осы Кодекстің мақсаттары үшін әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшін арнаулы дайындалып, жабдықталған жер учаскесі аэродром деп ұғылады.

      385-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман
               қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық
               ставкалары

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылық мақсаттарында пайдаланылатын жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.
      2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық мақсаттарынан өзге мақсаттарға пайдалануға берілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 383-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салынуға тиіс.

      386-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю
               станциялары, базарлар мен казино үшін бөлінген
               жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары

      1. Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлеріне, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, осы Кодекстің 381-бабында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиіс.
      Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, таяу орналасқан елді мекендер жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиіс.
      Жерлеріне базалық ставкалар салықты есептеу кезінде қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган белгілейді.
      Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс
      2. Елді мекендердің казино орналасқан жерлеріне осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша одан он есе ұлғайтылған мөлшерде салық салынуға тиіс.
      Казино орналасқан басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендер жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында белгіленген, елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша одан он есе ұлғайтылған мөлшерде салық салынуға тиіс.
      Елді мекеннің жерлеріне салықты есептеу кезінде қолданылатын базалық ставкаларды жергілікті өкілді орган белгілейді.
      Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

      387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету

      1. Жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын осы Кодекстің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа, автоқұю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларынан 50 проценттен аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
      Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкасын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
      2. Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентті қолданады:
      1) сауықтыру балалар мекемелері;
      2) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында белгіленген заңды тұлғалар;
      3) осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында белгіленген заңды тұлғалар;
      4) қызметінің негізгі түрі ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
      5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
      6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;
      7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кәсіпорындар.
      3. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0 коэффициентін қолданады.
      4. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушілер жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезінде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 59-тарауында белгіленген тәртіппен есептейді.
      5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстің 151-бабының 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.

59-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері

      388-бап. Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі

      1. Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
      Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.
      3. Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін есептеледі.
      4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
      5. Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстыру кезінде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы - қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады.
      6. Елді мекен таратылған және оның аумағы басқа елді мекеннің құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.
      7. Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің баллдарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан жерлердің бонитет балы негізге алына отырып анықталады.
      8. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.

      389-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен
               төлеу мерзімдері

      1. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.
      2. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.
      3. Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде тең үлестермен төленуге тиіс.
      Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
      Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
      4. Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында болған салық төлеу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану жолымен белгіленеді.
      5. Жер салығын төлеу бойынша салық міндеттемелері туындаған күннен кейінгі, осы баптың 3-тармағында белгіленген кезекті мерзім салық міндеттемелері туындаған кезде салық кезеңінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
      Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен кейінгі кезекті мерзім салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
      6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
      Осы Кодекстің 373-бабының 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаларға пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейінгі түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-бабында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
      7. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.
      8. Салық салу объектілеріне құқықтар салық кезеңінің ішінде берілген жағдайда салық сомасы жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін есептеледі.
      Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеуші ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі жер учаскесін беретін айдың басына дейін салық сомасын есептейді. Одан кейінгі төлеуші өзінің жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді.
      Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бірі (келісім бойынша) енгізуі мүмкін. Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде төленген салық сомасы кейіннен қайта төленбейді.
      9. Салық төлеуші салық кезеңінде декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей біржолата есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді.

      390-бап. Жекелеген жағдайларда салық есептеудің
               ерекшеліктері

      1. Бірнеше салық төлеушілердің пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелеріне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеуші бойынша жеке есептеледі.
      2. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдің, құрылыстың және ғимараттың бір бөлігін жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесінде орналасқан барлық үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берілген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге тиіс.
      3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлікті заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық ставкалары бойынша есептелуге тиіс.

      391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және
               төлеу мерзімдері

      1. Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді.
      2. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне құқықты берген жағдайда салық сомасы осы Кодекстің 389-бабы 8-тармағының ережелері ескеріле отырып есептеледі.
      3. Жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, өз қызметтерінде жер учаскелері бойынша пайдаланатын адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.
      4. Салық міндеттемелері ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейін туындаған кезде салық сомасын төлеу салық салынатын объектіге меншік құқығы мемлекеттік тіркелгеннен кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      5. Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын осы Кодекстің 389-бабында белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.

60-тарау. Салық кезеңі және салық есептілігі

      392-бап. Салық кезеңі

      Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес белгіленеді.

      393-бап. Салық есептілігі

      1. Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар жер салығы бойынша декларацияны салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдер есеп-қисабын осы бапта белгіленген мерзімде табыс етеді.
      2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы ағымдағы -салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
      3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер есеп-қисабын салық төлеуші мемлекеттік тіркеуден өткен айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді.
      4. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есебін осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.
      5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі.

15-бөлім. Мүлік салығы 61-тарау. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге
салынатын мүлік салығы

      394-бап. Салық төлеушілер

      1. Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, сондай-ақ концессия шарты бойынша концессионер;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құқықтарда салық салу объектілері бар заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері дербес салық төлеушілер ретінде қарастырылады.
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушілер мүлікке салынатын салықты осы тарауда заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.
      4. Мыналар мүлікке салынатын салықты төлеушілер болып табылмайды:
      1) салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын меншік құқығында, меншік иесінің өз ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде пайдаланатын төлеушілер;
      Салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын меншік құқығында, меншік иесінің өз ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде пайдаланатын төлеушілер мүлікке салынатын салықты осы бөлімде белгіленген тәртіппен төлейді;
      2) мемлекеттік мекемелер;
      3) уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
      4) діни бірлестіктер.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеуден босатылмайды.

      395-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні анықтау

      1. Меншік иесі салық салу объектілерін сенімгерлік басқаруға берген кезде салық төлеуші осы Кодекстің 35-бабының 3-тармағына сәйкес анықталады.
      2. Бұл ретте сенімгер басқарушының немесе жалға алушының салық төлеуі салық салу объектілері меншік иесінің есепті кезең үшін салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
      3. Егер салық салу объектісі пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін салық салу объектілерін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.
      4. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша осы салық салу объектілерінің меншік иелерінің бірі олардың арасындағы келісім бойынша салық төлеуші бола алады.
      5. Қаржылық лизингке берілген объектілер бойынша лизинг алушы салық төлеуші болып табылады.
      6. Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін салық салу объектілері бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеуші болып табылады.

      396-бап. Салық салу объектісі

      1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, тұрғын-үй құрылысы, үй-жайлар, сондай-ақ жермен берік байланыстағы өзге де құрылыстар (бұдан әрі - ғимараттар) салық салу объектісі болып табылады.
      2. Мыналар салық салу объектілері болып табылмайды:
      1) осы Кодекстің 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектісі болып табылатын жер;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған ғимараттар;
      3) жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары:
      бұрылу белдеуі;
      жолдардың конструкциялық элементтері;
      жол жағдайы мен оны абаттандыру;
      көпірлер; өткерме жолдар;
      виадуктар;
      жол тарамдары;
      тоннельдер;
      қорғаныш галереялары;
      жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
      суды бұрып жіберетін және су өткізгіш құрылыстар;
      жол бойындағы орман алаптары;
      желілік тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметінің кешендері;
      4) аяқталмаған құрылыс объектілері.

      397-бап. Салық базасы

      1. бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.
      2. Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің баланстық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде анықталады.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа сәйкес айқындалған бағалау міндеттемелері (қайта монтаждаудың есептік құны, активті жою және учаскені қалпына келтіру) салық салу объектілерінің баланстық құнына кірмейді.
      3. Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берілген осы салық салу объектілерінің үлесін негізге ала отырып анықталады.
      4. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектілері бойынша салық салу объектілерін сатып алу құны салық базасы болып табылады.
      Салық салу объектілерінің осындай бағалауы болмаған жағдайда салық базасы объектілерді бағалау негізінде Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте және жағдайларда анықталады.

      398-бап. Салық ставкалары

      1. Заңды тұлғалар (осы баптың 3, 4 -тармақтарында аталғандарды қоспағанда) салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 2 процент ставка бойынша мүлік салығын есептейді.
      2. Жеке кәсіпкерлер мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1 процент ставка бойынша есептейді.
      3. Төменде аталған заңды тұлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,1 процент ставка бойынша мүлік салығын есептейді:
      1) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында белгіленген заңды тұлғалар;
      2) осы Кодекстің 135-бабында белгіленген заңды тұлғалар;
      3) негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын ұйымдар;
      4) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;
      5) мемлекеттік меншікке жататын және мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар;
      6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер - заңды тұлғалардың және шаруа (фермер) қожалықтарының жерін суару үшін пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектілері бойынша заңды тұлғалар.
      7) ауызсумен қамту объектілерін пайдаланатын заңды тұлғалар;
      4. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1 процент ставка бойынша есептейді.
      5. Осы баптың 3-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы баптың 1-тармағында белгіленген салық ставкасы бойынша есептейді және төлейді.
      6. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мүлік салығын осы Кодекстің 151-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.

      399-бап. Салықты есептеу және төлеу

      1. Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
      Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтер үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
      2. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.
      3. Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгіленген салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
      4. Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
      5. Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомаларын салық төлеуші салық кезеңіндегі 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.
      Салық төлеушінің құрылу күнінен (салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен) кейінгі кезекті мерзім осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшаларында аталған жаңадан құрылған салық төлеушілер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
      Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер мен осы Кодекстің 381-бабы 4-тармағының 3) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезінде салық сомасын ағымдағы салық кезеңі үшін осы баптың 7-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
      6. Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде төленеді, бұл ретте салық салу объектілерін сатып алған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
      Салық кезеңі ішінде шығып қалған салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілерінің шығып қалған кездегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
      Салық кезеңінің ішінде мүлікке салынатын салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелер өзгерген кезде мүлік салығының ағымдағы төлемдері мүлік салығы төленетін алдағы мерзімдер бойынша тең үлестермен салық міндеттемелерінің өзгерген сомасына түзетіледі.
      7. Салық төлеуші салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді.

      400-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

      Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша салықты жеке кәсіпкер осы тарауда белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.

      401-бап. Салық кезеңі

      1. Мүлік салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес белгіленеді.
      2. Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үшін салық кезеңі салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезіне дейін белгіленеді.

      402-бап. Салық есептілігі

      1. Салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге міндетті.
      Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық есептілігін жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен табыс етеді.
      2. Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
      Жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер сомасының есебін салық органдарына тіркеу есебіне қойылған айдан кейінгі айдың 15-сінен кешіктірмей табыс етеді.
      Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебін объектілерді пайдалануға немесе жалға берген айдан кейінгі айдың 15-сінен кешіктірмей табыс етеді.
      3. Салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі.
      4. Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

62-тарау. Жеке тұлғалардың мүлік салығы

      403-бап. Салық төлеушілер

      1. Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
      2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:
      1) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту (оқу) кезеңінде;
      2) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, "Халық қаһарманы" атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және "Отан" орденімен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
      3) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1500 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;
      4) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1500 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде - ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін Ұлы Отан соғысы жылдарында бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамыры бойынша кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін Ұлы Отан соғысы жылдарында бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
      Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді;
      5) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салынатын объектілер бойынша дара кәсіпкерлер.

      404-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні анықтау

      1. Салық салу объектілерін меншік иесі сенімгерлік басқаруға берген салық төлеуші осы Кодекстің 35-бабының 3-тармағына сәйкес анықталады.
      2. Егер салық салу объектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.
      3. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша өздерінің арасындағы келісіммен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.

      405-бап. Салық салу объектісі

      Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі мынадай объектілер:
      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілері - қоныстану (пайдалану) кезінен бастап жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылады.

      406-бап. Салық базасы

      1. Келесі тәртіппен анықталатын әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен мәмілелерді тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.
      Салық салу объектілерінің құнын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      2. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.

      407-бап. Жекелеген жағдайларда салық базасын анықтау

      1. Тұрғын үй қорына жатпайтын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғаның меншік құқығындағы салық салу объектілері бойынша салық салу базасы Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте және жағдайларда осындай объектілерді бағалау негізінде анықталады.
      2. Осындай бағалау болмаған жағдайда салық базасын салық салу объектісінің орналасқан жеріндегі салық органдарына ұсынылатын тәуелсіз бағалау деректері негізінде салық төлеушінің өзі айқындайды.

      408-бап. Салық ставкалары

      Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі:

1.

1 000 000 теңгеге дейін
қоса алғанда

салық салу объектілері
құнының 0,05 проценті

2.

1 000 000 теңгеден жоғары - 2 000 000 теңгеге дейін
қоса алғанда

500 теңге + 1 000 000
теңгеден асатын сомадан 0,08 проценті

3.

2 000 000-нан теңгеден
жоғары - 3 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

1300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 проценті

4.

3 000 000 теңгеден жоғары - 4 000 000 теңгеге дейін қоса
алғанда

2300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 проценті

5.

4 000 000 теңгеден жоғары - 5 000 000 теңгеге дейін қоса
алғанда

3800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 проценті

6.

5 000 000 теңгеден жоғары - 6 000 000 теңгеге дейін
қоса алғанда

5800 теңге + 5 000 000 теңгеден асатын сомадан
0,25 проценті

7.

6 000 000 теңгеден жоғары - 7 000 000 теңгеге дейін қоса
алғанда

8300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 проценті

8.

7 000 000 теңгеден жоғары - 8 000 000 теңгеге дейін
қоса алғанда

11300 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 проценті

9.

8 000 000 теңгеден жоғары - 9 000 000 теңгеге дейін
қоса алғанда

14800 теңге + 8 000 000
теңгеден асатын сомадан
0,4 проценті

10.

9 000 000 теңгеден жоғары - 10 000 000 теңгеге дейін
қоса алғанда

18800 теңге + 9 000 000
теңгеден асатын сомадан
0,45 проценті

11.

10 000 000 теңгеден жоғары
- 50 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

23300 теңге + 10 000
000 теңгеден асатын сомадан 0,5 проценті

12.

50 000 000 теңгеден жоғары
- 120 000 000 теңгеге дейін
қоса алғанда

223 300 теңге + 50 000
000 теңгеден асатын
сомадан 0,75 проценті

13.

120 000 000 теңгеден жоғары

738 300 теңге + 120 000
000 теңгеден асатын
сомадан 1 проценті

      409-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.
      2. Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын іске асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
      3. Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне барабар есептеледі.
      4. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбір салық салу объектісі бойынша бөлек жүргізіледі.
      5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактісін растап уәкілетті орган беретін құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
      6. Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
      7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
      8. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда салық сомасы мүлікке меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі.
      Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін іс жүзінде иелену кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Бұл орайда бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншік құқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге мүлік салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жіберетін хабарламада оның меншік құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең ішінде есептелген салық сомасы көрсетіледі.
      Салықтың жылдық сомасын салық салынатын объектіге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.
      9. Жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу кезінде (бастапқы тіркеуді қоспағанда) уәкілетті мемлекеттік орган салық салу объектілерінің құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңінде есептелген салық сомасы негізге алына отырып төленеді.

      410-бап. Салық кезеңі

      1. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
      2. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектілерінің жойылу, қирау, бұзылу фактісі болған ай салық кезеңінің есебіне кіреді.

16-бөлім. Ойын бизнесі салығы 63-тарау. Ойын бизнесі салығы

      411-бап. Төлеушілер

      Мыналар:
      1) казино;
      2) ойын автоматтары залы;
      3) тотализатор;
      4) букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

      412-бап. Салық салу объектілері

      Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
      1) ойын үстелі;
      2) ойын автоматы;
      3) тотализатор кассасы;
      4) тотализатордың электронды кассасы;
      5) букмекер кеңсесінің кассасы;
      6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.

      413-бап. Салық ставкалары

      Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:
      1) ойын үстеліне - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 830 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін;
      2) ойын автоматына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін;
      3) тотализатор кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 125 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін;
      4) тотализатордың электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 125 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін;
      5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 75 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін;
      6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 75 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.

      414-бап. Салық кезеңі

      Ойын бизнесі салығының салық кезеңі тоқсан болып табылады.

      415-бап. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

      1. Ойын бизнесі салығын есептеу егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе осы Кодекстің 412-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
      2. Салық салу объектілерін пайдаланысқа беру кезінде айдың 15 күніне дейін ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-нен кейін белгіленген ставканың 1\2 мөлшерінде есептеледі.
      Салық сау объектілері шыққан кезде ойын бизнесі салығы айдың 15-не дейін белгіленген ставканың 1\2 мөлшерінде, 15-нен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.
      3. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

      416-бап. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша
               төлемі

      1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыс осы баптың 2-тармағында белгіленген кірістің шекті сомасынан асып кеткен жағдайда есептеледі.
      2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі кірістің шекті мөлшері:
      1) казино қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 135000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін;
      2) ойын автоматтары залы қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін;
      3) Тотализатор қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін;
      4) букмекер кеңсесі қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 2 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.

      417-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

      1. Қосымша төлем кірістің шекті мөлшерінен асып кеткен сомасына табыс осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшердегі ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей төленуге тиіс.
      2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.
      3. Осы Кодекстің 411-бабында көрсетілмеген кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесіне салық төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және осы Кодекспен белгіленген тәртіпте бюджетпен есептеуді жүргізуге міндетті.

      418-бап. Салық декларациясын ұсыну мерзімі

      Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-1 күнінен кешіктірілмей салық салу объектілері орналасқан жер бойынша салық органына ұсынылады.

17-бөлім. Тіркелген салық 64-тарау. Тіркелген салық

      419-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      1) бильярд үстелі - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
      2) ойын жолы - боулинг ойнауға арналған арнаулы жол (кегельбан);
      3) ойын автоматы - ойындар өткізу үшін пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық);
      4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа жоқ, жұмыс көлемі 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейін жететін екі тактілі двигательді, көлемі шағын жарыс автомобилі.

      420-бап. Төлеушілер

      1. Тіркелген салықты төлеушілер:
      1) ақшасыз ұтыс ойын автоматтарын;
      2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
      3) ойын жолын (боулинг (кегельбан);
      4) картты (картинг);
      5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

      421-бап. Тіркелген салық салынатын объектілер

      Тіркелген салық салу объектілері:
      1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы;
      2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы;
      3) ойын еткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер;
      4) ойын жолы;
      5) карт;
      6) бильярд үстелі болып табылады.

      422-бап. Тіркелген салық ставкасы

      1. Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:

Р/с
N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген
салықтың базалық
ставкаларының ең
төменгі мөлшері
(айлық есептік
көрсеткіш)

Тіркелген
салықтың базалық
ставкаларының ең
жоғары мөлшері
(айлық есептік
көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

1

12

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы

1

18

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

1

4

4.

Ойын жолы

5

83

5.

Карт

2

12

6.

Бильярд үстелі

3

25

      2. Бекітілген базалық ставкалар шегінде жергілікті атқарушы органдар қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.

      423-бап. Салық кезеңі

      Тіркелген салық үшін салық кезеңі тоқсан болып табылады.

      424-бап. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу
               мерзімі

      1. Тіркелген салықты есептеу егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе осы Кодекстің 421-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
      2. Салық салу объектілерін пайдаланысқа беру кезінде айдың 15 күніне дейін тіркелген салық белгіленген ставка бойынша, 15-нен кейін белгіленген ставканың 1\2 мөлшерінде есептеледі.
      Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып кеткен кезде тіркелген салық - салық кезеңінің жартысы үшін деп, 15-нен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.
      3. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
      4. Осы Кодекстің 420-бабының 1-тармағында көрсетілмеген кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есептесуді жүргізуге міндетті.

      425-бап. Салық декларациясын ұсыну мерзімі

      Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірілмей салық салу объектілері орналасқан жер бойынша салық органына ұсынылады.

18-бөлім. Арнаулы салық режимдері 65-тарау. Жалпы ережелер

      426-бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері:

      Арнаулы салық режимдері мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) патент негізінде арнаулы салық режимін;
      оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін;
      2) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі;
      3) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға және ауылдық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимі.
      Салық төлеуші осы Бөлімде белгіленген жағдайлар мен тәртіпте жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.
      Осы Бөлімді қолдану мақсатында жалпыға бірдей белгіленген тәртіп деп есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттерді төлеу, осы Бөліммен белгіленген тәртіпті қоспағанда, осы Кодекстің Ерекше бөлімімен белгіленген олар бойынша салық есептілігін ұсыну тәртібі түсіндіріледі.
      2. Патент - төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.
      3. Патент нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      4. Патент жоғалған жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі.
      5. Берілген патенттерді (патент дубликаттарын) тіркеуді салық органдары патенттерді тіркеу (беру) журналында жүргізеді.
      Тіркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
      6. Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.

66-тарау. Шағын бизнес субъектілеріне арналған
арнаулы салық режимі $ 1. Жалпы ережелер

      427-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы Кодекстің 428, 429, 433-баптарында белгіленген талаптарға сай келетін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар осы Кодекстің мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері деп танылады.
      2. Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді. Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға тиіс) табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс болып табылады.
      Табысқа осы Кодекстің 87-бабының 1-тармағында белгіленген осы Кодекстің 85-бабы 1-тармағының 1), 3)-9), 11)-25) тармақшаларында көрсетілген табыстар қосылады.
      Жиынтықты жылдық табыс:
      Осы Кодекстің 85-бабы 1-тармағының 2), 10) тармақшаларында, 177-бабының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша жеке немесе корпоративтік табыс салығын есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      428-бап. Арнаулы салық режимін қолдану талаптары

      1. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін тапсырудың төменде аталған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
      1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
      2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
      3) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
      2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп 2 күнтізбелік жыл қолданылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.
      3. Мыналардың:
      1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;
      2) заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің;
      3) әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушілердің;
      4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесінің 25 процентін құрайтын заңды тұлғалардың;
      5) құрылтайшысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа Заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалардың арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.
      4. Арнаулы салық режимдері мынадай қызметтерге таратылмайды:
      1) акцизделетін өнімді өндіретін;
      2) консультациялық, қаржы, бухгалтерлік қызмет көрсететін;
      3) мұнай өнімдерін өткізетін;
      4) шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;
      5) жер қойнауын пайдаланатын.

$ 2. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі

      429-бап. Жалпы ережелер

      1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін:
      1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
      2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;
      3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданудың әрбір он екі ай мерзімі ішіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының 200 еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.

      430-бап. Салық кезеңі

      Салық кезеңі патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға салық өтінімін ұсынғаннан сәттен бастап келесі он екі ай болып табылады.

      431-бап. Қолдану шарттары

      1. Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтінішті табыс етеді.
      Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер көрсетілген өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
      Көрсетілген дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн болып табылады.
      Дара кәсіпкерлер өтінішті осы тармақта көрсетілген өтініште ұсынбауы олардың жалпыға бірдей тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі деп саналады. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысандағы Патент алуға арналған есеп (бұдан әрі - осы тарауда қолдану мақсатында - Есеп) ұсынылады.
      Есепке бюджетке төленген жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды растайтын құжат қоса беріледі.
      Есепті электронды түрде ұсынатын салық төлеушілер көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
      Кезекті патентті алуға арналған есеп патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға өтінішті ұсынбай-ақ алдыңғы патенттің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады.
      2. Салық органдары Есеп және есепке қоса берілетін құжаттар ұсынылғаннан кейін патент беруді бір күн ішінде жүргізеді.
      Патент кемінде бір ай мерзімге және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.
      Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.
      3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұрған жағдайда, дара кәсіпкер қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына осы Кодекстің 73-бабында белгіленген тәртіпте өтініш береді.
      4. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату салық өтінішінің негізінде немесе осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.
      5. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануды ерікті түрде тоқтату кезінде салық өтініші патенттің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады.
      6. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған жағдайда дара кәсіпкер:
      1) талаптармен сәйкессіздік туындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде:
      арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы салық өтінішін;
      егер нақты табысы осы Кодекстің 429-бабы 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асатын болса, асып кеткен сомаға қосымша есеп ұсынуға;
      2) өзгеріс болған айдан кейінгі айдан бастап осы Кодекспен белгіленген тәртіпте жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте немесе өзге салық режиміне ауысуға міндетті.
      7. Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану талаптарына сәйкессіздік жағдайларын анықтаған кезде қабылданған шешім негізінде сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап салық төлеушіні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы оны хабардар етеді.

      432-бап. Патент құнын есептеу

      1. Патент құнын есептеу салық салу объектісінің 2 %-ы мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:
      1) жеке табыс салығы - патент құнының 1 / 2 бөлігі мөлшерінде;
      2) әлеуметтік салық - Қазақстан Республикасының Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде төленуге тиіс.
      Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.
      2. Егер нақты табыс патенттің жарамдылық мерзімінің ішінде Есепте көрсетілген табыстан асқан жағдайда, дара кәсіпкер Есепте көрсетілген табысты асырған жағдайда дара кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асқан сомаға қосымша Есеп ұсынуы және осы сомадан жеке табыс салығын төлеуі тиіс.
      Көрсетілген Есептің негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі.
      3. Егер патенттің жарамдылық мерзімінің ішінде табыс Есепте көрсетілген табыстың мөлшеріне жетпеген жағдайда дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша Есеп ұсынуға құқылы.
      Көрсетілген жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің 603-бабында белгіленген тәртіпте салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі.
      4. Іс жүзінде алынған сома осы Кодекстің 429-бабында белгіленген шекті табыс сомасынан асқан жағдайда патенттің жарамдылық мерзімі өткенге дейін патент құнын салық салудың өзге режиміне ауысу күніне дейін осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларда осы баптың 1-тармағында белгіленген ставка бойынша есептеледі.
      5. Жеке кәсіпкерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің күші жойылған мерзімге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

$ 3. Оңайлатылған декларация негізіндегі
арнаулы салық режимі

      433-бап. Жалпы ережелер

      Мынадай талаптарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:
      1) жеке кәсіпкерлер үшін:
      жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бес адам болса;
      салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңге болса;
      2) заңды тұлғалар үшін:
      қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса;
      салық кезеңі ішінде шекті табысы 25 000,0 мың теңге болса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.

      434-бап. Салық кезеңі

      Салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

      435-бап. Қолдану жағдайы

      1. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші егер осы тармақта өзге белгіленбесе тұрғылықты жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін салықтық өтініш ұсынады.
      Қайта құрылған Заңды тұлға оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына салықтық өтініш береді.
      Қайта құрылған жеке кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына салықтық өтініш береді.
      Көрсетілген салық төлеушілер үшін арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелген күні болып табылады.
      Салық төлеушінің осы тармақта көрсетілген мерзімде салықтық өтініш бермеуі оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.
      2. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату салықтық өтініш негізінде немесе осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда орган салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.
      3. Егер салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануды ерікті тоқтатуды шешкен жағдайда, көрсетілген режимді тоқтатуды салық органы салықтық өтініш берілген айдан кейінгі айдан бастап жүргізеді.
      4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда салықтық өтініш сәйкессіздік туындағаннан бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ұсынылады. Аталған жағдайда арнаулы салық режимін тоқтатуды сәйкессіздік туындағаннан айдан кейінгі айдан бастап жүргізеді.
      5. Осы режимді қолданудың жағдайларында салық төлеушінің сәйкессіздік жағдайларын белгіленген кезде салық органы оны қабылданған шешімдер негізінде сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өткізгені туралы салық төлеушіге хабардар етеді.

      436-бап. Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша
               есептеу

      1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңіне 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді.
      2. Егер есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы тиісті республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі айлық жалақының кемінде жеке кәсіпкерлердің кемінде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемінде 2,5 еселенген мөлшеріндей болса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы, қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 проценті мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге тиіс.
      3. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 433-бабында белгіленген кіріс сомасының үстінен нақты алынған кіріс сомалары өсіп кеткен жағдайда салық салудың жалпы тәртібіне немесе өзге арнаулы салық режиміне өту (аудару) күніне дейін салықтарды есептеу осы баптың 1-тармағында белгіленген ставка негізінде жүргізіледі.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайда осы баптың 2-тармағында көзделген түзетуге осы Кодекстің 433-бабында белгіленген табыстың сомасынан есептелген салық сомасы ғана жатады.
      5. Шекті орташа тізімдік сан салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 433-бабында белгіленгеннен асып кеткен жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген түзету шекті орташа тізімдік санға ғана жүргізіледі.

      437-бап. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және
               салықтарды төлеу мерзімі

      1. Салық төлеуші оңайлатылған декларацияны тұрғылықты жері бойынша салықтық есептілігі кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей салық органына ұсыну қажет.
      2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде салық есептілігі кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
      Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерінде, әлеуметтік салық - Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлігі мөлшерінде төленуге тиіс.
      3. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

      438-бап. Жекелеген салық түрлерін, міндетті зейнетақы
               жарналарын және әлеуметтік аударымдар төлеу
               ерекшеліктері

      Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу салық есептілігі кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

67-тарау. Шаруа немесе фермер қожалықтарына
арналған арнаулы салық режимі

      439-бап. Жалпы ережелер

      1. Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгіленген арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.
      2. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтары қызметіне қолданылады.
      3. Жеке меншік құқығымен және (немесе) жер пайдалану құқығымен (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.

      440-бап. Салық кезеңі

      Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

      441-бап. Қолдану жағдайы

      1. Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимін қолдану үшін көрсетілген режимді қолданылған бірінші жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органына өтініш береді.
      Көрсетілген мерзімде өтініш берілмесе бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға салық төлеуші келісті деп есептеледі.
      Таңдап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды.
      Өтінішпен бірге мынадай құжаттардың:
      1) нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға біріздендірілген құжаттар көшірмесі;
      2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген жер учаскелерін бағалау құнын анықтайтын актілерінің нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған көшірмесі табыс етіледі.
      Акт болмаған жағдайда жер учаскелерін бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша 1 гектар жердің аудан бойынша орташа бағалау құнын негізге ала отырып анықталады.
      20 ақпаннан кейін құрылған шаруа немесе фермер қожалықтары Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтініш береді.
      20 ақпаннан кейін басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда шаруа немесе фермер қожалығы осы жер учаскесі орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтініш береді.
      Осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер де 20 ақпаннан кейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті салық органына осы жер учаскесі орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
      Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары деректері өзгерген немесе басқа жер учаскелеріне құқық туындаған кезде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қайтадан ұсынады.
      2. Арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату осы тармақта белгіленген тәртіпте салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.
      Арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған ретте салық төлеуші сәйкессіздік туындағаннан бастап бес жұмыс күн ішінде салық органына салықтық өтініш береді және сәйкессіздік туындағаннан айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өтеді.
      Арнаулы салық режимін қолдануды ерікті тоқтату кезінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өткізу есепті кезеңнен кейінгі айдан бастап салық кезеңінің осы режимді тоқтатудың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынылатын салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізіледі.
      Осы режимді қолданудың жағдайларында салық төлеушінің сәйкессіздік жағдайларын белгіленген кезде салық органы оны қабылданған шешімдер негізінде сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өткізгені туралы салық төлеушіге хабардар етеді.

      442-бап. Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері

      1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:
      1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметтен түскен шаруа немесе фермер қожалықтарының табысынан жеке табыс салығын;
      2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;
      3) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді;
      4) осы Кодекстің 365-бабының 3-тармағының 1), 2) тармақшаларымен белгіленген салық салу объектілері бойынша көлік құралдарына салынатын салықты;
      5) осы Кодекстің 394-бабының 4-тармағының 1) тармақшасымен белгіленген салық салу объектілері бойынша мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген есептеу, салықтарды төлеу және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен салық есептілігін ұсыну осылар бойынша жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
      Бірыңғай жер салығын төлеушілер ерікті түрде қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына салықтық өтініш беруге құқылы.
      3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың мүліктің бөлек есебін жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіпте қызметтің көрсетілген түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.

      443-бап. Салық салу объектісі

      Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектісі болып табылады.

      444-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі

      1. Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскесін бағалау құнына мынадай ставкаларды қолдану жолымен жүргізіледі:

Р/с
N

Жер учаскесінің алаңы (гектар)

Салық
ставкасы
(проценті)

1

2

3

1.

500 дейін

0,1

2.

501-ден 1000 бойынша

0,2

3.

1000-нан 1500 бойынша

0,3

4.

1501-ден 3000 бойынша

0,4

5.

3000-ден жоғары

0,5

      Жайлаулар, табиғи шабындықтар, көп жылдар екпелер отырғызылған және басқа ауылшаруашылық пайдалы жерлер бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерін бағалау құнына 0,1% ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
      2. Шаруа немесе фермер қожалықтары жер пайдалану құқығымен бірыңғай жер салығын жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін есептеледі.
      Жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін бірыңғай жер салығының сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған он екіге бөлу және іс жүзінде пайдалану кезеңі айларының санына көбейту салық сомасын бөлу арқылы айқындалады.
      Шаруа немесе фермер қожалығы жер учаскесін басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бірыңғай жер салығын жер учаскесінің іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін есептейді.
      Жалға берушінің бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.
      Жалға берушінің жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңінде жер учаскесі жалға берілген ай бірыңғай жер салығын есептеу кезінде қосылады.

      445-бап. Әлеуметтік салықты есептеу ерекшеліктері

      Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін айлық есептік көрсеткіштің 20 проценттік ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған тиісті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.
      Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуы тиіс.
      Есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең.

      446-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да
               міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін,
               әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын
               төлеу мерзімдері

      1. Төлем көзінен ұсталатын бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнің төлеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген сомалары ағымдағы салық кезеңінің 25 қазанынан кешіктірілмей;
      2) салық кезеңінің 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін есептелген сомалары есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 25 наурызынан кешіктірілмей;
      2. Төлем көзінен ұсталатын әлеуметтік салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша жүргізіледі.

      447-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да
               міндетті төлемдердің жекелеген турлері бойынша
               салық есептілігін, әлеуметтік аударымдар мен
               зейнетақы жарналарын беру мерзімдері

      Декларацияда төлем көзінен ұсталатын бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрініс табады.
      Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін декларация жер учаскесінің орналасқан жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 15 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
      Белгіленген мерзімде бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация беру үшін жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етеді.

68-тарау. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші
заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтеріне
арналған арнаулы салық режимі

      448-бап. Жалпы ережелер

      1. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтеріне осы бапта бекітілген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.
      Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимі (бұдан әрі - арнаулы салық режимі) корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
      Арнаулы салық режимі:
      1) жерді пайдалану, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу;
      толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың қызметіне;
      2) шаруа немесе фермерлік шаруашылық - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу;
      шаруа немесе фермерлік шаруашылық - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі ауылдық тұтыну кооперативтерінің қызметіне қолданылады.
      2. Осы баптың мақсатында ауылдық тұтыну кооперативтеріне:
      1) мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермерлік шаруашылық болып табылатын;
      жиынтық жылдық табысының кемінде 90 процентін осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға (алынған) жататын табысты құрайтын ауылдық тұтыну кооперативтері жатады.
      3. Мыналардың:
      1) еншілес ұйымдары, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның;
      2) арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның аффилиирлендірілген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның;
      3) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен көп құрайтын заңды тұлғаның;
      4) құрылтайшы бір уақытта арнаулы салық режимін пайдаланатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның;
      5) мүшелері (пайшылары) басқа ауылдық тұтыну кооперативтердің мүшелері (пайшылары) болып табылатын ауылдық тұтыну кооперативтерінің арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.
      Осы тармақтың мақсаттары үшін аффилиирленген тұлға болып:
      1) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға;
      2) басқа заңды тұлғаға қатысты шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға танылады.
      4. Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін өнімді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.
      Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет турлерін жүзеге асырған кезде мүліктің кірістері мен шығыстары есебін бөлек жүргізуге және қызметтің көрсетілген түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді осы Кодексте бекітілген тәртіпте есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.

      449-бап. Салық кезеңі

      Корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеуге арналған салық кезеңі осы Кодекстің 148, 269, 363, 392, 482, 401, 370-баптарына сәйкес айқындалады.

      450-бап. Қолдану жағдайы

      Арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтініш береді.
      Аталған мерзімде салықтық өтініш берілмесе бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға салық төлеуші келісті деп есептеледі.
      Таңдап алынған салық салу режимі күнтізбелік жыл ішінде өзгертуге жатпайды.
      Ауыл шаруашылық өнімін өндіретін заңды тұлғалар салықтық өтінішпен бірге нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға біріздендірілген құжаттар көшірмесі табыс етіледі.
      Көрсетілген құжаттар олардағы деректер өзгерген кезде не басқа жер учаскелеріне құқықтар туындаған кезде жаңадан тапсырылады.
      Жаңадан құрылған салық төлеушілер арнаулы салық режимін пайдалану үшін әділет органында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде салық өтінішін береді.
      Осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші Заңды тұлғалар 20 ақпаннан кейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті салық органына осы жер учаскесі орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.

      451-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу және жер
               учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу
               ерекшелігі

      Жалпыға бірдей тәртіпте есептелген корпорациялық табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер, мүлік салығы, көлік құралдары салығының сомалары 70 процент азаюға жатады.

      452-бап. Төлеу мерзімдері және салық есептілігін табыс
               ету

      Осы Кодекстің 451-бабында көрсетілген бюджетке салықтар төлеу мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу және олар бойынша салық есептілікті табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

19-бөлім. Басқа міндетті төлемдер 69-тарау. Тіркеу алымдары

      453-бап. Жалпы ережелер

      1. Тіркеу алымдары (бұдан әрі - алымдар) - уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодекстің 455-бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың дубликатын берген кезде олар алатын бір жолғы міндетті төлемдер.
      2. Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі - тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
      3. Осы Кодекстің 584-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тіркеуші органдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы ақпарат береді.

      454-бап. Алым төлеушілер

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуші орган тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

      455-бап. Алым алынатын объект

      Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері үшін алынады:
      1) мыналарды мемлекеттік тіркегені:
      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені;
      жеке кәсіпкерлерді; жылжымайтын мүлікке және олармен жасалған мәмілелерге құқықтарды; жылжымалы мүліктің кепілдігін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын; радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды; көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені; дәрілік құралдарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені; туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені; бұқаралық ақпарат құралын мемлекеттік тіркегені (есепке алғаны);
      2) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың дубликатын бергені.

      456-бап. Алымдардың ставкалары

      Алымдардың ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшеріне негізделе отырып есептеледі және мыналарды құрайды:

Р/с
N

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Ставкалар
(АЕК)

1

2

3

1.

Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік)
тіркегені, сондай-ақ оларды қайта
тіркегені үшін:


1.1

құруды, қайта ұйымдастыруды, тоқтатуды,
қайта тіркеуді мемлекеттік (есептік) тіркегені үшін:


1.1.1.

заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

6,5

1.1.2.

шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

2

1.1.3.

саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

14

1.2

бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік
(есептік) тіркегені үшін, сондай-ақ оларды:


1.2.1.

қайта құруды, есепке алу тіркеуі қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркегені үшін

1

1.2.2.

қайта тіркегені үшін

0,5

1.3

балалар және жастар қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектер-
дің қоғамдық бірлестіктерін, олардың
филиалдары мен өкілдіктерін, республи-
калық және өңірлік ұлттық-мәдени
қоғамдық бірлестіктерінің филиалдарын
мемлекеттік (есептік) тіркегені үшін,
сондай-ақ оларды:


1.3.1.

құруды тіркегені үшін

2

1.3.2.

қайта ұйымдастыруды, тоқтатуды қайта тіркегені үшін

1

1.4

заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне мемлекеттік (есептік)
тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің дубликатын бергені үшін

0,25

2.

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін


2.1.

жеке кәсіпкерлерді тіркегені үшін

4

2.2.

мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын бергені үшін

1

3.

Жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін:


3.1.

меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін:


3.1.1.

пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға

0,5

3.1.2.

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұруға болмайтын үй-жайға, тұруға болмайтын құрылысқа

8

3.1.3.

гараждарға

0,5

3.1.4.

мыналарды қамтитын тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар):


3.1.4.1.

бір объект

10

3.1.4.2.

екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер

15

3.1.4.3.

алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер

20

3.1.4.4.

оннан жоғары жеке тұрған объектілер

25

3.2

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін:


3.2.1.

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұруға болмайтын үй-жайға, тұруға болмайтын құрылысқа, тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар) меншік, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін

1

3.3.

жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тіркегені үшін

0,5

3.4.

сервитутты (объектілерге қарамастан) тіркегені үшін

0,5

3.5.

кондоминиум объектісін тіркегені үшін

1

3.6.

ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін

0,25

3.7.

құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің біріздендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін

0,25

3.8.

жылжымайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бұзылуына) немесе оған құқықтан бас тартуына байланысты және ауысу құқығына байланыссыз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін

0,25

3.9.

құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын
тоқтатуды тіркегені үшін

0,25

3.10.

ол бойынша міндеттемелер ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шарты бойынша талап етуді беруді тіркегені үшін

0,25

3.11.

құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (құқықтың ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін

0,25

3.12.

жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауыртпалықтарын тіркегені үшін

0,5

3.13.

құқықтың талап етуді тіркегені үшін

0,5

3.14.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіпте мемлекеттік органдар салған (туындатқан) жылжымайтын мүлікке құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін

0

3.15.

республикалық меншікті иелену,
пайдалану және оған билік ету құқығын
жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік
органмен оның аумақтық органдары үшін
мемлекеттік меншікке жатқызылған
жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені
үшін

0

3.16.

жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) жүйелі тіркегені үшін

0

3.17.

Мемлекеттік органдар шешімінің негізінде жылжымайтын мүліктің ұқсас сипаттамаларының өзгеруін оның ішінде, елді мекендердің, көше аттарының, сондай-ақ ғимараттар немесе ғимараттардың реттік нөмірлері (мекен-
жайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-
аумақтық орналасуын реформалауға байланысты кадастр нөмірлерінің өзгеруі кезінде тіркегені үшін

0

3.18.

жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың дубликатын бергені үшін

0,25

4

Жылжымалы мүліктің кепілдігін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін


4.1.

жылжымалы мүліктің кепілдігін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын, сондай-ақ тіркелген кепілдіктің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын тіркегені үшін:


4.1.1.

жеке тұлғалардан

1

4.1.2.

заңды тұлғалардан

5

4.2.

жылжымалы мүліктің кепілдігінің және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың дубликатын бергені үшін

0,5

5.

Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін:


5.1.

сәулелік қуаты 10 мВт (қоса алғанда) дейінгі радиоэлектрондық құралдарды, ұялы және транктік (радио) байланыстың жылжымалы абоненттік терминалдарын, сымсыз радиоға қол жетімділік жүйесінің жылжымалы абоненттік терминалдарын және радиоәуесқойлық қызметтің (радиоәуесқойлар) радиоэлектрондық құралдарын, сондай-ақ жоғары жиіліктегі құрылғыларын тіркегені үшін

0

5.2.

жылжымалы радиобайланыстың абоненттік терминалдарын (қуаты 10 мВт-дан жоғары құрлықтағы жылжымалы байланыстың абоненттік станциялары, радиоұзартқыштар жиынтықтары), ғаламдық дербес жылжымалы спутниктік байланысты тіркегені үшін

2

5.3.

5.1 және 5.2-тармақтарда көрсетілген радиоэлектрондық құралдарды қоспағанда, радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды тіркегені үшін

10

5.4.

радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиіліктегі құрылғылардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың дубликатын бергені үшін


5.4.1.

жылжымалы радиобайланыстың абоненттік терминалдарының (қуаты 10 мВт-дан жоғары құрлықтағы жылжымалы байланыстың абоненттік станциялары, радиоұзартқыштар жиынтықтары), ғаламдық дербес жылжымалы спутниктік байланыстың

0,4

5.4.2.

5.4.1-тармақшада көрсетілгендерді қоспағанда, радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиіліктегі құрылғылардың

1

6.

Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:


6.1.

мыналарды мемлекеттік тіркегені үшін:


6.1.1.

механикалық көлік құралын немесе прицепті

0,25

6.1.2.

теңіз кемелерін

60

6.1.3.

өзен кемелерін

15

6.1.4.

шағын флот кемелерін:


6.1.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

3

6.1.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

2

6.1.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

1,5

6.1.5.

азаматтық әуе кемелерін

7

6.2.

мыналарды қайта тіркегені үшін:


6.2.1.

механикалық көлік құралын немесе прицепті

0,25

6.2.2.

теңіз кемелерін

30

6.2.3.

өзен кемелерін

7,5

6.2.4.

шағын флот кемелерін:


6.2.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

1,5

6.2.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

1

6.2.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

0,75

6.2.5.

азаматтық әуе кемелерін

7

6.3.

мыналардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың дубликатын бергені үшін:


6.3.1.

механикалық көлік құралын немесе прицепті

0,25


теңіз кемелерін

15

6.3.2.

өзен кемелерін

3,75

6.3.3.

шағын флот кемелерін:


6.3.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

0,75

6.3.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

0,5

6.3.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

0,38

6.3.4.4.

азаматтық әуе кемелерін

3,5

7.

Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:


7.1.

дәрілік заттарды тіркегені үшін

11

7.2.

дәрілік заттарды қайта тіркегені үшін

5

7.3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың дубликатын бергені үшін:

0,7

8.

Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін:


8.1.

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды тіркегені үшін

3

8.2.

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды тіркегені үшін


8.2.1.

жеке тұлғалардан

2

8.2.2.

заңды тұлғалардан

3

8.3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың дубликатын бергені үшін

2

8.4.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың дубликатын бергені үшін

2

9.

Бұқаралық ақпарат құралын мемлекеттік тіркегені үшін (есепке алғаны үшін):


9.1.

балалар және ғылыми тақырыптағы

2

9.2.

өзге тақырыптағы

5

9.3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың дубликатын бергені үшін


9.3.1.

балалар және ғылыми тақырыптағы

1,6

9.3.2.

өзге тақырыптағы

4

      457-бап. Алымдарды төлеуден босату

      Алымдарды төлеуден мыналар босатылады:
      1) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу кезінде:
      шаруа (фермер) қожалықтары;
      I, II және III топтағы мүгедектер;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар);
      2) жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр кезеңінде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
      бөлек тұратын зейнеткерлер;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);
      кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген кезден бастап үш жыл ішінде;
      3) жылжымалы мүліктің кепілдігін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде:
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр кезеңінде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);
      4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеу кезінде - мемлекеттік мекемелер;
      5) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр кезеңінде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);
      кәмелетке толмағандар.

      458-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Алымдардың сомалары белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және салық салынатын объект тіркелген жер бойынша тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
      2. Алымдарды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымдардың сомалары қайтарылмайды.
      Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша тиісті тіркеу органы берген, көрсетілген тұлғаның тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын құжаттарды төлеуші табыс еткеннен кейін салық органдары жүргізеді.

70-тарау. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша жүргені үшін алым

      459-бап. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алым (бұдан әрі - алым):
      1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі;
      2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуі (кетуі), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті;
      3) ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруі;
      4) отандық және шетелдік автокөлік құралдарының концессияға берілген автомобиль жолдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүруі үшін өндіріп алынады.
      2. Егер ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль құралдарының жүруі көлік саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      3. Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

      460-бап. Алым төлеушілер

      1. Осы Кодекстің 459-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүруін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
      2. Осы Кодекстің 459-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылмайды:
      1) қызметтік міндеттерін орындау кезінде:
      жол жүруді жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
      өртке қарсы қызметтің;
      апаттық-құтқару қызметінің;
      жол-патрульдік қызметтің арнаулы автокөлік құралдарымен жүзеге асыратын;
      2) жол жүруді барабар жол болмаған жағдайда ақылы мемлекеттік автомобиль жолы бойынша:
      жолаушылар мен жүктерді қала маңы қатынастары мен елді мекендерді: кенттерді ауылдарды (селоларды) аудандық немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен байланыстыратын қатынастарда тұрақты тасымалдайтын автобустармен;
      белгіленген ауданның шеңберінде ауысу кезінде жолаушыларды (жүктерді) тасымалдау мақсатында ақылы автомобиль жолына жақын жатқан осы ауданның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркелген автобустармен;
      белгіленген ауданның шеңберінде ақылы автомобиль жолына жақын жатқан осы ауданның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркелген жеңіл автокөліктермен;
      су бөгеттері мен темір жолдармен шектесетін жақын көлік айырымдары арасындағы ақылы мемлекеттік жолдардың учаскелері (бөлігі) шеңберінде жүк автокөлік құралдарымен, дөңгелекті өздігінен жүретін ауылшаруашылық, жер өңдеу машиналарымен жүзеге асыратын.

      461-бап. Алым ставкалары

      1. Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшеріне негізделе отырып, мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
      1) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі үшін АЕК-тің 2 еселік мөлшері;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес бір күнтізбелік жылға шетелдік рұқсат ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі үшін - АЕК-тің 10 еселік мөлшері;
      3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуі (кетуі), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті үшін - АЕК-тің 10 еселік мөлшері;
      4) ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруі үшін алым ставкасы мынаны қамтиды:
      автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) жалпы нақты салмағының жол берілетін жалпы салмақтан асып түскені үшін есептеу, бұл АЕК-тің 0,005 еселік мөлшері мөлшеріндегі төлемақы ставкасын асып түскен әрбір (толық емесін қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау ара қашықтығына (километрмен) көбейту жолымен айқындалады;
      автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін есептеу, бұл әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген осьтер үшін есептеледі және 1-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен айқындалады:

                                                      1-кесте

Р/с
N

Нақты осьтік жүктемелерден асып түсу, %-бен

Жол берілетін осьтік
жүктемелерден асып түскені үшін тариф (АЕК)

1

2

3

1.

5,0%-ға дейін және оны қоса алғанда

0,011

2.

5,0%-дан 10,0%-ға дейін және оны қоса алғанда

0,014

3.

10,0%-дан жоғары

0,190

4.

20,0%-дан 30,0%-ға дейін және оны қоса алғанда

0,380

5.

30,0%-дан 50%-ға дейін және оны қоса алғанда

0,500

6.

50%-дан жоғары

1,0

      автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) габаритінің жол берілетін габариттік көрсеткіштерден асып түскені үшін есептеу, бұл автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып түскені үшін есептеледі және 2-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен айқындалады:

                                                      2-кесте

Р/с
N

Автокөлік құралдарының габариттік өлшемдері, метрмен

Жол берілетін
габариттік өлшемдерден асып түскені үшін тариф
(АЕК)


2

3

1.

Биіктігі:


1.2.

4-тен жоғары 4,5-ке дейін және оны қоса алғанда

0,009

1.3.

4,5-тен жоғары 5-ке дейін және оны қоса алғанда

0,018

1.4.

5-тен жоғары

0,036

2.

Ені:


2.1.

2,55-тен (изометрикалық кузовтар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ке дейін және оны қоса алғанда

0,009

2.2.

3-тен жоғары 3,75-ке дейін және оны қоса алғанда

0,019

2.3.

3,75-тен жоғары

0,038

3.

Ұзындығы:


3.1.

жол берілетін ұзындықтан асып түсетін әрбір метр үшін (толық емесін қоса алғанда)

0,004

      2. Отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүруі үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      462-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және рұқсат құжаттарын алғанға дейін төленеді.
      2. Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша немесе ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.
      3. Алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнаулы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақша төлеу жолымен жүргізіледі.
      4. Қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ақшаны қабылдау жүзеге асырылғаннан кейінгі операциялық күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке алу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 еселік мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
      5. Жеке тұлғалар алымды қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның біріздендіру нөмірі қойылады.
      6. Алымдардың төленген сомаларын қайтару жүргізілмейді.
      7. Отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүруі үшін алынатын алымды есептеу, төлеу және бюджетке енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

71-тарау. Аукциондардан алынатын алым

      463-бап. Жалпы ережелер

      Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрі - алым) аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) сату кезінде алынады.

      464-бап. Алым төлеушілер

      Аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

      465-бап. Алым алу объектісі

      1. Мүлікті (мүліктік құқықтарды) сатудың аукцион өткізу нәтижелері бойынша белгіленген құны алым алу объектісі болып табылады.
      2. Мынадай аукциондардан сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды:
      1) мемлекеттік мүлік объектілерін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті орган, оның аумақтық органдары өткізетін аукциондардан;
      2) мемлекет пайдасына атқарушы құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы іс жүргізу органдары өткізетін аукциондардан;
      3) мыналарды:
      салық органдары иелік етуді шектеген мүлікті сату;
      салық міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынған мүлікті сату;
      соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыру бөлігінде мамандандырылған ашық аукциондардан;
      4) мыналарды:
      соттардың атқарушы құжаттарының негізінде мемлекет кірісіне тәркіленген мүлікті;
      белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған мүлікті;
      белгіленген тәртіппен мемлекетке өткен мүлікті сату жөніндегі аукциондардан;
      5) банкрот кәсіпорындардың конкурстық массасын сату жөніндегі аукциондардан;
      мәжбүрлі түрде таратылатын банктердің, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының өтімді конкурстық массасын өткізу жөніндегі аукциондардан;
      Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттықта;
      8) бағалы қағаздарды сату жөніндегі аукциондардан.

      466-бап. Алым ставкасы

      Алым ставкасы аукцион өткізу нәтижелері бойынша айқындалған мүлікті (мүліктік құқықтарды) сату құнының 3 проценті мөлшерінде белгіленеді.

      467-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Төлеушілер алым сомасын салық салу объектісіне ставка қолдану арқылы дербес есептейді.
      2. Атқарушы құжаттар арқылы атқарушы іс жүргізу органдары өткізетін аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезінде салық салынатын объектіні бюджетке есептелетін атқару санкциясының сомасына түзету жүргізіледі.
      3. Алым төлеушілер алым төлеуді орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей жүзеге асырады.
      4. Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмілелерін жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
      Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды ол төленген жер бойынша салық органы алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша жүргізеді.

      468-бап. Салық декларациясы

      1. Алым төлеушілер аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзі орналасқан жердегі салық органдарына алым жөніндегі декларацияны табыс етеді.
      2. Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан ішінде өткізілген аукциондар бойынша тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей өзі орналасқан жердегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы ақпаратты табыс етеді.

72-тарау. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы
үшін лицензиялық алым

      469-бап. Жалпы ережелер

      1. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиісті белгілі бір қызмет түрімен  айналысуға лицензия (лицензияның дубликатын) беру (қайта ресімдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады.
      2. Лицензия беруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
      3. Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы ақпаратты табыс етеді.

      470-бап. Алым төлеушілер

      Лицензия алатын жеке және Заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

      471-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшеріне негізделе отырып белгіленеді және мынаны құрайды:

Р/с
N

Лицензияланатын қызмет түрлері

Алым ставкалары,
АЕК-пен

1

2

3

1.

Жекелеген қызмет түрлері мен айналысу
құқығы үшін алым ставкалары:


1.1.

Электр және жылу энергиясын өндіру,
беру және тарату, электр станцияларын,
электр желілері мен кіші станцияларын
пайдалану

10

1.2.

Тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ
өңдеу өндірістерін жобалау және
пайдалану, газ, мұнай мен мұнай
өнімдерін сақтау объектілерін,
магистральдық газ құбырларын, мұнай
құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын
пайдалану

10 (500)*

1.3.

Минералдық шикізатты қайта өңдеу
(кеңінен таралған пайдалы қазбаларды
қайта өңдеуді қоспағанда)

10

1.4.

Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс
объектілерін газдандыру жүйесін
пайдалану

10

1.5.

Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ
кәсіпшілігі, геологиялық барлау,
тау-кен-шахта, металлургиялық,
энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан
қорғалған электр техникалық
жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды,
сондай-ақ 0,7 кг/см 2 жоғары қысыммен
жұмыс істейтін және жылу жеткізу
температурасы 115 0 С қазандықтарды,
0,7 кг/см 2 жоғары қысыммен жұмыс
істейтін сауыттар мен құбыр жолдарды
жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу
(бірыңғай технологиялық процесте
пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды,
дайындауды, монтаждауды, жөндеуді
қоспағанда)

10

1.6.

Электр энергиясын қайта сату
мақсатында сатып алу

10

1.7.

Өлшеу құралдарын шығару және жөндеу

10

1.8.

Заңды тұлғалардың түсті және қара
металл сынықтары мен қалдықтарын
жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуі
және өткізуі

10

1.9.

Атом энергиясын пайдалану объектілері-
нің өмірлік циклінің кезеңдеріне
байланысты жұмыстарды орындау

230

1.10.

Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле
шығару көздерімен (медициналық
мақсаттағы рентген-диагностикалық
қондырғылардан басқа) және радиоактивті
заттармен жұмыс істеу


1.11.

Медициналық рентгенологиялық
жабдықтарды пайдалануды қоспағанда,
рентгендік жабдықты әзірлеу, шығару,
өткізу және пайдалану

200

1.12.

Атом энергиясын пайдалану саласында
қызметтер көрсету

230

1.13.

Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле
шығару көздеріне, радиоактивті
материалдар мен радиоактивті
қалдықтарға арналған көліктік
контейнерлердің, орау жиынтықтары мен
материалдарының, құралдардың,
контейнерлердің техникалық құжаттама-
сын әзірлеу, оларды құрастыру,
дайындау, шығару

230

1.14.

Радиоактивті қалдықтар мен жұмыс істеу

230

1.15.

Ядролық материалдарды, радиоактивті
заттарды, иондаушы сәуле шығарудың
радиоизотоптық көздерін, радиоактивті
қалдықтарды транзиттік тасымалдауды
қоса алғанда, Қазақстан Республикасы
аумағының шегінде тасымалдау

50

1.16.

Бұрынғы ядролық сынақ полигондары
аумақтарында жүргізілген ядролық
жарылыстардың салдарынан ластанған
аумақтардағы және басқа да
аумақтардағы қызмет

50

1.17.

Ядролық қондырғылар мен ядролық
материалдарды физикалық қорғау

230

1.18.

Атом энергиясын пайдалануға байланысты
қызметке мамандар мен персоналды
арнаулы даярлау

10

1.19.

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу,
сақтау, өткізу, пайдалану, жою

10

1.20.

Тіркеу, өндірістік сынақтармен ғылыми
зерттеулерге арналған тәжірибелік
үлгілерді қоспағанда, пестицидтерді
(улы химикаттарды) өндіру (формуляция),
өткізу, қолдану, сондай-ақ пестицидтер-
ді (улы химикаттарды) және оларды
өндіруге арналған бастапқы құрамдас
заттарды әкелу жөніндегі қызмет

10

1.21.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау
кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет
дабылы құралдарын монтаждау, ретке
келтіру және оларға техникалық қызмет
көрсету жөніндегі қызмет

10

1.22.

Жолаушылар тасымалдау

3

1.23.

Қауіпті жүктерді тасымалдау

3

1.24.

Есірткі, психотроптық заттармен
прекурсорлардың айналымына байланысты
қызмет

20

1.25.

Мемлекеттік құпияларды техникалық
қорғау жөніндегі қызмет

9

1.26.

Ақпаратты криптографиялық қорғау
құралдарын әзірлеу және өткізу (оның
ішінде өзге де беру)

9

1.27.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу
үшін арнаулы техникалық құралдарды
әзірлеу, өндіру

20

1.28.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу
үшін арнаулы техникалық құралдарды
жөндеу және өткізу, ақпараттың таралып
кетуін болдырмаудың техникалық
арналарын іздеу

20

1.29.

Монтаждауды, реттеуді, пайдалануды,
сақтауды, жөндеуді және сервистік
қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ
дәрілерді, қару-жарақ пен әскери
техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін,
жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын,
сондай-ақ оларды өндіруге арналған
арнаулы материалдар мен жабдықтарды
әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және
өткізу

22

1.30.

Жарылғыш және пиротехникалық заттар
мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу
және өткізу

22

1.31.

Босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты,
әскери техниканы, арнаулы құралдарды
жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және
өңдеу

22

1.32.

Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс
қаруымен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, сатып алу

7

1.33.

Азаматтық және қызметтік атыс қаруы
мен оның патрондарын, суық қаруды,
сондай-ақ газ қаруымен оның
патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу,
сату, сатып алу, коллекциялау,
экспонаттау

3 (10)**

1.34.

Азаматтық пиротехникалық заттар мен
олар қолданылып жасалған бұйымдарды
әзірлеу, өндіру, сату, сатып алу

3 (10)***

1.35.

Зымыран-ғарыш техникасын жасауды,
шығаруды, пайдалануды, жөндеуді және
жаңғыртуды, оның жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін жер үсті
инфрақұрылымдарын (полигонды,
командалық-өлшеу кешенін, стендтік
базаны және басқаларын) пайдалануды
қоса алғанда, ғарыш кеңістігін
пайдалануға байланысты барлық қызмет
түрлері мен айналысу

186

1.36.

Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық
кілтінің электрондық цифрлық
қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін
куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу
куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі
қызмет

25

1.37.

Байланыс саласында қызмет көрсету

6

1.38.

Білім беру қызметі

10

1.39.

телевизиялық және (немесе)
радиохабарларын таратуды ұйымдастыру
жөніндегі қызмет

6

1.40.

Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде
орман пайдаланушылар жүзеге асыратын
сүрек дайындау

10

1.41.

Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу

10

1.42.

Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу

10

1.43.

Медициналық, дәрігерлік қызмет

10

1.44.

Фармацевтикалық қызмет: дәрілік заттарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшектеп өткізу

10

1.45.

Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну

5

1.46.

Адвокаттық қызмет

6

1.47.

Нотариат қызметі

6

1.48.

Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда)

6

1.49.

Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау

6

1.50.

Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару

10

1.51.

Аудиторлық қызмет

10

1.52.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
жұмыстарды орындау және қызмет көрсету

50

1.53.

Лотерея ұйымдастыру және өткізу
(мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа)

10

1.54.

Жеке және заңды тұлғалардың күзет
қызметін жүзеге асыру

6

1.55.

Көлік құралдары жүргізушілерін
даярлау, қайта даярлау

10

1.56.

Білім беру ұйымдарындағы қызметті
қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру,
спорттық қызметтер көрсету

10

1.57.

Қазақстан Республикасынан шетелге
жұмыс күшін әкету

10

1.58.

Туроператорлық, турагенттік қызмет,
туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтер

10

1.59.

Ветеринария саласындағы қызмет

6

1.60.

Сот-сараптама қызметі

6

1.61.

Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде
археологиялық және (немесе)
ғылыми-реставрациялық жұмыстарды
жүзеге асыру

10

1.62.

Банктер мен банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар жүргізетін банк операциялары

80 (40)****

1.63.

Банктер жүзеге асыратын өзге де
операциялар

80 (40)****

1.64.

Өмірді сақтандыру саласындағы қызмет

50

1.65.

Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет

50

1.66.

Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

20

1.67.

Сақтандыру брокерінің қызметі

30

1.68.

Сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызмет

5

1.69.

Брокерлік қызмет

30

1.70.

Дилерлік қызмет

30

1.71.

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет

10

1.72.

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет

30

1.73.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет

30

1.74.

Кастодиан қызметі

30

1.75.

Трансферт-агенттік қызмет

10

1.76.

Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

1.77.

Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет

10

1.78.

Кредиттік бюроның қызметі

40

1.79.

Жобалау-іздестіру қызметі

10

1.80.

Құрылыс-монтаж жұмыстары

10

1.81.

Құрылыс материалдарын, бұйымдарымен
конструкцияларын (сертификатталатын
өнімдерін қоспағанда) өндіру (шығару)

10

1.82.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі саласындағы сараптамалық
жұмыстар және инжинирингтік қызметтер
көрсету

10

1.83.

Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын
үлескерлердің ақшасын тарту есебін
ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

1.84.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
туымен Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар
бейнеленген материалдық объектілерді
дайындау

10

1.85.

Этил спиртінің өндірісі

500

1.86.

Сырадан басқа алкоголь өнімінің
өндірісі

500

1.87.

Сыра өндірісі

100

1.88.

Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында
оларды сақтауды, көтерме және (немесе)
бөлшек саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату

14

1.89.

Темекі бұйымдарының өндірісі

500

1.90.

Қолма-қол шетел валютасына бөлшек
сауданы жүзеге асыру және қызмет
көрсету

10

1.91.

Тауарлардың экспорты мен импорты

10

1.92.

Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру,
тазалау, сақтау және тиеп жөнелту

10

1.93.

Астықты экспортқа өткізу жөніндегі
қызмет

10

1.94.

Ойын бизнесі саласындағы қызмет:



казино мен ойын автоматтары залы үшін
жылына

3 845


тотализатор мен букмекерлік кеңсе үшін
жылына

640

2.

Лицензия дубликатын бергені үшін алым
ставкалары:


2.1.

тауарлардың экспорты мен импортына
лицензияның дубликатын беруді қоспа-
ғанда, барлық қызмет түрлері үшін

лицензия беру
кезеңдегі
ставкасын
100%-ы

2.2.

тауарлардың экспорты мен импортына

1

3.

Лицензияларды қайта ресімдегені үшін
ставкалар:


3.1.

тауарлардың экспорты мен импортына
лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда,
лицензиялардың барлық түрлері үшін

лицензия беру
кезеңдегі
ставкасын
10%-ы алайда
4 АЕК-тен
артық емес

3.2.

тауарлардың экспорты мен импортына
лицензияны қайта ресімдегені үшін

1

      Ескертпе:
      1) * лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
      мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану - АЕК-тің 500 еселік мөлшері;
      тау-кен, мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану - АЕК-тің 10 еселік мөлшері.
      2) ** лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
      азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау - АЕК-тің 10 еселік мөлшері;
      азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын сатып алу - АЕК-тің 3 еселік мөлшері.
      3) *** лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
      азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, өткізу - АЕК-тің 10 еселік мөлшері;
      азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу - АЕК-тің 3 еселік мөлшері.
      4) **** банк операцияларына байланысты қызметті лицензиялау үшін лицензиялық алым ставкалары:
      екінші деңгейдегі банктер үшін - АЕК-тің 80 еселік мөлшері;
      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін - АЕК-тің 40 еселік мөлшері.

      472-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Алым сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін алым төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
      2. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылында лицензия алатын төлеушілер алым сомасын лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төлейді.
      3. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей төлейді.
      4. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргізілмейді.
      Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша ол тиісті лицензиар берген, лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын құжатты табыс еткеннен кейін олар төленген жер бойынша салық органдары жүргізеді.

73-тарау. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына
радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым

      473-бап. Жалпы ережелер

      1. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым (бұдан әрі - алым) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат (рұқсат дубликаты) (бұдан әрі - рұқсат) берген кезде алынады.
      Осы тараудың ережелері бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензия негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.
      2. Рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      3. Радиожиілік спектрінің белдеулерін (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүргізілуі мүмкін.
      Радиожиілік спектрінің белдеулерін (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы бөлу кезінде алынатын бір жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге тиісті алымның есебіне жатқызылмайды.
      4. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары орналасқан жер бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы ақпаратты табыс етеді.

      474-бап. Алым төлеушілер

      1. Осы Кодекстің 473-бабының 1-тармағында көрсетілген телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушілер болып табылады.
      2. Өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін орындау үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттік мекемелер алым төлеушілер болып табылмайды.

      475-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып оның аумағында телевизия және радиохабалары және телевизия және (немесе) радиотарату арналары бар елді мекенде тұратын халық санына байланысты белгіленеді, және мынаны құрайды:

Р/с N

Қолдану/
радиожиілік
өрісі

Халық саны
(мың адам)

Таратқыш
құралдың
қуаты (Вт)

Бір арна
үшін алым
ставкасы

1

2

3

4

5

1.

Радиожиілік
спектрін пай-
далануға рұқсат
бергені үшін:




1.1.

теледидар/
метрлік




1.1.2.


10-ға дейін
және оны қоса алғанда

100-ге дейін
және оны қоса алғанда

20

1.1.3.


10-нан 50-ге
дейін және оны қоса алғанда

500-ге дейін және оны қоса алғанда

41

1.1.4.


10-нан 50-ге
дейін және оны қоса алғанда

500-ден астам

83

1.1.5.


50-ден 100-ге
дейін және оны қоса алғанда

1000-ға дейін және оны қоса алғанда

124

1.1.6.


50-ден 100-ге
дейін және оны қоса алғанда

1000-нан астам

249

1.1.7.


100-ден 200-
ге дейін және оны қоса алғанда

1000-ға дейін
және оны қоса алғанда

290

1.1.8.


100-ден 200-
ге дейін және оны қоса алғанда

1000-нан астам

435

1.1.9.


200-ден 500-
ге дейін және оны қоса алғанда

2000-ға дейін және оны қоса алғанда

828

1.1.10.


200-ден 500-
ге дейін және оны қоса алғанда

2000-нан астам

1243

1.1.11.


500-ден астам

5000-ға дейін
және оны қоса алғанда

2367

1.1.12.


500-ден астам

5000-нан астам

3550

1.2.

теледидар/
дециметрлік




1.2.1.


10-ға дейін
және оны қоса алғанда

100-ге дейін
және оны қоса алғанда

13

1.2.2.


10-нан 50-ге дейін және оны қоса алғанда

500-ге дейін
және оны қоса
алғанда

26

1.2.3.


10-нан 50-ге
дейін және
оны қоса алғанда

500-ден астам

52

1.2.4.


50-ден 100-ге
дейін және оны қоса алғанда

1000-ға дейін және оны қоса алғанда

78 

1.2.5.


50-ден 100-ге
дейін және
оны қоса алғанда

1000-нан астам

155 

1.2.6.


100-ден 200-
ге дейін және оны қоса алғанда

1000-ға дейін және оны қоса алғанда

181 

1.2.7.


100-ден 200-
ге дейін және оны қоса алғанда

1000-нан астам

272 

1.2.8.


200-ден 500-
ге дейін және оны қоса алғанда

2000-ға дейін
және оны қоса алғанда

518 

1.2.9.


200-ден 500-
ге дейін және оны қоса алғанда

2000-нан астам

777

1.2.10.


500-ден астам

5000-ға дейін
және оны қоса алғанда

1479 

1.2.11.


500-ден астам

5000-нан астам

2219 

1.3.

Радио хабарла-
рын тарату/
УҚТ ЧМ (РМ)




1.3.1.


10-ға дейін
және оны қоса алғанда

100-ге дейін

1.3.2.


10-нан 50-ге
дейін және оны қоса алғанда

500-ге дейін
және оны қоса алғанда

1.3.3.


10-нан 50-ге
дейін және оны қоса алғанда

500-ден астам

18 

1.3.4.


50-ден 100-
ге дейін және оны қоса алғанда

1000-ға дейін
және оны қоса алғанда

27

1.3.5.


50-ден 100-ге
дейін және оны қоса алғанда

1000-нан астам

53 

1.3.6.


100-ден 200-
ге дейін және
оны қоса
алғанда

1000-ға дейін және оны қоса алғанда

62 

1.3.7.


100-ден 200-
ге дейін және
оны қоса
алғанда

1000-нан астам

93 

1.3.8.


200-ден 500-
ге дейін және оны қоса алғанда

2000-ға дейін және оны қоса алғанда

178 

1.3.9.


200-ден 500-
ге дейін және оны қоса алғанда

2000-нан астам

266 

1.3.10.


500-ден астам

5000-ға дейін
және оны қоса алғанда

488 

1.3.11.


500-ден астам

5000-нан астам

732 

1.4.

Радио хабар-
ларын тарату
/ҚТ, ОТ, ҰТ




1.4.1.


500-ден астам

100-ге дейін
және оны қоса алғанда

1.4.2.


500-ден астам

100-ден 1000-
ға дейін және оны қоса алғанда

15 

1.4.3.


500-ден астам

1000-нан 10000-
ға дейін және оны қоса алғанда

30

1.4.4.


500-ден астам

10000-нан 100000-ға
дейін және оны қоса алғанда

45 

1.4.5.


500-ден астам

100000-нан бастап

89 

2.

Лицензияның
дубликатын
бергені үшін алым ставкасы



2

      476-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Алым сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және байланыс саласындағы уәкілетті мемлекетті органнан рұқсат алғанға дейін телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары орналасқан жер бойынша бюджетке төленеді.
      2. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргізілмейді.
      Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша ол тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген, рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын құжатты табыс еткеннен кейін олар төленген жер бойынша салық органдары жүргізеді.

74-тарау. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

      477-бап. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергені үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы (бұдан әрі - төлемақы) алынады.
      2. Жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісінде белгіленеді.
      3. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер табыс етеді.

      478-бап. Төлемақы төлеушілер

      1. Жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
      2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері төлемақыны дербес төлеушілер ретінде қарастырылады.
      3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

      479-бап. Салық салу объектісі

      Мемлекет өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға беретін жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады.

      480-бап. Төлемақы ставкалары

      Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте осы Кодекстің 387-бабының 2, 5-тармақтарында көзделген ережелерді есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен кем белгіленбейді.

      481-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негізінде жергілікті атқарушы орган өтемін төлеп уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап есептеледі.
      Шешім қабылдаған күннен бастап шарт жасаған күнге дейінгі кезең үшін төлем сомасын көрсетілген барлық кезең бойынша өсімпұлды есептемей осындай шартты жасаған күннен бастап төлем төлеуші бес жұмыс күні ішінде төленуге тиіс.
      Төлемақының жыл сайынғы сомалары жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгіленеді.
      Шарт талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген жер салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері төлемақы сомаларының есеп-қисаптарын қайта қарайды.
      2. Салық кезеңінде төленуге тиіс төлемақы мөлшері есеп-қисаптарда көрсетілген төлемақы ставкаларына және жер учаскесін салық кезеңінде пайдалану кезеңіне негізделе отырып айқындалады.
      3. Төлемақы мөлшері осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесі бойынша есептелген жер салығының сомаларынан кем болмайтындай мөлшерде белгіленеді.
      4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақыны есептеуді осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді.
      5. Осы баптың 6-тармағында аталғандарды қоспағанда, төлемақы төлеушілер төлемақының ағымдағы сомаларын ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде тең үлестермен бюджетке төлейді.
      Төлеудің жоғарыда аталған мерзімдерінен кейін өтемі төленетін уақытша жер пайдалануға мемлекет жер учаскелерін берген жағдайларда, төлем төлеудің келесі (кезекті) мерзімі төлемақыны бюджетке енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады.
      Мемлекет өтемін төлеп уақытша ақы төлеп жер пайдалануға жер учаскелерін төлемнің соңғы мерзімінен кейін берген жағдайларда, жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдың 20-күні бюджетке төлем төлеу мерзімі деп есептеледі.
      6. Жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлем сомаларын есепті салық кезеңінің 20 ақпаннан кешіктірмей төлейді. Жер учаскесін белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, төлемді уақытша өтеулі жер учаскесін пайдалануға алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төлейді.
      7. Өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзімі біткен немесе салық кезеңі басталғаннан кейін ол бұзылған жағдайда, қалған мерзім үшін бюджетке енгізілуге тиіс төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей төленеді.
      8. Төлемақы сомасы жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша бюджетке енгізілуге тиіс.

      482-бап. Салық кезеңі

      Күнтізбелік тоқсан төлемақы сомасын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі болып табылады.

      483-бап. Салық есептілігі

      1. Жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлемақы төлеушілер жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етеді.
      2. Төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді.
      3. Салық кезеңі басталғаннан кейін өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар шарт жасалған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етеді.
      4. Бірінші салық кезеңінде ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабымен бірге жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі табыс етіледі.
      Одан кейінгі кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшірмесі төлемақы сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етіледі.
      5. Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған немесе салық кезеңі басталғаннан кейін жергілікті атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі оны бұзған кезде шарттың қолданылу мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы табыс етіледі.

75-тарау. Жер үсті көздерінің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы

      484-бап. Жалпы ережелер

      1. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) жер үсті көздерінен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін алынады.
      2. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат беру құжаты негізінде жүзеге асырылады.
      3. Суды рұқсат беретін құжатсыз әдейі пайдалану суды алудың белгіленген лимиттерінің нақты көлемінен артық алу ретінде қаралады.
      4 Су пайдаланудың арнаулы түрлері Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленеді.
      5. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.

      485-бап. Төлемақы төлеушілер

      Мынадай:
      1) жер үсті көздерінен және теңіз суларынан механикалық және өздігінен ағызып су алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;
      2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;
      3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;
      4) балық ресурстарын өндіру үшін;
      5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер (бұдан әрі - бастапқы су пайдаланушылар) болып табылады.

      486-бап. Салық салу объектілері

      1. Мыналар салық салынатын объектілер болып табылады:
      1) мыналарды:
      бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттеуші құрылғыларға шоғырландырылатын су көлемін;
      ағынды бассейн аралық бұруды жүзеге асыратын каналдарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын өрнеуден тыс су қоймаларында сүзуге және булануға кететін, су шаруашылығы жүйелерінің жобалық деректері негізінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған су шығындарын;
      су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемін;
      су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған суару жүйелеріне мәжбүрлі су жинау көлемін қоспағанда, жер үсті су көзінен алынған судың көлемі;
      2) өндірілген электр энергиясының көлемі;
      3) су көлігімен тасымалдау көлемі;
      4) балық аулау көлемі.
      2. Төлемақы кеме тіркемесінсіз сүректі ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға, жалпы су пайдалануға қолданылмайды.

      487-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгілейді.
      2. Су алудың нақты көлемі су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген төлемақы ставкалары осындай асып кеткен бөлікте үш есе ұлғайтылады.

      488-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасын су пайдаланудың нақты көлемі мен белгіленген ставкаларды негізге ала отырып, төлеушілер дербес айқындайды.
      2. Төлеушілер (шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден, сондай-ақ оларға су беруді жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымдарынан басқа) нақты пайдаланылған су көлемі үшін ағымдағы төлемақы сомаларын есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей ай сайын бюджетке төлейді.
      3. Төлемақы сомасы рұқсат құжаттарында көрсетілген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленеді.

      489-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының
               төлемақыны есептеуі мен төлеуінің ерекшеліктері

      1. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, сондай-ақ оларға су беруді жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымдары мыналарды төлеуді жүргізеді:
      1) ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомаларын ағымдағы салық кезеңінің 25 қазанынан кешіктірмей;
      2) 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге есептелген сомаларды есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 25 наурызынан кешіктірмей.
      2. Жеке және заңды тұлғалар тірек гидротехникалық және суды реттейтін құрылыстары бар су нысандарында су көліктерімен тасымалдау көлемі үшін жүк тасымалының тоннасы/киломерті үшін төлемақы төлейді.
      3. Жылу энергетикасы кәсіпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттер үшін жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын су үшін төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшін көзделген ставкалар бойынша белгілейді.
      4. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшін технологиялық қажеттерге су алу лимиті шегінде су алатын жылу энергетикасы кәсіпорындары төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшін көзделген ставкалар бойынша белгілейді. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшері өнеркәсіп орындары үшін белгіленген ставкалар бойынша айқындалады.

      490-бап. Салық кезеңі

      Күнтізбелік тоқсан салық кезеңі болып табылады.

      491-бап. Салық есептілігі

      1. Төлемақы төлеушілер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етеді.
      2. Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын осы баптың 3-тармағында аталған төлемдерді қоспағанда, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
      3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, сондай-ақ оларға су беруді жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымдары ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
      4. Ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисаптары салық органына табыс етілгенге дейін су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік уәкілетті мемлекеттік органда куәландырылады.

76-тарау. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы

      492-бап. Жалпы ережелер

      1. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен алынады.
      2. Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін экологиялық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
      3. Белгіленген тәртіппен ресімделмеген рұқсат етілген қоршаған ортаға эмиссиялар қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгіленген эмиссиялар нормативтерінен артық эмиссиялар ретінде қарастырылады.
      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.

      493-бап. Төлемақы төлеушілер

      Қазақстан Республикасының аумағында қызметін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

      494-бап. Салық салу объектісі

      Қоршаған ортаға эмиссиялардың:
      1) ластағыш заттар шығарындыларының;
      2) ластағыш заттар төгінділерінің;
      3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының белгіленген нормативтері шегіндегі және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

      495-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Осы баптың 7-тармағындағы ережені ескере отырып, төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшеріне негізделе отырып айқындалады.
      2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды:

Р/с
N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

1.

Күкірт тотықтары

10

2.

Азот тотықтары

10

3.

Шаң және күл

5

4.

Қорғасын және оның қосындылары

1993

5.

Күкіртсутек

62

6.

Фенолдар

166

7.

Көмірсутектер

0,16

8.

Формальдегид

166

9.

Көміртек тотықтары

0,16

10.

Метан

0,01

11.

Күйе

12

12.

Темір тотықтары

15

13.

Аммиак

12

14.

Алты валентті хром

399

15.

Мыс тотықтары

299

16.

Бенз(а)пирен

498288

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Р/с
N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін
төлемақы ставкалары,
(АЕК)

1

2

3

1.

Көмірсутектер

2,23

2.

Көміртек тотықтары

0,73

3.

Метан

0,04

      4. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Р/с
N

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,33

2.

Дизель отыны үшін

0,45

3.

Сұйытылған, сығылған газ үшін

0,24

      5. Ластағыш заттардың төгінділері үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды:

Р/с
N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

670

2.

Мырыш

1340

3.

Мыс

13402

4.

Оттекке биологиялық сұраныс

4

5.

Тұзды аммоний

34

6.

Мұнай өнімдері

268

7.

Нитраттар

1

8.

Жалпы темір

134

9.

Сульфаттар (анион)

1

10.

Өлшенген заттар

1

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

27

12.

Хлоридтер (анион)

1

13.

Алюминий

27

      6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды:

Р/с
N№

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы ставкалары (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы

0,19


1.2.

Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

7


1.2.2.

"янтарь" тізім

4


1.2.3.

"жасыл" тізім

1


1.2.4.

жіктелмеген

0,45


1.3.

Өзге қалдықтар:



1.3.1.

аршынды жыныстар

0,002


1.3.2.

байыту шлактары, шламдары, қалдықтары

0,019


1.3.3.

күл мен күлшлактар

0,015


1.3.4.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары

0,009


2.

Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды


0,38

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,19

2.3.

Бета-радиоактивті


0,02

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,19

      7. Мынадай коэффициенттер қолданылады:
      1) энергия өндіруші ұйымдар мен табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкаларына:
      2-тармақта - 0,3 коэффициенті;
      5-тармақта - 0,43 коэффициенті;
      6-тармақтың 1.3.3-тармақшасында - 0,25 коэффициенті;
      2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жердегі жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 6-тармақтың 1.1-тармақшасында белгіленген төлемақы ставкасына 0,2 коэффиценті.
      8. Осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.

      496-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасын төлемақы төлеушілер қоршаған ортаға эмиссияның және белгіленген ставкалардың нақты көлемдерін және белгіленген ставкаларды негізге ала отырып дербес есептейді.
      2. Төлемдерінің жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде болатын төлемақы төлеушілер төлемақыны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте қоршаған ортаға эмиссияға лимитін сатып алуға құқылы. Лимитті сатып алу рұқсат ету құжаты есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей ресімделген жағдайда ағымдағы жыл үшін алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргізіледі.
      3. Рұқсат ету құжатын осы Кодекстің 498-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған кезде лимитті сатып алу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат ету құжатын алған айдан кейінгі айдың 25-нан кешіктірілмей жүргізіледі.
      4. Уәкілетті мемлекеттік орган оларды мемлекеттік тіркеуден өткізген жер бойынша бюджетке төлемақы енгізілетін ластанудың қозғалмалы көздерін қоспағанда, төлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектісінің) рұқсат құжатта көрсетілген орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
      5. Төлемақы төлеушілер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі үшін төленетін төлемақының ағымдағы сомаларын осы баптың 2 және 6-тармақтарында көрсетілген төлемақы төлеушілерді қоспағанда, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей енгізеді.
      6. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеуді осы Кодекстің 446-бабында белгіленген мерзімде жүргізеді.

      497-бап. Салық кезеңі

      Күнтізбелік тоқсан салық кезеңі болып табылады.

      498-бап. Салық есептілігі

      1. Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік тіркеуден өткізген жері бойынша есеп-қисабы табыс етілетін қозғалмалы ластау көздерін қоспағанда, ластау объектісі орналасқан жердегі салық органдарына табыс етеді.
      2. Осы баптың 3 және 5-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
      3. Төлемдерінің жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде болатын төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
      4. Рұқсат ету құжаты осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін ресімделген жағдайда, көрсетілген төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат ету құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
      5. Шаруа немесе фермер арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын осы Кодекстің 447-бабында белгіленген мерзімде табыс етеді.
      6. Ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы салық органына табыс етілгенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органда куәландырылады.

77-тарау. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны
үшін төлемақы

      499-бап. Жалпы ережелер

      1. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) жануарлар дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін алынады.
      2. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.
      3. Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленеді.
      4. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін пайдалану үшін төлемақыны әрбір жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      5. Мынадай жағдайларда төлемақы алынбайды:
      жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда ен салу, сақина салу, көшіру, жерсіндіру мен жасанды будандастыру мақсаттары үшін ұстап алып, кейіннен табиғи ортаға жіберген кезде;
      жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген әрі қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған кезде;
      жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;
      шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, алайда экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар жануарлар түрлерін алған кезде;
      халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерін алған кезде.
      6. Жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер табыс етеді.

      500-бап. Төлемақы төлеушілер

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

      501-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып белгіленеді.
      2. Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аңшылық кезінде төлемақы ставкалары мынаны құрайды:

Р/с
N

Жабайы жануарлардың
түрлері

Төлемақы ставкасы, бір дарағы үшін (АЕК)

кәсіпшілік аңшылық

әуесқойлық және спорттық аңшылық

1

2

3

4

1.

Сүт қоректілер



1.1.

Бұлан (аталығы)

-

16

1.2.

Бұлан (ұрғашысы)

-

11

1.3.

Бұлан (ұшары)

-

6

1.4.

Марал (аталығы)

-

13

1.5.

Марал (ұрғашысы)

-

7

1.6.

Марал (ұшары)

-

4

1.7.

Аскания бұғысы (аталығы)

-

9

1.8.

Аскания бұғысы (ұрғашысы)

-

5

1.9.

Аскания бұғысы (ұшары)

-

3,5

1.10.

Елік (таралу аймағының солтүстік бөлігі, аталығы)

-

4

1.11.

Елік (таралу    аймағының солтүстік бөлігі, ұрғашысы, ұшары)

-

3

1.12.

Елік (таралу аймағының оңтүстік бөлігі, аталығы)

-

3

1.13.

Елік (таралу аймағының оңтүстік бөлігі, ұрғашысы, ұшары)

-

2

1.14.

Сібір тау ешкісі (аталығы)

-

4

1.15.

Сібір тау ешкісі (ұрғашысы, ұшары)

-

3,5

1.16.

Құдыр

-

2

1.17.

Қабан (аталығы)

-

4

1.18.

Қабан (ұрғашысы, ұшары)

-

3

1.19.

Киік (аталығы)

4

5

1.20.

Киік (ұрғашысы, ұшары)

3

4

1.21.

Қоңыр аю (Тяньшань
аюынан басқасы)

-

14

1.22.

Құндыз, кәмшат (орта
азиялығынан басқасы)

1

2

1.23.

Бұлғын

2

4

1.24.

Суырлар (Мензбир
суырынан басқасы)

0,060

0,12

1.25.

Су тышқан

0,045

0,9

1.26.

Борсық, түлкі

0,10

0,20

1.27.

Қарсақ

0,045

0,10

1.28.

Американ су күзені

0,12

0,25

1.29.

Сілеусін (түркістандықтан басқасы)

-

0,45

1.30.

Қояндар (құм қоян, ор
қоян, ақ қоян)

0,010

0,45

1.31.

Жанат тәрізді ит, жанат, құну, сарғыш
күзен, ақ қалақ, ақкіс,
сары күзен, сасық
күзен, тиін

0,020

0,35

1.32.

Зорман

0,015

0,025

1.33.

Қасқыр

0

0

1.34.

Шибөрі

0

0

2.

Құстар



2.1.

Маймақ қаз (қызыл
жемсаулы, қара
жемсаулы)

0,015

0,030

2.2.

Саңырау құр

-

0,15

2.3.

Құр

-

0,055

2.4.

Гималай ұлары

-

0,20

2.5.

Қырғауыл

0,020

0,060

2.6.

Қаздар* (сұр қаз,
ақмаңдайлы қаз,
қырманқаз), қарашақаз

0,020

0,045

2.7.

Үйректер* (от үйрек,
сарыалақаз, барылдауық,
ысылдақ шүрегей,
қырылдақ шүрегей, боз
үйрек, сары айдар
үйрек, қылқұйрық,
даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылбас
сүңгуір, көк сүңгуір,
айдарлы сүңгуір, айдарсыз сүңгуір, ұшқыр үйрек, сусылдақ,
айдарлы үйрек, қара
тұрпан, кіші бейнарық,
секпілтес бейнарық,
бейнарық)

0,010

0,020

2.8.

Қасқалдақ, қызғыш,
шілдер (аққұр, тундра
аққұры, дала шілі, шіл,
сақалды), кекілік, сұр
құр, кептерлер
(дыркептер, түз кептер,
көк кептер, құз кептер), түркептерлер
(кәдімгі түркептер,
үлкен түркептер),
шалшықшылар (күжіркей,
шаушалшық, тауқұдірет,
орман маңқысы, ауылдық
тауқұдіреті, тау
маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кіші шырғалақ)

0,005

0,010

2.9.

Бөдене

0,005

0,010

      * Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа.
      3. Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды:

Р/с
N

Су жануарларының
түрлері

Төлемақы ставкалары (АЕК)

бір дарағы үшін

бір килограмы үшін

1

2

3

4

1.

Кәсіпшілік және ғылыми
мақсаттарда:



1.1.

Бекіре балықтары
(қортпа, бекіре, шоқыр,
сүйрік, тілмай)


0,064

1.2.

Майшабақтар (қарынсау,
бражников, қаражон),
тікенді балық,
түйетабан, шабақ


0

1.3.

Албырт балықтар
(құбылмалы патшабалық,
майқан, хариус)


0,017

1.4.

Ақсақа балықтар
(көкшұбар, көк-шарбы,
пайда, шыр, мұқсын, ұзын саусақты шаян)


0,012

1.5.

Қаракөз


0,004

1.6.

Итбалық

1,93


1.7.

Ірі шағын балықтар:



1.7.1.

ақ амур, сазан, тұқы,
ақмарқа, беріш, жайын,
нәлім, дөңмаңдай,
шортан, жыланбас
балық, көксерке


0,013

1.8.

Ұсақ шағын балықтар:



1.8.1.

табан, торта, тұрпа
балық, майбалық, қызылкөз, көкбас,
аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдімгі
және таластың тарақ
балығы, қызылқанат,
балпан балық, білеу
балық, айнакөз,
көктұран, қылыш балық,
буффало, шармай


0,004

2.

Спорттық-әуесқойлық
(рекреациялық) балық
аулауды жүргізу
кезінде:



2.1.

Алып қоюмен:



2.1.1.

ірі шағын балықтар


0,017

2.1.2.

қортпа


6,5

2.1.3.

бекіре балықтары


5,5

2.1.4.

ақсақа және албырт балықтар


0,042

2.1.5.

ұсақ шағын балықтар


0,008

2.1.6.

шаян

0,008


2.2.

"Ұстап алу-қоя беру"
принципі негізінде:



2.2.1.

ірі шағын балықтар


0,1

2.2.2.

бекіре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)

4,97


2.2.3.

ақсақа және албырт балықтар


0,27

2.2.4.

ұсақ шағын балықтар


0,068

      4. Өзге (аңшылық пен балық аулаудан басқа) шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды:

Р/с
N

Су жануарларының
түрлері

Төлемақы ставкалары (АЕК)

бір дарағы үшін

бір килограмы
үшін

1

2

3

4

1.

Сүт қоректілер:



1.1.

Шұбар немесе дала мысығы

0,030

-

1.2.

Қарақас

0,015

-

2.

Құстар:



2.1.

Кішкене, қара мойын,
қызыл мойын, сұржақ,
үлкен сұқсыр, үлкен
суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ
құтан, көкқұтан және
қошқыл құтан

0,010

-

2.2.

Үлкен аққұтан

0,015

-

2.3.

Маусымқұс, қошқылқанат
және алтынжон татрең,
шүрілдек, шаушүрілдек,
моңғол шүрілдегі,
сарысағақ шүрілдек,
шығыс шүрілдегі, теңіз
шүрілдегі, алқалы
татрең, тасшырған,
сутартар, тартар,
кішкене тартар, титтей
тартар, қызылқасқа
сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, бұлыңғыр, фифи, үлкен балшықшы,
шөпілдек, тәкілдек
балшықшы, бұлақшы,
мамырқұс, қайқытұмсық
балшықшы, ақжал қалтқы,
ақтамақ қалтқы, құмғақша, қызылмойын
құмдауық, ұзынсаусақ
құмдауық, аққұйрық
құмдауық, қызылбауыр
құмдауық, қаратөс
құмдауық, сүйірқұйрық
құмдауық, құмқұс,
тұнбашы, шалғын және
дала қарақасы, сақиналы
түркептер, сарыжағал
қараторғай, сарытұмсық
шауқарға, қараторғай,
пайыз торғай, қызылтелпекті құнақ,
көкқарға, бозторғай
(айдарлы, теңбілтес,
ұзынтұмсық, сұр, сор,
дала, қараалқалы,
аққанат, қара, құлақты,
орман, бозторғай,
кіші), қызылтұмсық
шауқарға, алабажақ
сайрауық

0,005


2.4.

Қаршыға

0,010


2.5.

Қырғи, маубас жапалақ,
байғыз, жүнбалақ
байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы,
жамансары

0,045


3.

Бауырымен жорғалаушылар:



3.1.

Орта Азия тасбақасы,
саз тасбақасы

0,020

-

3.2.

Ешкіемер, бат-бат
кесіртке, жұмырбас құм
кесіртке, сығыркөз

0,010

-

3.3.

Бозша жылан

0,045

-

3.4.

Өрнекті қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы

0,035

-

3.5.

Көлбақа

0,005

-

4.

Омыртқасыз су жануарлары:



4.1.

Артемия (цисталары)

-

0,045

4.2.

Гаммарус, шашақ мұрт шаяндар

-

0,010

4.3.

Сүліктер

-

0,030

4.4.

Басқа су омыртқасыздары мен цисталары

-

0,005

      502-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасын белгіленген ставкалар мен жануарлардың санын (су жануарларының жекелеген түрлері үшін салмағын) негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейді.
      2. Төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдаланған жер бойынша немесе төлем төлеушінің орналасқан жері бойынша банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен бюджетке төленеді.
      3. Төленген төлемақы сомалары қайтарылмайды.

78-тарау. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы

      503-бап. Жалпы ережелер

      1. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың мынадай түрлері үшін алынады:
      1) сүрек дайындау;
      2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;
      3) екінші дәрежелі ағаш ресурстарын (қабықтарды, бұтақтарды, томарларды, тамырларды, жапырақтарды, ағаш бүршіктері мен бұталарды) дайындау;
      4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман төсеніштері мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін;
      6) мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттары;
      7) аңшылық шаруашылық қажеттері;
      8) ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану.
      2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленеді.
      3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде берілетін ағаш кесу билеті мен орман пайдалану билетінің (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негізінде беріледі.
      4. Мемлекеттік орман иеленушілер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.

      504-бап. Төлемақы төлеушілер

      1. Мемлекеттік орман иеленушілер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен орман пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы жеке орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке орман иеленушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

      505-бап. Салық салу объектісі

      Мыналарды:
      1) көшеттердің құрамы мен нысанына күтім жасау үшін кесуді жүзеге асыру, сондай-ақ оның жас талдарының толықтығын реттеу (жарықтандыру, тазарту) және құндылығы шамалы ағаш көшеттерін қайта жөндеуге және ландшафттарды қалыптастыруға байланысты кесуді жүзеге асыру кезінде түбірімен босатылатын сүрек көлемін;
      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алынған ағаш ресурстарының, шайырдың, екінші дәрежелі ағаш ресурстарының көлемін қоспағанда, пайдалануға берілетін орман пайдаланудың көлемі және (немесе) мемлекеттік орман қоры учаскелерінің алаңы, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы, төлемақы салу объектісі болып табылады.

      506-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы ставкаларын орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптар негізінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді.
      2. Түбірімен босатылатын ағаш үшін төлемақы ставкасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып, тығыз бір шаршы метр (м 3 ) үшін белгіленеді және мынаны құрайды:

Р/с
N

Ағаш-бұта
тұқымдарының
атаулары

Жоғарғы бөлігіндегі дің
кесіндісінің диаметріне қарай
қабықсыз кәделі сүрек (АЕК)

Қабықты
отындық
сүрек (АЕК)

ірі (25
см және
жоғары)

орташа (13-тен
24 см-ге дейін)

ұсақ
(3-тен
12 см-ге дейін)

1

2

3

4

5

6

1.

Қарағай

1,48

1,05

0,52

0,21

2.

Шренке шыршасы

1,93

1,37

0,68

0,27

3.

Сібір шыршасы, майқарағай

1,34

0,95

0,48

0,16

4.

Самырсын

1,19

0,85

0,41

0,15

5.

Балқарағай

2,67

1,91

0,93

0,23

6.

Ағаш тектес арша

1,79

1,26

0,63

0,27

7.

Емен, шаған

2,67

1,91

0,93

0,41

8.

Жабысқақ қара
қандығаш, үйеңкі, шегіршін, жөке

0,60

0,42

0,21

0,14

9.

Сексеуіл




0,60

10.

Қайың

0,69

0,48

0,23

0,16

11.

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

0,52

0,37

0,18

0,11

12.

Грек жаңғағы,
шекілдеуік жаңғақ

3,24

2,32

1,15

0,35

13.

Өрік, аққараған,
алша, долана,
шие, жиде, шетен,
алхоры, мойыл,
тұт ағашы, алма
ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар

1,90

1,35

0,68

0,23

14.

Ағаш тектес арша, самырсын



0,34

0,18

15.

Жыңғыл



0,3

0,25

16.

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар



0,19

0,12

      3. Төлемақы ставкаларына мынадай коэффициенттер қолданылады:
      1) кеспеағаштардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:
      10 км-ге дейін - 1,30;
      10,1-25 км - 1,20;
      25,1-40 км - 1,00;
      40,1-60 км - 0,75;
      60,1-80 км - 0,55;
      80,1-100 км - 0,40;
      100 км-дан астам - 0,30;
      2) жергілікті жердің бедеріне қарай:
      жазық бедер - 1,1;
      жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;
      таулы бедер - 1,5;
      3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6;
      4) басты мақсатта пайдалануға іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8;
      5) сүректі тау жоталарындағы 20 градустан жоғары ылдидан босату кезінде - 0,7.
      4. Сүректі түбірімен босату кезінде пайда болған (ұшар басынан алынған ағаш) қалған кесінділер үшін төлемақы ставкасы осы баптың 2-тармағында көрсетілген тиісті ағаш тұқымының отындық сүрегі ставкасының 20 проценті мөлшерінде белгіленеді.

      507-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және ол рұқсат құжатында көрсетіледі.
      2. Төленуге тиіс төлемақы мөлшері:
      сүректі түбірімен босатқан кезде - осы Кодекстің 506-бабында белгіленген коэффициенттерді ескере отырып, орман пайдалану көлеміне және төлемақы ставкаларына негізделе отырып;
      орман пайдаланудың өзге түрлері кезінде - орман пайдалану көлеміне және (немесе) алаңына, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейтін орман пайдаланудың өзге түрлері үшін төлемақы ставкаларына негізделе отырып айқындалады.
      3. Төлемақы сомасы орман пайдалану объектісі орналасқан жер бойынша бюджетке мынадай мерзімдерде төленеді:
      1) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде - орман пайдаланудың жыл сайынғы көлемінің жалпы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірілмей;
      2) қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде - рұқсат құжаттарын алғанға дейін немесе сол күні. Бұл ретте рұқсат құжаттарында төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып, ақы төлеудің жүргізілгені туралы белгі қойылады;
      3) түбірімен босатылатын сүрек үшін - жазылып берілген ағаш кесу билеттері бойынша жылдық төлемақы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей.
      4. Егер сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындарын және екінші дәрежелі ағаш ресурстарын босату кезінде дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және екінші дәрежелі ағаш ресурстарының жалпы көлемі ағаш кесу билетінде көзделген көлеммен (алаңмен) сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік орман иеленушілер нақты дайындалған көлем үшін төлемақы сомасын қайта есептейді. Қайта есептеу кезінде белгіленген төлемақы сомасы оны төлеудің кезекті мерзімінде төленеді.
      5. Кезекті мерзімде кесуге берілетін кесілмеген ағаштар, сондай-ақ өткен жылдың кесу басталмаған кеспе ағаштары үшін төлемақы сомасын төлеу осы Кодекстің 506-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      6. Төлемақы сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару, не оны уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассасына қолма-қол ақшалай енгізу жолымен жүргізіледі.
      7. Қолма-қол ақшалай қабылданған төлемақы сомаларын мемлекеттік орман иеленушілер кейіннен оларды бюджетке есепке алу үшін күн сайын, ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселік мөлшерінен аз болған жағдайларда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
      8. Жеке тұлғалар төлемақыны қолма-қол ақшалай төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне мемлекеттік орман иеленушілердің біріздендіру нөмірі қойылады.
      9. Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе өз құзыреті шегінде орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган орманның тозуы немесе жойылуы қаупі туындаған кезде ағаш ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, төленген төлемақы сомаларын қайтару жүргізілмейді.
      Бұл ретте төленген төлемақы сомасын қайтаруды төлемақы төлеушінің салықтық өтініші бойынша ол мемлекеттік орман иеленушілер берген, ағаш кесу билетінің, орман пайдалануға арналған орман билетінің пайдаланылмағанын растайтын құжатты табыс еткеннен кейін ол төленген жердегі салық органдары жүргізеді.

79-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдаланғаны үшін төлемақы

      508-бап. Жалпы ережелер

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актісінде айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.
      2. Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.

      509-бап. Төлемақы төлеушілер

      1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
      2. Мыналар төлемақы төлеушілер болып табылмайды:
      елді мекендерде және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында орналасқан саяжай учаскелері тұрақты тұратын жеке тұлғалар;
      Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актісінде айқындалған табиғат қорғау ұйымдары.

      510-бап. Төлемақы ставкасы

      1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіш есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.
      2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді.

      511-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Осы тармақта көзделген жағдайларды қосағанда, төлемақы сомасын белгіленген ставкаларды және ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған күн санын негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейді.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасындағы жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар:
      1) жалдамалы жұмыскерлерді пайдаланған кезде - әрбір жұмыскер үшін;
      2) стационарлық емдеу, демалыс немесе өзге де мақсаттағы мекемелері болған жағдайда - әрбір жеке тұлға үшін төлемақы енгізеді.
      2. Төлемақы төлеушілердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануына оларда ақы төлеу туралы растаушы құжаттар болған жағдайда ғана жол беріледі.
      3. Төлемақы сомасы ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан жер бойынша төленеді.
      4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару, не оны бақылау-өткізу пункттерінде, не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актісінде айқындалған табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда фискалдық жадысы бар бақылау-кассалық машина арқылы немесе уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде қолма-қол ақшалай енгізу жолымен жүргізіледі.
      5. Қолма-қол ақшалай қабылданған төлемақы сомаларын Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актісінде айқындалған табиғат қорғау ұйымдары кейіннен оларды бюджетке есепке алу үшін күн сайын, ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселік мөлшерінен аз болған жағдайларда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
      6. Жеке тұлғалар төлемақыны қолма-қол ақшалай төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актісінде айқындалған табиғат қорғау ұйымдарының біріздендіру нөмірі қойылады.
      7. Төленген төлемақы сомалары қайтарылмайды.
      8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы орман ресурстарын және жануарлар дүниесі ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу осы Кодекстің 502 және 507-баптарына сәйкес жүргізіледі.

80-тарау. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны
үшін төлемақы

      512-бап. Жалпы ережелер

      1. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиілік спектрінің номиналдары (белдеулері, өрісі) (бұдан әрі - радиожиілік спектрінің номиналдары) үшін алынады.
      2. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
      3. Радиожиілік спектрінің номиналдарын бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүргізілуі мүмкін.
      Бұл ретте конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік бюджетке бір жолғы төлемақы енгізеді.
      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес бюджетке төленуге тиіс бір жолғы төлемақы сомасы төлем есебіне есептелмейді.
      5. Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.

      513-бап. Төлемақы төлеушілер

      1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен радиожиілік спектрін пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
      2. Мыналар төлемақы төлеушілер болып табылмайды:
      1) өздеріне жүктелген негізгі функционалдық міндеттерін орындау кезінде радиожиілік спектрін пайдаланатын мемлекеттік мекемелер;
      2) осы Кодекстің 474-бабында аталған төлемақы төлеушілер;
      3) радиоәуесқой жеке тұлғалар;
      4) бір станция үшін пайдаланылатын барлық жиіліктер үшін ОТ-өріс (27 МГц) радиостанцияларының иелері.

      514-бап. Төлемақы ставкалары

      Жылдық төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып радио байланысының түріне, пайдаланылатын жиіліктердің номиналдарына (диапазон жолдарына), радиоұзартқыштар жинақтамасына, пайдалану аумағына, сондай-ақ байланыс қызметі көрсетілетін елді мекеннің аумағында тұратын халықтың санына байланысты белгіленеді және мынаны құрайды:

Р/с
N

Радиобайланыс түрлері

Пайдалану аумағы

Төлемақы
ставкасы (АЕК)

1

2

3

4

1.

Дербес радиошақыру радиожүйелері (ені 25 кГц жиілік белгіленгені үшін)

облыс, Астана, Алматы қалалары

10

2.

Транкинг байланысы (қабылдауға ені 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшін)



1)


Астана, Алматы
қалалары

140

2)


50 мыңнан астам
халқы бар елді
мекен

80

3)


басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

10

3.

УҚТ-өрісті радиобайланыс (қабылдауға ені 25 кГц/беруге 25 кГц
дуплексті арна үшін)



1)


Астана, Алматы
қалалары

80

2)


50 мыңнан астам
халқы бар елді
мекен

60

3)


басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

15

4.

УҚТ-өрісті радиобайланыс (ені 25 кГц симплексті арна үшін)



1)


Астана, Алматы
қалалары

30

2)


50 мыңнан астам
халқы бар елді
мекен

20

3)


басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

10

5.

ҚТ-байланыс (бір жиілік белгіленгені үшін) таратқыштың шығу қуаты:
- 50 Вт-қа дейін;
- 50 Вт-тан астам

облыс, Астана,
Алматы қалалары


   10
20

6.

Радиоұзартқыштар (арна
үшін):

облыс, Астана,
Алматы қалалары

2

7.

Ұялы байланыс (қабылдауға ені 10 кГц/беруге 10 кГц жиілік белдеуі үшін)

облыс, Астана, Алматы қалалары

55

8.

Ғаламдық дербес
жылжымалы спутниктік
байланыс жүйесі
(қабылдауға ені 100
кГц/беруге 100 кГц
жиіліктердің дуплексті
белдеуі үшін)

Қазақстан Республикасы

20

9.

HUB - технологиялы
спутниктік байланыс
(HUB-қа пайдаланылатын
қабылдауға ені 100
кГц/беруге 100 кГц
белдеуі үшін)

Қазақстан
Республикасы

30

10.

HUB - технологиясынсыз спутниктік байланыс (бір станция пайдаланатын жиіліктер үшін)

Қазақстан Республикасы

100

11.

Радиорелелі желілер
(бір аралықтағы
дуплексті арна үшін):



1)

Жергілікті

аудан, қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ

40

2)

Аймақтық және
магистральдық

Қазақстан Республикасы

10

12.

Сымсыз радиоға қол
жетімділік желілері
(қабылдауға ені 25
кГц/беруге 25 кГц
дуплексті арна үшін)



1)


50 мың адамнан
астам халқы бар
елді мекен

25

2)


басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ)

2

13.

КБС-технологиясы пайдаланылған жағдайда сымсыз радиоға қол жетімділік желілері (қабылдауға ені 2 МГц/беруге 2 МГц дуплексті арна үшін)



1)


Астана, Алматы
қалалары

140

2)


50 мыңнан астам
халқы бар елді
мекен

70

3)


басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық)
округ)

5

14.

Эфирлік-кабельдік
теледидар (8 МГц
жиілік белдеуі үшін)



1)


200 мың адамнан
астам халқы бар
елді мекен

300

2)


50 мыңнан 200 мың
адамға дейін халқы
бар елді мекен

135

3)


50 мыңға дейін
халқы бар аудандық
маңызы бар қала,
аудан

45

4)


басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық)
округ)

5

15.

Теңіздегі радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия және т.б.), бір радиоарна үшін

облыс

10

      Ескертпе:
      Алты айға дейін және оны қоса алғандағы мерзімге тәжірибелік пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де іс-шаралар өткізу кезеңінде радиожиілік спектрін пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыс түріне және радиожиілік спектрін пайдалану аумағына қарай, оны нақты пайдалану мерзіміне сәйкес мөлшерде, бірақ радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақының жылдық ставкасының кемінде 1/12 мөлшерінде белгіленеді.
      Ені осы баптың ставкаларында көрсетілгеннен өзге дуплексті арна белдеуін пайдаланатын технологияларды қолданған жағдайда, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары төлеуші нақты пайдаланатын дуплексті арна белдеуі енінің үлесті салмағының осы баптың ставкаларында көрсетілген дуплексті арна белдеуінің еніне ара қатынасы негізге алына отырып, анықталады.
      Кең белдеулі сигнал (КБС) технологиясын пайдалану кезінде төлемақы қабылдауға ені 2 МГц/беруге 2 МГц белдеу үшін алынады.

      515-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат құжаттарында көрсетілген техникалық өлшемдерге сәйкес радио байланысының түрі мен радиожиілік спектрін пайдалану аумағына қарай, жылдық төлемақы ставкаларының негізінде есептейді.
      2. Есепті салық кезеңіндегі радиожиілік спектрін пайдалану кезеңі бір жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлем сомасын он екіге бөліп, оны радиожиілік спектрі пайдаланылған айлардың санына көбейту арқылы айқындалады.
      3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетіп хабарлама жазады және оны төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.
      4. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей хабарлама жібереді.
      5. Жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 қыркүйегінен және 20 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде тең үлеспен төленеді.
      6. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.

      516-бап. Салық кезеңі

      Күнтізбелік тоқсан салық кезеңі болып табылады.

      517-бап. Салық есептілігі

      1. Төлемақы төлеушілер жыл сайын, есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей өзі орналасқан жердегі салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.
      2. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын осы Кодекстің 515-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, салық төлеуші ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның жазып беретін хабарламасын алған айдан кейінгі айдың 20-інен кешіктірмей табыс етеді.

81-тарау. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон
байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс бергені үшін төлемақы

      518-бап. Жалпы ережелер

      1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы):
      1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;
      2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.
      2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі - құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
      3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдын 15-нен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.

      519-бап. Төлемақы төлеушілер

      Қазақстан Республикасының байланыс туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

      520-бап. Төлемақы ставкалары

      Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      521-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Төлемақыны байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган төлемақының жылдық ставкалары негізінде төлемақы төлеушілердің электрлі байланыс (телекоммуникациялар) қызметтерін беруден түсетін кірістерін негізге ала отырып есептейді.
      2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан кем болған жағдайда, төлемақы сомасы жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілген тиісті ай санына көбейту арқылы айқындалады.
      3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарлама жазады және оны ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеушіге жібереді.
      4. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны төлемақы төлеушіге жібереді.
      5. Жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 қыркүйегінен және 20 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде бюджетке төленеді.
      6. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған кезде рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.

      522-бап. Салық кезеңі

      Күнтізбелі тоқсан салық кезеңі болып табылады, төлем бойынша осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

      523-бап. Салық есептілігі

      1. Төлемақы төлеушілер жыл сайын, есепті салық кезеңінің 20-наурызынан кешіктірмей өзі орналасқан жердегі салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.
      2. Осы Кодекстің 521-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін құқық алған жағдайда, төлемақы төлеуші ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жазып жіберген хабарламаны алған айдан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей береді.

82-тарау. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны
үшін төлемақы

      524-бап. Жалпы ережелер

      1. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін алынады.
      2. Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдалану құқығы көліктік бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат құжатымен әрбір күнтізбелік жылға беріледі.
      3. Тиісті рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
      4. Көліктік бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган келесі айдың 15-нен кешіктірмей ай сайын өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер беріп отырады.

      525-бап. Төлемақы төлеушілер

      1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекемелер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

      526-бап. Төлемақы ставкалары

      Төлемақы ставкасы 1 балдық регистрлік тонна үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген 0,26 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады.

      527-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланушылардан алынатын төлемақы мөлшері рұқсат беру құжатында белгіленген, бірақ бір күнтізбелік ай үшін төлемақы мөлшерінен кем емес төлемақы ставкалары мен кеме жүзетін су жолдарын пайдаланудың нақты мерзімі негізге алына отырып айқындалады.
      2. Ай сайынғы төлемақы мөлшері көліктік бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ағымдағы жылға белгілейтін навигация кезеңіне есептелген жылдық төлемақы сомасын бөлу жолымен айқындалады.
      3. Ағымдағы ай ішінде бюджетке енгізілуге тиіс төлемақы сомасы келесі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.
      4. Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде көліктік бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланудың бірінші айы үшін бюджетке төлемақы сомасы енгізілгенін растайтын құжатты табыс етеді.
      5. Кеменің бір жолғы кіруі кезінде шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, резидент емес шетелдік заңды тұлғалар рұқсат құжатын алғанға дейін айлық ставка мөлшерінде бюджетке төлемақы енгізеді. Олар Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарында бір айдан астам болған кезде бюджетке төлемақы осы бапта белгіленген тәртіппен енгізіледі.
      6. Төлемақы сомасы бюджетке рұқсат беру құжатында көрсетілген кеме жүзетін су жолдарын пайдалану орны бойынша төленеді.
      7. Төленген төлемақы сомалары қайтарылмайды.

83-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны
үшін төлемақы

      528-бап. Жалпы ережелер

      1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрінде Қазақстан Республикасының аумағындағы ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.
      2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін (бұдан әрі - жарнама объектісі) орналастыру:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен белгілі бір мерзімге автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - жол органы) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен белгілі бір мерзімге беретін құжат негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнама объектілерін орналастыру кезінде;
      2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен беретін рұқсат негізінде елді мекендерде жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.
      Жарнама объектілерін тиісті құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынады.
      3. Тиісті рұқсат құжаты болмаған кезде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жер учаскелерін жарнама объектілері үшін нақты пайдалану және (немесе) оларды елді мекендерде орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу мен бюджетке енгізу үшін негіздеме болып табылады.
      4. Жол органдары және жергілікті атқарушы органдар ай сайын, айдың 15-інен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.

      529-бап. Төлемақы төлеушілер

      1. Жарнама объектілерін орналастырушы жеке және заңды тұлғалар (оның ішінде дара кәсіпкерлер) төлемақы төлеушілер болып табылады.
      2. Өздеріне жүктелген функцияларын іске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

      530-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып белгіленеді.
      2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнама объектісі бетінің алаңы үш шаршы метрге дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы ставкалары бірдей белгіленеді:

Р/с
N

Жолдардың санаттары

Төлемақы ставкасы (АЕК)

1

2

3

1.

Қалаға кіреберістер

25

2.

I, II

20

3.

III

20

4.

IV

5

      Габариттен тыс жарнамалық ақпарат орналастырылған кезде ай сайынғы төлемақы ставкалары жарнама объектісінің беті (парағы) алаңының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына бара-бар жоғарылатылады.
      3. Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында орналастырылатын жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары жарнама объектісінің алаңына және орналастыратын жеріне негізделе отырып белгіленеді:

Р/с
N

Жарнама түрлері

Төлемақы ставкалары (бір беті үшін) (АЕК)

Республи-
калық
маңызы бар
қалалар

Облыстық
маңызы бар
қалалар

Аудандық
маңызы бар
басқа қала-
лар, кенттер,
селолар,
ауылдар

1

2

3

4

5

1.

Жылжымайтын объектілерде:




1.1.

Алаңы 2 ш.м. дейін
сілтемелер, маңдай-
шалар, ақпараттық
қалқандар (бір
объект үшін)

2

1

0

1.2.

Лайтбокстер (сити
форматтағы)

3

2

1

1.3.

Алаңы мынадай болатын
жарнама-ақпараттық
объектілер:




1.3.1.

2-ден 5-ке дейін ш.м.

5

3

1

1.3.2.

5-тен 10-ға дейін
ш.м.

10

5

2

1.3.3.

10-нан 20-ға дейін
ш.м.

20

10

5

1.3.4.

20-дан 30-ға дейін
ш.м.

30

15

5

1.3.5.

30-дан 50-ге дейін
ш.м.

50

20

10

1.3.6.

50-ден 70-ке дейін ш.м.

70

30

15

1.3.7.

70 ш.м.-ден артық

100

50

25

1.4.

Шатырүсті неондық
жарнама құрылғылары
(жарық-динамикалық
панно немесе көлемді
неондық әріптер)




1.4.1.

30 ш.м.-ге дейін

30

20

10

1.4.2.

30 ш.м.-ден артық

50

30

10

1.5.

Плакаттардағы, тенттердегі, шатырлардағы, төбелердегі, қолшатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, байрақтардағы жарнама:




1.5.1.

5 ш.м.-ге дейін

1

1

0

1.5.2.

5-тен 10-ға дейін
ш.м.

2

1

0

1.5.3.

10 ш.м.-ден артық

3

2

1

1.6.

Уақытша үлгідегі
дүңгіршектер мен павильондардағы
жарнама:




1.6.1.

2 ш.м.-ге дейін

2

1

0

1.6.2.

2-ден 5-ке дейін ш.м.

2

1

0

1.6.3.

5-тен 10-ға дейін
ш.м.

3

2

1

1.6.4.

10 ш.м.-ден артық

8

4

2

1.7.

Шығарылатын жарнамалық құрылғылар (штендерлер)

10

5

1

2.

Жылжымалы
объектілерде:




2.1.

Көлік құралының
сыртқы бетіндегі
жарнама (бір бірлігі
үшін):




2.1.1.

автобустарда,
троллейбустарда,
трамвайларда, жүк
машиналарында, арнайы
автокөліктерде
(жүккөтергіштігі 1,5
тоннадан астам жүк
көтеретін)

8

4

2

2.1.2.

шағын автобустар,
такси, жеңіл автомобильдер (1,5
тоннаға дейін жүк
көтеретін)

3

2

1

2.2.

Автокөлік құралына
орнатылған құрылғы-
лардағы жарнама
(панно, қалқандар,
лайтбокстер және
т.б.) бір беті үшін:




2.2.1.

2 ш.м.-ге дейін

3

2

1

2.2.2.

5 ш.м.-ге дейін

15

10

5

2.2.3.

5-тен 10-ға дейін
ш.м.

35

25

10

2.2.4.

10-нан 20-ға дейін
ш.м.

50

25

10

2.2.5.

20-дан 40-қа дейін ш.м.

60

45

20

2.2.6.

40 ш.м.-ден артық

80

40

25

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша базалық төлемақы ставкаларының мөлшерін жарнама объектісінің орналасқан жеріне байланысты екі есе арттыруға құқылы.

      531-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Алынатын төлемақы мөлшері рұқсат құжатында белгіленген, бірақ бір күнтізбелік ай үшін төлемақы мөлшерінен кем емес төлемақы ставкасы және жарнама объектілерін орналастырудың нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.
      2. Бір күнтізбелік ай үшін бюджетке енгізілуге тиісті төлемақы сомасы келесі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.
      3. Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде жол органына немесе жергілікті атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасын бюджетке енгізгендігін растайтын құжатты табыс етеді.
      4. Төлемақы олардың мемлекеттік тіркеуден өткен жері бойынша бюджетке енгізілетін көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналасқан орны бойынша бюджетке төленеді.
      5. Төленген төлемақы сомалары қайтарылмайды.

84-тарау. Мемлекеттік баж $ 1. Мемлекеттік баж

      532-бап. Жалпы ережелер

      Мемлекеттік баж - уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
      Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, дубликаттарын) беру заңдық мәні бар іс-қимылдарға теңестіріледі.

      533-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер

      Заңдық мәні бар іс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.

      534-бап. Баж алу объектілері

      1. Мыналардан:
      1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың, аралық соттардың, шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың көшірмелерін (төлнұсқаларын) бергені үшін;
      2) нотариаттық іс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (төлнұсқаларын) бергені үшін;
      3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін;
      4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
      5) шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені үшін;
      6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
      7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;
      8) аңшы куәлігін бергені және оны жыл сайын тіркегені үшін;
      9) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін;
      10) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
      11) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін;
      12) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтік қарудың (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін;
      13) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;
      14) жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинистің куәлігін, механикалық көлік құралдары мен прицептердің техникалық қараудан өткені туралы куәліктерді, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін;
      15) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның осы Кодекстің 539-бабында көзделген заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасағаны үшін мемлекеттік баж алынады.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік баждың тіркелген проценттік ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып есептеледі.

      535-бап. Мемлекеттік баждың соттардағы ставкалары

      1. Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппеляциялық шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, аппеляциялық шағымға қосылу туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың құжаттардың көшірмелерін (төлнұсқаларын) бергені үшін мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:
      1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
      жеке тұлғалар үшін - талап қою сомасының 1 проценті;
      заңды тұлғалар үшін - талап қою сомасының 3 проценті;
      2) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан - 30 процент;
      3) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан - 500 процент;
      4) салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаларға дауласу туралы талап арыздардан:
      жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін - хабарламада көрсетілген салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (өсімпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 проценті;
      заңды тұлғалар үшін - хабарламада көрсетілген салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (өсімпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 1 проценті;
      5) некені бұзу туралы талап арыздардан - 30 процент.
      Неке бұзу кезінде мүлікті бөлген жағдайларда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай айқындалады;
      6) белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан - осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
      7) тұрғын үй-жайларды жалға алу шартын өзгерткені немесе бұзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзімін ұзарту туралы, тыйым салынған мүлікті босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент;
      8) ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент;
      9) аралық соттар шешімдеріне шағым жасау, төреліктің шешімдерін жою туралы өтініштерден - Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша - Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын және өтініш беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің 50 проценті;
      10) сот шешіміне жасалған апелляциялық шағымдардан - мүліктік емес сипаттағы талап арызды берген кездегі алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша - арыз беруші дауға салып отырған сома негізге алына отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен 50 процент;
      11) сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден - осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50 проценті;
      12) атқару парағының төлнұсқасын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сондай-ақ аралық соттардың, шетел соттары мен арбитраждардың шешімдері бойынша орындау парағын бергені үшін - 500 процент;
      13) сот шешімдерінен, үкімдерінен, ұйғарымдарынан, соттың өзге де қаулыларынан көшірмелерді (төлнұсқаларын), сондай-ақ іске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар берген істің басқа да құжаттарының көшірмелерін қайталап бергені үшін - әрбір құжат үшін 10 процент және, одан басқа, әрбір дайындалған бет үшін 3 процент;
      14) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 процент.
      2. Мүліктік сипаттағы және мүліктік емес сипаттағы талаптар қоса көрсетілген талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздар мен мүліктік емес сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж бір мезгілде алынады.

      536-бап. Нотариалдық іс-әрекеттер жасағаны үшін
               алынатын мемлекеттік баж ставкалары

      Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін бергені үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
      1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
      егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 1000 процент;
      құны 30 айлық есептік көрсеткішке дейін:
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 100 процент;
      басқа адамдарға - 300 процент;
      құны 30 айлық есептік көрсеткіштен жоғары:
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 500 процент;
      басқа адамдарға - 700 процент;
      егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй займы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса - 200 процент;
      2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
      егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 100 процент;
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 50 процент;
      басқа адамдарға - 70 процент;
      3) автомотокөлік құралдарын иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
      егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 700 процент;
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 200 процент;
      басқа адамдарға - 500 процент;
      4) жалға беру, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй займын қоспағанда) кепілақы, лизинг, мердігерлік, неке келісім-шарттары, ортақ меншіктегі мүлік бөлісі, мұрагерлік мүлікті бөлу, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшін - 500 процент;
      5) ипотекалық тұрғын үй займы шарттарын куәландырғаны үшін - 200 процент;
      6) өсиетхаттарды куәландырғаны үшін - 100 процент;
      7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін - берілген әр куәлікке - 100 процент;
      8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті беру үшін - 100 процент;
      9) мүлікті пайдалану мен иелену құқығы туралы сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 50 процент;
      10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 100 процент;
      11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 200 процент;
      12) өзге сенімхаттарды куәландырғаны үшін:
      жеке тұлғаларға - 10 процент;
      заңды тұлғаларға - 50 процент;
      13) мұраға қалдырылған мүлікті қорғау жөнінде шаралар қолданғаны үшін - 100 процент;
      14) теңіздік наразылық білдіргені үшін - 50 процент;
      15) құжаттардың көшірмесі мен құжаттардың үзінді көшірмесінің растығын куәландырғаны үшін (әр бетіне):
      жеке тұлғаларға - 5 процент;
      заңды тұлғаларға - 10 процент;
      16) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшін (әрбір құжат үшін):
      жеке тұлғаларға - 3 процент;
      заңды тұлғаларға - 10 процент;
      17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға бергені үшін - 20 процент;
      18) құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін бергені үшін - 20 процент;
      19) телнұсқа бергені үшін - 100 процент;
      20) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшін (әрбір құжат үшін):
      жеке тұлғаларға - 10 процент;
      заңды тұлғаларға - 50 процент;
      21) жылжымайтын мүлікті кепілге алу шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәліктерді куәландырғаны үшін - 200 процент; өзге де кепіл шарттарын куәландырғаны үшін - 700 процент;
      22) вексель наразылығын жасағаны үшін және чектің төленбегенін куәландырғаны үшін - 50 процент;
      23) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшін - әр айға 10 процент;
      24) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырғаны үшін - 50 процент;
      25) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариалдық әрекеттерді жасағаны үшін - 20 процент.

      537-бап. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін
               мемлекеттік баж ставкалары

      1. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу, өлім туралы актілердің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайталап бергені үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
      1) некеге тұруды тіркегені үшін - 100 процент;
      2) некені бұзуды тіркегені үшін:
      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша - 200 процент;
      сот шешімі негізінде - 150 процент (ерлі-зайыптылардың біреуінен немесе екеуінен);
      белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде - 10 процент;
      3) тегін, атын немесе әкесінің атын, ұлтын және жынысын өзгерткенін тіркегені үшін - 200 процент;
      осы негізде берілген жұбайының, балаларының әрбір құжаты үшін - 50 процент;
      4) туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді бергені үшін - 50 процент;
      5) азаматтық хал актілерін тіркегені туралы куәліктерді қайталап бергені үшін - 100 процент;
      6) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тіркегені үшін - 200 процент;
      7) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін - 30 процент;
      8) ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін - 50 процент;
      9) алыс шет елдерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін - 100 процент.

      538-бап. Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының
               азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының
               азаматтығын қалпына келтіруді немесе Қазақстан
               Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресімдеу
               кезіндегі мемлекеттік баж ставкалары

      Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:
      1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқық беретін виза бергені немесе ұзартқаны үшін:
      Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент;
      Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 процент;
      2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесіп өту құқығына виза бергені үшін - 200 процент;
      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретін құжаттарына өзгерістер енгізгені үшін - 100 процент;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгені туралы құжаттар бергені үшін - әрбір шақырылған адам үшін 50 процент;
      5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін - 100 процент;
      6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлінген құжаттарды ауыстырып бергені үшін - осы баптың тиісінше 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.

      539-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті
               мемлекеттік органның заңды мәні бар
               іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж
               ставкалары

      Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:
      1) инновациялық патент, патент, куәлік бергені үшін - 100 процент;
      2) жалпыға белгілі тауар таңбасына сертификат бергені үшін - 100 процент;
      3) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру, кепіл шарттарын, лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркегені үшін - 150 процент;
      4) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін - 1 500 процент;
      5) патенттік сенім білдірілген өкілдерді тіркеу туралы куәлік бергені үшін - 100 процент мемлекеттік баж алынады.

      540-бап. Басқа да іс-әрекеттер жасағаны үшін
               мемлекеттік баж ставкалары

      Басқа да іс-әрекеттер жасағаны үшін:
      1) тұрғылықты жерін тіркегені үшін - 10 процент;
      2) аңшы куәлігін бергені және оны жыл сайын тіркегені үшін - 10 процент;
      3) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін - 200 процент;
      4) мыналарды бергені үшін:
      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі - 400 процент;
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, уақытша жеке куәлігі - 20 процент;
      5) мыналарды бергені үшін:
      заңды тұлғаларға:
      азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 200 процент;
      азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 200 процент;
      азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 100 процент;
      азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 100 процент;
      азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 200 процент;
      азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 100 процент;
      жеке тұлғаларға:
      азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 50 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 10 процент;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 50 процент;
      6) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтік қарудың (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 мм дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін - 10 процент;
      7) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін - 10 процент;
      8) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар апостиль қойғаны үшін - 50 процент;
      9) мыналарды бергені үшін:
      жүргізушінің куәлігін - 125 процент;
      көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені туралы куәлік - 125 процент;
      механикалық көлік құралын немесе тіркемені мемлекеттік техникалық тексеруден өткізгені туралы куәлік - 50 процент;
      автомобильге мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбасын бергені үшін - 280 процент;
      мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбасын бергені үшін - 140 процент;
      көлік құралын айдап әкелгені үшін мемлекеттік тіркеудің нөмір (транзиттік) таңбасын бергені үшін - 35 процент;
      10) мыналарды бергені үшін:
      тракторшы-машинист куәлігі - 50 процент;
      тракторларға, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі - 100 процент;
      тракторларды, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді мемлекеттік тіркеу үшін техникалық паспорт - 50 процент мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

      541-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату

      Соттарда мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:
      1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндіріп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша;
      2) талапкерлер - авторлар, орындаушылар және ұжымдық негізде олардың мүліктік құқықтарын басқарушы ұйымдар - авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша;
      3) талапкерлер - өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторлары - жаңалық ашуға, өнертабысқа, пайдалы үлгілерге, рационализаторлық ұсынысқа және өнеркәсіптік үлгілерге құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша;
      4) талапкерлер - алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюлар бойынша;
      5) талапкерлер - мертігуге немесе денсаулығына зақым келтірілуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;
      6) талапкерлер - қылмыспен келтірілген материалдық залалдың орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;
      7) жеке тұлғалар - некені бұзу туралы істер бойынша апелляциялық шағымдардан;
      8) іске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық істерге және алимент бойынша істерге байланысты құжаттар бергені үшін;
      9) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтірілген залалды өтеу қаражатын мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоюлар бойынша;
      10) білікті еңбек қызметкерлерін және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларын дайындауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлер - оқу орындарын өз бетімен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға кеткен мемлекет шығындарын өндіріп алу жөніндегі талап қоюлар бойынша;
      11) жеке тұлғалар - қылмыспен келтірілген материалдық залалды өндіріп алудың дұрыстығына дау айтылатын қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдардан;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға сотқа арыз жазып жүгінген жеке және заңды тұлғалар;
      13) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредиттерді, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайтару жөнінде талап қойып сотқа жүгінген сенім білдірілген өкіл (агент);
      14) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының орден, медальдармен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарымен марапатталмаған адамдарға, бала жастан мүгедектердің ата-аналарына - барлық істер мен құжаттар бойынша;
      15) талапкерлер-оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық істер мен құжаттар бойынша;
      16) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздар бергені үшін:
      іс жүргізуді қысқарту туралы сот ұйғарымының күшін жою немесе соттың іс жүргізуді қысқарту туралы мәлімдемесін қарамай қалдыру немесе арызды қарамай қалдыру туралы;
      шешімнің орындалуын кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы;
      шешімді орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы;
      талап қоюларды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудің бір түрін басқаларымен ауыстыру туралы;
      жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешімдерін, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;
      сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;
      өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы сот шешімдерінің орындалуын кері бұрып атқару туралы;
      апелляциялық шағымға қосылу туралы;
      соттың сырттан шешімін жою туралы;
      сондай-ақ:
      сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне;
      соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
      сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
      әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар;
      соттың сырттай шешімінің күшін жою туралы;
      17) прокуратура органдары - барлық талап қоюлар бойынша;
      18) мемлекеттік мекемелер - үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғау жағдайларын қоспағанда, өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қойған және сот шешіміне шағым жасаған кезде;
      19) мүгедектердің қоғамдық ұйымдары - өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезінде;
      20) сақтандырушылар мен сақтанушылар - міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қоюлар бойынша;
      21) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталу, бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен қамауға алуға заңсыз тарту не тұтқынға алу немесе түзеу жұмыстары түрінде заңсыз әкімшілік жазаға тарту арқылы келтірілген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
      22) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның филиалдары мен өкілдіктері - өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезде;
      23) қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган - өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде;
      24) еріксіз таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары - тарату өндірісінің мүддесінде берілген талап қоюлар, өтініштер бойынша;
      25) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті банктер:
      бюджет қаражаты есебінен қайтарымды негізде берілген кредиттер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы;
      мүлікті өндіріп алу туралы;
      борышкерлердің сыртқы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен берілген қарыздар бойынша міндеттемелерді орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады;
      26) конкурстық және оңтайландырылған басқарушылар - Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктері шегінде оңтайландырылған рәсімдер конкурстық іс жүргізу мүддесінде талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

      542-бап. Нотариаттық іс-қимылдар жасаған кезде
               мемлекеттік баж төлеуден босату

      Нотариаттық іс-қимылдар жасаған кезде мыналар:
      1) жеке тұлғалар - өздерінің, мемлекет пайдасына мүлікті сыйға тартатын өсиеттерін, шарттарын куәландырғаны үшін;
      2) мемлекеттік мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәліктерді (куәліктердің дубликаттарын) бергені үшін, сондай-ақ осы куәліктерді (куәліктердің дубликаттарын) алу үшін қажетті барлық құжаттар үшін;
      3) жеке тұлғалар - оларға мыналарға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін;
      4) Қазақстан Республикасын қорғау кезінде, өзге де мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға байланысты не адам өмірін құтқарып қалу, мемлекеттік меншікті және құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкіне;
      5) егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемінде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейін де осы үйде (пәтерде) тұруын жалғастырып жатса, тұрғын үйіне (пәтері) немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пайына;
      6) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдеріне, мемлекеттік заемдардың облигацияларына, еңбекке төленетін ақыға, авторлық құқық сомаларына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсіптік үлгілері үшін сыйақы сомаларына;
      7) ақталған азаматтардың мүлкіне;
      8) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының орден, медальдармен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарымен марапатталмаған адамдарға, бала жастан мүгедектердің ата-аналарына - барлық нотариалдық іс-қимылдар бойынша;
      9) репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық іс-әрекеттері бойынша;
      10) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның филиалдары мен өкілдіктері - өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін өтініш берген кезінде;
      11) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган - өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өтініш жасаған кезде;
      12) "Батыр Ана" атағы берілген, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;
      13) заңдарда белгіленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерінің мүлікке мұрагерлігі туралы куәліктер алғаны үшін;
      14) "Қазақстан мүгедектерінің ерікті қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндірістік кәсіпорындары барлық нотариалдық іс-әрекет бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

      543-бап. Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде
               мемлекеттік баж төлеуден босату

      Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мыналар:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының орден, медальдармен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарымен марапатталмаған адамдарға, бала жастан мүгедектердің ата-аналарына, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар - тууы туралы куәліктер тіркелгені және қайталап берілгені үшін;
      2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкелікті анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актілер жазбалары өзгертілген, толықтырылған және түзетілген кезде өздеріне куәліктер бергені үшін;
      3) жеке тұлғалар - ақталған туыстарының қайтыс болуы туралы оларға бұрын берілген куәліктер қайталап немесе алмастырылып берілгені үшін;
      4) жеке тұлғалар - бала асырап алу мен әкелікті анықтауға байланысты актілер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізілгені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

      544-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына
               келтіру және алу кезінде мемлекеттік баж
               төлеуден босату

      1. Мыналар:
      1) жаппай қуғын-сүргіндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, өзге де имандылыққа жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары - Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өздері тілек білдірген жағдайда;
      2) репатрианттар (оралмандар) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
      2. Аталған мемлекеттік баж төлеуден босату бір рет беріледі.

      545-бап. Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан
               Республикасына келу жөніндегі істер бойынша
               мемлекеттік баж төлеуден босату

      Қазақстан Республикасынан кету жөніндегі істер бойынша мыналар:
      1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының орден, медальдармен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарымен марапатталмаған адамдарға, бала жастан мүгедектердің ата-аналарына;
      Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
      азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің соттарына азаматтық және қылмыстық істер бойынша тараптар, куәлер және сарапшылар ретінде шақырылған жеке тұлғалар - оларға шетелге кетуге құжаттар берілгені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылады;
      2) Қазақстан Республикасына келу жөніндегі істер бойынша репатрианттар (оралмандар) олардың паспорттарына немесе солардың орнына берілетін құжаттарына Қазақстан Республикасына келуге рұқсат берілетін виза берілген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Аталған мемлекеттік баж төлеуден босату бір рет беріледі;
      3) автомобильге, автомобильдің тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісін берген кезде:
      Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының орден, медальдармен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарымен марапатталмаған адамдарға, бала жастан мүгедектердің ата-аналарына;
      Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

      546-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті
               мемлекеттік орган заңды мәні бар іс-әрекеттер
               жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босату

      Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде:
      1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
      2) мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;
      3) репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін;
      4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен марапатталған адамдар, "Батыр ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының орден, медальдармен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарымен марапатталмаған адамдарға, бала жастан мүгедектердің ата-аналары, сондай-ақ Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

      547-бап. Басқа да іс-әрекеттер жасаған кезде
               мемлекеттік баж төлеуден босату

      1) Тұрғылықты жерін тіркегені үшін мыналар:
      қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
      мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;
      репатрианттар (оралмандар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін;
      Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының орден, медальдармен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарымен марапатталмаған адамдарға, бала жастан мүгедектердің ата-аналары;
      Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады;
      2) аң аулау құқығына рұқсат бергені үшін: аңшылық мамандары, қорықшылар мен штаттағы аңшылар;
      3) қылмыстық істе азаматтық талап қоюды табыс ету кезінде;
      4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қою кезінде;
      5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайта куәліктер берілгені үшін мемлекеттік баж алынбайды;
      6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ, шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру кезінде:
      Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері;
      үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар;
      "Батыр ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының орден, медальдармен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарымен марапатталмаған адамдарға, бала жастан мүгедектердің ата-аналар;
      қарттарға арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, мемлекеттің толық қарамағындағы және балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

      548-бап. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі

      1. Мемлекеттік баж қолма-қол ақшамен, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді.
      2. Мемлекеттік баж:
      1) сот қарайтын істер бойынша - тиісті арыздар (шағымдар) немесе апелляциялық шағымдар, сот бұйрығын шығару туралы өтініш бергенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;
      2) нотариаттық іс-әрекеттерді орындағаны үшін, сондай-ақ құжаттардың көшірмелерін, төлнұсқаларын бергені үшін - жасалған нотариалдық іс-әрекетті тіркеген кезде;
      3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені үшін, тиісті арыздар берген кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгізгені үшін, сондай-ақ куәліктер мен анықтамаларды қайтадан бергені үшін - оларды берген кезде;
      4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркегені үшін - актілерді тіркеген кезде;
      5) азаматтардың тұрғылықты жерін тіркегені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
      6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
      7) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарының мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктерін, мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергені үшін - тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергенге дейін;
      8) аң аулау құқығына рұқсат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
      9) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
      10) қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсаттар бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
      11) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтік қарудың (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;
      12) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты істер бойынша - тиісті құжаттарды алғанға дейін;
      13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар апостиль қою үшін - апостиль қойғанға дейін;
      14) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның инновациялық патенттер, патенттер, куәліктер, сертификаттар беруге, шарттарды тіркеуге, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға және тіркеуге байланысты заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
      3. Мемлекеттік баж уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке алынады.
      4. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару, не оны уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде қолма-қол ақшалай енгізу жолымен жүргізіледі.
      5. Қолма-қол ақшалай қабылданған мемлекеттік баж сомаларын уәкілетті мемлекеттік органдар кейіннен оларды бюджетке есепке алу үшін күн сайын, ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселік мөлшерінен аз болған жағдайларда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

      549-бап. Төленген мемлекеттік баж сомаларын қайтару

      1. Төленген мемлекеттік баж сомасы:
      1) талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баж осы Кодекс бойынша талап етілгеннен көбірек мөлшерде енгізілген;
      2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкілетті адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудан бас тартқан;
      3) іс жүргізу тоқтатылған немесе, егер іс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы істер санаты үшін белгіленген дауды алдын ала шешудің тәртібін сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;
      4) мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық маңызы бар іс-әрекеттерді жасаудан немесе осы заңдық маңызы бар іс-әрекеттердің жасаған органға жүгінгенге дейін құжатты алудан бас тартқан;
      5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда ішінара немесе толық қайтарылуға тиіс.
      2. Салық органы мемлекеттік бажды қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты салық төлеушіден алғаннан кейін, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджетке есептелген күннен бастап бір жылдық мерзім өткенге дейін табыс етілген болса, төленген мемлекеттік бажды қайтару туралы салықтық өтінішті қарайды.
      3. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды салық қызметі органдары оның мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжаты қоса берілген салықтық өтінішінің, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізеді.
      4. Мемлекеттік мекеме үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғайтын жағдайларды қоспағанда, сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік органнан мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық қызметі органы мемлекеттік баждың бюджетке төленгені туралы төлем құжаты мен сот органының шешімі қоса берілген салық төлеушінің немесе мемлекеттік мекеменің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
      5. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органдары мемлекеттік баж сомасы есепке алынған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан жүргізеді.
      6. Мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін салық қызметі органы салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалғандығы туралы мәлімдеме жібереді.
      7. Мемлекеттік баж сомасын қайтаруға құжаттар салық қызметі органына мемлекеттік баж сомасы бюджетке есепке алынған күннен бастап бір жылдық мерзім өткенге бейін табыс етілуге тиіс.

$ 2. Консулдық алым

      550-бап. Жалпы ережелер

      Консулдық алым - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің консулдық іс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдік заңды тұлғалар - резидент еместерден алатын мемлекеттік баж түрі.

      551-бап. Консулдық алым төлеушілер

      Өз мүдделері үшін консулдық іс-әрекеттер жасалып, заңдық маңызы бар құжаттар берілетін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар - резидент еместер консулдық алым төлеушілер болып табылады.

      552-бап. Алу объектілері

      Консулдық алым мынадай консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынады:
      1) қызметтік паспортты, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу;
      2) Қазақстан Республикасының визаларын беру;
      3) Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлігін беру;
      4) шетелде болу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштерін ресімдеу;
      5) шетелге тұрақты тұруға келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдіктерге ұл (қыз) бала асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары-балаларды консулдық есепке қою;
      6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу;
      7) азаматтық хал актілерін тіркеу;
      8) құжаттарды талап ету;
      9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды сүйемелдеу;
      10) нотариаттық іс-әрекеттер жасау;
      11) консулдық мекемеде өсиет қағазын, құжаттар салынған пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерліктен басқа) сақтау;
      12) көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлік сату;
      13) алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын иелігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау;
      14) заңды тұлғалардың мекен-жайына дипломатиялық почта арқылы құжаттар жіберу;
      15) кемені шетелден сатып алған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында жүзу құқығына куәлік беру, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты декларациялар мен басқа да құжаттар толтыру және куәландыру;
      16) заңдық күші бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру.

      553-бап. Консулдық алым ставкалары

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, консулдық алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) негізге ала отырып белгіленеді.
      2. Консулдық алым ставкаларының ең төменгі және барынша жоғары базалық мөлшерлері мынаны құрайды:

Р/с
N

Консулдық әрекеттердің атауы

Ставкалар (АҚШ
долларымен немесе
АЕК-тің %-мен)

1

2

3

1.

Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын ресімдеу


20 АҚШ доллары

2.

Қазақстан Республикасы азаматының
паспортын ресімдеу


20-50 АҚШ доллары

3.

Қазақстан Республикасының азаматы
паспортының қолдану мерзімін ұзарту


10-30 АҚШ доллары

4.

Қазақстан Республикасы азаматының
паспортына балалар туралы мәліметтерді
қосып жазу


  5-15 АҚШ доллары

5.

Қазақстан Республикасында;
Шетелде виза беру туралы шетелдік
дипломатиялық өкілдікке нота жазу және
басу


  АЕК-тің 50 %-і 5-15 АҚШ доллары

6.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың
шетелдіктер үшін виза беру туралы
өтініштерін пысықтау және Қазақстан
Республикасының дипломатиялық өкілдік-
тері мен консулдық мекемелеріне нұсқау
(визалық қолдау) жіберу:
бір рет келу-кету;
екі рет немесе одан көп рет келу-кету


 
 
 
 
 
 

      АЕК-тің 20 %-і
АЕК-тің 50 %-і

7.

Қазақстан Республикасына бір рет келу
(кету) немесе оны үш айға дейінгі
мерзімге ұзарту


  10-30 АҚШ доллары

8.

Бір реттік келу-кету немесе кету-келу
визалары немесе оларды үш айға дейінгі
мерзімге ұзарту


  20-60 АҚШ доллары

9.

Екі реттік келу-кету немесе кету-келу
визалары немесе оларды үш айға дейінгі
мерзімге ұзарту


  30-90 АҚШ доллары

10.

Үш реттік келу-кету немесе кету-келу
визалары немесе оларды үш айға дейінгі
мерзімге ұзарту


35-105 АҚШ доллары

11.

Көп реттік виза немесе оның мерзімін
ұзарту:
бір жылға дейін;
 
екі жылға дейін


  100-200 АҚШ доллары
200-400 АҚШ доллары

12.

Туристік виза:
30 күнге дейінгі бір реттік;
60 күнге дейінгі екі реттік


20-40 АҚШ доллары
30-60 АҚШ доллары

13.

Транзиттік виза

10-30 АҚШ доллары

14.

Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлікті беру


1-15 АҚШ доллары

15.

Шетелге жеке ісі бойынша кеткен
Қазақстан Республикасы азаматтарының
шетелде тұрақты тұруға қалу туралы
өтініштерін ресімдеу


  20-300 АҚШ доллары

16.

Шетелге тұрақты тұруға келген Қазақстан
Республикасының азаматтарын консулдық
есепке алу:
есепке алу
есептен шығару


 
 
 

   1-30 АҚШ доллары
тегін

17.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрлігінде шетелдіктердің асырап
алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтарын-балаларын
консулдық есепке алу:
есепке алу
есептен шығару


 
 
 
 
 

     АЕК-тің 500 %-і
тегін

18.

Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға
келу туралы шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдардың өтінішін
ресімдеу


  10-100 АҚШ доллары

19.

Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдау және қалпына келтіру туралы
өтінішті ресімдеу


15-150 АҚШ
доллары

20.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан
шығу туралы өтінішті ресімдеу

30-300 АҚШ доллары

21.

Тууды, әкелікті айқындауды, ұл бала
(қыз бала) асырап алуды тіркеу және
тиісті куәліктерді беру


  10-20 АҚШ доллары

22.

Некеге тұруды тіркеу және неке туралы
куәлікті беру


15-30 АҚШ доллары

23.

Некені бұзуды тіркеу және бұл туралы
куәлік беру


30-60 АҚШ доллары

24.

Қазақстан Республикасының заңнамалық
актісінде белгіленген тәртіппен хабар-
ошарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы
немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан
әрекетке қабілетсіз деп танылған
адамдармен, не қылмыс жасағаны Үшін үш
жылдан кем емес мерзімге бас бостан-
дығынан айыруға сотталған адамдармен
некені бұзуды тіркеу


 
 
 
 
 
 
 
 

        5-30 АҚШ доллары

25.

Некеге тұруына байланысты жағдайлардан
басқа реттерде тегін, атын, әкесінің
атын өзгерту туралы материалдарды
ресімдеу, сондай-ақ ұлтын өзгертуді
тіркеу


 
 
 
 

    25-50 АҚШ доллары

26.

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы
мұрағат материалдары бойынша қайталап
куәліктер беру


  20-40 АҚШ доллары

27.

Тууы туралы, некеге тіркелгені, некенің
бұзылғаны туралы, қайтыс болғандығы
туралы жазбаларды өзгертуге, толықтыру-
ға, түзетуге және қалпына келтіруге
байланысты куәліктерді беру


 
 
 
 

    10-20 АҚШ доллары

28.

Некеге тіркелу мақсатында шет елдердегі
азаматтық хал актілерін тіркеу
органдарына ұсыну үшін анықтама беру


  10-20 АҚШ доллары

29.

Құжаттарды талап ету (әрбір құжат үшін)

10-30 АҚШ доллары

30.

Құжаттарды заңдастыру (әрбір құжат үшін):
Қазақстан Республикасының аумағында;
шет елдерде


АЕК-тің 50 %-і
5-50 АҚШ доллары

31.

Апостиль қою Үшін құжаттарды қабылдау
және одан әрі жолдау (әрбір құжат үшін)


5-50 АҚШ доллары

32.

Мүлікті, оның ішінде автомотокӨлік
құралдарын пайдалану мен иелік ету және
несие операцияларын жасау құқығына
арналған сенімхаттарды нотариалды түрде
куәландыру


 
 
 

   20-100 АҚШ доллары

33.

Түрлі тұлғалар мен мекемелерден банк
мекемелеріндегі пошталық аударым
бойынша ақшаны алуға, сәлемдемелерді,
салымға иелік етуге арналған хат-
хабарды және т.с. алуға, сенімхаттарды
нотариалды түрде куәландыру, сондай-ақ
алдын-ала сенім білдіру тәртібімен
берілетін сенімхаттарды куәландыру


 
 
 
 
 
 
 

       10-50 АҚШ доллары

34.

Бағалауға жатпайтын бөлу шарттарын,
кепілдікті және басқа да шарттарды
нотариалды түрде куәландыру


  30-60 АҚШ доллары

35.

Бағалауға жататын шарттарды нотариалды
түрде куәландыру

шарт сомасының
1 %-і, бірақ 120
АҚШ долларынан
кем емес

36.

Автомотокөлікті иеліктен айыру шарттарын нотариалды түрде куәландыру

20-100 АҚШ
доллары

37.

Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен
айыру туралы шарттардан басқа өзге де
шарттарды нотариалды түрде куәландыру


 
 
 

   10-50 АҚШ доллары

38.

Білім, жұмыс туралы құжаттардың
көшірмелерін, азаматтық хал актілерінің
жазбаларын, сондай-ақ құжаттардың
үзінділерін (әр бетінің) және т.б.
нотариалды түрде куәландыру


 
 
 
 

    10-50 АҚШ доллары

39.

Қойылған қолдардың түпнұсқалығын
нотариалды түрде куәландыру (әрбір
құжат үшін)


  10-50 АҚШ доллары

40.

Азаматтарға мүлік және қаржы мәселелері
бойынша олардың Қазақстан Республика-
сының дипломатиялық өкілдіктері мен
консулдық мекемелерінде сақтаулы
құжаттарынан үзінділер мен көшірмелерді
беру


 
 
 
 
 

     10-50 АҚШ доллары

41.

Аударма жасау мен оның дұрыстығын бір
мезгілде нотариалды түрде куәландыру
(әрбір беті Үшін):
шет тілдерінен аударма кезінде;
шет тілдеріне аударма;


 
 
 

   10-50 АҚШ доллары
10-50 АҚШ доллары

42.

Консулдық лауазымды тұлғаның қатысуын-
сыз жасалған аударманың дұрыстығын
куәландыру (әрбір бетіне)


  5-15 АҚШ доллары

43.

Құжаттарды көшіру (әрбір беті үшін)

5-15 АҚШ доллары

44.

Қамқоршыны тағайындау туралы актіні
жасау


10-50 АҚШ доллары

45.

Қамқорлыққа алынған мүлікті басқару
жөніндегі есепті бекіту

мүлік сомасының
0,5 %-і, бірақ
30 АҚШ долларынан
кем емес

46.

Мұралық мүліктің тізбесін жасау,
сондай-ақ мұралық мүлікті қорғау
жөніндегі шараларды қабылдау

мүлік сомасының
1 %-і, бірақ 60
АҚШ долларынан
кем емес

47.

Мүдделі адамдардың өтініштері негізінде
ұсынылған тізбе бойынша мүлікке тексеру
жүргізу

мүлік сомасының
1 %-і, бірақ 60
АҚШ долларынан
кем

48.

Өсиетхатты нотариалды түрде куәландыру

30-100 АҚШ
доллары

49.

Мұраға берушінің өтініші бойынша
өсиетхатқа қандай да бір өзгерістер мен
толықтырулар енгізу


30-100 АҚШ доллары

50.

Консулдық мекемелерде өсиетхатты сақтау

30-100 АҚШ
доллары

51.

Мұрагерлік құқығы туралы куәлікті
консулдық лауазымды тұлғаның беруі

30-100 АҚШ доллары

52.

Көпшілікке арналған саудада тауарларды
немесе өзге де мүліктерді сату

түскен соманың
1 %-і, бірақ 60
АҚШ долларынан
кем емес

53.

Өсиетхаттан басқа құжаттар пакетін
консулдық мекемелерде сақтау (бір айда)


10-20 АҚШ доллары

54.

Мұрагерліктен басқа ақшаны бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды
сақтау (ай сайын)


жалпы соманың 0,2 %-і

55.

Мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі
бойынша беруге алты айға дейінгі
мерзімге депозитке қабылдау (ай сайын)

жалпы соманың 0,2 %-і

56.

Заңды тұлғалардың мекен-жайына
дипломатиялық поштамен құжаттар жолдау

30-100 АҚШ
доллары

57.

Шетелден кеме сатып алған жағдайда,
оған Қазақстан Республикасының
мемлекеттік туымен жүзу құқығына
арналған куәлік беру, Қазақстан
Республикасының заңнамасымен немесе
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық шарттармен
көзделген Қазақстан Республикасының
кемелеріне қатысты декларациялар мен
басқа да құжаттарды жасау және
куәландыру

30-60 АҚШ доллары

58.

заңды маңызы бар түрлі сипаттағы
анықтамалар беру:
Қазақстан Республикасының аумағында;
шетелде


  АЕК-тің 15 %-і 5-30 АҚШ доллары

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі консулдық алымдардың базалық ставкалары шегінде нақты ставка мөлшерін белгілейді.

      554-бап. Консулдық алым төлеуден босату

      Консулдық алым:
      1) осы Кодекстің 542-547-баптарында көзделген жағдайларда;
      2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келісімдері бар елдердің жеке және заңды тұлғаларынан;
      3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің өкімет орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық істер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы құжаттар сұратып алдырғаны үшін;
      4) мыналарға виза беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге ноталар жасағаны және басқаны үшін:
      Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына;
      Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе қызметтік паспорттарының иелері - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне;
      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне;
      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесі қызметкерінің немесе қызметшісінің сырқаттануына немесе қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға;
      5) мыналарға қызметтік паспорттарды ресімдегені үшін:
      Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлеріне;
      Қазақстан Республикасының саяси және әкімшілік қызметшілеріне;
      6) Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, виза беру туралы шетелдік заңды тұлғалардың өтініштерін пысықтағаны және Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне виза беру туралы нұсқау (визалық қолдау) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне жібергені үшін:
      Қазақтан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
      республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақтан Республикасына келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген ізгілік көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;
      шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу принципі негізінде келетін шетелдіктерге;
      инвесторлық визаларды ресімдегені үшін;
      7) мыналарға визалар бергені үшін:
      Қазақтан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
      республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақтан Республикасына келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге; Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген ізгілік көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;
      шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу принципі негізінде келетін шетелдіктерге;
      Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе қызметтік паспорттарының иелері - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне;
      16 жасқа дейінгі балаларға;
      Қазақстан Республикасының азаматтары емес ұлты қазақ адамдарға;
      шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарын жерлеуге келетін Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына;
      инвесторлық визаларды;
      қызметтік визаларды бергені үшін;
      8) Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар алдыңғы визалардың орнына қайтадан виза бергені үшін;
      9) Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәліктер, жоғалту, дүлей зілзала немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлар салдарынан құжаттары мен ақша қаражаты жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына анықтамалар бергені үшін;
      10) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыстар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде анықтамалар бергені үшін;
      11) өзара алмасу принципінің негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қолдаухаты бойынша құжаттарды сұратқаны үшін;
      12) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы сұратылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын заңдастырғаны үшін;
      13) өзара алмасу принципі негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қолдаухаттары бойынша құжаттарды заңдастырғаны үшін;
      14) шетелде оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қойғаны және оларға заңды маңызы бар анықтамалар бергені үшін алынбайды.

      555-бап. Консулдық алымды төлеу тәртібі

      1. Консулдық алым консулдық іс-әрекеттер жасалғанға дейін төленеді.
      2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық-мекемелері - консулдық іс-әрекеттерді төлеуші консулдық алымды төлегеннен кейін жүзеге асырады.
      3. Ставкасы АҚШ долларымен белгіленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алымды төлеу күніне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргізіледі.
      4. Консулдық алым:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық іс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердің бюджетіне немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен.
      Қолма-қол ақшалай қабылданған консулдық алым сомаларын уәкілетті мемлекеттік орган кейіннен оларды бюджетке есепке алу үшін күн сайын, ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселік мөлшерінен аз болған жағдайларда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;
      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген турлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.
      5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық іс-әрекеттер жасалған елдің валютасында немесе кез келген еркін конвертацияланатын валютада жүргізіледі.
      6. Дипломатиялық өкілдіктер немесе консулдық мекемелер шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын шетелдік банктік шотқа аудару үшін оларды қабылдаған күннен бастап он операциялық күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің шетелдік банкіне тапсырады.
      Дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің валютасында шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша шетелдік банк АҚШ долларына конвертациялайды.
      Бірінші қол қою құқығы бар дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің басшысы шетелдік банктік шотқа иелік етуші болып табылады.
      Шетелдік банктік шотқа келіп түскен консулдық алымдарды ай сайын (есептіден кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей) дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме одан әрі бюджет кірісіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына аударады. Егер дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге ай сайын келіп түсетін консулдық алымдар түсімі 1000 АҚШ долларынан кем болса, аудару тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен шетелдік валютада корреспондеттік шоттың үзінді көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электронды түрде төлеу құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.
      7. Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылмайды.

3. САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУ 20-бөлім. Салық бақылауы және салық әкімшілігін
жүргізудің өзге де нысандары 86-тарау. Жалпы ережелер

      556-бап. Салық әкімшілігін жүргізу

      Салық әкімшілігін жүргізу салық қызметі органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

      557-бап. Салық бақылауы

      1. Салық бақылауы - салық қызметі органдарының Қазақстан Республикасының салық заңдары нормаларының орындалуын, сондай-ақ орындалуына бақылау салық қызмет органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының орындалуын бақылауы.
      2. Салық бақылауы:
      1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
      2) салық нысандарын қабылдау;
      3) камералдық бақылау;
      4) салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша міндеттерді есепке алу;
      5) салықтық зерттеу;
      6) ірі салық төлеушілердің мониторингі;
      7) салық тексерулері;
      8) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтауға бақылау;
      9) акцизделетін тауарларға бақылау;
      10) трансферттік баға белгілеуге бақылау;
      11) мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;
      12) Қазақстан Республикасының салық заңдарын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
      3. Кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс салықты алу жөніндегі салық бақылауын осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес жүзеге асырады.

      558-бап. Салық құпиясы

      1. Мына мәліметтерді:
      1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары туралы;
      2) салық төлеушіге есептелген салық сомасынан есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы сомасының асып кетуін бюджеттен қайтару сомасы туралы;
      3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомасы туралы;
      4) соттың заңды күшіне енген үкімінің не болмаса күші жойылмаған қаулысының негізінде әрекетсіз заңды тұлғалар және жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілер туралы;
      5) салық төлеушінің таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы;
      6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы және Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;
      7) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;
      8) салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай тіркеу деректері:
      сәйкестендіру нөмірі;
      жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
      жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
      салық төлеушіні (салық агентін) тіркеу есебіне қою, тіркеу есебінен шығару күні, тіркеу есебінен шығару себебі;
      қызметті тоқтата тұруының басталған және аяқталған күні;
      салық төлеушінің резиденттігі туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.
      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.
      3. Салық қызметі органдары салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алусыз мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген құзыреті шегінде заң бойынша қудалау мақсатында салықтық құқық бұзушылық және қылмыс жасаған тұлғалардың осы Кодексте белгіленген тәртіпте салық міндеттемесін, салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерді орындауы туралы сауал салулар бойынша құқық қорғау органдарына;
      2) салық төлеушінің салықтық міндеттемесін, осы Кодексте белгіленген тәртіпте салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша салық агентінің міндеттерін айқындау, немесе салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік туралы істерді қарау барысында соттарға;
      3) экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға;
      4) салық тексеруін жүргізуге маман ретінде тартылған тұлғаға;
      5) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға береді.
      Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді.
      4. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіпте салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары салық құпиясын жария етпеуге тиіс.
      5. Салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары, салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де мұндай мәліметтерді жария етуге құқылы емес.
      Салық тексеруін жүргізуге тартылған мамандар, салық тексеруін жүргізу кезінде өздерінің міндеттерін орындау кезінде де, сондай-ақ оларды орындауды аяқтағаннан кейін де салық құпиясын жария етуге құқылы емес.
      6. Салық құпиясын құрайтын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не болмаса осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      559-бап. Салықтық зерттеу

      1. Салықтық зерттеу - тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан орны бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) нақты бар болуын немесе жоқтығын растау мақсатында салық қызметі органдарының жүзеге асыратын шарасы.
      Салықтық зерттеуді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіпте куәгерлер тартылуы мүмкін.
      2. Салықтық зерттеудің нәтижесі бойынша салықтық зерттеу актісі жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
      1) жасау орны, күні мен уақыты;
      2) актіні жасаған салық қызметі органының лауазымды тұлғасының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);
      3) салық қызметі органының атауы;
      4) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
      5) салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
      6) орналасқан орны бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) бар немесе жоқ болуы фактісі туралы ақпарат.
      3. Салықтық зерттеу жұмыс уақытында жүргізіледі.
      4. Салықтық зерттеу салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан орны бойынша жүргізіледі.
      5. Салықтық зерттеу нәтижесінде тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан орны бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) болмау фактісі анықталған жағдайда, салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан орнын растау туралы хабарлама жібереді.
      6. Осы баптың 5-тармағының ережесі мынадай:
      1) салық тексеруінің актісін тапсыру мүмкін болмағанда;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан орны бойынша жоқ болуы себебі бойынша салық қызметі органы жіберген хабарламаны почта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтаруы негізінде салықтық зерттеу жүргізілген жағдайларда қолданылмайды.
      7. Салық қызметі органы осы баптың 5-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органына келу тәртібімен салық заңдарын орындамаудың себептері туралы жазбаша түсіндірме беруге міндетті.
      Аталған талап орындалмаған жағдайда салық қызметі органы осы Кодексте белгіленген әрекеттерді жүзеге асырады.

      560-бап. Куәгерлердің қатысуы

      1. Салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының жасайтын мынадай әрекеттері олардың талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) салық қызметі органының лауазымды тұлғасының салық міндеттемелерінің орындалуы жөнінде хабарламаны, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді, мүлікке иелік етуін шектеу туралы шешімді, мүлік тізімдемесінің актісін, салық тексеруін жүргізу туралы хабарландыруды, нұсқаманы, салық тексеруінің актісін және осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының өзге де құжаттарын тапсыруы;
      2) Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке етуін шектеу;
      3) нұсқаманың негізінде жүргізілетін орналасқан жеріне қарамастан салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеу;
      4) нұсқаманың негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) мүлігіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде осы кодекспен белгіленген тәртіпте арнайы құралдарды (сурет-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргізу;
      5) салықтық зерттеу.
      2. Куәгерлер ретінде салық қызметі органдарының лауазымды тұлғасы мен салық төлеуші (салық агенті) әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес саны екі адамнан кем емес кез-келген кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін.
      3. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен салық төлеушінің (салық агентінің) қызметкерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
      4. Куәгерлер жасалған кезінде қатысқан салық қызметі органдарының лауазымды тұлғасы жасайтын хаттамада (актіде) тіркелген салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары мен салық төлеуші (салық агенті) әрекеттерінің фактісін, мазмұнын және нәтижесін растайды.
      5. Куәгер жасалған әрекеттер жөнінде ескерту жасауға құқылы. Куәгердің жасаған ескертуі салық қызметі органдарының лауазымды тұлғасы жасаған хаттамаға (актіге) енгізілуі тиіс.
      6. Салық қызметі органдарының лауазымды тұлғасы куәгерлердің қатысуымен жасайтын хаттамада (актіде) мыналар көрсетіледі:
      1) хаттаманы (актіні) жасаған салық қызметі органдарының лауазымды тұлғасының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
      2) салық қызметі органының атауы;
      3) нақты әрекетті жүргізу орны мен күні;
      4) әрекетке қатысушылардың немесе оны жүргізгенде қатысқан әрбір тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;
      5) әрекеттің мазмұны мен оны жүргізудің кезеңділігі;
      6) әрекеттің басталған және аяқталған уақыты;
      7) іс үшін әрекетті жүргізу кезінде анықталған мәнді фактілер мен жағдайлар.
      7. Салық қызметі органының лауазымды тұлғасы әрекет жүргізуге қатысушы немесе оны жүргізген кезде қатысқан тұлғаларды хаттамамен (актімен) таныстыруға міндетті. Хаттамамен (актімен) таныстырғаннан кейін салық қызметі органдарының лауазымды тұлғасы, сондай-ақ әрекет жасауға қатысқан қатысушылар немесе оны жүргізгенде қатысқан барлық тұлғалар хаттамаға (актіге) қол қояды.
      8. Хаттамаға (актіге) әрекет жүргізгенде орындалған фотографиялық суреттер мен негативтер, киноленталар, бейне жазбалар мен басқа да материалдар (олар болған кезде) қоса беріледі.

87-тарау. Салық төлеушіні салық органдарында тіркеу

      561-бап. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушілерді есепке алуды жүргізеді.
      2. Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасы - салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.
      3. Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру:
      1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеуде;
      2) салық төлеушіні:
      дара кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус ретінде;
      қосылған құн салығын төлеуші бойынша;
      электрондық салық төлеуші ретінде;
      қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеуші ретінде;
      салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан орны бойынша тіркеу есебі болып табылады.
      4. Резидент және резидент емес жеке, заңды тұлғаларды, резидент және резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаны салық төлеуші ретінде тіркеуге:
      1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізу;
      2) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасындағы тіркеу деректерін өзгерту және (немесе) толықтыру;
      3) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастау кіреді.
      5. Салық төлеушіні тіркеу есебіне салық төлеушіні осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қою, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығару кіреді.
      6. Мыналар:
      1) уәкілетті мемлекеттік органдар;
      2) банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
      3) салық төлеуші салық қызметі органына берген немесе мәлімдеген салық төлеуші туралы мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.
      7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
      1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері - азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес азаматты тіркеу орны;
      2) жеке кәсіпкердің, адвокаттың, жеке нотариустың орналасқан орны жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус салық органында жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус ретінде тіркеу есебіне тұру кезінде мәлімдеген тұрғылықты немесе қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны;
      3) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан орны - құрылтай құжаттарында немесе құрылымдық бөлімшенің есептік тіркеу туралы куәлігінде көрсетілген оның тұрақты әрекет ететін органының орналасқан орны;
      4) филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан орны - салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімдеген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыру орны;
      5) резидент емес жеке тұлғаның келу орны - көші-қон карточкасында көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы уақытша келу орны болып танылады. Егер халықаралық шарт ережелеріне сәйкес көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда салық органына резидент емес жеке тұлға мәлімдеген Қазақстан Республикасында басым уақыт болатын орын келу орны болып танылады.

$ 1. Салық төлеуші ретінде тіркеу

      562-бап. Жеке, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық
               бөлімшесі туралы мәліметтерді салық
               төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына
               енгізу

      1. Мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде салық органы резидент және резидент емес жеке тұлғаға, заңды тұлғаға, резидент және резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға сәйкестендіру нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады.
      2. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мыналар туралы мәліметтерді:
      1) жеке тұлға, оның ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға - тұрғылықты немесе келу орны бойынша;
      2) резидент заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі - орналасқан орны бойынша;
      3) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға - тұрақты мекеменің орналасқан орын бойынша;
      4) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алушы, осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес - осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің орналасқан орны бойынша;
      5) Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алушы, осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес - келу орны немесе Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлік өткізетін резидент еместің тұрақты мекемесінің, құрылымдық бөлімшесінің орналасқан орны бойынша;
      6) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдігі - дипломатиялық өкілдіктің орналасқан орны бойынша;
      7) осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес - тәуелді агенттің тіркеу орны бойынша;
      8) резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент еместер - банктің орналасқан орны бойынша енгізуді жүзеге асырады.
      3. Салық қызметі органдары салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мәліметтер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      4. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік орган салық қызметі органдарына жеке тұлға он алты жасқа толғаннан кейін береді. Он алтыға толмаған тұлғаларда салық міндеттемесі туындаған жағдайда мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер салық қызметі органына салық органының сұрау салуы бойынша беріледі.

      563-бап. Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу
               ерекшелігі

      1. Филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға салық төлеуші ретінде тіркелу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде тұрақты мекеме орналасқан орын бойынша салық органына:
      1) құрылтай;
      2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;
      3) бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі инкорпорация еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса отырып бере тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
      2. Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алушы, осы Кодекстің 197-бабы 4-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес мүлік сатып алғанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін келу орны бойынша немесе жылжымайтын мүлік өткізетін резидент еместің тұрақты мекемесі орналасқан орын бойынша салық органына:
      1) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын;
      2) резидент емес заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;
      3) бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
      3. Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент, мұндай резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 191-бабы 13-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыруды бастаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша салық органына:
      1) бар болған жағдайда резидент еместің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісім-шарттарға қол қоюға немесе өзге мақсаттарға өкілеттіктер беруге арналған шарттың (келісімнің, келісім-шарттың немесе өзге де құжаттың);
      2) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе ол тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
      3) резидент емес заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, ол тұрақты мекемесі болып табылатын резидент еместі инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың;
      4) резидент еместе ол бар болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, ол оның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент еместі инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
      4. Резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент емес шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркеу үшін мұндай резидент емес банк орналасқан орын бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
      5. Осы Кодекстің 562-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген резидент емес энергетиканы және минералды ресурстарды реттеу және қадағалау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алуы туралы мәліметтері негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге тиіс.
      6. Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге тиіс.
      7. Осы баптың 1-6-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін жасау мақсатында салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әділет органдарына электрондық хабарландыру жібереді.
      8. Осы баптың 1-6-тармақтарында көрсетілген резидент еместерге сәйкестендіру нөмірін бергені туралы электрондық хабарландыруды әділет органдары салық органдарының электрондық хабарландыруын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органдарына жібереді.
      9. Осы баптың 1-6-тармақтарында көрсетілген резидент еместерді салық төлеуші ретінде тіркеуді салық органы осы Кодекстің 564-бабы 3-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін бере отырып жүзеге асырады.
      10. Осы Кодекстің 562-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алған резидент еместің тіркеу куәлігі осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің орналасқан орны бойынша салық органында, талап етілгенге дейін сақталады.
      11. Осы баптың 1-6-тармақтарында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі бар резидент еместерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш алынған жағдайда, салық органы әділет органдарына сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін жасау мақсатында электрондық хабарландыру жібермейді.

      564-бап. Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер
               базасындағы тіркеу деректерін өзгерту және
               толықтыру

      1. Салық органдары салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде ұсынылған тіркеу деректеріне:
      1) жеке тұлғаның - Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
      2) резидент заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
      3) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;
      4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің орналасқан орны өзгерген кезде осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің - осындай резидент туралы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
      5) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдігінің - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;
      6) осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агент арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместің - тәуелді агенттің салық органына берген салықтық өтініші негізінде;
      7) резидент банкте ағымдағы шоты бар резидент емес жеке және заңды тұлғаның - банк хабарламасының негізінде, өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді жүзеге асырады.
      2. Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкері, телефон нөмірі, электрондық почта адресі туралы мәліметтерді өзгерту салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту туралы салықтық өтініштің негізінде жүзеге асырылады.
      3. Салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді өзгерту осы Кодекстің 582-бабында белгіленген тәртіпте және мерзімде берілген банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
      4. Жеке тұлға тұрғылықты (болу) орны өзгерген кезде жаңа тұрғылықты орны бойынша салық органына өз бетінше салық төлеушінің тұрғылықты (болу) орнының өзгергенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
      5. Салық төлеушінің тіркеу деректерінің өзгергені туралы салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан (тұрғылықты) орны бойынша салық органына - өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
      6. Салық органдары салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдарының мәліметтерін, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін, салық төлеуші тіркеу деректерінің өзгеруі туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      565-бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің
               мемлекеттік деректер базасынан шығару

      1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде:
      1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп танылуы себебі бойынша;
      2) жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге көшкен жағдайда;
      3) заңды тұлғаларды, олардың құрылымдық бөлімшелерін Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарып тастау немесе заңды тұлғаның, оның ішінде резидент емес-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін тіркеу есебінен шығару себебі бойынша;
      4) резидент еместің тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтату себебі бойынша;
      5) егер осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда, мұндай резидент еместің жылжымайтын мүлікке, акцияға және (немесе) қатысу үлесіне құқығының тоқтатылу себебі бойынша;
      6) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігінің жабылу себебі бойынша;
      7) резидент еместің қызметін осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес осы резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агенті арқылы тоқтату себебі бойынша;
      8) осы Кодекстің 562-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген резидент еместің банк хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде резидент банктерде ағымдағы шоттары болмаған және ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтері болмаған жағдайда, резидент банкте резидент еместің ағымдағы шотының жабылу себебі бойынша шығарады.
      3. Салық органы салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан осы Кодекстің 562-бабы 2-тармағының 3)-8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды шығару мақсатында әділет органдарына:
      1) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместі - қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші негізінде;
      2) осы Кодекстің 562-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген резидент еместі - энергетиканы және минералды ресурстарды реттеу және қадағалау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сату туралы мәліметтерінің негізінде;
      3) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шетел мемлекетінің өкілдігін - сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шетел мемлекеті өкілдігінің қызметін тоқтатуы туралы мәліметтері негізінде;
      4) осы Кодекстің 562-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген резидент еместі - тәуелді агенттің қызметті тоқтату туралы салықтық өтініші негізінде;
      5) резидент банктерде ағымдағы шоттары бар резидент еместі - резидент еместің ағымдағы шотының жабылуы туралы банк хабарламасының негізінде есептен шығару туралы электрондық хабарландыру жібереді.
      4. Салық органдары осы баптың 3-тармағында көрсетілген резидент еместер туралы мәліметтер көрсетілген электронды хабарландыру әділет органдарына уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді, банктің хабарламасын, қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде беріледі.
      5. Салық органы салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан есептен шығаруды сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде салық төлеушінің орындалмаған салық міндеттемесі болмаған кезде жүргізеді.

$ 2. Дара кәсіпкерді, адвокатты, жеке
нотариусты тіркеу есебі

      566-бап. Дара кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус ретінде
               тіркеу есебіне қою

      1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бере отырып жүргізеді.
      2. Салық органдары қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында дара кәсіпкер ретінде жол берілмейтін жеке тұлғаны тіркеу есебіне дара кәсіпкер ретінде қоюды жүргізбейді.
      3. Салық органы жеке тұлғаны адвокат, жеке нотариус ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның адвокат, жеке нотариус ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде орналасқан орны бойынша жүргізеді.
      Адвокат, жеке нотариус ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішке түпнұсқаларын ұсынумен, мынадай құжаттардың:
      жеке басын куәландыратын құжаттың;
      адвокаттық, жеке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның;
      адвокаттың, жеке нотариустың орналасқан орнын растайтын құжаттың көшірмелері қоса беріледі.
      Адвокаттың, жеке нотариустың орналасқан орнын растайтын құжат азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік не оны пайдалану құқығын растайтын құжат болып табылады.
      4. Салық органдары жеке тұлғаны жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус ретінде тіркеу есебіне жеке тұлғаның салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қояды.

      567-бап. Дара кәсіпкердің, адвокаттың, жеке нотариустың
               тіркеу деректерін өзгерту

      1. Салық органы жеке кәсіпкердің, адвокаттың, жеке нотариустың тіркеу деректерін өзгертуді салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
      2. Жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті:
      1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректерінің;
      2) адвокаттың, дара нотариустың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан орны бойынша салық органына тапсыруға міндетті.
      3. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту туралы салықтық өтінішке:
      1) дара кәсіпкер - жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын құжаттарды;
      2) адвокат, жеке нотариус - осы Кодекстің 566-бабы 2-тармағында белгіленген құжаттарды қоса береді.
      4. Салық органы жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген жеке кәсіпкердің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ауыстыра отырып жүргізеді.
      5. Салық органы адвокаттың, жеке нотариустың орналасқан орны туралы мәліметтерді өзгертуді салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      568-бап. Дара кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус ретінде
               тіркеу есебінен шығару

      1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңында белгіленген тәртіпте тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
      2. Салық органы жеке тұлғаны адвокат, дара нотариус ретінде тіркеу есебінен шығаруды жеке тұлғаның тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде шығарады.
      3. Салық органы жеке тұлғаны жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус ретінде тіркеу есебінен шығаруды орындалмаған салық міндеттемелері болмаған кезде жүргізеді.

$ 3. Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

      569-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне
               міндетті түрде қою

      1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, жеке кәсіпкерлер осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіпте міндетті түрде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылуы тиіс.
      Мыналар:
      мемлекеттік мекемелер;
      осы Кодекстің 411, 420 және 442-баптарында көрсетілген тұлғалар тиісінше, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық және жер салығы салынатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.
      2. Егер айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде осы тармаққа сәйкес айқындалған ең төменгі айналым мөлшерінен асып түскен жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар ең төменгі айналымнан асып кетуі туындаған айдың аяқталған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан орны бойынша салық органына келу тәртібінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтініш беруге міндетті.
      Айналым мөлшерін өсу қорытындысы бойынша:
      қайта құрылған заңды тұлғалар, резидент емес олар арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер, - әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркеу күнінен бастап;
      резидент емес олар арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын қайта құрылған тұрақты мекемелер, - салық органдарында тіркеу есебіне тұрған күнінен бастап;
      салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде қайта тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар, - салық органдарында тіркеу есебіне тұрған күнінен бастап;
      басқа салық төлеушілер - ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындайды.
      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін салық төлеушінің айналымы осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, мынадай:
      1) Қазақстан Республикасында тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша;
      2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша айналым кіреді.
      3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін шаруа немесе фермер қожалығы үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеуші, салық төлеуші айналымының мөлшерін анықтау кезінде осы арнаулы салық режиміне жататын қызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмайды.
      4. Сенімгерлік басқарушы орналасқан орны бойынша салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не егер сенімгерлік шарты бойынша құрылтайшы не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарудың туындауына негізі болып табылатын өзге құжат күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтініш беруге міндетті. Сенімгерлік шарты бойынша құрылтайшы не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайларда сенімгерлік басқарушыны міндетті түрде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
      5. Ең төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген мөлшерін құрайды.
      6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар, егер осы бапта өзгеше көзделмесе қосылған құн салығы бойынша олар тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.
      7. Заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішке міндетті тәртіпте салық төлеушінің орналасқан орнын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса береді.
      Меншікке құқықты немесе жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығын растайтын құжат орналасқан орынды растайтын құжат болып табылады.
      Орналасқан орынды растайтын құжат көшірмесін нотариалды куәландыру күні мен оны салық органына табыс ету күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған осы Кодекстің 610-бабында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.
      9. Осы Кодекстің 608-бабы 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық төлеуші осы баптың 6-тармағына сәйкес жіберілген салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсырмаған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 611-бабында белгіленген тәртіпте салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

      570-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне
               ерікті түрде қою

      1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 569-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша міндетті есепке қоюға жатпайтын тұлға, орналасқан орны бойынша салық органына келу тәртібінде салық төлеушінің орналасқан орнын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса бере отырып, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге құқылы.
      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:
      жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;
      мемлекеттік мекемелердің;
      Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердің;
      осы Кодекстің 411 және 420-баптарында көрсетілген тұлғалардың, тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын қызметі бойынша құқығы жоқ.
      Заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішке осы Кодекстің 569-бабы 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
      2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қояды немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.
      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.
      3. Салық органдары салық төлеушіге қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беру күнінде мынадай шарттардың біреуі немесе бірнешеуі бар болғанда бас тартады:
      1) салық төлеуші осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіпте және мерзімдерде салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемелерін орындамағанда;
      2) аталған салық төлеуші салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап екі жыл өтпесе;
      3) осы Кодекстің 569-бабы 7-тармағында белгіленген құжаттарды тапсырылмаса.
      4. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім салық төлеушіге қолын қойғызып немесе жіберу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.

      571-бап. Қосылған кұн салығы бойынша тіркеу есебіне қою
               туралы куәлік

      1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік қатаң есептілік бланкісі болып табылады және салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік салық төлеушіге қолын қойдырып беріледі.
      Куәлікті беру қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті беру журналында тіркеледі.
      2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік мынадай міндетті деректемелерді:
      1) салық төлеушінің атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
      2) сәйкестендіру нөмірін;
      3) салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнін;
      4) салық органының куәлікке қол қою күні болып табылатын қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті беру күнін;
      5) куәлік берген салық органының атауын қамтиды.
      3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік қосылған құн салығын төлеушіде сақталады.
      4. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік, салық төлеуші куәлікті жоғалтып алған жағдайды қоспағанда, салық органына қайтарылуы тиіс.
      5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жоғалтқан (бүлдірген) жағдайда куәлікті ауыстыру салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізіледі; қосылған құн салығын төлеушінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты өзгерген кезде куәлікті ауыстыру осы Кодекстің 564 және 567-баптарында көзделген тәртіпте салық төлеушінің тіркеу деректері өзгерген кезде жүргізіледі.
      6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы жаңа куәлік берілген кезде бұрынғы куәліктің бланкісі, салық төлеуші аталған куәлікті жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуы тиіс.

      572-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен
               шығару

      1. Егер салық салынатын айналым мөлшері соңғы өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін осы Кодекстің 569-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса, қосылған құн салығын төлеуші орналасқан орны бойынша салық органына оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш беруге құқығы бар.
      2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) салық төлеуші куәліктің бланкісін жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің түпнұсқасы;
      2) осы Кодекстің 68-бабында көзделген тәртіпке сәйкес берілген қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы.
      3. Салық органдары салық төлеушіні осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті.
      4. Салық органының шешімі негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару салық төлеушіні хабардар етпестен мынадай:
      1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны табыс етудің белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң табыс етпеуі;
      2) салық органы осы Кодекстің 559-бабында белгіленген тәртіпте қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан орны бойынша болмау фактісі расталған;
      3) сот үкімінің заңды күшіне енген не болмаса күші жойылмаған қаулысы негізінде қосылған құн салығын төлеуші жалған кәсіпорын деп танылған жағдайларда жүргізіледі.
      5. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан орны бойынша:
      осы баптың 4-тармағы 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілерді тапқан күннен бастап;
      салық органы салық төлеушіні жалған кәсіпорын деп таныған заңды күшіне енген сот үкімін не болмаса күші жойылмаған қаулысын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
      6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен:
      осы баптың 4-тармағы 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - осы шешім шығарылған күннен бастап;
      осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін қылмыстық әрекет басталған күннен бастап шығарылды деп танылады.
      7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:
      1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы аумағында филиал, өкілдіктер арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда - осы Кодекстің 37-43-баптарында көрсетілген салықтық өтінішті тапсыру күнінен бастап;
      2) заңды тұлға бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда - қайта туындаған заңды тұлғалар, қосылған заңды тұлғалар құрамына кірген заңды тұлғаларды Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тастаған күннен бастап;
      3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдасқан жағдайда - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті немесе ол жоғалған не бүлінген жағдайда қағаз тасығышта түсініктеме табыс еткен күннен бастап жүргізіледі.
      8. Банкроттық себебі бойынша Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тасталғанда немесе банкроттық себебі бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару уәкілетті мемлекеттік органдар берген мәліметтердің негізінде Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тасталған немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнінен жүргізіледі.
      9. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтында жарияланады.
      10. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұруды салық төлеуші қызметін тоқтата тұру туралы салықтық өтінішінде көрсеткен кезеңге, бірақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен артпайтын кезеңге қосылған құн салығын төлеушінің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру туралы шешімнің негізінде жүзеге асырады.
      Қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру мерзімін ұзартқан жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің қолданысы салық төлеушінің қызметті қайта бастау күніне дейін тоқтатыла тұрады.
      11. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің қолданысының тоқтатыла тұруы туралы ақпарат қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтата тұру кезеңі көрсетіле отырып уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

$ 4. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі

      573-бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою

      1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта өтеді және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.
      2. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін салық төлеуші келу тәртібінде салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш береді.
      Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш хабарламаларды кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз ететін электронды байланыс желілері арқылы электронды құжат алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының хабарламаларын алуға келісімі болып табылады.
      3. Салық органы электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтінішін қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге:
      1) электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілтті контейнерлі ақпаратты электрондық тасығышты;
      2) электронды құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді береді.
      4. Электронды құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім нысанын уәкілетті орган белгілейді.

      574-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны ауыстыру
               және жою

      1. Салық төлеуші электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілтті контейнерді алудан бас тарту немесе оны ауыстыру үшін орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге мынадай:
      1) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылдаған;
      2) тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімінің аяқталған;
      3) электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілтті контейнерлі ақпаратты электрондық тасығышты жоғалтқан;
      4) кілтті контейнерлі ақпаратты электрондық тасығышты жұмыс істемеу жағдайына келтірген бүліну бар болғанда жағдайларда құқығы бар.
      2. Салық органы электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе ауыстыруды электрондық цифрлық қол қоюдан тұратын кілтті контейнерді алудан бас тарту немесе ауыстыру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      3. Салық органы салық төлеуші таратылған, қайта ұйымдастырылған (қосу, біріктіру, бөлу) немесе кәсіпкерлік, нотариаттық, адвокаттық қызметті тоқтатқан, жеке тұлға қайтыс болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбаны жояды.

$ 5. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық
төлеушіні тіркеу есебі

      575-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын
               салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою

      1. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады:
      1) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;
      2) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруді;
      3) алкогольді өнімін көтерме сатуды;
      4) темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;
      5) лотереялар ұйымдастыруды, өткізуді және лотерея билеттерін сатуды;
      6) ойын бизнесін;
      7) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.
      2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салық органдарында тіркеуде болып табылады.
      3. Лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою лицензияның қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге тиісті лицензиясы болған жағдайда жүргізіледі.
      4. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін салық төлеуші салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер орналасқан жер бойынша салық органына келу тәртібінде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсырады.
      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш салық органына егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып табыс етіледі:
      1) осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - меншік құқығын растайтын құжат немесе мұнай өнімдері базасын (ыдысты), автомобильге май құю станцияларын жалдау келісім-шарттары;
      2) осы баптың 1-тармағы 3), 6) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - осы баптың 1-тармағы 3), 6) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия.
      6. Салық органы салықтық өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеу карточкасын бере отырып, салық төлеушіні салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер орналасқан жер бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қояды.
      Тіркеу карточкасы - салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салық органдарында тіркелгенін куәландыратын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойған кезде салық органы беретін қатаң есептілік бланкісі.
      Берілген тіркеу карточкалары бойынша мәліметтер тіркеу карточкаларын есепке алу журналында тіркеледі.
      Тіркеу карточкасы мен тіркеу карточкаларын есепке алу журналының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
      7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындары) болған жағдайда, тіркеу карточкасы әрбір ойын мекемесіне (стационарлық орынға) беріледі. Тұрақты орын - ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдаланумен қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын.
      8. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағы 1)-4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған кезде тіркеу карточкасы әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге бөлек беріледі.
      Осы баптың мақсаттары үшін салық салуға байланысты объект деп мұнай өнімдері базасы (ыдыс), автомобильге май құю станциясы, сондай-ақ осы баптың 1-тармағы 2)-4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тұрақты және (немесе) қоймалық үй-жай түсініледі.
      9. Ойын мекемесінің (тұрақты орын) аумағында салық органдарында тіркелмеген салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді пайдалануға және орналастыруға тыйым салынады.
      10. Лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерін сату бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші оларды сату басталғанға дейін он күнтізбелік күн бұрын лотерея билеттерінің әрбір шығарылымын салық органында тіркетуге міндетті.

      576-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын
               салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту
               және толықтыру

      1. Салық төлеуші тіркеу карточкасында көрсетілген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген кезде, өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына осы Кодекстің 575-бабы 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш беруге міндетті.
      2. Тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда оны ауыстыру салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына табыс етілген осы Кодекстің 575-бабы 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.
      3. Салық органы тіркеу карточкасын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің өзгеруі, жоғалуы (бүлінуі) себебі бойынша ауыстыруды салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      577-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын
               салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару

      1. Салық төлеуші салықтық өтініш негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен мынадай жағдайларда шығарылады:
      1) осы Кодекстің 575-бабы 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған;
      2) тіркеу карточкасында көрсетілген барлық салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есептен шығарылғанда.
      2. Салықтық өтініш салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына тіркеу карточкасын қоса бере отырып, осы Кодекстің 575-бабы 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу карточкасында көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы санын есепке алудан шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.
      3. Салық органының шешімі негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығаруды салық төлеушіні хабардар етпестен мынадай жағдайларда:
      1) лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензиясының қолданысы тоқтатылғанда;
      2) осы Кодекстің 575-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны, осы Кодексте оны табыс етудің белгіленген мерзімінен кейін алты айлық мерзімнің ішінде табыс етпегенде жүргізіледі.
      4. Жекелеген қызмет турлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару туралы шешімді уәкілетті орган белгілеген нысанда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
      5. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер туралы ақпарат тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтында жариялануға жатады.
      6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан орны бойынша тіркеу есебі

      578-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық
               салуға байланысты объектілерді орналасқан орны
               бойынша тіркеу есебіне қою

      1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан орны бойынша тіркеу есебіне қоюды, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 586-бабына сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік салығын, көлік құралдары салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.
      2. Меншік құқығында салық органында олар бойынша мәліметтер жоқ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар жеке тұлғалар салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан орны бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үшін салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш тапсыруға құқылы.
      3. Меншік құқығында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар заңды тұлғалар салық міндеттемелері туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан орны бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үшін осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтініш беруге міндетті.
      4. Уақытша иелік ету және пайдалану немесе сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіпте және мерзімде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан орны бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш беруге міндетті.
      5. Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан орны бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішке құқық белгілейтін немесе салық салу объектісінің нақты иелігін не оны пайдалануды растайтын және (немесе) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні уақытша иелік ету және пайдалану құқығын немесе сенімгерлік басқаруды куәландыратын өзге де құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.
      6. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан орны бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      579-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық
               салуға байланысты объектілерді орналасқан орны
               бойынша тіркеу есебінен шығару

      1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан орны тіркеу есебінен шығаруды салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалатын болса, мынадай жағдайларда шығарады:
      1) салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік құқығының тоқтатылуы - егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;
      2) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні уақытша пайдалану немесе сенімгерлік басқару құқықтарының тоқтатылуы - салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан орны бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініштің негізінде.
      2. Салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік құқығы тоқтаған жеке тұлға, салық органында аталған мәліметтер жоқ болған жағдайда салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан орны бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
      3. Салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, уақытша иелік ету және пайдалану құқығы немесе сенімгерлік басқару құқығы тоқтаған заңды тұлға, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе объектіге құқығы тоқтаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде объектінің орналасқан орны бойынша салық органына салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан орны бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге міндетті.
      4. Салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан орны бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтінішке салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, уақытша пайдалану немесе оны (оларды) сенімгерлік басқару құқығы тоқтағанын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
      5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан орын бойынша тіркеу есебінен шығаруды осы баптың тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салық төлеушінің салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

$ 7. Әрекетсіз салық төлеуші мен тарату сатысында
тұрған салық төлеуші

      580-бап. Әрекетсіз салық төлеуші

      1. Әрекетсіз салық төлеушілерге әрекетсіз заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жатады.
      2. Тапсыру мерзімі осы Кодекспен белгіленген бір күнтізбелік жыл аяқталған соң корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсырмаған, көрсетілген декларацияны тапсыру бойынша талаптар қолданылмайтын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.
      3. Тапсыру мерзімі осы Кодекспен белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң жеке табыс салығы бойынша декларацияны немесе соңғы патенттің қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент алуға салықтық өтінішті тапсырмаған жеке кәсіпкер әрекетсіз жеке кәсіпкер болып танылады.
      4. Осы баптың 2, 3-тармақтарының қолданысы қызметін уақытша тоқтату кезеңіне қызметін уақытша тоқтатқан резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен жеке кәсіпкерлерге қолданылмайды.
      5. Салық органдары жыл сайын 30-ыншы сәуірден кешіктірмей әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімін бекітеді және ақпаратты уәкілетті органның сайтында жариялайды.
      6. Салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару:
      1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесін орындағаннан немесе салық төлеуші патентті алуға кезекті не болмаса арнаулы салық режимін қолдануын тоқтату туралы салықтық өтінішті бергеннен кейін - патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін оларды әрекетсіз деп танығанға дейін;
      2) салық төлеушіге салық есептілігін табыс етпегені үшін  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылған айыппұлдар төленгеннен кейін жүргізіледі.
      7. Осы баптың 6-тармағы 1)-2) тармақшаларында көзделген шарттар сақталған соң салық органының тиісті бұйрығының күні салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару күні болып табылады.
      Салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару туралы ақпарат, шығару күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтында жарияланады.

      581-бап. Тарату сатысында тұрған салық төлеуші

      1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш берген тұлға тарату сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.
      Тарату сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтында жарияланады.
      2. Салық органдары тұлғаны тарату сатысында тұрған салық төлеушілер тізімінен шығаруды мынадай жағдайларда:
      1) Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарылған бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      2) жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус ретінде тіркеу есебінен шығарылған - тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      3) салық төлеуші қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған салық органын қызметті қайта бастау туралы хабарландыру күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

$ 8. Салық төлеушіні тіркеу және тіркеу есебі кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, уәкілетті органдардың міндеттері

      582-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген
               түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндеттері

      Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін, сақтауға арналған банк шоттарын, резидент еместердің сақтандыру шоттары және (немесе) шет ел корреспонденттік банктерінің корреспонденттік шоттарынан басқа резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғаға, кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариаттық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарын ашу кезінде, уәкілетті органды хабарларды кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс желісі арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, аталған шоттардың ашылғандығы туралы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге.
      Техникалық мәселелер себебінен мұндай электрондық байланыс желілері арқылы аталған шоттардың ашылғандығы туралы хабардар ете алмаған кезде, хабарлама қағаз тасығышта салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
      2) резидент еместердің жинақтық шоттарынан және (немесе) шет ел банкі корреспонденттік шоттарынан басқа, оның негізінде банк қолма-қол ақша қабылдау және беру жүргізілетін вексельдер мен төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында сәйкестендіру нөмірі жоқ банк шоттары бойынша операциялар жүргізбеуге;
      3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударуларды төлеуге төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережелеріне және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес дұрыс көрсетілуін бақылауға;
      4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттарын жабу кезінде хабарларды кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс желілері арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олардың жабылғандығы туралы уәкілетті органды олардың жабылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге.
      Техникалық мәселелер себебінен мұндай электрондық байланыс желілері арқылы аталған шоттардың жабылғандығы туралы хабардар ете алмаған кезде, хабарлама қағаз тасығышта салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
      5) заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берілген несие (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірістерді тануды тоқтату кезінде, бұл туралы уәкілетті орган белгілеген нысанда салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына мұндай тану тоқтатылған тоқсаннан кейінгі айдың 15-інші күнінен кешіктірмей хабардар етуге;
      6) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында жетерлік ақшасы болған кезде, бірінші кезектегі тәртіппен банкі шотынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасын орындауға. Салық органдарының инкассалық өкімі де осы тәртіппен белгіленген мерзімдерде енгізілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылар мен айыппұлдардың сомасын өндіріп алу салық органдарынан нұсқау алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей орындауға.
      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банкі шоттарында ақшасы жоқ немесе жетерліктей болмаған жағдайда, банк ақшаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу есебіне алып қоюды жүргізеді;
      7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар сомаларын:
      салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні аударуға;
      банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассасына қолма-қол ақша енгізу күнінен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
      8) нұсқамасы болған кезде тексерілетін заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің, адвокаттың, жеке нотариустың банк шоттары бойынша жасалатын операцияларды, сондай-ақ осы шоттарда ақша бар-жоқтығын тексеруге салық - органдарының лауазымды тұлғасын жіберуге;
      9) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте салық төлеушінің банк шоттарындағы салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу жөніндегі операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
      10) банк заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болып табылатын қарыз алушының берешегін есептен шығарған кезде қарыз алушыда міндеттемелерін есептен шығарудан кіріс пайда болғаны туралы қарыз алушы - салық төлеушінің (соңғысының) орналасқан (тұрғылықты жері) орны бойынша салық органын бір ай ішінде хабардар етуге;
      11) осы Кодекстің 215-бабы 4-тармағында көзделген тәртіп пен мерзімде банк сыйақыларын есептегені туралы салық агенті орналасқан (тұрғылықты жері) орны бойынша салық органдарына есеп пен мәліметтер беруге;
      12) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысанда, осы Кодекстің 16-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес заңды тұлғалардың және оның құрылымдық бөлімшелерінің, жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға үміткер болып табылатын тұлғалардың немесе олардың жұбайларының (зайыптарының) банк шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы жөніндегі мәліметтерді салық органдарының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде электрондық түрде ұсынуға;
      13) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарын:
      осы банкте ашық банк шоты бар салық қызметі органдары салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы инкассалық өкім немесе шешім шығарған салық төлеушіге;
      әрекетсіз салық төлеушіге ашудан бас тартуға міндетті.
      Осы баптың мақсаттары үшін бюджетті орындау бойынша уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджетті орындау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

      583-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық
               төлеушіні тіркеуді және оның тіркеу есебін
               жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылы

      Салық қызметі органдары салық төлеушіні тіркеу және тіркеу есебі кезінде мынадай:
      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды, құрылымдық бөлімшелердің тіркеу есебін, оларды қайта тіркеуді, тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асыратын;
      2) статистика;
      3) салық салу объектілерін, салық салуға байланысты объектілерді және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын, оның ішінде:
      жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;
      жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуді;
      радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеуді;
      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді;
      дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуді;
      туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді;
      бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды жүзеге асыратын;
      4) лицензиялар, куәліктер немесе рұқсат беру мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретін, оның ішінде:
      жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануға рұқсат;
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат;
      арнайы табиғат пайдалануға экологиялық рұқсат;
      орман пайдалануға арналған ағаш кесу билеттері және орман билеттері;
      сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастыруға рұқсат;
      радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;
      телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүруге рұқсат;
      қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беруге рұқсат;
      кеме жүзетін су жолдарын пайдалануға рұқсат беретін;
      5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүргізетін;
      6) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын;
      7) нотариаттық іс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;
      8) қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын;
      9) көлік және коммуникация;
      10) энергетика және минералды ресурстарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын;
      11) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын;
      12) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

      584-бап. Салық қызметі органдарының тіркеуді және
               тіркеу есебін жүзеге асыруы кезіндегі
               уәкілетті мемлекеттік органдардың міндеттері

      1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды, құрылымдық бөлімшелердің тіркеу есебін, оларды қайта тіркеуді және тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар заңды тұлғаны тіркеу, қайта тіркеу, тарату, тіркеу есебіне қою, қайта тіркеу, тіркеу есебінен шығару күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаның тіркелгені, қайта тіркелгені, таратылғаны, құрылымдық бөлімшенің тіркеу есебіне қойылғаны, қайта тіркелгені, тіркеу есебінен шығарылғаны туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы салық қызметі органына, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға табыс етуге міндетті.
      2. Лицензиялар, куәліктер немесе рұқсат ету мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беруді жүзеге асыратын уәкілетті органдар уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, мерзімде және нысандар бойынша лицензиялар, куәліктер немесе рұқсат ету мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттар берілген (тоқтатылған) салық төлеушілер және басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу объектілері туралы мәліметтерді өзінің орналасқан жері бойынша салық қызметі органдарына табыс етуге міндетті.
      3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар белгілеген мерзімдер және нысандар бойынша салық салу объектілері, және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салуға байланысты объектілер туралы салық қызметі органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда және мерзімде табыс етуге міндетті.
      4. Бюджетке төленетін міндетті төлемдерді жинауды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар берілетін мәліметтерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланатын жеке тұлғаларды есепке алмағанда, салық төлеушілердің сәйкестендіру нөмірін көрсетуге міндетті.
      5. Шетелдіктердің келуін (кетуін) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган олардың келуін (кетуін) тіркегеннен кейін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте келудің мақсатын, орнын және болу мерзімін көрсете отырып, келуші шетелдіктер туралы мәліметтерді он жұмыс күнінен кешіктірмей салық қызметі органына табыс етуге міндетті.
      6. Энергетиканы және мемлекеттік ресурстарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сатып алу-сату бойынша мәміле жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалған мәміле туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық қызметі органдарына табыс етуге міндетті.
      7. Энергетиканы және мемлекеттік ресурстарды реттеу және қадағалау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган өзінің орналасқан жері бойынша салық қызметі органына салық агенті болып табылатын резидент емес туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Кодекстің 197-бабына сәйкес олар бойынша салық міндеттемелері туындайтын мәмілелердің қатысушылары мен олардың параметрлері туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алу-сату бойынша мәмілелер жүзеге асырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде табыс етуге міндетті.
      8. Сыртқы саясат қызметін жүзеге асыру бойынша уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдік орналасқан орын бойынша салық органына осындай дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдіктің тіркелуін және орналасқан жерін растайтын құжаттарды тапсыруға міндетті.
      9. Уәкілетті мемлекеттік органдар және уәкілетті мемлекеттік органдардың автоматтандырылған өзара іс-қимылына арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып электрондық түрде төлеушілер және салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу), сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді табыс ету уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіпте және нысандар бойынша он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

88-тарау. Салық нысандарын қабылдау. Камералдық бақылау.

      585-бап. Салық нысандарын қабылдау

      1. Салықтық тіркеуіштерді қоспағанда, салық нысандары салық қызметі органдарына осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етіледі.
      2. Салықтық тіркеуіштерді қоспағанда, салық нысандары салық қызметі органдарына табыс ету күні оларды табыс ету тәсілдеріне қарай:
      1) келу тәртібінде - салық қызметі органдарының салық есептіліктерін және (немесе) өтініштерді қабылдау күні;
      2) хабарланатын етіп почта арқылы тапсырыстық хатпен:
      салық есептілігі үшін - почта немесе өзге байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;
      салықтық өтініш үшін - салық қызметі органдары қабылдаған күн;
      3) электронды түрде - салық қызметі органдарының электронды байланыс арналары арқылы салық есептілігін орталық сервер торабына қабылдау жүйесімен қабылдаған күні болып табылады.
      3. Почта немесе өзге байланыс ұйымдарына салық есептілігін тапсыру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз тасығыштағы салық есептілігі почта немесе өзге байланыс ұйымы қабылдаған уақыт пен күннің белгісі болған кезде мерзімінде тапсырылды деп есептеледі.
      Салық қызметі органдарына салық есептілігін тапсыру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электронды байланыс арналары арқылы тапсырылған электронды түрдегі салық есептілігі мерзімінде тапсырылды деп есептеледі.
      4. Салық қызметі органдары салық есептілігі электронды түрде табыс етілген кезде салық есептілігін салық қызметі органдарының қабылдау жүйесімен қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге аталған жүйемен қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
      5. Салықтық тіркеуіштерді қоспағанда, салық нысандары егер:
      1) осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган белгілеген салық нысандарына сәйкес келмесе немесе;
      2) салық қызметі органының коды көрсетілмесе немесе дұрыс емес көрсетілсе немесе;
      3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс емес көрсетілсе немесе;
      4) салық кезеңі көрсетілмесе немесе дұрыс емес көрсетілсе немесе;
      5) салық есептілігінің түрі көрсетілмесе немесе;
      6) салық есептілігіне қол қою және оны куәландыруға қатысты осы Кодекстің талаптары бұзылса немесе;
      7) уәкілетті орган белгілеген электрондық пішін бұзылса салық қызметі органдарына табыс етілмейді деп есептеледі.

      586-бап. Камералдық бақылау

      1. Камералдық бақылау - салық төлеуші (салық агенті) берген салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау.
      2. Камералдық бақылау мақсаты - салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған салық есептілігіндегі бұзушылықтарды дербес жоюға құқық беру.

      587-бап. Камералдық бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімі

      1. Камералдық бақылау салық қызметі органдарындағы салық есептілігінің деректерін өзге мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерімен, сондай-ақ әр түрлі ақпарат көздерінен алынған салық төлеушінің қызметі бойынша деректермен салыстыру жолымен жүргізіледі.
      2. Камералдық бақылау осы Кодекстің 46-бабында белгіленген ережелер ескере отырып талап қою мерзімі ішінде жүргізіледі.

      588-бап. Камералдық бақылау нәтижелері

      1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтардың сипаттамаларын қоса бере отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді.
      2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (оны алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындайды.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық қызметі органдарына бұзушылықтар анықталған кезең үшін салық есептілігін тапсырады.
      4. Салық төлеуші хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ол салық қызметі органдарына қағаз немесе электрондық тасығышта анықталған бұзушылықтар бойынша түсініктеме береді. Бұл ретте салық төлеуші салық қызметі органдарына осы тармақта көрсетілген түсініктемеге салық есептілігінде көрсетілген деректердің дұрыстығын растайтын құжаттарды беруге құқылы.
      Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.

89-тарау. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу

      589-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алуды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      2. Салық міндеттемелерін ұлғайту және (немесе) кемітуді қоса алғанда, салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша салық органы және осы Кодексте көзделген негіздер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар есептеген салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомасы салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомасы болып табылады.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) қосымша салық есептілігін табыс ету жолымен кеміту жағына қарай түзеткен салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомасы салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың кемітілген сомасы болып табылады.
      Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі де кемітілген қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
      4. Салық тексеруінің нәтижелері бойынша салық міндеттемелерін ұлғайту (және) кеміту болып табылатын, салық қызметі органы салық тексерулерінің нәтижелері бойынша есептеген салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомасы салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомасы болып табылады.
      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және нысандар бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың түрлері бойынша жүргізіледі.
      6. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты осы Кодексте белгіленген тәртіпте дербес шотты ашу, одан кейін дербес шотта салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген, есептеген, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсету және дербес шотты жабу жолымен жыл сайын жүргізіледі.
      7. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдері бойынша дербес шоттары бірыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргізіледі.
      8. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты ұлттық валютада жүргізіледі.

      590-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес
               шотын ашу және жүргізу

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі бойынша ашылады және салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу орны және (немесе) тіркеу есебі бойынша жүргізіледі.
      2. Дербес шот салық төлеушіге (салық агентіне) ағымдағы жыл басына және (немесе) салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттер туындаған күні ашылады.
      3. Ағымдағы жылда салық төлеушінің (салық агентінің) салық, бюджетке төленетін басқа міндетті төлем түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша дербес шот ашылған кезде дербес шотта есептер сальдосы көрсетіледі.
      Егер салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің осы түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша ағымдағы жылдың алдындағы жылы дербес шот жүргізілген болса, онда ағымдағы жылдың дербес шотына ағымдағы жылдың алдыңғы жылының дербес шотынан есептер сальдосы көшіріледі.
      4. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында әр жазба жүргізу кезінде жазба жүргізу күні, жазба мазмұны, оның негізінде жазба жүргізілетін құжаттың атауы көрсетіледі.
      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында әр жазба жүргізу күніне уәкілетті орган белгілеген тәртіпте салық, бюджетке төленетін басқа міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есептер (бересі немесе артық төлеу) сальдосы айқындалады.
      Артық төлеу - ағымдағы жылдың алдыңғы жылы үшін дербес шоттың сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін дербес шотта көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар сомаларының төленгендері (есепке жатқызылғандар мен қайтарылғандарды алып тастағанда) мен есептелгендері, қоса есептелгендері (кемітілгендерін алып тастағанда) арасындағы оң айырма.

      591-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да
               міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы
               жарналары мен әлеуметтік аударымдардың
               есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарында есептелген, кемітілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алу салық есептілігі деректерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.
      2. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың ережелеріне сәйкес шетел валютасында табыс еткен жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында есептелген, кемітілген сомаларды есепке алу салық есептілігін табыс ету күніне белгіленген валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, ұлттық валютада жүргізіледі.
      3. Салық есептілігін табыс ету күніне және (немесе) төлемді төлеу күніне белгіленген валюта айырбасы бағамын қолдану нәтижесінде салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында туындаған валюта бағамының айырмасы дербес шоттың тиісті бағандарында есептелген немесе кемітілген сомалардың тиісті жазбасын көрсету жолымен түзетіледі.

      592-бап. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті
               төлемнің қоса есептелген сомаларын есепке алу

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомаларын (осы баптың мақсаты үшін бұдан әрі - есептелген сома) есепке алу:
      салық тексеруінің нәтижелері туралы;
      тарату салық есептілігі табыс етілген күннен бастап тарату салық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің есептелген сомалары туралы;
      салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша хабарламалардың негізінде жүргізіледі.
      2. Хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша есептелген соманы есепке алу салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында осы Кодекстің 103 және 104-тарауларына сәйкес хабарламаға шағым беру мерзімдері және деңгейлері бойынша жүргізіледі.
      3. Есептелген сома салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) осы Кодекспен белгіленген тәртіпте хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым беру және оны қарау үшін көзделген кезеңде, сондай-ақ соттың шағымды қарау кезеңінде (осы баптың мақсаттары үшін бұдан әрі - хабарламаға шағым) аталған сомаға мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбау мақсатында орындау мерзімінің тоқтатыла тұруын ескере отырып көрсетіледі.
      4. Сайт салық төлеуші (салық агенті) салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру мерзімі өткеннен кейін мұндай шағым бермеген жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бұрын салық міндеттемесін орындау мерзімі тоқтатыла тұрған есептелген соманы есептер (бересі, артық төлеу) сальдосында көрсете отырып, қалпына келтіру бойынша есепке алу жазбасы жүргізіледі.

      593-бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған
               салық және бюджетке төленетін басқа да
               міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы
               жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке
               алу

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке алу уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мынадай төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі:
      1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, өсімақыларды, айыппұлдарды төленгені туралы;
      2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылардың, айыппұлдардың артық төленген сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар мен қайтарулар туралы;
      3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуіне жүргізілген есепке жатқызулар мен қайтарулар туралы;
      4) қате төленген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар туралы;
      5) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді инкассалық өкімдермен өндіріп алу туралы.
      2. Салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын осы Кодекстің 31-бабы 9-тармағына сәйкес шетел валютасында төлеген жағдайда есепке алу жазбасы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған төлем құжаттары мен есептер негізінде ұлттық валютада көрсетіледі.

      594-бап. Өсімақыларды, айыппұлдарды есепке алу

      1. Осы Кодекстің 610-бабында белгіленген мөлшерде және тәртіпте есептелген өсімақы сомасы ол есептелген кезең көрсетіле отырып, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсетіледі.
      2. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды есепке алу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы негізінде жүргізіледі.
      3. Есептелген айыппұл сомалары туралы жазба салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бұзушылық жіберілген тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша көрсетіледі.
      4. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша өсімақылар мен айыппұлдар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте есептеледі.
      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында салық тексеруінің нәтижелері бойынша есептелген өсімақыларды, айыппұлдарды есепке алу салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомаларын есепке алу үшін осы Кодекстің 592-бабында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

      595-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да
               міндетті төлемдер, зейнетақы жарналары мен
               әлеуметтік аударымдар бойынша есептерді
               салыстырып тексеру жүргізу

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есептерді салыстырып тексеру жүргізеді. Салыстырған тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган белгілеген нысанда салыстыру актісі жасалады.
      2. Салыстыру актісі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты деректері бойынша жасалады.
      3. Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органы деректерінің арасында есептер сальдосы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген, есептеген, азайтылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалары бойынша алшақтық болған жағдайда, салыстыру актісінде сомалары және осындай алшақтық себептері көрсетіледі.
      4. Салық органы мен салық төлеуші (салық агенті) алшақтықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде туындаған алшақтықтарды жою бойынша шаралар қолдануға тиіс.
      Туындаған алшақтықтарды жою үшін қажет болған жағдайда салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотына тиісті есептік жазба жүргізеді.
      5. Салыстыру актісі екі данада жасалады, бір жағына салық органының есеп алуды жүргізуге жауапты лауазымды тұлғасы, екінші жағына салық төлеуші (салық агенті) қол қояды.
      6. Салыстыру актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады, екінші данасы салық органында қалады.

      596-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес
               шотын беру

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын бір салық органынан басқа салық органына беру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) мыналар өзгерген кезде:
      жеке тұлғаның тұрғылықты (болу) жері;
      мыналардың:
      жеке кәсіпкердің, адвокаттың, жеке нотариустың;
      резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің;
      Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның;
      Осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместің;
      Осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің орналасқан орны;
      Осы тармақшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарын беру осы Кодекстің 564-бабы 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі;
      2) заңды тұлға қайта құрылған кезде - уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде;
      3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу есебінен шығарған кезде - уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде.
      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру салық органы мен салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша салыстыру актісін жасауы негізінде жүргізіледі.
      3. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беруді осы баптың 1-тармағында көзделген дербес шотты беру үшін негіздемелер туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      4. Салыстыру актісі уәкілетті орган бекіткен нысанда жасалады және ол жасалған күнге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есептердің жағдайы туралы мәліметтерден тұрады.
      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру үшін негіздер туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) салыстыру актісін жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда, дербес шотты бір салық органынан басқасына беру салыстыру актісін жасамай-ақ жүргізіледі.
      6. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шоттарын құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) тіркеу және (немесе) тіркеу есебінің орны бойынша салық органына:
      1) біріккен, қосылған кезде - беру актісі негізінде;
      2) бөлінген, бөлініп шыққан кезде - бөліну теңгермесі негізінде беріледі. Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шоты салық тексеруі аяқталған соң және салық тексеруінің нәтижелері қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шотында көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.
      7. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің дербес шотын беруі тіркеу және (немесе) тіркеу есебінің орны бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
      8. Дербес шот алдыңғы, ағымдағы жыл үшін берілген салық органында оның жабылған күніне дейін, сондай-ақ бес жыл үшін беріледі.
      9. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігі және салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерін орындауға байланысты өзге құжаттары дербес шот берілген салық органына беріледі.

      597-бап. Қаулыны орындаудың ескіру мерзімі өтуіне
               байланысты айыппұл төлеу бойынша міндеттеменің
               тоқтатылуы

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қаулыны орындаудың ескіру мерзімі өтуіне байланысты орындау мүмкін емес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасы салық органының шешімі негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын резидент еместің, осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің, жеке кәсіпкердің, адвокаттың, жеке нотариустың дербес шотынан есептен шығарылуы тиіс.

      598-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес
               шотын жабу

      Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу мынадай тәртіпте жүргізіледі:
      1) заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің - заңды тұлғаның Мемлекеттік тіркелімінен шығарылған кезде немесе құрылымдық бөлімшесі тіркеу есебінен шығарылған кезде.
      Мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу уәкілетті мемлекеттік органның мәліметі негізінде жүргізіледі;
      2) жеке кәсіпкердің - жеке кәсіпкер ретіндегі кәсіпкерлік қызметі тоқтатылған кезде;
      Мұндай жеке кәсіпкердің дербес шотын жабу жеке кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы салықтық өтініші негізінде жүргізіледі;
      3) жеке нотариус пен адвокаттың - жеке нотариаттық, адвокаттық қызметті жүзеге асыруды тоқтатқан кезде;
      Мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу адвокат, жеке нотариус ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;
      4) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, салық агенті болып табылатын резидент еместің - осы Кодекстің 565-бабы 1-тармағында көзделген негіздер бойынша;
      5) жеке тұлғаның дербес шоты:
      уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері немесе растайтын құжаттарды қоса салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге құқықтар тоқтаған кезде;
      салық міндеттемелері орындалған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде Қазақстан Республикасынан тұрақты тұратын орынға кеткен кезде;
      уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде қайтыс болуы немесе күшіне енген сот шешіміне сәйкес оны қайтыс болды деп жариялануы себептерімен жабылады.

      599-бап. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы
               жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша
               берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама
               беру тәртібі

      1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу және (немесе) тіркеу есебінің орны бойынша салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алу үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
      2. Салық органы салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді:
      1) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама (бұдан әрі - берешегі жоқ екендігі туралы анықтама);
      2) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (бұдан әрі - берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама) жасау және оны салық төлеушіге (салық агентіне) беру арқылы жеткізеді.
      Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама берерде есеп беттеріндегі мәліметтерге сүйеніп анықтама береді.
      3. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу және (немесе) тіркеу есебінің орны бойынша ашық дербес шоттарының деректерін ескере отырып:
      1) заңды тұлға үшін - заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша;
      2) құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін - оның құрылымдық бөлімшесінің дербес шоты бойынша есеп сальдосы ескеріле отырып, заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша;
      3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі үшін - құрылымдық бөлімшенің орналасқан орны бойынша;
      4) жеке кәсіпкер үшін - жеке кәсіпкердің орналасқан орны бойынша;
      5) жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты немесе келу орны бойынша, салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектісінің орналасқан орны бойынша салық органдарында ашық дербес шоттардың деректері ескеріле отырып, берешегі жоқ екендігі туралы анықтама, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама жасайды.
      4. Берешегі жоқ екендігі туралы анықтама, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама анықтаманы жасаған салық органы басшысының не оны ауыстыратын тұлғаның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылады.
      5. Салық органы берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманы, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы мынадай мерзімдерде:
      1) құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, жеке кәсіпкерге, жеке тұлғаға анықтама алу үшін салықтық өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей;
      2) құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға анықтама алу үшін салықтық өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті.
      6. Заңды тұлға таратылған жағдайда салық органы берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманы, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы мынадай мерзімдерде:
      1) заңды тұлғаға, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне - осы Кодекстің 37-бабы 12-тармағында көрсетілген құжатты салық органына тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне - осы Кодекстің 38-бабы 6-тармағында көрсетілген құжаттарды салық органына тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.
      7. Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда салық органы берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген құжаттарды салық органына берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.
      8. Берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелері салықтық өтініш беру күніне салық кезеңі үшін салық есептілігін табыс етпеген жағдайда берілмейді.

$ 1. Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімақылар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару

      600-бап. Артық төленген салық, төлемақы және өсімақы
               сомаларын есепке жатқызу

      1. Артық төленген салық, төлемақы және өсімақы сомаларын есепке жатқызу салық төлеуші (салық агенті) берген салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімақыларды және айыппұлдарды есепке жатқызуға, қайтаруға салықтық өтініш (бұдан әрі осы Кодекстің 600, 601-баптарының мақсаттары үшін - есепке жатқызуға өтініш) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 600, 601-баптарында көзделген басқа да негіздер бойынша жүргізіледі.
      2. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, өсімақының осы түрі бойынша есептер ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, өсімақының салық кезеңінде бюджетке төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған сомаларды есепке ала отырып) және есептелген, есептелген (азайтуды есепке ала отырып) сомалары арасындағы оң айырма артық төленген салық, төлемақы, өсімақы сомасы болып танылады.
      Осы Кодекстің 217-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушіге қайтарылуға тиіс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып табылады.
      3. Жер телімдерін, жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыстарды бергені үшін төлемақы осы Кодекстің 600, 601, 603-баптарының мақсатында төлемақы болып табылады.
      4. Артық төленген салық, төлемақы, өсімақы сомаларын есепке жатқызуды ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты бойынша артық төленген сома есептелген салық органы жүргізеді.
      5. Артық төленген салық, төлемақы, өсімақы сомалары осы баптың 13-16-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуға жатпайды.
      6. Есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларға артық төленген акцизді салықтардың, төлемақылардың осы және басқа түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу салық төлеушінің аталған тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, жүргізілмейді.
      7. Салық декларациясын және (немесе) салық бойынша есепті табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайда оларды табыс еткенге дейін осы салық бойынша артық төленген соманы есепке жатқызу жүргізілмейді.
      8. Есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша есепке жатқызу жүргізу мерзімі осындай өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
      9. Есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша есепке жатқызу жүргізу мерзімі бұзылған жағдайда, салық органы олар бойынша мерзімі бұзыла отырып, есепке жатқызу жүргізілген артық төленген салық, төлемақы сомасына есепке жатқызу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап есепке жатқызу күніне дейін мерзімін өткізіп алған әр күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына өсімақы есептейді.
      10. Салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына есептелген өсімақы сомасы тиісті бюджет жіктемесінің коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне артық төленген салықты, төлемақыны есепке жатқызу жүргізілген күні салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына аударылуға жатады.
      11. Артық төленген салықты, төлемақыны салық берешегін өтеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызу мынадай тәртіпте:
      1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
      салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімақыларды;
      салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;
      2) салықтық өтініш бойынша:
      салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша бересіні;
      салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша өсімақыны;
      салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша айыппұлды;
      егер осы баптың 13, 15-тармақтарында өзгеше белгіленбеген болса, салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша алдағы төлемдерді өтеу есебіне жүргізіледі.
      12. Бюджетке артық төленген өсімақы сомасын есепке жатқызу мынадай тәртіпте:
      1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
      салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересіні;
      салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлды өтеу есебіне;
      2) салықтық өтініш бойынша:
      салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша бересіні;
      салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша өсімақыны;
      салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша айыппұлды;
      егер осы баптың 14, 16-тармақтарында өзгеше белгіленбеген болса, салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша алдағы төлемдерді өтеу есебіне жүргізіледі.
      13. Заңды тұлғаның есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде оның артық төленген салық, төлемақы сомасы есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіпте:
      1) құрылымдық бөлімшесінің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;
      2) құрылымдық бөлімшесінің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімақыларын;
      3) құрылымдық бөлімшесінің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлдарын;
      4) салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
      5) салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімақыларын;
      6) салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлдарын өтеу есебіне есепке жатқызылуы тиіс.
      14. Заңды тұлғаның есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде оның артық төленген өсімақы сомасы есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіпте:
      1) құрылымдық бөлімшесінің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;
      2) құрылымдық бөлімшесінің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімақыларын;
      3) құрылымдық бөлімшесінің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлдарын;
      4) салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
      5) салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімақыларын;
      6) салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлдарын өтеу есебіне есепке жатқызылуы тиіс.
      15. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде оның артық төленген салық, төлемақы сомасы есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіпте:
      1) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;
      2) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімақыларын;
      3) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлдарын;
      4) салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
      5) салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның өсімақыларын;
      6) салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлдарын өтеу есебіне есепке жатқызылуы тиіс.
      16. Заңда тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің есепке жатқызуға салықтың өтініші негізінде оның артық төленген өсімақы сомасы есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіпте:
      1) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;
      2) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімақыларын;
      3) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлдарын;
      4) салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
      5) салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның өсімақыларын;
      6) салық төлеуші (салық агенті) есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлдарын өтеу есебіне есепке жатқызылуы тиіс.

      601-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы
               сомасының есептелген салық сомасынан
               асып кетуін есепке жатқызу

      Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызуды қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органы артық төленген салықтың, төлемақының, өсімақылардың сомаларын есепке жатқызу үшін осы Кодекстің 600-бабында белгіленген тәртіпте жүргізеді.

      602-бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін
               басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке
               жатқызу, қайтару

      1. Салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:
      1) салық төлеуші (салық агенті) берген салықтарды, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, өсімақылар мен айыппұлдарды есепке жатқызуға, қайтаруға салықтық өтініші бойынша (осы баптың мақсаты үшін бұдан әрі - қате сомалар бойынша салықтық өтініш);
      2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген өтініш (осы баптың мақсаты үшін бұдан әрі - банк өтініші) бойынша;
      3) салық органы жасаған салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы (осы баптың мақсаттары үшін бұдан әрі - қателер бойынша хаттама) бойынша жүргізіледі.
      2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:
      1) осы баптың 1-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген негіз бойынша қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
      2) осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемді, айыппұлдарды, өсімақыларды қате төлеу фактісі анықталған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
      3. Қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші салықты, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемді қате төлеу жүргізілген салық органына табыс етіледі.
      4. Аудару кезінде мынадай қателердің бірі жіберілген сомалар:
      1) төлем құжатында:
      салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі дұрыс емес көрсетілген;
      салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс емес көрсетілген;
      төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік жіктемесінің кодына сәйкес келмеген;
      2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;
      3) ақша жіберуші салық төлеуші тіркеуде және (немесе) тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;
      4) ақша жіберуші салық төлеуші осы салық немесе басқа міндетті төлем бойынша төлеуші болып табылмайтын аудару кезіндегі сомалар салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің қате төленген сомалары болып табылады.
      5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қателерді растаған жағдайда бұл салық органы:
      1) қате төленген сомаларды тиісті бюджет жіктемесінің кодына және (немесе) тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;
      2) салық төлеушінің банк шотына қайтарады.
      6. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бір төлем құжаты бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемді екі рет аударуға әкеп соқтырған салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын қате орындаған жағдайларда қате аудару фактісі расталған кезде салық органы банктің өтініші бойынша қате төленген сомаларды қайтаруды жүргізеді.

      603-бап. Салықтың, төлемнің, өсімақының артық төленген
               сомаларын қайтару

      1. Салықтың, төлемнің, өсімақының артық төленген сомаларын қайтару салық төлеуші (салық агенті) берген салықтарды, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, өсімақылар мен айыппұлдарды есепке жатқызуға, қайтаруға салықтық өтініш (осы баптың мақсаты үшін бұдан әрі - қайтаруға өтініш) бойынша жүргізіледі.
      2. Салықтың, төлемнің, өсімақының артық төленген сомаларын қайтаруды осындай салық, төлем, өсімақы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттары жүргізілетін салық органы жүргізеді.
      3. Салықтың, төлемнің, өсімақының артық төленген сомасын қайтару егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      4. Салықтың, төлемнің, өсімақының артық төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің 600 және 601-баптарында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
      5. Салықтың, төлемнің, өсімақының артық төленген сомаларын қайтару салық органының қорытындысы негізінде салық берешегі болмаған кезде ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотына жүргізіледі. Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда салықтың, төлемнің, өсімақының артық төленген сомаларын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салықтардың, төлемдердің, өсімақылардың түрлері бойынша салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
      6. Салық төлеушінің аталған есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, тауарларға артық төленген акцизді қайтару жүргізілмейді.
      7. Қайтару мерзімі бұзылған жағдайда, салық органы олар бойынша мерзімі бұзыла отырып қайтару жүргізілген артық төленген салық, төлемақы сомасына қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әр күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына өсімақы есептейді.
      8. Салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына есептелген өсімақы сомасы тиісті бюджет жіктемесінің коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне артық төленген салықты, төлемақыны қайтару жүргізілген күні салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына аударылуға жатады.

      604-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының
               есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару

      1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуді қайтару (осы баптың мақсаты үшін бұдан әрі - қосылған құн салығының асып кетуі) осы бапта көзделген шарттар орындалған кезде осы Кодекстің 600-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қайтару туралы талап бойынша жүргізіледі.
      2. Осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кетуі қосылған құн салығын төлеушінің дербес шоты бойынша мынадай шарттарға сәйкес келетін:
      1) салық органының қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтаруға қорытынды жасау күніне;
      2) ол үшін декларацияда кейінгі салық кезеңдері үшін декларацияларда көрсетілген бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңінің соңына артық төлеу сомасынан асып кетпеуге тиіс.
      3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің орны бойынша осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.
      4. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына жүргізіледі.
      5. Қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару мерзімі бұзылған кезде салық органы мерзімі бұзыла отырып қайтару жүргізілген осындай асып кетуге қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әр күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына өсімақы есептейді.
      6. Салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына есептелген өсімақы сомасы тиісті бюджет жіктемесінің коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару күні салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына аударылуға жатады.

      605-бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын
               қайтару

      1. Бюджеттен қайтаруға осы Кодекстің ерекше бөлігімен көзделген негіздер бойынша:
      1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген;
      2) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге төленген қосылған құн салығының сомасы жатады.
      2. Грант алушыға қайтаруға жататын қосылған құн салығын қайтаруды грант алушының орналасқан орны бойынша салық органы осы Кодекстің 600-бабына сәйкес есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банктік шотына осы Кодекстің 275-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жүргізеді.
      3. Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қайтаруға жататын қосылған құн салығын қайтаруды салық органы осы Кодекстің 276-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде олардың банктік шотына жүргізеді.

      606-бап. Айыппұлдардың төленген сомаларын қайтару

      1. Айыппұлдың күші жойылған немесе айыппұл сомасы өзгерген салдарларда оның төленген сомасын қайтару салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімақылар мен айыппұлдарды есепке жатқызуға, қайтаруға салықтық өтініш (осы баптың мақсаттары үшін бұдан әрі - айыппұл сомаларын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі, ол өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
      1) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы;
      2) айыппұл төлеуді растайтын құжат;
      3) оның негізінде заңсыз айыппұл салынған соттың немесе жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл сомасын өзгерту туралы немесе әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының күшін жою туралы актісі;
      4) айыппұлдың заңсыз салынғанын растайтын өзге де құжаттар.
      2. Салық төлеуші (салық агенті) айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті салық органына айыппұл сомасы бюджетке есепке жатқызылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей, ал салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін айыппұл салу туралы қаулы бойынша бес жылдан кешіктірмей береді.
      3. Төленген айыппұл сомасын қайтаруды салық органы салық төлеуші (салық агенті) айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті табыс еткен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.
      4. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл сомаларын есепке алу бойынша бюджет жіктемесінің кодына келіп түскен төленген айыппұл сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) айыппұл сомасын қайтаруға өтініш берген күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүргізеді, ол өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
      1) осы соманың төленгенін растайтын құжат;
      2) әкімшілік құқық бұзушылықтар мен оларды жасаған тұлғаларды тіркейтін органның келіп түскен айыппұл сомасын қайтаруға өтініш шеңберінде тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту фактісінің жоқтығын растайтын құжат.

      607-бап. Бюджетке басқа да міндетті төлемдердің
               төленген сомаларын қайтару

      Осы Кодексінің 602-603-баптарында көзделмеген негіздер бойынша бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің ерекше бөлімімен белгіленген тәртіпте және негіздер бойынша жүргізіледі.

90-тарау. Салық міндеттемесін орындау бойынша хабарлама

      608-бап. Салық қызметі органдарының салық
               міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналары
               мен әлеуметтік аударымдар бойынша
               міндеттемелерді орындау бойынша хабарламасы

      1. Салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық қызметі органының салық төлеушіге (салық агентіне) қағазға түсірілген немесе оның жазбаша келісімімен электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
      2. Хабарлама түрлері төменде аталған түрлермен шектеледі және олар салық төлеушіге мынадай мерзімдерде:
      1) осы Кодекстің 32-бабы 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салық сомалары туралы - есептеп шығарылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) салық тексеруінің нәтижелері туралы - осы Кодекстің 638-бабы 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық төлеушіге салық тексеруі актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
      3) тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің есептелген сомасы туралы тарату салық тексеруінің актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
      4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің тапсырылмауы туралы - осы Кодекспен белгіленген оны тапсыру мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
      5) салық берешегін өтеу туралы - осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көзделген мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
      6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы - өндіріп алуға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей;
      7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - салық есептілігінде бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
      8) салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің шағымын қарау қорытындылары туралы - шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
      9) Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;
      10) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан орнын растау туралы - салық қызметі органының лауазымды тұлғалары салықтық зерттеу актісін жасаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
      3. Хабарламада:
      1) сәйкестендіру нөмірі;
      2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы;
      3) салық қызметі органының атауы;
      4) хабарлама күні;
      5) салық міндеттемесінің және (немесе) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің сомасы - осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда;
      6) салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап;
      7) хабарлама жіберу үшін негіздеме;
      8) шағым жасау тәртібі көрсетілуі тиіс.
      4. Хабарлама салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзіне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс.
      Почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілген хабарлама салық төлеушінің (салық агентінің) алғаны туралы почтаның немесе өзге байланыс ұйымының белгісі қойылған күннен бастап хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) берілді деп есептеледі.
      5. Салық органдары осы баптың 2-тармағы 2), 4), 7)-9) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салық міндеттемесі және (немесе) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемесі хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.
      6. Осы баптың 2-тармағы 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеуші (салық агенті) хабарлама жіберілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.

91-тарау. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

      609-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің
               орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау:
      1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімақы есептеу;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) - резидент және резидент емес заңды тұлғаның, резидент және резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің, адвокаттың және жеке нотариустың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
      3) салық төлеушінің (салық агентінің) - резидент және резидент емес заңды тұлғаның, резидент және резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің, адвокаттың және жеке нотариустың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
      4) салық төлеушінің (салық агентінің) - резидент және резидент емес заңды тұлғаның, резидент және резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің, адвокаттың және жеке нотариустың мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
      2. Осы баптың 1-тармағы 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 611-613-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады. Осы баптың 1-тармағы 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 608-бабына сәйкес хабарлама жіберіледі.
      3. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшерде салық берешегі бар салық төлеушілерге (салық агенттерге) қатысты қолданылмайды.
      4. Салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
      5. Салық төлеуші (салық агенті) айыппұлдарды төлемеген жағдайда осы баптың 1-тармағы 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде салық төлеушіні (салық агентін) хабарландырмай қолданылады.
      6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк шоттары болмаған не салық берешектерін өтеу үшін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында немесе кассасында ақша жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайларда салық органы осы баптың 1-тармағы 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға қолданады.
      7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджетті орындау бойынша орталық уәкілетті органда ашық мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджетті орындау бойынша орталық уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

      610-бап. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да
               міндетті төлемдердің мерзімінде төленбеген
               сомасына өсімақы

      1. Мерзімінде төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына есептелетін осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшер өсімақы болып танылады.
      2. Өсімақы сомасы мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ өзге де Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан есептеледі және төленеді.
      3. Өсімақы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есептеледі.
      4. Салық және басқа да міндетті төлемдердің, өсімақылардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есептемегені), салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдерді, өсімақыларды, айыппұлдарды, сондай-ақ шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын, және есептелген банктік сыйақыларды төлеу есебіне енгізілген қолма-қол ақшаны бюджетке уақтылы аудармағаны үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімақы есептеледі.
      5. Салықтарды (төлем көздерінен ұсталатын салықтардан, акциздерден басқа) төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімақы осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есептеледі.
      6. Сот шешімі қабылданған кезден бастап банкрот деп танылған не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған, немесе не оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданған салық төлеушінің бересі сомасына осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күннен бастап өсімақы есептелмейді.
      7. Бересінің жиналып қалуының бірден бір себебі қызмет көрсететін банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердің кредит берушілеріне бересі сомаларын дер кезінде өтемегені үшін өсімақы банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім күшіне енген кезден бастап есептелмейді.
      8. Жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген кезде сотқа талап-арыз берген күннен бастап оларды орналастыру аяқталғанға дейін бересіні өтеу үшін сот шешімімен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылатын бересі сомасына өсімақы есептелмейді.
      9. Жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі күшіне енген кезден бастап, оның күші жойылғанға дейін бересі сомасына өсімақы есептелмейді.
      10. Өсімақыға және айыппұл сомасына өсімақы есептелмейді.
      11. Артық төленген салық және/немесе төлемақы сомаларына есепке жатқызу жүргізу жолымен өтелген бересі сомасына есепке жатқызу жүргізуге төлем құжатының күнінен бастап өсімақы есептелмейді.
      12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын аудару кезінде:
      1) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап;
      2) салық төлеуші банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап;
      3) салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген сомаларды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, уәкілетті мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап өсімақы есептелмейді.
      13. Салықтың артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 600-бабының 8-тармағында белгіленген есепке алуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасына барабар бересі сомасына өсімақы есептелмейді.

      611-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк
               шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата
               тұру

      1. Осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен мынадай жағдайларда:
      1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс етпегенде - осы Кодекстің 608-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
      2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтінішті табыс етпегенде - Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;
      3) салық берешегін өтемегенде - салық берешегін өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін;
      4) осы Кодексте белгіленген салық тексеруін жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде салық қызметі органының лауазымды тұлғаларын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салық тексеруіне, қарауына жол бермегенде - жол берілмеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      5) почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарғанда - қайтару күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      6) осы Кодекстің 559-бабында белгіленген тәртіпте салық қызметі органы жасаған орналасқан салықтық зерттеу актісі негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауы фактісі анықталған жағдайда - анықтау күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      7) камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмағанда - осы Кодекстің 588-бабы 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.
      Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу жөніндегі операциялардан басқа, салық төлеушінің (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан РеспубликасыныңӨҰлттық Банкімен бірлесе отырып белгілеген нысан бойынша шығарылады, және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енеді.
      3. Салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сөзсіз орындауға тиіс.
      4. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жояды.
      Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін сомасын өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық берешегін өтемегені үшін салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жояды. Салық берешегін өтеу күні осы Кодекстің 31-бабы 5-тармағына сәйкес айқындалады.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тиісті салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұратыны туралы өкімді қайтарады.

      612-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы
               бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

      1. Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне оның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізіледі.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру банкке немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша екі данада шығарылады, оның бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.
      2. Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агентінің) сөзсіз орындауға тиіс.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      5. Салық органы салық төлеуші (салық агентінің) салық берешегін толық көлемде өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды. Салық берешегін өтеу күні осы Кодекстің 31-бабы 5-тармағына сәйкес айқындалады.

      613-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке
               билік етуін шектеу

      1. Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, сондай-ақ салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу жүргізіледі.
      Бұл ретте мониторингке жататын салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасаған жағдайда салық органы салық берешегін өтеу туралы хабарлама жібермей-ақ осы бапта белгіленген тәртіпте салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімақылардың шағымдалған сомалары шегінде оның мүлкіне билік етуін шектеу жүргізеді. Мұндай шектеу салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық органының шешімінің күшін толық жоятын салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараушы салық қызметі органы шешім шығарғанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін қолданыста болады.
      Мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада шығарылады, оның біреуі салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.
      Салық төлеуші (салық агенті) алудан бас тартқан не оның лауазымды тұлғалары орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бір мезгілде жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу қажеттігі туралы уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ете отырып, почта бойынша тапсырыс хатпен жіберіледі.
      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім осы салық төлеушінің (салық агентінің) меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ теңгермесінде тұрған мүлікке қатысты шығарылады.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу тек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріліп алуға мүмкін болатын мүлікке қатысты жүргізілуі мүмкін.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) қаржы лизингіне немесе кепілге берілген билік етуі шектелген мүлкін лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданысы аяқталғанға дейін алып қоюға, ал салық төлеушіге (салық агентіне) салық органы мүлікке билік етуді шектеген кезден бастап оның күші жойылғанға дейін шарттың талаптарын өзгертуге (шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға, қосалқы лизингке және (немесе) қайта кепілге беруге) тыйым салынады.
      3. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім шығарылған күнге салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бар салық берешегі сомасы туралы деректердің негізінде қабылдайды.
      4. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің негізінде салық төлеушіге (салық агентінің) мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауаптылықтар туралы ескертіле отырып, салық берешегі сомасына мүлік тізімдемесінің актісін жасау жүргізіледі.
      Билік ету шектелген мүлік тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есебі деректерінің негізінде айқындалатын теңгермелік бағасы немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заң актісіне сәйкес жүргізілетін бағалау жолымен айқындалатын нарықтық құны көрсетіле отырып жүргізіледі және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда екі дана етіп жасалатын актімен ресімделеді.
      Тізімдеме актісін жасау кезінде салық төлеуші (салық агенті) мұндай мүлікке меншік құқығын және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін танысу үшін беруге міндетті. Мүлікке меншік құқығын және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері мүлік тізімдемесінің актісіне қоса тіркеледі.
      Мүлік тізімдемесінің актісіне оны толтырған тұлға, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) лауазымды тұлғасы қол қояды. Мүлік тізімдемесі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады.
      Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім мен мүлік тізімдемесінің актісі салық органында бір нөмірмен тіркеледі.
      Мүлік тізімдемесінің актісі соның негізінде жасалған салық төлеушінің мүлкіне билік етуді шектеу туралы шешімнің күші жойылған кезде бір мезгілде күшін жояды.
      5. Салық төлеуші (салық агенті) шектеу алынып тасталғанға дейін билік етуі шектелген мүлікті сақтауға, ұқыпты қарауға міндетті және аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады. Осы талаптарды сақтамаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) билік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша шығындарды өтеуге міндетті.
      6. Салық берешегі өтелмеген және жеті аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік сатылмаған жағдайда салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күндегі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректерді ескере отырып, жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкін қозғауға құқылы.
      7. Уәкілетті органдарда тіркелуі тиіс мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
      8. Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегінің сомаларын толық көлемде өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жояды. Салық берешегін өтеу күні осы Кодекстің 31-бабы 5-тармағына сәйкес айқындалады.

92-тарау. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

      614-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

      1. Салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары салық төлеушінің - резидент және резидент емес заңды тұлғаның, резидент және резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің, адвокаттың және жеке нотариустың салық берешегіне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 608-бабына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі.
      2. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселік мөлшерінен аз мөлшерде салық берешегі бар салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты қолданылмайды.
      3. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
      1) банк шоттарындағы ақшасының есебінен;
      2) дебиторларының шоттарынан;
      3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;
      4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы жүргізіледі.
      4. Салық төлеуші (салық агенті) айыппұл сомаларын төлемеген кезде осы бапта көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде хабарландырусыз қолданылады.
      5. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк шоттары болмаған не салық берешектерін өтеу үшін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында немесе кассасында ақша жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайларда салық органы салық берешегінің сомасын осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға қолдану жолымен өндіріп алады.
      6. Осы тараудың мақсаты үшін бюджетті орындау бойынша орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджетті орындау бойынша орталық уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

      615-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша
               есебінен өндіріп алу

      1. Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген (алынған) күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде салық берешегі сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегінің сомасын осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан олардың келісімінсіз мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.
      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының банктер мен банк қызметі, сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру және инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банк шоттарына қолданылмайды.
      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаның көрсетілген қарыздардың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі сомасын қоспағанда, салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
      Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректер негізінде қалыптастырады.
      3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банктік шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде, банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол есепті кезең үшін ұсынса, салық органына орындаусыз қайтарады.
      4. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақша шығару жолымен салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде, банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол есепті кезең үшін ұсынса салық органына орындаусыз қайтарады.
      5. Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысан бойынша шығарылады және онда салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомаларын өндіріп алу жүргізілетін банк шотын көрсетуді қамтиды.
      6. Салық төлеушінің (салық агентінің) теңгемен жүргізілетін банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегі салық төлеушінің (салық агентінің) шетел валютасымен жүргізілетін банк шоттарынан салық органдары теңгеде шығарылған инкассалық өкімдері негізінде өндіріп алынады.
      7. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезекті тәртіпте және аталған өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды.
      8. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда, клиентке бірнеше талаптар қойылған жағдайда банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы шоттарға ақша түсуіне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу есебіне клиенттің ақшасын алуды жүргізеді.
      9. Салық органы оған салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкім шығарған салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкімді орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.

      616-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық
               берешегі сомасын оның дебиторларының
               шоттарынан өндіріп алу

      1. Осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегі шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) берешегі бар үшінші бір тұлғалардың (бұдан әрі - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.
      2. Салық берешегін өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеуші (салық агенті) он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберген салық органына дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, дебиторлар тізімін және болған жағдайда дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін табыс етуге міндетті.
      Өзара есеп айырысуларды салыстыру актілері бар болған кезде салық органы Кодекстің 608-бабына сәйкес дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкім шығарады.
      Дебиторлар тізімі осы тармақта көрсетілген мерзімде табыс етілмеген жағдайда салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргізеді. Бұл ретте салық органы сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқығы жоқ.
      3. Ұсынылған дебиторлар тізімінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісінің негізінде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін өтеу есебіне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарлама жібереді.
      Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберуші салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушімен (салық агентімен) бірлесіп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актісін табыс етуге міндетті.
      Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстыру актісін осы тармақта көрсетілген мерзімде табыс етпеген жағдайда салық органы аталған дебиторларға салық тексеруін жүргізеді. Бұл ретте салық органы сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқығы жоқ.
      4. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісі және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндіріп алу туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстыру актісін табыс етпейді.
      5. Салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтеген жағдайда дебиторлар тізімі немесе өзара есеп айырысулардың салыстыру актісі табыс етілмейді.
      6. Салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актісінде мынадай мәліметтер болуға тиіс:
      1) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмірлері;
      2) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторы тіркеу есебінде тұрған салық органының атауы;
      3) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелері;
      4) дебитордың салық төлеушіге (салық агентіне) берешек сомасы;
      5) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының заңды деректемелері, мөрі және қойылған қолдары;
      6) салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алу күнінен бұрын болуы тиіс емес салыстыру актісінің жасалған күні.
      7. Өзара есеп айырысуды салыстыру актісінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісінің негізінде салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді дебитордың банк шоттарына шығарады.
      8. Салық төлеуші дебитордың банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстің 615-бабында белгіленген талаптарға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкімді орындауға міндетті.

      617-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі
               шектелген мүлкін өткізу есебінен салық
               берешегі есебіне өндіріп алу

      Осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның және (немесе) оның дебиторының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.
      Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада шығарылады, оның бірі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім мен мүлік тізімдемесі актісінің көшірмесін қоса атқарушылық іс жүргізу органына жіберіледі.

      618-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі
               шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу
               тәртібі

      Билік етуі шектелген мүлікті өткізуді Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте белгіленген тәртіпте атқарушылық іс жүргізу органдары атқарушылық іс жүргізу тыйым салынған мүлікті өткізу үшін жүзеге асырылады.

      619-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық
               төлеуші (салық агенті) акционерлік қоғамның
               жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару

      Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші (салық агенті) акционерлік қоғам осы Кодекстің 614-бабының 3-тармағы 1)-3) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен жүгінеді.
      Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімақыларды, айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылады.

      620-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп
               тану

      1. Осы Кодекстің 614-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын салық төлеуші (салық агенті) өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
      2. Банкрот деп танылған салық төлеушіні (салық агентін) тарату тәртібі Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      621-бап. Салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық
              агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат
              құралдарында жариялау

      Салық қызметі органдары бұқаралық ақпарат құралдарында салықтық берешегі туындаған күннен бастап алты ай ішінде өтелмеген салықтық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін жариялайды:
      заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде;
      жеке кәсіпкерлердің, адвокаттар мен жеке нотариустардың - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде.
      Бұл ретте тізімде салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не атауы, сала түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеуші (салық агенті) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және салық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.
      Уәкілетті органның web-сайтында орналастырылған салық төлеушілер (салық агенттері) тізімі осы бапта көрсетілген өлшемдерге сәйкес салық төлеушілерді (салық агенттерін) енгізу, сондай-ақ салық берешегін өтеген және салықтық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді шығарып тастау арқылы тоқсан сайын аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей жаңартылады.

      622-бап. Жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус болып
               табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның
               салықтық берешегін өндіріп алу

      1. Жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе аталған салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
      2. Сот бұйрығын шығару туралы өтініш немесе жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арыз бойынша іс қарау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      3. Жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі есебіне оның мүлкін өндіріп алуды Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада белгіленген тәртіпте атқарушылық іс жүргізу органдары жүргізеді.

93-тарау. Ірі салық төлеушілер мониторингі

      623-бап. Жалпы ережелер

      1. Ірі салық төлеушілер мониторингі ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.
      2. Мониторингке осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді есепке алмағанда анағұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар төрт жүз ірі салық төлеуші жатады.
      Түзетулерді есепке алмағандағы жылдық жиынтық табыс мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін бекітудің алдыңғы жылындағы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады.
      3. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді және ол бекітілген жылдан кейінгі екінші жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.
      Бекітілген Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына жарамды.
      4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдасқан жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) қайта ұйымдасқан салық төлеуші үшін бұрын белгіленген кезең ішінде мониторингке жатады.
      5. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен алып тасталады.

      624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету
               тәртібі мен мерзімі

      1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті электронды цифрлы қолтаңбамен куәландырылған электронды құжат нысанында табыс етеді.
      2. Егер осы баппен өзгеше белгіленбеген болса, мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
      1) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу кітабы;
      2) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кітабы;
      3) бухгалтерлік теңгерме;
      4) өндірілген және сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қозғалысы туралы есеп;
      5) өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;
      6) қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп.
      3. Мониторингке жататын және қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясының негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес банктік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
      1) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу кітабы;
      2) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кітабы;
      3) бухгалтерлік теңгерме;
      4) кірістер мен шығыстар туралы есеп;
      5) берілген қарыздар бойынша есеп.
      4. Мониторингке жататын және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясының негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша қызметтерді жүзеге асыру ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
      1) сақтандыру қызметі туралы есеп;
      2) бухгалтерлік теңгерме;
      3) кірістер мен шығыстар туралы есеп.
      5. Мониторингке жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:
      1) зейнетақы активтері бойынша есеп;
      2) зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп;
      3) бухгалтерлік теңгерме;
      4) кірістер мен шығыстар туралы есеп.
      6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың 2-5-тармақтарында көрсетілген есептілікті тоқсан сайын есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен тәртіпте және нысандар бойынша табыс етеді.
      Егер мониторинг бойынша есептілік нысандарын табыс ету мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, табыс ету мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.

94-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі

      625-бап. Жалпы ережелер

      1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және ескерту мақсатында салық қызметі органдары дайындайтын және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салық бақылауының нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.
      2. Тәуекел - салық төлеушінің мемлекетке залал келтіруі мүмкін болған және (немесе) мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы.
      3. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:
      1) салық қызметі органдарының назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
      2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.
      4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салық бақылауын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:
      1) салық тексерулерін жүргізу үшін;
      2) осы Кодекстің 274-бабының ережелері ескеріле отырып, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқықты айқындау үшін салық төлеушілерді іріктеуге пайдаланылады.
      5. Тәуекелдерді бағалау тәуекел көрсеткіштерінің, тәуекелдерді айқындау өлшемдерінің, салық төлеушілерді тәуекел санатына жатқызу өлшемдерінің тізбесі негізінде жүзеге асырылады.
      6. Уәкілетті орган салық қызметі органдарының пайдалануы үшін тәуекел көрсеткіштерінің, тәуекелдерді айқындау өлшемдерінің, салық төлеушілерді тәуекел санатына жатқызу өлшемдерінің тізбесін белгілейді.
      Уәкілетті орган белгілеген көрсеткіштер құпия ақпарат болып табылады.
      7. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

      626-бап. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша
               салық қызметі органдарының қызметі

      1. Салық қызметі органдары уәкілеті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді жинауды жүзеге асырады.
      2. Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдайды.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді талдаудың нәтижелерін салық қызметі органдары салық тексеруіне жататын салық төлеушілерді іріктеу кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 274-бабына сәйкес қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқығын айқындау кезінде пайдаланады.

95-тарау. Салық тексерулері $ 1. Салық тексерулерінің ұғымы, тұрпаты мен түрлері

      627-бап. Салық тексерулерінің ұғымы, тұрпаты мен түрлері

      1. Салық тексеруі - салық қызметі органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы салық заңнамасының және орындалуын бақылау салық қызметі органына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын тексеру.
      Нұсқамада көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеуші (салық агенті) салық тексерулерінің қатысушылар болып табылады.
      Арнайы білімді және дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультация алу үшін, қажет болған жағдайда, салық қызметі органы салық тексеруіне салық тексеруінің нәтижесіне мүдделі емес маманды тартуы мүмкін.
      Жазбаша алға қойылған мәселелер бойынша салық тексеруіне тартылған маман салық тексеруі барысында пайдаланылатын қорытынды жасайды.
      2. Салық тексерулерін салық қызметі органдары ғана жүзеге асырады.
      3. Салық тексерулері мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) құжаттық тексеру;
      2) рейдтік тексеру;
      3) хронометраждық зерттеу.
      4. Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуын және әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуін тексеру.
      Кешенді тексеру тақырыптық тексерудің мәселелерін қамтуы мүмкін;
      2) тақырыптық тексеру:
      салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуын;
      міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуын, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуін;
      банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалық актілерінде белгіленген міндеттерді орындауын;
      трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша;
      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша;
      соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе күші жойылмаған қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау мәселелері бойынша;
      салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелері бойынша;
      халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдану заңдылығының мәселелері бойынша;
      қайтаруға ұсынылған қосылған күн салығы сомаларының дұрыстығын растау мәселелері бойынша;
      қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан төленген табыс салығын қайтаруға резидент еместің салықтық өтініші бойынша;
      салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіпте камералды бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын орындамаған кездегі тексеру.
      Бұл ретте тақырыптық тексеру бір мезгілде осы тармақшада көрсетілген мәселелердің бірнешеуін қамтуы мүмкін;
      3) қарсы тексеру - егер салық органында салық төлеушінің үшінші тұлғалармен байланысты жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттілігі туындаған жағдайда, көрсетілген тұлғаларға қатысты:
      салық тексерулерін жүргізу кезінде;
      осы Кодекстің 623-бабы 1-тармағына сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу кезінде жүргізілетін тексеру.
      Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша қарсы тексеру - егер салық тексерулерін жүргізу кезінде нарықтық бағаны айқындау бойынша ақпарат алу қажеттігі туындаған кезде мәміле қатысушысына, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.
      Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау мәселесі бойынша салық тексеруін жүргізу кезінде қарсы тексеру осы Кодекстің 635-бабында белгіленген тәртіпте жүргізіледі;
      4) қосымша тексеру - салық төлеушінің шағымында жазылған мәселелер бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарайтын және (немесе) резидент еместің қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішін қарайтын жоғары тұрған салық қызметі органының шешімі негізінде жүргізілетін тексеру.
      5. Рейдтік тексеруді салық қызметі органдары жекелеген салық төлеушілерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына мынадай:
      1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
      2) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау;
      3) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін лицензиялау және өндіру, сақтау және өткізу ережелерін сақтау;
      4) салық органы шығарған касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін орындау мәселелері бойынша жүзеге асырады.
      Рейдтік тексерулер жүргізуге қоғамдық бірлестіктердің (бизнес-қауымдастықтардың) өкілдері осындай бірлестіктердің келісімі бойынша тартылуы мүмкін.
      Қоғамдық бірлестіктердің (бизнес-қауымдастықтардың) өкілдері рейдтік тексеру жүргізу кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Рейдтік тексеру актісінде қоғамдық бірлестіктердің (бизнес-қауымдастықтардың) өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.
      6. Хронометраждық зерттеуді салық органдары салық төлеушінің нақты кірісін және кіріс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатында тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі негізінде жүзеге асырады.
      7. Салық тексеруін жүргізу, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін тоқтатпауға тиіс.
      8. Салық тексерулері мынадай тұрпаттарға бөлінеді:
      1) жоспарлы - салық қызметі органының басшысы тоқсан сайын бекітетін салық тексерулерінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын кешенді және тақырыптық тексерулер. Салық тексерулерінің жоспары салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметіне қатысты басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау негізінде жасалады;
      2) жоспардан тыс - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген, оның ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші негізіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылатын салық тексерулері.
      9. Салық қызметі органдары заңды тұлғаның өзіне салық тексеруінің жүргізілуіне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.
      Салық төлеушінің құрылымдық бөлімшесінің таратылуына байланысты салық тексеруін жүргізуге салықтық өтінішін беру жағдайларын қоспағанда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу есебінен шығарған кезде тарату тексерісі жүргізілмейді.
      10. Құжаттық тексеруге жататын кезең осы Кодекстің 46-бабына сәйкес белгіленген талап қою мерзімінен аспауға тиіс.

$ 2. Салық тексерулерінің тәртібі мен мерзімі

      628-бап. Салық тексерулерін жүргізудің мерзімділігі

      Салық тексерулері мынадай мерзімділікпен жүргізіледі:
      1) кешенді - осы Кодекстің 630-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылына бір реттен жиі емес;
      тақырыптық - осы Кодекстің 630-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 627-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген белгілі бір мәселе бойынша:
      шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - жылына бір реттен жиі емес;
      қалған салық төлеушілер үшін жарты жылда бір реттен жиі емес;
      2) қарсы тексерулер - салық төлеушінің (салық агентінің) жүргізілген операцияларды салық есебінде дұрыс көрсеткені туралы қосымша ақпарат алу, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында нарықтық бағаларды анықтау қажет болған кезде;
      3) рейдтік тексерулер - салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметіне қатысты басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелерінің алынуына қарай;
      4) хронометраждық зерттеулер - салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметіне қатысты басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелерінің алынуына қарай.

      629-бап. Салық тексерулерін жүргізудің мерзімдері

      1. Нұсқамаларда көрсетілетін салық тексерулерін жүргізудің мерзімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      2. Салық тексеруін жүргізу мерзімін:
      1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында орналасу орны бір орыннан аспайтын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер үшін:
      салық тексеруін тағайындаған салық органы қырық бес жұмыс күніне дейінгі мерзімге;
      жоғары тұрған салық қызметі органы алпыс жұмыс күніне дейін;
      2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында орналасу орны бір орыннан асатын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін:
      салық тексеруін тағайындаған салық органы жетпіс бес жұмыс күніне дейінгі мерзімге;
      жоғары тұрған салық қызметі органы жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
      3. Уәкілетті орган өзі тағайындаған салық тексеруі мерзімін:
      1) осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін алпыс жұмыс күніне дейінгі мерзімге;
      2) осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін жүз сексен жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.
      4. Тексеру жүргізу мерзімі салық төлеушіге (салық агентіне) салық қызметі органының мәліметтер мен құжаттарды беру туралы талаптарын тапсыру күні мен салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған мәліметтер мен құжаттарды беру күні арасындағы, сондай-ақ басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға салық қызметі органының сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтер мен құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
      Салық тексеруінің мерзімі шетел мемлекетіне ақпарат беру туралы сұрау салу жіберген күн мен салық қызметі органдарының халықаралық келісімдерге сәйкес жіберілген сұрау салу бойынша мәліметтер алған күн арасындағы уақыт кезеңіне де тоқтатыла тұрады.
      5. Осы баптың 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша тоқтата тұру мерзімі:
      1) мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;
      2) резидент заңды тұлғаның таратылуына, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына, жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін, жеке нотариустың, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін салық тексеруінің;
      3) трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заңды тұлғалардың тақырыптық тексерулерінің;
      4) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексерулерінің салық тексеруінің мерзіміне кірмейді.
      Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілмеген салық тексерулері үшін тоқтата тұру мерзімі салық тексеруінің мерзіміне қосылады.
      6. Қарсы тексеруден басқа, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы баптың 2-5-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, құжаттық тексеру жүргізу мерзімі:
      1) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында орналасу орны біреуден артық емес болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер үшін алпыс жұмыс күнінен;
      2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында орналасу орны біреуден артық болатын қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер үшін - жүз сексен жұмыс күнінен;
      3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін - жүз сексен жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салық тексерулерін жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 273-бабы 3 және 4-тармақтарында көзделген мерзімдер сақтала отырып, белгіленеді.
      8. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімде хронометражды зерттеулер жүргізген кезде салық төлеуші сол көрсетілген күндері қызмет жасайтын болса оған демалыс және мереке күндері қосылуы мүмкін. Хронометражды зерттеулер тәулік мерзіміндегі уақытқа қарамастан салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес жүргізілуі мүмкін.

      630-бап. Кезектен тыс құжаттық тексерулерді жүргізудің
               ерекшеліктері

      1. Кезектен тыс құжаттық тексерулер:
      1) бұрын тексерілген салық кезеңі үшін;
      2) осы Кодекстің 628-бабында белгіленген кезең аяқталғанға дейін салық тексеруін жүргізу қажет болғанда жүзеге асырылады.
      2. Бұрын тексерілген кезеңді кезектен тыс құжаттық тексеру:
      1) кешенді салық тексеруі жүргізілген жағдайда - екі реттен артық емес;
      2) тақырыптық салық тексеруі жүргізілген жағдайда - белгілі бір салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің жекелеген түрі бойынша жүргізіледі.
      3. Осы баптың 2-тармағының және осы Кодекстің 628-бабының ережесі мынадай жағдайда:
      1) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық тексеруін жүргізгенде;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) бұрын тексерілген салық кезеңіне қосымша салық есептілігін осындай қосымша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында табыс еткен кезде;
      3) салық қызметі органының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы салық тексеруі барысында келіп түспеген жауап алынған кезде;
      4) осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіпте камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеуші (салық агенті) орындамаған кезде;
      5) резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына, жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін, жеке нотариустың, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда жүргізілетін кешенді және (немесе) тақырыптық салық тексерулері жүргізілген кезде;
      6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың қолданыс мерзімі аяқталуына байланысты жүзеге асырылатын кешенді және (немесе) тақырыптық салық тексерулерін жүргізу кезінде;
      7) мынадай мәселелер бойынша:
      қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау мәселесі бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген талаптар негізінде;
      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша, сондай-ақ ол бойынша лицензиар лицензия қолданысын уақытша тоқтатқан бұзушылықтарды жою мәселесі бойынша;
      осы Кодекстің 616-бабына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелері бойынша;
      резидент еместің қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелеріне сәйкес төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініші негізінде;
      банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың салық төлеушінің банк шотынан ақшаларды есептен шығару бойынша операцияларды жүзеге асырған күні салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, өсімақылардың, айыппұлдардың сомаларын уақтылы аудармау, аудармау (есепке алмау) және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың кассаларына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, өсімақыларды, айыппұлдарды төлеу есебіне қолма-қол ақша енгізу мәселелері бойынша;
      соттың заңды күшіне енген үкімі немесе күші жойылмаған қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу кезінде;
      8) қарсы тексерулер жүргізуде;
      9) мыналарды:
      салық төлеушінің (салық агентінің) салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағымы - осы шағымда көрсетілген мәселелер бойынша;
      резидент еместің қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелеріне сәйкес төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтінішін қайта қарау туралы жүгінісін қарау барысында жүргізілген қосымша салық тексерулерін жүргізу кезінде қолданылмайды.
      4. Кезектен тыс құжаттық тексерулер, салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша немесе Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүргізілген салық тексерулерін қоспағанда, осы Кодекстің ережелері ескеріле отырып, уәкілетті органның басшысының шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      631-бап. Салық тексеруі туралы хабарландыру

      1. Салық қызметі органдары резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін, жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін, жеке нотариустың, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда жүргізілетін салық тексерулерін қоспағанда, жоспарлы кешенді және (немесе) тақырыптық салық тексеруін жүргізу басталғанға дейін отыз күнтізбелік күн бұрын, уәкілеттті орган белгілеген нысан бойынша, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) салық тексеруін жүргізу туралы хабарландыруды жібереді немесе тапсырады.
      2. Хабарландыру салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан орны бойынша жіберіледі немесе тапсырылады.
      Хабарламасы бар тапсырысты хатпен почта бойынша жіберілген хабарландыру почта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан орны бойынша болмаған жағдайда жоспарлы кешенді және (немесе) тақырыптық тексеру хабарландырусыз жүргізіледі.
      4. Хабарландыруда салық тексеруінің түрі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салық тексеруін жүргізу кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салық тексеруін жүргізу үшін қажетті басқа деректер көрсетіледі.
      5. Салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) салық тексеруін жүргізу үшін қажетті салық салуға байланысты құжаттарды жасырып қалуының немесе жойып жіберуінің негізделген тәуекелі бар болған не тексеруді жүргізуді мүмкін емес ететін немесе оны толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да жағдаяттар болған жағдайларда салық тексеруін салық төлеушіні (салық агентін) тексеруді бастау туралы хабарландырусыз бастауға құқылы.
      Салық органы салық төлеушіге хабарландырусыз салық тексеруін жоғары тұрған органының жазбаша рұқсатының негізінде жүзеге асырады.

      632-бап. Салық тексеруін жүргізу үшін негіздеме

      1. Салық тексеруін жүргізу үшін мынадай деректемелерді:
      1) нұсқаманың салық органында тіркелген күнімен нөмірін;
      2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
      3) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) не толық атауын;
      4) сәйкестендіру нөмірін;
      5) тексеру түрін;
      6) тексеретін тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де тұлғалардың лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (олар болған жағдайда);
      7) тексеру жүргізілетін мерзімін;
      8) тексерілетін салық кезеңін (құжаттық тексерулер кезінде) қамтитын нұсқама негіздеме болып табылады.
      2. Рейдтік тексеру тағайындалған кездегі нұсқамада аумақтың тексерілетін учаскесі, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 3), 4) және 7) тармақшаларын қоспағанда, 1-тармағында көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.
      3. Тақырыптық, қосымша, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада тексеру түріне байланысты тексеруге жататын:
      1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің тексерілетін түрі туралы;
      2) міндетті зейнетақы жарналарын толық және уақытылы есептеу және аудару, әлеуметтік аударымдарды толық және уақтылы есептеу және төлеу;
      3) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау;
      4) трансферттік баға белгілеу;
      5) акцизделген тауарлардың жекелеген түрлері өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу;
      6) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау;
      7) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың салық төлеушінің банк шотынан ақшаларды есептен шығару бойынша операцияларды жүзеге асырған күні салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың кассаларына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімақыларды, айыппұлдарды төлеу есебіне қабылданған қолма-қол ақшаларды уақтылы аудармау, аудармау (есепке алмау);
      8) соттың заңды күшіне енген үкімі не күші жойылмаған қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен (салық төлеушілермен) жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;
      9) халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерінің қолданылу заңдылығы;
      10) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;
      11) салық төлеуші мен оның жеткізушісі мен сатып алушыларының арасындағы есеп айырысуларды растау мәселелері көрсетіледі.
      4. Нұсқамаға салық қызметі органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрімен расталуға және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы журналда тіркелуге тиіс.
      Қарсы және рейдтік салық тексерулерін жүргізуге, сондай-ақ хронометраждық тексеруге нұсқамаға салық қызметі органының бірінші басшысының орынбасары қол қоюы мүмкін.
      5. Осы Кодекстің 629-бабында көзделген тексеру мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалардың саны өзгерген және (немесе) тексерілетін салық кезеңі өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса) көрсетіледі.
      6. Рейдтік тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салық тексеруі жүргізілуі мүмкін.
      7. Нұсқама мынадай:
      1) салық төлеушінің декларациясы негізінде, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы растау бойынша талабы негізінде, сондай-ақ сол бойынша лицензиар лицензия қолданысын уақытша тоқтатқан бұзушылықтарды жою мәселесі бойынша жүргізілетін тақырыптық тексерулерді жүргізген;
      2) қарсы тексерулерді жүргізген;
      3) заңды тұлғаның таратылуына және жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, адвокаттың қызметінің тоқтатылуына байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерулерді жүргізген жағдайларды, сондай-ақ салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған күн салығы бойынша есептен шығару жағдайларын қоспағанда, салық тексеруін жүргізу басталғанға дейін статистикалық есеп және салық төлеушілердің қызметіне тексерулер тағайындау актілерін бақылау органында мемлекеттік тіркеуге жатады.

      633-бап. Салық тексеруін жүргізудің басталуы

      1. Салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқама берілген кез салық тексеруін жүргізудің басталуы болып есептеледі.
      2. Салық қызметі органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды тұлғалары салық төлеушіге (салық агентіне) қызмет куәлігін көрсетуге міндетті.
      3. Салық қызметі органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды тұлғасы, рейдтік тексеруді қоспағанда, салық төлеушіге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгі қояды.
      4. Рейдтік тексеру жүргізілген кезде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызмет көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшірмесін алғаны туралы түпнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызмет көрсететін қызметкерінің белгісі қойылады.
      5. Салық төлеуші (салық агенті) салық тексеруін жүргізуге нұсқаманың нұсқасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда тексеру жүргізетін салық қызметі органының қызметкері куәгерлерді (екеуден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт толтырады. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актіде:
      1) толтырылған орны мен күні;
      2) акт жасаған салық қызметі органының лауазымды тұлғасының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса);
      3) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
      4) нұсқаманың нөмірі, күні, салық төлеушінің атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
      5) нұсқамаға қол қоюдан бас тарту жағдаяты көрсетіледі.
      6. Салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқаманы алудан бас тартуы салық тексеруін жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.
      7. Салық тексерулерін жүзеге асыру кезеңінде салық төлеушінің (салық агентінің) тексерілетін салық кезеңінің салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
      8. Салық тексеруін жүзеге асыру кезеңінде салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша аталған тексеруді тоқтатуға жол берілмейді.

      634-бап. Хронометраждық зерттеу жүргізудің ерекшеліктері

      1. Хронометраждық зерттеу жүргізу кезінде салық төлеуші және (немесе) оның өкілі қатысады.
      2. Хронометраждық зерттеу жүргізу үшін салық қызметі органдары зерттелетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті тәртіпте мыналар:
      1) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілері. Салық қызметі органы қажет болғанда салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;
      2) ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, құнды қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттелетін салық салу объектілерімен және (немесе) салық салуға байланысты объектілерімен байланысты өзге де құжаттардың бар-жоғы;
      3) бақылау касса машиналарынан алынған фискалды есеп зерттелуі тиіс.
      3. Хронометраждық зерттеу жүргізу кезінде хронометраждық зерттеу жүргізуші салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары күнделікті хронометраждық қадағалау картасына зерттеу барысында алынған мәліметтердің толық және нақты енгізілуін қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір кіріс алу көзіне бөлек хронометраждық қадағалау картасы жасалады, олар мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) салық төлеушінің атауын, тіркеу нөмірін және қызмет түрін;
      2) зерттеу жүргізу күнін;
      3) салық салу объектісінің орналасқан жерін;
      4) хронометраждық зерттеудің басталу және аяқталу уақытын;
      5) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні, өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын;
      6) зерттелетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша деректерді;
      7) зерттеу нәтижелерін;
      8) күн басына және соңына бақылау-касса машинасының көрсеткіштерін;
      9) басқа да деректер.
      4. Күнделікті зерттеу жүргізілетін күн соңында барлық зерттелетін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да әрбір кіріс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.
      5. Хронометраждық қадағалау картасы мен жиынтық кестеге міндетті тәртіпте салық қызметі органының лауазымды тұлғасы және салық төлеуші немесе оның өкілі қол қояды және хронометраждық зерттеу актісіне қоса беріледі.
      Хронометраждық қадағалау картасына қажет болған кезде құжаттардың көшірмелері, хронометраждық-қадағалау картасында көрсетілген деректерді растайтын зерттеу барысында алынған есептер және басқа да материалдар қоса беріледі.
      6. Салық төлеушілерді хронометраждық зерттеудің нәтижелері кешенді немесе тақырыптық құжаттық салық тексеруі қорытындысы бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есептеу кезінде ескеріледі.

      635-бап. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы
               сомаларының дұрыстығын растау бойынша салық
               төлеушінің қосылған құн салығы бойынша
               декларациясында көрсетілген талаптар негізінде
               тақырыптық тексерулерін жүргізу тәртібі

      1. Тақырыптық тексеру салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген асып кетуді қайтару туралы талап негізінде жүргізіледі.
      2. Тексерілетін салық кезеңіне бұрын осы салық түрі бойынша тексеру жүргізілмеген, бірақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аспайтын алдыңғы кезең де кіруі тиіс.
      3. Осы Кодекске сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығы сомасын айқындау кезінде тауарлар экспорты жағдайында кеден ісі мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысанда және тәртіпте табыс етілген Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде тауарлар әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде тауарларды әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауаптылықта болады.
      4. Тауарлардың экспорты жағдайында қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына валюталық түсім түсірген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге берілген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.
      Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайда, қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісім-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы берген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.
      Мәмілелер паспорттарының ресімделуін, жабылуын көздейтін экспорттық-импорттық бақылауды, валюталық түсімнің уақтылы түсуін және импорт бойынша ақша қаражатының қайтарылуын бақылауды, сондай-ақ валюталық түсімдер туралы салық органдарына қорытынды беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган бекіткен нысанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.
      Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары салық тексеруінің басталған күніне жағдай бойынша валюталық түсімдер туралы сұрау салу жібереді.
      5. Тақырыптық салық тексеруін жүргізу барысында салық органы тиісті салық органына тексерілетін салық төлеушінің, тізбесі осы баптың 8-тармағында белгіленген тәртіпте айқындалатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілеріне қарсы тексеру жүргізу туралы сұрау салу жібереді.
      6. Егер қосылған құн салығын төлеушінің жеткізушісі ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын болса, салық органдары осы Кодекске сәйкес осындай жеткізуші табыс еткен салық есептілігі негізінде қосылған құн салығын талап еткен салық төлеуші мен оның мониторингке жататын ірі салық төлеуші - жеткізушісі арасындағы операциялар бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растайды.
      7. Мынадай жеткізушілер қарсы тексеруге жатпайды:
      1) электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін жеткізуді жүзеге асыратын;
      2) жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен, тауарларды жеткізген, Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және филиал, өкілдік арқылы қызметін жүзеге асырмайтын резидент емес жеткізушілер;
      3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер.
      8. Жеткізушіге міндетті қарсы тексеру тағайындау туралы шешім мұндай жеткізушілер ресімдеген құжаттар бойынша қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызған қосылған құн салығының сомасы барлық жеткізушілер ресімдеген құжаттар бойынша қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызған барлық қосылған құн салығының 80 пайызын құрайтын қосылған құн салығын төлеушінің жеткізушілері бойынша қабылданады.
      Бұл ретте барлық жеткізушілер ресімдеген құжаттар бойынша есепке жатқызған қосылған құн салығының жалпы сомасынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы сомасы мен осы баптың 7-тармағында көрсетілген жеткізушілер жазып берген шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығы сомасы алып тасталады.
      Есепке жатқызылған қосылған құн салығының жалпы сомасының 80 пайызын айқындау үшін жеткізушілер жазып берген шот-фактураларында көрсетілген қосылған құн салығы сомаларының кему тәртібінде қосылған құн салығын төлеуші жеткізушілерінің тізбесі жасалады.
      Осы тізбеден шот-фактуралары бойынша қосылған құн салығының жалпы сомасы есепке жатқызылған барлық қосылған құн салығының 80 пайызын құрайтын алғашқы жеткізушілері қосылған құн салығын төлеушімен барлық өзара есеп айырысулар бойынша міндетті қарсы тексеруге жатады.
      9. Салық тексеруі аяқталған күнде салық төлеушінің жеткізушісімен өзара есеп айырысуының дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салулар бойынша жауаптар алынбаған және (немесе) тексеріліп жатқан салық төлеушінің жеткізушісі қарсы тексерулер жүргізуге бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша анықталған бұзушылықтарды жоймаған сомалардың шегінде қосылған құн салығы бойынша қайтару жүргізілмейді.
      Бұл ретте салық тексеруі актісінде мұндай қосылған құн салығын қайтармаудың негіздемесі көрсетіледі.
      10. Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша салық тексеруі актісі негізде қосылған құн салығын қайтару:
      1) тексеріліп жатқан салық төлеушінің жеткізушісіне қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салуларға жауаптар салық тексеруі аяқталған кезде алынған;
      2) тексеріліп жатқан салық төлеушінің жеткізушісіне қарсы тексерулер жүргізуге бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда.
      Салық тексеру актісіне қорытынды кем дегенде екі данада жасалады және оған салық қызметі органының лауазымды тұлғалары қол қояды. Салық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі. Салық төлеуші екінші данасына аталған қорытындыны алғаны туралы белгі қоюға міндетті.
      11. Егер қарсы тексеру жүргізу кезінде жеткізуші таратылуына байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, қайтаруға жатқызылған қосылған құн салығының сомасын растау өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінің негізінде жүргізіледі.
      12. Сұрау салуларға жауаптар тақырыптық тексеру аяқталғаннан кейін келіп түскен жағдайда, салық органы тоқсанның соңғы айының жиырма бесінен бұрын емес және отызынан кешіктірмей салық тексеру актісіне қорытынды жасайды.
      Алдыңғы тоқсан үшін сұрау салуларға жауаптар болмаған жағдайда салық тексеру актісіне қорытынды жасалмайды.
      13. Тақырыптық тексеру актісі мен тақырыптық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының жалпы сомасы тексерілген кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларациядағы қайтару туралы талапта көрсетілген сомадан аспауы тиіс.

      636-бап. Салық қызметі органы лауазымды тұлғаларының
               салық тексеруін жүргізу үшін аумаққа немесе
               үй-жайға жіберілуі

      1. Салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарының салық тексеруін жүргізетін лауазымды тұлғаларын зерттеу үшін табыстарды алу үшін пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге жіберуге міндетті.
      2. Салық қызметі органының салық тексеруін жүргізуші лауазымды тұлғаларының көрсетілген аумақтарға немесе үй-жайларға (тұрғын үй-жайлардан басқа) кіруіне кедергі жасалған жағдайда, салық тексеруін жүргізуге салық қызметі органының лауазымды тұлғаларының кіруіне жол бермеу туралы хаттама жасалады.
      3. Салық тексеруін жүргізуге салық қызметі органының лауазымды тұлғаларының кіруіне жол бермеу туралы хаттамаға салық органының тексеруді жүргізуші лауазымды тұлғалары және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды. Көрсетілген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеуші (салық агенті) бас тартуының себептері туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.
      4. Егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіру үшін арнайы рұқсаттар қажет болса, салық қызметі органының лауазымды тұлғаларында олар болуға тиіс.
      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай жағдайларда, егер:
      1) нұсқама белгіленген тәртіпте ресімделмеген болса;
      2) нұсқамада көрсетілген тексеру мерзімдері әлі басталмаған немесе өтіп кеткен болса;
      3) бұл тұлғалар нұсқамада көрсетілмеген болса, салық органының лауазымды тұлғаларын салық тексеруін жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жібермеуге құқығы бар.

      637-бап. Салық тексеруін аяқтау

      1. Салық тексеруі аяқталған соң салық қызметі органының лауазымды тұлғасы:
      1) салық тексеруінің жүргізілген орнын, акті жасалған күнін;
      2) тексерудің түрін;
      3) салық қызметі органының салық тексеруін жүргізген лауазымды тұлғаларының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
      4) салық қызметі органының атауын;
      5) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;
      6) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірін;
      7) салық төлеушінің (салық агентінің) басшысы мен салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жауапты лауазымды тұлғаларының тегін, атын, әкесінің атын (олар болған жағдайда);
      8) алдыңғы жүргізілген тексеру және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
      9) тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;
      10) Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлі жазылған сипаттамасын;
      11) салық тексеруінің нәтижелерін көрсете отырып, салық тексеруінің актісін жасайды.
      2. Салық төлеушіге (салық агентіне) салық тексеруінің актісі тапсырылған күн салық тексеруі мерзімінің аяқталуы болып есептеледі. Егер салық төлеуші (салық агенті) оны алғаны туралы белгі қойса, акт тапсырылды деп есептеледі.
      Салық төлеушіге (салық агентіне) актіні табыс ету мүмкін болмаған жағдайда салықтық зерттеу жүргізіледі. Бұл ретте салық тексеруі мерзімінің аяқталуы салықтық зерттеу жүргізілген күн болып табылады.
      3. Салық тексеруінің аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеруі актісіне тиісті жазба жасалады.
      4. Салық төлеуші (салық агенті) салық тексеруінің аяқталу күнінде салық төлеуші (салық агенті) орналасқан орны және (немесе) салық тексеруі жүргізілген орын бойынша болмаған жағдайда салық тексеруін жүргізген салық қызметі органының лауазымды тұлғасы салық тексеру актісіне тиісті жазба жасалады.
      5. Салық тексеруі актісіне осы Кодекстің 558-бабына сәйкес салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, қажетті құжаттардың көшірмелері, салық қызметі органының лауазымды тұлғасы жүргізген есеп-қисаптар және салық тексеруі барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.
      6. Салық тексеруі актісі кем дегенде екі дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген салық қызметі органының лауазымды тұлғалары қол қояды. Салық тексеруі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады.
      7. Егер тарату салық есептілігі алынған күннен бастап тарату салық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметті аударымдарды есептеу және төлеу міндеттемелері туындаған жағдайда, мұндай міндеттемелер салық тексеруі актісіне қосымшада өсімақы есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай көрсетіледі.

      638-бап. Салық тексеруі нәтижелері бойынша шешім

      1. Салық тексеруін аяқтау бойынша салық қызметі органы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда осы Кодекстің 608-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілетін салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарлама шығарады.
      2. Осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық қызметі органы салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеуді бір нөмірмен жүзеге асырады.
      3. Салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер болуға тиіс:
      1) хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеу күні мен нөмірі;
      2) салық төлеушінің (салық агенті) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
      3) сәйкестендіру нөмірі;
      4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің және өсімақылардың есептелген сомасы;
      5) кемітілген залал сомалары;
      6) қайтарылуға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы ;
      7) қайтарылуға расталмаған резидент еместердің кірістерінен төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығы сомасы;
      8) төлеу туралы талап және төлеу мерзімі;
      9) тиісті салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімақылардың деректемелері;
      10) шағым жасау мерзімі мен орны.
      4. Салық тексеруі қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жүргізілген жағдайда, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған салық төлеушіні салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарлама осындай қылмыстық іс аяқталған соң шығарылады.
      5. Салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаны алған салық төлеуші (салық агенті) егер салық төлеуші салық тексеруі нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
      6. Салық төлеуші (салық агенті) салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімақылардың есептелген сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелерін, сондай-ақ өсімақыларды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімі салық төлеушінің (салық агентінің) төлеу кестесі қоса берілетін өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
      Бұл ретте көрсетілген сома бюджетке төлеу мерзімі ұзартылған әр күнге өсімақы есептеле отырып төленуге жатады және осы кезеңнің әрбір он бес жұмыс күніне тең үлестермен төленеді.
      Мынадай:
      салық тексеруі нәтижелері бойынша есептелген акциз сомалары мен төлем көзінен ұсталатын салықтарды төлеу бойынша;
      тексеру нәтижелеріне шағым жасалғаннан кейін салық тексеруі нәтижелері бойынша есептелген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімақылардың сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемелерінің орындалу мерзімі ұзартуға жатпайды.
      7. Салық тексеруі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарлама шығарылмайды.
      8. Осы Кодекс 637-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 608-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тәртіпте салық төлеушіге жіберілген тарату салық есептілігін беру күнінен бастап тарату салық тексеруін аяқтау күніне дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің есептелген сомалары туралы хабарламада көрсетіледі.

$ 3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау

      639-бап. Жалпы ережелер

      1. Есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық қызметі органдары салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді осы Кодекстің 639-642-баптарында белгіленген тәртіпте жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негізінде айқындайды.
      2. Есеп жүргізу тәртібі бұзылған, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған деп осы Кодекстің 629-бабы 7-тармағына сәйкес салық қызметі органдарының талаптары негізінде сұрау салынатын, салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерін айқындау үшін негіз болып табылатын құжаттардың болмауы немесе оларды салық төлеушінің (салық агентінің) табыс етпеуі түсініледі.
      3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындаудың жанама әдістері деп салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес нақты салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемге қатысты салық міндеттемесін есептеу үшін қабылданатын басқа да салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде айқындау түсініледі. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау салық есептілігінен және (немесе) бірінші есеп құжаттардан, сондай-ақ басқа да көздерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

      640-бап. Есеп және өзге де құжаттар (мәліметтер)
               болмаған кездегі салық тексерулері

      Егер құжаттық салық тексеруі барысында салық төлеуші (салық агенті) құжаттардың барлығын немесе бір бөлігін табыс етпеген болса, салық төлеушіге (салық агентіне) міндетті тәртіпте салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті аталған құжаттарды табыс ету немесе қалпына келтіру туралы салық қызметі органының талабы, сондай-ақ салық тексеруін тоқтата тұру туралы хабарландыру тапсырылады.
      Салық қызметі органының талабы салық төлеушіге (салық агентіне) талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.
      Салық қызметі органының талабы бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеген салық төлеушілер (салық агенті), көрсетілген құжаттарды табыс етпеген себептеріне жазбаша түсіндіруге міндетті.

      641-бап. Ақпарат көздері

      1. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдістер негізінде айқындау үшін салық қызметі органдары жағдаяттарға, тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) қызметінің сипаты мен түріне қарай мынадай мәліметтерді пайдалануы қажет:
      1) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың көшірме жазбалары;
      2) уәкілетті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;
      3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен түсуі туралы (салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есебінің деректерімен салыстыруға жататын салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты негізінде);
      4) салық төлеуші (салық агенті) тексерілетін салық кезеңі үшін және алдыңғы салық кезеңдері үшін табыс еткен салық есептілігі нысандарынан алынған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;
      5) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ өзге де көздерден алынған тауарларды тиеп-жөнелту және (немесе) жұмыстарды орындау, және (немесе) қызметтерді көрсету жүзеге асырылған тұлғаларға қатысты жүргізілген қарсы тексерулер нәтижелері туралы.
      2. Салық қызметі органдары:
      1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;
      2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға, мемлекеттік емес ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға;
      3) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) жеткізушілерімен және сатып алушыларымен өзара есеп айырысулары мәселесі бойынша қарсы салық тексерулерін жүргізу туралы басқа аумақтық салық комитеттеріне сұрау салу жібереді.
      3. Қажетті ақпарат (құжатпен расталған) мынадай көздерден:
      1) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) көрсеткен қызмет туралы тапсырыс берушілерден және сатып алынған өнім құны мен саны туралы сатып алушылардан;
      2) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы саласында тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне) қызметтер көрсеткен, шикізат, энергетика ресурстарын және қосалқы материалдар жіберуді жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалардан да алынуы мүмкін.
      4. Ақпарат көздері жағдаяттарға, тексерілетін салық төлеуші (салық агентінің) қызметінің сипаты мен түріне қарай әрбір нақты жағдайда ерекшеленуі мүмкін.

      642-бап. Салық салу объектілер және (немесе) салық
               салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі

      1. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау осы Кодекстің 641-бабында белгіленген тәртіпте алынған ақпараттың негізінде жүргізіледі.
      2. Табыс көрсеткішін есептеу үшін банктік көшірме жазбаларымен расталатын салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарына ақшалардың түсуі туралы ақпарат, төлем карточкалары, сондай-ақ өзге де төлем және есеп-қисап құжаттары және салық төлеушінің ақша алу фактісін растайтын басқа да ақпарат (құжаттар) пайдаланылады.
      3. Осы Кодекстің 641-бабында айқындалған ұйымдар немесе жеке тұлғалар, тексерілетін салық төлеушіде (салық агентіне) алынған (алынуы тиіс) басқа кірістері бар екендігіне қатысты ақпарат берген кезде аталған кірістердің сомасы жалпы кіріс сомасына (салық салынатын айналымға) енгізілуі тиіс.
      4. Қазақстан Республикасының кеден органдары берген ақпарат негізінде салық төлеушінің экспорттық операциялары бойынша валюталық түсім сомаларының түсу фактісі анықталған жағдайда, валюталық түсімнің бұл сомасы өткізу бойынша айналым мөлшеріне және жиынтық табыс құрамына енгізіледі.
      5. Осы бапқа сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) бастапқы құжаттарымен расталмаған шығыстары корпорациялық табыс салығын есептеу үшін шегеруге жатқызылмайды және қосылған құн салығын есептеу үшін есепке жатқызылмайды.
      6. Акцизделетін тауарлар бойынша салық салынатын база осы Кодекстің 283-бабы 1 және 2-тармақтарының негізінде айқындалады. Бұл ретте өндірілген акцизделетін тауарлардың көлемі шикізаттың, энергетика ресурстары мен қосалқы материалдардың салалық шығыстары мен залалдарының салалық нормаларына сәйкес айқындалады.
      7. Негізгі құралдардың, оның ішінде аяқталмаған құрылыс объектілерінің, көлік құралдарының, жер телімдерінің, материалдық емес активтердің, инвестициялық жылжымайтын мүліктің бастапқы құнын растайтын құжаттар салық төлеушіде (салық агентінде) болмаған (жоғалған, бүлінген) жағдайда бұл салық төлеушінің жиынтық табысына аталған мүліктің нарықтық құны қосылады.
      8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген объектілердің нарықтық құны салық қызметі органдары тартқан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын бағалаушының есебі негізінде айқындалады.
      9. Жалақы төлемдерін төлеуге банк шотынан ақша алу және (немесе) жеке тұлғалардың карт-шотына банк шотынан ақша аудару фактілері анықталған кезде ақша жеке табыс салығы, әлеуметтік салық салынатын салық салу объектісі болып табылады. Бұл ретте салық міндеттемесі банктің салық төлеушіге (салық агентіне) немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомаларын аудару (беру) туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өкімін орындаған сәтте туындайды.
      10. Салық қызметі органдары жанама әдістер негізінде айқындаған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер салық төлеушінің (салық агентінің) салық декларацияларында (есептерде) көрсетілген тиісті деректермен және салық қызметі органдарына табыс етілген өзге де есептермен салыстырылады.
      11. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде мәлім еткен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары жанама әдістерді қолдану негізінде айқындалған салықтардың сомаларынан көп болған жағдайда, тексеру кезінде салық төлеушінің салық есептілігінде көрсетілген салықтардың сомалары қабылданады.
      12. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде мәлімдеген кіріс сомасы басқа (қосымша) ақпарат көздерінен анықталған кіріс сомасынан артық болған жағдайда, тексеру кезінде салық есептілігінде көрсетілген кіріс сомасы қабылданады.

      643-бап. Салық салу объектілерін жекелеген жағдайларда
               айқындау

      1. Егер жеке тұлға өзінің тұтынуына, соның ішінде мүлік сатып алуына жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтін табысты көрсетсе, салық органдары өткен кезеңдердің табыстарын есептей отырып, олардың жасаған шығыстары негізінде табысы мен салығын айқындайды.
      2. Басқа да тұлғалар мен органдар аталған табысты алудың заңдылығына талас тудырған жағдайларда да, табысқа салық салынуға тиіс.
      3. Егер сот шешімі бойынша табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда бюджетке алып қоюға жатса, аталған табыс одан төленген салық сомасы шегерілмей алынады.

96-тарау. Салықтық бақылаудың өзге де түрлері

      644-бап. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін
               таңбалау және акциздік қосындар белгілеу
               нысанында акцизделетін тауарларға бақылау

      1. Салық органдары акцизделетін тауарларды өндірушілердің, импорттаушылардың, банкрот мүлкін (активтерін) өткізуші конкурстық басқарушылардың, сондай-ақ тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды немесе мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың осы бапта айқындалған акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауы бөлігінде, сондай-ақ акциздік қосындарын белгілеу арқылы акцизделетін тауарларға бақылауды жүзеге асырады.
      2. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкогольді өнім есепке алу-бақылау таңбаларымен, сондай-ақ темекі бұйымдары акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.
      3. Таңбалауды акцизделетін тауарларды өндірушілер және импорттаушылар, банкроттың мүлкін (активтерін) сататын конкурстық басқарушылар, сондай-ақ тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды немесе мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарды қоспағанда, тұлғалар жүзеге асырады.
      4. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы шегінен тыс экспортталатын;
      2) Қазақстан Республикасы аумағына "бажсыз сауда дүкені", "кеден қоймасы" кедендік режимдерде әкелінетін;
      3) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелу" және "тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкету" кедендік режимдерде жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында әкелінетін;
      4) "тауарлар транзиті" кедендік режимінде Қазақстан республикасының кеден аумағы арқылы орналастырылатын;
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген акциздік әкелу нормалары шегінде Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеке тұлғалар әкелетін (жіберетін) алкоголь өнімдері есепке алу-бақылау таңбаларымен, және темекі бұйымдары акциздік таңбалармен таңбалануға жатпайды.
      5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен қайта таңбалау екі жылда бір реттен жиі емес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде жүзеге асырылады.
      Осы тармаққа сәйкес қайта таңбалау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      6. Уәкілетті орган акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерін, сондай-ақ акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау ережесін белгілейді.
      7. Салық органдары акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіретін салық төлеуші аумағында акциз қосындарын белгілейді.
      8. Уәкілетті орган акциздік қосынның қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
      9. Акциздік қосынның орналасу орнын және қызметкерлерінің құрамын, оның жұмысының регламентін салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес салық органы айқындайды.
      Акциздік қосын қызметкерлерінің құрамы салық органы қызметкерлерінен қалыптастырылады.
      10. Акциздік қосындағы салық органының қызметкері:
      1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізілуін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауына;
      2) салық төлеушіде тиісті қызмет түріне лицензияның бар болуына;
      3) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы жіберілуіне немесе есепке алу құралдары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ олардың пломбыланған түрде пайдалануына;
      4) салық төлеушінің жекелеген акцизделетін тауарларды таңбалаудың тәртібін сақтауына;
      5) акцизделетін тауарларға акциз ставкаларын дұрыс қолданылуына және бюджетке акциздердің уақтылы төленуіне;
      6) акцизделетін тауарлардың өндірісі үшін негізгі шикізаттың, қосалқы материалдардың дайын өнімнің, есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың қозғалысына бақылауды жүзеге асырады.
      11. Акциздік қосындағы салық органының қызметкері:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеуге;
      2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;
      3) салық төлеушінің аумағынан шығып бара жатқан жүк көлік құралдарын қарауға құқығы бар.
      12. Акциздік қосындағы салық органы қызметкерінің акциздік қосын қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген басқа да құқықтары бар.

97-тарау. Бақылау-касса машиналарын қолдану

      645-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) - уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген бақылау-касса машиналары модельдерінің тізбесі;
      2) тауар чектерінің кітабы - кітапқа біріктірген тауарлық чектердің жиынтығы;
      3) қолма-қол ақша есебінің кітабы - ауысым сайын қолма-қол ақша айналымын, тауарлық чектерді, бақылау-касса машинасының фискалды жады көрсеткіштерін есепке алу журналы;
      4) бақылау-касса машиналары - тауарларды сату және (немесе) қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулары туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететін фискалды модульдер, фискалды жады блогы бар электронды құрылғылар және (немесе) компьютерлік жүйелер;
      5) бақылау чегі - сатушы (қызмет көрсетуші) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асу фактісін растайтын бақылау-касса машинасының бастапқы есеп құжаты;
      6) салық төлеушінің жауапты тұлғасы - бақылау-касса машинасын пайдалана отырып сатып алушымен (клиентпен) есеп айырысуды жүзеге асыратын және оның жұмыс істеуіне жауап беретін салық төлеуші не салық төлеушімен еңбек қатынасындағы тұлға;
      7) салық органының пломбасы - бақылау-касса машинасының корпусын рұқсатсыз ашудан қорғау құралы;
      8) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы - бақылау-касса машинасын салық органында есепке тіркеу (есептен шығару) фактісін растайтын есеп құжаты;
      9) қызмет көрсетуді төлеу терминалы - қызмет көрсеткені үшін төлем ретінде қолма-қол ақшаны автоматты режимде қабылдауды жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
      10) тауарлық чек - бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда пайдаланылатын ақшалай есеп айырысуды растайтын бастапқы есепке алу құжаты;
      11) сауда автоматтары - автоматты режимде қолма-қол ақша арқылы тауарларды сатуды жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
      12) фискалдық жады - ақпараттың ауысым сайын түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені;
      13) фискалдық деректер - бақылау-касса машинасының фискалдық жадында тіркелетін ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат;
      14) фискалдық есеп - белгілі бір кезең ішінде бақылау-касса машинасының фискалдық жадындағы көрсеткіштердің өзгеруі туралы есеп;
      15) фискалдық белгі - бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау чектерінде көрсетілетін ерекше белгі;
      16) фискалдық режим - ақпараттың фискалдық жадында түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимі;
      17) бақылау-касса машиналарының техникалық қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - техникалық қызмет көрсету орталық) - бақылау-касса машиналарға техникалық қызмет көрсету бойынша жарғыға (қызмет түріне) сәйкес қызметін жүзеге асыратын шаруашылық етуші субъект.

      646-бап. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсеткенде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу міндетті түрде фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргізіледі.
      Осы тармақтың ережесі:
      1) адвокаттық немесе жеке нотариалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын;
      2) жеке кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа):
      қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі шеңберінде бір жолғы талон немесе патент негізінде жүзеге асыратындарының;
      қызметін шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратындарының;
      3) уәкілетті органның келісім бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда билеттер беру арқылы қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсетуіне қатысты ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
      2. Жергілікті атқарушы органдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сыншы күнінен кешіктірмей орналасқан орны бойынша салық органдарына уәкілетті орган бекіткен нысанда қоғамдық көлік тасымалдары бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде салық төлеушінің билеттерді пайдалануы туралы есеп табыс етеді.
      3. Сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсеткен кезде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда аппараттары мен қызмет көрсетуді төлеу терминалы модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылады.
      4. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:
      1) қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысумен байланысты қызметін бастағанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;
      2) тауар немесе қызмет көрсету үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін (сауда аппаратында пайдаланылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда) немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;
      3) бақылау-касса машиналарына салық органдары лауазымды қызметкерлерінің енуі қамтамасыз етіледі.

      647-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында
               есепке қою

      1. Бақылау-касса машинасын пайдалану орны бойынша салық органдарына есепке қоюға модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары жатады.
      Сауда аппараттары мен қызмет көрсетуді төлеу терминалдарында пайдаланылатын бақылау-касса машиналары салық төлеушінің орналасқан орын бойынша салық органында есепке қойылуы тиіс.
      2. Салық органдары осы Кодекстің 646-бабы 1-тармағының 1)-3) тармақшаларына сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану талаптарын қолданбайтын салық төлеушілердің бақылау-касса машиналарын есепке қоймайды.
      3. Бақылау-касса машиналарын есепке қою салық төлеуші бақылау-касса машинасын есепке қою туралы өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін бере отырып және бақылау-касса машинасының карточкасын бере отырып жүргізіледі.
      4. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда, бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:
      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы өтініш;
      2) іске қосу фискалды режимді орнатпай-ақ мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;
      3) жасаушы зауыт паспортын;
      4) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және/немесе мөрімен бекітілген қолма-қол ақша есебінің кітабын және тауар чектерінің кітабын ұсынады.
      5. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:
      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш;
      2) компьютерлік жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын табыс етеді;
      3) салық органында тіркеуге қою үшін мәлімделген компьютерлік жүйе моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану бойынша басшылық.
      6. Салық органының лауазымды тұлғасы компьютерлік жүйелерді қоспағанда, бақылау-касса машиналарын есепке қою кезінде:
      1) салықтық өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;
      2) таңба тақтайшасында көрсетілген бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін жасаушы зауыттың паспортында көрсетілген бақылау-касса машинасының нөмірімен салыстырады;
      3) қолма-қол ақша есебінің кітабын және тауар чектерінің кітабын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
      4) бақылау-касса машинасының жұмысының фискальдық режимін белгілейді;
      5) бақылау-касса машинасының корпусына салық органының пломбасын орнатады;
      6) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ресімдейді;
      7) қолма-қол ақша есебінің кітабын, тауар чектерінің кітабын өз қолымен, салық органы басшысының қолымен және салық органының мөрімен растайды;
      8) салық төлеушіге:
      жұмысының фискальдық режимі белгіленген және салық органының пломбасы орнатылған бақылау-касса машинасын;
      расталған қолма-қол ақша есебінің кітабы, тауар чектерінің кітабын;
      бақылау-касса машинасын жасаушы зауыттың паспортын қайтарады.
      7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын есепке қойған кезде салық органының лауазымды тұлғасы осы баптың 6-тармағы 1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады. Бұл ретте компьютерлік жүйеге фискалды режим белгілеу компьютерлік жүйенің фискалды деректеріне қол жеткізу үшін ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын белсенділендіруді білдіреді.
      8. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушіге бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою кезінде беріледі, бақылау-касса машинасының бүкіл пайдалану мерзімі бойына сақталады және салық органдарының талабы бойынша ұсынылады.
      9. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының, тауар чегінің, фискалдық есепті алу актісінің, қолма-қол ақша есебі кітабы мен тауар чектері кітабының нысандарын уәкілетті орган бекітеді.

      648-бап. Бақылау-касса машинасының тіркеу деректеріне
               өзгерістер енгізу

      1. Салық төлеуші бақылау-касса машинасының тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу үшін өтінішті салық органына:
      1) бақылау-касса машинасының тіркеу деректерінде көрсетілген мәліметтерді өзгерту кезінде - өзгерістер туындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      2) сауда автоматтарында пайдаланылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы мәліметтер өзгерген жағдайда:
      қосылған құн салығы бойынша есепке қою кезінде - қосылған құл салығын төлеуші ретінде есепке қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің сериясы мен нөмірі өзгерген кезде - өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      салық төлеушіні қосылған құн салығын төлеуші ретінде есептен шығару кезінде - қосылған құн салығын төлеуші ретінде есептен шығарған күні беруге міндетті.
      2. Бақылау-касса машинасының тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде салық төлеуші бақылау-касса машинасын есепке қою орны бойынша салық органына:
      1) салық органына өзгерген мәліметтерді көрсете отырып бақылау-касса машинасын есепке қою туралы салықтық өтініш;
      2) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын тапсырады.
      3. Салық органының лауазымды тұлғасы салық органында салықтық өтінішті қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзгерген тіркеу деректерімен бірге бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ресімдейді және салық төлеушіге береді.

      649-бап. Салық органында бақылау-касса машинасын тіркеу
               есебінен шығару

      1. Бақылау-касса машинасын тіркеу есебінен шығару мынадай жағдайларда:
      1) сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсеткенде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысумен байланысты қызметті жүзеге асыруды тоқтату;
      2) егер мұндай өзгеріс бақылау-касса машинасын басқа салық органында тіркеуді талап ететін болса, бақылау-касса машинасын пайдалану орны немесе бақылау-касса машинасын сауда автоматында немесе қызмет көрсетуді төлеу терминалында пайдаланатын салық төлеушінің өзгерген;
      3) техникалық ақаулықтарына байланысты бақылау-касса машинасын одан әрі қолдану мүмкін болмаған;
      4) бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімнен шығарған;
      5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.
      2. Компьютерлік жүйелерді қоспағанда, бақылау-касса машиналарын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машиналарын есептен шығаруға салықтық өтінішпен бір мезгілде:
      1) салық органы орнатқан пломбасы бар бақылау-касса машинасын;
      2) бақылау-касса машинасының дайындаушы зауыттың паспорты;
      3) бақылау-касса машинасын тіркеу кезінде расталған қолма-қол ақша есебінің кітабын және тауар чектерінің кітабын;
      4) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын тапсырады.
      3. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машиналарын есептен шығаруға салықтық өтінішті, бақылау-касса машинасын тіркеу карточкасын табыс етеді және "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
      4. Салық органының лауазымды тұлғасы бақылау-касса машинасын есептен шығаруға салықтық өтінішті салық органында тіркеу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есептен шығарады, ол үшін:
      1) фискалдық есепті алады;
      2) камералды бақылау және фискалдық есеп көрсеткіштерін көрсете отырып қолма-қол ақша есебі кітабының деректері мен тауар чектері кітабының деректеріне салыстыру жүргізеді;
      3) қолма-қол ақша есебі кітабы мен тауар чектері кітабының жабылғаны туралы жазба жүргізеді;
      4) салық төлеушіге:
      бақылау-касса машинасын;
      қолма-қол ақша есебінің кітабы мен тауар чектері кітабын;
      бақылау-касса машинасын есептен шығарғаны туралы белгі қоя отырып тіркеу карточкасын қайтарады.
      5. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде салық органының лауазымды тұлғасы фискалдық есепті алады және салық төлеушіге бақылау-касса машинасын есептен шығарғаны туралы белгі қоя отырып тіркеу карточкасын қайтарады.

      650-бап. Фискалдық есепті алу және бақылау чегінің
               мазмұнына қойылатын талап

      1. Фискалдық есеп мынадай жағдайларда алынады:
      1) салық органдары салық тексерулерін жүргізген кезде;
      2) фискалдық жадының блогын ауыстырған кезде;
      3) бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде;
      4) фискалды жадыға қол жеткізу паролін енгізуді талап ететін бақылау-касса машинасын жөндеу кезінде;
      5) қолма-қол ақша есебінің кітабы және (немесе) тауар чектері кітабы толық толтырылған жағдайда;
      6) қолма-қол ақша есебінің кітабы және (немесе) тауар чектерінің кітабы жоғалған (бүлінген) кезде;
      7) қосылған құн салығы бойынша есепке (есептен) қойған (шығарған) кезде;
      8) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі туралы мәліметтер өзгерген кезде;
      9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда.
      2. Фискалдық есепті алу үшін салық органына бақылау-касса машинасы және мынадай құжаттар табыс етіледі:
      1) нөмірлеген, тігілген, салық органы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған қолма-қол ақша есебі мен тауар чектерінің кітаптары;
      2) соңғы фискалдық есеп алынған күннен бастап ауысымдық есептер;
      Фискалдық есепті алу кезінде деректері салық органдарының ақпараттық жүйесіне енгізуге жататын фискалдық есепті алу актісі жасалады.
      3. Компьютерлік жүйелерді қоспағанда, бақылау-касса машинасының бақылау чегі мынадай ақпараттарды қамтуы тиіс:
      1) салық төлеушінің атауы;
      2) сәйкестендіру нөмірі;
      3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;
      4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
      5) чектің реттік нөмірі;
      6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүргізілген күні мен уақыты;
      7) тауардың, жұмыстың, қызмет көрсетудің атауы;
      8) тауардың, жұмыстың, қызмет көрсетудің бағасы және (немесе) сатып алу сомасы;
      9) фискалдық белгі.
      Компьютерлік жүйелердің бақылау чегі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелерді қоспағанда) осы тармақтың 1)-8) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қамтуы тиіс.
      Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
      Валюта айырбастау, металдардың сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау орындарында, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының бақылау чегі қосымша сату сомасы туралы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
      4. Салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда бақылау чегі қосымша:
      1) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірін;
      2) қосылған құн салығы сомасын қамтуы тиіс.
      5. Бақылау чегі қосымша бақылау-касса машиналарын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген деректерді қамтуы мүмкін.

      651-бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану

      1. Салық төлеушінің жауапты тұлғасы бақылау-касса машинасын пайдаланған кезде:
      1) бақылау-касса машинасын пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес тауар (жұмыстар қызметтер көрсету) құнын енгізу операциясын жүзеге асырады;
      2) электр энергиясы болмаған немесе бақылау-касса машинасында ақаулықтар болған жағдайда тауарлық чек толтырады және береді;
      3) қолма-қол ақша есебінің кітабын толтырады;
      4) ауысым аяқталған кезде бақылау-касса машинасының моделін дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес ауысымдық есепті алу (Z-есеп) жолымен "ауысым соңы" рәсімін орындайды.
      Ауысымдық есептер, қолма-қол ақша есебінің және тауарлық чектер кітабын, сондай-ақ олар бойынша жою және қайтару операциялары жүргізілген жою, қайтару чектері мен бақылау чектерін салық төлеуші оларға мөр қойылған немесе толық толтырылған күнінен бастап бес жыл ішінде сақтауы тиіс.
      Сауда автоматтарында пайдаланылатындарды қоспағанда, бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.
      Сауда автоматтарында пайдаланылатын касса бақылау-машиналары үшін ауысым кезеңін салық төлеуші белгілейді, бұл ретте ол бір күнтізбелік айдан аспауға тиіс.
      2. Қате енгізілген соманы жою немесе өткізілген тауар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаларды қайтару операциясы бақылау чегінің түпнұсқасы және қолма-қол ақша есебінің кітабында жүргізілген жазба болған кезде бақылау-касса машинасының моделін жасаушының техникалық талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      3. Қолма-қол ақша есебі кітабының деректері тиісті күнге ауысым есептерінің көрсеткіштеріне сәйкес келуге тиіс.
      4. Кассаның ағымдағы жағдай туралы есебінің көрсеткіші қолма-қол ақша есебі кітабында көрсетілмеген тауарларды өткізуге, жұмыстарды атқаруға, қызметтер көрсетуге байланысы жоқ қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомасы ескеріле отырып есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына сәйкес келуі тиіс.
      5. Салық органының пломбасын бұзбай жою мүмкін емес бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған жағдайда салық төлеуші ақаулық пайда болған кезден бастап үш күн мерзімде бақылау-касса машинасы тіркеуге қойылған салық органына:
      1) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының нөмірін, берілген күнін және ақау болған күннің басына есептегіштің жиынтық көрсеткіштерін көрсете отырып, салықтық өтініш;
      2) негізделген жөндеу жүргізу мерзімдері мен ақаулық себептерін көрсете отырып техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысын береді.
      Салық органы салықтық өтінішті қабылдаған күні ақаулықты жою үшін бақылау-касса машинасының пломбасын бұзуға рұқсатты беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Ақаулықты жою үшін бақылау-касса машинасының пломбасын бұзуға салық органының рұқсатын пломба орнатуға жауапты салық органының лауазымды тұлғасы оны беру туралы шешім қабылданған күні береді.
      Техникалық ақауын жойғаннан кейін бақылау-касса машинасын пломба орнату үшін салық органына тапсыру мерзімін салық органының лауазымды тұлғасы салық органының пломбаны бұзуға рұқсатында көрсете отырып белгілейді.
      Бақылау-касса машинасын салық органына тапсыру мерзімі техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысында көрсетілген жөндеу жүргізу мерзімінен кем емес, бірақ бақылау-касса машинасының пломбасын бұзуға салық органының рұқсатын берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен артық болмауы керек.
      6. Бақылау-касса машинасы мына жағдайларда техникалық ақаулы деп саналады, егер:
      1) басып шығармаса, анық баспаса немесе осы Кодекстің 650-бабында айқындалған бақылау чегіндегі деректемелер толық басылмаса;
      2) фискальдық жадының деректерін алуға мүмкіндік болмаса;
      3) салық органының пломбасы жоқ болса немесе бүлінсе;
      4) жасаушы зауыттың таңбасы жоқ болса.
      7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасы осы баптың 4-тармағы 1)-2) тармақшаларында көзделген жағдайларда техникалық ақаулы деп саналады.
      8. Салық төлеуші қолма-қол ақша есебінің кітабы және (немесе) тауар чектерінің кітабы толық толтырылған жағдайда, не оларды жоғалтқан (бүлдіріп алған) жағдайда оларды ауыстыру (қалпына келтіру) үшін бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қою орны бойынша салық органына:
      1) салықтық өтініш;
      2) нөмірленген, тігілген, қолымен және/немесе мөрімен бекітілген жаңа қолма-қол ақша есебінің кітабын және (немесе) тауар чектерінің кітабын;
      3) фискалдық есепті алу үшін бақылау-касса машинасын;
      4) осы Кодекстің 649-бабы 2-тармағында айқындалған құжаттарды береді.
      9. Салық органдары қолма-қол ақша есебінің кітабын және (немесе) тауар чектерінің кітабын ауыстыруды салық төлеушінің салықтық өтінішін салық органында тіркеген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      652-бап. Мемлекеттік тізілім

      1. Уәкілетті орган бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (мемлекеттік тізілімнен) енгізу (шығару) жолымен жүргізеді.
      2. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы мәселелерді қарау уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған мүдделі тұлғаның салықтық өтініші негізінде жүзеге асырылады.
      3. Салықтық өтінішке бақылау-касса машинасы моделінің эталонды үлгісі және мынадай техникалық, функционалдық сипаттама беретін материалдар мен бақылау-касса машинасы моделінің сипаттамалары қоса беріледі:
      1) жасаушы зауыттың паспорты;
      2) жасаушы зауыттың техникалық құжаттамасы;
      3) фискалды және фискалсыз режимде бақылау-касса машинасымен жасаушы зауыт, сол сияқты өтініш беруші басып шығарған чектер мен есептер үлгісі;
      4) қағаз және электронды тасығыштарда бақылау-касса машинасын пайдалану жөніндегі басшылық;
      5) фискалды режим белгілеу, бақылау-касса машинасын қайта тіркеу, фискалдық есептерді, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есеп (Х-есеп) алу, бақылау чегінде басып шығару үшін осы Кодекстің 650-бабында көзделген ақпаратты енгізу кезіндегі салық органы лауазымды тұлғасының іс-қимылының толық сипаттамасын қамтитын қағаз және электронды тасығыштардағы салық органы лауазымдарының тұлғасы үшін басшылық;
      6) жасаушы зауыттың бақылау-касса машинасы моделін техникалық қолдау бойынша кепілдік міндеттемесі;
      7) жасаушы зауыттың құжаттамасында көрсетілген бақылау-касса машинасы моделінің техникалық сипаттамасының уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша негізгі техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер;
      8) бақылау-касса машинасы моделінің сәйкестік сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      9) бақылау-касса машинасы моделінің қағаз және электронды тасығыштардағы түрлі түсті суреті.
      Бақылау-касса машинасының моделі фискальдық тіркеуші болып табылған жағдайда, салықтық өтінішке қосымша фискалдық тіркеушіні дербес компьютерге қосу үшін электронды тасығышта бағдарламалық қамтамасыз ету қоса беріледі.
      Егер бақылау-касса машинасының моделі компьютерлік жүйе болып табылған жағдайда, салықтық өтінішке ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы мен осы тармақтың 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса беріледі. Қорытындыны беру тәртібін ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      4. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
      1) салықтық өтініш пен осы баптың 3-тармағында көрсетілген материалдардың болуы;
      2) бақылау-касса машинасы моделінің уәкілетті орган белгілеген техникалық талаптарға сәйкестігі.
      5. Бақылау-касса машинасы моделінің техникалық талаптарға сәйкестігін бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енуіне бастамашылық жасаған тұлғаның өкілдерінің қатысуымен бақылау-касса машинасы моделінің үлгісін сынау (тестілеу) арқылы уәкілетті орган айқындайды. Бақылау-касса машинасы моделінің техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау үшін уәкілетті орган өзге мемлекеттік органдардан және басқа тұлғалардан (бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енуіне бастамашылық жасаған тұлғалардан, және онымен байланысты тұлғалардан басқа) сарапшылар тартуға құқылы.
      6. Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді уәкілетті орган өтініш қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіні жазбаша түрде бас тарту себептерін көрсете отырып хабарлайды.
      7. Мемлекеттік тізілімнен бақылау-касса машинасының моделін алып тастау бақылау-касса машинасы моделінің техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті органмен жүргізіледі. Уәкілетті орган бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылданғаны туралы мемлекеттік тізілімнен бақылау-касса машинасы моделін алып тастағанға дейінгі алты айлық кезеңнен кешіктірмей хабарлайды.

      653-бап. Бақылау-касса машиналарының қолдану
               тәртібінің сақталуына салықтық бақылау

      Салық органдары:
      1) бақылау-касса машиналарының қолдану тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      2) салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындауы бойынша салық тексерулерін жүргізу кезінде фискалды жады бар бақылау-касса машиналарының жадындағы фискалдық блоктарда сақталатын деректерді пайдаланады.

98-тарау. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау

      654-бап. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау

      Салық қызметі органдары трансферттік баға белгілеу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және жағдайларда мәмілелер бойынша трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асырады.

99-тарау. Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті
есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату тәртібінің сақталуын бақылау

      655-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті
               есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі
               пайдалану және сату тәртібінің сақталуын
               бақылау

      1. Салық органы мемлекет меншігіне айналдырылған және айналдыруға жататын мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсу тәртібінің, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған мүліктің уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіпте беру тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
      2. Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

100-тарау. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті
атқарушылық органдарға бақылау

      656-бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті
               атқарушылық органдардың қызметіне бақылау

      1. Салық қызметі органдары егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 95-тарауында белгіленген тәртіпте мүлік, көлік құралдарына салынатын салықтарды және жер салығын, сондай-ақ басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеу, толық алу және уақтылы аудару мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушылық органдарға бақылауды жүзеге асырады.
      Бұл ретте мүлік, көлік құралдарына салынатын салықтарды және жер салығын, сондай-ақ бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеу, толық алу және уақтылы аудару мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асырған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жүргізу үшін салық қызметі органдарының тексеру тағайындау туралы шешімі негіз болып табылады, ол мынадай деректемелерден тұрады:
      1) шешімнің салық қызметі органдарында тіркелген күні мен нөмірі;
      2) тексерілетін уәкілетті мемлекеттік органның толық атауы және сәйкестендіру нөмірі;
      3) тексеру тағайындау негіздемесі;
      4) тексеру жүргізуші тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес бақылау жүргізуге тартылған басқа мемлекеттік органдардың мамандарының (олар болған жағдайда) лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты;
      5) тексеру жүргізу мерзімі;
      6) тексерілетін кезең.
      Аталған шешім тексеру басталғанға дейін статистикалық есеп және тексеру тағайындау туралы актілерді бақылау органында мемлекеттік тіркелуі тиіс.
      2. Тексеру тағайындау туралы шешімде көрсетілген салық қызметі органдары, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де тұлғалар және уәкілетті мемлекеттік органдар тексеруге қатысушы болып табылады.
      3. Тексеру жүргізу мерзімі уәкілетті мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы шешім тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімді тексеруді тағайындаған салық қызметі органы елу жұмыс күніне ұзартуы мүмкін.
      4. Тексеру жүргізу мерзімі уәкілетті мемлекеттік органға салық қызметі органының құжаттарды беру туралы талаптарын тапсыру күні мен уәкілетті мемлекеттік органның тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған құжаттарды беру күні арасындағы, сондай-ақ басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға салық қызметі органының сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтер мен құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
      5. Тексеруді аяқтау кезінде салық қызметі органының лауазымды тұлғасы:
      1) тексеру жүзеге асырылған орынды, бақылау актісі жасалған күнді;
      2) салық қызметі органының атауын;
      3) тексеруді жүргізген салық қызметі органының лауазымды тұлғаларының лауазымдарын, тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (олар болған жағдайда);
      4) уәкілетті мемлекеттік органның толық атауын және сәйкестендіру нөмірін;
      5) уәкілетті мемлекеттік орган туралы мәліметтерді (мемлекеттік тіркелуі немесе қайта тіркелуі, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, мекен-жайы);
      6) уәкілетті мемлекеттік орган басшысының және лауазымды тұлғаларының тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (олар болған жағдайда);
      7) уәкілетті мемлекеттік органның олардың келісімімен және қатысуымен тексеру жүргізілген лауазымды тұлғаларының лауазымдарын, тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (олар болған жағдайда);
      8) алдыңғы тексеру және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
      9) жүргізілген тексеру нәтижелерін көрсете отырып бақылау актісін жасайды.
      6. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеу, толық алу және уақтылы аудару мәселелері жөнінде тексеру нәтижелері бойынша хабарлама шығарылмайды.

101-тарау. Салық төлеушілерге көмек

      657-бап. Салық төлеушілерге көмек

      Салық қызметі органдары:
      1) салық заңнамасын насихаттау;
      2) салық есептілігін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша электронды төлем құжатын қалыптастыра отырып, электронды түрде табыс ету үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді беру;
      3) салық төлеуші (салық агенті) сұрау салған құжаттың дайындығының жай-күйін қарауға оған қол жеткізу үшін терминалдар желісін құру және дамыту;
      4) салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтер беру;
      5) салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс жасау үшін орталықтардың желісін құру және дамыту;
      6) салық қызметі органдарының сайттарын құру;
      7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғыларды дамытуға жәрдем (материалдықтан басқа) көрсету арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.

      658-бап. Салық заңнамасын насихаттау

      1. Салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері жөнінде хабардарлығын олардың назарына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, салық міндеттемесін орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат жеткізу арқылы арттыру мақсатына ие.
      2. Салық қызметі органдары семинарлар, "дөңгелек үстел" отырыстарын, салық төлеушілермен (салық агенті) кездесулер өткізу арқылы, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпараттарды орналастыру арқылы салық заңнамасын насихаттауды жүзеге асырады.

      659-бап. Электронды түрде салық есептілігін тапсыру үшін
               тегін бағдарламалы қамтамасыз етуді беру

      1. Салық қызметі органы салық төлеушіге (салық агентіне) электронды түрде салық есептілігін тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді тегін негізде береді.
      2. Электронды түрде салық есептілігін тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету салық төлеушілерге ол салық органына келу тәртібінде жүгінген кезде не оларды салық қызметі органдарының web-сайтында орналастыру арқылы ақпаратты электрондық тасығыштарда берілуі мүмкін.
      3. Электронды түрде салық есептілігін тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату бойынша нұсқаулық материалмен қоса беріледі.
      4. Бағдарламалық қамтамасыз ету салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге электрондық төлем құжатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      660-бап. Салық төлеуші сұрау салған құжаттың
               дайындығының жай-күйін қарауға оған қол
               жеткізу үшін терминалдар желісін дамыту

      1. Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) сұрау салған құжаттың:
      1) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманың;
      2) салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан кешірме жазбаның дайындығының жай-күйін қарауға оған қол жеткізу үшін терминалдар желісін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді.
      2. Салық төлеуші (салық агенті) сұрау салған құжаттың дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізу салық органдарында орнатылған терминалдар арқылы беріледі.
      3. Терминалдарға қол жеткізу жұмыс күндері жүргізіледі.

      661-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен
               есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы
               мәліметтер беру

      Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) төлем құжатын толтыру тәртібі туралы, төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтерді қоса алғанда, салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді береді.

      662-бап. Салық қызметі органдарының хабарламаларымен
               жұмыс жасау үшін орталықтар

      1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 608-бабы 2-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көзделген салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс жасау үшін орталықтардың желілерін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді.
      2. Аталған орталықтардың көмек арнайы бөлінген телефон желілері арқылы, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) салық органына келу тәртібімен жүгінген кезде тікелей көрсетіледі.
      3. Орталықтарға ақпарат алу үшін телефон желісі бойынша қоңырауы тегін негізде жүргізіледі.
      4. Орталықтардың жұмыс істеуі жұмыс күндері жүзеге асады.

      663-бап. Салық қызметі органдарының сайттарының жұмыс
               істеуін қамтамасыз ету

      1. Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттері) сайт арқылы ақпарат алуға көмек тегін негізде көрсетіледі.
      2. Салық төлеушілердің (салық агенттердің) салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша көмек көрсету салық қызметі органдарының web-сайтында ақпараттық және нұсқаулық материалдарын орналастыру жолымен жүргізіледі.
      3. Салық қызметі органдарының web-сайты тәулік бойы демалыс және мереке күндерінсіз жұмыс істейді.

      664-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да
               міндетті төлемдерді төлеу, міндетті зейнетақы
               жарналар мен әлеуметтік аударымдарды аудару
               үшін банкоматтар желісі мен өзге де
               электрондық құрылғыларды дамытуға көмек
               (материалдықтан басқа) көрсету

      1. Салық қызметі органдары мынадай операцияларды:
      1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударуды;
      2) бюджетке төлеуге жататын салық сомасы туралы ақпарат алуды;
      3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін деректемелерімен бірге төлем құжатын алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғыларды дамытуға көмек (материалдықтан басқа) көрсетеді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар қоғамдық орындарда орналастырылған және салық қызметі органдарымен, банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен байланысы бар банкоматтар мен электрондық құрылғылар арқылы жүзеге асады.
      3. Банкоматтар мен өзге де электрондық құрылғылар тәулік бойы демалыс және мереке күндерінсіз жұмыс істейді.

      665-бап. Салық қызметі органдарының салық төлеушілерге
               (салық агенттеріне) салық міндеттемелерін
               орындау бойынша көрсетілетін көмек туралы
               ақпарат тарату тәртібі

      Салық қызметі органдары:
      1) салық органдарының офистерінде;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру жолымен салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көрсетілетін көмек туралы ақпарат таратады.

21-бөлім. Салық тексеруі нәтижелеріне және салық қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау 103-тарау. Салық тексеруі нәтижелеріне шағым жасау тәртібі

      666-бап. Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық
               тексеруі қорытындылары бойынша шағымдарын
               қарайтын органдар

      1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды салық қызметінің жоғары тұрған органы жүргізеді.
      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органның лауазымды тұлғалары жүргізген салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 667-675-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.
      3. Салық төлеуші (салық агенті) салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаны сотқа шағым жасауға құқылы.

      667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру
               тәртібі

      1. Салық төлеушінің (салық агенті) салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға шағымы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық қызметінің жоғары тұрған органына беріледі.
      Бұл ретте шағым көшірмесін салық төлеуші (салық агенті) салық тексеруін жүргізген салық органына жіберілген болуы тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы салық қызметінің жоғары тұрған органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
      3. Салық қызметінің жоғары тұрған органы өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіруі мақсатында жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) науқастанып қалуы дәлелді себеп болып табылады.
      Осы тармақтың ережесі жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдастыру құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) ғана қолданылады.
      Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың науқастанып қалу фактісін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдастыру құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
      4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін салық қызметінің жоғары тұрған органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармақта көрсетілген тұлғалардың науқасынан жазылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берілген шартта ғана қанағаттандырылады.
      5. Жоғары тұрған салық органына шағым берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

      668-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны
               мен мазмұны

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша түрде беріледі.
      2. Шағымда:
      1) салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берген күні;
      2) шағым берілетін салық қызметінің жоғары тұрған органының атауы;
      3) шағым берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
      4) сәйкестендіру нөмірі;
      5) салық тексеруін жүргізген салық органының атауы;
      6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;
      7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
      3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
      4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.
      5. Шағымға:
      1) акті мен хабарламаның көшірмесі;
      2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;
      3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.

      669-бап. Шағымды қараудан бас тарту

      1. Жоғары тұрған салық қызметінің органы:
      1) салық төлеуші (салық агенті) шағымын осы Кодекстің 667-бабы 1-тармағында белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;
      2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы осы Кодекстің 668-бабы 1-тармағында белгіленген нысаны мен мазмұнына сәйкес келмеген;
      3) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар болмаған;
      4) салық төлеуші (салық агенті) үшін оның өкілі болып табылмайтын тұлға шағымды берген;
      5) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.
      2. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушіні салық төлеуші (салық агенті) шағымды қараудан тарту туралы жазбаша түрде шағым келіп түскен немесе салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде хабарландырады.
      3. Жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеуші (салық агенті) жол берілген бұзушылықтарды жойса, осы Кодекстің 667-бабы 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

      670-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органына
               жіберілген шағымды қарау тәртібі

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы бойынша шағым тіркелген кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымы бойынша, осы баптың 2-тармағында және 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шағым тіркелген кезден бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәлелді шешім шығарылады.
      2. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қосымша тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіпте қайта қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
      3. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген тәртіпте тоқтатыла тұруы мүмкін.
      4. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданған мәселелер шегінде қаралады.
      5. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салық тексеруі барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда жоғары тұрған салық қызметі органы мұндай құжаттардың дұрыстығын қосымша тексеру барысында анықтауға құқығы бар.
      6. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:
      1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салық тексеруін жүргізген салық органына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша түрде қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салу жіберуге;
      2) құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және мемлекеттің қатысуы жүз процентті құрайтын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салулар жіберуге;
      3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесу өткізуге;
      4) салық тексеруін жүргізуге қатысқан салық қызметі органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша түсініктеме сұрауға.
      7. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды тұлғаларға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

      671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

      1. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағымды мәні бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелді шешім шығарады және оны өтініш беруші салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді немесе тапсырады және көшірмесін салық тексеруін жүргізген салық органына жібереді.
      2. Салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған салық қызметі органы мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) шағым жасалған салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаны өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
      2) шағым жасалған салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бөлігінде күшін жою.
      3. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бөлігінде күшін жойған жағдайда салық тексеруін жүргізген салық органы салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
      4. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіпте шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.

      672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

      1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
      1) қосымша және қайта қосымша тексеру жүргізгенде - олар аяқталғанға дейін;
      2) мемлекеттік органдарға және мемлекеттің қатысуы жүз процентті құрайтын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салулар жіберген кезде жауап алған сәтке дейін.
      2. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұрғандығы туралы салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша түрде тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып хабарландырады.

      673-бап. Жоғары тұрған салық органы шешімінің нысаны
               мен мазмұны

      Шағымдарды қарау нәтижелері бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органының шешімінде:
      1) шешім қабылданған күн;
      2) салық төлеушінің шағымын қараған салық қызметі органының атауы;
      3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы (ол болған жағдай);
      4) сәйкестендіру нөмірі;
      5) шағым жасалған салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;
      6) шағымның мәні;
      7) шағым бойынша шешім шығару кезінде жоғары тұрған салық қызметі органы басшылыққа алған Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.

      674-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе
               сотқа шағым берудің салдары

      1. Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.
      2. Жоғары тұрған салық қызметі органына шағым беру кезінде салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаның шағымдалған бөлігінде орындалуы жоғары тұрған салық қызметі органының жазбаша шешімі шыққанға дейін және осы Кодекстің 677-бабы 1-тармағында көрсетілген кезең өткенге дейін тоқтатыла тұрады.
      Салық төлеуші (салық агенті) сотқа шағым берген жағдайда салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаның шағымдалған бөлігінде орындалуы сот актісінің заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
      3. Салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салық тексеруі актісі тек салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаның шағымдалған бөлігінде ғана күші жойылады.

      675-бап. Қосымша тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

      1. Жоғары тұрған салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған кезде, қажет болған жағдайда, қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
      2. Жоғары тұрған салық қызметі органы қосымша тексеру тағайындау туралы құжат тексеруге жататын нақты мәселелер көрсетіле отырып жазбаша нысанда ресімделеді.
      Бұл ретте қосымша тексеруді жүргізу шағымдалған салық тексеруін уәкілетті орган жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелері шағымдалып жатқан салық тексеруін жүргізген салық қызметі органына тапсырылуға тиіс емес.
      3. Қосымша тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте қосымша тексеру жоғары тұрған салық қызметі органының осындай тексеру жүргізу туралы құжатын салық қызметі органы алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей басталуға тиіс.
      4. Айқындық жеткілікті болмаған немесе деректер толық болмаған, сондай-ақ қосымша тексерудің барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде шағымды тексеруші орган қайта тексеруді тағайындауға құқылы.
      5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қосымша тексерудің және (немесе) қайта қосымша тексерудің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте жоғары тұрған салық қызметі органы осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқығы бар, алайда мұндай келіспеу дәлелді болуға тиіс.

104-тарау. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта қараудың тәртібі

      676-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын
               қарау нәтижелері бойынша шешімді қайта
               қарайтын орган

      Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау нәтижелері бойынша шешімді қайта қарауды уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.

      677-бап. Уәкілетті органға шағымданудың тәртібі

      1. Уәкілетті органға шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімді алған кезден бастап не осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында аталған мерзім аяқталған соң салық қызметінің жоғары тұрған органының шешімі болмаған жағдайда отыз жұмыс күні ішінде беріледі.
      Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым көшірмесін салық төлеушінің шағымын қараған жоғары тұрған салық органына жіберуі тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда бұл мерзімді шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша уәкілетті орган қалпына келтіруі мүмкін.
      3. Салық қызметінің жоғары тұрған органы өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіруі мақсатында жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) науқастанып қалуы дәлелді себеп болып табылады.
      Осы тармақтың ережесі жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдастыру құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) ғана қолданылады.
      Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың науқастанып қалу фактісін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдастыру құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
      4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін салық қызметінің жоғары тұрған органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармақта көрсетілген тұлғалардың науқасынан жазылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берілген шартта ғана қанағаттандырылады.
      5. Уәкілетті органға шағым беру осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 667-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      678-бап. Уәкілетті органға жіберілетін шағымның нысаны
               мен мазмұны

      1. Уәкілетті органға жіберілетін шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 668-бабында белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.
      2. Уәкілетті органға жіберілетін шағымға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органы шешімінің көшірмесі қоса тіркелуге тиіс.

      679-бап. Шағымды қараудан бас тарту

      1. Уәкілетті органның шешімді қараудан бас тартуы осы ережелерді қоса алғанда, осы Кодекстің 669-бабында белгіленген жағдайлар мен тәртіпте жүзеге асырылады.
      2. Уәкілетті органның шешімді қараудан бас тартуы егер салық төлеуші (салық агенті) жол берілген бұзушылықтарды жойса, осы Кодекстің 677-бабы 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайта шағым беру құқығынан айырмайды.

      680-бап. Уәкілетті органға жіберілетін шағымды қарау
               тәртібі

      1. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген, уәкілетті мемлекеттік органға жіберілген шағымды, осы Кодекстің 670-бабы 2-тармағында және 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдарын тіркелген күнінен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті мемлекеттік орган қарайды.
      2. Уәкілетті орган шағымды осы баптың ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 673-бабында көзделген тәртіпте қарайды.
      3. Уәкілетті орган шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды тұлғаларға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

      681-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша
               шешім шығару

      1. Уәкілетті орган шағымды мәні бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелді шешім шығарады және оны өтініш беруші салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді немесе тапсырады және көшірмесін салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органына жібереді.
      2. Шағымды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:
      1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
      2) салық органының шағым жасалған шешімінің күшін жоюға;
      3) шешімді өзгертуге немесе жаңа шешім шығаруға құқылы.
      3. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіпте шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.

      682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

      Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіпте тоқтатыла тұрады.

      683-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны

      Уәкілетті органның шешімінде:
      1) шешімнің қабылданған күні;
      2) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
      3) сәйкестендіру нөмірі;
      4) салық қызметінің жоғары тұрған органының шағым жасалып отырған шешімінің қысқаша мазмұны;
      5) шағымның мәні;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме мен қорытындылар көрсетілуге тиіс.

      684-бап. Уәкілетті органға шағым берудің салдары

      1. Уәкілетті органға шағым беру жазбаша шешім шығарылғанға дейін салық тексеруінің нәтижелері туралы шағым жасалған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
      2. Салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салық тексеруі актісі салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде ғана күші жойылады.

      685-бап. Қосымша тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

      1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған кезде, қажет болған жағдайда, қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
      2. Қосымша тексеру тағайындау және жүргізу осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      3. Уәкілетті орган қосымша тексеру жүргізуді нәтижелері шағымдалып жатқан салық тексеруін жүргізген салық қызметі органына, сондай-ақ салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға жасалған салық төлеушінің шағымын қараған салық органына тапсырылуға тиіс емес.
      4. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім қосымша тексеру және (немесе) қайта қосымша тексеру нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте жоғары тұрған салық қызметі органы осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда ол шағын бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқығы бар, алайда мұндай келіспеу дәлелді болуға тиіс.

105-тарау. Салық қызметі органдары мемлекеттік қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

      686-бап. Шағымдану құқығы

      Салық төлеуші немесе оның уәкілеттендірілген өкілі жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық қызметі органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығы бар.

      687-бап. Шағым жасау тәртібі

      Салық қызметі органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіпте шағым жасалады.

      688-бап. Салық қызметі органдарының лауазымды
               тұлғаларының салық заңдарын бұзғаны үшін
               жауаптылығы

      Салық қызметі органдарының салық заңдарының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады