Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қыркүйектегі N 820 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Павлодар облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің Павлодар ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) орман қоры жерінен алаңы 4,9 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық мақсаттағы емес жерлерінің санатына ауыстырылсын.
      2. Павлодар облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін жылумен жабдықтау желісін және оған қызмет көрсету үшін автомобиль жолын салу үшін «Павлодар қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Құрылыс бөлімі) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Құрылыс бөлімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алқапты тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің
      2008 жылғы 3 қыркүйектегі 
N 820 қаулысына     
      қосымша       

Павлодар облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің Павлодар ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауылшаруашылық мақсаттағы емес жерлерінің санатына ауыстырылатын жерлерінің экспликациясы
      

Жер пайдаланушының атауы Жалпы алаңы, гектар Оның ішінде:
орман көмкерген егістік жайылым шабындық құмдар басқа жерлер

Павлодар ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

4,9

4,9







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады